Кедендік бақылау. 2
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ
1.1 Кеден бақылауының болмысы, принциптері, мақсаттары мен міндеттері
1.2 Кеден бақылауының әдістері және түрлері
2 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының жас кеден қызметi аяғынан бекем тұрып, өз алдында тұрған мiндеттердi ойдағыдай орындауда. Бұл ретте кеден органдары өзiнiң қызметiн ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына жолдаған жолдауында баяндалған “ Қазақстан даму стратегиясы-2030” ұзақ мерзiмдi бағдарламасына сүйене отырып жұзеге асырады. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау тәртiбi оларға мәлiмдеген кеден режимiне, сондай-ақ кедендiк рәсiмдеуi мен кеден бақылау процедурасы Кеден Кодексiне сәйкес анықталады.
Негiзгi кедендiк ресiмдеу алдындағы және тыйым салынған тауарларды ҚР-ың кедендiк аумағына өткiзуге жол бермеу үшiн жүзеге асырылатын iс-әрекеттер ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы тасымалдау пунктiнде алдын ала кедендiк ресiмдеу болып табылады. ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы тасымалдау пунктiнде алдын ала кедендiк ресiмдеу кезiнде:
- орналасуы кеден органдарымен келiсiлген тиеу-түсiру операцияларын жүргiзу үшiн арнайы бөлiнген және жабдықталған орындарда тауарлармен және көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асыруға;
- тауарлармен және көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асырушы тұлғаны-сұрауы бойынша тауарлар тиеу-түсiру операцияларын жұзеге асыруға қажеттi мерзiм iшiнде уақытша сақтау орнына қойылмастан мұндай операцияларды жүргiзу орындарында болуына жол берiледi.
Кедендiк бақылау-ҚР кеден
заңдылығын сақтау және халықаралық
келiсiмдер мен одан туындайтын халықаралық
мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету
мақсатында елдiң кеден органдары қолданатын
жиынтығы.
Кедендiк бақылау - ҚР кеден органдарының
лауазымды тұлғаларымен келесi нысанда
жүзеге асады:
- кедендiк бақылауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi тексеру;
- тауарлар мен транспорттық құралдарды кедендiк тексеру;
- жеке тексеру;
- республика кеден шекарасы арқылы өтетiн заттарды есепке алу;
- жеке және лауазымды тұлғаларды ауызша сұрау;
- есептiлiк және құжаттылық жүйесiн тексеру;
- кедендiк бақылауға
жатқызылатын заттар
- кеден баждары мен өзге төлемдердi жинау.
- КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ
- Кеден бақылауының болмысы, принциптері, мақсаттары мен
міндеттері
Кедендік бақылау – орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кедендік органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кедендік іс және халықаралық шарттар эөніндегі заңдарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік органдарының жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы.
Кедендік бақылау кедендік істі тәжірибеде іске асырудың басты құралы ретінде, сондай-ақ мемлекеттік кедендік саясатын жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылады.
Кедендік бақылаудың
негізгі мақсаты – түрлі
Кедендік бақылау
әкелуде – тауармен (көлік құралымен)
Қазақстан Республикасының
1.2 Кеден бақылауының әдістері және түрлері
Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының келесі институтына кеден рәсімдеуі мсн кеден бақылауын жатқызуға болады.
Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мол көлік кұралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мен осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяктауды білдіреді.
Қазакстанның кеден шекарасы аркылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік қүралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік кұралдарынын есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналаскан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік қүралдарына зиян келтірмейтін техникалык құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады.
Кедендік бақылау Қазақстан Республикасыны кедендік органдарының лауазымдық тұлғалары арқылы жүзеге асырылады және мына түрлерге жіктеледі:
- тауарларды (импорт,экспрот және транзиттік) кедендік бақылау;
- көлік құралдарын (теңіз, өзен және әуе жолы көліктері, теміржол
құралдары, автокөлік құралдары) кедендік бақылау.
Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарынын заңдылығын аныктайды және бекітуге жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын анықтайды, баска да шаралар сырткы сауда мәмілесінің заңга сәйкестігін нактылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кеден бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі.
Кеден заңы кеден рәсімдерін құрайтын келесі тараулардан тұрады:
-жалпы ережелер;
- алдын-ала жүргізілетін операциялар;
- уақытша сақтау;
- кедендік тасымалдау;
- мәлімдеу.
Кеден рәсімдеуі кеден органына
кеден рәсімдеуіне бөлініп
2 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ
Кеден рәсімдеуін жүргізуде (кеден органының талап етуі бойынша міндетті) тауарлар мен көлік құралдары иесінің өкілетті өкілі катысуға құқылы.
Кеден рәсімдеуін жүргізу барысында заңдарда көзделген тиісті органдар жүзеге асыратын малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттік бақылаудың т. б. түрлері ескеріледі.
Рәсімделген немесе рәсімделуі аяқталмаған тауарлар мен көлік қүралдарын пайдалану мен оларға иелік етуге тыйым салынады. Нақты жағдаяттардың туу оқиғаларына байланысты шектеулер мен тыйым салуды пайдалану шарттарын кеден органы бекітеді.
Арнайы экономикалық аймақта (АЭА) кеден реттеулерін, соның ішінде кеден рәсімдеуін жүргізу өзекті проблема болып отыр. 1996 жылдың 16 қаңтарында Президенттің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Заң күші бар жарлығы (бұдан кейін - "Арнайы экономикалық аймақ туралы" жарлық) қабылданды.
Арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймағы деп жариялау, осы аймақтан экспортталған және осы аймаққа импортталған тауарларға арнайы режим енгізу кез келген уақытта жалған қүжаттарды рәсімдеу мен айналысатын контрабанданың етек алуына әкеледі.
Әр түрлі елдерде түрлі атауларға және жеңілдік режимдерге ие еркін экономикалық аймақтар бар, бірақ ондай аймақтарда мемлекеттің экономиканы көтеруге талпынуын және ішкі резервтердің жеткіліксіздігі кезінде инвесторларға экономикалық босаңсудағы шетел капиталының қүйылуына арналған бағыттарды көрсету арқылы біріктіреді.
Экономикалық аймақтын сипатты белгілері халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, уақытша салық төлеуден босатумен; экспортқа өндіру үшін пайдаланатын тауарлар импортын кеден бажынан босатумен; валюталық бақылаудың босаңдауымен; біріңғай әкімшілік орталық құрумен, толыктай шетелдік меншікке жататын фирмалар құруға рұксат етілуімен байланысты.
"Арнайы экономпкалық аймақ
туралы" жарлық арнайы экономикалық
аймақты еркін кеден аймақты
режимі әрекет ететін
Еркін кеден аймағы режимі аумақ шегінде шаруашылық қызмет жүргізетін барлық жеке және заңды тұлғаларға отандық және импорттық өндіріс тауарларын бажсыз және салық салынбаған әкелім құкығына мүмкіндік береді. АЭА аумағында өндірілген немесе жеткілікті ұқсатылған тауарлар әкетілу негізінде алып шығу кеден баждарынан босатылады, сарапшы қызметкерлері қатыстырылады. Сынама мен үлгілерді кеден органдарының рұқсатымен мемлекеттік өкілеттігі бар басқа органдар да алуы мүмкін. Заң бойынша сынамалар мен үлгілер зерттеу мумкіндігін қамтамасыз ететіндей аз мөлшерде алынатындығы анықталған.
Сараптама кызметінің әрекетінің заңдылығы, олардың кызмет тәртібі ведомстволық актілермен анықталады, оған 1995 ж. Кеден комитеті бекіткен кеден сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы, зерттеу немесе сараптама үшін тауарлар сынамалары мен үлгілерін алу, оларды сактау мен кайтару тәртібі туралы нүсқаулары жатады.
Әкелінген немесе әкетілетін тауарларға салынатын кеден баждары мен басқа да алымдарының дұрыс есептелуі мен кеден бақылауының жеткіліктігі шыққан шешімге байланысты болады. Сынама мен үлгі алу кеден рәсімдеуі үшін тауар мен оның жолдама қүжаттары ұсынылған жағдайда, сондай-ақ контрабанда және кеден ережесі бұзылғандығы туралы істі жүргізу мен қарау кезінде де алынады.
Негізгі кеден рәсімдеуі мен тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кеден режиміне орналастыруға алдын ала кеден рәсімдеуі жатады, әкелінуге (әкетілуге) тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге (әкетуге) жол бермеуге, кедендік құралдарды сәйкестендіруге бағытталған алдын-ала жүргізілетін операцялар болып табылады.
Мүдделі түлғаның тілегі бойынша кеден органдары нақты тауарды немесе нақты шаруашылық операциясына байланысты топтастырылуына, кедендік бағасына, тауардың шыққан еліне байланысты алдын-ала шешім қабылдайды. Мұндай шешім қабылданғаны үшін Үкімет бекіткен мөлшерде төлем алынады.
Егер алдын-ала шешім шығаруға негіз болған фактілер мен жагдайлар өзгеріссіз қалатын болса, алдын-ала шығарылған шешім басқа да кеден органдары үшін міндетті болып табылады, онда заңдық күшін үш жыл (тауардың шыққан еліне қатысты) және бір жыл (басқа мәселелерге қатысты) ішінде жалғастырады.
Кеден аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу кезінде сондай-ақ кеден аумағынан тыс әкету кезіде коммерциялық мақсатын пайдаланбай әрі карай кеден органы бекіткен жерге белгіленген бағыт бойынша жеткізу кезінде тасымалдаушы кеден органдарына хабарлама бе-руге міндетті.
Кеден рәсімдеуі барлық мәліметтерді, бақылау үшін немесе үсынылған тауарды тексеру үшін талап етілген барлық қүжаттардың қолда барлығын тексеруден соң аяқталады.
Сыртқы экономикалык
кызметтің бұдан кейінгі
Қазакстанда кедеп шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен көлік қүралдары мәлімдеуге жатады. Мәлімдеу жөнінде алғаш рет 1993 жылғы 13 ақпандағы Министірлер Кабинетінің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы аркылы тауарларды өткізу тәртібі мен мәлімдеу туралы" Қаулысында айтылған, осыған сәйкес 1993 жылдың 1 наурызынан бастап кеден органына кедендік жүк декларациясын ұсыну жолымен мәлімдеу енгізілді. Мәлімдеу тауарлар мен көлік қүралдарын кеден шекарасы арқылы тасымалдаушы тұлғанын кеден органына тауар туралы, мәмілеттің сипаты мен мазмұны жөніндегі барлық мәліметтерді заң, белгіленген (жазбаша, ауызша, электронды түрдегі беріліс және өзге де түрде) үлгі бойынша дәл мәлімдемені қүрайтын арыз арқылы жүргізілсді.
1995 жылы Кеден комитеті
«Кедендік жүк декларациясын
толтыру тәртібі туралы»
Кеден декларациясы кеден органы рәсімдеген сәттен бастап зандық құжат болып табылады. Кеден органының кеден декларацясын қабылдаудан бас тартуға қүқығы жоқ деген норма жеткілікті маңызды заңдық кепілдік болып табылады ("Қазакстаи Республикасында кеден ісі туралы" заң күші бар Президент Жарлығыныц 199-бабы, 1999 жылы 16 шілдеден -Заң). Сонымен бірге жеткіліксіз мәліметті белгілі мерзім ішінде ұсыну міндетін жүктей отырып, уақытша немесе толық емес декларация беруге рүқсат етілген.
Декларация берілуі үшін кеден органына ұсынылатын декларацияны толтыруға негіз болатын және оны растайтын құжаттар:
- кеден рәсімдеуіне жататын тауарлар мен көлік қүралдарына меншік (билік ету немесе пайдалану) қүқығы;
- декларанттың кеден декларациясын өз атынан беру өкілеттігі;
- тауарларды өткізу фактісі;
- кеден қүны мен тауарлардың шығуы;
кеден төлемдері мен салықтарын төлеу және тарифтік жеңілдіктер мен тарифтік преференция бойынша салық төлеу мүмкіндігінің негізі;
- стандарттаудың міндетті талаптарға сәйкестігі;
- Қазақстан Ресиубликасының заңында және халықаралық келісім-шарттарда карастырылган өкілетті мемлекет органдарының тиісті рұқсаттары мен басқа да құжаттар.
Бұдан баска, кеден органы
кеден декларациясының
Тиісті кеден рәсімдеуіне кеден брокері мен тасымалдаушы қатысуы мүмкін, бұл туралы ережені Үкімет бекітуі тиіс.
Занда қарастырылған
жағдайдан басқа Қазақстан
Кеден бақылау анықталған кеден бақылауы аймағында, кедендік рәсімдеу немесе кеден органдары орналасқан жерлерде және кеден органы бекіткен басқа орналасу үшін рүқсат беруді қарастырады, ол үшін кеден бакылауына жататын тауарлар мен көлік құралдары орналастыруга тиіс аумақка және ғимаратқа кез келген түлғаның келуі үшін алдын ала кеден органына хабарлама, қажетті қүжаттар талап етіледі немесс бақылау жүктелген кеден органының қызметі жүзеге асырылады.
"Кеден ісі туралы" заң кедендік рәсімдеу мен кеден бақылауының жалпы ережелерінен тыс "шетелдік түлғалардың жекелеген категорияларына берілетін кеден жеңілдіктері" деп аталатын ерекшеліктерді карастырады (223-228-баптар).
Кеден бакылауына кажетті қүжаттар мен мәліметтерді мүдделі түлға ұсынады. Бүдан басқа, кеден органдары банктер мен ұйымдардан осы тұлғалардың есепшоттарының операциялары туралы және жай-күйі туралы мәлімет алуға, кеден мақсаты үшін тәжірибеде шешімін таппаған көптеген мәселелерге кезіктіретін қаржылық және сыртқы экономикалық қызметін тексеруге құкылы. Кеден бақылауына жәрдем көрсету үшін мамандар мсн сарапшылар тартылуы мүмкін. Жеке тексеру жүргізуден тысқары кеден органдары келік құралдарын мәжбүрлі түрде тоқтатуға, кеден органының рүқсатынсыз кеден аумағынан шығып кеткен теңіз, өзен және әуе кемелерін мәжбүрлі түрде кері қайтаруға, кез-келген уақытта тауарлар мен көлік қүралдарыныц тізімін жүргізуге, валюталық бақылауды жүзеге асыруға қүқылы.
"Кеден ісі туралы"
заң бойынша алғаш рет
Тауарлар интеллектуальдық меншік объсктілеріне деген құқықты бұзатын белгілерді байқаған жағдайда кеден органдары оларды шығаруды тоқтатады.
Өндірістік үлгілер. патенттер, интегралдық микросхема типологиясы немесе ашылмаған акпараттары бар тауарларды шығару құкықтық иеленушінің мүддесін корғау үшін қажеттілікті қамтамасыз етуді декларанттың ұсынуы (бір айдан кем емес мерзімде) арқылы жүзеге асырылады.
Кеден заңы Қазақстандық кеден шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кеден бақылауын жасауға қатысты қосымша ережелсрді карастырады.
Кеден бакылауының күрамдас болігі ретінде валюта бақылауы ұлттық банкті бірқатар ведомстволық актілері қабылданғаннан кейін оны кеден органдарының қатысуына қосымша мүмкіндіктер туғызады.
1997 жылы 23 мамырда Кеден комитетінің келісімі бойынша Ұлтгық Банктің қаулысымен экспортгык-импорттық валюта бақылауын ұйымдастыру жөніндегі ереже қабылданды.
Ресейде кеден органдары 1994 жылдан бастап-ақ мәмілелер құжатын бақылайды, ал Қазақстанда көрсетілген ереже кеден рәсімдеуін аяқтағанға дейін экспорт және импорт мәмілелерінің құжаттарын рәсімдеу тәртібін және кеден рәсімдеуінен кейін осыған ұқсас тәртіпті реттейді.
Бүгінгі таңда валюталық
бақылауда қойылатын
Мемлекет валюталық бақылаудан басқа малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және бақылаудың т.б. түрлерін қарастырады.
1999 жылғы 11 акпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының заңымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік шараларды жүзеге асырудың кағидалары мен құқықтық негізі анықталған. Мұндағы фитосанитарлық қорғау дегенміз - республиканың өсімдік ресурстарын және өсімдік текті өнімдерді басқа мемлекеттерден тасып әкелуден, сондай-ақ республиканың карантиндік объектілерінің күшпен кіруінен қорғауға, олардың таралуы жағдайында - олардың таралу ошақтарын жергіліктендіру мен жоюға бағытталған мемлекет шараларының жүйесін қарастыратын құқықтық режим.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасына, яғни құқытық жағдайына, қауіпсіздігіне,
тәуелсіздігіне, егемендігіне қауіп төнбес
үшін Қазақстан Республикасының шекарасына,
соның ішінде кеден шекарасына аса үлкен
көз салынады. Бұл кезде Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы өтіп жатқан тауарларына
және траснпорттық құралдарына кедендік
бақылау арқылы құқық бұзушылықтарды
тоқтату және болдырмау үшін әртүрлі әрекеттер
жасалуда.
Қазақстан
Республикасының Кеден кодексі бойынша
кеден бақылауын жүргізген кезде адамның
өмірі мен денсаулығына, жануарларға,
өсімдіктерге және тауарларға қауіпсіз
техникалық құралдар пайдалынады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Лауазымды адамдардың
Қазақстан Республикасының
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы Қазаєстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 мамырдағы N786.
3. Аль-Пари,. Мониторнг внешнеэкономической коньюнктуры. 2001N1/2
4. Әлiбеков С. Қазақстанның кеден құқығы, Оқу құралы Алматы Аркайм—2002ж
5. Әлибеков.С.Т. Таможенное право и его место в таможенном деле Таможенное дело в Р.К.—Алматы издательство “Әдiлет Пресс” 1998г
6. Әлибеков С,Т, Таможенное органы // Таможенное дело в Р.К. Алматы--Әдiлет Пресс 1998г

- Кедендік бақылаудың қағидалары нысаны
- Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы
- Кедендік құқық бұзушылыққа жауапкершілік
- Кедендік Одақ
- Кедендік төлемдер баж салығы
- Кеден ісі мен кеден саясаты арсындағы байланыс
- Кеден ода№ыны» пайда болу тарихы
- К.Д.Ушинский об искусстве преподавания
- К.Д.Ушинский о роли труда в формировании личности
- К. Д. Ушинский - педагог
- Кевин Митник
- Кедендік баждың мәні және оның маңызы
- Кедендік бакылау
- Кедендік бақылау