Кедендік төлемдер баж салығы
Жоспар
Кіріспе 3-4
1 Кедендік төлемдер баж салығы 5-7
2 Акцизделетін тауарлар 8-12
3 Тауарлады кедендік рәсімдеу 13-15
Қорытынды 16
Пайдаланылған әдебиеттер 17
Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы – сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы сауда саясаты бұл
– ұлттық өнеркәсіпті шетелдік
бәсекелестерден қорғау, экспортты
ынталандырумен
Ал сыртқы сауда саласындағы
саясатты жүзеге асыру
Мемлекеттік сауда саясаты – бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.
Сауда режимі – бұл ұлттық және әлемдік нарықтық қарым-қатынасын қалыптасытру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.
Мемлекеттік сауда режимінің сипаты кедендік тарифтің орташа деңгейін, сондай-ақ санды шектеулердің интенсивтігілі мен орташы деңгейін есептейтін агригалдық көрсеткіш ретінде анықталады.
Мемлекеттік халықаралық саудаға араласу масштабына байланысты протекционистік сауда саясаты және еркін сауда саясаты деп айырамыз (жабық экономикадан ашық еркін сауда саясатына көшу жағдайын сыртқы сауданы либерализациялау деп аталады).
Еркін сауда – еркін нарық күштері сұраныс пен ұсыныстың, негізінде дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты.
Протекционизм – тарифтік және тарифтік емес құралдарды қолдану арқылы ішкі нарықты шетелдік бәсскеден сақтау үшін қолданылатын мемлекеттік саясат. Бұндай шектеулерді сауда кедергісі деп атайды.
Менің бұл рефератты жазу мақсатым атап өткендей мемлекеттің сыртқы сауда саясатын қарастыра отырып, соның ішінде тауарларды экспорттау импорттау кезінде салынатын кедендік баж салығын, акциздік тауарлар және оларды кедендік рәсімдеуді қарастыру.
1 Кедендік төлемдер баж салығы
— Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:
1. Кедендік баж
2. Кедендік алымдар
3. Алымдар
4. Алдын ала шешім үшін төлемақы.
— Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі ҚР-ның кеден кодексімен айқындалады.
— Қазақстан Республикасының
кеден органдары демпинге
— Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі ҚР-ның салық заңына сәйкес айқындалады.
— Жеке тұлғалар
тауарларды оңаңтылған
Сыртқы сауданы реттеудегі ең кең қолданылатын құрал болып кеден тарифтері табылады.
Кедендік тариф – бұл кедендік шекара арқылы жылжитын тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларнының жүйелендірілген жиынтығы. Кедендік тариф түсінігі көп жағдайда, кедендік баж түсінігімен сәйкес келеді.
Кедендік баж мыналарға жіктеледі:
Импорттық, экспорттық, транзиттік, маусымдық, антидемпингтік, компенсациялық, автономдық, конвенциондық, преференциялық, спецификалық,адвалорлық, құрама.
Кеден тарифтерінің жіктелуі.
Салық салу объектісі бойынша:
- Импорттық – бұл елдің ішкі импортқа еркін айналысқа түсетін импорттық тауарға салынатын баж салықтары. Ұлттық өндірушілерді шетел бәсекелестігінен қорғау үшін барлық мемлекетттермен пайдаланатын кең таралған форма.
- Экспорттық – экспорттық туарларға салынатын баждар. Олар өте сирек қолданылады, өйткені олар әлемдік нарықтағы тауар құнын қымбаттатады. Сондай-ақ ол, мемлекет тауарларының сыртқа әкетілуін шектеуге ұмтылған кезде де қолданылады.
- Транзиттік – аталмыш ел территориясы арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларға салынады. Оларда өте сирек қолданады, себебі, олар тауар ағымдарына кедергі жасап, сауда соғысы құрамы ретінде қолданылады.
Сипаты бойынша:
- Маусымдық – маусымдық
сипаттағы өнімнің халықаралық
саудасын реттеу үшін
- Антидемпингтік – экспортталатын елдегі қалыпты бағаға қарағанда неғұрлым төмен бағамен тауарлардың елге әкелуі кезінде салынады.
- Компенсациялық – тауарларды өндірі барысында тікелей немесе жанама субсидиялар пайдаланатын тауарларды импорттауға салынады. (Егер олардың импорты осындай тауарлардың ұлттық өндірушілеріне зиян келтірсе).
Пайда болуы бойынша:
- Автономды – елдің мемлекеттік билік органдарының бір жақты шешімдерінің негізінде еңгізілетін баж.
- Конвенциондық – (келісім-шарттық) ТСБК (тарифтер мен сауда туралы бас келісім) – сияқты, немесе Кедендік Одақ туралы келісім сияқты, екі жақты немесе көп жақты келісімдер негізінде орнатылатын баждар.
- Преференциалды – дамушы елдерден шығатын тауарларға көп жақты келісімдер негізінде салынатын әрекет етуші кеден тарифімен салыстырғанда неғұрлым төмен ставкаларға ие баждар.
Алу тәсілі бойынша үш түрлі тарифтер болады:
- спецификалық;
- адвалорлық;
- құрамдық.
Спецификалық – салмақ, көлеммен есептелуі. Мысалы, бидайдың әрбір центнеріне бір доллар көлемінде баж салығын салу. Ал адвалорлық – тауар бағасына қатысты пайызбен есептеледі. Құрамдық – кеден салығының екі аталған түрлерін қамтиды. Мысалы, кеден құнынан 20% бірақ 1 тоннаға 10 доллардан жоғары емес.
Кедендік тариф құрамына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым кедендік тариф әр тауарға қолданылатын біртұтас қойылым негізінде құрылған. Күрделі кедендік тариф бірнеше салым қойылымына байланысты белгілі мемлекеттің тауарына қолданылатын максималды, аралық преференциалды.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттер көп бағалық тарифке ие. Бұндай күрделі тарифте көбінесе генералды және автономды баж басым. Ол сауда келісім шарты немесе бітімі жоқ мемлекеттерден импортталатын тауарларға салынады.
2 Акцизделетін тауарлар
Акциздер - Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тізбесі акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлеріне акциз салынады және де акциз салығын төлеушілер табысының мөлшері мен жеке иелігіндегі мүлігіне қарамастан көрсетілген сома төленеді. Акциз есептелетін тауарларды өз кезегінде акцизделетін тауар деп атайды.
Акцизделетін тауарларды сатып алған кезде сатып алушы акциз салығын төлеуші болып табылады, себебі акцизделетін тауарларды сатушы осы төленген акциз сомасын бюджетке аударуы қажет.
Акцизделетін тауарлардың құрамына Қазақстан Республикасында өндірілетін және басқа мемлекеттерден әкелінетін мыналар:
1 |
Акцизделетін таурлар мыналар болып табылады: |
1)спирттің барлық түрлері; 2)алкоголь өнімі; 3)темекі бұйымдары; 4)құрамында темекі бар басқа бұйымдар; 5)бензин (авиациялы бнзинді қоспағанда), дизель отыны; 6)жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); 7)шикі мұнай, газ конденцаты. | |
2 |
Қызметтің акцизделетін түрлері мыналар болып табылады: |
1)ойын бизнесі; 2)лотерея ұйымдастыру мен өткізу. |
Қазақстан Распубликасында
арнайы № 36 «Акцизделетін салықтарды
есептеу және төлеу тәртіптері»
туралы ережесі бар. Сонымен қатар
Қазақстан Республикасының
- шикізат бойынша – бұл дайын өнім тек қана бір шикізаттар
жасалған болса; - жартылай фабрикаттар бойынша – бұл керісінше, дайын өнім әр түрлі шикізаттардан жасалса, яғни технологияның дамуына қарай қолданылады;
- Құралдардың қуаттылығы бойынша – бұл ең прогрессивті акциз салудың түрі болып келеді, себебі салықтың мөлшері құрал – жабдықтың қуаттылығына тікелей тәулді;
- дайын өнім бойынша – салықтың мөлшері әрбір тауардың өзіндік ерекшелігіне байланысты салынады (безендіру бұйымдары, аяқ-киім, маталар және тағы да басқалары).
Акциз салығының салық салу объектісі болып:
№ |
Тауарлар (өнімдер) түрі бойынша |
Салық салу объектісі |
1 |
Отандық өндірілген тауарлар |
Акцизді қоспағандағы өндірушінің
әкелген тауары немесе дайын өнімнің
физикалық көлемін анықтау |
2 |
Дайын шикізаттардан өндірілген тауарлар бойынша |
Акциз қосылмаған тауарларды
сатушы әкелген немесе дайын өнімнің
физикалық көлемін сатып |
3 |
Жеке өндіріс нәтижесінде өз шикізатымен өндірген акцизға жатқызылатын тауар |
Кеткен шикізаттың немесе оның физикалық көлемі |
4 |
Ойын бизнесі бойынша (лотореядан басқа) |
Ойын бизнесінен түскен қаражат |
5 |
Алыс-беріс операциялары,сыйлық ретінде,тауарды жалға беру |
Өндірілген өнім бойынша акциз бен физикалық көлемінің өзінді құны бойынша |
6 |
Лоторея ойындарына байланысты |
Лоторея ойындарын жүргізген кездегі жарияланған түсімнің мөлшері |
7 |
Импортталатын акцизделетін өнімдер ҚР Үкіметі маркамен маркалау |
Кеден құны немесе физикалық көлемінің өзіндік құны -акциз маркаларының жиындары
құны мен әкелінген тауар |
Сонымен, Акциз салығын
төлеушілері болып мыналар
1) Қазақстан Республикасының
аумағында акцизделетін
2) акцизделген тауарларды
Қазақстан Республиксының
3) Қазақстан Республиксының
аумағында бензинді (авиациялық
бензиді қоспағанда) және дизель
отынын көтерме, бөлшек
4) егер Қазақстан Республиксы
заңдарына сәйкес бұрын
5) Қазақстан Республикасының
аумағында қызметтің
2. Осы баптың 1 – тармағының
ережелері ескеріле отырып, резидент
емес заңды тұлғалар және
Сонымен қатар, акциз салығының салық салу объектілері болып:
- көтерме және сауда бағамен сату (авиациялық және дизель отынын қоспағанда);
- жарғылық капитл кірістері;
- акцизделетін өнім, акциз маркалары бүлінген жағдайлар;
- ойын столы, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы, тотализатор кассасы, букмекер кеңселерінің кассасы;
- лоторея ұйымдастырушыларының сатуға шығарған лоторея билеттері.
Мыналар:
1) егер белгіленген талаптарға
сай келсе, акцизделетін
2) этил спиртін өндіруді
және оның айналымын бақылау
жөніндегі уәкілетті
3) тауар өндірушіде аталған
өнімді өндіру құқығына
4) мемлекеттік медицина мекемелері – акциз бойынша салық салудан босатылады
3 Тауарлады кедендік рәсімдеу
Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының келесі институтына кеден рәсімдеуі мен кеден бақылауын жатқызуға болады.
Кедендік рәсімдеу - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың және көліктерінің жылжуына байланысты Қазақстан Республикасы кеден органдарымен және тұлғалармен жүзеге асатын істердің жиынтығы және процедурасы. Кедендік рәсімдеуі нақты аныкталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мен көлік кұралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мен осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяқтауды білдіреді. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік кұралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік құрал-дарының есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мек көлік кұралдары орналасқан басқа да орын-дарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсім-діктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік кұралдарына зиян келтірмейтін техникалык кұралдарды колдану аркылы) тексеру — кеден бақылауының түрлері болып табылады.
Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының заңдылығын аныктайды және бекітуге жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын анықтайды, басқа да шаралар сырткы сауда мәмілесінің заңға сәйкестігін нақтылайды және кеден бакылауьш өткізуді қамтамасыз етеді.
Кеден бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі. Кеден заңы кеден рәсімдерін құрайтын келесі тараулардан тұрады: жалпы ережелер, алдын-ала жүргізілетін операциялар; уакытша сақтау; кедендік тасымалдау; мәлімдеу. Кеден рәсімдеуі кеден органына кеден рәсімдеуіне бөлініп берілген орынға тауар мен көлік құралдарының жеткізілгендігі жөнінде хабардар етілгеннек кейін және кедендік жүк декла-рациясын және баска құжаттарды ұсынғаннан соң бастала-ды. Кеден рәсімдеуі тиісті кеден органының калауы бойын-ша сол жерде және оның қызмет орнының аймактарында немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша басқа да орындарда жүргізіледі. Мұндай жағдайда жалпы тәртіпті Кеден комитеті бекітеді. Кеден рәсімдеуін жүргізуде (кеден органының талап етуі бойынша міндетті) тауарлар мен көлік кұралдары иесінін өкілетті өкілі катысуға кұқылы. Кеден рәсімдеуін жүргізу барысында заңдарда көзделген тиісті органдар жүзеге асыратын малдәрігерлік, фитосанитар-лық, экологиялык және мемлекеттік бакылаудың т. б. түрлері ескеріледі. Рәсімделген немесе рәсімделуі аяқталмаған тауарлар мен көлік құралдарын пандалану мен оларға иелік етуге тыиым салынады. Нақты жағдаяттардын туу оклғаларына байланысты шектеулер мен тыиым салуды пайдалану шарттарын келен органы бекітеді.
Арнайы экономикалық аймата (АЭА) кеден реттеулерін. сонын ішінде келен рәсімдеуін жүргізу озекті проблема болып отыр. 1996 жыллың 16 қаңтарында Президенттін «Казақстан Республикасындағы арнайы экоиомикалық аймақ туралы» Заң күші бар жарлығы (бұдан кейін — «Арнайы экономи-калық аймақ туралы» жарлық) кабылданды. Арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймағы деп жариялау, осы аймактан экспортталған және осы аймаққа импортталған тауарларға арнайы режим енгізу кез келген уақытта жалған құжаттарды рөсімдеу мен айналысатын контрабанданың алуына әкеледі. Әр түрлі елдерде түрлі атауларға және жеңілдік режимдерге ие еркін экономикалық аймақтар бар, бірақ ондай аймактарда мемлекеттің экономиканы көтеруге талпынуын және ішкі резервтердің жеткіліксіздігі кезінде инвесторларга экономи-калық босасудағы шетел капиталының құйылуына арналғ-ан бағыттарды көрсету аркылы біріктіреді. Экономикалык аймақтын сипатты белгілері халыкаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, уақытша салық төлеуден босатумен; экспортқа өндіру үшін пайдаланатын тауарлар импортын кеден бажынан босатумен; валғоталық бакылаудың босаңдауымен; бірынғай әкімшілік орталық құрумен; толықтай шетелдік меншікке жататын фирмалар қүруға рұксат етілуімен байланысты.
«Арнайы экономикалық аймақ туралы» жарлыкқ арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймағы режимі әрекет ететін Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс орналасқан аумақ ретінде бекітеді. Еркін кеден аймағы режимі аумақ шегінде шаруашылық қызмет жүргізетін барлык жеке және занды түлғаларға отандық және импорттық өндіріс тауарларын бажсыз және салық салынбаған әкелім құшағына мүмкіндік береді. АЭА аумағында өндірілген иемесе жеткілікті ұқсатылған тауарлар әкетілу негізінде алып шығу кеден баждарынан босатылады. Заң табиғат апаттарын, аварияларды, апаттарды жою кезінде қажетті тауарларды шүғьы түрде жеткізуде, сондай-ақ жануарлардың, тез бүлінетін тауарлардың, радиоактивті материалдардың, бүкаралық ақпарат мақсатындағы хабарлар мен материалдардың шүгьы жеткізілімі кезшдсгі оңайлатылган кеден рәсімдеуі тәртібін қарастырады.
Кедендік рәсімдеуге қажетті тауарлар мен көлік қүрадда-рымен байланысты тиеу және баска да операцияларга тасымалдау, таразыга тарту немесе санын басқаша түрде олшеу, қайта тиеу, орамдардың бүлінген жерлерін жөндеу, орамды ашу, орау немесе кзйта орау, ғимараттарды, ыдыс-тар мен басқа орындарды ашу жатады және олар кеден органдарының ңемесе оның рұқсаты негізінде жүргізіледі Осы көрсетілген операциялар бойынша шығындар мен жұмсалған қаражаттар тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға, тасымалдаушы, койма иесі және өкілеттігі бар баска да тұлға өзі көтереді. Кеден рәсімдерін жүргізу, көбінесе, тауарлар мен көлік құралдарын зерттеуді (сараптаманы) талап етеді. Кеден орган-дары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін осы мақсатта алуға құқылы. Бұл үшін кеден лабораториялары мен олардың сарапшы кызметкерлері катыстырылады. Сынама мен үлгі лерді кеден органының рұксатымен мемлекеттік өкілеттіп бар басқа органдар да алуы мүмкін. Заң бойынша сынамалар мен үлгілер зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей аз мөлшер де алынатындығы аныкталған. Әкелінген немесе өкетілетін тауарларға салынатын кеден баждары мен баска да алымдарыныц дұрыс есептелуі мен кедсн бакылауының жеткіліктігі шыққан шешімге баиллны оты болады. Сынама меи үлп алу кеден рәсімдеуі үшін тауар мен оның жолдама құжаттары ұсынылған жағдайда. сондай ак контрабанда және кеден ережесі бұзылғандығы туралы істі жүргізу мен қарау кезінде де алынады. Негізгі кеден рәсімдеуі мен тауарлар меп көлік құралда рын белгілі бір кеден режиміне орналастыруға алдып ала ке ден рәсімдеуі жатады. әкелуге тыйым салынған тауарлар мен келік құралдарын әкелуге жол бермеуге, кедендік кұралдарды сәйкестендіруге бағыталған алдын-ала жүргізілетін операциялар болып табылады.
Кедендік рәсімдеу үшін мына құжаттар қажет:
1. Кедендік жүк декларациясы
2. Келісім-шарт/ контракт
3. Лицензияның түпнұсқасы (таурға қажет жағдайда)
4. Кеден төлемдері мен салықтарының төленгені жөніндегі төлеу тапсырысы құжатының көшірмесі
5. Өнімнің қауіпсіздігін растайтын (фитосанитарлық, карантиндік және т.б.) сертификат
6. Тауардың шыққан жері туралы сертификат
7. Счет-фактура / инвойс
8. Сенім хат (рәсімдеу тасымалдау құқына және т.б.)
9. Кеден құнының декларациясы (қажет жағдайда)
10. Экспорт және импорт бойынша паспорттық мәміле (сделка)
Мұнан өзге мынадай құжаттардың да талап етілуі мүмкін
а) үшінші жақтағы тұлғалармен жасалған контракт
ә) тауардың өзіндік өзгешелілігін айқындайтын деректер, орама қағаздар парағы
б) тиісті мемлекеттік органдардың берген рұқсат қағаздары
Қорытынды
Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.
Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.
Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың
реттеудің экономикалық әдістері болып
тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет
шекарасынан өту кезінде
1991 жылғы 16-желтоқсаннан бастап
тәуелсіз мемлекет деп
Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі шарттарды ұсынатын көптеген елдер қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде серіктесті анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондықтан тауар өндіріген елді анықтаудағы мақсат – Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген және оның шекарасынан әкетілу процесінде тарифтік және бейтарифтік реттеуді жүзеге асыру қажет.
Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында кеден саласы – сыртқы сауданың реттелуіне өз үлесін қосып, ел экономикасының өркендеуіне өз ықпалын тигізуде.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Салық кодексі; Салық жәңі бюджетке төленетін басұа да міндетті төлемдер туралы. – Алматы,2006
- Елемесов «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 2001 ж;
- Семенов К.А. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Москва 1998ж;
- http://www.kitaphana.kz
- http://adilet.zan.kz

- Кеден ісі мен кеден саясаты арсындағы байланыс
- Кеден ода№ыны» пайда болу тарихы
- Кеден одағы
- Кеден одағы елімізге қымбатшылық әкеле ме?
- Кеден Одағының жұмыс істеу ерекшеліктері: даму мәселелері мен келешегі
- Кеден Одағының Қазақстан үшін оң және кері тұстары
- Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы
- Кедендік бакылау
- Кедендік бақылау
- Кедендік бақылау
- Кедендік бақылаудың қағидалары нысаны
- Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы
- Кедендік құқық бұзушылыққа жауапкершілік
- Кедендік Одақ