Кiрiспе сабақ. Патологияда эксперименттік әдістердің мәні
1- Сабақ
Тақырыбы: Кiрiспе сабақ. Патологияда эксперименттік әдістердің мәні
Сабақтың мақсаты: Патологиялық үрдістерді игеру кезінде эксперименттік әдістердің мәнін көрсету. Жедел және созылмалы тәжірибелер кезінде әртүрлі қолданылатын әдістермен таныстыру. Патологиядағы эксперименттiк әдiстердiң мәнi.
Жануарлар патологиясы
зертханасында оқу-машықтану
Жануарлар патологиясы зертханаларда оқу бағдарламасына байланысты әртүрлi зертханалық жануарлармен жұмыс жүргiзiлiп, химиялық заттар мен электр жабдықтар пайдаланылады.
Осындай мақсатпен
1. Жұмыс барысында халат және қалпақ, қажеттi жағдайда белденше және резиналы қолғап кию керек.
2. Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау барысында оларды мықтап бекiту немесе қозғалыссыз күйiн қалыптастыру керек.
3. Зертханалық жануарларға тәжiрибе жүргiзгенде, мiндеттi түрде жеке гигиенаны, сонымен қатар жұмыс орнын таза ұстаған жөн. Тәжiрибе жасалып болған соң, жұмыс орнын (үстел, қабырғалар, т.б.) ылғалды түрде тазалау жұмысын жүргiзу керек. Әртүрлi әлсiз дезинфекциялайтын ертiндiлердi (хлорамин, натрий қышқылы және т.б.) пайдаланған жөн, ыдыстар мен аспаптарды жылы сумен жуып, кептiрiледi. Жануарлармен тәжiрибе жүргiзiлiп болған соң, қолды сабындап жуып, керек жағдайда дезинфекциялау заттарды қолдануға болады.
4. Зертханалық жұмыстарды орындағанда әртүрлi химиялық заттарды ауызға, көзге немесе киiмге тиiп кетуден сақтану керек. Сондықтан, мiндеттi түрде пипеткалы грушаларды қолданған жөн.
5. Электр құралдарын және аппараттарын қолданғанда студент қауiпсiздiк техникасын сақтау керек.
6. Прозекторийда патологиялық
7. Жұмыс орындау алдында
Ауру мал организмінде өтетін патологиялық процестерді патологтар екі тәсіл арқылы өткізеді: ол эксперимент және клиникалық байқау.
Жалпы патологияның ең басты тәсiлi ол - эксперимент. Бұл тәсiл арқылы организмдегi әртүрлi аурулар түрiн, организмнiң патологиялық күйiн модельдеуге болады. Эксперимент жедел және созылмалы түрде өтеді.
Жедел эксперимент немесе вивисекция - бұл эксперимент арқылы организмде тез өтетiн патологиялық жағдайларды зерттеуге болады. Бүл кезде ұлпа, мүше, жүйелер қызметі бұзылуын игеруге болады. Осыған орай, жедел эксперимент арқылы патологияда үлкен ашылымдар ашылды. Ал баяу түрде жүргiзiлетiн эксперимент организмде болатын патологиялық жағдайларды және ағзалардың функцияларының өзгерiстерiн, бастапқы патогеннің әсерінен бастап, аурудың соңына дейінгі уақытты зерттейдi.
Зертханалық және
Есте сақтайтын жай, әрбiр эксперименттiң белгiлi шегi бар. Эксперименттің өз алдына қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты. Сонымен, патологиялық процестерді игеру үшін, ғылыми жұмыс жүргізуді үйымдастыру бағытында эксперимент жүргізу үшін көптеген тәсілдер қолданылады. Патофизиологиялық зерттеулерде организмдегi өзгерiстердi анықтау үшiн көптеген тәсiлдер қолданылады. Солардың бiрi, мысалы: фустуланы пайдалану, мүшенің қызметін төмендету, функционалдық сынама, тітіркендіру, ангиостомия, мүшені жартылай немесе бүтіндей организмнен бөліп алып қызметін тексеру, ұлпа жасушаларын арнайы қоректі ортаға егіп өсіру, биопсия, радиоактивтi изотоптарды қолдану, клиникалық, рентгенологиялық, патологоанатомиялық, лабораториялық, бактериологиялық, бактериоскопия, эволюциялық, вирусологиялық, паразитологиялық, серологиялық, гематологиялық, биофизикалық (электрокардиография, энцефалография, ультрадыбыс арқылы зерттеу, радиотелеметрия т.б.), биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер үлкен рөл атқарады.
Экспериментке тек қана сау
жануарлар қолданылады: мысалы
бақалар, тышқандар,
Әрбiр студент организмдегi
патологиялық өзгерiстердi
Клиникалық байқау патологияның келесі тәсілі. Осы әдісті патологиялық жағдайдағы жануарларда қолдануға болады. Ол үшін ауырған күннен бастап байқау жүргізіліп, зерттеу мен емдеу шараларын белгілейді.
Материалдар, құрал - жабдықтар, тәжірибелік жануарлар: ит, бақа, химиялық аспаптар, кимограф, цилиндр, канюля, 0,65% натрйй хлориді.
Тәжірибе№1 Оқшауланған жүрекке адреналиннің әсері. Оқшауланған жүрек жұмысы жылықандыларда немесе суыққандыларда кимограф лентасында жазылады.
Жүрек амплитудалары мен жүрек ритмін жазып алған соң, жануарлардың оқшауланған жүрегіне жана дайындалған балауса рингер - локк қосылған адреналин ерітіндісімен/ бақа жүрегі үшін - 0,65% натрий хлордың қолданады/ әсерін тигіземіз. Осылайша жүрек амплитудаларының тез ұлғайғанын және ритмін жиілегенін байқауға болады. Қайтадан оқшауланған жүрекке адреналинсіз таза рингер локк ерітіндісінің әсерін тигізгенде жүрек ритмі мен амплитудасы қалыпты жағдайларына келеді.
Қорытынды: Адреналин жүрек
Бақылау сұрақтары:
1. Патофизиологиялық зертх
2. Патофизиологияның негізгі тәсілін атаңыз?
3. Жедел және баяу эксперимент қандай мақсатпен өткізіледі?
4. Клиникалық байқау деген не?
2- Сабақ
Тақырыбы: Патогистотехниканың негіздері
Сабақтың мақсаты: Патогистотехниканың теориялық негіздері мен патогистологиялық препараттарды дайындау методикасымен танысу.Техника кауіпсіздігімен танысу.
Көптеген ауруларды балау кезінде гистологиялық зерттеу арқылы
ғана анықтау мәлім. Ол үшін патологиялық материалды іріктеп алу
техникасы өте маңызды.
Зерттеуде балауса патологиялык материалдар болу қажет. Бұл үшін өлексенің өзгерістерінің дамуын назарға алып, жануар өлген соң жазда 2-3сағат, ал қыста 12 сағат ішінде патологиялық материал алу керек. Шіреген, ыдыраған, қолайсыз иісті патологиялық материал зерттелмейді.
Бекіндіретін сұйықтықты сініру үшін зерттеуге алынатын ұлпа кесінділері көлемі 0,7-1 см3 болады.
Зерттелетін материалды алу үшін мүшенің анатомиялық және микроскопиялық ерекшелігін білу керек. Ұлпа кесіндісін алған кезде мүшенің капсуласы мен барлық қабатын алған жөн, ал өзгерген мүшелерде орталық, перифериялық участкелерін және қалыпты ұлпамен шекаралас жерінен алады. Ұсақ зақымдалған ошақтарды тұтас алады, ал көптеген немесе үлкен зақымдалған әрбір жерінен, ошақтардың патологиялық процесстің әрбір деңгейін байқау үшін алады.
Куыс мүшелерді: жарып тазаламай кішірек кесінді кесіп алып, пробкалы пластинкаға кілегей қабатын сыртқа қаратып инемен бекіндіреді.
Қаңқа бұлшық етті, миокардтті ұзынынан, керек жағдайда көлденен кесіп алуға болады. Бүйректен, бүйрек үсті безінен, лимфа түйінінен, бас миынан кесіндіні барлық қабатынан алған жөн. Алынған патологиялық материал сынамалары бекіндіретін сұйықтыққа салынады.
Патологиялық материалды бекіндіру
Патологиялық материал бекіндіруге, мойыны кең қақпақты немесе тығыз пробкалы шыны ыдыс қолайлы. Ыдыс ішіне, кесінді арасына мақта немесе сүзгіш қағаз салады. Шыны ыдысқа жануар өлексесі туралы мәліметтер немесе нөмір жазылады. Патологиялық материалды бекіндіру, ол мүше мен ұлпалардан алынған кесінділерді шіру мен ферментативтік процесстер сақтау үшін қажет.
Бекіндіретін мүшелерден
алынған сынамаларды
1-сурет. Патологиялық материал кесінділерінің бекінуі
Электрондық
Егерде кесінділерді тез бекіндіру керек болса, онда формалинді 2-3 минут қыздырыды.
Патологиялық материалды бекіндіруші қарапайым сұйықтықтар:
1. 10%-20% формалин ертіндісі
2. формалин қосылымы: а) тұзды формалин б) спирт-формалин в) кальций-формалин немесе Бэкер сұйықтығы
3. этанол 4. ацетон 5. метанол
Патологиялық материалды бекіндіруші күрделі
сұйықтықтар:
1. Шабадаш сұйықтығы
2. Карнуа сұйықтығы
Спирт абсолютты……………………………….. 60 мл
Хлороформ……………………………………….30 мл
Мұзды сірке қышқылы ……………………… .10 мл
3. Шаффер қосындысы т.б.
Тығыздығы мен
2- сурет. Патологиялық материал кесенділерін жуу тәсілі
Гистопрепараттар
Патологиялық материалды парафиннен өткізу реті. Патологиялық материал кесінділері формалин 10% ерітіндісінен алып,ағынды суға жуады(6-24сағат). Содан кейін спирттерден өткізеді.
1. Спирт 700-8-12 сағат. Формалиннен алған кесінділерді су астында жуып спирттерден өткізеді (сусыздандыру үшін)
2. Спирт 800-8-12 сағат
3. Спирт 960-8-12 сағат. Сосын абсолюттік спирттен 2 рет өткізіледі 3-6 сағат.
4. абсолюттік спирт - ксилол – 2-3 сағат (1:1)
5. ксилол 2-3 сағат
6. ксилол-парафин (370)
7. 1-парафин -2 сағат (540-560)
8. 2-парафин-2 сағат (540-560)
Пішінді қағаз ойықтарға патологиялық материал кесінділерін салып, парафин құяды. Содан соң, осы бойымен суық суға немесе қарға қойып, парафинді ыстық скальпель арқылы ағаш блоктарға желімдейді.
3 – сурет. Парафин құюға арналған қағаз қорап
Патологиялық материалды целлоидиннан өткізу реті
Целлоидинді фото немесе кинопленкадан дайындайды.
1. Жуылған патологиялық материалды судан арылту үшін келесі спирт ертінділерінен өткізеді: спирт 70о-24 сағат,спирт 850-24 сағат, спирт 950-24 сағат, спирт 1000-24 сағат, содан соң 2-4% целлоидинде 2-3 күн, 6% целлоидинде 2-3күн, 8-9% целлоидинде 2-3 күн, кейін ағаш блоктарға /кубиктерге/ желімдеп, 70% спиртте сақтайды. Микротом арқылы гистокесінділерді кесіп, дайындап, оларды бояйды.
Гистокесінділерді гематоксилин - эозинмен бояу.
1.Парафиннен өткізген
гистологиялық кесінділерді
4- сурет. Шаналы микротом
2. Гистологиялық кесіндіні суда шаяды
3. Гематоксилинге -20 минут салады
4. Сумен жуады 3-5 минут
5. Қызарғанша тұзды қышқыл спиртке (700) ұстайды (НСL ) 1% -10- 20 секунд
6. Сумен шаю 5-10минут
7. Сілтілі ертіндімен /суға 1-2 тамшы аммиак қосады/ жуады 10 минут
8. Сумен шаяды 10-15 минут
9. Эозинмен бояу 3-5 минут
10. Сумен шаю 1-2минут
5- сурет. Гистологиялық кесінділер жабыстырылған зат шынысының бояуда орналасуы
Судан арылту үшін спирт қолданады
11. 75% 1- спирте 2-3 минут
12. 90% 2- спирте 2-3 минут
13. 100% 3-спирте 2-3 минут
14. Карбол- ксилол -1-3 минут
гистокесінділердің түсі
15. Ксилол -1-3 минут, целлоидиннен
өткізген гистокесінділерді
16. Фильтр қағазбен кептіреді
Кесінділер үстіне пихта бальзам тамызып, жапқыш шынымен жауып, бекіндіреді.
Материалдар, құрал - жабдықтар:
Патологиялық материал, химиялық сұйықтықтар, қағаз, ағаш блоктар, микротом.
Бақылау сұрақтары:
1. Патологиялық материалды өлекседен алу тәртібі
2. Патологиялық материалды бекіндіру сұйықтықтары.
3. Целлоидин мен парафин блоктарын дайындау методикасы
4. Гистокесінді жасау және бояу тәртібі.
3- Сабақ
Тақырыбы: Өлекселік өзгерістер
Сабақтың мақсаты: Өлекселік өзгерістерді зерттеп, игеру.
Жүрек қызметі тоқтаған соң жануарда өлім белгілері пайда болады: бірінші (клиникалық), екінші (өлекселік), үшінші
(бұзылу белгілері). Өлекселік өзгерістер немесе белгілерге жататындар: өлексе сууы, сіресуі, дақтардың пайда болуы және шіруі. Өлекселік өзгерістер сыртқы орта жағдайына, өлім себебі және организмнің ерекшеліктеріне де байланысты.
6-сурет. Хаттама жазуға арналған секциялық үстел
Өлексенің сууы дегеніміз өлексе дене температурасы сыртқы орта температурасымен тенесуі. Өлексенің сууы қоршаған орта температурасына (суық жылдамдатады, жылулық бәсеңдетеді), ауа ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығына, өлексе салмағына (ірі жануарға қарағанда кішірек жануарлар жылдам суыйды), ауру сипаты мен өлім себептеріне байланысты.Сыртқы орта температурасы өлексе температурасы алғашқы тәуліктерде орта есеппен сағатына 10С төмендейді, ал екінші тәулік аралығында 0,20С түседі. Ең алдымен құлақтары, аяқтары, басы, сосын денесі мен ішкі мүшелер суыйды. Сонымен өлексе суымен бірге көрнекті кілегейлі қабықтар кебе бастайды.
Өлексенің сіресуі дегеніміз өлгеннен кейінгі қаңқа бұлшық еттерінің тығыздалып, қатаюы және осыған байланысты буындардың, жүрек пен бұлшық еттің қозғалмауы. Сіресудің алғашқы белгілері өлгеннен соң 2-5 сағаттан соң басталып, 20-24 сағатта барлық бұлшық еттер сіреседі. Ол бас бұлшық еттерінен басталып, мойын, иық , алдынғы аяқтар, арқа мен кеуде, құрсақ, шап және артқы аяқтарға таралады. Өлексе сіресуі 2-3 тәулік сақталады, осы жағдайдан шығуыда осы кезекте өтеді. Жүрек бүлшық еті жануар өлген соң 1-2 сағаттан соң қатая бастайды. Сепсистен (сібір жарасы т.б) өлген, не ұзақ ауырған, сондай - ақ жаңа туған гипотрофиктерде өлекселік сіресу нашар білінеді не мүлдем болмайды.
Өлексе дақтары қанның күйінің өзгеруіне және оның ауысуына орай пайда болады. Өлексе дақтары жануар өлгеннен кейін 2-3 сағатта пайда болады да, екі кезеңде өтеді: гипостаз және имбибиция. Гипостаз кезінде қан өлексенің төменгі жағындағы тамырлары мен ішкі мүшелерде ығысып, сондықтан сыртқы және ішкі гипостаздар болып ажыратылады. Бұл кезеңде өлекселік дақтар қоныр- қызыл түсті, көкшіл реңде болады, анық белгіленбейді, басқан кезде тез бозарады, ал кесінді беткейінде қан тамшылары пайда болады. Өлексені қозғағанда дақтар жылжуы мүмкін. Ішкі гипостазда табиғи қуыстар (өлекселік транссудат жиылуы) қан сұйықтығымен толады. Инбибиция кезеңі 18 сағат не одан да көп уақыттан соң басталады. Бұл кезең қоршаған орта температурасы мен өлексе бұзылуына байланысты. Өлекселік дақтар, әсіресе, асфиксиядан (тұншығу) өлген және толық жануарларда жақсы байқалады: жүдеп жадаған және жаңа туған төлдерде олар нашар білінеді, ал қансыздандырылып сойғанда олар мүлдем болмайды.
Өлексенің бұзылуы аутолиз
бен шіру салдарынан болады. Аутолиз
(грек. Autolis-өздігінен еру)
Шіру процестері жануар
Өлекселік бұзылу кезінде
пайда болатын күкіртті сутек
қан гемоглобинімен қосылыс
Гистопрепарат: Ит ішегінің
кілегейлі қабатындағы
Ішектің кілегейлі қабаты
түктерінің ядролары
7- сурет. Ит ішегінің кілегейлі қабатындағы өлекселік өзгерістер
Материалдар, құрал- жабдықтар: өлексе, жарып – союға арналған аспабтар.
Бақылау сұрақтары:
1. Өлексе жару орнына қойылатын талаптар
2. Өлексе жаратындардың арнайы киімі мен қолдарын домдауы.
3. Өлекселік өзгерістер түрлері, оның практикалық маңызы.
4- Сабақ
Тақырыбы: Дәрi- дәрмектердi енгiзу әдістері және зертханалық жануарларды бекіту
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жануарларды экспериментке дайындаудың негiзгi принциптерiн үйрету, бекiндiру тәсiлдерiн менгеру және әртүрлi препараттарды енгiзу жолдарын үйрену.
Бақаларға ертiндiнi арқасындағы лимфатикалық қапшығына енгiзу керек.
Қояндарға құлақтарының шеткi венасына, терi астына жауырынның тұсына, санның қалын етiндегі терiсiнiң астына препараттарды егу керек. Асқазан және iшектерге сұйықтықты жiберу үшiн зонд қолданылады. Тоқ iшекке жiберiлетiн заттарды тiк iшек арқылы енгiзуге болады. Ақ тышқандар мен егеуқұйрықтарға дәрiлiк заттарды құйрық қантамыр венасы арқылы жiбередi. Сонымен қатар, ерiтiндiнi терi асты және жамбас бұлшық еттерiне беру арқылы жүзеге асыруға болады.
Құстарға препараттарды қанат асты венаға енгiзедi. Шошқаларға құлақтарының үлкен венасына және жамбас бұлшық етiне сұйықтықты жiбередi (терi астына құлақ маңына).
Жылқыларға, iрi және
ұсақ қара малдардың құрсақ
терi асты венасына, ал жылқыларға
сыртқы төс венасына
Иттерге терi асты
препараттарын құрсақ аумағына
және де жамбас қантамыр
Наркоз және зертханалық жануарларды бекiндiру
Патофизиологиялық эксперименттердi жүргiзу үшiн көп жағдайда наркоз астындағы жануарларды пайдаланып, соларға тәжiрибе жүргiзiледi. Оларға наркоз және жергiлiктi жансыздандыру қолданылады. Жергiлiктi жансыздандыру жоғарғы және инфильтрациялық анестезияны тудырады. Жоғарғы анестезия ауыздың кiлегей қабықтарында, мұрын қуысында, конъюктива және қуықта байқалады. Ол үшiн 2-10% новокаин ертiндiсi пайдаланылады. Ал инфильтрациялық анестезияны тудыру үшiн 0,25-0,5%, ал iрiлері үшiн 1% новокаин ертiндiсi қолданылады.
Жануарларды наркоздау
үшiн ингаляциялық және
Бақаны наркоздау
1. 10% -к этил спиртiнiң ертiндiсi пайдаланылады.
2. Шыны қалпақ астында эфир буымен ингаляциялау керек.
3. Лимфалық қапшыққа келесi ертiндiлердi егу керек: 5%-к хлорогидралы ертiндiсi (1,5-2 мл), 1%-к гексенал (0,5 мл), 10%-к уретан (1-1,5 мл), 25%-к этанол ертiндiсi (2мл) қолданылады.
Теңiз шошқаларын наркоздау үшiн 30% уретан ертiндiсiн 1г/кг iшiне, 5%-к этиминал натрий ертiндiсiнiң 30 мг/кг iшiне және 7% хлоралгидрат ертiндiсiнiң 300 мг/кг салмағына терi астына егу керек.
Мысықтар мен ақтышқандарды
шыны қалпақтың астында
Қояндарды наркоздау
үшін әтiрге салынған мақтаны
мұрынына жақындатады (
Иттерге әдетте комбинирлiк наркоз қолданылады.
Алдымен 1%-к морфин ертiндiсiн (1 мл/кг) терi астына енгiзедi. Содан кейiн әтiрмен қосылған наркоз бередi, яғни бұл дегенiмiз этил спиртiмен хлорофордың арақатынасы 3:2:1 болуы тиiс.
Iрi жануарлар үшiн
Құстарға тиопентал натрий сүйықтығын қанат асты венасына 5%-к глюкозамен 18-20 мг/кг мөлшерiнде баяу енгiзеді.
Патофизиологиялық эксперименттердi қою үшiн наркоздалған және наркоздалмаған жануарларды мiндеттi түрде бекiндiреді.
Ұсақ жануарларды ағаш және металл үстелдерінде арқа немесе кеуде жағдайында бекiтедi.
Наркоздалған немесе жұлыны зақымдалған бақаны пенопласт тақтайшасына аяқтарын созып, шеттерiн инемен қадайды.
Теңiз шошқаларын, тышқандарды және егеуқұйрықтарды шыны қалпақтың астына отырғызып бақылайды. Наркоздалған жануарларды арнайы операциялық үстелге бекiндiредi. Аяқтарын дәкемен байлап, басты бекiндiру үшiн бас ұстағышты қолданады. Наркоздалмаған қоян мен мысықтарды ағаш торға отырғызады. Иттерге тұмылдырық кигiзедi немесе жақтарын байлайды.
8-сурет. Ит жақтарын дәкемен орап бекіту әдісі: а – бүйір жақтан көрінісі, б – жақ асты жағынан көрініс
Тәжiрибе кезiнде наркоздалмаған иттердi Павлов станогына кiргiзiп, алдынғы және артқы аяқтарын бекiтедi. Сонымен қатар иттердi көп уақытқа дейiн қозғалыссыз немесе бiр орыға жатқызып үйретедi.
Жылқыларға ауырсыну сезiмiн сезіндіретін манипуляциялар (инъекция, қан алғанда, және т.б.) жүргiзгенде үстiнгi ерiндерiне бұрау салады.
9- сурет. Жылқыны мұрын қысқышы арқылы бекіту
Сиыр және бұқаға зерттеу жүргiзгенде танауын бас бармақ пен сұқ саусақ көмегімен немесе арнайы мұрын қысқыштармен қысады.
10- сурет. Ірі қара малды мүйізінен ұстап және мұрынды қысу арқылы бекіту.
Қажеттi жағдайларда iрi жануарларды қимылсыз күйге келтiру керек. Мысалы: тыныс алуды немесе жүрек жұмысын зерттегенде, шаруашылық жағдайында жануарларды бағаналарға байлайды.
Құстарды қимылсыздандыру үшiн темір торларға бекітедi. Құстардың басын, мойынын және құйрық қанатын сыртқа алдынғы және арттқы қабырға саңылаулары арқылы шығып тұрады. Құстарды бекiндiру үшiн құстың қанаттарын айқастыра ұстап, аяқтарын басып тұрады.
Материалдар,құрал-жабдықтар,
Бақылау сұрақтары:
1. Ұсақ зертханалық жануарларға әртүрлі препараттарды енгізу жолдарын атаңыз.
2. Ұй жануарларына дәрі - дәрмектерді енгізу орындарын атаңыз.
3. Ұсақ зертханалық жануарларды наркоздау.
4. Ірі үй жануарларын наркоздау.
5. Қандай тәсілдер жануарларды бекіту үшін қолданады?

- Кoнцепция управления прoектами
- К XII—XIII векам древнерусская культура достигла своего высшего уровня и широко распространилась на огромной территории Восточной Европы
- Кабала город
- Кабанбай батыр
- Кабан родоначальником домашней свиньи
- Кабардино-Балкария
- Кабачки, патиссоны и тыквы. Их характеристика и агротехника возделывания
- Йозеф Алоіз Шумпетер
- Йозеф Гайдн
- Йосиф Сліпий, патріарх УГКЦ
- Йоханнесбургтегі (2002) Бүкіләлемдік саммит
- Йохан Хейзинга (1872-1945)
- Й. Хейзинга о рыцарской культуре в книге «Осень средневековья»
- К 180-летию со дня рождения Петра Лавровича Лаврова