Күйіс қайтарушылар



                           Жоспары:

 

I. Кіріспе

II.  Негізгі бөлім

II.1.Систематикасы

II.2.Күйіс қайтарушылар

    2.1. Көн табандылар тұқымдасы

   2.2. Бұғы тұқымдасы

       2.2.1. Бұғылар туысы

       2.2.2. Еліктер туысы

       2.2.3. Бұландар туысы

    2.3. Қуыс мүйізділер тұқымдасы

       2.3.1.Бөкендер туысы

       2.3.2. Ешкілер туысы

    2.4. Жирафтар тұқымдасы

III.Қорытынды

      IV.Қосымша (суреттер)

       V. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               I. Кіріспе.

Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда омыртқалылардың  құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көршішлігі бір жерден екінші жерге барып, қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге әрекет етеді.Омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделеді, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешіліктеріне байланысты: мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяқтарының, күрделі ауыз аппараттарының, сүйек скелетінің, жүрекгінің және бүйректерінің болуы, омыртқалылардың эволюциялық дамуы сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік береді.

  Қоректік заттарды іздеп табуы, онымен қоректенуі, сезім мүшелері, әжептәуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы сияқты ерекшеліктер бір – бірімен тығыз байланыста дамиды. Аталған органдар дұрыс қызмет етуі үшін скелет керек. Скелет сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Скелет денеге тірек болып желбезек аппараттарын және аяқтарын бекім ұстайды.

   Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты денеден шығатын зәр заттарының мөлшері артады.

   Омыртқалыларға  бірнеше  клоятар жатады. Біз солардың ішінде сүтқоректілерді қарастырамыз. 

 

 

II. Сүтқоректілер.(Mammalia)

   

Сүтқоректілер  омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың прогрессивті белгілері:

1.          Бұларда орталық нерв системасы жоғары дамыған. Оның ішінде жоғарғы нерв әрекетінің орталығы – үлкен ми жарты шарларының сұр қыртысы көңіл аударыды. Осыған байланысты сүтқоректілірдің орта жағдайына бейімделуі өте күрделі , әрі жақсы жетілген.

2.          Сүтқоректілер тірі туады. Баласын аналық организмнің продуктысы – сүтімен қоректендіреді. Бұл сүр қоректілердің әртүрлі жағдайда көбеюіне мүмкіндік береді.

3.          Жылу реттелуі қабілеттінің жоғару дамуы, аздап та болса температурасының тұрақтығына байланысты икемделеді.

Денесін қаптап тұрған түктері салқыннан қорғаса, ал денесіндегі тері астындағы май қабаты жылудың реттелуіне себепші болады.

  Осындай ерекшеліктер әр түрлі жағдайларға қарамастан кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Антарктикалық материктен басқа географиялық жер бөліктеріне түгелдей тараған. Олар жер бетінде де, суда да, жартылай суда, жердің астыңғы қабаттарында тіршілік етеді. Қазір сүрқоректілірдің 4000-ға жуық түрлері белгілі.

   Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктері, денесі жүнмен жабылған. Терісінде бездері көп, әсіресе жетілген сүт безін атап өтуге болады. Бас сүйегі омыртқа жотасымен екі бұдыр өскіншіктер арқылы бекиді. Төменгі жағы тек ғана тіс сүйегінен тұрады. Шаршы сүйекпен байланыс сүйегі ортаңғы құлақ қалқанынан орналасқан есіту сүйегіне айналған. Тісі күрек тіс, шошақ тіс, азу тіс болып жіктелген, олар альвеоларға бекіген. Жүрегі төрт камерелы, бір ғана сол жақ қолқа доғасы сақталған. Қызыл қан түйіршіктерінде ядро болмайды.  

II.1. Систематика

Тип:Chordata – хордалылар типі

  Тип тармағы:Craniata немесе Vertebrata – бас сүйектілер немесе омыртқалылар.

Класс:Mammalia – сүтқоректілер класы

Отряд:Artiodactyla – жұп аяқтылар отряды

Отряд тармағы :Ruminantia - күйіс қайтарушылар отр/ тармағы

Тұқымдас:Tylopoda- көн табандылар тұқымдасы

Түрі:Camelus pastrinus – қос өркешті түйе.     

 

II.2. Жұп тұяқтылар жер бетінде  өсімдік тектес заттармен қоректеніп, тез жүгіретін жануарлар. Тек бегемоттар ғана жартылай суда тіршілік етеді. Осыған  байланысты олардың аяғы ұзын және ең соңғы саусағында тұяғы болады. Үшінші және төртінші  саусақтары бірдей жетілген, оны екі саусақтың ортасынан аяқтарының тірегі өтеді. Екінші және бесінші саусақтары нашар жетілген, немесе болмайды. Бұғыларда  ғана жетілмеген. Жұп аяқтары екі отряд  тармағына бөлінеді:

1-                       отряд тармағы. Күйіс қайтармайтындар. (Nonruminantia)

2-                       отряд тармағы. Күйіс қайтарушылар.       (Ruminantia)

   Осылардың ішіндегі күйіс қайтарушылар отряд тармағына қорының құрылысы  күрделі жануарлар жатады. Бұлардың қарыны шала шайналған жемінің ашуына және олардың күйіс  қайырғанда қайтадан дұрыс ұсатылып, жұтылуына бейімделген. Бұдан жұп аяқтылардың басым көпшілігі жатады.

     Бұлардың шошаң тістері мен I және V саусақтары нашар жетілген немесе кейбір түрлерінде тіпті болмайды.  Сымбатты, көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар.

   Күйіс қайтаратын  сүтқоректілердің қарны өте күрделі құрылған. Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады:1) үлкен қарын, оның ішкі бетінде қатты бүрі болады; 2) жұмыршақ қарын, оның ішкі беті торлы ұяшықтарға бөлінген;3) жалбыршақ қарын, оның ішкі беті көлденең орналасқан қатпарлардан тұрады;4)Ұлтабар немесе безді қарын.Үлкен табанға түскен қоректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетінен ашиды. Қорек заты қарыннан  оның престальтикалық қозғалысының әсерінен жұмыршақ қарынға, одан күйіс қайырғанда ауыз келіп түседі. Ауызда тамақтық зат ұсақталып,  сілекеймен  әбден араласады. Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақты өңешпен жалғастыратын жіңішке саңылау арқылы жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады.Нағыз ішек  - ас ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бөлінеді. Өсімдік тектес қатты заттармен қоректенетін  түрлердің ащы ішегі мен тоқ ішегінің шекарасында ұзын жзәне тұйық бітетін бүйені болады. Өт пен ұйқы безінің жолдары он екі елі ішекке ашылады.

 

  2.1. Көн табандылар(Tylopoda)  тұқымдасына түйелер, ламалар жатады. Бұлардың II және V саусақтары болмайды, тұяғы нашар жамыған.II және IV саусақтары келіп тірелетін, көпшік сияқты көнді жалпақ табанына денесінің салып, өозғалады. Бұларда қарны басқа күйіс қайтаратындармен салыстырғанда  күрелді емес. Тіс формуласы:

і 3/1;с 1/1; pm 2/3;m 3/3-34;

  Осы кезде Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі – қос өркешті (Camelus pastrinus) түйе сақталған. Бір өркешіті түйенің – нардың

(C.dromedarius) тек қана қолға үйретілген бір түрі белгілі, ал жабайы түрі белгісіз. Нар көбінесе, Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. Түйелерде май қоры өрекшінде жиналады. Мұндай май қоры өз тарапынан  артық су өоры болып есептеледі.Өйтекні, ол тотыққан кезде су пайда болып, ол қанға барады. Сондықтан өркешінде майы көп түйелер шөлге шыдамды келеді.

   Американың көп табандарының өркеші болмайды. Олар таулы жерлерді мекендейді. Мысалы, гуанако   (Lama huanachus) және викунья (L.vicugna). Бұлардың қолға үйретілген екі түрі белгілі:  лама және альпака. Бұларды да түйе сияқты  көлік есебінде және жүні еті үшін ұстайды.

 

   2.2. Бұғылар тұқымдасы (Cervidal gray,1821)

Бұғылар тұқымдасына жататын тұяқтарында еркектердің маңдай сүйектерінің туындысы болып саналатын тармақталған мүйіздер болады. Олар жылма – жыл түсіп, қайтадан өскенде мамық жүнді тері қатпары жауып тұрады.  Мүұйзідері жетіліп сүйектене бастағанда, оны көлкерген тері қатып, ұзына бойына жарынла бастайды. Бұғылар мүйіздерін ағаш діңгегіне, бұтақтарына сүйіп, жалбыр – жұлбыр болып жүрген тері қатпарынан құтылады. 

   Тіс формуласы: І 0/3; С 1/1; Р 3/3; М3/3

Тері жамылғысында  көз алды, саусақаралық бездер, сол сияқты кейбіреулерінде  шашайы мен маңдайында да бездері болады. Бір ерекшелігі – бұғылар тұқымдастарының өкілдерінде өт қабы болмайды. Тұқымдас өкілдері Евразияда, Америкада, Солтүстік Африкадада таралған. Қазақстанда тұқымдастың 3 түрі мекендейді.

 

  2.2.1. Бұғылар туысы- Cervus Linnaeus

Марал - Cervus elapus Linnaeus, 1758.

  Сыртқы пішіні. Марал - бұғы тұқымдастарының ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 227-244, бұқасының шоқтығының биіктігі 142-155см, салмағы 416кг, ал ұрғашыларынікі 178кг. Маралдың дәрілік шикізат беретін  мүйізі еркегінде ғана болады. Басқа бұғылардан ерекшелігі – маралдың мүйізі алтын бұтақты.  

   Таралуы мен сан мөлшері. Марал Қытай мен Монғолияда, Алтай мен Саянда, Байкал көлінің маңында таралған. Қазақстан жерінде талас, Іле, Күнгей және теріскей, Алатауларда,Кетпен жотасында, Жоңғар Алатауында, Тарбағатай, Сауыр және Оңтүстік Алтайда кездеседі. Сан мөлшері жоғарыда айтылған тау жоталарында бірдей емес. Мысалы, Жоңғар Алатауында шамамен 7500-8000, ал Оңтүстік Алтайда Қазақстан бөлігінің шамамен 1000 марал жайлайды.Республикамыздағы оның жалпы саны 10-15 мыңдай.

   Биологиясы. Маралдар – шағын табын құрып, тіршілдік ететін жануарлар. Таулы өңірдің ашық беткейлерін, орман ішін, субальпі мен альпі шабындықтарын мекендейді. Табын мөлшері мекендейтін қоныстарына байланысты. Күзде салқын түссе үлкен топтар бірте – бірте ыдырап,2-5-тен топтанып, жылы орман ішін жайлайды. Қыста таудың етегіне қарай түссе, жазда таудың жоғарғы  белдеулеріне қарай көтеріледі.

   Жайылуға кешке қарай шығып, түні бойы өрісте болады. Тойынған соң, жан – жағы жақсы көрінетін жотаның биіктеу жеріне жатып, дем алады. Көктемде жануарлар тау беткейлерінде күндіз жайылатын болса, жазда қансорғыш насекомдардың көбеюі кезінде азықтануға тек түнде ғана шығады. Негізгі қоректері – 250 түрлі шөптесін және бұталы өсімдіктер. Олардың жапырақтарын, бүршіктерін, өркендерін азық етеді. Ал 258-30-дай сүйсініп жейтін өсімдіктер түрлері (шатырақ, қоңыраубас, қондыгүл, сүтжапырақ, күреңот, жусан және т.б.) Маралдың азық құрамында үй жануарлары жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі.

    Қазақстанның таулы өңірлерінде маралдың шағылысуы кырқүйектен басталып, қазан айының бірінші жартысына дейін созылады. Бұл кезде бұқалардың әдеттегіден ерекше мөңіреп, жер тартып «ойнақ» жасайды.Өкіріп, жер сүзгілеп жүрген марал бұқалары қыркүйек – ұазан айларында тау беткейлерінде жиі кездеседі.

   Күзде күйіті  жанған маралдар 8-8,5 айдан соң, маусым айында төлдейді. Төлдер алдында жануарлар тынымсызданып, жайылған кезде  жиі- жиі жата береді.

  Маралдың негізгі жаулары – қасқыр, аю, сілеусін және бұралқы иттер. Олардың денесінде кенелер(Dermacentor pavlovskyi, haemaphusalis warpurtoni, Ixodes persulcatus) тері оқырасының (Hypoderma diana) личинкалары кезедеседі.

Халықшаруашылыққа маңызы. Маралдар аса бағалы еті мен дәрілік шикізат беретін «алтын мүйізі» үшін ауланатын аң. Әсіресе, сүйектенбеген жас мүйізі жоғары бағаланады.  Бұл пантыны «тау женьшені» деп те атайды. Бұдан пантокрин дәрісі жасалады. Ол жүрекке, қан айналым жүйесіне, бұлшық етке, тыныс алу жүйесіне т.б.органдарға әсер ететін сергеткіш дәрі. Көктемде панты жетілген кезде маралдың қанының  шипалық қасиеті бар. Одан пантогемотоген препараты дайындалады. Шығыс медицинасында маралдың құйрығы, ұрығы, сіңірі де әр түрлі ауруларға ем терінде қолданылады.

  Келешекте Республикамызда марал шаруашылығын ұйымдастыруды қолға алып, марал санын 30 мыңға жеткізіп, жыл сайын ең кемінде 35-40 мың кг. Консервіленген пантыөндіруге толық мүмкіндік бар.

 

   2.2.2. Еліктер туысы-Capreolus gray,1821.

    Еліктер- Capreolus capreolus Linnaeus 1758.

  Сыртқы пішіні. Елік сымбатты, көрікті жануар. Текесінде тармақталып келген мүйізі болады. Мүйізді ешкісі сирек кездеседі. Дене тұрқы еркегінде 120-160см, шоқтығының биіктігі 75-100см,салмағы 30-35кг. Ешкілер аздап кішірек болады.

   Таралуы мен сан мөлшері. Европада, Кавказда,Оралда, Сібірде. Қиыр Шығыста және Орта Азияның тауларында таралған. Қазақстанда Алматыда, Талдықорғанда, Солтүстік Қазақстанда, Семей,Қостанай, Ақмолада және Батыс Қазақстан  облыстарының орман жоталарында таралған. Мекендеген жеріне қарай мөлшері де әр түрлі. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда 1000га жерде 30, Көкшетау мен Қостанай облыстарында 50 еліктен кездеседі. Қазір Қазақстанда еліктің саны 18300 – дай деп есептелінеді.

  Биологиясы. Еліктің мекендейтін қоныстары әртүрлі.  Көбіне орман – тоғайлардың ішінде тіршілік етеді. Орманның ашық алаңдарында жайылып, ағаштар көлеңкесінде жусайды.  Адамға жақын жүріп, тііршілік ете береді. Жаздың ыстық күндерінде, салқын түскенге дейін, көлеңкелі қалың бұталар мен қалың шөптердің ішінде  жатып демалады. Тек салқын түсе жайлауға шығады. Қыста күндіз жайылады.

    Жер ерекшеліге мен жыл маусымына байланысты елік 100-ге жуық өсімдік түрімен  қоректенеді. Көктемде, жазда алуан түрлі шөптерді, қыс айларында жидек, қылқанды ағаш бұтақтарын мен бүршіктерін жейді.  Иіс сезімінің жетілгені соншалық ол 40 см қардың астындағы қынаны тауып азықтанады.  Елік ала тұяқты түз жануарының ішіндегі адамдарға аса үйір серігі.

   Елік - өсімтал аң. Олар 1,5 жасында жыныстық жағынан жетіліп, екі жасында лақтайды. Оның күйіті тамыз айынан басталып, қыркүйектің аяғына дейін  созылады. Еліктер күйге түскен шақта текелерінің арасында қатты « қырқысу майданы» басталады. Мамыр – шілде айларында лақтайды. Еліктің ересек ешкісі жылына егізден лақ тауып, оларды 6-8 ай бойы сүтімен асырайды. Туған лақтарын жасырып тастау үшін қалың шалғынды бұталардың  арасын мекендейді. Лақтарының түсі алғашқы уақытта теңбіл болып, 3-4 ай өткен соң теңбілі жойылып кетеді.

Халықаралық маңызы. Ертеректе дәмді еті үшін жыл сайын 900-5400 бас елік ауланған. Қазіргі кезде бар – жоғы әуесқойлық жолмен 200-250 елік ауланады. Терісінен сырт киім, аяқ киім, төсеніш, қайыс, былғары жасайды. Соңғы кезде етімен қатар мүйізінде пайдалана бастады. Одан түрлі сыйлық бұйымдар жасалады. Еліктер орман шаруашылығында жас көшеттердің басын сипап зиян да келтіруі мүмкін.Десе де оны қорғап, сан мөлшерін көбейтуге жағдай жасап отыру керек.

 

   2.2.3. Бұландар туысы.Alces gray.1821.

Бұлан -   Alces alces Linnaeus.1758

Сыртқы пішіні. Бұлан – бұғы тектес ала тұяқты, күйіс қайтаратын ірі жануар. Бұқаларының дене тұрқы 3 м, шоқтығының биіктігі 2.4.м, салмағы 700кг, ал ұрғашысынікі еркегінен кішірек. Сирақтары ұзын, басы үлкен, қоңқақ тұмсықты. Үлкен құлағы дыбысты жақсы сезеді. Бұқалары алшақ мүйізді. Олардың екі мүйіздері жылма – жыл түседі де, орнына жаңа мүйіз шығады. Денесі ұзын қылшықты жүнмен жабылған. Жүнінің ұзындығы денесінің әр жерінде әр түрлі.

   Тарлуы мен сан мөлшері. Европаның, Азияның және Солтүстік Американың орманды жерлерінде кең тараған. Ертеде Солтүстік Американың Оңтүстік Алтайдың ормандарында көп болған.XX ғасырдың басында дәмді еті үшін берекесіз аулаудың салдарынан саны азайып кетті. Сондықтанда Республика территориясында оны дереу қорғауға алынудың салдарынан соңғы жылдары саны өсіп келеді.  Қазір бұлан Қазақстанның 10 облысында кездеседі. Әсіресе, Жайық, Елек, Тобыл, Етіс, Есіл өзендерінің бойындағы орман – тоғайларда,  Бурабай, Зеренді, Арынбалық, Аманқарағай, Арақарағай, сияқты аралас ормандарда, Оңтүстік Алтайда, Бұқтырма өзенінің бойындағы ормандарда таралған.Саны тіршілік ортасына қарай әр жерде әр түрлі. Мысалы, Шығыс Қазақстан ормандарында 2.5-3 мыңдай, Көкшетау облыстарында 100-1500 бұлан қоры бар. ЖалпыҚазқстан ормандарында шамамен 5-6 мыңдай бұлан мекендейді деп есептелінеді.

    Биологиясы. Республика жерінде бұланның негізгі мекендеріне – қайың, самырсын, шырша, қарағай өскен орман алқаптары. Көбінесе, жағасында ағаш өскен өзен мен көл батпақты жерлерді мекендейді. Жаздың ыстық күндерінде маса, шыбын, сонадан, қорғану үшін көлге түсіп, қансорғыштар басылғанша судан шықпай қояды.

    Бұлан мекендеге ормандарда қыста қардың қалыңдығы кейбір жерлерде 1 метрден аспайды. Сондықтан да бұл жерлерді ол жыл бойына тұрақты қоныс есебінде пайдаланады. Тек қар өте қалың түскен жылдары ғана аздап оңтүстікке қарай қоныс аудартыны байқалады.  Жылдың жылы маусымдарында бұлан орман ішінде жүрсе, қыс айларында орманның қары жұқа түскен жерлерін мекен етеді. Жануардың азық қорында ағаш жапырақтары, жас бұталар, шөптесін өсімдіктер кездеседі.  Олар әсіресе, тал, раушан гүл, қайың, қарағай және ширмен гүлділер тұқымдасына жататын шөптермен көбірек азықтанады. Жалпы бұлан өсімдіктердің 150 түрімен қоректенсе, оның 13-33 пайызы улы шөптерден тұратындығын айта кету керек.  Азық рационы жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. Көктемде алуан түрлі жасыл шөптермен қоректенсе, қыста оның азығының 90-95 пайызы ағаштар мен бұталар. Жыл бойы ірі бұлан 7.5 тоннаға дейін шөппен азықтанатыны анықталған.

  Аналық бұлан жыныстық жағынан үш жасында жетілсе, еркектер үйірге 3 – 4 жасында қатысады. Күйлеу мерзімі тамыздың аяғында басталып, қазан айының ортасына созылып, аяқталады. Бұл кезде бұқалардың арасында «шайқастар» болады. Аналықтар 7-8 ай ұрықты көтеріп, мамыр айында төлдей бастайды.  Көбінесе жалқы, сирегірек егіз бұзау туады.  Табиғатта үш бұзау туатын бірен – саран бұландар да кездеседі. Жаңа туған бұзаудың салмағы 12-16кг, шоқтығынан биіктігі 70-90см-ге келеді. Енесі бұзауларын 3.5-4 ай емізеді. Жас бұзау енесін алғашқы кезде тәулігіне 8-10рет еміп, туғаннан 2-3 күн өткен соң көк шөптің дәмін тата бастайды.  Сондықтан да олар тез өседі.  16 айда жыныстық жағынан жетіліп, көпшілік сиырлар 3 жасынан көбеюге қатысды.  Төрт жаста олар толық жетіледі.

      Бұланның жаулары – қасқыр , аю, құну. Денесінде кенелер (Ixodes persulcatus), қансорғыш масалар(Lepoptera cerui),кеңсірік оқыралары   (Cephenomyia  ulrichi), парапзиттік құрттар  (Setaria sp,Spiculopteragia alcis,Nematodirella longissi mespiculata)тіршілік етеді.

Дәмді еті мен сәнді мүйізі үшін есепсіз аулау нәтижесінде Қазақстан ормандарында 19 ғасырдың аяғында бұлан саны күрт азайып кеткен. Одан кейін қорғауға алу нәтижесінде оның саны өсіп, 1972 жылдан бастап, бұл аң аулауды арнаулы рұқсат қағазы бойынша ауланатын болды. Мәселен, 1980 жылы Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарында 350 бұлан ауланды. Республикада бүгінде жылына бұлан қорының 15-20 пайызын дәмді еті үшін аулап тұруға мүмкіндік бар. Келешекте оны қолға үйретіп, тіпті, қыста көлік қылып пайдалану жұмыстары да республикамызда жүргізілмекші.

 

2.3.Қуыс мүйізділер тұқымдасы.(Cavicornia)

Бұлардың маңдай сүйегі тұқымы өсіндісінің сыртын қаптап тұратын қуыс мүйізі болады. Мүйізі эпидермистік мальпигей қабатынан пайда болған,ол бұтақтанбайды және жасына қарай ауысып отырады. Тек ғана Американың айыр мүйізді бөкенінің(Antilo  capra) мүйізі екі айыр болады да жыл сайын түлеп отырады. Мүйіз басым көпшілігінде еркектерінде ғана болады. Жоғарғы жағында шошақ тісі болмайды. Тіс формуласы:

І 3/0; С1/0; рм 3/3; м 3/3=32 ;

Бұлардың жабайы түрі Оңтүстік Америка мен Австралиядан басқа барлық жерлерде кездеседі. Көптеген түрлері қолда өсіріліп, олардан үй жануарларының көптеген жаңа түрлері шығарылады. Бұл тұқымдастың негізгі жабайы түрлері мыналар:

   Бөкендердің көптеген түрлері Африкада тараған. Көбінесе бізде кездесетін қарақұйрық (Garella subgutturosa) – Закавказьенің шығысында, Орта Азияның және Қазақстанның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Ақ бөкен(Saida tatarica)- Қазақстанның далалы жерлерінде тараған. Кавказ бен Карпат тауларында мүйізінің ұшы ілмек тәрізді артына қайрылған мүйізі бар орман  бөкені серна – (Rupicarpa rupicapra) тіршілік етеді.

   Жабайы ешкілер мен қойлардың бірнеше түрі Кавказдың, Орта Азияның және Оңтүстік Сибирьдің тауларында таралған. Мысалы ешкілерден – Кавказдың таулары(Capra caucasica, C.Cylindricornis) Сибирьдің ешік мүйізі (Carpa sibirica). Жабайы ешкілер жартасты биік таулардың мекендейді және олар 20-30-ы бірігіп, топтанып жайылады. Жабайы қойлардан муфлонды алуға болады.Муфлон (Ovis ophion) Оңтүстік Закавказьеде кездеседі. Соңғы кездері олар Қырым түбегіне жерсіндірілді. Орта Азияның тауларында жабайы қой – арқар деген ірі түрі кездеседі.Жабай қойдардың жабайы ешкілерден бір ерекшелігі – таудың жартассыз барынша тегіс жерлерінде жайылады. Қыста бірнешеуі (100-ден аса) бірігіп, топтанып жүреді. Архардан үй қойларының әр түрлі жаңа тұқымдары шығарылады.

  Жабайы өгіздердің қазіргі түрлеріне Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялық (Bubalus bubalus) және Африканың B.caffer  буйволдар, Үндістанда – бантенг (Bibos banteng), гаял (B.frontalis) және гаур (B.gaurus) жатады. Бұлар орманды және ірі бұталы жерлерді мекендейді. Орталық Азияда өзіндік ерекшелігі бар жүндес як (kodac) (Poephagus grunniens),Солтүстік Америкада бизон(Rison bison), ал зубр (Rison bonasus) деген бір ғана түрі кездеседі. Бұлардан бұрын зубрлар мекедеген Солтүстік Кавказдың ормандарында, Москваның түбінде табиғат жағдайында көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.

Ертеде Оңтүстік Россияның даласында ірі түрі тұр (Bos plimigenius) тіршілік еткен Осы XVIII ғасырда құртып жіберген.

 

  2.3.1. Бөкендер туысы- Saida gray1843

  Ақ бөкен немесе киік-  saida tatarica Linnaeus,1766

   Сыртқы пішіні. Тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмысқты түз хайуанаты. Текелерінің дене тұрқы 136-150 см, салмағы 37-46кг, болса, екшілері біршама кіші. Соңғыларының дене тұрқы 109-127см, салмағы 22-37кг. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған.Құлағы кішкентай дөңгеленген.Жаз айларында арқа түсі беркелкі сарғыш.Қоңыр күз бен қыста түсі ақшылданып, текелерінің қара қоңыр түсті  самай сақалдары өсіп,ерекшеленеді. Қыстағы түктерінің іші қуыс, борпылдақ; жылуды жақсы ұстайтын қасиеті болады. Басқа тұяқтылардан айырмашылығы – басын төмен салып жортады.  Топтың ішіндегі бірен – саран ақбөкендер жоғары қарай ыршып секіреді. Топыраққа түскен тұяқтарының бейнесі қарақұйрық ізіне қарағанда жалпақтау әрі дөңгеленген.

  Таралуы мен сан мөлшері. Ақбөкен қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан батыста Англиядан бастап, шығыста Альяскаға дейін аралықта табылған.

  Ауа райының өзгеруіне, халық шаруашылық жұмыстарының өркендеп өсуіне байланысты бұрынғы таралған жерлері тарылып, қазір тек Монғолия, Қалмақ даласында және Қазақстанда ғана сақталып отыр. Республиканың кең байтақ даласында киіктердің бір – бірінен жеке дара бөлінген үш тобы мекендейді. Олар –Бетпақ дала- Арыс, Үстірт,Еділ , Жайық өзендерінің аралығында мекендейтін Жайық топтары. Бұл топтар кей жылдары бір – бірімен аздап та болса араласып тұрады.

     Ақбөкендерді санау жұмыстары 1954 жылдан бастап АН-2 ұшағы арқылы жүргізіліп келеді. 1950-1954 жылдары республикамызда бұл аша тұяқтылардың саны 900 мың болса, 1960 жылы 1.2-1.3.мнл-ға жетті. Содан кейін киіктер саны кеми бастады. Көктемдегі сынақ жұмыстары 1962 жылы олардың саны 650мың, 1965 жылы -480мың, 1971-1.1.млн.1976 жылы – 600мың, 1978жылы – 400мың, 1981жылы – 820мың болғанын көрсетті. Соңғы жылдарда сынақ жұмыстары киіктер санының біршама тұрақталып, жылма – жыл 750-850 мың басы мекендейтінін көрсетті.

   Биологиясы. Киіктер қоныстарын аударып, шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Қыс айларында қардың қалыңдығы

20-см-ден аспайтын оңтүстік аудандарда қыстаса, көктемде төлдейтін жерлеріне қарай көшіп – қонады. Бұл кезде топтанған киіктердің саны кейде 100 мыңнан асады. Төлдеуде жайылымы мол сулы аймақтарда өтеді. Маусымдық көшіп – қонуы ауа райына, суатқа, жайылымға байланысты өзгеріп отырады. Көктем мен күзде қоныстарын алысқа аударса, қыс пен жазда көп алысқа жорта бермейді. Жыл мезгілдерінде қоныстарын ауыстыру жылдамдығы да әртүрлі.Мәселен, жайылымы мен суаты мол ерте көктемде олар тәулігіне 5-20 төлдеу кезінде 1-10шақырым жылдамдықпен қозғалады. Күзде солтүстіктен қайытқанда тәулігіне 10 -15, кейде қар түсіп, күн суыта бастағанда 1-2 күнде 60-70шақырым жүріп өтсе, қыс айларында 5-10 шақырым жерге барады. Қоныстарын алмастыру кезінде ақбөкендер жылына 2-3 мыңдай шақырым жер жүріп, республикамыздың көптеген аударын басып өтеді.

   Киіктер көбіне тұщы су ішіп, шөлін қандырады. Мұндай су көзі болмаған жағдайда бір мертінде 16-18г тұзы  бар ащы суды да ішуге мәжбүр болады. Суатқа бөкендерді ешкі бастап, өте сақ болып келеді. Суды жағада тұрып та, жүзіп бара жатып та ішеді.  Ересек текелері соңынан келіп, шөлін қандыраған соң далаға қарай бірінші боп жортады. Күндіз де, түнде де жайылып, дем ала береді.  Төлдеу кезінде қыста күні бойы қозғалыста болса, жаз айларында күн қыза батып дем алады. Жылына бір рет көбейеді. Қарашаның екінші жартысында үйір – үйір маталады. Желтоқсанның соңғы он күндігінде жаппай күйге түсіп, нағыз теке «бұрқылдақ»басталады. 131-141 күн буаз болып, сәуірдің аяғында бірен – саран ешкілер төлдей бастаса, мамырдың екінші он күндігнде жаппай лақтайды. Бірақ ауа райына байланысты бұл мезгіл өзгеріп те отырады. Көп жылдың бақылаулары киіктің жаппай төлдеуі мамырдың бірінші жартысында өтетінін көрсетіп отыр. Бұл кезде күн салқындап, жауын – шашын болады. Көбіне егізден, кейде 3 лақтан туады.

   Ақбөкендердің негізгі жаулары – қасқыр. Жас төлдеріне – бүркіт, дала қыраны мен  қарақұстар да шабуыл жасайды.

    Ақбөкендер аусыл, пастереллез ауруларымен ауырып, кей жылдары көптеп қырылып та қалған. Ішкі органдарында гельмиттердің 43түрі, құртамыштардың Eineria туысына жататын түрлері табылған.

  Халық шаруашылықтағы маңызы.Ақбөкен дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын, кәсіптік маңызы үлкен аша тұяқты жануар. Қазақстанда кәсіптік жолмен жоспарлы түрде аулау 1955 жылдан бастап жүргізіліп келеді.Зоология институты қызметкерлерінің ұсынысы бойынша, жылма – жыл киіктер санына зиян келтірмейтіндей мөлшерде, яғни олардың күзгі санының 10-25 пайызын аулап отырады. Мүйізінен жоғары сапалы дәрілер алу жолға қойылуда.

    2.3.2. Ешкілер туысы - Carpa Linnaeus 1758

   Таутеке -Carpa sibirica Pallas 1776

   Сыртқы пішіні. Текелердің дене тұрқы 140-167см, салмағы 59-82кг, ешкілерініңкі тиісінше 117-134см және 34-56кг. Сирақтары жуандау әрі қысқа, сақалды және мүйізді, шоқтығы шондайына қарағанда аласа. Қыста текелердің түсі сұрғылт, кейбір өкілдерінің жотасы мен мойындарында ақ дақтары  болады; жазда түстері біркелкі. Ешкілер текелерге қарағанда бірыңғай түсті. Дене мөлшері жағынан өздеріне ұқсас басқа тұяқтылардан ерекшелігі – текелердің семсер тәрізді, бірақ көлденең бунақтары бар ұзын мүйіздері болса, ешкілері тапалтақ, түсі қоңырлау және ақ таңында жақсы көрінетін ұзын құйрығы болады. 

   Таралуы мен   сан мөлшері. Гиндукуште, Параполизде, Бадхызда, Гиссар мен Дарбазада, Памир мен Алтай жоталарында, Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы тауларда, Саян және Монғолияның тау жоталарында тараған. Республикамыздың Тянь- Шань, Жоңғар Алатауы мен Оңтүстік Алтайда кездеседі. Сан мөлшері 1958-1969 жылдары 26420 бас болса, 1975-1980 жылдары санақ жұмыстары Қазақстанда 17,5мыңдай таутекенің мекендейтінін көрсетті.

   Биологиясы. Таутекелердің мекен – жайы атына сай таулы – тасты жерлермен байланысты. Олар көбіне теңіз деңгейінен 600-400м биіктікте кездеседі. Жылма – жыл қардың түсуіне, ыстыққа, қансорғыштардың көбеюіне байланысты тау жоталарында бірде жоғары, бірде төмен түсіп, қоныстарын аударып отырады. Көктемде наурыздың аяғы мен маусымның басында аяқталады. Одан кейін қысқы түн өсе бастайды. Қысқы тер жамылғысы қазан – қарашада толықтай жетіледі. Солтүстік Тянь – Шань мен Жоңғар Алатауында ағаштар мен бұталардың 26 түрімен, шөптесін өсімдіктердің 112 түрімен қоректенеді. (Федосенко және басқалары, 1983). Тараған жерлерінде үнемі су ішеді, қыста қарды жалайды. Табиғи ортада жылдың жылы кезінде тұзды топырақ пен ащы сорды жалайды.  Тіпті, Ақсу –Жабағалы қорығында үнемі арнайы жерлерге төгілген ас тұзын жалауға тауешкілер келіп тұрады.

   Таутекелер мекендеген жерлеріне байланысты қазан – желтоқсан айларында күйге түседі. Күйге түсер алдында ешкілер мен текелері аралас табын құраса, күйлеу барысында соңғылары жекелене береді. Желтоқсанда олар қайта топтасады. 6 ай буаз болып, сәуір айының соңы мен маусым айының басында төлдейді. Лақтарының саны көбіне жалқы, бірен – сараны егіз де туады. Жаңа туған еркек лақтарының салмағы 206-302, ұрғашыларынікі 207-3кг болады. 8-10күн өткен соң ересектермен бірге жайылып кетеді. Бірақ, лақтары күз айларында дейін еме береді. 1 жасар серкеш 21-27кг тартса, шыбыштың салмағы 17-23кг-ға жетеді. Соңғылары 1,5жаста жыныстық жағынан жетіліп, 2 жаста төлдейді. Серкештері де 1,5 жаста жыныстық жағынан жетілмегенмен күйге түсе қоймайды.  Текелері 13-14 жыл, ал ешкілер одан да көбірек өмір сүреді.

    Бұл тұяқтылардың негізгі жаулары -  барыс, сілеусін, қасқыр. Жас тқлдерін аю да ұстап жейді. Қорегі жағынан бақталастары – арқар мен үй малдары. Таутекелер көбіне Acarus –a sirovar кенесі қоздыратын қотыр тері ауруына ұшырайды. Жылдың жылы мезгілдерінде бұл ешкілерді маса, шыбын мазаласа, кейде кеңсірік пен мүйіз түбінде болатын Oestrus caucosicus бөгелегінің личинкаларынанда да көп зардап шегеді. Денесінде жыл бойы    Melophagus disphoetus қансорғыш шыбыны, кенелер бүргелер, бит тіршілік етсе, (Ушакова) ішкі органдарында құрттардың 28 түрі және құрттамыштардың 3 түрі мекендейтіні анықталған.

Күйіс қайтарушылар