Классикалық кезең

Кіріспе

 

Социология (XIX ғасырдың, 30-40 жылдарында қалыптасқан) біршама жас  ғылым болып табылады. Себебі оның ғылым ретінде қалыптасуына, қо-ғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде ғана қажеттілік туды.Дегенмен, социо-логияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар ту-ралы ойлар болмады деген деген ойда болмауымыз керек. Керісінше, қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының — Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай қоғам ту-ралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар коғамта-нушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселесі — адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі болып табылады. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абырой-мен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі , жаман кылықтардан бойла-рын аулақ ұстау, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамды сүю дәстүрін көр-сетеді. Сонымен қатар Кофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай мо-ральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенден-цияларын көрсетеді. Конфуций этикасы қайырымдылық, кішіпейілділік, адамды сүю тура жолмен жүру сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып кел-генде, Конфуций адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты — борыш пен заңды мойындап бірінші орынға қоятын адам мен өз пайдасын көздейтін адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашы-лықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан. 
         Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм мектептері-нің социологиялык мифтерінде біршама карастырылған. Мәселен, джайнизм этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мен тақуалық (аскетизм) мінездің кей формалары берілген. Тақуалық (аскетизм) деген нәпсіні тый деген мағынаны береді. Ондай норманың бірі ретінде ахисаны алады, яғни тірі жанға зиян келтірмеу принципі. 
         Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтері ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайда, ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және коғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен коғамға басты назар аударады. Өйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселесіне көңіл аударуға мәжбүр еткен болатын. (кастаға) бөледі: жоғарғы билеуші топ, қолөнершілер және құлдар. Адамдар арасындағы касталық қатынасты жақтайды. Адамдар, Платонның пікірінше, табиғатынан тең емес. Жаратылысынан адамның бірі аристократ, екіншісі шаруа, үшіншісі құл бо-лып туылады және өмір бойы солай өтеді. Халық соны мойындауы керек. Бірақ олар тату өмір сүруі тиіс, өйткені олардың бәріне ортақ нәрсе — Жер-Ана деп көрсетеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Классикалық кезеңнің сипаттамасы

 

Социологияның ерекшелігін  түсіну үшін оның ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында нақты тарихи жағдайда, Франция мен Англияда капитализм тұ-рақты орнаған кезде және қоғам туралы білім алмаған үшінші топтың (сословиенің) пісіп жетілген кезде пайда болғанын ескеру қажет. Социоло-гияның жеке ғылым ретінде тууы психологияның, Антрапалогияның, құқық-тың жеке салаларының және тағы басқаның дамуы мен байланысты болды. Cоциологияның қалыптасуына ағылшын және неміс нұсқаларындағы неміс-тің классикалық философиясы, саяси эконономикасы, сондай- ақ қоғамды қайта құруда жаратылыстануға ұқсас құрылған, объективті және нақты жаңа әлуметтік ғылым жетекші роль атқаратындықтан, Сен - Cимон мен Фурьиердің социалистік теориясы әсер етті. 
           Сен-Cимонның шәкірті және алғашқы кезде оның ізбасары болған Огюст Конт (1798-1857) социологияда позитивизмнің негізін салушы фран-цуз философы. Позитивизм ұғымы латынның «позитивюс», яғни дұрыс, жа-ғымды деген және гректің «неос», яғни жаңа деген мағына беретін сөздерінен шыққан. Бұл әлеуметтану білімін жаратылыстану ғылымының әдістемелігін қолдану негізінде құрмақшы болған қоғамдық ойдағы, ғылымдағы жаңа ағым. Ол позитивистік көзқарастарын өзінің еңбектерінде тұжырымдап, дә-лелдеді. Осыған орай Конт алты томдық «Позитивтік философия курсы» де-ген еңбегінде /1830-1842 жылдар аралығында жарияланды/ ғылымды топ-тастырып, позитивтік философия мен әлеуметтанудың принциптерін жасаса, екінші бір еңбегін саясат негіздеріне және болашақтың дініне арнады. Ал төрт томдық кітабын «Позитивтік жүйе немесе адамзаттың дінін белгілейтін трактат» /1851-1854/ деп атаған. Конттың тірі кезінде позитивизмді негізде-ген бұлардан басқа да: «Қарапайым астрономия туралы философиялық трак-тат» /1844ж./, «Позитивистік катехизис» /1856/ еңбектері жарияланып, ал қайтыс болғаннан кейін төрт томдық «Огюст Конттың өсиеттері» деген шы-ғармасы жарық көрді. Конт әлеуметтану ғылымына «позитивтік синтез» ре-тінде қарап, оны ғылыми білімді жинақтаған энциклопедияға балады. Қоғам-ды зерттеуге жекелеген ғылымдар соншалықты қажет емес, қоғамды зерттеу-ге бір ғана әлеуметтану ғылымының көмегі жеткілікті деп әлеуметтануға ба-сымырақ маңыз берді. Дегенмен, әлеметтанулық білімді негіздеуде ғылым-дарды топтастыруға ерекше мән берді. Ғылымды топтастыруда олардың объективтік белгілеріне сүйеніп, ғылымды абстрактылы және нақты ғылым деп екіге бөлді. Мысалы, биология өмір туралы жалпылама, абстрактылы

 

 

иерархия1 -  (гр. hіeros – қасиетті, гр. arche – билік) –бүтін, тұтас нәрсенің бөлім, бөлшектерінің жоғарыдан төмен орналасу тәртібі;қызметтің атақ, дәреже, лауазымына сай бағынышты орналасу тәртібі

ғылым екен. Ал медицина сол  биологияның заңдарын қолданатын нақты  ғылым болады. Ғылымды топтастыру барысында ғылым иерархиясы1 жаса-лып, оған математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеумет-тану енгізілді. Сөйтіп, бүкіл жүйе білім дамуының қарапайымнан күрделіге,

төменнен жоғарыға, жалпыдан ерекшеге өтуінің тарихи процесін көрсетті. Сондай-ақ жалпы схемада әлеуметтанудың тікелей биологияның заңдарына  сүйенетін, тіптен онсыз мүмкін емес екендігін айта келіп, бірақ, екінші жағы-нан әлеуметтанудың өзіндік ерекшелігі барлығын, бұл заңдардың соның негі-зінде түрін өзгертетінін, ал сол заңдағы өзгерістер индивидтердің өзара қи-мыл әрекетінен туындайтынын бекітеді. Әлеуметтік пен биологиялық өзара тығыз әрекеттің мазмұнын суретпен иллюстрациялау2 ретінде, Конт әлеумет-тіктің бастамасы етіп жануарлардың біріне-бірін тартатын жыныстық инс-тинкті және олардың ұрпағына қамқорлық жасауын алады. Адамдарда өзін сақтау инстинктінің ролі жоғарылығын, «индифидтік инстинктің» болатын-дығын мойындай отырып, Конт келе-келе адамда әлеуметтік эгоизмнің үс-темдік алатынын жазды.

Әлеуметтік теңсіздіктің нәтижесінде мемлекет шықты. Мемлекет қо-ғамды басқарады және қоғамның тұтастығын сақтауға қызмет етеді.

Конт қоғам дамуын 3 сатыдан  өткізеді: теологиялық, метофизикалық3 және позитивтік. Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбы-лыс, процесс, зат болмысын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды. Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізін-де түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі ол қандай да бір затты, құбылыстарды, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауға қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылы-ми түрін, яғни позитивизмді дайындады. Ал, үшінші, яғни позитивистік ке-зеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәтіндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақы-лап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады. 

 

 

 

Иллюстрация2 - баспа қалыбын қолмен дайындауда шығыңқы баспада ағаш гравюрасы, ксилограф.

Метафизика[гр. “Meta ta physіka” – “физикадан кейін” (Аристотельдің философиялық шығармасы осылай аталған)] –болмыстың сезімнен тыс тұрған принциптері туралы философиялық “ғылым”;дамуды тек сан өзгерістері жағынан ғана түсінетін және өзіндік дамуды теріске шығаратын, диалектикаға қарама-қарсы философиялық әдіс.

 

 

    1. Э. Дюркгейм «социологизмі»

 

Әлеуметтанудың классикалық  негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі –Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтану-ында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметанудың методоло-гиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапала-рын терең зерттеуі керек.

Дюркгейм «социологизмінің»  басты принципі мен ерекшелігі –  оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде  еді. Бұның мәні – құндылықтар  мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушілік-тің тұтқасына айналуында. Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детермина-ция4 адамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмпирикалық өмірдің екі жағына айналады. Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді. Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар және құнды бағдарламалар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары кө-рінді: егерде сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйенбей, қоғамның адам-гершілік беделіне, адамдардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса, әлеуметтік нормаларда соғұрлым тиімді болады.

Функция ұғымын Дюркгейм биологиядан  алады, ол бойынша физиоло-гиялық процесс мәліметтері мен организм қажеттілігінің арасында сайма-сай келетін қатынастар бар. Осы ережені ол әлеуметтік терминге айналдырып, әлеуметтік құбылыстың немесе институттың функциясы  - институт пен қоғамның кейбір қажеттіліктерінің арасындағы сәйкестіктерді жөнге салу, деп түсіндіреді.

Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде соционализм  постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себе-бін анықтауға тырысады.Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті

Детерминация- дүние құбылыстарының себептілігі және табиғат, қоғам құбылыстарында заңдылыктың барлығы.

қоршаған әлеуметтік ортаның  сипатына (түріне) байланысты болмақ. Нақты-лай айтатын болсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығында және әлеуметтік интеграцияның5 негізінде жатыр.               Э. Дюркгейм нақтылы әлеуметтік мазмұнда жиналған материалдар негізінде мынандай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интег-рациясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен Э. Дюркгейм әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Мысалы, протестанттар мен католиктерді салыстырғанда бұл құбылылыс ка-толиктерде бірнеше есе кем, ал, қалалар мен селоларды салыстырғанда қала-ларда жоғары. Э.Дюркгейм өзін-өзі өлтірушіліктің 4 типін анықтап берді, олар: эгоистік, альтуристік6, экономикалық және фаталистік7. Бұлардың әр-қайсысының өзіне тән құпиясы бар, шешілуі жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты. Э. Дюргкеймнің бұл теориялық еңбегі қыл-мыстық істердің және девианттық (ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды. Бірақ, Э. Дюркгейм қылмыстық істердің психологиялық мо-тивтерін мойындамады.

Ежелгі қоғамдар өміріне  үңіле отырып және этнографиялық  материал-дардың негізінде Э.Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жаса-ды. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.

 

 

 

 

 

Интеграция5 (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон.  субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

Альтруизм(лат. alter - өзге, фр. altruisme) - басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу.

Фатализм(латынша satalіs – қашып құтылмайтын) – әрбір оқиғаны және адамның әрбір әрекетін о баста бекітілген деп білетін, қалау еркі мен кездейсоқтықты жоққа шығаратын дүниетанымдық тұжырымдама.

 

 

    1. М.Вебердің «идеалдық тип» теориясы

Макс Вебер – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану  ғы-лымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеумет-тану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастыра-ды.

М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану  қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байла-нысты) жақтарын, нақтылай айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыруы керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объективтілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұ-нын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғам-ның даму заңдарының себебін ашуға болады.

М. Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы туралы ғылым  ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым. Әлеумет-тік іс-қимыл, әрекет адамның мінез-құлқымен бірдей, өйткені әлеуметтік іс-әрекет өзінше жеке – дара нысаланбайды, бағытталып өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа біреуге бағытталды. М.Вебер іс-әрекеттің, қимылдың басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету (ожидание), дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәнініе саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әректтің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы, мақсат-қа сәйкес келетін іс-әрекет (целерацинальное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады. Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды қолданады. Сондықтан, М.Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады, ал, саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процесттің басты бағыты.

Ақыл-парасаттылық, ақылға жеңдірушілік тек қана адам және топ тәрті-бінде ғана болатын қасиет емес, сонымен қатар шаруашылықты басқаруға, жалпы адам өмір салтына да тән қасиет. М. Вебердің пікірінше, капитализм-нен бұрын болған қоғамдарда салт-дәстүр маңызды орын алды. Ақыл-пара-саттылық тек қана капиталистік қоғамдық өмірді ұйымдастырудың негізгі принципінде (яғни, басшылыққа алып отыратын ой-пікір) болады.

Бұл жерде М. Вебер ойының тағы бір қыры ашылып отыр – ол экономи-каны дінмен байланыстырады. “Протестанттық этика және капитализм рухы” деген еңбегінде М. Вебер діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс- әре-кетке ықпалын түсіндіруге тырысты. М. Вебер осы тұрғыдан діни сенімдер-дің, діни этиканың, әсіресе, оның адамгершілік ілімін капиталистік экономи-ка дамуының негізгі ынталандыру факторы және адамдардың еңбек сүйгішті-гін, ұқыптылығын, әділеттілігін, белсенділігін, т.б қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретінде қарады.

М. Вебер капиталистік қоғамды  үнемі мақтамайды. Ол бұл қоғамның алуан турлі өлшемдерін, күрделілігін, ондағы орын алып отырған қайшылық-тарды, әсіресе, алуан түрлі таптар мен топтар арасындағы қарым-қатынастар-ды жақсы біліп талдап отырды.

М. Вебер әлеуметтік топтарды зерттеді. Ол топтарды ең алдымен беделі-не, мәртебесіне, қадіріне (престиж) және жай-күйіне, жағдай-тұрмысына қа-рай бөлді, олардың арасындағы дау-дамай, жанжалды дұрыс бейнелеп –көр-сетті. Ол шенеуніктік – бюрократтық аппараттың билікті пайдаланып, адам-дарға көп қысым жасап отырғанын атап көрсетті. Ол осымен қатар Маркстің пролетариат диктатурасы туралы ілімін өткір сынға алды. Вебердің бұл пікір-лері де көпшіліктің көңілінен шықты.

М. Вебердің пікірінше, еуропалық  өркениеттің (мәдениеттің) даму про-цесінде қоғамдық өмірде парасаттылықтың (әсіресе, экономикада, саясатта, ғылымда, исскуствода) күшеюі байқалады.

Батыс Еуропа капитализмінің дамуындағы ақыл-ой, парасаттылықтың  ықпалын зерттеу оның “Протестантская  этика и дух капитализма” атты еңбе-гінде негізгі тақырып ретінде қаралған. Бұл еңбегінде М.Вебер капитализм-нің пайда болуына К.Маркс көрсеткендей жалғыз экономикалық алғышарт-тар себеп болған жоқ. Сонымен қатар әлеуметтік, рухани, мәдени, әсіресе, діни-этикалық алғышарттардың ықпалы тиді. Бұлардың ішінде протестант-тық діни этика адамдардың санасына, шаруашылыққа саналы және ұқыпты-лықпен қарауды, ықыластықты, т.б. құндылықтарды сіңіре берді. Мұның өзі капиталистік кәсіпкерлердің, өндіріс қожайындарының шығуының, қалыпта-суының қажетті алғышарттары да болды.

М. Вебер саяси әлеуметтануы дамытуға да үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына  сүйене отырып, ол саяси билікті үш түрге бөлді: харизматикалық; дәстүрлік; бюрократты. Харизматикалық үстем ету – яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік – дәстүр мен салтқа негізделген; ал бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде ат-қаратын үстем ету формасы. Осыдан барып “бюрократизм” деген ұнамсыз ұғым пайда болды. Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы формальды қа-рау, істі көпке созу. Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтардың кәсіби дең-гейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемді-гін дәлелдейді.

Мұнда М.Вебер биліктің легитимдігі, яғни заңдылығын тілге тиек етіп отыр. Басқаша айтқанда, легитимдік дегеніміз, халықтың үстем етіп отырған саяси  билікті мойындауы болып табылады. Демократиялық жағдайда мем-лекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалып-тасуы және көпшіліктің еркіне сай жүзеге асырылуы керек. Яғни мемлекттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекттік билік конститутциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес жоғарыда көрсетілгендей М.Вебер легитимдіктің үш тү-рін көрсетті:

  • харизматикалық легитимдік;
  • әдет-ғұрып легитимділігі;
  • ақыл-парасат, құқық легитимдігі.

Бұл тұрғыдан алғанда өкіметтің  бюрократтық үстем ету түрі формальды, заңға сүйенген, құқықтық өкімет болды. Мұндай өкіметтік үстем ету еуропалық  капитализмнің пайда болу кезеңінде  шықты. Бұл басқа үстемдік етудің үлгісінен біршама жоғары тұрғанымен әлі күнге солқылдақтық танытып  келеді. Бұл тығырықтан шығудың бір  жолы, Вебердің ойынша, плебицитарлық  демократияны дамыту. Плебицит –ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың ой-пікірін сұрау, анықтау негізінде үстемдік ету. Бұл жалпы халыққа саяси лидерді (мысалы, президентті) сайлауға мүмкіндік береді. Осыған орай жаңадан сайланған лидер елді халық атынан басқаруға мүмкіндік алады.

М.Вебер әлеуметтік страфикация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп  тұжырымдайды.

М.Вебер өз еңбектерінде өкімет билігі жөніндегі көзқарасын анықтап, тұжырымдап негіздеді. Ол өкімет билігін 3 түрге бөлді:

1) заңдастырылған;

2) дәстүрлі;

3) харизматикалық.

Заңдастырылған өкімет билігі – қоғамда қалыптасып, өмірде басшылыққа алынып отырған тәртіптің заңдылығын мойындау негізінде құрылған биліктің түрі. Ал заңды биліктің таза түрі етіпбюрократикалық билікті алған. Бұл жағдайда шенеунік жеке адам ретінде қарастырылмайды, керісінше оны белгілі бір  саяси функцияны атқарушы ған  ретінде қарастырады. Сондықтан, адамдар шенеунікке тұлға ретінде бағынбайды да, оны тек нормаларды іске асырушы ретінде ғана мойындайды. Дәстүрлі өкімет билігі  - ежелгі дәстүрлер мен адамдардың заңды жәйттерін қасиетті деген сенімге сүйеніп, сол дәстүрлердің негізінде іске асатын өкімет билігі. Харизматиалық өкімет билігі – тұлғаның, көсемнің барлық адамдарда болмайтын ерекше сапаларға сенуден туындаған биліктің түрі. Мұнде дәлел ретінде, көріпкел, балгер, соғыс батырларын мысал келтіруге болады.

М.Вебер түсінуші әлеуметтану  тұжырымдамасын жасап дамытты, оның міндеттеріне: біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған  әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен  бұларды олардың жүзеге асыра  алатынын немесе асыра алмауын ұғынып, түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға  түсінікті болған олардың тадаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына  қалай әсер ететінін ұғындыру негізге  алынды.

М.Вебер өзінің түсінуші әлеуметтануында құндылықтар проблемаларынан, соның ішінде мораль, саясат, эстетика, діни құндылықтар мәселелерінен  айналып өте алмады. Бұл жерде  әңгіме аталмыш құндылықтар жөніндегі  субьектінің қызметі мен мінез-құлықының  мазмұнын және бағытын анықтайды. Сонымен  бірге әлеуметтанушы да белгілі  бір құндылықтар жүйесін басшылыққа алады. Ол құндылықтар проблемасын  шешудің жолдарын ұсынды. Ол құндылықты қайсыбір тарихи дәуірдің қалыптасуы ретінде, дәірге тән мүдделердің  бағыттары ретінде қарастырады, тарихтан бұрынғы деп жүрген құндылықтар  тарихқа қайтарылды. Құндылықтарды  осылайша қарастыру – адамдардың санасын, олардың мінез-құлқы мен  қызметінің шындығын түсіндіру үшін аса маңызды. Бұл Вебердің әлеуметтік әрекет теориясын дамытуда маңызды  роль атқарды.

 

 

Дюркгейм мен Маркс  жетекшілікті қоғамға бағыттаса, Вебер  жеке адамға және қоғамның даму себебіне әлеуметтік құндылықтарды жатқызды. Вебер бойынша, тек жеке адам ғана қызығушылықтарға, мақсат пен танымға  ие болады. Ғылыми айналымға «рациональдылық», «идеалды тип» түсініктерін енгізді. Вебер  әлеуметтануының негізі болып идеалды  типтер жөнінде ілім болды. Идеалды  тип – бұл объективті эмпирикалық ақиқатты емес, ойлаудың нәтижесін, ғалымның іс-әрекетін бейнелейтін теориялық конструкциясын айқындады. Идеалды тип – бұл зерттеуші-әлеуметтанушының нақты материал танып, білудегі жүйелеу әдісі. Идеалды типтер 2 түрге бөлінеді: тарихи – тарихты бейнелейді, әлеуметтанушылық – ғалыммен жасалады. 

Оның идеалды типтер жөніндегі  ілімі «түсінетін» әлеуметтанудың негізі болып табылады. Әлеуметтанудың пәні болып адамның және әлеуметтік топтардың әрекетін зерттеу саналады.

М.Вебердің маңызды тұжырымдамасы – идеалды типтер. Ол идеалды типке теориялық конструкция түрінде көрінген дәуірдің мүддесі ретінде қарады. Адамға аса пайдалы осы идеалды модель адамның өмір сүрген дәуіріндегі мүддесін объективті түрде көрсетеді. Осыған орай идеалдық типтер ретінде моральдық, саяси, діни және сол сияқты басқа да құндылықтар және олардан туындайтын адамдардың мінез-құлық және қызмет көріністері, олардың мінез-құлық ережелері мен нормалары, с онымен қатар әлеуметтік қарым-қатынас дәстүрлері болуы мүмкін.

Идеалды типтер қоғамдық күйдің бүкіл мәнін – өкімет билігінің  жағдайы, тұлға аралық қарым-қатынас, жеке адам және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осының арқасында олар өзіндік ерекше критерийлерге айналады, соған сәкес  адамдардың рухани, саяси, және материалдық  өміріне өзгерістер енгізу қажет  болады. Идеалды тип қоғамда орын алған дүниемен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама-қайшылыққа түседі, сондықтан мұнда қиялдың  да белгілері орын алған.

Қалай дегенмен де, идеалды  типтер рухани және басқа да құндылықтар  жүйесінің өзара байланысын көрсетумен қатар, маңызды әлеуметтік құбылыстар ретінде байқалады. Олар қоғамдық мірде  адамдардың ойлауы мен мінез-құлқына, ұйымдасушылығына мақсаттылықты енгізуге ықпал жасайды. 

М. Вебер өзінің әлеуметтану  зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы “түсіну, ұғыну теориясы” деп аталынды.

Осыған орай ол нақтылы  өмірге сәйкес методологиялық, логикалық  жалпы ұғымдарды қалыптастырды. Бұл оның “идеалды типтер” әдісіне  жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі.) ол зерттелетін  маңызды құбылыстарды адамның ой-пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А.И.) негізінде жасалады.

Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шын,дықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші  ғалымның ойлауының, ой-пікірінң жемісінің  теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды  тип зерттеушінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне-кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл  қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, “капитализм, “экономикалық адам”, “дін”, “христиандық”, т.б. М. Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар  арқылы түсіндіруі оның “түсіну әлеуметтану” ілімінің негізі блып есептеледі.

Осыларға сәйкес әлеуметтану  өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін  адамның немесе адамдар тобының  мінез-құлқынан бастауы қажет. Адам мінез-құлқын зерттеу әлеуметтанушыны  әр уақытта қызықтарып отырады, өйткені  әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне  белгілі бір мағына, мән береді, оны түсінуге тырысады. Осыған орай, әлеуметтану “түсіну” ғылымына айналады.

Идеалды тип  - бұл белгілі бір  қоғамның моделі. Вебер бұл ретте  идеалды типті өз қатарында ең керемет тип деп санамады. Оның ойынша идеалды тип теориялық  түрде ғана кездеседі және ол әлеуметтану  ғылымында қолданылатын көптеген категорийлар идеалды тип болып табылады. Абсолютті  капитализм, феодализм жоқ деп  есептеуге болады. 

Вебердің келісімі бойынша, идеалды  тип рұқсат етеді: 

    • біріншіден, идеалдық шарттарда әлеуметтік әрекеттердің орын алуын бақылайды;
    • екіншіден, осы әлеуметтік әрекеттің жергілікті шарттардан тәуелсіз болуын қарастыру;
    • үшіншіден, әлеуметтік әрекеттің өзінің сандық-сапалық параметрлері бойынша идеалды типке сәкес келу-келмеуін қарастырады.

М.Вебердің идеалды типтері  жақсы бұқаралық жағдайларды  қарастырады – биліктің, жекеаралық қарым-қатынас, жеке және топтық сана жағдайлары және т.б. Вебердің сөзі бойынша, идеалдф  тип қоғамдағы бар нәрсемен толығымен  келісе бермейді, сонымен қатар белгілі  бір шекте қиялдың белгілірін алып жүреді.

М.Вебердің кеңесшіл бюрократия жөніндегі идеалды типіне тоқталатын болсақ, ол кеңесшілдерге мынадай  тән қасиеттер тән деп есептеді:

    1. Ұйымның басқару орындарына кіретін тұлғалар өздері еркін және ұйымның «тұлғасызданған» міндеттері шеңберінде қызмет атқарады. Міндеттердің «тұлғасыздануы» олардың жекеліктердің иелігі еместігін, міндеттер лауазым мен қызмет орнына берілгенін көрсетеді.
    2. Лауазымдар мен қалыптардың бір-біріне бағыныштылығы анық көрсетілген.
    3. Әр лауазымдармен қалыптардың атқаратын міндетті қызметтері егжей-тегжейлі ашық көрсетілген.
    4. Жекеліктердің жұмысқа алынуы мен жұмыс атқаруы шартты келісім бойынша іске асырылады.
    5. Әрекет етуші жекеліктерді таңдап алу олардың биліктілігінің негізі ретінде жасалынады.
    6. Ұйым қызметіндегі адамдарға айлықтың көлемі олардың бағыныштылық сатыдағы алатын деңгейіне сәкес тағайындалады.
Классикалық кезең