Классикалық әлеуметтік теория ежелгі әлеуметтану ретінде

Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы және дамуы

Классикалық әлеуметтік теория ежелгі әлеуметтану ретінде

 

Әлеуметтік білім эволюциясы

Әлеуметтану тарихы неден  басталады және оның пайда болуын қай кезеңнен бастап есептеген дұрыс? Бұл сұрақтың жауабы көп жағдайда әлеуметтану пәнін түсіндіруге  байланысты: әлеуметтану пәні неғұрлым қысқа және нақты анықталса, оның тарихы да соғұрлым қысқа болып шығады. Екінші жағынан, бұл пән неғұрлым кең қамтылған және белгісіздеу болып көрінсе, әлеуметтану тарихының бастауы да соғұрлым ғасырлар қойнауына тереңдей түседі.

Адамды қоршаған ортада пайда  болуы ғана емес, оның қоршаған ортадағы басқа адамдардың арасында өмір сүруі  проблемалары да ежелден қызықтырып келеді. Неге адамдар басқа адамдардың арасында өмір сүруге ұмтылады? Оларды топтарға бірігуге, жеке мемлекеттерге бөлінуге не мәжбүр етеді? Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың мән-мағынасы мен құндылығы неге байланысты? Осы сияқты сұрақтар түрлі нысанда әр дәуірдегі әлеуметтік-философиялық мәтіндерде байқалып отырады, ерте замандағы ғалымдар мен ойшылдар өз көзқарастарын адамға және ол өмір сүретін қоғамға аударуға әрекеттенген. Көп жағдайда абстракцияға құрылған математика ғылымының шынайы объектілерді өлшеуден басталғаны сияқты, әлеуметтанудың бастауларын да данышпандардың даналық ой-пікірлерінен табуға болады.

Мұндай ой-тұжырымдарға ертедегі қытай философиясынан бастап адамды қазіргі заман философиясында түсіндіруге  дейін көптеген ғасырлар бойы жинақталған  адам туралы ойға түсінік беруге әрекеттену мысал бола алады.

Әлеуметтану білімінің даму тарихы күрделі, көпқырлы және көлемді, сондықтан проблеманың мәнін  түсіну үшін әлеуметтік білімнің қыр-сырына бойлап, қайсының, ненің орнына келгенін білу маңызды.

 

Әлеуметтанушылық ойдың  дамуын кезеңдерге бөлу

 

Әлеуметтанушылық ой дамудың  бірнеше кезеңдерінен өткен. Үш кезеңді  бөліп қарауға болады - Алдыңғы  тарихи (Ежелгі дүниенің, Орта ғасырлардың  және Жаңа заманның әлеуметтік білімі), Классикалық (ерте және кейінгі классика) және Қазіргі заманғы (соғыстан кейінгі  және жаңа әлеуметтану).

Әлеуметтанудың алдыңғы  тарихи кезеңі – ең алдымен әлеуметтану  білімнің онтолоиялық алғышарттарының: қоғам туралы, әлеуметтілік туралы, әлеуметтік шынайылық туралы түсініктердік  қалыптасу процесі. Бұл алғышарттар  ХІХ ғасырдың ортасына қарай қалыптасқан, ал осы уақытқа дейін әлеуметтану  білімі ұзақ уақыт бойы әр түрлі  әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың: философияның, тарихтың, саяси экономикасының, құқықтану  мен мемлекет теориясының және т.б. құрамында жинақталып, дамыды. Адам мен қоғам проблемасы, өте жақсы қарым-қатынастар мен сол қоғамды дұрыс құру идеялары ерте кездің өзінде ірі ойшылдардың ақыл-ойларынан орын алған. Оқиғалардың уақытын, орнын және қатысушы адамдарын көрсетіп, қарапайым тіркеу ретінде пайда болған әлеуметтік білім біртіндеп талдамалық ой-тұжырымдармен де байи түсті. Әлеуметтік танымдағы жаңа талдамалық деңгейдің пайда болуына адамзат әуелі ежелгі қытай философтарына, сонан соң көне философияға борыштар. Әлеуметтанудың бастауларын Мао-цзы даос мектебінің ғұламалары мен даналарының әр түрлі тіршілік мәселелері жөніндегі философиялық астардағы ой-тұжырымдары мен кеңестерінен және қоғамдық өмір тәртібін анықтайтын үндінің «Махабхарата» мәтіндерінен табуға болады.

Платонның «Мемлекет», Аристотельдің  «Саясат» атты жұмыстары әлеуметтік білімнің дамуына жаңа серпін берді  және жеке қоғамдық институттарды, атап айтқанда мемлекет, отбасы, құқықты зерделеуге жол салып берді. Көне философтар алғаш рет қоғамдағы адам орнының проблемасына назар аударып, адам мен қоғам туралы ілімді теориялық негізге қойды. Адамдардың дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, өнегелері мен өзара қарым-қатынастарын зерделей, фактілерді жалпылай отырып әлеуметтік философтар қоғамды жетілдіру жөніндегі тәжірибелік ұсыныстар мен қисынды аяқталатын тұжырымдамалар жасады.

Шығыс халықтарындағы қоғамдық әлеуметтанушылық ойдың аса көрнекті өкілдері әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн-Сина болды. Шығыста әлеуметтік білім  тарихи тұрғыдан әр түрлі қоғамдық күштердің тарихи шығайылықты игеруінің  ерекше түрі ретінде дамыды және Шығыс  халықтарының, соның ішінде қазақ  халқының қоғамдық санасының қалыптасуында  орасан зор рөл атқарды. Ежелгі және кейбір, бірақ әлі әлеуметтану  бола қоймаған элементтерін аңғаруға болады. Бүгінгі біздің арғы әлеуметтанушылық идеяларды әлеуметтану ретінде  қабылдауымыз оларға ретроспективтік  көзқарастың, қалыптасып үлгерген, бірақ  жалпы алғанда, басқа уақытта  және басқа жерде қалыптасқан  ғылымның позициясы көзқарасының мүмкіндігіне негізделген.

Ғылым ретіндегі әлеуметтанудың ең жуық, тікелей алғышарттары Жаңа дәуір кезеңінің (ХҮІІ-ХІХ ғ.ғ.) әлеуметтік ойлары болды. Оның өкілдері Англияда Джон Локк, Адам Смит және Дэвид Юм; Францияда – Вольтер, Поль Гольбах, Дени Дидро, Шарль Монтескье, Анри Сен-Симон; Ресейде – М.В.Ломоносов, А.Н. Радищев, Н.И. Новиков; Германияда – Готхольд Лессинг, Иоганн Гердер, Имманауил Кант, Иоганн Фихте және т.б. болды.

Ағарту кезеңінің әлеуметтік теориялары өзінің сан алуан түрлілігімен мынадай негізгі идеяларды біріктіреді: адам бостандығын ажырамас табиғи құқық  ретінде мойындау; ғылыми білімді адамдарға білім беруге және қоғамды жетілдіруге пайдалану қажеттілігі: философиядағы метафизикалық ойлауды, философиядағы тәжірибе мен экспериментке арқа сүйейтін әлеуметтік теорияларды жасаған кездегі адам мен қоғамға қатысты оймен жасалатын конструкцияларды сынау.

Әлеуметтану ғылымының ерте және тікелей негізін салушылардың әлеуметтанушылық ой-пікірлерінде құнды  идеялар аз емес. Әйтсе де олар шектелген  және ғылым ретіндегі әлеуметтанудан өзгеше.

Ғалымдарды арғы әлеуметтанушылар мен әлеуметтанушыларға бөлудің  кем дегенде екі осындай негіздемесі  бар:

Біріншіден, арғы әлеуметтанушылардың  көбісі үшін әлеуметтік проблемаларды  зерделеу негізгі, басты іс емес, философиялық, тарихи және саяси талдаулардың бір  бөлігі және де философиялық, тарих  және саяси теорияларға тәуелді, туынды бөлігі болды.

Екіншіден

Біріншіден, арғы әлеуметтанушылардың  көбісі үшін әлеуметтк проблемаларды  зерделеу негізгі, басты іс емес, философиялық, тарихи және саяси талдаулардың бір  бөлігі және де философиялық, тарихи және саяси теорияларға тәуелді, туынды бөлігі болды.

Екіншіден, арғы әлеуметтанушылар өздерінде жоқ зерттеудің арнайы әдістерін өолдануды түсінді. Сондықтан  олардың тұжырымдамалары жүйелі эмпирикалық зерттеулерге негізделмеген  және көп жағдайда оймен тұжырымдалған.

Арғы әлеуметтану мен  әлеуметтану тарихы арасындағы шекара едәуір дәрежеде шартты. Ғылымның бір  күйден екінші күйге өтуі – құбылыс  емес, аса ұзақ және өте ауқымды  процесс. Әлеуметтанудың пайда болуы  белгілі бір нүктесінде қиылысқан  бірқатар интелектуалдық және әлеуметтік факторлардың бірігуінің нәтижесі болды.

Бұл кезең ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы, ал болған жері –  Батыс Еуропа. Кейіннен әлеуметтану  жер шарының әр түрлі әлеуметтік-мәдени аудандарында дамып, тарады.

Осы жерде бұл ғылымның алдыңғы тарихы аяқталып, жаңа тарихы басталады.

Классикалық кезең (ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған сәттен Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін) пәннің салыстырмалы түрде алғанда әлсіз  жіктелуімен және академиялық мекемелер  шеңберіндегі институттану процесімен сипатталады. Ерте және кейінгі классика арасындағы ажыратушы оқиға –  Бірінші дүниежүзілік соғыс және Ресейдегі Қазан революциясы  болды. Ерте классиканы шартты түрде  «бір фактор» мектебі деп атауға болады. Бұл уақытта ғалымдар қоғам  дамуының әлеумметтік процесін, тарихи процестің бағыттарын анықтайтын басты, шешуші факторды табуға тырысты. Бұл кезеңде неғұрлым кең тараған мектептер органицизм, механицизм, әлеуметтік география, әлеуметтік дарвинизм, нәсілдік-антропологиялық теориялар, психологиялық мектеп сияқты мектептер болды. Бұл мектептердің жалпы айырмашылықтары болғанымен, оларға кейбір ортақ әдіснамалық белгілер тән еді. Олардың барлығы эволюционизм әдіснамасына негізделеді. Бұл кезең мектептерінің маңызды белгісі қандай да бір құбылыстың кез келген ғылыми емес түсініктерінен бас тарту болды: мистика да, алдын ала жызылып қойылатын құндылықтар да, апологетика да әлеуметтік ғылымдарда орын алмауы тиіс.

Кейінгі классика кезеңі бірінші  дүниежүзілік соғыстың қорытындылары  мен Қазан социалистік революциясынан бастап қоғам үшін ашылған баламаларды  ұғынудан басталады да, кінші дүниежүзілік соғыспен аяқаталады. Оны әлеуметтанудағы  плюралистік көзқарастың бекіген  кезеңі деп атауға болады. Бұл уақытта  әлеуметтану әдіснамасы айтарлықтай  алға жылжыды. Бұл кезең әлеуметтанудың әлеуметтік құбылыстарды зерделеудегі басты әдіснамалық принципі ретінде  қалыптасуымен ерекшеленеді (Э.Дюркгейм).

Әлеуметтанушылық негізінің  қалыптасуына үлес қосқандар Э.Дюркгейм мен оның әлеуметтану мектебі, М.Вебер  және оның алеуметтануы; В.Парето және элиталардың айналым теориясы: марксизм еңбекті жатсыну теориясымен  бірге; А.Адлер мен К.Юнгтің еңбектеріндегі психоталдау. Әлеуметтануда статистикалық-математикалық  ғылымды пайдалану кең етек жаюда. Бұл ретте Я.Мореноның әлеуметметриясы  мен П.Лазарсфельдің бұқаралық  коммуникация құралдарын зерттеуі жарқын мысал бола алады. Осы кезеңнің соңына әлеуметтану ғылымының жоғары беделінің  куәгері үкімет тарапынан қоғамның қауіпсіздігі мен қорғанысы үшін шешуші мәні бар зерттеулерге тапсырыс алу фактісі болып табылады. Сөз  американ ғалымы Г.Лассуэлдің Гитлер мен  Сталиннің саяси портретін жасау  жөніндегі жұмыстары туралы, Т.Адорноның  жетекшілігімен Германия мен АҚШ-та жүзеге асырылған автотитарлық тұлға  жасау факторларын зерделеудің  халықаралық жобасы туралы болып  отыр.

Қазіргі заманғы кезең  өзінің тарихын екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан бастайды. Оның бірінші кезеңі дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан бастайды. Оның бірінші  кезеңі «орта деңгей теориясының» пайда  болуы мен қарқынды дамуы аясында  өтті. Жеке әлеуметтік проблемаларды  зерделеудің жинақталған тәжірибесі әлеуметтанудың жаңа сапасына секіруге – салалық теориялардың құрылуына  мүмкіндік берді. Оларды құруға адам қызметінің кез келген саласын дамытуда және басқаруда тек кәсіптік, мазмұндық  қырларын ғана емес, әлеуметтік, ұйымдық  жақтарын да ескерудің маңызды екендігін  ғылымның, медицинаның, технологияның  және бірқатар басқа да әлеуметтік қызмет салаларының мысалында көрсеткен американ ғалымы Р.Мертонның сіңірген еңбегі даусыз.

Әлеуметтану дамуының жаңа кезеңі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан басталады. Бұл уақытта кеңес ғалымдары  мен басқа да социалистік елдердің қоғамтанушылары әлемдік әлеуметтану  ғылымына қосылды. Академиялық ортаның  және жалпы қазіргі заманғы қоғамның өміріне жастар мен студенттердің  жаппай әлеуметтік наразылық танытуы  түбегейлі ықпал етті. Әлеуметтанудың дамуындағы бұл кезеңді әдіснамалық  плюразим дәуірі атауға болады.

Ғылымның барлық салалары мен тікелей әлеуметтануды қозғаған ғылымның институттарының объектівті және өте қарқынды процестерінің  артықшылықтары ғана емес, кемшіліктері де толық көріне бастады. Ғылыми қоғамдастық  бірыңғай әмбебап әлеуметтанушылық теория құруды мүмкін еместігін түсінуге бет бұра бастады. Бұл жерде сындарлы болатын әлеуметтану теориясының  тұжырымдаушы абстрактілі үлгісін  құру ғана емес, теориялық және тәжірибелік  тұрғыдан әлеуметтанудың алдында тұрған әр түрлі міндеттерге бұрыннан бар  және жаңадан пайда болған әрбір  тәсілдердің 

мүмкіндіктерін мұқият үйлестіру  де қажет болды.

 

Әлеуеттану дамуының институттары сипаттамалары

Классикалық кезең. Ерте қлассикалық  кезеңде әлеуметтану алғаш рет  университеттерге енгізіле бастады, алғашында  Батыс Еуропада, кейіннен Солтүстік  Америкада, Ресейде және кейбір басқа  елдерде. Әлеуметтану профессорлары, сосын кафедралар, ғылыми журналдар, кәсіптік, ұлттық және халықаралық  қоғамдастықтар пайда бола бастады. Әлеуметтанудың институттануының ірі  белесі болғандар: 1883 жылы Парижде Халықаралық  әлеуметтану институтының негізі қалануы, 1901 жылы Бірінші дүниежүзілік Орыс Жоғары мектебінің шеңберінде қоғамдық ғылымдардың ашылуы, L'Annee Sociologique және The American Journal of Sociology журналдарының ашылуы. Ресейде бұл кезең 1916 жылы М.М.Ковалевский  атындағы Орыс әлеуметтанушылар қоғамының  құрылуымен аяқталады.

Кейінгі классика кезеңі әлемнің  жетекші университеттеріндегі кафедралар мен факультеттердің қарқынды дамуымен, дербес әлеуметтанушылық зерттеу институттарының  пайда болуымен, әлеуметтанушылардың  халықаралық ынтымақтастығының  одан әрі нығаюыммен және жекелеген  мектептердің ұлттық шекара шеңберінен шығуымен сипатталады. Соңғы үрдістің мысалы Франкфурт мектебі бола алды, оның жолын қуушылар Германияда ғана емес, Францияда, Англияда, Швейцарияда  және АҚШ-та бар. КСРО-да бұл кезең 1918 жылы елдің жетекші университеттерінде факультеттер құрумен және әлеуметтік проблемалардың кең ауқымды спектріне маманданған институттарының ашылуымен басталды.

Қазіргі заманғы кезең. Соғыстан кейінгі әлеуметтану университеттер шегінен асып кетті, кәсіпқой әлеуметтанушылардың  едәуір саны салалық зерттеу орталықтарында шоғырланды. Басқару менеджменті  сияқты әлеуметтік технологиялвр немесе сааяси болжаудың әр түрлі әдістемелері, мысалы, сараптамалық бағалау және брейнсторминг сияқты танымал әдістері пайда болады және қарқынды дамиды.

Жаңа әлеуметтану кезеңінде  салалық әлеуметтану ынтымақтастығы кеңінен дамиды, салыстырмалы халықаралық  зерттеу жобалары кең қанат жаяды, халықаралық әлеуметтану басылымдарының саны артады.

Әлеуметтану ғылымы дамуының барысы жалпы алғанда осындай. Әлеуметтанушылық ойдың дамуы кезеңдерінің мазмұнымен нақтырақ танысу үшін нақты тұлғалар мен мектептерді қарастыру қажет.

 

Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грекия мемлекеттеріндегі әлеуметтік ілімдер

Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер. Ежелгі Қытайдың әлеуметтік ойының гүлденуі б.з.д. ҮІ-ІІІ ғасырларға жатады. Ежелгі Қытайдың неғұрлым ықпалды әлеуметтік-саяси  ілімдері даосизм, конфуцийшілдік, моизм  және легизм болды.

Даосизмнің пайдаа болуы  жартылай аңызға айналған дана Лао-цзы (б.з.д. ҮІ ғ.) есімімен байланысты. Ол «Дао дэ цзин» («Дао және дэ туралы кітап») канондық трактатын жазған деп айтылады. Ілімнің негізінде «дао» (сөзбе-сөз алғанда - жол) ұғымы жатыр. Лао-цзы ізбасарларының түсіндіруі бойынша, Дао – абсолюттік дүниенің бастауы. Ол аспан әміршісінің ізашары және өзінің күш-қуааты жағынан одан асып түседі. Дао – барлық тіршілік иелерінің бастау көзі, табиғи пайда болулардың және барлық құбылыстар алмасуының, олардың бір нәрседен екінші нәрсеге өтуінің шексіз ағыны, туу мен өлудің мәңгі иірімі. Адамға ол әлемді билейтін тылсым заң ретінде көрінеді. Жаппай өтімді бұл күштің алдында адамға тек өзінің өмірін ұзартуға тырысудан басқа ештеңе қалмайды.

Лао-цзы өзінің адамдық  қатынастардың табиғи қарапайымдылығын қалпына келтіруге деген үмітін «даоның керемет құпиясын» көре алады және соңынан халықты ерте алады деген мұрагер ақсүйектерден  шыққан ақылды көсемдермен байланыстырады. Даостардың пікірінше, данышпан тақсыр елді бейәрекет әдіспен, яғни қоғам  мүшелерінің ісіне белсене араласудан өзін-өзі ұстай отырып басқарады. Лао-цзы өз заманындағы билеушілердің  тым әрекетшілігін, салықтар мен  тыйым салынатын заңдарды көбейткендіктерін, шексіз соғысқұмарлықтарын бетіне басып  отырды. «Билеушінің жақсысы ол туралы халық оның бар екенін ған білетін  адам».

Қытайдың әлеуметтік ойлары тарихындағы аса ықпалды доктриналардың бірі – конфецийшілдіктің негізін  қалаушысы Конфуций (б.з.д. 551-479 жылдар) болып табылады. Конфуцийшілдіктің  негізгі категориялары аыл текті  қайраткер, адамды сүю және салттық  ереже ұғымдары болып табылады. Бұл  категориялар өзара тығыс байланысты, өйткені оны алып жүрушілердің көзқарасы  тұрғысынан қарастырылған біртұтас саяси мұраттың, жалпы принциптер мен нақты нормативтік ұйғарымдардың  әр қырын көрсетеді.

Конфцийге сәйкес мемлекетті тақсырдың басшылығымен асыл текті  қайраткерлер басқаруға жаралған. Конфуций адамдарды «жоғарғы» және «төменгі»  деп бөлу жойылмайды деп дәлелдеді  және асыл тектілерді шығу тегіне байланысты емес, моральдық қасиеттері мен біліміне қарай бөлді. Конфуций ілімінде асыл текті қайраткер – кемел өнегеліліктің  үлгісі, өзінің бар мінез-құлқымен мораль нормаларын дәлелдейтін адам. Конфуций мемлекеттік қызметке ұсынуға дәл  осы белгілерді алуды ұсынды.

Асыл текті қайраткерлердің  басты міндеті – адамды сүюге  өзін тәрбиелеу және жан-жақты көрсету. Бұл ұғымға Конфуций ерекше, қазіргі  заманға дәлме-дәл келмейтін мазмұн берді. Адамды сүюді отбасылық-әулеттік және патриархалдық қоғамдастықтардың  өнегелілік құндылықтарына сай келетін  мінез-құлық деп түсінді. Адамды сүю: ата-аналардың балаларына қамқорлығын, отбасындағы жасы үлкендерге перзенттк  құрмет көрсету, сондай-ақ бір-бірімен  туыстық байланыспаған адамдардың әділ қарым-қатынасын қамтыды. Саясат саласына көшірілген бұл принциптер жалпы басқару жүйесінің іргетасы болуға тиіс еді. Оны қайта құруды Конфуций атауларды түзеуден бастадв, яғни қоғамдағы лауазымдар мен оның жүктейтін міндеттерінің шын  мәніндегі, бастапқы мағынасын қалпына  келтіруден бастады. Тақсырға өз қарамағындағы  бодандарды өзінің баласындай көру міндеттелді. Ол елдегі азық-түліктің жеткілікті болуын қамтамасыз етуге, оны қарумен қорғауға жіне халықты тәрбиелеуге тиіс. Бодандарды тәрбиелеу  - маңызды мемлекеттік  іс, оны өзі үлгі көрсету арқылы жүзеге асыру қажет. Өз кезегінде  халық билеушілерге перзенттік құрмет көрсетіп, оларға қалтқысыз бағынуы  қажет. Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты бейнесі Конфуций үшін отбасылық  әулеттердегі және рулық қауымдастықтардағы (патронимия) басқару болды. Ойшылдардың  тұжырымдамасы патерналистік мемлекет мұратын негіздеуге ең ерте жасалған әрекеттердің бірі болып табылады. «Лунь юй» кітабының беттерінде егер де алттық ережелерді барлық адам сақтайтын болса, онда мемлекеттік  басқаруға деген қажеттілік болмай қалады деген ой айтылған. Конфуций мен оның ізбасарлары сол бақытты  шақтың тууы үшін бағынбайтындарға қарсы  жазалау жорықтары қажет болатындығын жоққа шығармайды. Ең бастысы, жазалау  жорықтары туралы өкімдерді билеушілері  немесе уделдердің сановниктері емес, асыл текті және өз халқын сүюші тақсыр бергендігінде. Жазалауды әкесіндей, яғни адамдарға деген сүйіспеншілікпен қолдану қажет.

Ерте конфуцийшілдіктің  әлеуметтік-саяси бағдарламасы жалпы  алғанда консервативтік деп бағаланады. Билеуші тектік-топтық жаңаруының конфуцийшілдік идеялары артықшылдықтарға ие емес топ  өкілдерінің есебінен мемлекеттегі түбегейлі қайта құруға алып келе алмады, өйткені ежелгі дәстүрмен  тәрбиеленген олар рулық ақсүйектер қорғаштайтын билік ұйымының белсенді қорғаушыларына айналды. Әділ адамдарды  ұсыну тұжырымдамасы ескі және жаңа аристократия арасындағы қақтығыстарды  әлсіретуді ғана көздеді. Сонымен бірге, доктринаның жеке қағидалары, жоғарыда айтылғандай, прогресшіл мәнгі ие болды. Оларға ең алдымен моральдық білімдер мен адамдарды қай текке жататынына қарамастан оқыту идеяларын жатқызған  жөн. Конфуций мен оның шәкірттерінің  ағарту қызметі қытай мәдениетінің дамуында орасан рөл атқарды.

Мұрагерлік аристократияның  билеуіне сын айтқан моистер мектебінің негізін қалаушы Мо-цзы (шамамен  б.з.д. 479-400 жылдар) болды. Оның ілімін оның долын қуушылар «Мо-цзы» кітабында  баяндаған. Моизм әлеуметтік жағдайы  тұрақсыз, қарама-қайшылықты ұсақ меншік иелерінің – ерікті жер өңдеушілердің, қолөнершілердің, саудагерлердің, мемлекеттік  аппараттағы төмен шен иелерінің  мүддесін білдірді. Бір жағынан, олар еңбекші бұқараға жақын болды  және белгілі бір дәрежеде олардың  сенім-пікірлерін қабылдады, ал екінші жағынан – қоғамда белгілі  бір орынды иеленгеннен кейін  билеуші төбе топқа жақындауға тырысып  бақты, жоғары тектің артықшылықтарын  өздеріне талап етті. Моистердің ілімін осындай қарама-қайшылықтар жайлаған болатын.

Әлеуметтік төменгі топтың кейбір түсініктерін қайта жаңғырта отырып, моистер мемлекеттік лауазымдарды шығу тегі мен туыстық принциптері  бойынша иеленуді айыптады. Олар барлық адамдардың көктегі құдай алдында  бірдей екендігін дәделдеді. Мемлекеттік  қызметке шығу тегіне қарамастан неғұрлым ақылды адамдарды ұсыну қажет. Олар осы тұрғыдан мұрагерлңк аристрократтарда білім туа бітеді деген ойға жол  беретін және ақылдылардың ұсынылуын  білім деңгейімен шектейтін конфуцийшілдіктің  ымырашылдық доктринасын да сынға  алды.

Мо-цзы қалыптасқан атқарушы қызметтің басында ақылды билешісі бар мемлекетті биліктің керемет  ұйымдастырылуы деп есептеді. Биліктің беріктігінің кепілі мен негізі шенеуніктердің тақсырдың еркін бірдей етіп орындауында  деп түсінді. Мемлекеттің толық  біртұтастығын орнату үшін бірдей ойлауы енгізу, зиянды іоімдерді жою ұсынылды.

«Әрбір адам жақсы немесе жаман нәрсе туралы есептегендерін жоғарыда тұрғандарға хабарлауға тиіс, жоғарыдағылар дұрыс деп тапқанды барлығы да дұрыс деп мойындауға, ал жоғарыдағылар дұрыс емес деп  тапқанды барлығы да дұрыс емес деп  мойындауға тиіс». Бұл тәртіпті жасалған қылықтарға сай жазулар мен мараптаттаулардың көмегімен сақтау қажет болды.

Осылайынша моизим тұжырымдамасында теңдік идеялары іс жүзінде сырт қалды; тұжырымдама халықтың басқаруға  қатысы ғана емес, мемлекеттік істерді  талқылауға қатысу мүмкіндігін де болдырмайтын деспоттық-бюрократиялық мемлекетті мадақтаумен аяқталды. Мемлекет бірлігіне  деген Мо-цзы көзқарастары билікті  орталықтандыру идеяларына жақын болды.

Ерте дегизмнің ірі  өкілі ШАНЬ ЯН (б.з.д. 390-338 жылдар шамасы) ұсынған реформалардың жобалары мен жарлықтиары «Шань цзюнь шу» трактына («Шань облысының әміршісі кітабы») енген. Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамалардан едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты дәстүрлі мораьдық баяндаудан бастартып, билікті атқару техникасы туралы ілімді жасады. Шань Ян осы қайта бағдарлануды жүзеге асыра отырып, патриархалдық тәртіпті жоюға қол жеткізген мемлекеттік міндеттерді атқырған ақсүйектер мен ауқатты қауымшылардың ұмтылыстарын басшылықа алды. Саяси теориядан олар басқаларға қарағанда ізгілікті ақыл-өсиеттерді аз күтті. Оларға керегі жалпы мемлекеттік түрлендірулердің салыстыра тексерліген бағдарламасы болатын.

Легизмнің ерекшеліктерін қоғамдық құбылыстарға тарихи көзқарастардың элементтері  құрады. Жаңа аристократияның жекеке меншіктік мүдделері қауымдық өмірдің  архаистік ұстанымдарына қайшы  қайшы келгендіктен, оның идеологтарына  дәстүрдің беделіне емес, әлеуметтік шарттардың бұрынғымен салыстырғандағы  өзгерістеріне шағынуына тура келді. Ежелгі тәртіптерді қалпына келтіруге  шақырған достарға, конфуцийшілдерге және моистерге қарсы легистер ескіге қайта оралудың мүмкін еместігін  дәлелдеп бақты.

Легистер қауымдық өзі-өзі  басқаруды шектеу, отбасылық-рулық, қауымдар мен патронимияларды жергілікті әкімшілікте әкімшілікке бағындыру  қажет деп есептеді. Шань Ян қауымдық өзін-өзі басқаруды теріске қоюды  көздейтін жобаларын (елді аудандарға бөлу, жергілікті жерлердегі шенеуніктік  қызметтер т.б.) ұсынды. Бұл жобаларды  жүзеге асыру Қытайда азаматтардың аймақтық бөлінудің бастауы болды.

Барлық мемлекет үшін бістұтас заңдар белгілеу ұсынылды. Басқа да ерте легистер сияқты Шань Ян әдеп-ғұрып  құқығын заңдамамен толық алмастыруды  ойлаған жоқ. Зиянды ол қуғын-сүргін саясаты (қылмыстық заң) және үкіметтің  әкімшілік әкімі деп түсінді.

Билік пен халық арасындағы қарым-қатынастарды Шань Ян жауласушы  тараптардың бір-біріне қарсы тұруы  деп қарады. Үлгілі мемлекетте әміршінің  билігі күшке арқа сүйейді және ешқандай заңға бағындырылмаған. Шань Янға азаматтардың құқығы, олардың заңды кепілдері  туралы және т.б. ұғымдар белгісіз. Заң, оның бо ынша, қорқыныш ұялатушы, ескерту жасаушы террор болып шығады. Тақсыр қызметінің жоғарғы мақсатын Шань Ян басқыншылық соғыстар жолымен Қытайды біріктіруге қабілетті күшті билік құру деп есептелді.

Легистік тұжырымдамаларды іс жүзінде қолдану қатыгездіктің  күшеюімен, бодандардың санасына әмірші алдыдажаппай үрейді сіңірумен және жаппай сезіктенумен қатар жүрді. Жалпы  бұқараның легистік тәртіпке наразылықтарын ескере отырып, Шань Янның ізбасарлары  неғұрлым жексұрын жағдайлардан бас  тартып, легизмді моральдық мазмұнмен  толықтырып, оны даосизммен немесе конфуцийшілдікпен жақындастырды. Б.з.д. ІІ-І ғасырларда легизм идеясымен  толықтырылған конфуцийшілдік Қытайдың мемлекеттік діні ретінде бекіді. Моистер  мектебі біртіндеп келмеске кетеді. Даосизм буддизммен және жергілікті нанымдармен астарласып магия белгілеріне  ие бола бастайды және уақыт өте  келе саяси идеологияның дамуына  ықпалын жоғалтады. Конфуцийшілдік 1911-13 жылдардағы Синхай революциясына  дейін императорлық Қытайдың ресми  ілімі болып келді.

 

Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси  көзқарастары

Ежелгі үндістанның саяси  және құқықтық идеологиясының жетекші  бағыттары брахманизм мен буддизм  болды. Олар б.з.д. І мыңжыдықта пайда  болған және өзінің тамырын әрийлердің ежелгі салттық кітпатары – Ведаларда  баяндалған діни-мифологиялық көзқарастардан алған. Брахманизм мен буддизм арасындағы идеялық алшақтықтар дін құрметтеген  мифтер мен мінез-құлық ережелерін түсіндіруде пайда болған.

Брахмандар діни-мифологиялық ұғымдардың негізінде жаңа идеология  – брахманизмді құрды. Брахманизмнің  әр түрлі мектептерінің әлеуметтік-саяси  идеялары сансыз көп заңтану және саяси трактаттарында көрсетілген. Олардың ішінде неғұрлым беделдісі  б.з.д. ІІ ғасыры – б.з. ІІ ғасыры кезеңінде  құрастырылған «Манавадхармашастра» трактаты – «Ману заңдары» болды.

Брахманизм дінінің негізгі  қағидасы жанның жаңа түрге енуі туралы қасақ қағида болды, оған сәйкес адамның  жаны өлгеннен кейін тексіз адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің денелерінде  адасып жүреді не болмаса, егер де ол адам адал өмір сүрсе, онда қоғамда неғұрлым жоғары орындағы адам немесе көктегі  өмір сүретіндер болып қайта туылады. Брахмандарға Ведаларды зерделеу, халықты  басқару және оны дінге үйрету белгіленді: кшатрилерге әскери іспен айналысу қажет болды. Мемлекеттік және қоғамдық істерді басқару екі жоғары варнаның артықшылықтары болды. Жат жұрттықтар мен варналарға бөлінбейтін тайпалар үшін құлдық табиғи құбылыс ретінде мойындалды.

Адмның тектік белгісі  туғаннан анықталып, өмір бойы сақталды. Брахмандар жоғары варнаға өтуге  адам өлгеннен кейін, оның «болашақ өміріне» ғана құдайларға қызмет еткені, төзімі мен момындығы үшін марапат ретінде  жол беріледі деп ойлады. Брахманизмде касталық жазмышты қамтамасыз ететін құрал құдайладың жазалаушы күшінің  жалғасы деп ұғынатын мемлекеттік  мәжбүрлеу болды.

Брахмандар тақсырлардың зайырлы заңнан діни заңның жоғарылығын  мойындауына үміттенді. Брахманизм теориясы бұл тұрғыдан ұсынған идеялардың көмегімен абыздар қоғамдағы  саяси гегемондық үшін күресті.

Ежелгі үнділік саяси  ойдың тарихындағы ерекше орынды «Артхашастра» атты («Пайда туралы қсиеттер») трактат иеленеді. Оның авторы Каутилья (б.з.д. ІҮ ғ.) болып саналады. Тарктат брахманизмнің касталық жазмыш туралы, драхма заңдарын қатаң  жазалаулармен қамтамасыз етудің қажеттігі  туралы, абыздардың басқа тектерден  басымдығы, діни табынушылықты атқару монополиялары туралы ережелерін дәл  береді. Брахманизмнің жорамалдарын толық сәйкес келе отырып, мұрагерлік ақсүйектердің үстемдігі және зайырлы  билеушілердің абыздарға бағынуы  идеяларын жүргізді. Трактатта Патша  «шәкірті ұстазына, баласы әкесіне, малайлар қожайындарына» құлақ асқандай, сарай  Абызын тыңдауға тиіс делінген.

Сонымен қатар трактатта  абыздықтың дәстүрлі ілімдеріне сай  келе бермейтін идеялар бар. Трактат  авторларының дін заңының жоғарылығына тоқтайтын Брахманизмнің ортодоксальді  мектебінен айырмашылығы – олар заңнамалық қызметтегі басты рөлді тақсырға берді. Драхманы заңдастырудың төрт түрінің – патша жарлығының, қасиетті заңның (драхмашастраның), сот шешімінің  және салт-дәстүрдің ішіндегі патша  жарлығының күші жоғары. «Артхашастрада»  бірінші орынға күшті орталықтандырылған патша билігі қойылған. Трақтатты  жасаушылар негізгі назарды патша  билігінің діни негізделуіне емес, мемлекетті басқарудың тәжірибелік  ұсынымдарына аударады. «Артшастра» - үнді әдебиетіндегі саясат туралы қолданбалы білімдердің неғұрлым толық жинағы, өзіндік саяси өнер энциклопеиясы.

Абыздық дінге қарсы күресте  буддизм қалыптасты. ол б.з.д. ҮІ-Ү  ғасырларында пайда болды. Оның негізін  қалаушы, аңыздарға сәйкес, Будда, яғни Нұрланған атанған ханзада Сиддхартха Гаутама болды. Бізге жеткен будда  канондары жинағының ең ежелгісі – «Типитака» (сөзбе-сөз – «Үш  себет» - сірә, канонның мәтіндері тақырыптары  жағынан үш бөлімге бөлінгендігінен  осылай аталса керек). «Типитака» б.з.д. ІІ-І ғасырларда жазылған. Ертедегі буддизм қарапайым идея ретінде адамды дүниелік қалаулар себепші болатын күйзелістерден азат ету идеясын ұсынды. Құтқарудың алдын ала шарттарын буддстер адамның дүниеден шығуы және монахтар қауымына кіру деп жариялады. Ертедегі буддизмде діне-моральдық жазмыштардың екі жүйесі болды: бірі – монахтар қауымына арналған, екіншісі – негізгі адамдарға арналған.

Буддалық монахтар қауымына еркін адамдар ғана жіберліді (құлдарды қабылдамады). Қауымға кірген адам отбасынан  және меншігінен бас тартуға, өз варнасының ұйғарымдарын сақтауды доғаруға тиіс болды. Монахтық өмір егжей-тегжейлі реттелді.

Классикалық әлеуметтік теория ежелгі әлеуметтану ретінде