Коампьютерлер ДК

ӘОЖ 631.67:632.15                                                              Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕЛІБАЕВА  АЙЖАН ӘБІЛДАҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

Облыстағы агроландшафттардың техногенді ластану  жағдайында кешенді мелиорациялардың режимдерін негіздеу

(Қызылорда  облысы)

 

 

 

 

 

 

 

6М081000-«Мелиорация,  жерді баптау және қорғау»  мамандығы бойынша ауылшаруашылық магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

 

РЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2011 ж

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде  орындалды.

 

 

Ғылыми жетекшісі:

техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ә.Ә. Сағаев

 

Ресми оппоненті:

техника ғылымдарының кандидаты, доцент Р. Молдаш

 

 

 

 

   

 

 

 

Қорғау 2011 жылдың «  » «                      » сағат «       » Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді (Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 66, Политехникалық институты, №5 оқу ғимараты, аудитория «     »).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диссертациямен  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі: Су жиналатын алаптарда және ландшафттарда техногенді жүктеменің әсеріне байланысты топырақтың, судың және өсімдіктің ластануы – планетаның көптеген аймақтарында соңғы жиырма шақты жылдың көлемінде үлкен проблемаға айналды. Ластайтын зат биосферада әр түрлі компонентте жиналып, жер бетіндегі және судың экожүйесінің тұрақтылығын төмендетеді, ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасына және биоөнімділігіне, адамдардың денсаулығына және тұрмыс халіне үлкен әсер етеді.

Қазақстан жерінің  биологиялық өнімділігі төмендеген елдердің қатарына жатады, себебі ауылшаруашылығына  пайдаланылатын жердің көп бөлігі ылғалы жеткіліксіз немесе тұрақсыз аймақтарда орналасқан. Кейбір аймақтарда топырақтың, жер бетіндегі және жер асты суларының ластануы рауалы шектелген мәнінен жоғары, бұл өнеркәсіптің, энергетиканың, ауыл және коммуналды шаруашылықтардың әсеріне байланысты. Егіншіліктің экологиялық проблемалары Қазақстан бойынша тұтасымен қалай болса, Қызылорда облысы Сырдария өзені алабы бойынша да солай. Аймақ, республика көлеміндегі ауылшаруашылық өндірісі жоғары әлеуетте дамыған аймақтарға жатады.

Техногенді  ластанған жағдайда ауылшаруашылығына  қарасты жерді мелиорациялау  ролі ұлғаяды және күрделенеді. Мелиорацияны іске асырудың бағыты, мелиорацияланатын агроландшафттылардың экологиялық қауіпсіздігінің тұрақтылығын жасау және экологиялық таза ауылшаруашылық өнім алу болып табылады. Ең актуальды проблемалардың қатарына агроландшафттар мен су экожүйесіне түсетін жүктемелерді төмендетуін қамтамасыз ететін, ғылыми дәлелденген мелиорацияның режимдері жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды және техникалық шешімдерді жасау жатады.

Зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – кешенді мелорацияның режимін ғылыми тұрғыда дәлелдеу және жасау, техногенді ластанған топырақтарға бейімделген–ландшафттық суармалы егіншілікті ұйымдастыру, топырақтың құнарлылығын жақсарту, экологиялық қауіпсіз өнім алу, сонымен қатар экожүйенің тұрақтылығын сақтау және көтеру.

Айтылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды:

- кешенді мелиорацияның  режимдерінің экологиялық аспектілерін  зерттеу және агроландшафттағы  микроэлементтер мен ауыр металдардың  жиналу мөлшерінің критериясын  анықтау;

- агроландшафттарда  аймақтық топырақ-экологиялық тексеруді ғылыми-әдістемелік негізде жүргізу және ұйымдастыру принциптерін жасау;

- аймақтың экологиялық  ситуациясын болжау және қазіргі  жағдайына баға беру;

- жердің микроэлементтер  және ауыр металдармен техногенді  ластану жағдайында агроландшафттарды рекультивациялауға ұсынылған шараларға эколого-экономикалық баға беру;

Зерттеу нысаны – Қызылорда облысының агроландшафттары.

Зерттеу әдістері: Теоретикалық және экспериментальды зерттеулер В.Р. Вильямстың, В.В. Докучаевтың, В.И. Вернадскийдің, А.П. Виноградовтың, А.Н. Костяковтың, С.Ф. Аверьяновтың, Г.И. Афанасийдің, Б.Б.Шумаковтың, В.Г. Минеевтың, Б.А. Ягодинның, В.А. Ковданың, Н.М. Решеткинаның, Н.И. Парфенованың, Л.М. Рекстың, В.Х. Хачатурьянның, А.В. Кологановтың, В.Н. Щедринның, Г.А. Сенчуковтың, А.А. Бурдинның, Ж.С. Мұстафаевтың, А.И. Головановтың, С.И. Қошқаровтың А. Нұрғызариновтың, Ә.Ә. Сағаевтың және басқа да көптеген белгілі зерттеушілердің еңбектерінің негізінде жүргізілді.

Жұмыстың методикалық  негізі антропогенді әсерге интенсивті (қарқынды) ұшыраған агроландшафттарда топырақ-экологиялық тексерулерді ұйымдастыру, экологиялық қауіпсіз суару режимін жасау жүйелік және экспертті – аналитикалық тәсілдерді қолдану болып табылады. Топырақты тексеру зертханалардағы, далалық тәжірибелер, аналитикалық зерттеулер мен талдаулар стандартты әдістермен жүргізілген. Зерттеу материалдарын өңдеу математикалық статистика әдісін пайдалану арқылы орындалған.

Ғылыми жаңалығы: ғылыми тұрғыда негізделген жерді кешенді мелиорациялаудың рекультивациялық режимдерін жасау және теориялық негіздеу, топырақтың құнарлылығын көтеруге мүмкіндік туғызатын бейімделген – ландшафттық суармалы егіншілікті жүргізетін және қамтамасыз ететін техникалық шешімдер, экологиялық таза өнім алу, «топырақ - өсімдік - су» жүйесіндегі микроэлементтердің жиналуы мен көші – қоны заңдылықтарының негізінде экожүйенің орнықтылығын сақтау және көтеру.

Жұмыстың  негізгі қорғалатын қағидалары:

- топырақ жынысының  түзілуінің аймақтық геохимиялық  ерекшелігіне және ауыр металдардың  топырақ жамылғысының пішіндерінде таралуын анықтай отырып, агроландшафттардағы топырақ-экологиялық тексерулердің нәтижелерін жасауға ғылыми-әдістемелік негізде келу;

- метеожағдайға,  биологиялық қасиеттеріне және  өсімдік түрінің өнімділігіне, топырақтың  ылғалдылығына, ауыр металдармен ластануына, топырақ суларының орналасу деңгейлеріне байланысты су тұтыну және тік ылғал алмасу әдістерінің есебі;

- ауылшаруашылығы дақылдарының суару режимін экологиялық негіздеу, судың гидрохимиялық режимін жақсартуға арналған техникалық шешімдер мен агрохимиялық шаралар, мәдени өсімдіктер үшін улылығын ескере отырып, кешенді мелиорация жүйесіндегі металдармен ластанған топырақтарды реабилитациялау.

Өндірістің  құндылығы:

˗ қалыпты, мүмкін және алмағайып деңгейлерде жұмыс жасайтын экожүйелерге қолданылатын мелиорацияның рекультивациялық режимін ғылыми негіздеу;

˗ топырақтың техногенді ластануын төмендетуге және экологиялық таза өнім алуды кепілдеуге мүмкіндік туғызатын агрохимиялық мелиорацияның кешенді техникалық шешімдері;

˗ аймақтағы топырақтың түзілу жынысын зерттеу негізінде, өзінің негізгі массасына байланысты гранулометриялық құрамы ауыр және шаруашылықтарда іс-шараларды жоспарлап, жүргізген кездерде металдардың таралуына байланысты тұрғызылған карта-схемаларды пайдаланудың мақсатқа сәйкестілігі;

˗ қашыртқылы-кәріздің суларын және ластанған топырақтарды рекультивациялаудың сапасын жақсарту жолымен экологиялық ситуацияларды жақсарту үшін мелиорацияның режимдері мен іс-шараларды негіздеу.

Жұмыстың  жариялануы: Диссертацияның тақырыбы бойынша 4 ғылыми еңбек, оның ішінде 2 жұмыс «Ғылым, білім және жастардың ғылыми шығармашылығы» жас ғалымдар еңбектерінің жинағы, І-ІІ том; 1 – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы, 1(31)2011; 1 – «Тәуелсіз мемлекет құрудың қазақстандық моделі: ерекшеліктері, жетістіктері, даму стратегиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжирибелік конференция, Қызылорда қаласында жарияланды.

Жұмыстың  сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі қағидалары, тұжырымдар және нәтижелері 1- Халықаралық ғылыми-тәжіриблік конференцияда (Қызылорда, 2011).

Жұмыстың құрылымы және көлемі: Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттерден тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі компьютерде терілген 111 беттен, оның ішінде 12 суреттен және 27 кестеден, 156 пайдаланылған әдебиеттерден құралған.

Агроландшафт, агроценоз, ауа, ауылшаруашылығы, топырақ, су, ауыр металдар, мелиорация, микроэлементтер, өнімділік, режим, теңдік, тыңайтқыш, экология, рекультивациялау, ластану.

 

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

 

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, қазіргі кездегі зерттелу жағдайы, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік құндылығы көрсетіліп, қорғалатын қағидалар баяндалған.

Бірінші бөлімде техногенді ластану жағдайындағы кешенді мелиорациялардың проблемалары көрсетілген

Экожүйелердің ластануы әр түрлі табиғи және техногенді процесстердің  нәтижесі болып табылады, олар жергілікті, аймақтық және глобальды деңгейде байқалады. Химиялық ластанушы элементтердің  көші-қоны мен жиналуы, аэрозольді – техногенді зат ағынының тасымалдануы нәтижесінде өсімдік, топырақ, сумен түйісу процесі кезінде пайда болады. Аэротехногендерді шығару көп факторлы жүйелер болып саналғандықтан, бұнда ауыр металдардан басқа қышқылдың қосылыстары қалай орын алса сілтіліктерде солай пайда болады. Бұл жағдай келешекте биосферада жүретін геохимиялық, биологиялық, физико-химиялық және күрделі процесстердің бағытын және қарқындылығын анықтайды.

Топырақтағы ауыр металдардың құрамы табиғи деңгейде едәуір тербеліске ұшыраған және олардың минералдардағы, топырақ-түзілу жынысытарына, бедеріне, климатына және т.б. байланысты. Тіпті бір ландшафттың көлемінде топырақтар құрамы бойынша елеулі өзгешеленеді. Адамның өміріне байланысты барлық экологиялық тізбек топырақ арқылы өтеді. Атап айтқанда, топырақ ауыр металдар мен микроэлементтерді жинайды және агроценозбен биосферада болып жатқан барлық өзгерістерді бақылайды. Сондықтан, топырақтардағы, өсімдіктердегі және судағы металдардың жиналуын олардың экожүйелердегі жоғарғы немесе жетіспейтін құрамда пайда болуын білу биохимиялық ауытқуларда айқындауға көмектеседі.

Топыраққа химиялық элементтердің көші-қоны ағынының тасымалдауға мүмкіндік жасайтын глобальды биохимиялық  «реактор» есебінде қарауға болады. Бұл процесстің мәнісі әр түрлі химиялық және физикалық қасиеттерді иемденетін, жеңіл және ауыр еритін элементтердің формасын құру болып табылады. Осыған сәйкес, элементтер сол я басқа көші-қоны ағынына тартылады немесе мобильді күйден шығарылады және топыраққа бекітіледі.

Д.А.Манукьянның мәліметті бойынша, табиғи жүйелерге техногенді жүктеменің интенсивті әсеріне қарай ластануға бірінші кезекте топырақтар, жер бетіндегі және жер асты сулар ұшырайды.

Қоғамдық өндірістің және әлеуметтік жүйелердің дамуына  байланысты табиғи ортаны қауіпті қалдықтармен ластау процесі жүріп жатыр. Ауаны негізгі ластаушы заттар: шаң, күкірт және азот тотықтары, көмірсутектері, металл тотықтары және т.б. Олар жылу – энергетикасы, металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары және т.б. Жылу – энергетикасы кәсіпорындары жылына атмосфераға миллион тоннаға жуық зиянды заттар шығарады. Атмосфераның ластануына өндіріс және тұрмыс қалдықтары, олардың үйінділері, шлактары едәуір үлес қосады. Автокөлік біраз қалаларда ауаны негізгі ластаушыларға айналды. Мысалы, Алматы қаласында атмосфераға шығарылатындары 93% автотраспорттың үлесіне тиеді.

Осыған байланысты Қазақстанда техногенді биохимиялық  ауытқуларды білу мақсатында экологиялық  жағынан қолайсыз аймақтарды төлқұжаттандыру  жұмыстары жүргізілуі керек.

Адамзатты ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету үшін екі маңызды міндетті шешумен шындап айналысуы керек: өнімділігі жоғары агроценоздарды жасау, табиғатты пайдалануда экожүйелерді жаңа сапалы тепе-теңдік деңгейге ауыстыру негізінде экологиялық теңдік жасау; осы агроценоздарды басқару, яғни топыраққа динамикалық мақсатта бағытталған антропогенді әсер етуді жасау және жүйелерде қолдану.

Екінші бөлімде Сырдария өзені алабындағы агроландшафттардың қазіргі жағдайы және экологиялық ситуациясын болжауы келтірілген.

Жыл сайын биосфераға өнеркәсіптің, ауылшаруашылығы өндірісінің және басқа көздердің шығаруларының есебінен, атмосферадан орасан зор көлемде әр түрлі заттар түседі.

Агроландшафттың эколого-мелиоративтік жағдайын жоспарлаудың концепциясы – бұл егіншілікке  келудің экологиялық және технологиялық синтезі, экология бұнда топыраққа жасалатын жағымсыз әсерлерді болдырмау және жою сұрақтарымен айналысады, ал мелиорация олардағы болып жатқан өзгерістерді рекультивациялау технологиясымен қамтамасыз ету. Себебі, топырақтың табиғатта және бір-бірімен байланысты бөлшектердің механизмдерінің иерархиялық дамуы: құрамдық және функциональды ұйымдастырулары өзіне ғана тән.

Қазіргі заманғы  антропогендік әсерлердің салдарын ескеру жағдайында аймақтың топырақ-экологиялық  тексеру жеті принциптерді белгілейді (сурет 1). Ұйымдастыру проблемасының принципі, жаңа проблемаларды енгізу және жаңа программаларды күшейту және барлық жүйелерді жетілдіруді нығайту үшін мүмкіншілікті қалдырады. Басқарудың приоритеттік принципі, мақсат қоюды жетілдіру және бақылауды тұрғызуға байланысты проблемалардың нұсқасын белгілеу. Жылдамдық принципі, жұмыстың соншалықты техникалық жағы болмағанмен, қиын ситуацияларда шешімдерді жылдам қабылдау обылысынан. Профилактикалық принцип, агроландшафттарды ластайтын өте қауіпті және қауіпті ластаушыларды шақыру себептерін болдырмауды қамтамасыз етеді. Қорғау принципі, мелиорациялау және жерді тыңайту, өсімдіктерді қорғау кезінде шекті жүктемелерді қарастырады. Мелиоративтік іс-шаралар жүйесі әр-бір аймақтың агроландшафттарының территориялары үшін нақты болуы керек. Сәйкестік принципі өсімдіктің ластаушы элементтерді биологиялық жұту дәрежесін ескереді. Бұл үшін ластаушылардың фондық құрамын, жылжымалылық дәрежесін және олардың жиналуының (шығарылуының) қарқындылығы дәрежесін білу маңызды. Компенсациялы – сауықтыру принципі агроландшафттағы зат алмасуының бұзылуын болдырмауға бағытталған.

Топырақ-экологиялық  тексерулердің негізгі мақсаты  табиғатты тиімді пайдаланудың территориальды схемасын жасаудан, қайта қалпына  келтірудің моделін жобалаудан, ландшафттық ортаны қорғау және оңтайландырудан, ал солармен бірге – табиғатпен үндесу принципінің негізінде агроландшафттарды кешенді мелиорациялаудың экологиялық теңдігі режимдерінен тұрады. Соңғысына, елді мекенді биогеохимиялық орта, оларды нормалауға арналған іс-шаралар және тұтасымен экологиялық қауіпсіздігіне кепіл болу жайлы хабарлау қосылады.

Территорияның өнеркәсіптердің әсерінен ластануы негізінен атмосфера арқылы булардың топырақтың бетіне түсу жолымен, аэрозольдар, шаңдар, күйелер немесе еритін заттар жаңбырмен, қармен, құрғақ түсулермен болады.Ауаға ластаушылардың негізгі үлесі моржалар және вентиляциялық каналдар арқылы, сонымен қатар қайырма, террикондар және т.б. тарату жолмен, апат жағдайында болатын атмосфераға лақтырулар кезінде түседі. Олардың көпшілік бөлігі кәсіпорындарға жақын (1-2-5 шақырым) және басқада ластаушы көздердің маңайына түседі, ластаушылардың бірқатар бөлігі жергілікті жердің желінің бағытына сәйкес 10-50 шақырымға және оданда көбірек атмосфераға таралады, ал белгілі бір үлесі атмосфераның жоғарғы қабатына түседі және жүздеген және мыңдаған шақырымға таралады.

 

Сурет 1. Аймақтық топырақ-экологиялық тексерулерін ұйымдастыру

концепциясы

Қызылорда облысындағы  экожүйелерді ластаудың негізгі көзі облыстың көлемінде орналасқан кәсіпорындар. Техногенді ластаушылардың таралу географиясының сипаты ластанушылардың региональды геохимиялық деңгейдегі әсерін бағалауға мүмкіншілік береді. Антропогенді жүктемелердің түрлері бойынша әсерінің территорияда таралу схемасы 2-суретте келтірілген.

 

 

Сурет 2. Әсер ету түрлеріне байланысты антропогенді жүктемелердің территорияда таралу схемасы

 

Қызылорда облысының  өнеркәсіп кәсіпорындары атмосфераға  әсер ету масштабы жағынан келесі қатарға орналасады: мұнай химиясы, Шалқия  металлургиялық кешені, Шиелі қаласындағы Казатомпром өнеркәсібі және басқалары. Жоғарыда аталған зауыттардың барлығының ластаушы заттарды жалпы шығаруы жылуэнергетика кәсіпорнымен салыстырғанда көп емес. Бірақта, олардың шығарғандарының құрамында қорғасын, күшала, кадмий, мыс сияқты уыттылығы жоғары заттар және уыттылығы аз элементтер – қалайы, вольфрам, молибден, кобальт және басқалар бар. 2010 жылы атмосфераға түскен ластаушы заттардың барлығы 176,482 мың тонна. Көлік қатынасы облыстың экожүйесіне 21,5 мың тонна ластаушы заттарды қосты.

Сондықтан, Қызылорда  облысының агроландшафттарындағы  ауыр металдардың техногенді геохимиялық  айналымын бағалау үшін атмосфералық жауын-шашынның құрамындағы отын-энергиясы  кешені, мұнай және т.б. кәсіпорындардың шығарған приоритетті техногенді ластанушыларды – Zn, Cu, Pb, Cd анықтау (зерттеу) жүргізілді. Қар жамылғысындағы және түскен жаңбырдың құрамындағы полютанттарды химиялық анализдерін, атмосфералық жауын-шашынның және ауаның үлгісін зерттеген кезде пайдаланылған әдістер арқылы жүргізілді.

 

Кесте 1 - Жекелеген өндірістік кәсіпорындардың кешендерінің атмосфераны ластау сипаты

 

Кәсіпорындар

Атмосферадағы лақтырылған ластаушы заттардың  жиынтығы (тонна)

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Жанармай-энергетикалық кешен

Жаңақорған  ауданы

11801

13328

13761

Шиелі ауданы

18634

15297

14021

Қызылорда қаласы

7604

25128

55264

Сырдария ауданы

8545

8700

1056

Жалағаш ауданы

6303

4856

3534

Қармақшы ауданы

7690

6974

7069

Қазалы ауданы

17363

13492

5825

Арал ауданы

10603

12002

28067

Байқоңыр қаласы

5323

17590

38685

Мұнайхимиялық кешен

Құмкөл

3185

2734

2706

Қазгермұнай

1713

1303

1672

Қуатамлон мұнай

1870

2181

993

Торғай Петролиум

1028

782

1003

СНПС «Ай-Дан  Мұнай»

856

652

836

Металлургиялық  кешен

«Шалқия» 

1074

1505

1351

«Шиелі атомпром»

618

786

639

Барлығы

104210

127310

176482




 

Диссертациядағы негізгі  зерттеу жұмыстары 2008 жылдан бастап жүргізілді, бірақ Қызылорда облысының  климаттық жағдайы 2001 жылдан бастап қарастырылған. Жаңбырдың және қардың үлгісін алу үшін, құрамында ауыр металдар жоқ ыдыстар мен инструменттер пайдаланылды, үлгілер алуға арналған орындар Аққұм, Қызылорда, Қазалы және Арал аудандарында орналасты. 2006, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдардың жаз айларында түскен жауын-шашындардың құрамдары талданды (кесте 2). Жазғы жауын-шашынның құрамында, қарға қарағанда, зерттелетін металдар едәуір көбірек. Мысалы, жазғы жауын-шашынмен бірге Zn-0,041 мг/л, Pb-0,012 мг/л, Cu-0,025 мг/л, Cd-0,0009 мг/л түсті, қарменен орташа мөлшерде, сұйық және қатты фракциялармен сәйкес 0,011, 0,006, 0,013, 0,0007. Жаңбырдың құрамындағы концентрациялардың тербелісі тұрақсыздау сипат алды. Жазғы жауын-шашынның құрамындағы қорғасын және кадмиймен жоғарғы ластануы 2009 жылы байқалды, ал 2008 жылы – мырыш пен мыс.

Металдардың түсу мөлшерінің едәуір тербелуі маусымдағы метеорологиялық жағдайға қалай байланысты болса, жер бетінің әр түрлі тегістігіне де солай әсері бар (баурай, орман-жолақтары). Жер бетіне шаң-тозаңдармен жоғарғы мөлшерде Zn, Pb және Cd түсуі байқалды, ал сұйық фракциялрмен Cu. Сонымен, үш жылдың көлеміндегі бақылаудың нәтижесінде қардың құрамындағы қатты фракциядағы, орташа есеппен алғанда: Zn-0,012 мг/л, Pb-0,007, Cu-0,003 және Cd-0,0006 мг/л. Бір литрдегі қардың сұйық фракциясында орташа алғанда: Zn-0,010 мг, Pb-0,004, Cu-0,002 және Cd-0,0007 мг табылды.

 

Кесте 2 - Қызылорда облысының агроландшафттарындағы атмосфералық жауын-шашынның құрамындағы металдар (мг/л)

 

Элементтер

жаңбыр 

қатты

сұйық

Орташа

2006

2007

2008

2009

2010

НСР0,95

орташа

2008

2009

2010

НСР0,95

орташа

2008

2009

2010

НСР0,95

орташа

Zn

0,052

0,028

0,020

0,031

0,072

0,004

0,041

0,011

0,013

0,011

0,002

0,012

0,004

0,012

0,014

0,002

0,010

0,011

Pb

0,007

0,016

0,007

0,018

0,012

0,001

0,012

0,007

0,009

0,006

0,001

0,007

0,001

0,004

0,006

0,002

0,004

0,006

Cu

0,034

0,010

0,013

0,020

0,047

0,002

0,025

0,005

0,002

0,003

0,0005

0,003

0,002

0,002

0,002

0,0004

0,002

0,003

Cd

0,0003

0,001

-

0,0015

0,0007

0,0003

0,0009

-

0,0004

0,0007

0,0002

0,0006

-

0,0005

0,0008

0,0002

0,0007

0,0007


 

Кесте 3 - Қызылорда облысының агроландшафттарының территорияларына атмосфералық жауын-шашындармен түскен металдар (г/га жыл)

 

Жылдар

Zn

Pb

Cu

Cd

2006

41,1 ± 2,2

21,8 ± 1,9

21,3 ± 1,7

-

2007

291,1 ± 10,1

37,9 ± 2,6

189,8 ± 5,0

1,5 ± 0,3

2008

156,8 ± 7,2

89,6 ± 2,2

22,4 ± 2,1

5,6 ± 0,4

2009

114,6 ± 7,4

36,5 ± 4,0

73,6 ± 1,9

7,0 ± 0,4

2010

173,6 ± 5,6

99,1 ± 4,1

16,8 ± 2,0

8,4 ± 0,4

Орташа 

118,7 ± 6,5

56,9 ± 2,9

64,7 ± 2,5

4,5 ± 0,4


Атмосфера ағынындағы ауыр металдардың тығыздығын анықтау  үшін агроландшафттарға атмосфералық жауын-шашындармен түскен химиялық элементтердің орташа жылдық есепті жүктемелерін анықтау жүргізілді. Қызылорда облысының әр бір гектар территориясына жылсайын орташа Zn-118,7 г, Pb-56,9 г, Cu-64,7 г және Cd-4,5 г түсетінін көрсетті. Мырыш пен мыс 2007 жылы өзінің жоғарғы шыңына жетті (жоғарғы жүктеме), қорғасын – 2010 жылы. Кадмийдың жоғарғы мөлшерде түсуі 2010 ж. – 8,4 г/га байқалды (кесте 3).

Қызылорда облысының  егіншілігіндегі әр түрлі жүйелердегі  тыңайтқышты салыстыру үшін ауылшаруашылығы өндірісінде 2006-2010 ж.ж. орындалды. Облыстың танаптарына едәуір көлемде минералды тыңайтқыштар берілді, көпшілік шаруашылықтарда кешенді агрохимиялық құнарландыру жүргізілді. Бір гектар суармалы жерге орташа есеппен (күріш дақылы) 152 кг азот, 22 кг суперфосфат, 0,86 кг хлорлы калий және 1,2 кг көң (кесте 4).

 

Кесте 4 - Тыңайтқышты және мелиоранттарды енгізу (Қызылорда облысының 100% қоректік заттарға есептегенде)

 

Зерттелген  жылдар

Минералды тыңайтқыштарды (кг/га) есептегенде:

Көң

(75% ылғалдылық , кг/га)

Аммиак селитрасы

Жай суперфосфат

Хлорлы калий

2006

210

44

0,11

0,5

2007

140

45

2,3

1,0

2008

110

10

0,58

1,3

2009

155

27

0,74

1,2

2010

143

26

0,59

2,0

Орташа 

152

22

0,86

1,2


Зерттеудің кезеңдерінде, егіншілікті қарқынды химиязациялау кезінде, негізгі қоректік элементтердің теңдігі (азот, фосфор, калий) дұрыс болды. Топыраққа олардың шоғырлануы жүрді, топырақтың құнарлығы артты. Минералды тыңайтқыштар – бұл негізгі қоректік элементтермен бірге ауыр металдардың тұздары органикалық қосылғыштар және басқа қоспалар түрінде қатынасады. Минералды түктерді алу үшін – фосфориттың, апатиттің шикі заты, калий тұзының шикі заты, едәуір көлемде қоспалардан тұрады. Сондықтан тыңайтқыштардың құрамындағы микроэлементтер, биомикроэлементтер, ауыр металдар өсімдіктер үшін теңестірілмеген қатынастарға жиірек түсуі мүмкін, бұл топырақтың құрамындағы элементтердің химиясына елеулі әсер етеді.

Сонымен қатар, бұл металдардың топырақтағы  жылжымалылығының өзгеруінің нәтижесінде  олардың қосымша түсуіне де байланысты. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін минералды тыңайтқыштардағы экологиялық улылығының концентрациясын жарнамалайтын техникалық шарттары мен ГОСТ жоқ.

Әр түрлі  уақыт кезеңінде облыста пайдаланылған  тыңайтқыштар жүйесінің айырмаларына байланысты, металдардың тыңайтқыш жабдықтарымен және мелиоранттармен келуі шұғыл тербелді. 2006-2010 жылдары минералды түктермен 1 га суармалы жерге  орташа есеппен Zn-0,94 г/га, Cu-8,1, Pb-9,3, Cd-1,2 г/га енгізілді (кесте 5). Жоғарыда келтірілген ауыр металдар мен микроэлементтердің жылдан-жылға келуі өсті, яғни бір гектар ауыспалы суармалы жерге жыл сайынғы минералды тыңайтқыштарды мөлшері біртіндеп көтерілді.

 

 

Кесте 5 - Тыңайтқыштардағы металдардың құрамы

Элементтер 

Хлорлы калий

Аммияк селитрасы 

Жай суперфосфат

Көң

Әк ұны

Мырыш

14,7

3,1

54,9

92,7

20,8

Мыс

4,5

0,8

22,4

42,1

24,2

Қорғасын 

16,0

0,8

24,6

7,0

19,5

Кадмий

4,2

2,9

1,51

2,0

1,4


Органикалық тыңайтқыштарда металдардың құрамы жануарларға  күтім жасау технологиясына, экожүйенің жергілікті деңгейдегі ластану дәрежесіне малдың түрлеріне және басқа факторларға байланысты. Ірі қара малға берілетін азық рационының құрамындағы мүмкін болатын микроэлементтердің жоғарғы деңгейі: Zn – 500-1000 мг/кг, Cu – 80-100 мг/кг құрғақ азық. Осылардың барлығы азықпен бірге Қызылорда облысындағы органикалық тыңайтқыштың негізгі түрі болып көңге түседі.

Коампьютерлер ДК