Коммерциялық ақпараттың құқықтық режимі
Коммерциялық ақпараттың құқықтық режимі
Қазіргі уақытта интеллектуалдық меншіктің пайда болып жатқан жаңа объектілері айрықша құқықтардың дәстүрлі жүйесіне енгізілуде. Отандық азаматтық құқық ғылымында түсінігі түбегейлі зерттелмеген ашылмаған коммерциялық ақпаратқа да құқық аталған жүйенің ішіне кіреді. Бұл жерде біз ең алдымен ашылмаған коммерциялық ақпаратқа қатысты қолданылатын айрықша құқықтардың түсінігін беріп, оның айрықша құқықпен арақатынасына тоқталып өтуіміз қажет.
Әдебиеттерде коммерциялық құпияға құқық – адал емес бәсекелестен қорғау, кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қорғау және интеллектуалдық меншікті қорғау құқықтарынан туындайды деген пікірлер қалыптасқан. А.П.Сергеев көрсеткендей – «коммерциялық құпияға құқықтың мәні – ашылмаған ақпарат иесінің конфиденциалдық режимін қалыптастыру жолымен ақпаратты қорғау мүмкіндігін қамтамасыз етіп және үшінші тұлғалардан тиісті ақпаратты алу үшін заңсыз іс-әрекеттерге барудан бас тартуын талап етуден тұрады» [17].
Дегенмен, коммерциялық құпияны коммерциялық ақпаратқа деген айрықша құқықтарды қорғаудың әдісі тұрғысынан қарастырсақ, коммерциялық құпияның айрықша құқықтың объектісі ретінде қарастырылуы мүмкін емес. Демек, ашылмаған коммерциялық ақпарат қана айрықша құқықтардың объектісі болуы мүмкін. Себебі, коммерциялық құпия режиміндегі коммерциялық ақпаратты қорғаудың шарттарының бірі - ол ақпараттың үшінші бір тұлғаларға таратылмауы немесе белгісіздігі болып табылады.
Коммерциялық құпия режимінің түсінігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1017 бабында берілген ашылмаған ақпарат түсінігіне қарағанда анағұрлым ауқымдырақ ұғым. Ескере кететін жағдай, кез-келген ашылмаған ақпарат емес, тек ашылмаған коммерциялық ақпарат қана коммерциялық құпия режимінде қорғалатын айрықша құқықтардың объектісі бола алады. Бұл жерде коммерциялық ақпараттың конфиденциалдығы айрықша құқықтың объектісін бекітудің әдісі болып табылады. Коммерциялық құпия режимі – тиісті құқықты қорғаудың әдісі.
Заңнама қарастырылып отырған құқықтың субъектілеріне қойылатын талаптарды бекітпеген. Дегенмен, құқықтың мәнін талдай отырып, қызметтік және коммерциялық құпия субъектілеріне қойылатын талаптарды бөліп көрсетуге болады.
Құқықтың өзінен оның қызметтік немесе коммерциялық қызмет барысында туындайтын ақпаратқа таратылатындығын түсінуге болады. Соныдықтан қызметтік және коммерциялық құпияның иесі тек экономикалық активті субъект – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болады.
Қызметтік немесе коммерциялық құпия негізінен коммерциялық ұйымның қызметі барысында туындайды. Алайда, заңды тұлға да коммерциялық емес ұйымда қызметтік немесе коммерциялық құпияның иесі болуы мүмкін. Өзінің қызметі барысында олар өзге тұлғалар үшін қызығушылық тудыратын білімдерді игеріп, аталған тұлғаларға тиісті ақпаратты бере алады.
Коммерциялық және қызметтік құпияға құқық ақпараттың белгілі бір түріне ғана шартты түрде құқық береді. Шын мәнінде бұл қандай да бір ақпаратқа монополиялық құқық емес, құпия болып табылатын ақпаратты иеленетін субъектілердің мүдделерін қорғайтын ерекше құқық. Ақпараттың өзі еркін болып қала береді.Егер белгілі бір тұлға нақты ноу-хаумен қамтылатын техникалық шешім тапса, тиісті тұлға өзінің ақпаратымен билік етуде толық еркін болады. Коммерциялық немесе қызметтік құпияны құрайтын ақпарат заңсыз жолмен алынып, таратылса бұл коммерциялық немесе қызметтік құпияға құқықтың жойылуына әкеп соғады.Себебі, мұндай ақпарат құпия ретінде қарастырылуы мүмкіни емес.
Сондықтан қарастырылып отырған құқықтың әрекет етуі қажетті конфиденциалдық режимін сақтаудан тәуелді болып келеді. Аталған құқықтың әрекет ету мерзімі бекітілмеген, бірақ тиісті құқық ақпаратқұпиялылығы сақталғанға дейін әрекет етеді. Қызметтік және коммерциялық құпияға құқықтың мұндай қабілетін тиімді құқықтық құралдарды таңдау кезінде ескеру маңызды. Табылған техникалық шешімді патенттемей, қызметтік немесе коммерциялық құпия ретінде қорғау ақылға қонымды болғанымен, тиісті шешімді өзге тұлғалар, ойлап тапқан жағдайда құқықтың тоқтатылу қаупін ескергеніміз жөн. Сонымен қатар аталған тұлғалардың бірі техникалық шешімді патенттеу жөнінде өтініш беру мүмкіндігін де жоққа шығармауымыз қажет.
Коммерциялық құпияның маңызды ерекшелігінің бірі оның интелектуалдық меншік объектісінің ішінде әмбебаптық сипаты болуы. Осы ерекшелік коммерциялық құпия түсінігін өндірістік, техникалық ақпараттармен, басқарумен, қаржымен және кәсіпкердің басқада қызметінен байланысты әртүрлі мәліметтерді жатқызуға болатынын білдіреді.
Коммерциялық құпияның келесі интеллектуалдық меншіктерінің ішінде ерекше көрсететін арнайы қасиеті немесе белгісі, оны қорғау мерзімінің шексіздігінде. Ол дегеніміз патенттік қорғаудың мерзіміне келіспеген кәсіпкердің ақпараттарға нақты билігінің сақталғандығына дейін коммерциялық құпия құқығына ие болады.
Мұнда коммерциялық құпияның қорғану қабілеттілігін ресми түрде тану, мемлекеттік тіркеу немесе басқада ресмилікті, сондай-ақ мемлекеттік алым төлеу талаптары қойылмайтындығын айтып кету керек .
Ол құпия ақпараттың таралуының жаңа каналдарының болуынан сақтайды. Алайда кәсіпкер қандайда бір ақпараттың нақты иесі, кез-келген ақпаратқа коммерциялық құпия мәртебесін беруге құқылы деген сөз емес. Кәсіпкер қоғамдағы құқықтық қатынастың субъектісі болғандықтан, мемлекттік кәсіпкердің қызыметіне бақылау жасауға құқылы, салықты уақытында төлеуді қадағалауға, оның қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалауға т.б құқылы. Сондықтан ақпаратты құқықтық қорғау үшін бірқатар талаптар мен критерилер заңмен бекітілгенжоғарыда айтылып өткендей ҚР Азаматтық Кодексі ақпаратқа төмендегідей негізгі талаптар қойған.
- үшiншi жаққа ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болуы;
- онымен еркін танысуға жол берілмеуі;
- ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара колдануы тиіс.
Құқықтың өзі өзге тұлғаларға мұндай ақпаратты пайдалануға тиым сала отырып, тиісті ақпаратқа ену шарттарын анықтау мүмкіндіктерін анықтаудан тұрады. Соның ішінде ақпаратты заңсыз жолмен алған тұлғаларға ғана тиым таратылады. Ғылыми-техникалық, өндірістік немесе сауда ақпараттарын және коммерциялық құпияны оның иесінің келісімінсіз алу, пайдалану, тарату адал емес бәсекелестіктің нысаны ретінде қарастырылады. Алайда бұл жағдайларда бәсекелестіктің бар екендігі туралы сөз болуы тиіс. Қызметттік немесе коммерциялық құпия иесінің құқығы нақты ақпаратты монополиялауға негізделген және мұндай монополияны ерікті немесе еріксіз бұзу құқықтың өзінің жойылуына әкеп соғады.
Ақпаратқа ену шарттарын анықтау мүмкіндігімен тиісті құқықтың мазмұны толық ашылмайды.. Жағымсыз элементтен өзге құқықтың жағымды әрекетттері де бар – қызметтік және коммерциялық құпияның иесі оны өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
Қарастырылып отырған құқықтың құрамында тиісті ақпаратқа монополиясын қамтамасыз ететін арнайы шараларды автордың қабылдау мүмкіндігін бөліп көрсетуге болады. Осымен бір мезгілде бұл құқық әрі міндет ретінде қарастырылады - егер тұлға тиісті ақпаратқа қатысты қызметтік немесе коммерциялық құпия режимінің әрекет етуін қаласа конфиденциалдықты сақтау бойынша шаралар қабылдауға міндетті. Жоғарыда атап көрсетілгендей конфиденциалдықты қорғау бойынша қандай-да бір төтенше шаралар қабылдау қажеттігі тұлғадан талап етілмейді. Алайда, жалпы тәртіпке сәйкес тұлғаның өз иелігіндегі ақпараттың көзделмеген шығуының алдын-алу мақсатында әрекеттердің кешенін жүзеге асыруға мүдделі болады[17, 369б.].
Техникалық және ұйымдастырушылық шараларды көрсетуге болады (мысалыға, ішкі электрондық жүйелердегі нақты ақпаратқа ену үшін пароль бекіту, нақты мәліметтерге енуді шектеу, әрбір қызметкердің тиісті ақпаратпен жұмыс істеу ұзақтығын тіркеу, бекітілген жағдайларда қорғау мен бақылаудың электрондық жүйелерін қолдану), қолданылатын ақпараттың құқықтық мәртебесін анықтау (яғни тиісті ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін және қандай ақпараттың конфиденциалды екенін бекіту); нақты тұлғалардың тиісті ақпаратқа ену мүмкіндігін көздейтін еңбек шарттары мен өзге де азаматтық құқықтық сипаттағы шарттарға конфиденциалдық туралы талаптарды енгізу. Өзге тұлғалардың ақпарат иесінің тікелей өзінен ақпаратты алуы кезінде қойылатын шарттардың орны ерекше. Осы мақсаттарда ақпаратты қолдану құқығын беру туралы шарттарда бұл ақпараттың ары қарай таратылуына тиым салатын ережелерді ескеріп, бекіткен жөн.
Қызметтік немесе коммерциялық құпиясы бар ақпарат заңсыз қолданылған жағдайда қызметтік және коммерциялық құпияның иесі өз ақпараттарын мынадай жолдармен қорғауы мүмкін:
- ақпарат шарт бойынша алынған жағдайда, шартты бұза отырып, ақпараттың таратылуына жол берілсе, ақпарат иесінің сотқа талапа арыз беру жолымен;
- ақпаратты заңсыз иеленген тұлғаларға зиянның, шығынның орнын толтыру туралы талап қою жолымен.
Алайда, ақпаратты заңсыз иеленген тұлғадан заңды жолмен алған тұлғаларға қызметтік немесе коммерциялық құпиясы бар ақпаратты қолдану мүмкіндігін тоқтату туралы талап қою мүмкіндігі жоққа шығады.
Қызметтік және коммерциялық құпияларға билік етуді жүзеге асыруда нақты ақпарат па жоқ әлде оны қолдануға құқық беріледі ме осы фактті анықтау маңызды болып табылады. Қызметтік немесе коммерциялық құпияның иесі ақпаратты құрайтын мәліметтерді жариялау жолымен беруге құқылы. Бірақ мұндай жағдайда ол өзінің құқығын мүлдем жоғалтатындығын ескеру тиіс, себебі ол ақпаратты алған тұлға оны адал жолмен алып отыр және тиісті ақпаратты пайдаланбау, жарияламау туралы міндеттемелермен байланысты емес. Осыған байланысты құқық иеленуші үшін құқықты пайдаланушыға беруде қызметтік немесе коммерциялық құпия ақпараттарын пайдалану құқығының нақты аясын анықтауы қажет. Бұған аналогиялы жағдайлар айрықша құқықтардың өзге де объектілеріне әрекет етеді. Ноу-хау үшін лицензиялық шартты бекіту қажеттілігі мен ноу-хауды бағалау қажеттілігі туындайды [18, 231б.].
Қызметтік немесе коммерциялық құпия лицензиялық шарт бойынша пайдалануға берілуі мүмкін. Аталған шарт үшін арнайы нысан заңнамада бекітілмеген және бұл шартты тіркеу де көзделмеген. Бұдан біз шарт жағдайларын анықтауда тараптардың еркін екенін көреміз, дегенмен, кейбір жағдайларды міндетті түрде ескеруіміз қажет.
Кез-келген шартты бекітілді деп есептеу үшін оның пәні міндетті түрде анықталуы тиіс. Бұл талап қызметтік немесе коммерциялық құпияларды беру туралы шарттарға да таратылады, бірақ бұл шарттың пәнін анықтау кейбір жағдайларда қиындық туындатады. Себебі жалпы тәртіп бойынша мұндай құпия ресми құжаттарда көрініс таппайды және ол ақпаратты шарттың мәтінінде мүмкіндігінше көрсету қажет болып табылады. Алайда мұндай жағдайда екінші тараптың шарт жобасының мәтінінен негізгі ақпараттың мазмұныны біліп қойып, шартты бекітуден бас тарту мүмкіндігін және құқық иесінің тәуекелін ескергеніміз жөн. Сондықтан ноу-хау сипаттамасын шартта сілтеме жасалатын, шарттың қосымшасында беру қажет.
Шарт жеткілікті түрде алынған ақпараттарды пайдаланудың талаптары, үшінші тұлғаларға мысалы, бизнес бойынша әріптестеріне, қызметкерлеріне жариялау мүмкіндігі, сублицензияны беру мүмкіндіктері және төлемдердің тәртібі нақты анықталуы тиіс. Аталған талаптарды жеткілікті дәрежеде анықтаудан тиісті ақпараттың құпиялылығын сақтау мүмкіндігі тәуелді болып келеді.
Шарттағы шектеуші жағдайларды құрастыруға аса ұқыптылықпен қарау қажет. Мұндай талаптар құқық иесін монополиялық қызметті жүзеге асырып отыр деп айыптауға мүмкіндік бермеуі керек. Егер қызметтік немесе коммерциялық құпияларға құқық иесі нарықта жоғары деңгейдегі сұранысты иеленіп жүрсе, жоғарыда аталған мән-жайға аса назар аударуы тиіс.
Сонымен қатар алынған ақпаратты құпия сақтау бойынша лицензиаттың міндетінің әрекет етуінің шектері де болады. Егер тиісті ашу туралы талап, ондай ақпаратты алуға құқығы бар мемлекеттік органдармен мәлімделсе, конфиденциалдық туралы шарттың ережелері ескерілмейді. Екі тарап та ақпаратты пайдалануға қатысты шарттардың талаптарын анықтауға мүдделі. Ақпаратта табылған нақты емес мәліметтер туралы немесе ақпаратты пайдаланудың тиімділігін арттыру туралы тараптардың бір-бірін хабардар ету жағдайларын да шартта көздеген дұрыс. Шарттың тоқтатылуы оның мәтінінде көзделген жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. Соныман қатар шарт коммерциялық немесе қызметтік құпия өзінің құпиялылығын тоқтатқан жағдайда тоқтатылады, мысалы, ақпарат коммерциялық құпия болып табылмайтын мәліметтердің қатарына жатқызылса.
2.2 Коммерциялық ақпаратты заңсыз қолданудан қорғау және оның нысандары
Жоғарыда қорғау объектілерін анықтаудың өзекті мәселелерін талдап өттік. Қорғалатын ақпарат мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және басқа да қорғалатын мәліметтерді қамтиды. Әрбір қорғалатын ақпарат қорғауды реттеу саласына, оның ұйымдастырылуына және жүзеге асуына байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие. Осыған қарамастан, барлық қорғалатын ақпараттарды біріктіретін белгілер бар. Олар:
- ақпаратты қорғауды ұйымдастыру меншік иесіне жүктелген;
- ақпаратты қорғай отырып меншік иесі оның заңсыз қолданылуының алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асырады;
- ақпаратты қорғау барысында меншік иесі ақпаратқа қатысты иемдену, пайдалану және билік ету құқықтарын қорғайды.
Сонымен, ақпаратты қорғау дегеніміз – меншік иесімен ақпаратты иемдену, пайдалану және билік ету барысында туындайтын құқықтарын қорғау, ақпараттың бөгде тұлғаларға заңсыз таратылуын алдын – алу үшін ұйымдастырылған шаралардың жиынтығы [17, 104б.].
Кез-келген қорғалатын ақпарат басқару, ғылыми-зерттеу қызметтерінде кеңінен қолданылуда. Осыған байланысты қорғалатын ақпарат тек сақталып қоймай, үнемі қолданыста болады және жаңартылып тұрады. Бөгде тұлғаларға құпия мәлім болмауы үшін меншік иесі оны қолданудың, қорғаудың арнайы режимін орнатады.
Қазіргі кезде ақпаратты қорғаудың басты мақсаты – ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселенің туындауы бірқатар мән-жайларға байланысты: ақпаратты жинақтау және өңдеу қомпьютер арқылы жүзеге асыру кезінде ақпарат бастапқы мағынасын жоғалтады, бұзылады, қолдану шеңбері шектеледі.
Ақпаратты қорғау – бұл ақпаратты және ол сақталатын, жинақталатын, өңделетін тасмалдағыштардың қорғалуын қамтамасыз ету.
Ақпаратты қорғау – бұл меншік иесінің және құзыретті тұлғалардың:
- иемдену, пайдалану, билік ету құқықтарын қамтамасыз етуге;
- ақпараттың жоюылуының алдын-алу;
- ақпараттың толықтығын, біртұтастығын сақтауға;
- заңмен немесе өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген ережеге сәйкес қорғалатын ақпаратты құпия ретінде сақтауға бағытталған қызметтері.
Жалпы айтқанда ақпаратты қорғау мақсаты мемлекеттің, саланың, кәсіпорынның, фирманың құпия ақпараттық режимдік қамтамасыз етілуіндегі қызметі. Ақпаратты қорғау екі маңызды міндеттер тобына бөлінеді:
- Басқару, инженерлі-техникалық, маркетингтік және басқа да қызмет барысында туындайтын ақпараттық қажеттіліктерді уақтылы және толық қамтамасыз ету;
- Бәсекелес тұлғалардың ақпаратқа қол жеткізуін шектеу.
Бірінші топтағы міндеттерді жүзеге асыруда - мамандарды қажеті ақпаратпен қамтамасыз етуде мамандар құпиялы және құпия емес ақпаратты қолдана алады. Ашық ақпаратпен қамтамасыз ету шектелмейді, тек ақпараттың өзі болса болды. Құпия ақпаратпен қамтамасыз етуде бірқатар шектеулер бар: аранайы рұқсаты болуы (құпиялы ақпараттын қай дәрежесіне рұқсаты бар) және белгілі құпия ақпаратқа рұқсаты болуы. Маманның құпиялы ақпаратқа рұқсатына байланысты бірқатар келіспеушіліктер бар, бір жағынан ол, мүмкіндігінше құпиялы ақпаратқа қол жеткізуіне шектеу қою; екінші жағынан, оның ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру арқылы қызметтік міндеттерін шешуіне жол ашу. Жалпы, режимдік емес жағдайларда маман алдында түрған мәселені шешу үшін әртүрлі ақпаратты қолдана алады, олар: ретроспктивті, тар және кең тақырыптық, салалық және салааралық, фактографиялық және концептуалды болуы мүмкін. Маманды құпиялы ақпаратпен қамтамасыз ету барысында құпиялы ақпаратқа қол жеткізуі екі фактормен шектеледі: оның қызметтік дәрежесімен және шешілетін мәселемен.
Екінші
топтағы міндеттерді жүзеге
- Мемлекеттің ақпараттық тәуелсіздігін қорғау және әл-ауқатың нығайту мүмкіндіктерін кеңейту ақпараттық әлеуетің дамуын басқару арқылы жүзеге асырылады;
- Тұлғаның, кәсіпорынның, саланың, қоғамның ақпараттық ресурстарын тиімді қолдануына жағдай жасау;
- Қорғалатын ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Қорғау ережелеріне сәйкес ақпараттың құпиялығын сақтау, заңсыз көшірілуінің және суретке түсірілуінің алдын-алу;
- Ақпараттың толықтығын, тұтастығын сақтау;
- Азаматтардың жеке құпияға деген конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
- Заңсыз мемлекеттің, кәсіпорынның, жеке тұлғалардың зияткерлік меншік құқығын қолдануға тиым салу.
Құпиялы
ақпаратты қорғаудың
Біздің мемлекетімізде бұл қағидалар халықаралық және осы саладағы жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін ескере отырып жасалған. Осы қағидалар бекітілген нормативтік құқық актілер негізінен мемлекеттік құпияны қорғауға бағытталған. Бұл қағидалар әмбебап сипатқа ие болғандықтан оларды коммерциялық құпияны қорғауды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады. Осы қағидаларды қолдану арқылы кез- келген нысандағы заңды тұлғалардың ақпараттарын қолдануды кәсіби дәрежеде ұйымдастыруға болады. Ал, оларды ескермеу ақпаратты құпия түрінде сақтауды теріс әсерін тигізуі мүмкін. Шартты түрде бұл қағидаларды екі топқа бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық.
- Заңдылық қағидасы. Құқықтық мемлекеттің басты белгісі ол кез келген құқық субъектілерінің қызметі тек заң шеңберінде болуы. Ақпаратты қорғау саласындағы заңдылық қағидасы мемлекетте осы құқықтық қатынастарды маңызды бөлігін нормативтік құқықтық реттеуді ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Ақпаратты қорғау саласындағы субъектілердің құқықтары заңды бектілуі; ақпаратты қорғау ережелерінің болуы; құпияның мемлекеттік, коммерциялық деп бөлінуі; ақпаратты заңсыз қолданғаны үшін қылмыстық, әкімшілік, материалдық, моральдік жуапкершіліктін болуы – бұл тек құқықтық мемлекетте көзделеді. Мекеме және кәсіпорын қызметкерлері жұмыс талабымен құпиялы ақпарат мәлім болған, заң нормаларына сәйкес осы ақпаратты қоғауға байланысты құқықтарға ие болады және орнатылған қорғау режимін қамтамасыз ету үшін міндеттермен жүктеледі.
- Халықаралық құқықтың мемлекеттік құқықтан үстемдік қағидасы.
Біздің мемлекет халықаралық конвенциялары мен шарттарына өз
заңнамасың сәйкестендіру міндетін алған. Осыған сәйкес құпиялы ақпарат объектісі ретінде халықаралық конвенциялар мен шарттарға сәйкес мемлекет жария ететін мәліметтер қарастырыла алмайды, себебі ол әлемдік экономикалық қауымдастықтын мүшісе болып табылады. Бұл ұйымға мүшеліктің шарты ретінде мемлекеттің экономикасы туралы шынайы ақпаратты беру болып табылады. Демек, Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір ақпаратты құпия ретінде сақтауға құқылы. Әрбір тәуелсіз мемлекет ақпаратты құпия ету немесе етпеу мәселесін шешуге құқылы.
3. Тең құпиялық
қағидасы. Бұл қағида халықаралық
қатынастарда өзара
сенімділікті арттыру үшін қолданылады.
4. Меншік
және экономикалық тәуелсіздік
қағидасы. Қоғамда болып жатқан
өзгерістер меншікке қатысты
болып табылады. Ақпаратты иемденуге
және пайдалануға байланысты
бір қатар нормативтік
Ақпаратты
қорғаудың ұйымдастырушылық
1. Ақпаратты
қорғауға ғылыми көзқарас. Ғылыми
– техникалық прогресс
Американдық статистика
2. Ақпаратты
қорғауды ұйымдастыруға
Жүйелі көзқарас құпиялы
3. Құпиялы
ақпараттың мүмкіндігінше аз
тұлғаларға таратылуы – тағы
да бір ұйымдастырушылық
4. Құпияның
сақталуына жеке жауапкершілік
қағидасы. Бұл қағида егер де
әрбір құпиялы ақпаратқа
5. Өндірістік,
коммерциялык, қаржылық мәселелерді
шешудегі бірлік қағидасы. Бұл
қағида өндірістік, коммерциялық, қаржылық
мәселелерді шешу кезінде
6. Ақпаратты
үзіліссіз қорғау қағидасы. Бұл
қағида ақпараттын пайда
Коммерциялық құпияны қорғаудың нысандары. Коммерциялық құпияны қорғау мемлекетті құпияны қорғаумен техникалық жағынан бірдей болып келеді. Кез-келген ақпараттың құпиялығын сақтау мүмкін болады, егер де қорғау ережелері үнемі бұлжытпай орындалып тұрса.
Мемлекеттік және коммерциялық құпияны қорғаудың бірқатар айырмашылықтары бар, олар:
- мемлекеттік құпияны қорғау мемлекет шеңберінде ұйымдастырылады, ал коммерциялық құпияны қорғау кәсіпорын немесе фирма көлемінде болады;
- коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорын арнайы мемлекеттік органның кеңестеріне, көмегіне жүгінеді.
Коммерциялық құпияны қорғау дәрежесі ақпараттың маңыздылығына және оны қорғау шараларының бағасына сәйкес анықталады. Құпияны қорғау жүйесі, құпияға бөгде адамдардың қолжеткізуін шектеуге бағытталуы тиіс.
Кәсіпорында коммерциялық құпияны қорғау жүйесі арнайы элементерден құрылуы тиіс:
- кәсіпорынның ақпаратты қорғау қызметін жүзеге асыруын құқықтық реттеумен қамтамасыз ету;
- кәсіпорында ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық материалдық, инженерлі- техникалық жағынан қамтамасыз ету;
- коммерциялық құпияны қорғау шараларын жүзеге асыру, олар: қорғау жүйесінің қызметін үнемі бақылау, ақпараттың кету жолдарын анықтау болып табылады [ 21].
Осыған байланысты ақпараттарды қорғау меншік иесінің ақпараттарын иелену, пайдалау, билік ету құқықтарын қорғауға бағытталған, оның жариялануына заңсыз, санкциясыз еркін танысуға тиым салатын жүйелі шаралардың жиынтығы ақпарат иелері үшін маңызды болып табылады. Сондықтан да қорғалатын ақпарат сейфтар мен басқа да сақтау орындарында сақталады және ол үздіксіз қорғалады. Ақпарат жалпыға белгілі болып кетпес үшін, ақпарат иесі оны қорғаудың арнайы шараларының тәртібін белгілейді, оның айналым аумағын шектейді. Яғни құпия ақпараттардың айналымы арнайы шектелген және барлық уақытта да қадағаланатын режимде болады.
Құпияландырылған ақпараттың режимді аумақтан шығып кетуі, өзге тұлғалардың оның мазмұнымен танусы қаупін туындатады. Осыған байланысты, ақпаратты қорғау ретінде – ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді түсінуге болады. Ақпаратты қорғау ақпараттың меншік иесінің немесе өкілетті тұлғаның ақпаратты құпияландыруға, қорғалатын ақпаратқа өз иесінің иелену, пайдалану, билік ету құқықтарын қамтамасыз ету, ақпараттың жойылуы мен жариялануының алдын-алу, қозғалатын ақпараттардың толықтығын, дұрыстығын, нақтылығын сақтау, бойынша қызметтері ретінде қарастырамыз. Ақпараттарды қорғаудың ең негізгі әдісі – ақпараттарды құпияландыру. Ескере кететін жағдай, әрбір кәсіпорын бұл мәселені заңға сәйкес, өз мүмкіндіктеріне сәйкес жеке дара шешеді. Дегенмен, қазіргі кезде тәжірибеде өздерінің коммерциялық ақпараттарын құпияландырудың мәселелерін шешуге байланысты мынадай тиімді шаралар қалыптасқан:
- кәсіпорын басшыларының біріне қауіпсіздік шараларын қабылдау мақсатында осы жұмыстарды ұйымдастыру, іске асыру жауапкершілігі жүктеледі;
- білікті мамандар арасынан сараптамалық қызметін атқаратын комиссия құрылады;
- кәсіпорынның коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтер тізімінің жобасы жасалады;
- тізім кәсіпорын басшысымен бекітіледі.
Дайындалған
және бекітілген тізімде

- Коммерциялық банк
- Коммерциялық банк
- Коммерциялық банктегі несиелердің түрлері
- Коммерциялық банктер
- Коммерциялық банктер
- Коммерциялық банктер
- Коммерциялық банктер
- Комментарий – элемент справочного аппарата издания
- Коммерсечкое товароведение
- Коммерциализация инноваций
- Коммерциализация инноваций
- Коммерциализация интеллектуальной деятельности
- Коммерциализация новшеств
- Коммерция в сфере услуг