Коммерциялық банк
Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы.
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған сондықтан «коммерциялық банк» деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономикалық өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсету олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 – ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдары ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскелік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақша жасауы мен жоюында б.т. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақаш қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылым Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО – ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.)
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы – олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.
Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан,
оған облыстық басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшілер бағынышты болып келді.
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға мамандандырылған.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір – екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастырылуы
Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды. Яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.
Басқарма (банк кеңесі) – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиеттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитет құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық ( несие беру инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын тексеру).
Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
Директорлар кеңесі іс - тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.
- жоғарғы менеджерлер;
- администраторлар;
- қадағалау және ревизиялық функциялар берілген тұлғалар.
Жоғарғы менеджерлер - бөлімдер мен службалардың қызметтерін шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын банк жұмысының нәтижесіне аударды.
Администраторлар - бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты - өздерінің бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге – қадағалаушылар жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге басшылық ету тапсырылған неғұрлым мамандандырылған кәсіпқой мамандар.
Бақылаушы – бухгалтерлік және статистикалық бөлімінің жұмысын басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады.
Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері – банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады. Банктік іс тәжірибеде банктік ұйымдастырушылық құрылымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық.
Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы
басқалар жатқызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне байланысты шағын бөлімше құрылуы мүмкін.
Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылымы үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында, несиелік мекемелердің арасындағы бәсекелестіктің өсуі жағдайында қолданылады. Мұндай құрылымда банк бөлімшелері функционалдық белгілері бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын өнімдерінің түрлеріне сәйкес тұтынушылардың топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді. Бөлімшелер деген ұғымға әр түрлі құылымдық бірліктер – басқару бөлімдері, қызметтер, секторлар кіреді.
Тұтынушылардың әр түрлі топтарына бейімделген құрылым. Мұндай принциптер бойынша құрылған банктер өзінің басты назарын клиенттердің белгілі бір тобына бөледі, басқаша айтқанда белгілі бір тұтынушылардың сегментіне көңіл бөледі. Ірі банктердің құрылымында: корпарацияларға қызмет көрсету басқармасы, несиелендіру бөлімі, инвестициялық қызмет көрсету, трасталық операция; тиісті бөлімдері бар тұрғындарға қызмет көрсету басқармасы бар.
Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында бөлімдердің екі типін бөліп көрсетуге болады: желілік функцияларды орындайтын және штаптық функцияларды орындайтын бөлімдер.
Желілік бөлімдер тікелей операциондық жұмыспен айналысады: салымдық, несиелік, трасталық, бағалы қағаздарды сату сатып алу және т.б.
Штабтық бөлімдер – желілік бөлімдерге қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, инфрақұрылымдық оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл жоспарлау, кадрлар, заң, статистикалық бөлімдер. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын, банк басқармасы және басқару бөлімдері құрайды, олар банк операцияларының жіктелуін есепке алады, сәйкестендіре отыра олардың функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық, өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына үлкен көңіл бөледі.
Депозиттік операцияларды басқару банктің меншіктік капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдауым айналысады. Ол әдетте депозиттік операция, қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен шарт жасасумен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады, екіншісі банктік меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен айналысады.
Несиелік басқарма қарыз алушыларды несиелендіру сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді несиелендіру, банкаралық операция және тағы басқа бөлімдерден тұрады.
Есеп-кассалық
операциялар басқармасы –
Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық
ақпараттарды талдау, жинаумен және клиенттерге
ақпараттық – анықтамалық қызмет көрсетумен
айналысады.
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша – қысқа мерзімді (1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттерліп жасалған несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.
Лизингтік операциялар. «
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизинг түрлері:
1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал – жабдықтар.
2.Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал – жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
Факторингтік операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
- қарыздық
талаптарды алдын ала төлеу
формасында несиелеудің
- жабдықтаушымен бухгалтерлік есеп жүргізу мен өткізу есебінен;
- жабдықтаушы қарызын инкассалау;
- несиелік
тәуекелден жабдықтаушыны
Факторингтік келісімнің бірнеше типі бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса, қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қарыздардың пайда болуынан толық қорғау, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге төлем формасындағы несиелеу.
Регистік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтауды көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпаративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. «Траст» - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады.
Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қасымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпарациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты - қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).
Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма басқарма, орташалары мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздарға деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму самтысында.
Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитентердің бағалы қағаздармен сауда – саттық операцияларды жүргізеді. Берілген опрерациялар
бірнеше
қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі
жоғары табысты активтерді қалыптастыру
құралы бола алады. Бұл операциялардың
басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық
табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының
бағалық коньюнктурасы
Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер
тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.
Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды.
Дәстүрлі түрде қаражаттардың
негізгі бөлігін депозиттер
орналастару жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі
қалады.
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау
тұрғысынан қарағанда талап еткенге
дейінгі депозиттер, мерзімді және
жинақ салымдары деп
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшырармен алынуы, немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналыстырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар меншік меншікті салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауын бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай ақ ол өз ақшаларын кез-келген келесі күндерде кері ала алады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсыну керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздардың төлеудің жинақ салымдары құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын қолданалды. Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
-
ақылы негізде депозиттерді
-
клиенттер мен банк
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер беру;

- Коммерциялық банк
- Коммерциялық банктегі несиелердің түрлері
- Коммерциялық банктер
- Коммерциялық банктер
- Коммерциялық банктер
- Коммерциялық банктер
- Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар
- Коммерсечкое товароведение
- Коммерциализация инноваций
- Коммерциализация инноваций
- Коммерциализация интеллектуальной деятельности
- Коммерциализация новшеств
- Коммерция в сфере услуг
- Коммерциялық ақпараттың құқықтық режимі