Компьютер архитектурасы
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Машинаны ұйымдастыру: Фон Нейман принципі.
2.Басқару құрылғысы,команда типтері мен команда жүйелері.
3.Тьюринг машинасы және Пост машинасы.Соңғы автоматтар.
III.Қорытынды.
Кіріспе
Компьютер – деректерді құру, сақтау және тасымалдауды автоматтандыруға арналған электрондық құрал. «Архитектура» сөзін ЭЕМ үшін қолданғанда, ол пайдаланушыға қажет компьютер сипаттамаларының жиынтығы деп түсінуге болады. Олар – ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен блоктары және олардың арасындағы байланыстар құрылымы.
ЭЕМ құрудың жалпы принциптері:
- ЭЕМ жадының құрылысы
- жадыға және сыртқы құрылғыларға жету жолы
- компьютер конфигурациясын өзгерту мүмкіндігі
- командалар жүйесі
- деректер форматы
- интерфейсті ұйымдастыру
60-ж. ортасынан бастап
есептеуіш машиналарды жасау
үшін, аппараттарды және
ЭЕМ архитектурасы деп
сәйкес есептер класстарын шығару үшін,
ЭЕМ-нің функционалдық
Алғашқы компьютерлер тек
қана есептеулер үшін қолданылған болатын
(«компьютер» және «ЭЕМ» терминдерінің
шығу тегі де осыған байланысты). Ең алғашқы
шыққан бағдарламалау тілі — Фортран
тілі де осы себепті тек қана есептеулер
шығаруға арналған болатын. Екінші жолы
— мәліметтер базасы үшін. Бірінші
кезекте бұлар үкіметтерге және
банктерге қажет болатын. Мәліметтер
базасын басқару үшін күрделі
компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару,
сақтауға қажетті күрделі жүйелер
қажет болды. Осы мақсаттарда
Кобол тілі пайда болды. Кейінірек
пайда болған мәліметтер базасын
басқару жүйелерінің өз бағдарламалау
тілдері бар болатын. Үшінші жолы
— әр түрлі құрылғылармен бірге
қолдану. Даму жолы арнайы мамандандырылған
(көп жағдайда аналогтық) құрылғылардан
стандартты компьютерлік жүйеге дейін
болды.Компьютерлер қолданылатын салалардың
ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған
саласы жасанды интеллект —
Программадағы командалар қолмен
енгізілді; программаны енгізгеннен
кейін орындалу тәртібі тек бүкіл
программа орындалып болғаннан
кейін ғана өзгертуге болатын
еді. Әрбір жаңа программа ажыратқыштарды
және алынып-салынатын
ENIAK машинасында программалаудағы
қиындықтар осы жобаның
- арифметикалы-логикалық
құрылғы, арифметикалық және
- жадтайтын құрылғы немесе бағдарламалар мен деректерді сақтайтын жад;
- басқару құрылғысы, ол
бағдарламаларды орындау
- ақпараттың енгізу-шығару, сыртқы құрылғылары.
ЭЕМ-нің құрылымы оның техникалық
көрсеткіштері мен
1) Процессор
2) Негізгі жады (есте сақтау құрылғысы)
3) Шеткі аймақтық құрылғылар
Негізгі жады ақпаратты сақтауға арналған. Ол өзі: оперативтік жад және тұрақты жад деп екіге бөлінеді.
ОЗУ – оперативтік жады
ПЗУ – тұрақты жады
Оперативтік жадыға осы кезде
қажетті ғана ақпарат сақталады.
Компьютер өшкен кезде
Тұрақты жады ақпаратты оны дайындау барысында электрондық немесе механикалық әдіспен жазылады.
1) Д.К. қайта қосқан
кезде жүйелік блоктың жұмыс
істеуін тексеретін тестті
2) Шеткі аймақтық құрылғылар (дискжетек, пернетақта, монитор және т.б.) жұмысын басқаратын бағдарлама.
3) Дискінің қай жерінде
операциялық жүйе
Негізгі жады регистрлерден
тұрады. Регистр – ақпаратты екілік
кодта уақытша сақтайтын
Регистрдегі триггерлер саны компьютердің разрядтылығы немесе өнімділігі деп аталады. 8, 16, 32, 64 және т.с.с.
Процессор немесе микропроцессор
Бұл құрылғының негізгі атқаратын қызметі машина жадына келетін ақпаратты түрлендіру. Процессордың құрамында басқару құрылғысы, арифметикалық логикалық құрылғы, регистрлер болады.
Процессорлардың бір – бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модель) және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші – мегогерцте.
Кең тараған түрлері:
INTEL 8088 – 5Mhz
INTEL 80286 – 20Mhz
………………….
INTEL 486 – 100Mhz
Pentium – 75Mhz
………………….
Pentium 4 3000Mhz
Процессордың жұмыс
Кейде құрылымның ерекшеліктеріне қарай 1 модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әр түрлі бола береді. Жиілігі артқан сайын оның жылдамдығы да өсе түседі. IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және басқалардың үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.
Процессор мен негізгі жады аналық платада орналасады. Қосымша плата контроллер арқылы дискжетек, тышқан, принтер және т.б. магистраль проводтар (шина) арқылы байланыстырылады.
Жүйелік блок құрамы: Микропроцессор, оперативті жады, аналық плата, қоректену блогы, қатқыл диск, және т.б.
Мәтіндік және графикалық ақпаратты шығару үшін монитор немесе дисплей қолданылады.
Шеткі аймақтық құрылғылар.
Принтер: мәтінді немесе графикалық ақпаратты қағазға түсіру (матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш).
Плоттер немесе график сызғыш: үлкен форматтағы графиктік мәліметтерді қағазға шығаруға арналған.
Сканер: графиктік немесе мәтіндік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған.
CD ROM: компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы.
Модем: телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы.
Стример: мәліметтерді магниттік лентада сақтауға арналған.
Желілік адаптер: компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.
ДҚ құрылымы
АЛҚ – арифметико-логикалық құрылғы
БҚ – басқару құрылғысы
Дербес компьютердің енгізу құрылғылары және оның атқаратын қызметі:
ДК-ның негізгі шығару құрылғыларына тышқан, пернетақта, сканер, терте (Джостик) жатады.
ТЫШҚАН – Компьютердің негізгі енгізу құрылғысының бірі болып табылады. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол – ақ, қара, сұры, т.б. түсті иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Тышқанның екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы тышқан жиі пайдаланылады, себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. Ол компьютердің жұмысын басқаруға арналған.
ПЕРНЕТАҚТА – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.
СКАНЕР (Мәтіналғы) – қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, монитор экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады. Кескін сканерленгеннен кейін, графикалық бағдарламаларда оларды өңдеуге (үлкейтуге, кішірейтуге, қайта бояуға т.б) болады. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі-түсті болады.
ТЕРТЕ (ДЖОСТИК) – ол компьютерлік ойндарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған енгізу құралының бір түрі. Терте қорап пен басқарушы тұтқадан тұрады және тұтқада немесе қорабында орналасқан бір немее бірнеше батырмалар болады. Тұтқа мен батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекеттері беріледі.
Дербес компьютердің шығару құрылғылары және оның атқаратын қызметі:
ДК-ның негізгі шығару құрылғыларына монитор, принтер, құлаққап және дыбыс ойнатқыштар жатады.
МОНИТОР – Ақпаратты компьютердің экранында шығаратын құрылғы. Ол компьютердің тілі, оның көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады.
ПРИНТЕР – ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол мониторға не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін қалауымыз бойынша ақ-қара немесе түрлі түсте шығаруға болады. Принтердің бірнеше түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.
ҚҰЛАҚҚАП – әр түрлі дыбыстар мен әуендерді шығаруға арналған қосымша құрылғы. Оның алуан түрлері бар.
ДЫБЫС ОЙНАТҚЫШ – бұл құрылғы да дыб ыстар мен әуендерді ойнатуға арналған шығару құрылғысына жатады.
Джон фон Нейман принципі
XX – ғасырдың 40 — жылдары
пайда болған алғашқы ЭЕМ-
Информацияны өңдейтін құрал әмбебап және тиімді болуы үшін келесі фон Нейман принциптері бойынша құрастырылуы тиіс:
1. Информация екілік сан
жүйесінде бейнеленеді (
ЭЕМ-де екілік жүйенің қолданылуы информацияны сақтау, жеткізу мен өңдеудегі электрондық схемалардың ерекшеліктеріне байланысты. Нольдер мен бірлерден тұратын жиындар сандарды, командаларды және т.б. информациялық объектілерді бейнелейді; оларды сөздер деп атайды.
2. Әртүрлі типтегі информация
сөздері (сандар мен
3. Информацияның сөздері машина жадысының ұяшықтарына (ячейкаларына) орналасады; әрбір ұяшыққа номер беріледі, ол номер сонда жазылған сөздің адресі деп есептелінеді.
Сөзді жадқа жазу үшін ұяшықтың номері көрсетіледі, ал оны пайдалану қажет болса, онда оның адресі бойынша тауып алынады. Сонымен, ұяшық адресі онда жазылған команданың немесе шаманың идентификаторы (машиналық аты) болады. Ұяшықтан алынғанда ондағы сөз өзбетімен жойылмайды; оны өшіргенше қолдануға болады. Ұяшықтағы сөзді өшіру үшін оның орнына басқа сөзді жазу керек; сонда бұрынғы сөз өшіріліп, жаңа сөз соның орнына жазылады.
4. Алгоритм командалар
деп аталынатын басқарушы
5. Есептеулердің орындалу
тәртібі алгоритммен анықталып,
Осы аталынған принциптер бойынша ЭЕМ–нің келесі түрдегі құрылғылары болуы тиіс:
-
арифметикалық-логикалық
-
басқару құрылғысы
-
жад немесе еске сақтау
-
сыртқы құрылғылар информацияны
енгізу және шығару үшін
Компьютерлік құрылғыларды
қарастырғанда олардың
ЭЕМ–нің архитектурасы дегеніміз оның логикалық ұйымдастырылуы, функционалдық құралдарының құрамы мен міндеттері, кодтау принциптері және осы сияқты информацияны өңдеуге қажеттілердің барлығы.
ЭЕМ-нің құрылымы дегеніміз оның элементтері мен олардың арасындағы байланыстардың жиыны.
ЭЕМ–нің барлық құрылғылары бір-бірімен байланысқан; байланыс жолдары арқылы информациялық және басқару сигналдары жеткізіледі. Сигналды информацияны жеткізудің материалдық (физикалық) тасымалдаушысы ретінде қарастыру керек. Қазіргі кезде информацияны жеткізу үшін электр сигналы пайдаланылады. Сигналды анықтайтын физикалық шама ретінде токтың күші немесе кернеуі болады. Сигналдарды бір мезгілде (синхронизация) жеткізу үрдісі ырғақтық импульстер генераторының (ГТИ-генератор тактовых импульсов) шығаратын ырғақтық импульстері арқылы орындалады.
Информация сақталынып,
қажет кезде оны ешбір
Жад дегеніміз деректерді қабылдап, болашақта қажетке жаратуға мүмкіндік беретін компьютердің құрылғысы.
Информация өңдеуші
- регистрлік жад;
- негізгі жад,
- кэш-жад (сache),
- сыртқы жадтар.
Бұлардан бөлек жадтардың болуы мүмкін, мысалы, видеожад.
Регистрлік жад процессордың құрамында орналасқан, оның көлемі үлкен болмайды; ондағы информация есептеулерде немесе енгізу-шығару амалдарында тікелей қолданылады.
Негізгі жад өңдеу үрдісіне немесе деректер алмасуда тікелей қолданылатын информацияны оперативті (жедел) түрде сақтауға арналған. Ол интегралдық схема күйінде құрастырылып, екі түрге бөлінеді:
- тұрақты еске сақтау
құрылғысы (ROM – Read Only Memory – оқуға
ғана арналған жад)
- оперативті (жедел) еске
сақтау құрылғысы (RAM – Random Access
Memory – еркін қол жететін жад)
ағымдағы мерзімде орындалатын
информациялық – есептеу
Негізгі жад өте көп элементтерден тұрады. Элементтердің әрқайсысы екі (0 немесе 1 арқылы бейнеленген) жағдайдың бірінде болады. Жадтың элементтері топталып, ұяшық түрінде болады. Ұяшықтар сөздерді сақтау үшін қолданылады. Әрбір ұяшықтың номері сонда орналасқан сөздің адресі болып есептеледі; сол адрес бойынша қажетті информация сөзін табуға болады. Жадтың сапасын анықтайтын қасиеттері мен көрсеткіштері бар. Олардың негізгілері мыналар:
-
информациялық сыйымдылығы -
сақталынатын информация
-
қол жеткізу уақыты –
-
жазу уақыты – деректер
-
құрылымы – жадтағы
Бұлардан бөлек басқа да жадтың көрсеткіштері қолданылады, мысалы, бір бит құны, пайдаланатын электр қуаты, статикалық немесе динамикалық типке жатуы және т.б.
Информацияны өңдейтін негізгі техникалық құрал компьютер болғандықтан, оның техникалық ерекшеліктеріне байланысты, ондағы информация белгілі бір тәртіппен бейнеленуге тиісті. Біріншіден, компьютер — электрлік жүйе, электр қуатымен жұмыс істейді. Эл ектр тогының екі ғана тұрақты жағдайы болады: өткізгіште ток бар немесе жоқ. Осыған байланысты, фон Нейманның принципі бойынша, информация компьютер жадында екілік жүйеде немесе екі цифрдың (0 және 1) көмегімен бейнеленеді. Оны екілік жүйедегі кодтау деп те атайды.
Екілік жүйеде бейнеленген
информацияны сақтауға арналған ЭЕМ-нің
жадының ұяшықтары мен
Регистр (латын сөзі regestum
– енгізілген, жазылған) жадтың
арнайы ұяшықтары; регистрлер орталық
процессорда тікелей
Үлкен көлемді информацияны сақтайтын жадтың көлемі келесі өлшем бірліктерімен өлшенеді:
1 Кбайт = 1024 байт = 210 байт;
1 Мбайт = 1024 Кбайт = 220 байт = 1 048 576 байт;
1 Гбайт = 1024 Мбайт = 230 байт = 1 073 741 824 байт;
1 Тбайт = 1024 Гбайт = 240 байт = 1 099 511 627 776 байт.
Мұндағы: Кбайт – килобайт, Мбайт – мегабайт, Гбайт – гигабайт, Тбайт – терабайт.
Жадтың ұяшықтары мен регистрлері жад элементтерінен тұрады. Әрбір осындай электрлік элемент екі жағдайдың бірінде болады: конденсатор зарядталынған немесе зарядталынбаған, транзистор өткізгіш немесе өткізбейтін жағдайда және т.б. Осы физикалық жағдайлардың бірінде жоғары шығатын кернеу құралса, ал басқасында – төменгі кернеу пайда болады. Көпшілік жағдайда бұл 4-5 вольт және 0 вольт электр кернеуі; біріншісі екілік жүйенің 1 деген мәні болса, ал екіншісі – 0 болады. (Керісінше де болуы мүмкін; ол кодтауға байланысты).
Кэш-жад ағымдағы информация алмасу амалдарында қолданылатын информацияның көшірмесін сақтауға арналған. Ол өте жылдам орындалатын, көлемі кішігірім жад. Ол көбінесе жылдамдықтары әртүрлі микропроцессор мен оперативтік жад арасында информация алмасу үшін қолданылады.
Сыртқы жадтар үлкен көлемді информацияны ұзақ мерзімге сақтауға арналған; оларға келесі жадыларды жатқызуға болады:
- қатты магниттік дискілер (винчестер);
- майысқақ магниттік дискілер (дискеталар);
- оптикалық дискілер;
- магнитоптикалық информация тасымалдаушылары;
- ленталар (стримерлер).
Осылардың ең жиі қолданылатындарының бірі – майысқақ магниттік дискілер немесе Floppy Disk Drive (FDD). Мұнда цифрлық информацияны магниттік жазу принципі қолданылған. Бұл жазу үрдісінің негізін информация тасушы (дискета) мен оның бетімен қозғалатын өте кішігірім электромагниттің арасындағы бір-біріне әсері құрайды. Дискеталардың көмегімен информацияны бір компьютерден екіншісіне көшіруге, информацияның көшірмесін сақтап қоюға болады. Информацияны жазу немесе оқу үшін ол белгілі бір бөлімдерге бөлінеді. Оны форматтау деп атайды. Форматтау нәтижесінде дискета жолдар (тректер) мен секторларға бөлінеді.
Компьютердің негізгі құрылғысының бірі — қатты магниттік дискі немесе винчестер (Hard Disk). Ол деректер мен программаларды тұрақты түрде ұзақ мерзімде сақтау үшін қолданылады. Оның жұмыс істеу принциптері майысқақ дискілерге ұқсас. Қазіргі кездегі винчестерлердің көлемі өте үлкен: ондаған, жүздеген Гбайт болуы мүмкін. Процессор деректерге сұраныс жасаған сәттен оны алғанға дейінгі уақыт мерзімін информацияны алу уақыты деп атайды; ол жадының негізгі сипатының бірі болады. Қазіргі кездегі винчестер үшін бұл көрсеткіш 7-9 мс. Дискінің деректерді беру мүмкіншілігін сипаттайтын көрсеткіш оның енгізіу-шығару арналарына байланысты. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 60 Мбайт/с деңгейіне дейін жетеді. Жұмыс өнімділігін көтеру мақсатымен соңғы кезде шығарылып жатқан винчестерлер кэш-жадымен қамтамасыз етілген. Оның көлемі шамамен 2 Мбайт болады. Қатты диск процессормен өзінің контроллері арқылы байланысқан. Жадтарды ондағы деректерді алу тәсілі бойынша да жіктейді. Бұл көрсеткіш бойынша, жадтар екі түрге бөлінеді: деректерді тікелей алу (прямой доступ) және деректерді бір ізді алу (последовательный доступ).
Деректерді тікелей алу тәсілі бойынша қажетті информация жадтың элементінен тікелей адресін көрсету арқылы алынады; деректерді тікелей алуды қамтамасыз ететін жадтарға RAM, ROM және дискілік жадтар жатады. Ал деректерді бір ізді алу тәсілі бойынша – информация жадтағы жазылу тәртібі (немесе кері) бойынша оқылады; бұл тәсіл бойынша жұмыс істейтін жадтарға магниттік ленталар, файлдық және циклдық жадтар мен «соңында келіп – бірінші шығу» (FIFO – Fist In – Fist Out) принципі бойынша құрастырылған жад жатады.
Информация магниттік дискілерде сақталынғанда белгілі бір тәртіппен орналастырылады. Ондағы сақталынатын информацияның бірлігін файл (file – папка — десте) деп атайды.
Файл дегеніміз сыртқы жадтың белгілі бір ат берілген облысында орналасқан, толық түрде өңделінетін деректердің жиыны. Файл құрамында программа, сандық деректер, мәтін, кодталынған бейнелер және т.б. болуы мүмкін. Файлға ат беріледі. Оның аты екі бөлімнен тұрады; біріншісі өзінің жеке аты болса, ал екіншісі оның атының кеңейтілуі деп аталынады. Файл атының кеңейтілуі ондағы информацияның типін көрсетеді. Мысалы, prog100.pas – Паскаль алгоритмдік тілінде жазылған программа орналасқан файл болса, prog100.exe – орындалуға дайын программа.
Дискіде жазылған файлдардың саны өте көп болуы мүмкін, сондықтан олармен жұмысты жеңілдету үшін каталог жүйесі қолданылады. Файлдар иерархиялық каталог жүйесіне орналастырылады.
Оптикалық дискілердегі информацияны оқу үшін немесе оған жаңа информацияны жазу үшін лазер сәулесі қолданылады. Мұндай дискілерге жататындары: CD-ROM, CD-R, CD-RW, DVD.
CD-ROM (Compact Disk Read-Only Memory) – оқуға
ғана арналған компакт-диск; өте
үлкен көлемді (780 Мбайт) информацияны
сақтауға арналған; ондай дискіде
анықтама жүйелерін, көп
CD-R (Compact Disk – Recordable ) – деректерді оқуға және бір рет жазуға арналған.
CD-RW (Compact Disk Re-Writable) – деректерді оқуға және көп рет жазуға арналған.
DVD (Digital Versatile Disk) – жалпыға пайдаланылатын цифрлық дискі, оның көлемі 17 Гбайтқа дейін жетеді.
ТЬЮРИНГ МАШИНАЛАРЫ
Тьюринг машиналары.Сыртқы
және ішкі альфавиттер,
Егер алгоритм түзу құрылымын қарастырса, онда оларды түзудің үш негізгі типін: сызықтық, тармақталатын, циклдік-ерекшелеуге болады.
Орындаушы командалардың орналасу ретіне қарай бірінен кейін бірін орындайтын алгоритм сызықтық деп аталады.
Орындаушының әрекеті қандай да бір шарттардың орындалу нәтижесімен анықталатын алгоритм тармақталатын деп аталады.
Кейбір жеке командаларды немесе командалар тобын орындағанда бірнеше рет қайталанатын алгоритм циклдік деп аталады.
Көптеген алгоритмдер осы
Жоғарыда сипатталған алгоритм анықтамалары интуитивті деп аталады, себебі олар адам түсінігіне есепке алады. Бірақ математиканың өзінің есептерін шешу үшін алгоритм ұғымын анықтап алу қажеттігі пайда болды. Алгоритмнің математикалық анықтамасы ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының ортасында үш типті модельдерде алынды:
Есептелгіш (рекурсивті) функциялар теориясы;
Ақырлы, ақырсыз автоматтар теориясы;
Марковтың нормалы алгоритмдері.
Бірінен-бірі тәуелсіз тарихи пайда болған бұл тәсілдер, соңыра өзара эквивалентті болып шықты. Алгоритм ұғымын тұрпаттандырудың негізгі мақсаты мынада: әртүрлі математикалық есептердің алгоритмдік шешімділігі мәселесін шешуге жол ашу, яғни есеп шешіміне әкелетін алгоритм құруға бола ма?- деген сұраққа жауап беру. Біз осы мәселенің қойылуын және есептердің алгоритмдік шешімділігі теориясының кейбір нәтижелерін қарастырамыз, бірақ алдымен Пост, Тьюринг машиналары және Марковтың нормалы алгоритмдері мысалында автоматтар теориясындағы алгоритм ұғымын тұлғатандыруды, сонан соң рекурсивті функциялар теориясы негіздерін талқылаймыз.
Өздеріне
арналған программалардың қасиеттері
туралы әртүрлі тұжырымдауды дәлелдеуге
арналған абстракты ( яғни шын емес,
тек қиялда ғана бар) Пост пен
Тьюринг машиналарын
Пост машинасы
Пост абстракты машинасы, жазатын немесе оқитын түбіртек арқылы не ен жазылып, не ен оқылатын жеке секцияларға (ұяшықтарға) бөлінген ақырсыз таспа болып табылады.
1.16. сур. Пост абстракты машинасы.
Таспа
(немесе түбіртек) командаға байланысты
бір адым солға немесе оңға ауыс
қимыл жасай алады. Таспа әрқашан
түбіртектің қарсы алдында
Команда |
Таспаның күйі | |
командадан кейін | ||
Түбіртектің оңға қозғалуы |
|
|
Түбіртектің солға қозғалуы |
|
|
М енін жазу m |
|
|
С енін өшіру m |
|
|
Басқаруды беру |
|
|
Тоқтау стоп n |
|
|

- Компьютер архитектурасының тарихына шолу
- Компьютер архитектурасы. Санау жүйелері Компьютер жадысының жіктелуі. Жад және жадтың түрлері
- Компьютер буындары
- Компьютер в жизни современного школьника
- Компьютер в медицине
- Компьютер в учебно-воспитательном процессе
- Компьютерде іс жүргізудің ерекшелігі
- Компрессоры холодильных машин
- Компромисс в уголовном процессе
- Комп'терний дискурс
- Комптона эффект
- Компьтеры пятого поколения
- Компьютационная социология
- Компьютер