Конституция латын тіліннен

“Астана медициналық университеті” АҚ

Кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:Утеген А.

Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2014

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конституция латын тіліннен (constitutio) – заң, тұрақтылық деген маңынаны білдіреді.

Қазақ елінің Конституцияларының тарихына көз жүгіртсек. Қазақ Совет социалистік республикасы совет мемлекеттердің одағында болғанда халық бірінші – Сталинің (05.12.1936ж) және Л.Брежневтің кезіндегі қабылдаған 25.10.1977ж Конституциялармен өмір сүрді. Аталған Конституцияларда көрсетілген әр бір ел өз еркімен одақтан шығыуға болады, өкінішке орай ол іске аспай қалды, себебі мемлекетте егемендік болған жоқ. Мемлекетің бір негізгі белгісі ол егемндік.

1990 жылы 25 қазаңда  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Декларация  қабылданды, ал 1991 жылы 16 желтоқсанда  біз өз егемендімізді, тәуелсіздігімізді  алдық. 28 қантарда 1993 жылы Қазақстан  Республикасының Жоғарағы кеңесінің  тоғызыншы сессиясында дербес, тәуелсіз  мемлекеттің тұнғыш Конституциясы  қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда бүгінгі азаматтарымыз өмір сұріп жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Конституция – мемлекетің, оның ішінде қоғамның тынысын, елдің қатынасын реттейді. Мемлекет, қоғам әрдайым заңсыс болған емеес. Сондықтан адам үшін маңызды заңның бірі Ата заңымыз Конституция. Көптеген елдер оқу орындарында Конституцияны басты пәнінің бірі етіп оқытады. Заң сыйламайтың, білмейтін маман ертең еліне қызмет ете алмайды, пайда келтірмейді.

Дегенмен де қазақ даласында мемлекеттілік болғанынан бастап, сол XIII-XV ғасырдан бері бізге белгілі, Алтын орда дәүіріндегі Шынғысханын «Ясасы», Қазақ хандығы тұсындағы «Қасым ханның қасқа жолы», одан кейін «Есім ханның ескі жолы», Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» пайда болды. Қасым ханның заңында «қанға қан» принцип болса, Тәукенің «Жеті жарғысында» «қанға құн» принципі қосылды.

Конституция бүгінгі күн мен болашаққа арналып жазылада, қабылданады. Конституциясыз мемлекет тіршілік жүргізе алмайды, Ата заңсыз мемлекет болмайды, Конституция – тірек заңымыз. Ал осы заңның негізінде басқа заңдар қабылданып, тармақталып жатады. Мемлекеттің болашағы, тағдыры қабылданған Конституция қағидаларына байланысты. Осы ебептен Ата заңды – Конституцияны құрметтеу қажет.

Жақында 30 тамызда біз өз еліміздін Конституциясының 15 жылдығын атап өттік. Соған арналған конференцияда Ел басымыз Н.А.Назарбаев Конституцияны дамыту тұралы шаралап айты. Конституцияның басты идеясы – адамның құқығын сыйлау. Барлық заңдар Конституцияға сай болу қажет. Заң біздің күнделікті жүріс тұрысымызды бір қалыпқа келтіріп отырады. Біздің біреуден жәбір көрмеуімізді және біреуге жамандық жасаумызды қадағалмайды.

Конституция – азаматтарымыздың отаншылық сезімін күшейтеді. Оқу орындарында, басқа да мекемелерде Конституция күнінің маңыздылығы туралы үнімі түсіндіріліп отыру керек. Қазақстан халқын біріктіретін, құқықты орындататын ол Ата заңымыз – Конституция.

Кәзіргі таңда қоғамда Конституциялық мәдениет қалыптасып келеді. Адам болғасын заң бұзушылықтар болып тұрады, бірақ оны заңмен реттейтін институтар, органдар бар. Солардың жұмысын жетілідіру қажет. Соның бір жетістігі, жуырда Елбасымыз қабылдаған құқықтың реформа.

Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар құқық нормаларының жүйесі деп тұжырымдайды. Ол бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші әрі реттеуші негізгі заң болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы сөз қозғағанда тәуелсіздік алуға, өзіміздің Конституцияны қабылдауға себеп болып табылған кейбір тарихи сәттерді атап өткен жөн.

Қазақстанда конституциялық құрылыс идеялары өз қайнар көзімен ғасырлар бойы жалғасын таба бермек. Олардың қалыптасуына «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты XV-XVIII ғасырлардың заңдар жинағы маңызды рөл атқарды.

Ел тарихында бес Конституция болған, соның ішінде қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Конституция. Бұағн дейінгі қолданылған Конституциялар 1926, 1937, 1978 және 1993 жылдары қабылданды.

1926 жылы қабылданған  бірінші қазақстандық Қонституцияның  декларациядан ешқандай өзгешілігі  болған жоқ. Ол мазмұны және  нысанымен РКФСР Конституциясына  сәйкес келіп, декларацияның барлық  ережелерін енгізген болатын. Қазақстан  Кеңес Федерациясының тура субъектісінің  мәртебесін алсада, нақты, заңды  түрде де тәуелсіздігімен атазаңдығына  ие болған жоқ.

Қазақстанның өз егемендігін нақты жүзеге асыруы Республикалық Жоғары Кеңесімен 1990 жылы 25 қазанда қабылданған тарихи үлкен маңыздылығы бар құжаты — Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясынан басталады.

Декларацияның тарихи маңызы республиканың мемлекеттік егемендігіне нақты мазмұн беруімен құнды.

Декларация Қазақстан Республикасының егеменді мемлекетінің мәртебесін іске асырған елдің жаңа Конституциясы мен басқа да заңнамалық кесімдер әзірлеуге негіз болды. 1991 жылы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» консититуциялық заңды, 1993 жылғы Қазақстан Конституцияны және қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Ата заңды қабылдауымен тәуелсіздік мемлекет ретінде біздің еліміздің конституциялық ресімдеуінің қалыптасуы аяқталды.

АҚШ-та тәуелсіздік Декларациясының авторы Т.Джефферсон, ал АҚШ Конституциясының атасы Д.Мэдисон, Франция Конституциясының дем берушісі және идеологы генерал Шарль де Голль болса, жаңа тәуелсіз мемлекет — Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаудың ұйымдастырушысы, дем берушісі және авторы Елбасы Н.Назарбаев болғандығы бәрімізге аян.

Қазақстан Республикасы Конституциясының Франция Конституциясына ұқсас тұстары өте көп. Дегенмен де, еліміздің жаңа Конституциясын дайындау барысында қазақ елінің өткен тарихтағы дәстүрлерінің көрініп тұратын болуы да ұмыт қалған жоқ. Елбасы Н.Назарбаев енгізген қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу принциптері ұзақ талас пікірлерден кейін жобаға енгізілді.

Аталған принциптердің ішінде Қытай халқының қоғамдық қайраткері және саяси ойшылы Сунь Ятсеннің ХХ ғасырдың басында ұсынған «халықтық үш принцип» идеяларына ұқсайтындары бар. Оларды атап айтар болсақ — қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім, халық игілігі үшін жасалатын экономикалық реформалар. Бұл принциптер Конституцияның халық алдындағы рухын көтеріп ғана қоймайды, Ата Заңның барлық нормаларының осы принциптерге сәйкес келу қажеттігін де ұғындырады.

Бүгінде біздің еліміз 1995 жылғы Конституция бойынша өмір сүреді. Ол қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің одан әрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. Бүкілхалықтық референдумда қабылданған осы Негізгі Заң, шын мәнінде, қоғамдық келісімге айналды, сол бойынша өкімет Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке айналдыруды өзіне басты міндет етіп алды, ал азаматтар Конституцияны және еліміздің заңдарын бұлжытпай орындауға жауапкершілікті өз мойындарына алды.

Бүгінгі күні Қазақстан ішкі тұрақтылыққа жетті, әлеуметтік даму базасының сенімділігі қамтамасыз етілді, өңірдегі ең үздік экономика құрылды.

ҚР Конституциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеологиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi бұл Ата заң ҚР-нда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады. Олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).

Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi. “Жалпы ережелер” деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi, т.б.

ҚР Конституциясының жоғары тұрғандығын арнайы мемлекеттік орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚР Конституциясының 74-бабына сәйкес, КР Конституциясына кереғар деп танылған заңдар мен халықаралық шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшiне енгiзiлуге тиiс емес. Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды.

Өркенді дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Конституциямызда Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы жазылған бапта Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу және сақтау көрсетілген. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. 
Қазақстан қоғамының ұзақ жылдарға арналған өркенді дамуының бағытын нық айқындап берген Конституцияға біздің де айтар алғысымыз мол. Өйткені, біздің Ата Заңымыз — Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі. 

Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.

Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты.  Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.

Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.

Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп  жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының  тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.

Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады.  “Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады.  Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық”  нақты жазылған.

Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті  біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.

Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.

Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.

Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.

Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.

Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  жалпы  түсінік  берілген  және  ол  осы  тектес  актілерде  өте сирек  кездеседі. Оның  айқын сипатталуына  байланысты  «қолданыстағы құқық ұғымына  конституциялық түсініктеме беруге тура келеді. Қазақстан  Республикасының  Конституциясының Конституциялық Кеңесі төмендегіше түсіндіріледі: «Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  4-бабының  1-тармағының  мән-мазмұны  бойынша «қолданыстағы құқық»    деп  Конституцияның  нақты  кезеңге  күш  жойыомаған, ал халықаралық міндеттемелері бұзылмаған нормалары  және  осы  бапта  аталған  басқа да нормативтік  құқықтық актілері, сондай-ақ  Республиканың халықаралық міндеттемелер түсіндірілуі тиіс. Бұрын  қабылданған  актілерге өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілген, сондай-ақ  жаңа  актілер  қабылданған  жағдай  осы  актілердің нормалары  қолданыстағы  құқықтың  құрамына  қосылады, ал  күші  жойылды  деп  танылғандары – одан алып тасталды. Жаңадан  қабылданған нормалар  Конституцияның  77-бабының 3-тармағының 5)тармақшасында  орнықтырылған  заңның  кері  күші  туралы  қағиданы  сақтай  отырып  күшіне  енеді»

Конституциялық  Кеңестің  берген  түсіндірмесі   Қазақстан  Республикасы Конституциясындағы  «қолданыстағы құқық»  ұғымын  мәніне  сай  белгілей алмайды. Қазақстан  Республикасының Конституциясында «Қолданыстағы құқық Қазақстан Республикасында оның  заңдарына  сәйкес  келетін  Конституция  нормалары  болып  табылады» деп жазылған. Осы  конституциялық  ұғым  мәнінің  тереңдігі  мынада,  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  тек  Конституция  нормалары  ғана  емес, заңда  және басқа  нормативтік  актілер  сәйкес  келуі  тиіс бүкіл Конституция  білдіреді. Кейінгі  баяндауларда  көрінетіндей, Қазақстан  Республикасының Конституциясы тек құқық нормаларына  ғана  емес, сондай-ақ  тиісті  субъектілер  үстем  қағидалар  ретінде  басшылыққа алуы  тиіс  құқықтық идеялардан, принциптерден  де тұрады.

Осыған  орай  Конституция  тура  белгілейді  немесе  оның идеяларын, қағидаларынан, принциптері  мен  нормаларынан  тек  өзіне  ғана тән  санаттар  туындайды. Меніңше, мұның қатарына төмендегідей  санаттар жатады.

  1. Конституциялық кеңістік. Мұндай  ұғым арнаулы әдебиеттерде  қолданылмайды. Алайда, оны  пайдаланудың  айтарлықтай  іс  жүзіндегі  және   заңдық  негізі  бар. Конституция – мемлекеттің  негізгі  заңы, сондықтан  оның  барлық  аумағында қолданылады. Құрлықтағы, судағы, әуе кеңістігіндегі, жер қойнауындағы аумақтық шекарасы Қазақстан Республикасы Конституциясының қолдану болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының  «Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатындығы» (4-баптың 2-тармағы) туралы қағида, демек, құрлықтағы, атмосферадағы, сулардағы және жер астындағы осы аумақтың конституциялық кеңістік екендігін білдіреді. Осы кеңістікте Қазақстан Республикасының  Конституциясы өктемдік етеді.
  2. Конституциялық  заңдылық. Бүкіл  конституциялық  кеңістікке  Конституция пәрменін  жүргізу  онда  конституциялық  заңдылықтың  орныққандығын  білдіреді. Конституциялық заңдылық  Қазақстан Республикасы Конституциясында  бекітілген нормаларды, идеяларды, принциптерді мемлекеттің, оның органдарының, ұйымдарының, лауазымды адамдардың, қоғамдық  бірлестіктердің, азаматтардың, заңды тұлғалардың, шетелдіктердің  орындауынан көрінеді.   Қазақстан Республикасы Конституциясында Парламент «Республика Конституциялық  Кеңесінің  Республикадағы  конституциялық  заңдылықтың  жай  күйі  туралы жыл  сайынғы  жолдауын  тыңдайды» (53-баптың 11-тармағы) делінген.  Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық заңдылықпен бірге  «заңдылық»  термині  қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабында, прокуратураның «заңдылықтың кез келген бұзылуын  анықтау  мен  жою  жөнінде  шаралар қолданылатындығы» айтылады.
  3. Конституциялық тәртіп. Конституциялық  заңдылық  негізінде  конституилық  тәртіп,  режим  белгіленеді. Оған мемлекеттік  органдарды, қоғамдық  бірлестіктерді ұйымдастыру  мен  олардың  қызмет  тәртібі  жатады. Сөйтіп, қоғамдық және мемлекеттік институттардың  бірігіп  кетуіне, мемлекеттік органдарда  саяси  партиялардың  ұйымдарын  құруға  жол  берілмейді (5-баптың 1-тармағы). Конституциялық  режим  қоғамдық  бірлестіктер  ісіне, мемлекеттің  және  қоғамдық  бірлестіктедің  мемлекет ісіне   заңсыз  араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың  қызметін  жүктеуге  қоғамдық бірлестіктерді  мемлекеттік қаржыландыруға жол  бермеуден көрінеді (5-баптың 2-тармағы).
  4. Конституцялық  бастама.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы оны өзгерту  мен толықтыру тәртібін  қарастырады. Конституциялық бастама – Конституцияны  өзгертетін  және  толықтыратын  құқытық  идеялардың  сипатталыун білдіруші  субъектілердің  белсенді  әрекеті. Оны  халыққа не  Парламентке үндеу  жолдау арқылы  жүзеге  асыра алатын Қазақстан Республикасының Президенті ғана бірден-бір конституциялық бастама субъектісі болып табылады.
  5. Конституциялық   мәртебе.  Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтың, Президенттің, депутаттардың, өкілетті органдардың, азаматтардың, судьялардың, шетел азаматтаырының және азаматтығы  жоқ  адамдардың мәртебесін  белгілейді. Халықтың конституциялық  мәртебесі, ол  мемлекттік  биліктің  бірден-бір  қайнар көзі болып табылатыгдығынан  және  оны тура, жанама  түрде жүзеге асыратындығынан көрінеді.  Қазақстан Республикасы Президентінің  конституциялық  мәртебесі  оның  мемлекеттік билік жүйесіндегі  орынын анықтаудан  ған емес, сонымен бірге Конституцияда бекітілген  өкілеттігінен  де  көрінеді. Азаматтардың конституциялық  мәртебесі басты құқытарынан, бостандықтары мен  міндеттерінен  көрінеді. Конституция депутаттардың, соттардың  мәртебесін белгілейді.
  6. Конституциялық   орган.  Мемлекет  күрделі  тетіктен  (механизмнен) тұрады.  Тек  осы  тетікті негізгі  құрушылар  ғана  Конституцияда көрсетіліа бекітіледі. Сөйтіп конституциялық  органдарды  ажыратудың  басты  негізі  мемлекеттік  билікті  тармақтарға бөлу принципі  болып  табылады. Конституциялық органдар  конституциялық  құзіретті иеленеді.
  7. Конституциялық   іс  жүргізу – Қазақстан Республикасының Конституциясында  «конституциялық   іс  жүргізу» ұғымы өзінің  міндеттерін – импичментін жүзеге асыруға  Президент  қабілетсіз болған жағдайда оның қызметінен мезгілінен бұрын басталуына байланысты  қолданылады (47-бап). Сонымен бірге конституциялық іс жүргізу басқа да бірқатар конституциялық мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін, Президенттің заңға қол қоюы үшін конституциялық және жәй заңдарды қабылдау үшін және басқалары үшін қарастырылған.
  8. Конституциялық  өкілеттік.  Республика  Конституциясы  жоғары және жергілкті  мемлекеттік органдарға  белгілі бір өкілеттіктерді бөледі.  Осы  өкілеттіктер  Конституцияда бекітілгендіктен, Конституцияның өзінде осылайша атлмаса да, олар конституциялық өкілеттіктер болып табылады.  Бұған «Қазақстан Республикасының Парламенті  және  оның  депуттарының  мәртебесі туралы» Республика Президентінің   Конституциялық  заң  күші  Жарлығы куә, оның 14-бабында Парламенттің Коституцияда көрсетілген өкілеттігі конституцилық заң деп аталады.

Конституция Президенттің, Парламенттің, Парламенттің Мәжілісінің, Сенаттың, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Прокуратураның, мемлекеттік басқарудың жергілікті  органдардың конституциялық  өкілеттігін  белгілейді.

  1. Конституциялық шектеу.    Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған  шектеу:

1)      Азаматтарға;

2)      Шетел азаматтарына;

3)      Республика азаматтары бірлестіктеріне;

4)      Шетел азаматтары бірлестіктеріне;

5)      Мемлекеттік органдарға;

6)      Мемлекеттік лауазымды адамдарға қатысты.

  1. 10.  Конституциялық  жауапкершілік – құқықтық жауапкершіліктің күрделі саяси-құқытық  сипаттағы  ерекше  түрі, конституциялық құқық бұзушылыққа  қарсы күреседі, субъект  үшін мейілінше  зардапты  жат пиғылдығы  конституциялық  құқық бұхзушылықтан  көрінеді.  Жоғарғы лауазымды адамдар және  мемлекеттік өкімет органдары:  Президент, Парламент, Үкімет, Премьер-министр және басқалары конституциялық  жауапкершілік  субъектілері  болып  табылады. Конституцияға  қайшы  келетін  актілерді  өзгерту,  қызметтен  алу, Үкіметті  тарату, сайлаудың  немесе  референдумның  қорытындыоларын  заңсыз  деп тану, мемлекеттік органдардың, жоғарғы  лауазымдаы адамдардың  қызметін  ресми  түрде заңсыз  деп тану  конституциялық  жауапкершіліктің  нысандары (санкциялары) болып табылады.
  2. 11.  Конституциялық-құқықтық реттеу объектісі болып табылатын, қоғамдық қатынастардың мазмұнын  айқындайтын  негіз боларлық  бастауы Конституцияда көделген  конституциялық принциптер.Конституциялық  принциптер  Конституцияның және  оны  дамыту  бағытында  соның  ішінде  жарияланатын  нормативтік-құқықтық  актілердің мазмұнын бегілейді.
  3. 12.  Конституциялық  құрылыс – республика  Конституциясымен  және басқа конституциялық-құқытық  актілермен  білгіленетін  және  қорғалатын  саяси, экономикалық  және  әлеуметтік  қатынастар  жүйесі. Конституциялық  құрылысты Конституция  белгілейді  және  мынадай: халықтық егемендік, мемлекетттік егемендік, мемлекеттік биліктерді  тармақтарға  бөлу, аумақтық тұтастық, басқарудың Президенттік жүйесі, мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарынан айырмау белгілерін иеленеді.
  4. 13.  Адамның және азаматтың конституциялық құқықтыры мен бостандықтары. Адам мен азаматтың Конституциясымен белгіненген құқықтыры мен бостандықтары  негізгісі  болып табылады  және  біртұтастығымен  сипатталады. Ол құқық  пен  бостандықты қоғамдық өмірдің  барлық  саласында  жан-жақты  реттеудің  базасы ретінде қызмет етеді.
  5. 14.   Адамның және азаматтың конституциялық міндеттері –Қазақстан азаматтарының, шет ел азаматтарының, республика  аумағындағы  азаматтығы  жоқ  адамдардың  тәртібі Конституциямен  көзделген  мемлекет  талабы. Кейбір конституциялық  міндет  тек  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына (Отанды қорғау) арналған.

Аталған  ұғымдар, санаттар  конституциялық  нормалармен  бекітіледі  және бүкіл мемлекеттік-құқықтық  ұғымдардың, санаттардың негізі болып табылады. Мұның тек ғылми ғана емес, сондай-ақ практикалық та мәні бар, өйткені ол конституция мен заңдардың, басқа да нормативтік-құқықтық  актілердің өзара таным қатынасының негізі болып табылады. Сондықтан Конституцияны қабылдаудың, оған өзгерістер мен толықтырулар егізудің ерекше тәртібі белгіленген. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар егізудің ерекше тәртібі Қазақстан  Республикасының  Конституциясында көзделген.

Қазақстан  Республикасының  Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы бірнеше бапта айтылады. Конституцияның 53-бабында Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің Қазақстан  Республикасының  Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетіні, конституциялық заңдар қабылдайтыны айтылады. Мұнда үш жәйтке назар аудару керек:

1)      Президент ұсыныс енгізеді;

2)      Президенттің бұл ұсынысы «Конституцияға өзгеріс пен толықтыру» деп аталады;

3)      Өзгеріс пен толықтыру конституциялық заң қабылдау жолымен жүзеге асырылмайды.

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы бойынша Президенттің заң  шығармашылық  бастама  құқығы  жоқ. Ендеше, Президенттің  Конституцияға  өзгеріс пен толықтыру  ұсыныс  құқығын  немен  түсіндіреміз? Ол заң шығармашылық бастама құқының  бір түрі немесе  басқаша құқытық құбылыс болып табылама? Бұл сұраққа мүмкін Конституцияның, Президенттің Қазақстан Республикасының «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығының, Мәжіліс  Регламентінің  және  Сенат  Регламентінің, Парламент  Регламентінің  тиісті нормаларын талдау негізінде жауап беруге болатын шығар.

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы заң  шығармашылық  бастама ұғымын бермейді, тек заң  шығармашылық  бастама құқының Парламент депутатарына және Үкіметке берілетіні көрсетілді.

Президенттің Парламент туралы Жарлығында  заң  шығармашылық бастама ұғымы беріледі, онда: «Заң шығармашылық бастама құқы субъектісінің Парламентте міндетті түрде қаралуғы тиіс заңның немесе Парламенттің өзге де заң актілерінің жобасы мәтініне ресми түрде енгізуге заң шығармашылық бастама болып табылады» делінген (15-бап).  Заң шығармашылық бастама құқы депутат пен Үкіметке Парламентке тек заңның немесе Парламенттің өзге де заң актілерінің жобасын енгізуге заңдық мүмкіндік беретіні түсінікті. «Өзге де заң» актілері деп нені түсінеміз? Мұны анықтау үшін Республика конституциясына жүгінелік.

Конституция заң актілеріне қарағанда Конституциялық заңды шектейді. Олардағы шектеудің негізгі өлшемі мынадан көрінеді, конституциялық заң әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде -сінің  көпшілік дауысымен қабылданады. Ал Парламенттің заң актілері Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады (61-баптың 4-5-тармақтары). Демек, біріншіден, коституцилық заң, заң актілері тобына жатпайды, екіншіден, коституцилық заң, заңдық күші жағынан заң актілерінен жоғары тұрады.

Енді нормативтік-құқытық актілердің қандай түрлерінің заң актілеріне жататынын анықтайық. Заң актілерін Парламент қабылдайтынын атап көрсеткен жөн, бұл Конституцияда анық айтылған. Конституцияның 62-бабында республиканың заң және өзге   де  нормативтік-құқықтық  актілерін  әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау  тәртібі  арнаулы  заңмен  және  Парламент  пен  оның  Палаталарының  тегламенттерімен  реттелгендігі айтылған.

Қандай актілердің нақ Парламенттің заң актілерінежататындығын анаықтаудың үш қайнар көзі бар. Алдымен Қазақстан  Республикасының  Конституциясынан басталық. «Заң актілері» термині Конституцияда үш рет қайталанылады және үшеуінде жай заңдардың  синонимі ретінде қолданылады. (62-баптың 5,8-тармақтары және 69-баптың 3-тармағы). Сөйтіп, Конституцияда  заң  актілері  ретінде  тек  жай  заңдар  түсініледі. Алайда,  нормативтік құқықтық актілерді конституциялық сұрыптауда тіпті Конституцияның өзін заң актілеріне  теңестіруге ұмтұлушылық та кездеседі.  Бұлай істеуге болмайтын себебі,  біздіңше, нормативтік құқықтық актілерді  сұрыптау және олардың бір-біріне бағыну, қабылдау процесі тәртібінің бұзылатындығынан ғана емес. Одан да маңыздысы, мұндай жағдай заң шығарушылық бастама құқының мәні мен мазмұны түбегейлі түрде өзгереді. Жоғарыда айтылғандай, заң шығарушылық бастама құқы Парламентке тек заң жобаларын енгізудің заңдық негізін жасайды. Егер  заң  актілері Конституцияға теңестірілсе, онда  Президенттің  де заң  шығарушылық  құқы  болар еді.

Президенттің Парламентке немесе Референдумға Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқы ерекше, оның мемлекеттің басшысы ретінде, халықтың және мемлекеттің  атынан сөйлейтін  жағдайымен белгіленген арнаулы құқық. Мұндай құқықты  Президенттің  конституциялық  бастама  құқы  деп  атауға  болады. Бұл мазмұны терең құқық, өйткені Парламенттің қарауына немесе референдумға енгізілетін Конституция өзгерістері  мен  толықтыруларының  мазмұнын  Президенттің  өзі  белгілейді. Енгізілетін  өзгерістер  мен  толықтырулардың  мазмұнын  Президенттің белгілейтіні Конституцияның 91-бабында көрсетілген, онда былай делінген: «Егер Президент оны Парламенттің қарауына  беру  қажет  деп  ұйғарса, Конституцияға  енгізілетін  өзгерістері  мен  толықтырулар  жобасы  республикалық референдумға  шығарылмайды». Демек, «жоба» деген сөзді енгізілген мәселенің тұжырымдалуы деп  түсінген  жөн. Мұны Президенттің  1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық  заң  күші  бар  Жарлығының 18-бабындағы  қағида растайды.  Онда, референдум  тағайындау  туралы  шешімді  Республика  Президенті «оған енгізілетін (енгізілген) мәселенің (міселелердің) тұжырымдалуы»  белгіленетін тиісті  Жарлық  шығару  жолымен енгізіетіндігі  айтылған. Демек, конституциялық  азңда  Президенттің  конституциялық  бастама  құқына ие  екендігі  анық  көрсетілген. Президентте конституциялық бастама құқының болуы конституцияның тұрақтылық негізіне қызмет етеді.

Конституция латын тіліннен