«Конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
«Конституциялық
құқығы» пәні бойынша
дәріс сабақтарының
контактілік мәліметтері
Контактілік
дәріс сабақтарының
кестесі
| № | Тақырыптар | Сағат саны |
| 1 | Қазақстан Республикасы
Конституцялық ұғымы пәні әдісі және бастаулары |
2 |
| 2 | Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мемлекеттiк негiзгi заңы |
2 |
| 3 | Қазақстан Республикасындағы
адам және азаматтық конституциялық- құқықтық мәртебесiнiң негiздерi |
2 |
| 4 | Қазақстан Республикасындағы
сайлау құқығы және сайлау жүйелерi |
1 |
| 5 | Қазақстан Республикасы
конституциялық құрылысының негiздерi |
1 |
| Барлығы | 8 |
1
Тақырып. Қазақстан
Республикасының
конституциялық құқығының
жалпы сипаттамасы.
Әдебиеттер:Ш
– 12, 25, 27, 28.
- Құқық саласы ретіндегі Қазақстан Республикасының
консититуциялық құқығының түсінігі мен пәні.
Конституциялық
құқық – Қазақстан
Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бөлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.
Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.
Құқықтық реттеу пәні сапалық бірыңғай қоғамдық қатынастарды құрайды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін, қоғамдық қатынастар конституциялық құқық пәні болып саналады, мемлекет пән қоғам құрылысының негізін құрады және мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты. Құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда конституциялық құқық түбегейлі түрде өзгешеленеді. Конституциялық құқық қоғамның өмірлік қызметінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани және т.б. бүкіл аясында қалыптасатын қатынастарды реттейді, сонымен бір мезгілде басқа салалар сияқты өмірдің қандайда бір саласындағы қоғамдық қатынастарға әсерін тигізеді. Конституциялық құқықтың ерекшелігі, әрбір көрсетілген аядағы базалық қатынастар мен оның нормалары көрсетілген салалардағы қатынастардың белгілі бір қабаттарын ғана реттейтіндігінен тұрады.
Конституциялық құқық әдістері, конституциялық құқық қатынастарын ретеудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде мыналарды ажыратады:
1. Міндеттеу әдісі. Мемлекеттік органдарға, сол сияқты жеке тұлғаларға қатысты олардың қызметінің бүкіл аясында қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 6, 18–баптары).
2. Тыйым салу әдісі. Басым түрде мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады, шектеулі жағдайларда азаматтарға қатысты қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағы).
3. Рұқсат ету әдісі. Адам және азаматтың мәртебесін айқындау үшін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабы), сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттігін анықтау кезінде қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).
4.
Тану әдісі. Яғни, адамның табиғи
құқығын тану (Қазақстан Республикасы
Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).
1.2. Конституциялық-құқықтық нормалар мен
институттар.
Жалпы
құқық теориясында құқық
Конституциялық-құқықтық нормалар:
1. мазмұнымен (реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың аясымен);
2. неғұрлым көбірек заң күшіне ие болумен; Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне қайшы келетін нормалардың күшін жоюымен;
3. сол арқылы білдірілген дерек көздеріменен (неғұрлым маңызды нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясында түзілген);
4. нормалардың өзіне тән түрлерімен (норма-қағидалардың, норма-міндеттердің, ресми мәлімделген (декларативті) ережелердің болуы);
5. жүзеге асырудың айрықша механизмімен (қоғамдық қатынастардың түбегейлі, басты тұстарын ғана реттейді);
6. қатынастарды реттейтін (халық, мемлекет, ұлттар, жоғары мемлекеттік органдар) субъектілердің өзіндік сипатымен;
7. құрылымдардың ерекшеліктерімен (ғылыми болжам мен диспозицияға және жекелеген жағдайларда ғана – санкцияға ие);
8. нұсқаулардан тұратын құрылтайшылық сипатпен өзгешеленеді.
Конституциялық-құқықтық нормалардың негізгі жіктеуі (классификациясы).
Нұсқаулардан тұратын сипаты бойынша:
1. құқық жүктеуші нормалар – онда қаралған әрекеттерді жүзеге асыратын және олардың өкілеттік шеңберін анықтайтын субъектілер құқығын бекітетін нормалар. Бұл – азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Мұндай нормаларға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің конституциялық өкілеттігін айқындайтын нормалар жатады;
2. міндеттеуші нормалар - өзінің тәртібін, өзінің әрекетін аталмыш нормалардың нұсқауларына жатқызатын субъектілердің міндеттерін бекітетін нормалар. Мұндай міндеттер тек азаматтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағаларына да жүктеледі;
3. тыйым салушы нормалар – онда қаралған белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұратын нормалар. Мұндай нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін (бастауларын), заң ережелері мен құқық тәртібін қорғауға бағытталған.
Ондағы нұсқаулардың-айқындаушылық дәрежесі бойынша мынадай нормаларға бөлінеді:
4. императивті нормалар – белгілеген ережелерді субъектілерге қолдану еркіндігін қорғауға рұқсат етпейтін нормалар;
5. Диспозитивті нормалар – нормада көрсетілген жағдаяттарды ескеру арқылы субъектінің әрекет ету вариантын таңдау мүмкіндігін қарайтын нормалар.
Құқықтық реттеу механизмі бойынша нормалар:
6. материалдық нормалар - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша әрекет етудің мазмұнын қарайтын нормалар;
7. процессуалдық нормалар – сол арқылы жүзеге асырылатын тәртіпті анықтайтын нормалар болып бөлінеді.
Бірыңғай
және өзара байланысты қоғамдық қатынастарды
реттейтін және салыстырмалы түрде
дербес топты құрайтын конституциялық
құқық нормаларының жиынтығы конституциялық-құқықтық
институт деп аталады. Мысалы: азаматтық
институты, Президенттік институт, сайлау
құқығы институты және т.б.
1.3. Конституциялық-құқықтық қатынастар және олар-
дың
субъектілері.
Жалпы құқық теориясында құқықтық қатынастар түрінде құқық нормалары негізінде туындайтын, оның қатынасушылары құқықтар мен міндеттерге ие болатын қоғамдық байланыстар түсіндіріледі. Бұл анықтама конституциялық-құқықтық қатынастарға да қолдануға келеді. Конституциялық қатынастардың өзіндік ерекшеліктері мыналардан тұрады:
1) оларды
конституциялық құқық пәнін
2) айрықша
субъективті құрамының болуы,
конституциялық-құқықтық
3) құқықтық
қатынастардың айтарлықтай
Субъектілер, олардың өзара құқығы мен міндеттері дәл айқындалған нақты конституциялық құқықтық қатынастар – құқықтық қатынастардың классикалық түрі болып саналады: олар мінез-құлық норма-ережелерін жүзеге асыру негізінде туындайды.
Қатынас субъектілері нақты анықталмаған, нақты құқықтар мен міндеттер белгіленбеген құқықтық қатынастар – жалпы сипаттағы құқықтық қатынастар болып табылады. Мұндай қатынастар норма-қағидаларды, норма-мәлімдемелерді, норма-мақсаттарды жүзеге асыру негізінде туындайды. Құқықтық хал-ахуал – құқықтық қатынастардың айрықша түрі болып саналады. Олардың субъектілері дәл айқындалғанмен сол субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақты анықталмаған. Мұндай құқықтық қатынастарға азаматтықта тұру жағдайы жатқызылады.
Конституциялық-құқықтық қатынастардың жіктеуі (классификациясы).
1. Әрекет ету мерзімі бойынша тұрақты және уақытша қатынастарға ажыратылады.
2. Құқықтық
реттеу механизмі бойынша матер
3. Мақсаттық тағайындалуы бойынша құқық белгілеуші және құқық қорғаушы құқықтық қатынастарға ажыратылады.
Құқықтық қатынастардың туындауына, тоқтатылуына немесе өзгеруіне заң жүзінде болған іс – оқиғалар немесе іс-әрекеттер әсерін тигізеді. Оқиға субъектінің еркіне қатыссыз түрде болады, іс-әрекет – соңғының өз еркін білдіруімен байланысты болып табылады. Іс-әрекет заң актілеріне және заңдық іс-әрекеттерге жіктеледі.
Конституциялық-құқықтық
қатынастар субъектілері – бұл конституциялық-құқықтық
нормаларға сәйкес олардың қатысушылары
арасында туындайтын заңды құқықтары
мен міндеттері. Субъектілердің шеңбері
өте кең: аталмыш саланың құқықтық нормалары
кімге міндеттер жүктейді және құқық береді,
солардың бәрі оның субъектілері бола
алуы мүмкін. Субъектілер – мемлекет,
халық, депутаттар, мемлекеттік билік
органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар,
азаматтығы жоқ тұлғалар және т.б.
1.4.
Конституциялық құқық
көздері.
Құқық көзі түрінде құқық нормаларын білдіретін формалар түсіндіріледі. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағында конституциялық құқық көздері тізіп көрсетілген. Бірақ бұл жерде мынаны ескеру қажет, конституцияда атап көрсетілген барлық нормативтік-құқықтық актілер оның көздері болып саналмайды. Бір нормативтік актілер тек конституциялық құқық нормаларынан ғана тұрады, ал келесі бірі - әртүрлі салалардың құқық нормалары және т.б. с.с.
Формаларына қатысты, конституциялық құқықтың барлық көздері мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – конституциялық құқықтың негізгі көзі.
2. Конституциялық заңдар. Қабылдау мен олардың тізімі конституциямен (мысалы, конституцияның 92-бабы) қаралған. Қарапайым заңдар тәртібімен салыстырғанда неғұрлым күрделі, Конституцияда арнайы ескертілген, мемлекет үшін аса маңызды мәселелер бойынша қабылданады. Депутаттардың жалпы саның 2/3 дауысымен қабылданады.
3. Әдеттегі заңдарды, негізінен қарапайым көпшілік дауыспен (50%+1) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қабылдайды.
Әдеттегіден өзгеше заңдар, Республика Парламентінің әрбір Палаталары депутаттарының басым көпшілік дауысымен Парламентте қабылданған өзгертулер мен толықтыруларды және референдумда қабылданған, өзгертулер мен толықтыруларды Конституцияға енгізеді.
4. ҚР Парламент Палаталарының Қаулысы.
5. ҚР Президентінің Жарлықтары, өз кезегінде:
а) Конституциялық заң күшіне ие жарлықтарға.
ә) Заң күшіне ие жарлықтарға.
б) Заңға
бағынышты нормативтік
Дегенмен, Президенттің барлық нормативтік жарлықтары конституциялық құқық көздері болып саналмайды, тек конституциялық-құқықтық нормалардан тұратын жарлықтар ғана конституциялық-құқық көздері болуы мүмкін.
6. Егемендік қағидаларын жариялаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңда, 1993 ж. және 1995 ж. Конституцияларда және өзге конституциялық актілерде бекітілген, 1991 жылдың 25 қазанындағы мемлекеттің егемендігі туралы Декларациясы.
7. Нормативтік нұсқаулардан, құқықтық нормалардан тұратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың актілері.
8. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімі.
9. Конституциялық-құқықтық нормалардан (шешімдер, жарғылар, ережелер) тұратын жергілікті өкілді органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері белгілі бір жердің аумағынан аспайды.
10. Мемлекетаралық деңгейде бекітілген халықаралық шарттар.
Мемлекетішілік
құқық нормалары мен
1.5. Конституциялық құқық жүйесі, Қазақстан
Республикасының
құқықтық жүйесіндегі
оның орны.
1.2. тақырыпшада конституциялық-құқықтық нормалар мен конституциялық құқық институтына анықтама берілген. Конституциялық-құқықтық институтты өзара байланысты бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттеуші конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, біз конституциялық құқық жүйесін анықтайтын қорытынды жасай аламыз.
Конституциялық құқық жүйесі – оның ішкі құрылымын сипаттайтын және оны құқықтың басқа салаларынан өзгешелеп тұратын институттардың жиынтығы болып саналады.
Конституциялық құқық институттарының жүйесі мынадай түрде беріледі:
8. конституциялық құрылыстың негіздері;
9. жеке адамның (тұлғаның) конституциялық мәртебесі;
10. әкімшілік-аумақтық құрылым;
11. мемлекеттік
органдар жүйесі.
Түйін.
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – Қазақстан Республикасы мен қоғамның басты негізгі бастауларын реттейтін заң нормаларының жиынтығы болып саналады.
2. Конституциялық-құқықтық норма – азаматтық қоғамды ұйымдастыру негіздерінен, мемлекет пен жеке тұлғалардың өзара байланысынан, мемлекеттің аумақтық құрылымдарынан, оның органдарының қызметі мен оны ұйымдастырудан туындайтын қатынастарды реттейтін мемлекет белгілеген тәртіптің жалпыға міндетті ережесі.
3. Осы нормалармен қаралған, өзара құқықтар мен міндеттер формасындағы субъектілер арасындағы заңдық байланыстар конституциялық-құқықтық қатынастардың мазмұны болып саналады.
4. Конституциялық құқықтар жүйесі - конституциялық-құқықтық институттардың жиынтығы.
5.
Конституциялық-құқықтық
институт - өзара байланысты бірыңғай
қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың
жиынтығы.
Білімін
өз бетімен тексеру
үшін тестілік сұрақтар.
1. Конституциялық құқық пәні болып саналады
а) осы
сала үшін айқындалған заң
ә) оның нормаларымен орталандырылатын қоғамдық қатынас-
тардың жиынтығы;
б) конституциялық-құқықтық институттардың жиынтығы;
в) қоғамдық қатынастарға әсер ететін конституциялық құқық
нормалары тәсілдерінің жиынтығы.
2. Құқық саласы ретінде конституциялық құқық әдісін
анықтау
а) тану (танымау);
ә) салыстырмалы құқықтану;
б) техникалық-заңдық;
в) талдау және синтез.
3. Қазақстан Республикасының конституциялық құқық
салаларының негізгі көздері
а) конституция;
ә) конституциялық заңдар;
б) Парламент бекіткен халықаралық шарттар;
в) ҚР Парламенті палаталарының қаулылары.
4. Конституциялық құқық жүйесі – бұл...
а) конституциялық-құқықтық институттардың жиынтығы;
ә) конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтығы;
б) өзара құқықтар мен міндеттер формасындағы конституция-
лық құқық субъектілері арасындағы байланыс;
в) дұрыс жауабы жоқ.
5. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектілері
а) конституциялық-құқықтық нормаларға сәйкес араларында
заңдық
құқықтар мен міндеттер
ә) конституциялық-құқықтық нормалар кімге міндеттер мен
құқықтар жүктейді солардың бүкілі саналады.
б) бұл – мемлекет, халық, депутаттар, мемлекеттік билік орган-
дары, сайлау комиссиялары, азаматтар.
в) барлық
жауаптар дұрыс.
2
Тақырып. Қазақстан
Республикасының Конституциясы
және оның дамуы.
Әдебиеттер: І–1, 2, 3, 4, 5; ІІ-1, 2, 3, 4; ІІІ–3, 7, 11, 12, 25, 29.
2.1.
Конституция түсінігі,
құрылымы және
ерекшеліктері.
Конституция белгілі бір кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани және құқықтық дамуының нәтижесі ретінде демократияның даму деңгейін белгілейтін, аталмыш қоғамдағы жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын көрсететін, экономикалық және әлеуметтік өмірдегі мемлекеттің рөлін айқындайтын, халықтың қоғамдық белсенділігі мен саяси жүйесін сипаттайтын құжат болып саналады. Басқаша айтқанда, Конституция мемлекет пен тұтастай қоғамның тек негізгі заңы ғана емес, сонымен бірге жоғары заң күшіне ие және Қазақстан құқының бүкіл жүйесі үшін нормативтік база болып санала отырып, саяси-құқықтық құжат болып саналады, сондай-ақ қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет белгілері жүйесінде айрықша орын алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы преамбуладан және 9 бөлімнен тұрады.
Преамбула (кіріспе) Қазақстан халқын Конституция қабылдаған айрықша субъекті ретінде атап көрсетеді; Конституцияны қабылдау себептерін (мотивтерін) ашып көрсетеді.
1 бөлім. «Жалпы ережелер» мемлекет құрылысының негіздерін айқындаушы қағидаларға арналған.
1-бап. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады.
2-бап.
Қазақстан Республикасы –
3-бап.
Мемлекеттік биліктің бірден-
4-бап.
Қазақстан Республикасындағы
5-бап.
Идеологиялық және саяси
6-бап. Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
7-8-баптар. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі және Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың қағидалары негізінде басқа мемлекеттермен ынтымақтастық және тату көршілік қарым-қатынас саясатын жүргізеді.
2 бөлім. «Адам және азамат» жеке адамның құқықтық мәртебе негіздеріне арналған, бұл бөлімде адам және азамат құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институты негіздерінің тәртібі белгіленеді.
3 бөлім. «Президент» бөлімінде президенттік басқару нысандары бекітіледі, бапқа сәйкес Президент биліктің бірде-бір тармағына жатпайды, мемлекеттің басшысы, халық бірлігінің, Конституцияның рәмізі әрі кепілі болып саналады және мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4 бөлім. «Парламент» заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган ретінде Парламенттің құқықтық мәртебесін айқындайды, Парламент қызметінің ұйымдық-құқықтық нысандарын және оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.
5 бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкімет пен Премьер-министрдің құзырын бекітеді.
6 бөлім. «Конституциялық Кеңес» негізгі қызметінің бірі Конституция нормаларына ресми түсініктер беру болып саналатын конституциялық Кеңестің құқықтық ереже негіздеріне арналған.
7 бөлім. «Соттар және сот төрелігі» сот жүйесіне арналған, соттардың нормативтік-құқықтық актілерді конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Кеңеске жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Конституция бұл бөлімде алдын-ала жүргізілетін әкімшілік тексерулер мен алдын ала тергеуді соттар мен прокуратуралардан бөледі.
8 бөлім. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» 85-бапқа сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді және атқару органдарымен жүзеге асырылады. 89-бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару танылады, оның міндеті-жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде халықтың дербестігін қамтамасыз ету.
9 бөлім. «Қорытынды және өтпелі ережелер» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық белгілеулерді жүзеге асыру процедураларын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының ерекшеліктері:
1) қабылдау
және өзгерту тәсілдері
саналады;
2) заңдық формасы бойынша – жазылған;
3) қолдану
уақыты бойынша – тұрақты.

- Конституциялық құқық
- Конституциялық құқық
- Конституциялық құқық
- Конституциялық құқық
- Конституциялық құқық-ҚР жетекші саласыретінде
- Конституциялық құқық негіздері
- Конституциялық құқық тарихы
- Конституция Китая
- Конституция КНР
- Конституция Кыргызской Республики
- Конституция Кыргызской Республики
- Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі заңы
- Конституция латын тіліннен
- «Конституция» Лорис-Меликова