Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері. 2
- Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері
1 .Қаржы құн санаты ретінде қаржы функциялары
2 .Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру принциптері
3 .Корпоративтік құрылымды ұйымдастыру нысандары және олардың артықшылығы
4 .Корпорацияның қаржы саясаты
5 .Корпорацияның
қаржы қызметінің
міндеттері
1. Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржысы олардың шаруашылдық қызметінің процесінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастароының жүйесі болып табылады.
Капитал активтің пайда болатын көзі.
Кіріс тауар сатудан алынатын және өзге операциялық және сатудан тыс алынған түсімнің нысаны болып табылады.
Ақша қоры тұтыну, жинақтау және резерв қорына бөлінеді.Ақша қоры-көзделген мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық жүргізуші субьектінің ақшалай қаражатының жеке бөлігі.Ақша қоры кәсіпорын айналымындағы ақшалай қаражаттың тек бөлігін ғана құрайды.
Корпорациялар қаржысы – бұл корпорацияның негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда болатын қаржы немесе ақша қатынастары.
Корпорацияның қаржылық қатынастарын экономикалық мазмұнына қарай келесі бағыттарда топтастыруға болады:
-корпорацияны құру сәтінде жарғылық капиталды құрумен байланысты құрылтайшылар арасында пайда болатын қатынастар;
-өнімді (тауарды, жұмысты және қызметті) өндірумен байланысты корпорация мен ұйымдар арасындағы қатынастар;
-корпорация мен оның бөлімшелері арасындағы қатынастар;
-табыстарды бөлу және пайдалану, акциялар мен облигацияларды шығару және орналастыру, сыйақылар мен дивидендтерді төлеу және т.с.с. барысында корпорация мен қызметкерлер арасындағы қатынастар;
-корпорация мен жоғарғы ұйымдар, корпорацияның мүшелік ететін одақтар мен ассоцияциялар арасындағы қатынастар;
-корпорация мен мемлекеттің қаржы жүйесі арасындағы қатынастар;
-корпорация мен банк жүйесінің арасындағы қатынастар;
-корпорация мен сақтандыру компанияларының арасындағы қатынастар;
-корпорация мен инвестициялық институттар расындағы қатынастар.
Корпорация қаржысының мәні оның атқаратын қызметтерімен айқындалады. Корпорациялар қаржысы келесідей қызметтерді орындайды:
-ұдайы өндірістік;
-бөлу;
-бақылау.
2. Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын ұйымдасчтыру принциптері оның қызметінің мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысты.
Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері не төмендегілерді жатқызуға болады:
- шаруашылық қызметті өэін-өэі реттеу;
- өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру,
- айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік және қарыз бойынша бөлу;
- қаржы резервтерінің болуы.
Өзін-өзі реттеу принципінде –корпорацияға қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі.
Өзін-өзі өтеу принципі-коропорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амаортизациялық аударымының есебінен өтелуге негізделеді.Осы қаражат корпорацияға тиесіліменшік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
Өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше,кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурстарывн, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алдады.
Айналым қаражатын қалыптастыру кәзін меншік және қарыз қаражатқа бөлу- шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты.Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда айналым қаражатын. Қалыптастыруда қарыз көздерініғң үлесі артуда.Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда айналым қаражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым қаражаты басым.
Қаржы резервін
құру нарық жағдайы
ықтимал ауытқитын,
сонымен бірге
өз міндеттемелерін
орындау үшін әріптестер
алдында материалдық
жауапкершілік артқан
жағдайда корпорацияның
тұрақты жұмыс
істеуін қамтамасыз
ету үшін қажет.Акционерлік
қоғамда қаржы
резерві корпорацияның
жарғысына сәйкес
таза пайдадан
қалыптастырады.
3. Бизнесті ұйымдастырудың басқа нысандарымен салыстырғанда өзінің меншік иелерінен дербес тіршілік ететін оның негізгі ерекщелігі болып табылады.Корпоративтік шаруашылық жүргізуі келесі экономикалық нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.
Корпоративтік шаруашылық жүргізуі келесі экономикалық нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.
- деңгейлес корпорациялау;
- сатылас корпорациялау;
- әртарптандырылған карпорацйиялау.
Деңгейлес корпорациялау- бір тектес өнім нарғында өндіріс ауқымын кеңейту негізінде қалыптастырылады.Ол ұзақ мерзімді мүдделер келтіруі ықтимал зиянды жоя отырып,саладағы бәсекелік жайғасымдарды ұзақ мерзімді келешекке нығайту үшін күреске ынталандырады.Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ағымдағы пайданың көрсеткіштерімен теңестірілмейді, біртектес өнім нарығындағы ұзақ мерзімді артықшылқ ретінде қарастырылады.Олардың арасынан бұйым сапасы мен сол бұйым сатылатын бағаны;инновациялық әлнуетті, өндірістік және бұйымды өткізу қуатының жеткіліктілігін :сату мөлшерінің сақталуын немесе оның ұлғаюын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді қызхмет стратегиясының болуын ерекше атап өту қажет.
Сатылас корпорациялау- шикізат өндіруден бастап түпкілікті өнім жасап, оны сатуға дейінгі өндірісті біріктіру негізінде құрылады. Ол өндірістердің технологиялық өзара тәуелділігі мен процестердің уақыт пен кеңестікте үйлесетін жүйелілік принципіне сүйенеді.Сатылас корпорациялаудың тиімділігі капиталды шоғырландыруға және ғылшыми –техникалық прогрестің ықпалымен қоғамдық еңбекті бөлуді тереңдетуге қол жеткізген үздіксіз өндірісте артады.
Әртараптандырылған
корпорациялау
түрлі өндірістерді
біріктіру есебінен
қалыптастырылады.
4. Қаржы саясаты қаржын корпорацияның құрылтай құжатында белгіленген стратегиялық және тактикалық міндеттерге, тауар нарығында жайғасымды күшейту, сатудың қолайлы мөлшеріне, актив пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету, сонымен бірге төлеуге қабілеттіліктің және баланстың өтімділігін сақтау , меншік иелерінің әл-ауқатын арттыру сияқты мақсаттарға қол жеткізу үшін орынды пайдалануды қарастырады.
5 .Корпорациядағы қары жұмысын арнайы қызметі немесе бухалтерия жүзеге асыраы.
Қаржы қызметіне мына міндеттер жүктеледі:
- өндірістік-коммерциялық қызметті ақша ресурстарымен,яғни корпорацияның тұрақты төлем қабілетінің және оның баланысын өтімділікпен қамтамасызх ету;
- активтің меншік капиал мен сатудың кірістілігіәнің өсуін қамтамасыз ету;
- есеп айыврысуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің және әріптестердің алдындағы қаржы міндетттемесін орындау;
- жедел және ұзақ мерзімді қаржы жоспарын әзірлеу;
- ақша ресурстарының ұтымды қозғалысын бақылау.
Корпорацияның қаржы қызметі келесі үш негігі бағытта жүзеге асырылады;
- Қаржыны жоспарлау.
- Ақша айналымын басқару жөніндегі жедел қызмет.
- Бақылау-талдау жұмысы.
Қаржыны жоспарлау –қаржы жоспарының сан алуан түрлерін әзірлеу және олакрдың орындалуын талдау.
Корпорация жедел қаржы жұмысына мына әріптестермен ақшалай өзара тұрақты қарым қатынастарды қамтамасыз етеді;
- материалдық құндылық пен қызметті жеткізушілермен (сатып алуды төлеу, өндірістік запасты басқару және т.б);
- даяр өнім мен қызметті сатып алушылармен (төлем алу және дебиторлық берешекуті басқару);
- мемлекеттің бюджет жүйесіменҒ
- қызметкғерлермен (еңбекақы төлеу, әлеуметтік және дивиденд төлемі);
- банкілермен, сақтандыру компанияларымен, инвестициялық қорлармен және т.б.;
- талдап туындаған жағдайда сотпенг және т.б.
Бақылау-талдамалы жұмысына шорландырма және жергілікті бюджеттің орындалуын, капиталдың құрылымын, сонымен бірге негізгі және айналым қаражатының пайдалануын, сондай-ақ корпорацияның баланысын төлеуге қабілеттілігі мен өтімділігін бақылауды жүйелі бақылауды жүзеге асыру жатады.
Компания бюджеттерінің қаржы көрсеткіштері қаржыны бақылаудың маңызды обьектісі болып табылады.Бюджеттің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін екі деңгейлі жүйені пайдалану ұсынылады.
Төменгі деңгей- компанияның құрылымдық бөлімше бюджетініңғ орындалуын олардың басшылары жүзеге асырады.
Жоғарғы деңгей- компарнияның
құүрылымдық бюджетінің
орындалуын бақылау.
Корпорация
капиталының құны
мен құрылымы
1. Капиталдың экономикалық табиғаты
2. Капитал тарту тәсілі мен көзі
3. Капитал қалыптастырудың әдістемелік тәсілдемесі
4. Капиталдың орташа олшенген құны және корпорация қызметінде оны пайдаланудың аса маңызды аспектілері.
5.Капиталдың
оңтайлы құрылымын
есептеу әдісі
құрылымды оңтайландыру.
1. Капитал – қаржы менеджментінің ең өзекті ұғымдарының бірі болып табылады. Қаржы менеджменті көзқарасынан қарастырғанда капитал корпорацияның активіне (мүлкіне) салынған қаражаттың ақшалай, материалдықө және материалдық емес нысанындағы жалпы мөлшерін білдіреді..
Капитал- корпорация мен басқа да шаруашылық жүргізуші субьектісінің арасында оны қалыптастыру мен пайдалану қатысында туындайтын ақшалай қатынасын білдіреді.
Капитал салу нәтижесінде негізгі және айналым капиталы құрылады.Негізгі капитал жұмыс істеу процесінде айналымнан тыс актив нысанына, ал айналым капиталы –айналым активі нысанына айналады. Корпорацияның айналым активіне авансыланған ақшалай ресурсы айналым қаражаты болып табылады.
Капиталды салу нысаны бойынша кәсіпкерлік және несие капиталы болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік капитал- корпорацияның нақты , материалдық емес және қаржы активіне пайда алу және оны басқару құқығын алу мақсатында авансыыланады.
Несие капиталы-кепілзат қайтарымды, ақылы, шұғыл болса және қамтамасыз етілсе кредитке берілетін ақша капиталы.
Меншікті капиталдң бағасы- акционерлік капитал үшін акция бойынша дивидендтің сомасы немесе үлестік салым мен онымен байланысты шығын бойынша төленген сомасы.
Қарыз капиталының сомасы- кредит немесе облигацилық қарыз және онымен байланысты шығын үшін төленген пайыздың сомасы.
Тартылған капиталдың сомасы- кредиторлық берешектің құны. Ол пайда боғаннан кейін үш айдан астам мерзімде немесе шартта белгіленген мерзімде өтелмеген кредиторлық берешектің айыппұл санкцияның сомасын білдіреді.
Капитал – корпорацияға кіріс әкелетін қаражат көзі болып табылады.
Капитал оның иелерінің ағымдағы және келешектегі кезеңде әл-ауқатының негізгі көзі ретіндғе болды.Капитал – фирманың нарықтық құнының негізгі өлшеушісі болып табылады. Бұр ең алдымен таза активтің мөлшерін анықтайтын меншікті капиталға қатысты.
Капитал мына белгілері бойынша жіктеледі:
1.Корпорацияның тиесілігі бойынша меншікті және қарыз капиталы болады.
Меншікті капитал корпорайияға меншік құқығында тиесілі және активтің айтарлықтай бөлігін қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Қарыз капиталы корпорацияны қаржыландыруға арналған қайталылатын және ақылы негізде тартылатын ақшалай қаражатты білдіреді.Қарыз капиталының барлық нысаны корпорация белгіленген мерзімде өтеуге тиіс міндеттемеміне жатады.
2.Капитал айналу мақсаты бойынша өндірістік, несиелік және жалдаптық (спекулятивтік) болып бөлінеді.Жалдаптық капитал қайталама қор нарығында айналымдағы акцияның құны әжептәуір көтерілуі салдарынан пайда болады.Жалдаптық операция барынша жоғары кіріс табу үшін жасалады.
3.Инвестициялау нысаны бойынша шаруашылық серіктестік пен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақшалай, материалдық және материалдық емес нысандағы капитал болады.
4 Капитал инвестициялау обьектісі бойынша негізгі және айналым ккапиталы болып бөлінеді. Негізгі капитал айналымнан тыс капиталдың барлық түрлеріне ( материалдық және материалдық емес) салынады, ал айналым капиталы өтімділік дәрежесі әртүрлі айналым активіне (запас, дебиторлық берешек, қаржы салымы мен ақшалай қаражат) салынады.
5 Меншік нысаны бойынша мемлекеттік , жеке меншік және аралас капитал болады.
6 Қызметтің ұйымдастыру-құқықтық нысаны бойынша акционерлік, үлестік және отбасы шаруашылығына тиесілі жеке капитал болады.
7 Капитал өндірістік процесте қатысу сипаты бойынша қолданыстағы және әрекетсіз (жөндеудегі, резервтегі, мконсервациядағы, аяқталмаған құрылыстағы негізгі құрал-жабдық).
8.Меншік иесінің (иелердің) пайдалану сипаты бойынша тұтынылатын және жинақталатын (қайта инвестициялатын, капаиталдандырылатын) капитал болады. Тұтынылатын капиталға дивиденд және әлеуметтік сипаттағы басқа да төлемге жұмсалатын сома жатады. Қайта инвестицияланатын капиталға есепті және өткен жылдың бөлінбеген пайдасы жатады.
9
Ел экономикасына
тарту көзі бойынша
–отандық және
шетелдік капитал
болады.
Капитал
айналымының орташа
ұзақтығы айналымдылық
коэффициенті мен
бір айналымның есептік
кезеңдегі күнде
немесе айда есептелген
ұзақтығы көрсетіледі.
ВР 365
КО =------- ; ПО =----------- ,
К КО
Мұндағы : КО-капиталдың айналымдылық коэффициенті, айналым саны;
ВР-тауар сатудан алынған түсім (нетто);
К- капиталдың есепті кезеңдегі орташа құны;
ПО-бір айналымның ұзақтығы ; 365 күн-жылдағы күн саны .
Сөйтіп, капитал
өзін-өзі ұлғайтатын
байлық өндірістің негізгі
факторлары болып
табылады. Капиталды
өндірістік *сауда процесінде
инвестициялау ғана
меншік иесіне пайда
нысанындағы қосымша
кіріс әкеледі.
2.Корпорациялардың қаржы саясатын іске асыруда және оның ақша айналымын басқаруда фирма ішінде қаржыны жоспарлаудың маңызы зор. Қазақстан экономикасының қазіргі замандағы даму кезеңінде қаржы жоспары өндірістік және коммерциялық қызметті реттейтін маңызды құрал ретінде қала береді. Қаржы жоспарын әзірлемесін бұрын ағымдағы
( операциялық) және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін капитал тарту тәсілі мен көзін анықтау қажет.
Қазақстандағы корпорацияны қарожыландыру көзі ішкі (меншікті капитал) және сыртқы ( қарыз жәіне қаржы нарығынан тартылған капитал).
Ішкі қаржыландыру- бұл меншікті қаражаттың , ең алдымен таза пайданы және амортизациялық аударымды пайдалану.Өзін-өзі белсенді қаржыландыруда корпорацияның пайдасы бюджет жүйесіне салық, эмитенттің акциясы бойынша дивиденд төлеу, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыру, әлеуметтік бағдарламаларды орындау үшін жеткілікті болуы тиіс.
Белсенді емес ( жасырын) қаржыландыруда мүліктітөмендетіп бағалау, сондай-ақ резерв қорға кемітіңкі аудару салдарынан корпорация балансында көрсетілмейтін қосымша көз пайда болады.
Жасырын қаржыландыру көзіне:
- таза айналым капиталы (айналым активі мен қысқа мерзімді міндеттеме арасындағы айырма),
- бағалау резерві;
- қатысушыларға ( құрылтайшыларға ) кіріс төлеу жөніндегі берешек;
- алдағы кезеңнің кірісі;
- келешекте жұмсалатын шығыстың резерві;
- жеткізушілерге және т.б төленуге тиіс мерзімі өтіп кеткен берешек жатады..
Өзін-өзі қаржыландырудың мынадай артықшылықтары бар;
1.Таза пайдадан пайда болған қосымша меншік капиталдың есебінен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нығайады.
2. Меншікті қаражат бүкіл жыл бойы тұрақты түрде қалыптасады.
3. Сыртқы қаржыландыруға ( кредитордың барынша қызмет көрсету) жұмсалатын шығын барынша азайады.
4. Инвестициялық шығынның орнын толтыратын көз алдын-ала белгілі болу себебінен кәсіпорынды қосымша инвестиция есебінен дамыту жөнінде басқарушылық шешім қабылдау жеңілдейді.
Сыртқы қаржыландыру- мемлекеттің , қаржы-кредит ұйымының , қаржы институтына жатпайтын компанияның және азаматтардың қаражатын пайдалану.
Меншікті қаражат есебінен сыртқы қаржыландыруда корпорация құрылтайшыларының (қатысушыларының) ақшалай қаражатын пайдалагылады. Кәсіпкерлік қызхметті сырттан қаржыландырылған қаражатпен қамтамасыз етудің артықшылығы бар, өйткені ол кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен бірге банкіден кредит алуға ( өтімді қаражат тапш болған жағдайда) қойылатын талаптарды жеңілдетеді.
Қарыз капиталдың есебінен қаржыландыру- бұл кредитордың ақшалай қаражатты қайтарымды және ақылы негіздеуі бар. Осындай қаржыландыру кәсіпорын капиталын ақшалай қаражат салу арқылы арттыруды емес, қарыз алушы мен қарыз берушінің арасындағы кәдімгі кредиттік қатынасты білдіреді.
Қарыз капиталы есебінен қаржыландырудың екі түрі болады;
- қысқа мерзімджі кредит есебіәнен қаржыландыру;
- ұзақ мерзімді кредит есебінен қаржыландру.
Қысқа мерзімді қарыз капиталы айналыпм активін (тауарлық- материалдық запасы, аяқталмаған құрылыстың дайындамасын, маусымды шығынды) қаржыландыру көзі болып табылады. Ұзақ мерзімге тартылған капитал негізгі капиталды жаңартуға , сондай-ақ материалдық емес активті сатып алуға жұмсалады.
Қарыз алушы қор биржасынан ( корпоративтік облшигация эмиссиясынан) алынатын қарыз арқылы қаржыландырумен салыстырғанда , борышты тиісінше қамтамасыз етіп ұзақ мерзімді банк кредитін пайдаланған жағдайда оған мынадай артықшылық береді;
- құнды қағаз басып шығаруға , оны орналастыруға немесе электрондық тасымалдауышта оның есебін жүргізуге, эмиссияға, жарнамаға және орналастыруға шығын жұмсалмайды;
- қарыз алушы мен банк арасындағы құқықтық қарым-қатынас жөнінде шамалы ғана адам хабардаор болады; кредит беру ережесіә әрбір мәміле бойынша анықталады;
- банкіден кредит алуға өтініш берумен және қор нарығынан қаражаттың түсу арасындағы мерзім қысқарады;
- акционерлік қоғамның облигация шығаруға қойылатын шектеу.
Корпорация капитал тартудың түрлі тәсілін салыстыра отырып ағымдағы және инвестициялық қызыметті қаржымен қамтамасыз етудің оңтайлы нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді.
3. Корпарацияның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігі оның капиталдыф мақсатқа орай қалыптастырып пайдалдануына байланысты. Капитал фирманың вктивті қаржыландыру көзіне қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында қалыптастырылады.
Капитал қалыптастыру процесі келесі принциптерге негізделген:
Бірінші принцип- корпорацияның даму келешегін ескеру.
Баланс пассивінде капитал талдауи мақсатында міндеттемені өтиеу мерзімі бойынша келесідей топтастырылады.
- қысқа мерзімді пассив;
- ұзақ мерзімді пассив;
- меншікті капитал.
Қысқа мерзімді пассив – айналым активімен орны толтырылатын немесе жаңа қысқа мерзімді міндеттеме пайда болу нәтижесінде өтелетін міндеттеме. Ол, әдетте , ұзақ емес кезең ішінде өтеледі. Қысқа мерзімді міндеттемені жеке топқа бөлу баланстың өтімділігінің мониторимнгі үшін маңызы зор.
Ұзақ мерзімді пассив – бір жылдан асатын мерзімді өтелетін міндеттеме. Ұзақ имерзімді кредит пен қарыз осы міндеттеменің негізгі түрі болып табылады.
Қарыз капиталының жағымд сипаттамасы ;
- қаражат таротудың , әсіресе қарыз алушының кредиттік өлшемі (өтімді кепілзаттың немесе төлеуге қабілетті кепілгердің кепілінің болуы) жоғары болған жағдайдағы кең мүмкіндігі;
- өндірістің және сатудың көлемін кеңейткенде активті арттыру мақсатында корпорацияның қаржы әлеуетінің дамуын қамтамасыз ету мүмкіндігі;
- активтің табыстылығы кредитке қойылатын орташа пайыздық ставкадан асатын жағдайда меншікті капиталдың пайдалылығын қаржы тұтқасының әсері есебінен ұлғайту мүмкіндігі;
- қысқа мерзімді банк кредитінің пайызы операциялық шығынға жатқызылу себебінен акция эмиссиясымен салыстырғанда «салық қалқаны»әсерінің есебінен кредит құнының төмен болуы. Нәтижесінде осы пайыздың сомасы салық салынатын пайданың мөлшерін төмендетеді.
Қарыз капиталын пайдалану кемшілігіне мыналар жатады:
- қарыз капиталын көп мөлшерде тарту (кредит пен қарыз нысанында) корпорация үшін өте қауіпті кредиттік, пайыздық, өтімділікті жоғалту және т.б. тә»уекел сияқты қаржы тәуекелінің пайда болуына себеп болады:
- кредитордың алдында борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын қосымша шығын пайда болу себебінен қарыз капиталы есебінен пайда болатын актив капиталдың пайда нормасына байланысты болады;
- қарыз капиталы құнының кредит нарығындағы ауытқуға өте тәуелді болуы ;
- кредит ресурсынберу мүлік кепілін немесе басқа шаруашылық субьектілерінің ынтымақты кепілдігін талап ететін банкінің мүмкіндігіне байланысты; сондықтан қарызх қароажат тарту тәртіптемесінің қиынығы.

- Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері
- Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері
- Корпорациялық табыс салығының түсінігі
- Корпорация счастья. Или всё это рейв
- Корпорация Форд
- Корпоротивная социальная ответственность
- Корпоротивные информационные системы
- Корпорация как моральный агент. Корпоративная миссия. Корпоративная стратегия. Корпоративный имидж. Корпоративная репутация
- Корпорация как наиболее сложная и значимая хозяйствующая форма бизнеса
- Корпорация как сложная система
- Корпорация как форма организации
- Корпорация қаржысын ұйымдастыру
- Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздер
- Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері