Коррозия процесінде полифенолды қосылыстарды ингибиторлар ретінде қолдану
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Коррозия процесінде полифенолды қосылыстарды ингибиторлар ретінде қолдану
Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске
асырудың негізі
Секция: химия
Ғылыми жетекшісі:
Жетекшісі:
Астана-2008
Мазмұны
Абстракт......................
Кіріспе.......................
1. Негізгі бөлімі
2. Зерттеу бөлімі................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Абстракт
Жұмыстың мақсаты:
Ғылыми жобаның мақсаты 1:1 эквиваленттік қатынасындағы этил спирті мен 0,9% NaCl физикалық ерітіндідегі және әр түрлі органикалық қосылыстарды қосу нәтижесінде коррозия процесін зерттеу болып табылады. Аса тиімді, суда еритін коррозия ингибиторларын іздеу, электрохимиялық процестердің кинетикасы мен механиз заңдылығын зерттеу, зерттеліп отырған органикалық қосылыстардың бейтарап ортадағы болаттың электрохимиялық коррозиясының жылдамдығына әсерін анықтау.
Гипотеза:
Өндірістік жабдықтарды жалпы коррозиядан қорғайтын нәтижелі, экономикалық жағынан тиімді және де әмбепап қорғаныстардың бірі ингибиторлы қорғаныс болып табылады.
Кезеңдері, зерттеудің рәсімі:
Бұл жұмысты атқару алдында мен металл коррозиясы жайлы, ластанған региондар жайлы мәліметтермен таныстым. Содан кейін зерттеу жұмыстары белгілі бір өсімдіктер арқылы жасалды. Ол өсімдіктер түрі зерттеу барысында анықталды.
Әдістеме:
- Болаттың коррозиялық әрекеті С-65Г тікбұрышты жазық болат үлгілерінде зерттелді.
- Коррозиялық ортаның фондық ерітіндісі ретінде 1:1 қатынасындағы 0.9% NaCl және этанол ерітіндісі қолданды. Болат үлгілерін ингибиторленген және ингибиторленбеген фондық ерітінділерде зерттелді.
- Поляризациялан қисықтарды түсіру әдісі арқылы ортада ингибитордың қатысуымен және қатысуынсыз болаттың электрохимиялық коррозияның кинетикасын анықтадық. Ингибиторлар ретінде келесі қосылыстарды зерттедік: фенол, резорцин, ионол (2,6-дитретбутил-4-метил фенол), о-метиленаминофенол (ингибитор-1), (N-β-аминоэтанол)-о-метиленфен
ол (ингибитор-2).
Жұмыстың жаңалығы және дербестігі:
Жалпы коррозияның ингибиторлары ретінде жаңа органикалық қосылыстарды зерттеу. Азот құрамды органикалық ингибиторлардың фондық ерітіндідегі электрохимиялық коррозия процесіне әсері.
Нәтиже, қорытынды:
Практикада қолдану салалары:
Кіріспе
Өнеркәсіптің қарқынды
дамуы, өндірістік процестердің қарқыны,
негізгі технологиялық
Бұндай шаралардың іске асырылуын қолға алуын басты себебі, коррозиядан тиген шығын шектен тыс зардап әкеледі. Бар ақпаратқа сүйенетін болсақ, өндірілетін металдың шамамен 10%-ы коррозиядан қайтымсыз зардап шеккен жерлерді жамауына жұмсалады. Халық шаруашылығына үлкен маңызы бар проблемалардың бірі – коррозиядан қорғану мәселесі./3/
Өндірістік жабдықтарды жалпы коррозиядан қорғайтын нәтижелі, экономикалық жағынан тиімді және де әмбепап қорғаныстардың бірі ингибиторлы қорғаныс болып табылады.
Ингибиторлар – аралас әрекеттегі органикалық қосылыстар, яғни олар катодтық және де анодтық реакциялардың жылдамдықтарына әсер етеді. Қазіргі заманғы электрохимиялық кинетика арқасында біз элетролитке арнайы қосылыстарды қосу нәтижесінде реакцияның қай бағытта жүретінін алдын ала болжай аламыз. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы ингибитордың эффективтілігіне тәуелділігін табу негізгі ғылыми-техникалық мақсат болып табылады.
Нәтижелі коррозиялық қорғаныс жасау үшін коррозия механизмі мен коррозиялық жарылуды білу міндет, қоршаған ортаның әсерлерін және осы процестерден қорғанатын материалдардың қасиетін зерттеу, және ортадағы коррозиялы-активті компоненттердің қатысында коррозия ингибиторлары-ның әсер ету механизмін зерттеу.
Ғылыми жобаның мақсаты 1:1 эквиваленттік қатынасындағы этил спирті мен 0,9% NaCl физикалық ерітіндідегі және әр түрлі органикалық қосылыстарды қосу нәтижесінде коррозия процесін зерттеу болып табылады. Аса тиімді, суда еритін коррозия ингибиторларын іздеу, электрохимиялық процестердің кинетикасы мен механиз заңдылығын зерттеу, зерттеліп отырған органикалық қосылыстардың бейтарап ортадағы болаттың электрохимиялық коррозиясының жылдамдығына әсерін анықтау.
Агрессивті ортаға ингибиторды енгізілуі коррозияға ұшырап жатқан металдың бетінің өзгеруіне әкеліп соқтыратыны анық, және де өзін-өзі еріту процесінде жеке электрохимиялық процестердің кинетикасына әсер етеді. Ингибиторлы әсердің механизмі ингибитр құрылымымен, агресивті ортаның құрамымен, процестің жасалу жағдайымен анықталады. Электрохимиялық процестердің кинетикасы мен механизмін анықтау үшін поляризацияланған катодты және анодты қисықтар түсірілген. Ал фондық ерітіндінің ортада әр-түрлі мөлшерде болуына байланысты жаңа органикалық қосылыстарды зерттеу үшін осы қисықтар қолданылған.
Ингибиторлар екі жеке
реакцияларды тежейді, сонымен қатар
коррозияның жылдамдығының
Адсорбцияланған ингибиторлардың қорғаныш әрекеттері металл мен ерітіндінің арасындағы шекара құрылысының өзгеруіне әкеледі.
Сонымен, металдың коррозиялық қирауын тежейтін, бірақ одан құтыла алмайтын тежегіштер органикалық ингибиторлар болып табылады. Металл коррозиясы осы металдың ортадағы термодинамикалық тұрақсыздықпен байланысты, сондықтан ингибиторлар осы процеске елеулі әсер тигізе алмайды. Ингибиторлар коррозиялық процесті тежейді, бірақ одан толық құтылмайды.
Негізгі бөлім
1.1 Металдың коррозиясы
Коррозия – сыртқы ортаның әсерінен металл конструкция бетінде дамитын химиялық және электрохимиялық процесстерден туындаған қатты денелердің бұзылуын айтады. Тіпті, коррозия сөзінің өзі кейінгі латын тілінен шыққан «corrosio» – жеу деген мағынаны білдіреді. Ең үлкен шығынды металдар коррозиясы әкеледі. Коррозияның бізге таныс және кең таралған түрі – темірдің тат басуы. «Коррозия» термині металдарға, бетондарға және кейбір пластмассаларға тән құбылыс. Коррозиядан басқа, металдық конструкциялар эрозия әсеріне, яғни механикалық әсердің арқасында материалдың беткі қабатының бұзылуына ұшырайды. Эрозияны жаңбырлар, желдер, топырақтық шаң-тозаңдар және басқа табиғи факторлар тудырады. Сондықтан да көпірлердің аркаларын, құрылыс фермаларын және басқа құбырларды комплексті қорғау қажет. Сөйтіп, коррозия – бұл металдың бұзылуына әкелетін ортамен металдың физико-химиялық өзара әсерлесуі. Коррозия нәтижесінде металдар табиғатта кездесетін оксидтер немесе тұздар күйіндегі тұрақты қосылыстарға айналады.
Коррозия және тат басу сөздерін шатастыруға болмайды. Егер коррозия – бұл процесс болса, тат басу оның нәтижелерінің бірі болып табылады. Бұл сөз шойын мен болаттың құрамына кіретін темірге ғана қатысты. ISO 8044 мемлекеттік стандарты бойынша коррозия терминін металдың, ортаның немесе олардың техникалық жүйелері енетін қасиеттерінің бұзылуына әкелетін орта мен металдың арасындағы химиялық немесе физико-химиялық әсерін түсіндіреді. ТАТ БАСУ – бұл коррозия нәтижесіндегі темірдің балқымаларындағы және беткі қабатындағы түзілген темір оксидінің гидратталған қабаты. Коррозиялық бұзылуға бетон, құрылыс тастары, ағаш және басқа материалдар жатады.
1.2 Коррозия теорияларының негіздері
Металдың коррозияғы
ұшырайтын ортасын коррозиялық
немесе агрессивтік орта деп атайды.
Металдардың коррозиясы жайлы айтсақ,
олардың ортамен өзара
Коррозия барысындағы металдың физико-химиялық өзгерісі металдың тотығуы болып табылады. Әрбір коррозиялық процесс көп сатылы болады:
- Металдың бетіне коррозиялық ортаның немесе оның жеке компоненттерінің жақындауы қажет.
- Ортаның металмен әсерлесуі.
- Металдың бетінен өнімдердің толық немесе бөлшектік
Көптеген металдар (Ag, Pt, Cu, Au) табиғатта ион түрінде кездеседі: оксидтер, сульфдтер, карбонаттар және т. б. Металдың иондық түрі өте ұтымды, ол ішкі энергиясының өте аз мөлшерімен сипатталады. Бұл металдардың рудалардан және олардың коррозиясынан алынуынан байқалады. Қосылыстағы металдың тотықсыздану кезіндегі жұтылған энергия металдық қосылысқа қарағанда бос металдың энергиясы көп екендігіне куәлік етеді. Бұл коррозиялық-активтік ортамен контактіде болған металл, энергияның артық мөлшерімен энергетикалық ұтымды жағдайға өтуге тырмысатына әкеледі. Яғни, коррозияның басты себебі, қоршаған ортаның компоненттерінен және металдың термодинамикалық жүйесінің тұрақсыздығы болып табылады. Осы компоненттермен металдың өзара әсері нәтижесінде босатылатын бос энергия – термодинамикалық тұрақтылықтың шараларының бірі. Бірақ, бос энергия өзінен-өзі коррозиялық процестің жылдамдығын анықтамайды, яғни, металдың коррозиялық тұрақтылығының бағасы үшін маңызды роль ойнайтын ұзындығы. Коррозиялық процестің басталу нәтижесінде металдың бетінде өте жүрмейтін немесе коррозия тоқтатылатын нығыз және өтпейтін барьер түзіледі. Сондықтан да эксплуатация шарттарында оттекпен жақын тұратын металл өте тұоақты болуы мүмкін.
Қорғалмаған шойын және болат көптеген ортада коррозия ұшырайды, бірақ коррозиялық бұзылудың дәрежесі бірнеше факторлардан құралады, олардың ішінде ең бастысы металдың құрамы мен бетінің күйіне және коррозиялық орта мен жергілікті жағдайға байланысты.
Аз және орташа көміртекті конструкциялық болаттың механикалық қасиеттерін қоспалар арқылы арттыруға болады.
Қарапайым болаттың құрамында темір мен көміртек және болаттың механикалық қасиетімен қамтамасыз ететін марганец мен кремний элементтерінің аз мөлшердегі қоспасынан құралады. Құрамының өзгеруі қорытылған бірдей металл партияларында аз байқалады. Бірақ мыстың болат құрамында болуының бір ерекшелігі. Құрамында мыс жоқ болатқа 0,2% Cu қосатын болсақ, болаттың ауадағы коррозия жылдамдығын екі-үш есеге азайтады, ал мыс концентрациясын ұлғайта беретін жағдайда болаттың коррозияға шағын беріктігі пайда болады.
Егер біз коррозиялық қасиет теталдың құрамына байланысты десек, онда темір негізіндегі қорытпаларды үш үлкен топқа бөлуге болады:
1) қарапайым шойын, дәнекерленетін темір, қоспалысыз болат – бұл материалдардың барлығы дерлік коррозияға оңай беріледі.
2) 2-3% көбінесе мыс, хром және никельмен аз қоспаланған болат. Бұлар да коррозияға бейім, бірақ белгілі бір атмосфералық жағдайда пайда болатын коррозиялық пленка қорғанышты болады. Жоғарыды айтылған болатқа қарағанда мұндай болатта коррозиялық процестің жылдамдығы бірнеше есеге азаяды. Мұндай аз қоспаланған болат қартайып жатқан деп аталады.
3) мысалыға 18% Cr, 8% Ni и 3% Mo-мен көп қоспаланған, тот баспайтын болат. Бұл болат белгілі бір жағдайда мүлдем коррозияға ұшырамайды.
Тот баспайтын болат
көптеген тұздарға (оның ыдырауы кезінде
пайда болатын концентрациясы жоғары
қышқылға дейін) беріктілік көрсетеді.
Бірақ галоидтсуттекті қышқылда
1.3 Коррозиялық процесстердің классификациясы
1.3.1 Металдың көлеміндегі немесе беткі қабатындағы коррозиялық бұзылулардың типі бойынша (геометриялық характер).
Металдың беткі қабатын толық алған коррозияны жазық коррозия деп атайды. Оны әр-түрлі учаскесіндегі коррозиялық бұзылуына қарай тегіс және тегіс емес деп бөледі. Жергілікті коррозиясындағы бұзылулар локальды және беткі қабаттың көп бөлігін тиісілмеген күйде қалдырады. Локализация дәрежесіне қарай коррозиялық дақтарды, язваларды және нүктелерді (питтинг) деп бөледі. Нүктелік бұзылулар беткі қабаттың коррозиясының бастапқы көріністерін береді. Жергілікті коррозияның қауіпті түрлерінің бірі – металл бөлшектерін бұзбай, олардың тұрақты шектерінен өтетін кристалларалық (интеркристалдық), және бөлшектер арқылы металда тіке жарықтар туғызатын транскристалдық болып табылады. Беткі қабатта ешқандай іздер қалдырмастан бұл бұзылулар детальдың немесе конструкцияның бұзылуына және тұрақтылығының жойылуына әкеледі. Бұларға характері жағынан пышақтық коррозия жақын. Агрессивтік ерітінділердегі кейбір балқымалардың эксплуатациясы нәтижесінде металдың бойымен пышақпен кесу сияқты. Кейде беттік жіптік коррозияны көрсетеді. Ол, мысалы, металдық емес беттерде дамиды. Және пластикалық деформация бағытымен жүретін қабаттық коррозияны бөліп көрсетеді. Спецификалық болып балқымаларда қатты ерітінділердің жеке компоненттері ери алатын таңдамалы коррозия көрінеді.
1.3.2 Металл бетінің өзгеруіне байланысты немесе олардың физико-химиялық қасиеттерінің дәрежесінің өзгеруіне байланысты коррозия процесстерінде ортаның қасиеттерінің қарамастан, коррозиялық талқандаудың бірнеше түрі.
1) Егер коррозия металдың түгел, барлық бетінде жүретін болса, ондай коррозияны тұтас коррозия деп атайды. Коррозияның мұндай түрі қышқылдардың, сілтілердің, атмосфраның әсрінен пайда болады. Оның өзін бірқалыпты және бірқалыпты емес деп бөледі. Металдың талқандауы бірдей жылдамдықпен металың түгел бетінде жүретін коррозия түрі бірқалыпты емес деп аталады.
2) Таңдамалы коррозия процесі жүргенде металл құймасының бір ғана құраушысы талқандап, қалғандары өзгеріссіз қалады.
3) Жергілікті коррозия кезінде металдардың бетінде бөлек қызыл дақ түрінде металдардың ішіне қатты тереңдетілген күйінде табылады.
4) Бет асты коррозия металдардың бетіндегі бөлек аудандарының қорғаныш қаптамаларының бұзылуынан басталады.
5)Кристалитаралық коррозия ристалиттер шекарасындағы металдардың бұзылуы. Металл бұл жағдайда өзінің механикалық төзімділігін жоғалтады. Бірақ металдың сыртқы түрі өзгермейді.
1.3.3 Металдың ортамен әрекеттесу реакциясының механизмі бойынша екі түрге:
1) Химиялық коррозия дегеніміз – металдың валенттік электрондарын өзіне тартып алатын тотықтырғыштардың құрамына кіретін атом топтарымен немесе сол атомдармен тікелей химиялық байланыспен қосылған және металдық байланыстан ажыраған металл атомдарын айтады. Химиялық коррозия әрбір коррозиялық ортада өтеді, алайда электролит емес коррозиялық ортада олар жиі байқалады. Оның жылдамдығы көбінесе металл бөлшектерінің диффузиясымен және коррозия өнімдерінің беттік пленкасы арқылы өтетін тотықтырғышпен анықталады. Кейде – осы пленканың еруімен немесе булануымен, оның жарылуымен және кей жағдайда ішкі ортадан тотықтырғыштың конвективтік алынуымен (оның өте кіші концентрациясында).
2) Электрохимиялық коррозия деп – металдық тордан шыққан кездегі түзілген катион тотықтырғышпен емес, басқа компоненттермен коррозиялық ортаға түсуін айтады; тотықтырғышқа ктион түзілген кездегі босаған электрондар беріледі. Мұндай процесс тек қоршаған ортада реагенттердің екі типі болған кезде жүреді. Олардың біріншісі (сольватталатын және комплекстүзуші) олардың валенттік электрондарының қатысуынсыз металл катионымен тұрақты байланысты бола алатын, ал екіншісі (тотықтырғыштар) өздерінің маңында катиондарды ұстамай металдың валенттік электрондарын қоса алатындар. Ұқсас қасиеттер сольватталған катиондары қозғалысты сақтап тұратын электролиттердің балқымаларында немесе ерітінділерінде кездеседі. Сөйтіп, электрохимиялық коррозия барысында металдық тордан атомның жойылуын екі тәуелсіз, бірақ қабысқан электрохимиялық процесстер: анодтық – металдың сольватталған катиондарының ерітіндіге ауысуын, және катодтық – босатылған электрондарының тотықтырғыштарымен байланысқан. Осыдан барып, электрохимиялық коррозияны баяулатудың тікелей анодтық процестің тоқтауымен ғана емес, сонымен қатар, катодтық жылдамдыққа әсер етумен де болады екен. Ең кең тараған екі катодтық процесс бар: сутек иондарының разрядталуы (2e + 2H+ = H2) мен еріген оттектің тотықсыздануы (4e + O2 + 4H+ = 2H2O немесе 4e + O2 + 2H2O = 4OH-), бұлар көбінесе жиі оттектік және суттектік деполяризация деп аталады.
Анодтық және катодтық процестер катиондары мен электрондары коррозиялық ортаның компоненттерімен әсерлесе алатын металл бетінің әр-түрлі жерінде өтеді. Егер беткі қабат біркелкі болса, онда анодтық және катодтық процестер аудандары бойынша тепе-тең болады. Мұндай идеалды жағдайда коррозияны гомогенді-электрохимиялық деп атайды. Шынында да металдық беттерде әр-түрлі қоспалармен немесе әр түрлі атомдардың энергетикалық жағдайларымен әсерлесетін компоненттердің шартты бөліктері бар екен. Мұндай бөліктерде анодтық немесе катодтық процестердің энергетикалық өтуі әбден мүмкін және коррозия гетерогенді-электрохимиялық болады.
1.3.4 Коррозиялық орта бойынша.
Кейбір коррозиялық орталар және лардан туындайтын бұзылулар осы ортамен аталған және онда өтетін коррозиялық процестердің классифицирленуімен сипатталады. Ереже бойынша, металдық бұйымдар мен конструкциялар коррозияның көптеген түрлерінің әсеріне ұшырайды. Мұнда жағдайларда аралас коррозия деп аталатын әсер туралы айтылып отыр.
1) Газдық коррозия – жоғары температурада газдық ортада өтетін коррозияны айтады.
2) Атмосфералық коррозия – металл бетінде электролиттік пленканың түзілуіне қажетті ылғалдылығы бар атмосферада өтетін коррозияны айтады. Атмофералық коррозияның ерекшілігі – ол жылдамдылыққа және металл бетіндегі ылғалдылық қабатының механизмі немесе түзілген коррозиялық өнімдердің ылғалдық дәрежесіне тәуелілігінде.
3) Сұйықтық коррозия – сұйық орадағы коррозия. Сұйық ортаның металға әсері бойынша коррозияның бұл типінде өзіне қатысты қасиеттері бар толық батырылған, толық батырылмаған, аралас батырылған коррозия сипатталады.
4) Жерасты коррозиясы – топырақтағы металдардың коррозиясы. Жерасты коррозиясының ерекшелігі әр түрлі топырақтағы жерасты конструкцияларының бетіне оттегінің түсу жылдамдығымен сипатталады.
1.3.5 Қосымша әсер етуіне байланысты.
1) Кавитациялық коррозия – кавитациялық ортаның бір уақытта әсер етуі. Үздіксіз немесе уақытша кернеуде жүретін кррозия. Егер де бұл созылатын кернеу болса, коррозиялық шытынау болуы мүмкін.
2) Контакттық коррозия – кезіндe тегі әр түрлі екі металдың электролиті ішінде үйкеліс туғызатын, жабық гальваникалық элемент қалыптастыратын ұқсас бұзылуы жүреді.
3) Саңылаулық коррозия – металдың саңылаудағы бұзылуы. Ол көбіне саңылауда рналасқан конструкция учаскесіне пайда болады. Металдарға агрессивті орта әсер етеді. Сонымен қатар металл бір мезгілде қосымша әсерге ұшырайды. Соған қарай коррозиялық процесс бөлінеді.
4) Радиациондық коррозия – радиоактивтік сәулелену әсерінен жүретін коррозия түрі.
5) Биологиялық коррозия – бактериялардың өмір сүруі нәтижесінде пайда болатын өнімдер әсерінен жүретін коррозия түрі.
1.4. Коррозиялы
ортада металл жабдықтардың
ISO 8044-1986 стандартына сәйкес:
Коррозиялық системада жеткілікті концентрацияда болатын, және кез-келген коррозия реагентінің концентрациясын едәуір өзгертпей, коррозияның жылдамдығын азайтатын химиялық қосылыстарды коррозия ингибиторлары (ИК) деп атайды.
Ингибитор дегеніміз – коррозиялы ортаға аз мөлшерде енгізілген жағдайда, ол сол ортамен түйісіп тұрған металдың коррозия жылдамдығын азайтатын химиялық зат.
Зерттеу бөлімі
2.1 Қолданылатын материалдар және реактивтер
Болаттың коррозиялық әрекеті С-65Г тікбұрышты жазық болат үлгілерінде зерттелді. Болаттың химиялық құрамы: С - 0,62-0,7; Мп - 0,9-1,2; Si - 0,17-0,37; Р - 0,0001; S - 0,035; Сг -0,25; Ni-0,25.
Коррозиялық ортаның фондық ерітіндісі ретінде 1:1 қатынасындағы 0.9% NaCl және этанол ерітіндісі қолданды. Болат үлгілерін ингибиторленген және ингибиторленбеген фондық ерітінділерде зерттелді.
Ингибиторлар ретінде келесі қосылыстарды зерттедік:
1-кесте
Зерттелген органикалық ингибиторлар
№ |
Органикалық ингибитор атауы |
Органикалық ингибитордың құрылымдық формуласы |
1. |
Фон |
0.9% NaCl + C2H5OH |
2. |
Фенол |
|
3. |
Резорцин |
|
4. |
Ионол (2,6-дитретбутил-4-метил фенол) |
|
5. |
о-метиленаминофенол (Ингибитор-1)
|
|
6. |
(N-β-аминоэтанол)-о- метиленфенол (Ингибитор-2)
|
|
Ингибиторлардың қорғаныштық
қасиеттерін зерттеу үшін бұл
ғылыми жобада гравиметриялық әдіс, ерітінділерді
электрохимиялық әдіспен
2.2 Болаттың
агресивті ортадағы коррозиясын
Фондық ерітіндідегі және ингибиторлардың қатысуымен болатын болаттың коррозиясы гравиметриялық әдіспен оның коррозиялық сынаққа дейінгі және сынақтан кейнгі массасының азаюы арқылы анықталады.
Болаттың коррозиялық тәртібі тікбұрыш пішінді үлгілерде зерттеледі. Үлгіліерді өлшеу жұмыстары аналитикалық таразыларда жүргізілді.
Гравиметриялық әдіспен зерттеудің алдында болат үлгілерін зімпаралы (наждачная бумага) қағазбен тегіс, біркелкі бетке дейін өңделеді; спиртпен майдан тазартылады; дистиленген сумен шаяды және фильтрлі қағазбен кептіреді. Майдан тазартуды арнайы ерітіндімен қыздыру арқылы жүргізеді. Ерітінді құрамы: 500мл. судағы КОН (15г), Nа2SiO3 (1г), Na3РO4*12H2O (25г), Na2CO3(15г)
Коррозия жылдамдығы (г/сағ) мына формуламен өрнектеледі
K = m/t
K – коррозия жылдамдығы (г/сағ);
m – үлгілердің массалар айырмасы;
t – уақыты, сағ;
Қорғаныс эффектісі Z және тежелу коэфиценті γ мына формулалармен өрнектеледі:
Kо - K
Z = ---------------- * 100%
Kо
K
γ = ---------------- * 100%
Kо
2.3 Эксперимент нәтижелері және оларды талдау
Металдарды коррозиядан сақтау – ғылым мен техника алдында тұрған актуальді мәселелердің бірі. Экономикалық және әлеуметтік бағыттардың бастысы ретінде – материалдар мен шикізаттың дүниежүзілік жоғалтуын қысқарту. Осы мақсат ретінде металл коррозиясына көп көңіл бөлу қажет, аса тиімді жаңа тәсілдерді және коррозия мен коррозио-механикалық бұзылулардан сақтайтын құралдарды өндіріп, оларды қолдану.
Ингибитрлеу – металл
материалдарды жалпы
Ингибиторлар ретіңде тек құрамында амино-, имино-, тиотопшалар, және карбоксильді, карбонильді және кейбір басқа топтар ретінде кездесетін азот, күкірт және оттегі болатын органикалық заттар. Ингибитордың адсорбциясы нәтижесінде коррозия жылдамдығын азайтатын, катодты және анодты процестерді тежелетіні байқалады.
Коррозиялық ортада металл
бетінде әр-түрлі құрамды
Электродтың бетінде бір уақытта екі немесе одан да көп бір-біріне тәуелсіз электродты процестер (сопряженные реакции) жүре алады. Сопряженные реакциялар металл еріген кезде (коррозия), және де көптеген басқа тотығу тотықсыздану процестер кезінде байқалады:
Н3О+ + е- =1/2 Н2 + Н2О (1)
Fe2+ +2е-=Fe 0 (2)
Тотығу-тотықсыздану реакциялары тотықсыздандырғыштан қабылдаған электронды қабылдап оны тотықтырғышқа жеткізетін металл бетінінің қатысуымен бөлек жүреді. Металл бетінде электрод потенциалын анодты жаққа жақындататын суттек бөлінеді. Сонымен қатар суттек бөліну процесінің жылдамдығы азаяды, ал металдың еру жылдадығы артады.
2.4 Эксперимент мәліметтерінің анализы
Эксперимент мәліметтеріне сүйене отырып, бірнеше қорытынды жасауға болады:
1. Коррозиялық
орта ингибитор мен тұздың
сулы ерітінділері
Fe – 2é = Fe2+ | 1
2H+ + 2é = H2 | 1
___________|
Fe + 2H+ = Fe2+ + H2
Пайда болған Fe2+ иондары сулы ортада гидроксид-иондарымен байланысады:
2Fe + O2 + 2H2O = 2Fe(OH)2
Темір (ІІІ) гидроксиді ауадағы оттекпен оңай тотығады:
2Fe + O2 + 2H2O = 2Fe(OH)3
Болат коррозиясының өнімі темір (ІІ) және темір (ІІІ) гидроксидтердің қоспасы болатын қоныр тат, ыдарағандағы өнімдері, көмірқышқыл газ және қоршаған ортадағы басқа да заттармен әрекеттескен заттар болып табылады.

- Коррозия работающего оборудования
- Коррозия сталей
- Коррозия станочного оборудования
- Коррозия урана и его сплавов в теплоносителе
- Коррозия цементного камня и бетона в водных средах
- Коррозия цементного камня и способы защиты
- Коррупционная преступность
- Коррозия металлов и способы борьбы с ней
- Коррозия металлов и способы защиты
- Коррозия металлов и способы защиты от коррозии
- Коррозия металлов и способы защиты от нее
- Коррозия металлов. Методы защиты от коррозии
- Коррозия металлов с кислородной деполяризацией
- Коррозия металлов. Экономический ущерб и меры борьбы с коррозией