Коршаған ортаның ластануы
Жоспар;
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
а) Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі
ә)Аңырықай шайқасы
б)Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді.
Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды.
Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді.
1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ жиыны өткізілді. Оған Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды.
Жиында негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Жиынға қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді.
Негізгі бөлім
Құрылтайда талқыланған маңызды мәселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Осы жиында Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. А.И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп ішкі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды». Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың жауынгерлік рухын көтерді.
Ұлытаудың таулар жүйесіне иелік ету соғыс барысында маңызды кезең болды. «Ақтабан шубырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1730 жылдардығы Отан соғысы) барысындағы аса маңызды шайқастардың бірі Ұлытау етегінде өтті.
1728 жылдың көктемінде
Ұлытау етегінде Бұланты
Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының жеңіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке қол басқарған Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы және басқалар Әбілқайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығы мен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнінде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді. Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қару шеберлері еңбек етті.
Бұлантыдағы және басқада бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін Үмбетай жырау, Ақтамберді жырау, Тәтті қара жырау, Бұқар жырау, Көкеш ақын туындылары жеткізді. Бөгенбай Ақшаұлы, Саңырақ Тоқтыбайұлы, Олжабай Әлімұлы, Қонақай Жақсығұлұлы, Бөлек Сатанұлы сынды батырлардың, батыр Баянның, Жарылқаптың және басқаларының есімдері тірі кездерінде-ақ аңызға айналған.
Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бірбөлігі Бұланты өзенінің жоғары ағысына қарай өтіп кетті. Бірақ бұл жерде де оларды қазақ атты әскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде жонғарлар тағы талқандалды, тек жекелеген топтарының ғана Ұлытау жағына Майтөбе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сәті түсті.
Бұланты жеріндегі жеңістің зор маңызды болды. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мумкіндік берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды. Мұндағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан аудандағы Қарамолда деген жердегі ұрыс болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бұл аймақ-бұл жер «Қалмақ қырылған» деген атпен белгілі.
Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісінің жағы бір жағы-стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісі Аңырақай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді.
Аңырақай шайқасы. Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730 жж.) жеңіспен аяқталуына Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды. Ол туралы қазақтардың дәстүрлі ауыз әдебиетінде айтылады, сондай-ақ оған М.Тынышбаевтың еңбегі[2] және басқа да бірқатар жанама деректер арналған.
1730 жылы көктемде
Балқаш көлінің маңында қазақ
пен жоңғарлардың арасында
Балқаштың Солтүстік батыс жағында өзенінің өзі жағынан жел өткізбейтін Шу-Іле таулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұммен Мойынқұм жағынан да соғады. Аңырақай тауларының қасында Делдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын (Аңырақай жел). Сонымен бірге халық Аңырақай жеңіліс тапқан жоңғалар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған.
Сейтіп, 1730 жылы жазғы салым қазақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайтты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайып алып, Хантау, Аңырақай таулары өңіріне шықты.
Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі.
Шайқас жекпе-жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоянқолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке 20 жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қатарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. М.Тынышбаев кейін сол кезде Абылай өзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды.
Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Сөйтіп олар бұл шайқаста жеңіп шықты. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауыс бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңарақай» деп аталып кетті.
Аңырақай шайқасында жеке ерлігін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары мен қатардағы жауынгерлерінің ерлігі мен жеке басының қажыр-қайраты, бірліктің нәтижесінде қазақ жауынгерлері бұл шайқаста женіп шықты.
Қаратаудың, Ұлытаудың таулы аудандарын, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін азат ету оқиғалары халықтың тарихи жазында мәңгіге қалды. Ақтастыдағы, Бұланты жеріндегі «Қалмақ қырылған» шайқастары, Аңыракай шайқасы қазақ халқының тарихи өткен кезінің қаһармандық символына айналды.
Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды. Рухы көтерілген халық жоңғарларды жеңуге болатын түсінді. Айбынды женіске қарамастан, жау әлі де күшінде болатын, сондықтан кейінгі жылдарда да оларға қарсы ұзақ әрі титықтататын күрес күтіп тұрды.
Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілердің арасында жік туды. Түпнұсқаларда Аңырақай шайқасына қатысқан сұлтандардың іс-әрекетіндегі мұндай келіспеушіліктің (жіктелуінің) себептері жайлы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай Әбілмамбет сұлтанның қазақ хандарының ордасы Түркістанға қөшіп кеткені, ал Әбілқайырдың орыс шекараларына қарай жедел жылжығаны белгілі.
Аңырақай шайқасынан кейн қазақ хандары мен сұлтандарының арасында жік түының негізгі себебі жоғарғы билік үшін талас болды деп топшылауға негіз бар. Таукенің баласы Үлкен хан Болат қайтыс болғаннан кейін оның орнын Орта жүзден Сәмеке (Шахмұхамбет), Кіші жүзден Әбілқайыр аламыз деп дәмеленді. Көпшіліктің қалаған адамы Әбілмәмбет (Болаттың үшінші ұлы) болды. Мұндай таңдау жасалынғанына наразы болған Әбілқайыр хан майдан шебінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Хандықтың өзіне тимегеніне риза болмаған Сәмеке де Әбілқайырдан кейін әскерін алып Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет түзеді. Жоңғарларға қарсы майдан әлсіреп, өз әскері мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болды. Сейтіп, қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңалмас ңұқсан келтірілді.
Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан жоңғар хандырының жаңа шабуылының тікелей қауіпі жойылмайды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Галдан-Цереннің (1727-1746 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қауіпін күшейтті, қазақ хандарының өздері де, соның ішінде Әбілқайыр да жоңғарлар тұтқын етіп әкеткен өз руластарын қайтарып алмақ ниетінен тайған жоқ.
Қазақ хандықтарының билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет-қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық батыраңқылығының күшейе түскен процессін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші Россиямен одақтасу қажет болды. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарың одан әрі нығайтып, Россияның қол астына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты.
Сонымен, жоңғар әскерлерінің шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өміріне ұзақ уақытқа терең із қалдырып, қазақтардың тарихына «Алапат ауыр жылдар» болып енді.
Жоңғар шабуылының салдарынан қазақтардың басына түскен аса ауыр жағдай оларды қалайда күш біріктіруге мәжбүр етті. Осылай ету қажеттігін үш жүздің өкілдері түгел түсінді.
Жауға соққы беруді ұйымдастыру
жөнінде бастама көтерген Кіші жүздің
ханы Әбілқайыр болды. Ол 1723 жылы 20 мың жауынгері бар жасақты
бастап, жоңғарлардың қандас одақтасы
Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше
жеңісті жорық жасады. Өз тылын осылайша
қауіпсіз еткен ол қалың қолын бастап, Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың көктемінде Қазақ хандығының
астанасы Түркістан қаласына жетіп, оны тікелей
шабуылмен азат етті. Қаланы бір жыл бойы өз
қолында ұстап тұрды. Бірақ жаудың еселенген
көп күшінің тегеурінді қысымымен Түркістанды
және сол аймақтағы басқа да қалаларды
тастап шықты.
1725 жылы құрамында 50 мың жауынгері
бар бірлескен қазақ-карақалпақ әскерінің
қолбасшысы болды. Сөйтіп жоңғарларға
қарсы бірнеше сәтті жорық жасады. Осы
кезде оның ұйымдастырушылық таланты,
ірі әскери қолбасшы ретіндегі қабілеті,
жеке өз басының қаһарман ерлігі айқын
танылды. Жауға неғұрлым жылдам әрі күйрете
соққы беруді ұйымдастыру қажеттігі бүкіл
қазақтың күш-жігерін біріктіруді талап етті. Осы мақсатпен 1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында
(қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық Құрылтайболып өтті. Оған қазақтың хандары,
үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Қазақ халқының ең таңдаулы өкілдерінің
бас қосқан бұл жиынында жауға күйрете
соққы беруді, орталықтандырылған күшті
басшылықты қалай ұйымдастыруды шешу
керек болды.
Қазақтар бір-біріне барынша берілген,
адал болуға осы Ордабасыда ант берісті.
Құрылтайға қатысушылардың бірауыздан
ұйғаруымен Әбілқайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды.
Бүкілхалықтық әскери жасақтың бас сардарбегі болып
батырлар арасынан Қанжығалы Бөгенбай
бекітілді. Ордабасыдағы осы Құрылтай жиналысының шешімдері қазақ
халқының жоңғар басқыншылығына карсы
азаттық күресінде өте маңызды рөл аткарды.
Қазақ қоғамының бүкіл күш-жігерін нақты
іс жүзінде біріктіру қолға алынды. Әрбір
ру өзінің жауынгерлік жасақтарын құрып,
бүкілқазақтық үлкен жасаққа алып келіп
қосуды қасиетті міндетіміз деп білді.Басқыншы
жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы
көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды
Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр,
Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар
, Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары
басқарды.Жас сұлтан Абылайдың беделі
тап осы кезеңде көтерілді. Ол кейін қазақтың
аса құрметті, беделді де айбынды ханына
айналды.
Азаттық күресіне идеялык басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.
Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Қошқарбай, Байболат сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді. Олардың бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірішайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді. Қазақ ауыз әдебиетінде Гауһар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту».
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
Жоңғар шапқыншылығына қарсы
азаттық күресінің интернационалдық сип аты болды. Онда ортақ жауға
карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан
да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс
қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты.
Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп қатыгез қырғындарда ғы жеңіліс қазақ
халқының ұнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-жігерін
сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы,
өздерін ар-намыс жолында құрбан етуге дейін баруы арқасында
қатыгез жаудың ойранды әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана
қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тас-талқан
етіп жеңіп шықты. Ол кезеңнің «Қазақ батырлығының алтын
ғасыры» деп аталуы тіпті де тегін емес.
Айрықша атап айтуға тұрарлық нәрсе — қазақ батырлары басқыншыларға
қарсы кең-байтақ Қазақстан аумағының
барлық жерінде бірдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге,
тайпаға және ру-руға бөліну дегенді ұмытты,
жауға қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік
танытты. Қазақтың халық жырауы Тәті-қара үш жүздің
өкілдері бір кісідей ұйымшылдықпен ерліккөрсеткенін былай деп суреттейді:
«Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек
Шақшақұлы болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер
жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы, Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт,
жігіттік ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі
Керейде ер Жабайды айт».
Қазақ батырларының ерен ерлігін біздің
заманымызға дейін өз шығармалары арқылы
жеткізген жырау-ақындар Үмбетей, Ақтамберді,
Тәтіқара, Қожаберген, Бұқар, Көтеш және
басқалары болды. Олардың көпшілігі сұрапыл
соғысты өз көздерімен көрген куәлар ғана
емес, сонымен қатар ерлікпен шайқасқа түскен жалынды
жау жүрек жауынгерлер де болды.
Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа
созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде
қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске
жетті. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар
да белсене қатысты. Біріккен күштердің
құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны
60 мың адамға жеткен еді. Қанды шайқас
болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген
атаумен де қазақ халқының есінде тарихи
атау ретінде мәңгі сақталып қалды. Сол
шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгері
қаза тапты. Бұланты өзенінің бойындағы
жеңістің баға жетпес зор маңызы болды.
Ол Қазақ жауынгерлерінің моральдық рухын
әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер
қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін
білмейді деген жалған аңыздың күлін көкке
үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін
жігерлендіре түсті. Бұланты шайқасындағы
жеңіс жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына
ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте бүкіл
халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре
түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына
тың серпін берді.
Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы
Аңырақай шайқасында жауға есінен тандыра,
ойсырата соққы берудің сенімді кепіліне
айналды.
Қазақ халқының жоңғарларға
қарсы азаттық күресі барысындағы өте
елеулі оқиға — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде
Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы
Итішпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа
Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық
етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары
қатысты.
Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған
жоңғар жағынан әскербасы Шарыш, қазақ
жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай
хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты)
шықты. Сабалақ қарсыласына «Абылай! Абылай!»
деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды.
Жекпе-жекте қазақ батыры жеңіп шықты.
Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып,
олардың жігеріне жігер қосты. Жау жағының берекесі қашып, қатты абыржыды.
Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы жекпе-жек
шайқастан кейін Сабалақ Абылай атанып
кетті. Аңырақай шайкасында қазақтар жоңғарларға
естерінен тандыра күшті соққы берді.
Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген,
жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері
Аңырақай деп аталып кеткен кәрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Маданов.Ұлы дала тарихы, Алматы,1998
ж
2.Қазақстан тарихы Очерктер.Алматы 1999 ж
3.Мусин Ч.Қазақстан тарихы, Алматы
2003 ж

- Корыстная преступность
- Корыстная преступность
- Корыстная преступность
- Косвенное налогообложение, его значение
- Косвенно-сдельная система оплаты труда
- Косвенные иски
- Косвенные налоги
- Корупция
- Корупция и власть
- Корупція
- Корупція в АР Крим
- Корупція у міжнародному економічному співробітництві
- «Корфам» фирмы «Дюпон» - дорогостоящая товарная неудача
- Корчмин, Василий Дмитриевич