Кәсіби бронх демікпесі
Кәсіби бронх демікпесі
Аллергоздың классикалық түрі-бронх демікпесі. Бұлар кәсіби аурудың арасында кең тараған. Кәсіби аллергендердің спектірінде кәсіптік бронх демікпесі жиі кездеседі және едәуір орын алады.
Этиологиясы. Аурудың дамуына себепші әртүрлі аллергендер: өсімдік, ағаш, темекі, перламутр, дән, ұн шаңдары.
Бронх демікпе ауруы сукон-камволь тоқу өндірісінде, жихаз фабрикасында, элеватор, диірмен, нан пісіру жұмыс шаруашылығында жиі кездеседі.
Жануарлық шаң-тозаңдарға: қой, ешкі жүндері, шаш, қауырсын қанаттары, табиғи жібек, микробтар, саңырауқұлақтар, антибиотиктер жатады. Сондықтан құс фермасында, мал шаруашылығында істегендер, қой қырқу, шаштаразшы-шанион (шаш) жасау кәсібінде істегендер де кездеседі.
Химялық антигендік
қасиеттері мол заттарға: урсол,
формалдегид, формалин шаңы-
Патогинезі. Аурудың даму механизмі рефлекторлық, токсикалық-инфекциялық аутоимондық, неврогендік теориялармен түсіндіріледі.
I-ші иммундық кезеңде, кәсіптік аллергендер әсерінен антиген-антидене конъюгат құрастырылады. II-ші кезең патохимиялық, антиген пайда болған кезде тіндік қан сарысулық ферменттердің белсенділігі өзгереді, протеолитикалық, липолитикалық ферменттердің белсенділігі жоғарылайды, тамырлардың қабатында, тіндерде синовиалды бронх қабықшаларында гистамин, ацетилхолин, серотонин, брадикинин т.б биологиялық заттардың белсенділігі жоғарылап, көп мөлшерде шығады.
III кезең потофизиологиялық, тегіс салалы бронх бұлшықеттердің жиырылуы (бронх мускулатурасының спазмы), бронхтың ісінуі, бездердің гиперсекрециясы тыныс жолдарының обструкциясы, бронх өткізгіштігінің бұзылуы дамиды.
Клиникалық түрі бойынша жіктелуі:
- Инфекциялық-аллергиялық;
- Инфекциялық-аллергиялық емес;
Осының ішінде инфекциялық-
Бронх демікпе ұстамасының дамуына қарай:
- демікпе алды (предастма);
- бронх демікпесі.
Түрлеріне қарай:
1.иммунологиялық
2.иммунологилық емес
Патогенетикалық механизмдеріне қарай:
- Атопиялық
- Инфекцияға тәуелді
- Аутоиммундық
- Дисгормоналдық
- Нерв-психикалық
- Адренергиялық дисбаланс
- Біріншілік өзгерген бронхтардың реактивтілігі
Ауырлық ағымына қарай:
- Жеңіл ағымды
- Орта ауырлықты ағым
- Ауыр ағымды
Өршу кезеңіне қарай:
- Өршу
- Толық емес ремиссия
- Ремиссия
Асқынуларына қарай:
- Өкпелік-өкпе эмфиземасы, тыныс жетіспеушілігі, ателектаз, пневмоторакс және т.б.
- Өкпеден тыс- миокард дистрофиясы, өкпелік жүрек, жүрек жетіспеушілігі.
Клиникалық көрінісі: Негізгі клиникалық көрінісі-тұншығу ұстамасы. Бұл бронхоспазм мен бронх бездерінің гиперсекрециясынан және бронх қабықшасының ісінуінен, яғни кәдімгі бронх демікпесіндегі клинико-морфологиялық көрініс. Ал ауырлық дәрежесінің клиникасы көбіне мына асқынуларға байланысты: өкпе эмфиземасына, созылмалы бронхит, пневмония, пневмосклероз, өкпелік жүрек және адамның заттарға деген поливалентті сезімталдығының жоғары болуына.
Таралған бронхоспазм,
тыныс бұлшықеттерінің
Кәсіптік бронх демікпесі
кенеттен тұншығумен басталады,
Ұстама кезінде науқас
мәжбүр жағдайда болады-
Бастапқы сатыда ұстама
аралық кезінде бронх
Диагностикасы. Кәсіптік бронх демікпесінде диагноз қою қиын, себебі оның клиникалық көрінісіндегі айырмашылық кәсіптік емес бронх демікпесінен аз. Бірақ кәсіптік бронх демікпесі диагнозын қоюда дәлелденген кәсіптік анамнезді, ерекше клиникалық мәлеметтерді, демікпе ұстамасы өндірістік аллергенмен қатынасқанда байқалатыны, арнайы аллергиялық және имунологиялық тесттердің, басқа да аспаптық-лабораторлық зерттеулердің мәліметтерін табу көмектеседі.
Кәсіптік бронх демікпесінің
этиологиясын дәлелдейтін
Емі.
- Этиологиялық факторларды табу және жою.
- Патогенетикалық емінде: арнайы, арнайы емес десенсибилиздеуші ем жүргізу, тері астына біртіндеп көтеріңкі дозада аллергенді жіберу, гистаминге қарсы гистоглобулин 1, 2, 3 мл, 2-3-4 күн сайын № 5-10.
- Бронхты кеңейтетін заттар: интал, астмопент, беротек; муколитиктер: трипсин, хемотрипсин, калий йодид және ауыр жағдайда преднизолон 30-90 мг тәулігіне немесе дексаметазон фосфат 8-12 мг тәулігіне, дезинтоксикациялық препараттар тағайындалады.
- ЕФК, массаж, климатобальнеотерапия, санаторлық-курорттық жағдайда немесе таулы құрғақ жерлерде демалу тағайындалады.
МӘС жеңіл түрінде рационалды еңбекке орналастыру керек. Ауыр түрінде жұмыс істей алмайтын жағдайда мүгедектікке шығару, ал орта жағдайда жеңіл аллергенсіз жұмысқа көшіруге тиісті.
Профилактикалық шараларына жұмысқа тұруда кәсіби таңдауды жақсы және кезекті медециналық қарауды уақытында жүргізу, ШРЕК-ың сақтау, санитарлық ағарту жұмыстарын, санитарлық-техникалық жұмыстарын жүргізуді қарастырады.
Бензол және оның қосындылары мен уланудың патогенезі, патологоанатомиялық суреті және жіктелуі.
Бензолдың аминдік
және нитроқосындылары мен
Жедел улану орталық нерв жүйесінің зақымдалуына, метгемоглобин түзілуіне, эритроциттердің гемолизіне; созылмалы улану паренхиматозды ағзалардың, әсіресе бауырдың, зәр шығару жолдарының, көру мүшелерінің зақымдалуына әкеледі.
Адам организімінде гемоглабин тұрақты тотығады, тек оксигемоглобинге дейін ғана емес; оның аз бөлігі метгемоглабинге дейін тотығады. Метгемоглобин оттегімен өте берік байланысады. Гемоглабиннің тотыққан бұл түрі оттегіні тіндерге тасымалдауға жарамсыз.
Метгемглабин түзілуінің
эндогенді ынталандырушылары (
Метгемоглобин қанның
оттегімен қанықпауына (
Тері жабындылары
мен шырышты қабаттардың сұр-
Эритроциттерде майда
көк домалақ түзінділер
Улану эритроциттердің
резистенттілігін (төзімділігін) төмендетеді,
екіншілік гемолитикалық
Бауырдың токикалық
бұзылуының генезі күрделі
Бүйректің зақымдануының
патогенезінде өзекшелердің
Бензолдың аминдік
және нитроқосындыларымен
Бензолдың аминдік
және нитроқосындылары жоғарғы
тыныс жолдарының шырышты
Патологоанатомиялық көрінісі. Метгемоглобин түзілудің дәрежесіне байланысты тері жабындылары бозғылт –сары, бозғылт-сұр және көкшіл-қара түс алады.Мұндай түсте конъюктиваның, ерін, тілдің, қызыл иектің шырышты қабаттарына нүктелік қан құйылулар, сирек бірлі-жарым жаралар болуы мүмкін. Қан ала-шоколадты қоңыр түсті, сұйық. Серозды(ұйыма) қабаттарда, кейде паренхиматозды мүшелерде, бас миында нүктелі қан құйылулар байқалады.
Ішкі мүшелер қанға
толы. Бауырдың айқын майлы
Жедел улану. Метгемоглобин түзуші заттармен жедел уланудың басты симптомы шырышты қабаттардың, тері жабындыларының сұр-көк түске боялуы болып табылады. Қан ала-қою түсті, түзілген метгеиоглобин мөлшеріне тәуелді. Бензолдың аминдік және нитро қосындылардың улы әсерінен эритроциттер ыдырап, екіншілік гемолитикалық анемия дамиды. Анемияның айқындылығы гемолис және сүйек миының компенсаторлы қызметінің жылдамдығына және дәрежесіне байланысты.
Орталық және шеткі
нерв жүйесі зақымдалуы: шаршағыштық,
бас ауруы, құсу, лоқсу, әлсіздік
пен тепе теңдік бұзылуымен, естен
тануға бейімділігі
Зәр шығару жолдарының
зақымдалуы аминоқосындылардың
әсер етуімен байланысты. Зәр
құрамы өзгермеген, бірақ зәр
шығару жиілінеді, ауру
Созылмалы улану. Қазіргі уақытта еңбек жағдайын жақсартумен және мақсаттылық бағытталған медециналық профилактиканың өткізілуіне байланысты созылмалы уланудың клиникасы мен ағымы жақсарған.
Нерв жүйесінің өзгерістері
науқастардың жартысынан
Аминдік және
нитроқосындылардың
Зәр шығару жүйесінің
зақымдалуы қуықтың шырышты
Диагноз қою және диагностикасы. Уланудың диагнозын қою үшін, ең алдымен науқастың осы заттармен жанасуын көрсететін мәлімет болуы қажет. Метгемоглобин түзуші заттармен уланудың негізгі симптомы тері жабындылары мен шырышты қабаттардың сұр-көк түске боялуы болып табылады. Кейде теріге нүктелі қан құйылулар, сирек бірлі-жарым жаралар шығады. Қанда Гейнц денешіктері табылады, базофильді түйіршікті эротроцит мөлшері көтеріледі, ретикулоцитоз, лейкоцитоз формуласының солға жылжуы көрінеді.
ОНЖ зақымдануы шаршағыштықпен,
бас ауруымен, лоқсумен, тырысумен,
естен танумен, есін
Зәр шығару жүйесі
зақымдалуының негізгі
Созылмалы улану оң қабырға астының ауруы және диспепсиялық бұзылыстармен өтеді, барлық науқаста бауыр ұлғаюы байқалады. Сарғыштану сирек кездеседі.
Ем және жедел көмек. Жедел уланудың бензолдың амино және нитроқосындыларының жоғары концентрациясы бар ғимараттан жәбірленушіні алып шығуы қажет. Тері арқылы сіңуін тоқтату үшін ластанған киімді шешу және терінің ластанған бөлігін жылы сумен жуу ұсынылады. Ыстық ванна немесе душ қарсы көрсеткіш болып саналады.
Уланудың алғашқы
сағаттарында ОНЖ және тыныс
орталығы зақымдалғанда
Жедел кезеңінде гемолитикалық
кризге бағытталған емдік
Емдеуде оксигенотерапия маңыздысы болып саналады. Газдық қосылыстарды тағайындағанда метгемоглобиндік гипексомиямен қатар жүретін гипокапнияны ескеру керек. Көмір қышқыл әсер етуінен тыныс орталығының қызметі жақсарады, өкпе вентиляциясының күшеюіне әкеледі. Нәтижесінде удың бөлінуі және қанның оттегімен қанығуы жылдамдайды, оттегіні пайдалану жоғарылайды. Тамыр ішіне 10-20мл 1% метилен көгі ерітіндісін, 10-20 мл 30% натрий тиосульфат ерітіндісін енгізеді. Бұл шаралар жүргізу нәтижесінде 30 минут ішінде қандағы метгемоглобин деңгейі және цианоз азаяды. Қанның тұтқырлығын төмендету үшін вена ішіне 20-30 мл 40% глюкоза ерітіндісін енгізеді.
Созылмалы уланудың
емі аурудың клиникалық

- Кәсіби тілдік қатынас құзіреттілігін қалыптастыру
- Кәсіпкелік тәуекелдік
- Кәсіпкердің кәсіпорны кімге керек болды?
- Кәсіпкерлердің абсолюттік құқықтарының регламентациясы
- Кәсіпкерлердің құқықтары
- Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары
- Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары
- Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды күтіп бағу ережесі
- Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы
- Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
- Кәмілетке толмағандардың қылмысы
- Кәсiпкерлiктiң қызметтiң инфрақұрылымы
- Кәсiпорын қаржы есептемесiнiң
- Кәсипорын жағдайы