Кәсiпкерлiктiң қызметтiң инфрақұрылымы
Кәсiпкерлiктiң қызметтiң инфрақұрылымы.
Жоспар:
1.Кәсіпкерлік
2.Кәсіпкерлік инфрақұрылымның мәні мен ерекшеліктер
3.Шағын бизнес орталықтарының кәсіпкерлік инфрақұрылымның институты ретінде қалыптасуы мен құрылуы.
4. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары.
Әлеуметтік - экономикалық дамудың қазіргі кезеңі экономика құрылымының қайта құрылуын алдын - ала айқындайды, өз кезегінде кәсіпкерліктің жылдам дамуына бағытталған. Қоғамдық қажеттіліктерін және өндіріс құралдарының нақты жалпылануының әр-түрлі деңгейіндегі әр-түрлі сипаттамалары әр-түрлі өндіріс түрлерінің тиімділігі экономикалық масштабын объективті түрде күшейтеді. Белгілі бір шарттарға байланысты экономикалық пайдалылық жөне тиімділік ірі және ұсақ өндірісте бола алады.
“Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. Шағын кәсiпкерлiк бұл кәсiпкерлiктiң аясындағы ұғым, яғни мұнда бiр немесе бiрнеше кәсiпкер пайда табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметтер жасап, жоғары тәуекелдiктерге баруы деп түсiнсек болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын кәсiпкерлiктiң өзiндiк артықшылықтары да бар. Оларға:
Сыртқы экономикалық факторлардың өзгеруiне тез бейiмдiлiгi;
Шағын инновациялық кәсiпкерлiк бiр салада тоқтап қалмай экономиканың барлық сферасын қамтиды;
Шағын кәсiпкерлiк iрi компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық зерттеулер нәтижелерiн инновацияларды өнеркәсiпке жылдамырақ енгiзедi;
Осындай елеулi артықшылықтары бола отырып шағын кәсiпкерлiк келесi салалар бойынша бөлiнедi:
- шағын бизнестiң кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
- кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай: өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
- шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты : бiр профильдi , көп профильдi;
- шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк, агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық , құрылыста және басқада халық шаруашылық салаларында .
Шағын кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi шағын кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды. Шағын кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
- Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
- Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
- Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал шағын кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:
- Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
- Жаңа жұмыс орындарын ашу;
- Рыноктағы сұранысқа және жалпы өзгерiстерге тез бейiмделу;
- Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
- Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
- Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
- Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
- Класстерлiк жүйенiң дамуы;
- Лизингтiк қатынастардың дамуы;
- Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
- Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң өсуiне үлесiн қосады;
Дамыған елдердiң тәжiрибесi шағын кәсiпкерлiк
экономиканың даму қарқынын арттыра түсетiнiн
көрсетедi. АҚШ-та барлық жұмыс күшiнiң
50%-iн кәсiпкерлiкпен шұғылданушылар құрайды.
Iшкi өнiмнiң 33%-i шағын кәсiпкерлiк үлесiнде.
Жапонияда жұмыс күшiнiң 80% шағын кәсiпкерлiкпен
шұғылданады және жалпы өнiмнiң 55% үлесiн
алып отыр. АҚШ-та шағын кәсiпкерлiк
ғылыми зерттеу жұмыстарының 3% ғана жүзеге
асырса да, өндiрiске енгiзiлетiн iрi жаңалықтардың
экономикадағы елеулi үлесi 50% құрайды.
В. Школьниктің сөзіне қарағанда, тіркелген
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 190
мыңы - заңды тұлғалар, 601 мыңы - жеке кәсіпкерлер,
194 мыңы - шаруа қожалықтары. Жалпы алғанда
шаруашылық субъектілеріндегі шағын кәсіпкерліктің
үлесі 93 пайыз. «2006 жылмен салыстырғанда
өткен жылы тіркелген субъектілердің
саны 17 пайызға көбейді. Ал жұмыс істеп
тұрған субъектілер тіркелгендерінің
76 пайызын құрайды», - деді министр. Бұл
ретте ол тіркелгенімен ұзақ уақыт бойы
дұрыс жұмыс істемей тұрған субъектілердің
азаймай, бұрынғысынша 24 пайыздық деңгейде
қалғанын айтты. Бұдан бөлек В. Школьник
шағын және орта бизнес саласында жұмыс
істейтін адамдардың саны өткен жылы 1
млн. 838 мың болғанын, яғни оның алдындағы
жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскенін
жеткізді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері
әлі күнге дейін сауда, автокөлік және
тұрмыстық бұйымдарды жөндеу, ауыл шаруашылық
салаларында басым болса, өнеркәсіп саласында
мейлінше аз.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес, Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымы - бұл субъектiлердiң дамуына жәрдемдесетiн және оларға кәсiпкерліктің дамуы үшiн қажеттi қызмет көрсететiн және кәсiпкерлiк ортаның тыныс тiршiлiгiне орта мен жағдайды қамтамасыз ететiн ұйымдар мен бiрлестiктердiң жиынтығы.
Олардың қызметтеріне жеке кәсіпкерлік істі ұйымдастыруға жәрдемдесу, коммерциялық негізде құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент аясындағы ақпаратпен қамтамасыз ету, материалды-техникалық, қаржылық және т.б. ресурстармен қолдау көрсету кіреді.
Экономикалық дамудың осы кезеңiнде мемлекеттiң негiзгi рөлi кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиiс.
Қазiргi уақытта кәсiпкерлiктi қолдау саласында көптеген түрлi институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетiктерi қалыптасқан.
Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:
қаржы институттары;
қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;
бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;
ақпараттық-талдамалық маркетингтiк, консалтингтік, оқыту орталықтары;
халықаралық институттар.
Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрiнедi:
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы және оның өңiрлiк бөлiмшелерi;
лизингтiк компаниялар;
микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" (бұдан әрi - Қор).
Қор қызметiнiң негiзгi мақсаты - өз қаржы қаражатын және мемлекеттiң шағын кәсiпкерлiктi дамытуға бөлген қаражатты тиiмдi пайдалану.
Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлiмшелерi бар. Қордың несие портфелi өз қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi және Азия Даму Банкi қарыздары есебiнен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. теңге құрады. ЕҚКДМ-мен қарыз туралы келiсiмге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуi күтiлуде.
Қордың қаражаты шағын кәсiпкерлiктiң қалыптасу процесiнде оң рөл атқарды, бiрақ соңғы қарыз алушы үшiн пайыздық ставкаларды нақты төмендетудi қамтамасыз етпедi және ұзақ мерзiмдi өндiрiстiк жобаларды iске асыруға жәрдемдеспедi.
Қор қызметi басталғаннан берi қазiргi уақытта тек ғана өз қаражаты есебiнен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңге құрайды.
Берiлген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негiзгi көлемi өнеркәсiптiк өндiрiске - 39 %, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеуге - 29,5 %, қызметтер мен көлiк саласына - 23 % келедi.
Қордың шағын кәсiпкерлiк
субъектілерін қаржылай қолдауы
республиканың барлық өңiрлерiнде
250 мың жұмыс орнын құруға мүмкiндiк
бердi.
Қордың проблемалары: бұл - оларда кепiлдiк қаражаттың жеткiлiксiздiгi салдарынан шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн инвестициялық қаражаттың қолжетiмсiздігі.
Микрокредиттiк және
микроқаржы ұйымдары елдiң кредит
беру жүйесiнiң 3-шi деңгейi болып табылады
және банк секторы мүдделілігінiң
бiрқатар объективті факторларын
(мол әкiмшiлiк шығыстар, кредиттiк
тарихтың, рентабелдi жобалар және
өтімділіктi қамтамасыз етудiң болмауы)
қамтымаған кәсiпкерлердiң қаржы
қызметтерiне қажеттілігін қанағаттандыруға
тартылған. Ұсақ кәсiпкерлер үшiн
өз капиталы, гранттары мен бағдарламаларға
қатысушылардың жарналары есебiнен
кредит берудi жүзеге асыратын
микрокредиттік және микроқаржы
ұйымдары кредиттiк қатынастар
жүйесi деңгейiн мемлекет тарапынан
аз реттелушi болып табылады. Сонымен
қатар, жоғары операциялық және
үстеме шығыстар, қарыз берушiлердiң
нысаналы топтарына қызмет етумен
байланысты тәуекелдердi ескере
отырып, аталған операциялардың
қызметi басқа кредиттiк мекемелердiң
қызметiмен салыстырғанда шығын
көлемi көп болып табылады. Сондай-ақ
микрокредиттiк және микроқаржы
ұйымдары өз қызметiнде микро
кредиттер берумен қатар өз
тәуекелдерiн төмендету үшiн әлеуеттi
қарыз алушыларды шағын бизнестi
жүргiзу жөнiнде оқытумен және
консультациялық көмектер көрсетумен
айналысады. Осылайша экономикалық
мiндеттердi шешумен қатар микрокредиттiк
және микроқаржы ұйымдары кәсiпкерлiк
бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық
белсендi бөлiгінiң өз-өзiн жұмыспен
қамтуын қамтамасыз етуге оның
жалпы өмiр сүру деңгейiн арттыру
мен кредиттiк мәдениетке баулуға
бағытталған әлеуметтiк мiндеттердi
шешуге тартылған. Сондай-ақ микрокредит
беру саласын дамыту мiндеттерiнiң
бiрi ұсақ қаржы делдалдарын заңдастыру
және көлеңкелi сектордан шығару
болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк статистикалық тiзiлiм мәлiметтерi бойынша микрокредиттiк ұйымдардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 177 бiрлiкті құрады, олардың нақты жұмыс iстейтiндерi 40,7 % (72 бiрлiк) құрайды, уақытша бостары - 10,2 % (18 бірлiк), бiр ұйым тарау процесiнде, қалғандары қалыптасу сатысында.
Микрокредиттiк және
микроқаржы ұйымдарының проблемалары
- осы уақытқа дейiн микрокредит
беру жүйесiнiң дамуын тежейтін
негiзгi факторлар микрокредит беру
жүйесiнiң дамуына тұжырымдамалық
қағидаттарды, әлеуеттi инвесторлар
үшiн микрокредиттiк ұйымдардың
одан әрі тартымдылығын арттыру
үшiн аталған саланы мемлекет
тарапынан кешендi қолдаудың болмауы.
Микрокредит беру саласын дамыту проблемалары, бұл:
одан әрi орналастыру үшiн қорлардың тапшылығы мен қымбаттылығы;
микрокредиттiк ұйымдарының қаражатының жеткiлiксiздiгi;
микрокредиттiк ерекшелiкпен таныс бiлiктi кадрлардың жетiспеушiлiгi;
микрокредиттiк жүйеге қатысушылар үшiн әдiстемелер мен оқыту бағдарламаларының болмауы;
техникалық және ресурстық базаның болмауы;
микроқаржы саласының жағдайын, үрдiстерi мен оның дамуының перспективаларын, олардың дамушы құрылымына жетекшiлiк ететiн бiрыңғай органның және оларды бағалау әдiсiнiң болмауы;
дамыған мониторинг жүйесiнiң, iшкi бақылаудың болмауы;
қаржы ресурстарын тартуға қиындықтар туғызатын отандық банктер мен басқа да банктiк емес ұйымдардың микрокредиттеу ұйымдарымен әлсiз өзара іс-әрекеті;
микрокредиттiк ұйымдардың мемлекеттiк басқару органдармен және мемлекеттiк даму институттарымен ынтымақтастығының пысықталмаған кестесi.
Қоғамдық ұйымдар мен салалық бiрлестiктер (қауымдастықтар) азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерiнде әлеуметтiк проблемаларды шешуде мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстырушы рөл атқарады және кәсiпкерлiк ортада қоғамдық қатынастарды реттеу тетiктерiнiң бiрi болып табылады.
Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар салыстырмалы түрде әлi жас. Қазiргi ұйымдардың көпшілігі соңғы бес жылдың iшiнде тiркелген және кәсiпкерлiктi дамыту жобаларын iске асыруда жеткiлiктi тәжiрибе жинақтаған жоқ, мемлекеттiк органдар үшін де, және нысаналы аудитория үшiн де байсалды әрiптестiк имидж құрған жоқ.
Сондықтан үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар бытыраңқы, бiр-бiрiмен байланыссыз әрекет етедi, олардың қызметi бiр бiрiне қайшы келедi. Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың едәуiр бөлiгi шетелдiк және халықаралық донорлық ұйымдардың гранттары үшiн бәсекелеседi, осыған байланысты олар шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiнiң нақты проблемалары мен қажеттiлiктерiне емес донордың миссиялары мен бағдарламаларымен үндес жобаларды әзiрлейдi және iске асырады.
Қазiргi уақытта экономиканың басым салаларын дамытуда және нақты шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерін алғанда мемлекет мүддесiнiң жүйесiне жалғауға қабiлеттi барабар үкiметтiк емес ұйым жоқ. Осыған байланысты, YEҰ-ның қызметi қалың бұқарада нақты жобаға бекiтусiз және мiндеттердiң нақты қорытындамасынсыз жалпы мәселелердi шешуге тiреледi, жергілiктi атқарушы органдар үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдарды тең құқықты әрiптес ретiнде қарамайды және шешiм қабылдаудың нақты процесiне тартпайды.
Бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер. Қазiргi уақытта Қазақстанда 44 бизнес-инкубатор мен инновациялық орталықтар қызмет етедi. Олардың мүлдем барлығы дерлігі жергілiктi атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылды және өздерiнiң қалыптасу кезеңiнде.
Бизнес-инкубаторлар - өз алаңдарына арнайы жеңілдiк жағдайда iріктелген шағын кәсiпорындарды орналастыратын және оларға консалтингтік, оқыту, бухгалтерлiк және офистік қызметтер, оқыту бойынша қызмет көрсететiн құрылым. Бизнес-инкубаторлардың негiзгi мақсаты оның аумағында орналасқан шағын кәсiпорындардың орнықты қызмет етуiн қамтамасыз ету болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары
Жаңа жұмыс орындарын құру мен
экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз
ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде
шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән
берiледi.
БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын
кәсiпорындардың саны барлық кәсiпорындардың
жалпы санынан 95 %-ға артық. Әлемдiк экономикада
мұндай кәсiпорындардың үлесiне жұмыспен
қамтылғандардың 60 % астамы келедi, ал олардың
ЖIӨ-дегі үлесi 50 %-ға жетедi.
Рыноктiк қатынастардың қалыптасуы кезiнде
әсiресе шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк
қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдiк
тәжiрибе куә. Бұл ретте, тiреледi бизнестi
бәсекеден қорғауға немесе ол үшiн ерекше
"жұмсақ" жағдайлар құруға емес технологиялық
жетілдірудiң генерациясы фирмаiшiлiк процестi
үнемi ынталандыратын және фирманың бәсекеге
қабілеттігін арттыру үшiн оқытатын жағдайларды
қамтамасыз етушi шағын және орта кәсiпкерлiктi
мемлекеттiк қолдаудың нысаны мен мақсаты
шешушi мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада
iлгерiлiк жасаған көптеген елдердiң тәжiрибесi
көрсетедi.
Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау шаралары:
жаңа технологияларға
(технологиялар мен экономикалық
ақпараттар ұсыну, консультация
және оқыту) қол жетiмдiлiктi жеңiлдетуге;
рынок капиталына (салық жеңiлдiктерi,
амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттiк
субсидиялар, рыноктiк және жеңiлдiктi кредиттi
ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру
түрiндегi жеңiлдiкпен кредит беру) қол
жетiмдiлiктi жеңiлдету;
кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамытуға
жәрдемдесетiн кластерлiк-желiлiк ұстанымды
енгiзу арқылы шағын компаниялар мәселесi
бойынша туындайтын проблемаларды шешуге
бағытталған.
Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын
және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасы
iске асырылған елдер - бұл Италия, АҚШ,
Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания,
Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бiрқатар
дамыған және дамушы елдерде кластерлiк-желiлiк
ұстанымға негiзделген шағын және орта
кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасын iске
асыруды мысалға келтiремiз.
1. Италия. Бiрiншi рет кластерлiк-желiлiк
ұстаным Италияда 70 жылдар қолданылған.
Шағын және орта бизнеске кластерлiк-желiлiк
ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы
бастау алатын "үшiншi Италия"1 деген атқа
ие болған Италияның тәжiрибесi қызық.
70 жылдардың соңында "бiрiншi" және
"екiншi" Италия экономикалық дағдарысты
басынан өткiздi, елдiң солтүстiк-шығыс
және орталық бөлiгi экономикалық өсудiң
жоғары түрiн көрсеттi. Негiзiнен шағын
және орта кәсiпорындар әрекет ететiн (тоқыма
және былғары өндiрiсi, аяқ киiм, керамика
және жиһаз өндiрiсi) бiрқатар салаларда
қалыптасқан кластерлер шеңберiнде шағын
және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi тек
ғана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып
қоймай, экспорт рыногына да шыға алды.
Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның
iрi кәсiпорындары құлдырауды басынан өткiзiп
жатты, "үшiншi Италияның" шағын және
орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiс пен
экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын
және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiстiк
процеске инновацияларды енгiзуге қабiлеттi
болып шықты.
1 "Бiрiншi
Италия" - Италияның дәстүрлi бай солтүстiк-батыс
бөлiгi, "екiншi Италия" - елдiң кедей
оңтүстік бөлiгi.
2. АҚШ. ЖҰӨ-нiң 50 %-нан астамы, инновациялардың
жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшiнiң
2/3 астамы шағын кәсiпкерлiкке тартылған.
AҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ел экономикасын
оңалтуда шешушi рөл атқарды. Бұл үшiн АҚШ-та
аталған сектордың дамуына көмек беретiн
құрылым - АҚШ шағын бизнес әкiмшiлiгi (1953
жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған
кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру
және кәсiпкерлер қоғамдастығын барлық
жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету
- қызметтiң мәнi.
Қолданған әдебиеттер тізімі
К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы.
Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж. «Экономика».
Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.
М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»
А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.
Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.
«Кәсіпорын экономикасы» Оразалин К.Ж. Алматы 2007ж

- Кәсiпорын қаржы есептемесiнiң
- Кәсипорын жағдайы
- Кәсіби бронх демікпесі
- Кәсіби тілдік қатынас құзіреттілігін қалыптастыру
- Кәсіпкелік тәуекелдік
- Кәсіпкердің кәсіпорны кімге керек болды?
- Кәсіпкерлердің абсолюттік құқықтарының регламентациясы
- Кашықтықтан оқыту технологиялары
- Каьерный потенциал личности
- Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері
- Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды күтіп бағу ережесі
- Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы
- Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
- Кәмілетке толмағандардың қылмысы