Кәсіпкерлік тәуекелді талдау. 2

             Кәсіпкерлік  тәуекелді  талдау 

     Кәсіпорынның  қызметіне  әсер  ететін  тәуекелдік  факторы  нарықтық  экономикада  үдей  түседі. Тәуекелділік  қандай  да  бір  жағымсыз  жағдайдың  болуының  мүмкіндігін  көрсетеді. Тәуекелділік  ұғымы  кәсіпорын  ресурстарының  бір  бөлігін  жоғалту  ықтималдығын, қызметті  жүзеге  асыру  нәтижесінде  табыстардың  толық  алынбауын  немесе  қосымша  шығындардың  пайда  болуын  білдіреді.

     Тәуекелділік  ықтималдылық  категориясына   жатады, яғни  оны  белгілі  бір  деңгейдегі  жоғалтулардың  ықтималдылығы  ретінде  есептейді. Әр  кәсіпкер  басшы  типіне  байланысты  таңдап, тиімді  тәуекел деңгейін  өзі белгілейді. Кертартпа басшылар  жаңалықтарға  бейімделмеген, әдетте  олар  қандай  да  бір тәуекелден  қашуға  тырысады. 

     Кәсіпкерлік  тәуекелділіктің  жағымды  деңгейдегі  және  мақсатты  шешімдер  қабылдаған  кезде  белгілі  бір  жоғалтуларға  апаруы  ықтималдығын  білумен  шектеліп  қоймай, сонымен  қатар  ол  жоғалтулар  сол  немесе  басқа  деңгейден  аспау  ықтималдығын  да  қарастыруы  керек.

     Нарықтық  экономикасы  дамыған  елдердің  тәжірибесі  бизнестің  тәуекелсіз  болмайтынын  көрсетеді. Кәсіпкер  тәуекелді  ең  төменгі  мүмкін  болатын  деңгейге  дейін   қалай  азайтатынын  білуі  қажет. Фирма  үшін  қандай  да  бір  жағымсыз  жағдай  болса  да, кәсіпкер  нигативті  нәтижелерді  азайту  мүмкіндіктерін  қарастыруы  керек.

    Тәуекелді   өзін-өзі  сақтандыру  есебінен  және  хеджиралау  жолымен   тәуекелдің  бөліктерін  басқа   фирмаларға  беру  арқылы  азайтуға  болады.

     Өзін- өзі  сақтандыру  меншікті  қаражаттарының  бөлігінің  есебінен  зиянды  жабу  және  ойда  болмаған  шығындарды  жабуға  қаражат  жинақтаумен  байланысты. Құны  фирманың  қаржы  көрсеткіштерімен  салыстырғанда  аса  көп  емес  мүліктің  немесе  бір  типті  мүліктің  көп  мөлщерін  жоғалту  қаупі  төнгенде  ішкі  шаралар  көмегімен  өзін-өзі  сақтандыру  орынды  болады.

     Шет  елдерде  тәункелді  азайтудың  кең  тараған  тәсілі –хеджиралау, қарсы  валюталық, коммерциялық, несиелік және  тағы  басқа  талаптар  мен  міндеттерді  даярлау. Бірақ, тәуекелдің  көп  бөлігі  толығымен  кәсіпкерлерге  жүктелген. Жағдайларды  болжап, кәсіпкерлік  тәуекелді  бағалауды  үйрену  керек.        

     Кәсіпкерлік  тәуекел – бұл бизнестің түріне  байланысты  компанияның  қызметінің  тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне  өндірістік, коммерциялық  және  қаржылық  тәуекелді  жатқызуға  болады.    

     Өндірістік  тәуекел – бұл  өнім  өндірумен, қызмет  көрсетумен, басқа  да  түрлі  өндіріс  қызметін  жүзеге  асырумен  байланысты  тәуекел. Өндірістік  тәуекелдің  пайда  болу  себептері: ұйғарылған  өндіріс  көлемінің  болатын  төмендеуі,материалдық  өндіріс  көлемінің  мүмкін  болатын  төмендеуі, материалдық  шығындардың  өсуі, қызметкердің  наразылығы, менеджрлердің  қатесі, көтеріңкі  аударым  сомалары  мен  салықтарды  төлеу  және т.б.

     Коммерциялық  тәуекел - кәсіпкер  өндірген  немесе  сатып алған тауарлар  мен қызметтерді өткізу  процессінде пайда болады. Коммерциялық  тәуекелдік  себептері: өнімді  өткізу  көлемінің  төмендеуі, материалдық  ресурстардың  сатып  алу  бағасының  жоғарылауы, сатып  алу  көлемінің  ойда  болмаған  төмендеуі, айналым  шығындардың  өсуі, экономиканың  тұрақсыздығы  және  клиенттердің  ұнату  қабілетінің  өзгеруі, бәсекелестердің  әрекеті.

     Қаржылық  тәуекел – кәсіпорынның  банктермен  және  басқа да  қаржылық  институттармен  қатынас өрісінде  пайда болады. Қаржылық  тәуекелдің  себептері: қарыз және  меншікті  қаражаттардың арақатынастарының  көлемінің  жоғарылауы, кредиторларға  тәуелділік, капиталдың  әрекетсіздігі, бір  жобаға, бір  мезгілде  көп  қаражат  жұмсау.   

     Қаржылық  тәуекел  мына  операциялардан  алынған  шығындарда  көрсетіледі: несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар  эмиссиясы.

     Айналым   және  өндіріс  өрісіндегі  кәсіорындар  үшін  қаржылық  тәуекелдің  құрамдастарын  ажырата  білу  керек: несиелік, пайыздық, валюталық, айырылып  қалған  пайда   тәуекелі, инвестициялық  тәуекел,  салықтық  тәуекел.

     Несиелік  капитал  нарығының  қатысушылары  қаржылық  тәуекел  деп  әдетте  клиенттің  төлем  қабілеті  болуына  байланысты  міндеттемелерді  орындай  алмау  қаупінен  туындайтын  жалпы  экономикалық  тәуекелдің  түрін  түсінеді.

     Қаржылық  тәуекелді шешуге  нақты  қаражаттарды  таңдаған  кезде  инвестор  келесі  принциптерді  назарда  ұстауы  керек: меншікті  капитал  мүмкіндігінен  артық  тәуекелге  бармау  керек, аз  нәрсе  үшін  көп  нәрсені  тәуекелге  салмау  керек, тәуекелдің  нәтижесін  алдын  ала  білуге  тырысу  қажет. Яғни  берілген  тәуекел  бойынша мүмкін  болатын  шығындардың  ең  көп  мәнін  есептеп,  содан соң берілген  тәуекелге итермелейтін  кәсіпорынның  капитал көлемімен, содан кейін салыстыру керек, содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды  жалпы  ақша  қаражаттарының  көмегімен  салыстыру  керек. Сонда  ғана  бұл  тәуекел  кәсіпорынды  банкроттық  жағдайға  әкелмейтінін  анықтауға  болады. Басқаша  айтқанда  бұл  тәуекелді  басқарудың  жалпы  статегиясы.

     Қаржылық  тәуекелді басқару  процесі  6 сатыдан  тұрады: мақсаттарды анықтау,тәуекелді  анықтау, тәуекелді  бағалау, оларды  жүзеге  асыру  және  нәтижелерді бағалау.

     Мақсатты  анықтау  кәсіпорынның  едәуір  шығындар  жағдайында  жұмыс   істеуін  қамтамасыз  етуге  бағытталады.

     Мақсат  кәсіпорынды  сыртқы  орта  жағдайынан  немесе  ішкі  оңаша   оңтайландырудан  қорғау  болып   табылады.

     Тәуекелділік  ықтималдығы  ресми  немесе  бейресми  көздерден  әр  түрлі   ақпараттар  жнау  көмегімен   анықталады.

     Шығындардың қаупін  оның  мағынасына  байланысты  үш  түрге бөлуге  болады: банкроттық  қауіп, шығынды болдырмау үшін  қосымша ресурстардың  қажеттілігі, активтердің бір бөлігін шарасыз жоғалту.

     Қаржылық  тәуекелді  басқарудың  ең  күрделі  кезеңі  болып табылатын тәуеклді  талдаудың міндеті мүмкін  болатын серіктестіктерге, жобаға  қатысудың тиімділігі  туралы  шешім қабылдауға  және  ақша  жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін  қажет мәліметтерді  беру  болып табылады.

     Тәуекелді кезінде тәуекел  аймағы  ұғымын  пайдалану маңызды, яғни  ол  шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің  шекті мәндерінен  аспайтын  жоғалтулар  болатын, рыноктың  жалпы шығындар  аймағы. Нарықтық  экономика жағдайында  кез келген  кәсіпорын  қызметінің  5 – негізгі  тәуекел  аймағын  белгілеуге  болады.

     Тәуекелсіз  аймақта  операция  жүргізген   кезде кәсіпорын ешқандай  тәуекел жасамайды, ешқендай  шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті  табыс алады.жобаны  орындау  кезінде, теориялық  жағынан  кәсіпорынның  табысы  шексіз.

     Аз  тәуекелді  аймақтағы  қызмет  нәтижесінде кәсіпорын таза  табысының барлық  мөлшерін  немесе  бір бөлігін жоғалту ықтималдығы бар.

     Жоғары  тәуекелді   аймақта  кәсіпорын нашар  болған  жағдайда  барлық  шығындарын  жабады, ал  жақсы  болған  жағдайда  есепті  деңгейде  төмен  табыс  алады.

     Қауіпті  тәуекелді  аймақта  кәсіпорын есепте  табысты ғана  емес, сонымен қатар өнім  өткізуден түскен  табысты жоғалту ықтималдығы  бар  және  шығындарды  өзінің  есебінен  қайтарады.      

     Жарамайтын  тәуекелді  аймақтағы  кәсіпорынның  қызметі банкроттыққа  әкеледі, барлық  инвестицияларын жоғалтады.

     Тәуекелді  талдау  кезінде  оның көздері мен себептерінен анықтау керек. Пайда болу кезіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді: меншіктік шаруашылық, адамның өзімен байланысты, табиғи факторлармен байланысты. Тәуекелділіктің пайда болу себептері болашақтың анықталмауынан, әріптестің айқындалмаған мінезі,ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп жіктеледі. Қандай да бір жағдайда болмасын, тәуекелділік шешімінің ақпаратпен жабдықталу жағдайына байланысты болады.

     Инвестор кейде нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпаратқа негізделген жағдай да шешім қабылдайды. Әрине, ақпарат толық  болған жағдайда тәуелділікті жақсы болжап,оны төмендетуге болады. Мұндай жағдайда пайдалы ақпарат тауар түрінде көрінеді. Ақпрат толық болған жағдайда, толық ақпраттың құны белгілі бір заттың күтілген құны арасындағы айырма түрінде көрініп, ал ақпарат толық болмаған жағдайда күтілетін құны түрінде көрінеді.

     Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық.

     Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мумкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Оның басты міндеті – жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің  себептерін анықтау, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін барып, барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады.      

     Тәуекелділікті  талдауды  жүргізу  реті  төмендегі   сызба   нұсқада  көрсетілген.  

        1.Тәуекелдің  нақты түрін ұлғайтатын  және  азайтатын    ішкі  және  сыртқы  факторларды  анықтау

         ↓

                2.Анықталған  фактордарды талдау

                                        ↓

  3.Екі  амалды  пайдалану   арқылы  қаржылық  жағынан                   тәуекелдің   нақты  түрін   бағалау

        ↓                                          ↓

  4а. Қаржылық  жағдайын      анықтау

(жобаның өтімділігі)

4ә.  Экономикалық  мақсаттылықты   анықтау    (салынған  ресурстарының  тиімділігі)

                     ↓                                         ↓                

    5. Тәуекел деңгейінің  мүмкін  шегін   белгілеу 
 
    6.Таңдалған   тәуекел  деңгейі  бойынша   жеке                              операцияларды  талдау

 

          Тәуекел  талдауының  блок-нобайы

    

     Тәуеклдік   дәрежесіне  әсер  ететін  барлық  факторларды  объективті  және  субъективті  деп  бөлуге  болады. Объективті  факторларға  кәсіпорыннан  тәуелсіз  инфляция, бәсеке  саяси  және  экономикалық  дағдарыстар, экология, кедендік  салықтар  жатады. Субъективті  факторлар  тікелей  түрін  сипаттайды: өндірістік  потенциал, кадрлық  құрылым, шаруашылық  байланыстар, қаржылық  жағдай.      

     Тәуекелдің сандық талдауы – бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау. Жеке тәуекелдің өлшемдерін анықтау түрлі талдаудың әдістері арқылы жүргізіледі, соның ішінде кең тарағандары: статистикалық , шығындардың  мақсаттылығын талдау, эксперттік бағалау әдісі,ұқсастықтарды пайдалану.

     Статистикалық әдістің мәні берілген немесе ұқсас өндірістегі шығындар мен табыстардың статистикасы зерттеліп, сол немесе басқа экономикалық қайтарулардың  көлемі белгіленіп және болашаққа дәлірек болжау құрылуында болып отыр. Вариация, дисперсция және стандарттық ауытқулардың   есептеулері жүргізіледі.

     Вариация – бір жағдайдан басқа жағдайға ауытқандағы белгінің сандық бағасының өзгеруі.Мысалы, экономикалық табыстылықтың өзгеруін нақты мәніне сәйкес келетін  ықтималдылықтың мәніне көбейтуді жинақтау арқылы анықтауға болады.

      Вариация  дисперсиямен, яғни орташа мәннен белгінің нақты мәнінің ауытқу шамасымен бағаланады.Нәтижесінде неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпорынның  қызметі  неғұрлым  тәуекелді  болады.

     Тәуекеділіктің  дәрежесін  есептеудің  статистикалық   әдісі  көптеген  көлемді   мәліметтерді  талап  етеді. Олар  әрдайым  болмағандықтан, оны  қолдану  қиындайды.

     Шығындардың  мақсаттылығын  талдау  кәсіпорынның  экономикалық  тұрақтылығының  көрсеткіштеріне есепке  ала отырып, тәуекелдің  потенциалды аймақтарын  анықтауға бағытталған. Шығындарды  артық  жұмсау  келесі 4 фактормен  немесе  олардың  қосылуларымен  байланысты  туындауы  мүмкін:

     1) құнның  ең  басында  жете  бағаланбауы;

     2) жобалаудың  шектерінің  өзгеруі;

     3) өнімділіктегі  айырмашылық;

     4) алғашқы  құнның  өсуі.

     Бұл   негізгі  факторлар  нақтылануы  мүмкін. Мысал  ретінде, қаржы-қаражаттарының  тәуекл  дәрежесін  анықтау   мақсатында, қаржылық  тұрақтылық  көрсеткіштері  қызмет  ете   алады.      

     Эксперттік- бағалау  әдісі  маман – сарапшыға сұрақ-сауал  қоюға  негізделген. Анкеталар  кейін  қойылған  талдау  міндетінің  сол  немесе  басқа  шешімін  қабылдау  үшін  статистикалық  өңделеді.

     Сапалы  пікір  алу  үшін  сараптауға  жоғары  білікті  және  қойылған  проблема  аумағында  үлкен  практикалық  тәжірбиесі  бар, даму  тенденциясын  теңдей  көрсететін  қабілеті  бар, қойылған  мәселеге  ынталы  мамандар қарастырылады.

     Ұқсастықтарды  пайдалану  әдісі  құбылыстардың, құралдардың, жүктердің ұқсастығын  тауып пайдаланувнда болып табылады, яғни  жаңа  идеялар мен ұсыныстар ұқсас объектілерді  салыстыру негізінде пайда болады.

     Бұл  әдісті, сонымен  қатар  эксперттік  бағалау  әдісін  пайдалану  түсінікке, талдаушының  тәжірбиесі  мен  біліміне  байланысты  болғандықтан, анықтау субъективті сипат алады.

     Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып, кәсіпкерлік  тәуекелді  төмендетудің  жолдарын  толық  зерттеп  білу  керек. Тәуекелді  тиімді  болжаумен  фирма  ішілік  жоспарлау  бойынща  сапалы  жұмыстар  жүргізу  нәтижесінде төмендетуге болады. Тәуекелділікті  төмендетудің  ең  жақсы әдісі инвестициялық шешімдерді  сауатты таңдау  болып табылады.

     Инвестиция  жайында  шешім  қабылдау  басқарманың  стратегиялық  қиын  міндеті  болып  табылады. Инвестициялау   кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  жақсартудағы  тиімді  шараның  бірі.

     Барлық  инвестицияларды  екі  негізгі   топқа  бөлуге  болады: портфельді және  нақты. 

     Портфельді  инвестиция  деп жобалар тобына  капитал салуды  айтады. Портфельді  инвестиция  жағдайында  инвестордың  негізгі  міндеті  оптималды  инвестиция  портфелін  құрастыру  және  басқару  болып  табылады. Әдетте, ол   қор  нарығындағы  құнды  қағаздарды  сату  мен  сатып  алу  операциялары  арқылы  жүзеге  асырылады. Осыған  орай  портфельді  инвестициялар  көбінесе  қысқа  мерзімді  қаржылық  операциялартүрінде  көрінеді.

     Нақты  инвестиция  деп  өндіріс  процесіне  тікелей  қатысатын  инвестицияларды  айтамыз. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалдар  қорына  салынатын  инвестициялар.

     Объектісіне  қатысты   инвестициялар  келесі  түрлерге  жіктеледі:

    1)  мүліктік  инвестициялар;

    2)  қаржылық  инвестициялар;

    3)  материалдық  емес  активтер.

    Мүліктік  инвестициялар – бұл  нақты   инвестициялар.

     Қаржылық  инвестициялар – бұл қаржылық  мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу  және  борыштық  құқығына  ие  болу. Мысалы, акция  басқа  да  құнды  қағаздарды  сатып  алу.

     Ал  материалдық  емес  құндылықтарға   қатысты  инвестицияларға  зерттеу  мен  талдау  жасау, кадрлар  даярлау, жарнама  және  басқаларға  салынатын  инвестициялар  жатады.

     Әрекеттің   бағытына  қарай  инвестициялар   келесі  түрлерге  бөлінеді: 

     1)  бастапқы  инвестициялар  немесе  нетто-инвестициялар  кәсіпорынды негіздеуде  немесе  сатып алуда жүзеге  асырылатын  инвестициялар;

     2)  өндірістік  потенциалды  ұлғайтуға  бағытталған  кеңейту  инвестицилары;

     3)  қайта инвестициялау, яғни  кәсіпорынның  негізгі қорының құрамын қолдау  мақсатында  жаңа  өндіріс  құралдарын  жасауға  немесе  сатып  алуға  бағытталған  бос  инвестицилық  қаражаттармен  байланысты  инвестициялар. Оларға  мыналарды  жатқызуға  болады:              

     •  бар  объектілерді  жаңа  объектілермен   ауыстыруға  бағытталған  ауыстыруға  ауыстыру  инвестициялары;

     •  рационализациялауға  арналған  инвестициялар, технологиялық  жабдықтарды  немесе  процестерді  жетілдіруге  жұмсалады;

     • шығару  бағдарламасынөзгертуге  жұмсалатын  инвестициялар;

     • диверсификациялауға  арналған  инвестициялар, олар  өнімнің  жаңа  түрлерін  шығаруға  және  жаңа  сату  рыногын  ұйымдастыруға  жұмсалатын  инвестициялар;

     • болашақта кәсіпорынның  қалыпты жұмыс істеуінқамтамасыз етуге бағытталған инвестициялар. Бұған  ғылыми  жұмыстарға, кадрларды дайындауға, жарнама, қоршаған  ортаны  қорғауға  бағытталған  инвестициялар  кіреді.     

    Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен  байланысты. Бұл тәуекел салымдардың қайтарырылу мерзімнің көп  болған  жағдайда  артады, бұл  мезгілде  нарық  коньюктурасы, шикізат  бағасы  және  жұмыс  күші  және  тағы  басқалары  да  өзгеруболған  жағдайда  артады, бұл  мезгілде  нарық  коньюктурасы , шикізат  бағасы  және  жұмыс  күші  және  тағы  басқалары да  өзгеруі мүмкін. Сондықтан  салынған  қаражаттар  тез  қайтарылуды  қамтамасыз  ететін  жобаларға  жұмсалады. Жоғарыда  айтылған  тәуекелдері  мен  қатар, экономикалық  әдебиеттерде  инвестиция – қаржылық  портфельдің  құнсыздануынан  пайда  болатын  инвестициялық  тәуекел  белгіленеді. Бұған әдетте, құнды қағаздарға  инвестициялатын ақшалардың  тәуекелі  жатқызылады. Қаржылық  инвестицияны  жүзеге  асыра отырып,  кәсіпорын табыс алу, капиталды көбейту немесе  бұрынғы деңгейде  сақтап  қалуды  көздейді. Әдетте, тікелей  инвестициялар  кезіндегі  шығындардың  көлемі  салынған  капиталдың  көлеміне  тең  болады. Портфельді  инвестиция  кезінде  шығын  көлемі  әдетте  жұмсалған  капитал  сомасынан  аз  болады. Инвестордың  шығынының  ең көп  мүмкіндігі  және  ақшалай  қаражаттарының  меншікті  көлемінің  арақатынасы  тәуекел  деңгейін  көрсетеді, ол  тәуекел  коффициентінің  көмегімен  өлшенеді.

     Инвестициялаудың  маңызды  ережесі, құнды   қағаздарға  салынған  салымдардың   табысы  инвестор  баруға  дайын   тәуекелге  тура  пропорционал  болады.

     Жүйелік   амал  тұрғысынан  инвестициялық   тәуекелдерді  екі  топқа   бөлуге  болады: жүйелі  және  жүйесіз. 

     Жүйелі  тәуекел  инвестицияның барлық  түрлеріне қатысты және  макроэкономиканың мүмкін  болатынөзгерістеріне  байланысты  жалпы  нарық  жағдайымен  анықталады. Олардың  пайда  болу  себептері: инфляция, экономикалық  құлдырау, жоғары  пайыздық  мөлшерлеме, әскери-саяси  дау-жанжалдар  және  тағы  басқалар.

     Жүйесіз  тәуекелге  бәсекелестік  инвестициямен  байланысты  тәуекелдің  барлық  түрлері жатады. Олардың пайда болу  себептері фирмалар  үшін  дербес  жабдықтаушылардың өз  міндеттерін орындауы, сатып алушылардың қыр-сыры, бәсекенің әсері, үлкен келісім шарттардың  қабылдануы  немесе  жоғалуы  және  тағы  басқалар  да  жатады.

     Әдетте  инвестициялық  жобаны  негізгі   үш  кезеңнен  тұрады  деп   қарастырады: алғашқы, дайындық  және  өндірістік.

     Алғашқы   кезеңде  жобаның  техника-экономикалық  негізі  құрылады. Жобаның  бизнес-жоспарын құру  жұмыстарына, ақпаратт  жинау және  өңдеу, сонымен қатар нарықты алдын ала зерттеу, мәліметтерді  талдау, жобаның тиімділігін алдын ала есептеулер  жатады. Сонымен қатар потенциалды мердігерлермен  келісілген  жұмыстарды  орындау шығындары, капитал  тарту  шарттары  бизнес-жоспардың  жобасы  үшін  мәліметтер  ретінде  қолданылады.

     Инвестициялар  – бұл  кем  дегенде   екі  жақтың  кәсіпкер  және  инвестордың  бірлескен  әрекет  процесі. Бұл  жобаның  сәттілігі, екі жақтың  ортақ тіл табысуына, инвесторлардың  белгілі бір кепілдікке  ие  болуына байланысты.

     Мұндай  кепілдіктің  бірі, жақсы  ойластырылып  есептелген  істің  жазбаша  мазмұны  болып  табылады. Бұл  инвесторға  іспен  танысуға, оқу, зерттеу, есептесуді  қайталауға  және  ұсынылған бизнестің маңызды, есептелген, кездейсоқ жағдайларғатәуелсіз екендігіне  көз жеткізуге мүмкіндік береді. Ұсынылған бизнеспен танысу  барысындағы ең  негізгі құжат, қаржылық  салымдыталап  ететін  бизнес-жоспар  болып табылады. Бұл ақша  табудың негізгі құралы  және  жоспарланған  бизнестіңнегізі берілетін ресми құжат болып табылады. Батыс елдерде бұл құжатты «келісім» деп атайды. Бизнес-жоспарды  жасаудың  қажеттілігінің  негізгі үш  себебін бөліп көрсетуге болады.

     Біріншіден, бизнесті  құрастыру  процесі,  идеяларды  ойластыру  кәсіпкерді  кәсіпорынның  жоспарына  объективті, сын  көзбен,әділ  қарауға  мәжбүр  етеді. Жоспар  қатенің  алдын  алуды  қамтамасыз  етеді.

     Екіншіден,  сәттіліктің  негізі  болып  табылатын, кәсіпорынды  тиімді  бақылауға  және  басқаруға  қолдануда, кәсіпкерге  көмектесетін  жұмыс  құралы  болып  табылады.

     Үшіншіден,  біткен  бизнес-жоспар  бұл   идеяларды  басқа  қызығушылығы  бар  тұлғаларға  хабарлау  құралы  болып  табылады. Бұл  толықтай  кәсіпкердің  мамандық  деңгейін  сипаттайды.

     Бизнес-жоспарды  жасау  инвестиция  тарту  жолында  негізгі  кезеңдердің  бірі  болып  табылады. Бизнес-жоспарды  дайындаудағы  негізгі  мәселе  жобаның   негізгі  аспектілерін  құрамына  енгізетін, оның  құрылымы  болып  табылады.

     Бизнес-жоспардың   титулдық  беті  құжаттың  қашан,  қайда  және  кіммен  дайындалғаны, сонымен  қатар  жобаның   толық  атауы  жайында   ақпарат  береді. Қарсы  бетінде   жобаға  жауапты  немесе  оны   жасаған  кісінің байланыс  телефоны  көрсетілуі  тиіс.

     Әдетте  бизнес  жоспар  2 бөлімнен  тұрады: «А» -жобаның мәтіндік  сипаттамасы және «Б» - қаржылық  есептеулер.

     «А»   бөлімінде  әдетте  келесі  мәселелер  қарастырылады:

    1) жобаның  негізгі  мәліметтері, оны  іске  асырудың           мақсаты  тауардың  сипаттамасы  оның  бәсекелестік  басым    ерекшеліктері, өндіріс  жайында  жалпы  мәліметтер;

    2) жарғылық  капиталды  құрастыру  қаржыландырудың  негізгі  көздері, инвесторлар, кредиторлар  қатыстыруды  бөлу, кәсіпорынды  басқарудың  нысаны  мен  құрылымы;

    3) нарықты  зерттеу  және  талдау, негізгі  бәсекелестер                                     тұтыну  нарығы;

    4) өтімнің  маркетинг  және  ұйымдастырылуы;

    5) өндіріс  технологиясы, құралдар, шикізат, материалдар, жабдықтаушылар, экологиялық  жайлар, өндірісті  ұйымдастыруға  ерекше  талаптар.

«Б» бөлімінде әдетте  мыналар есептеледі:

  1. негізгі эканомикалық көрсеткіштер;
  2. инвестициялық  шығындар  және  қаржыландырудың  жоспары;
  3. өндіру  мен  өткізудің  бағдарламасы;
  4. қызметшілердің  саны  мен  еңбекақысы;
  5. материалдық  шығындар;
  6. жабдықтың  күтілуі  мен  жөнделуі;
  7. әкімшілік  және  үстеме  шығындар;
  8. өткізу  бойынша  шегерімдер;
  9. айналым  капиталының  қажеттілігі;

    10)амортизациялық  аударымдар;

    11) табыстар  мен  шығындар;

    12) ақша  қаражаттарының  қозғалысы. 

         Еске  алатын  бір  жай, келтірген   құрылым  міндетті  және  жалғыз  ғана  болып  табылмайды, ол  нақты  жобаға  бейімделуі  мүмкін. Нақты  бизнес-жоспарға, кейбір  ерекшеліктерге  және  нақты  жобаның  өзгешелігіне  жауап  беретін  қосымша  бөлімдер  мен  тараулар  енгізілуі  мүмкін.

         Қорытынды  бөлімінде  түйіндеме   түрінде  жалпы  тұжырымдар  мен  күтілетін  қаржы   нәтижелері келтіріледі. Тәжірибелі  несиегерлер  немесе  инвесторлар  бизнес-жоспарды  титул  парағын, жобаның  сипатталуынан  бастап  зерттейді, сонымен  қатар  түйініне  қарайды  және  ең  соңында  ғана  құжатты  мұқият  қарастыра  бастайды.

         Инвестициялық  жобаның  дайындаукезеңі, ынталы  инвестициялар  деп  аталатын  өндірісті даярлау жұмысынан тұрады, әдетте  олардың қатарына  мыналар жатады:

         • кәсіпорынды  мемлекеттік   тіркеу  мен  құрылымын  жасау   жөніндегі  ұйыдастыру  шығындары;

         • ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу;

         • өнім  үлгілерін  жасау, даярлау  және  сынау;

         • құрылыс  жұмыстарын  жүргізу;

         • технологиялық  және  басқа   да  жабдықтар  сатып                          алу, дайындау  және  монтаждау;

         • Өндірістік  жабдықтау мен арнайы  құралдарды  дайындау  және  жасау, өнімнің  шығарылуы  қарсаңында  рынокты  даярлау  шаралары.

         Инвестициялық  жобаның  өндірістік  кезеңі, кәсіпорын  өнім  өндіру  мен  оны  өткізуге  аяқ   басқан  сәттен  басталады. Диверсификацияланған  өндіріс жағдайында, өндірістік  кезеңнің басы  бір ғана  өнім  түрін өндіру  мен өткізу  басталған күн болып саналады.

         Инвестициялық  жоспар  әдеттегідей,  мынандай  инвестициялық  шаралардан  тұрады, олар  төрт  кесте  түрінде   келтірілген:

               

                  Даярлық кезеңін  ұйымдастыру                                                                         

                    және басқа да  шығындары

   

Кәсіпкерлік тәуекелді талдау. 2