Кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары



Кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары

Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған.

Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.

Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына :

• мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер ;

• үкіметтік емес мекемелер ;

• коммер циялық мекемелер кіреді .

Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады :

• бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау ;

• қаржылық қолдау ;

• ақпараттық - талдау жағынан қолдау ;

• кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау ;

• материал ды -техни калық жағынан қолдау .

Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне қатысу матрицасын құрастыра аламыз.

Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті шешімдер қабылданған кезде кейбір мекемелер әлеуметтік мақсаттарға аса назар аударады, ал басқалардың басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды.

Мемелекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер

Қазақстан Респуликасының Индустрия және Сауда Министрлігі - жеке кәсіпкерлікті дамытуға және тиісті саясатты жүргізуге жауапты жоғарғы мемлекеттік орган. Министрлік орталық атқарушы органдарына тиісті және ел Президенті мен Үкімет алдында есеп береді.

ИжСМ құрамына кіретін Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы нормативті-құқықтық реттеу функциясын атқарады.

Департамент қызметін реттейтін негізгі құжаттарда оның негізгі мақсаттары былай белгіленген:

• кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

• кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;

• инвестицияларды тартуға бағытталған шараларды жүргізу;

• Департамент құзырына кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру.

Жоғарыда айтылған функцияларға қоса Департамент кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болатын кейбір шенеуниктердің заңға қайшы әрекеттеріне қатысты түскен арыз бен өтініштерді қарастырып, және сол арыз бойынша қажетті шаралардың орындалуын қадағалауға міндетті

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Әкімшіліктердің жанынан Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (Басқармалар) құрылған. Олардың құрамына Кәсіпкерлік жөніндегі бөлімшелер кіреді. (2005 ж. 1 қаңтарынан бастап ҚР үкіметінің 2004 ж. 4 қазанындағы № 1022 қаулысымен жергілікті мемлекеттік басқарудың барлық орагандарының типтік құрылымы енгізілген).

Облыстық Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (сол сияқты Алматы мен Астананың қалалық Департаменттері) өз құзыры аясында шағын және орташа кәсіпкерлікті қолдауға уәкілетті.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін Департаментке мемлекеттік саясатты жүргізуге тиісті мынадай функциялар мен құқықтар берілген:

• кәсіпкерлік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу ;

• жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

• қоғамдық ұйымдармен және басқа да мемлекеттік немесе үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;

• белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың атынан түскен хаттар, арыз бен өтініштерді қарастыру.

Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың соңғы буыны болып жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары табылады. Солардың құрамына кіретін Экономика және бюджеттік жоспарлау немесе Экономика және қаржы жөніндегі бөлімдер кәсіпкерліке тиісті мәселелермен шұғылдану керек. Аймақтық атқарушы органдарға қабылданған мемлекеттiк саясаттың тiкелей iске асырылуы және жергiлiктi бюджеттер бойынша жоспарлалған және қаржыландырылатын шаралар мен бағдарламалардың жүзеге асыруға тиісті функциялар тапсырылады. Сонымен, атқарушы мемлекеттiк органдар мемлекет пен кәсiпкерлiктiң арақатынас идеологиясын құрудағы негізгі буын болып табылады.

Мемлекет қазіргі кезде шағын және орта бизнес заманның талаптарына сай өзіне тән икемділігін, ұтқырлығы мен нарықтық объективтілігін инновациялық экономикадағы өз орнын табуға жұмсауы керектігін түсінеді. Кәсіпкерлердің бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау және Президент қойған мақсаттарды іске асыру мақсатында Үкімет жергілікті органдарда әкім аппаратының жанынан Кәсіпкерлер істері жөніндегі Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұйымдастыру схемасын іске асырды. Комиссия құзырында:

• шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін мәселелерді зерттеу;

• жергілікті және аймақтық атқарушы билік органдарына тиісті ұсыныстарды әзірлеу.

Әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік жөніндегі комиссияға хабарласа алады, ол үшін өз облысында орналасқан кез келген қоғамдық ұйым немесе заңды тұлғалар ұйымына келсе болғаны. Әдетте комиссияда бірнеше облыстық ассоциация немесе бірлестіктердің өз орындары болады.

Кәсіпкерлермен осындай «кері байланыс» ұйымдастыру үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі мақсаттары мынадай:

• кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;

• нарықтық экономиканың дамуын ынталандыруға жағдай туғызу;

• Қазақстан Республикасында әрекет ететін іскерлерді, іскерлік ассоциациялар мен одақтарды біріктіру;

• кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін қажетті ұсыныстар дайындау.

Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен қатар мемлекет жағынан кәсіпкерлікті қаржылай, ақпараттық-талдау және матриалдық-техникалық жағынан қолдау функциясын атқарады. Мемлекет аталған қолдаудың барлық түрін атқарушы органдар арқылы, көптеген жергілікті және аймақтық деңгейде қабылданған бағдарламалар арқылы, және соған лайықтап мемлекеттік капиталы қатысуымен арнайы құрылған мекемелер арқылы жүзеге асырады. Жоғарыда аталған міндеттерді атқаратын мекемелер қатарына кіретіндер:

Шағын кәсіпкерлік субьектілері кез келген мемлекет экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерлік үлесіне ЖІӨ 40% дан 60% келеді. Қазақстанда бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен, сол себепті еліміздің басшылары шағын бизнес дамуына, республикадағы бизнес ортаның жетілуіне үлкен назар аударуда. Мемлекет және бизнестің тығыз қарым қатынасының негізінде әлеуметті-кәсіпкерліктер одағы (ӘКО) құрған Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Қазақстанда 2011 жылдың 1 қыркүйек айының көрсеткіштері бойынша, рынокта белсенді түрде жұмыс жасап жатқан шағын және орта бизнес субьектілерінің саны - 2 487 474. Оның – 1 360 937 заңды тұлғалар, 697 062 – жеке кәсіпкерлер (ЖК) және 429 475 - шаруалар шаруашылығы.

Анықтама:
Шағын бизнес субьектілеріне 50 адамнан кем емес және активтерінің бағасы 60 000 АЕК жоғары емес кәсіпорындар жатады.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Ақша сақталатын қор

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры — бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту. Қордың барлық облыс орталықтарында аймақтық бөлімшелері, Астана қаласында өкілдігі, 39 аудан орталығы мен облыстық бағыныстағы қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді. Қордың негізгі бағдарламалары республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін қаражаттан, халықаралық және отандық қаржы институттарының бағдарламалары бойынша түсетін қаражат есебінен қаржыландырылады. Бүгін таңда қордың несие қоржыны мына бағдарламалардың есебінен қалыптасып отыр: Еуропалық Жаңғыру және Даму банкінің Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы; Азия Даму банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық қарызының ҚҚ траншы; Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін республикалық бюджет есебінен несиелендіру, соның ішінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметін несиелендіру бағдарламасы; шағын қалаларды дамытудың 2004 — 06 жылдарға арналған бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін қордың меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру; шағын кәсіпкерлікті Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, ортақ қаржыландыру бағдарламасы. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін меншікті қаражат есебінен қаржыландыру бойынша негізгі бағдарламалары: “Қазақстанда кішігірім несиелендіру (микронесиелендіру) жүйесін дамыту” бағдарламасы — кішігірім несиелендіру жүйесін (Қазақстанның несие жүйесінің 3-деңгейін) дамыту арқылы экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және халықтың кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру; “Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2-деңгейдегі банкілер беретін несиені кепілдендіру” бағдарламасы — шағын кәсіпкерлік субъектілерінің коммерц. банкілер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері бойынша қордың кепілдіктерін беру жолымен шағын бизнес аясына көп көлемде ресурс тарту; “Жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі” бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының басым бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржылық қолдау; “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ақпараттық-талдау, ақыл-кеңес беру тұрғысынан қолдау” бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының құрамдас бөлігі ретіндегі ақпараттық қолдаудың, сапалы оқытудың және ақыл-кеңес берудің кешенді жүйесін қалыптастыру. Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005 — 07 жылдарға арналған жеделдетілген бағдарламасына сәйкес осы үш жыл үшін қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде кішігірім несиелендіру бағдарламасын дамытуға 11 милллиард теңге, кепілдендіру бағдарламасына 15 миллиард теңге, жобалық несиелендіру бағдарламасына 4 миллиард теңге жұмсалды.[1]

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) Үкіметтің, қазақстандық заңи тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 6-сындағы Жарлығын атқару үшін құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын бизнес жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналастыру арқылы кредиттер беруге бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың Імаусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру табысталынған болатын.

Қор іске асыратын бағдарламалар:

        Қазақстанда шағын бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы секторы үшін халықаралық қаржы институттарының кредиттік желісі;

        бюджеттік қаражаттардан шағын кәсіпкерлік субъектілерін (соның ішінде әйел кәсіпкерлігін) кредиттеу бағдарламасы ;

Қордың меншікті қаражаттары есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерді кредиттеу, соның ішінде:

        факторинг;

        қаржылық лизинг (таза және қайтарылатын лизинг);

        дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру;

        екінші деңгей банктерімен шағын кәсіпкерлік субъектілердің жобаларын ортақ қаржыландыру;

        шағын кәсіпкерлік субъектілердің ойдағыдай жобаларын қайта қаржыландыру;

        шағын кәсіпкерлік субъектілер іске асыратын франчайзинг жобаларын қаржыландыру;

        жұмыс істеп тұрған бизнестің айналым қаражаттарын қаржыландыру;

        шағын кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын кейін 50 пайызға дейін өтейтін сапаның халықаралық стандарттарын енгізуді қаржыландыру;

        шағын кәсіпкерлік субъектілерді қолдау инфрақұрылымының қатысушыларын кредиттеу;

        оралмандар, жастар, зейнеткерлік жастағы әлеуетті кәсіпкерлер, қолөнершілер, мүгедектер іске асыратын жобаларды қаржыландыру;

        Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қаржыландыру;

        әкімяттармен бірлесіп шағын кәсіпкерлік субъектілерді ортақ қаржыландыру бағдарламасы;

        микрокредиттеу;

        кепілдік беру.

Қор микрокредиттік ұйымдардың желісін құрған, микрокредиттік ұйымдарды қаржыландырады, соның ішінде қаражаттар рынокта іс-әрекет етуші микрокредиттік ұйымдардың экономикалық айқындамасын күшейтуге бағытталады, Қордың қатысуымен құрылған микрокредиттік ұйымдар қаржыландырылады.

Микрокредиттеу секторына жекеменшік капиталды тарту мақсатымен ШКДҚ жарғылық капиталда ШҚДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі механизм әзірленді. ШКДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі жобалар жіберіледі. ШКДҚ шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оларға екінші деңгей банктерінде кредиттер алу кезінде кепілдіктер береді. Бұл механизмді енгізу шағын бизнес сферасына ресурстардың үлкен көлемін тартуға мүмкіндік береді, сонымен бірге Қазақстанда сақтық компаниялары қызметтерінің спектрін кеңейту үшін қозғау салады.

Лизинг - Қордың қаржылық қызметі бағьттарының бірі; ірі лизингтік компаниялар майда жобаларды қаржыландырмайды, мұның өзі шағын бизнестің қаржылық-қаражаттарға кіруін шектейді. Бұл жағдайда қордың артықшылығы - төмен пайыздық мөлшерлемесінде және мәміленің ең жоғары сомасына шектелімдердің жоқтығында.

Қордың өңірлік филиалдарының торабы, кәсіпкерлік практиканың республикалық оқу орталығы, оқу-әдістемелік, ақпараттық, талдамалық және кәсіпкерлікке консалтингтік қолдау көрсететін кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік орталықтары бар.[2]

 

Қазіргі жағдайда экономиканы сауықтан дыруға шағын кәсіпорындардың қосқан үлестері жоқтың қасы. Оның себебі жалпы өңдірістің төмендеуі және ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың үзілуіне болып отыр. Сонымен бірге шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орын ала алиай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан-жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды.
Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау қоры болады. Массалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд. долл. Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға салынатын салық жеңілдігі ғана. Егер шағын материалдық базасы жеткіліксіз болса, айнылым қорына қаражатты жоқ болса, қндірілген өнімді қткізу жқнінде алдына ала жасақталған шарттар болмаса, ол қалай өз аяғынан жүріп кете алады деген сұрау туады.Шағын бизнестің басты проблемасы- ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік шағын кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиені кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.Шағын кәсіпорындар кадр даярлау, банктік кредит алу және инфармациялық қызметтерге мұқжат. Оны кім шешеді? Шағын кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жақдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналатын сала сауда-саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жқндеу, т.б. салаларда орын алып отыр. Осыған орай ең ірі нарық – ғылыми – техникалық жаңалықтар, мәліметтер сферасы әлі күнге дейін қолға алынбай келеді
Қазақстанда шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру
Шағын бизнес бірқатар экономикалық және әлуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Шағын бизнес қалыптасуы мен дамуы барысында мемлекеттік қолдауды талап етеді. Себебі ірі кәсіпорындардың манополиялық әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын бизнес қиын хал-жағдайда болады. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуге тиіс.
Республикалық қабылданған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы»заңға сәйкес ел экономикасының маңызды салаларының бірі-ауыл шаруашылығындабизнесті дамытуда орындалуы тиіс шараларды атап өткен қажет.
Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері,тіпті дамыған нарық жағдайында да орын алатын объективті факторлармен анықталады.
Кез келген экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің араласуын қажетететін: бюджеттік, несиелік, салықтық, инвеститциялық сферасында мемлекеттік реттеу проблемалары бар.
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігіненқоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Республикада шағын бизнеспенбір миллионнан аса адам айналысады.
Шағын бизнесті дамыту үшін үш факторлық жағдайды ескеру қажет. Олар:
-кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау;
-тексеруші оргондардың санын азайту;
-рұқсат беруші құжаттардың санын азайту.
Шағын және орта бизнестің күрделі проблемаларының бірі несиелік ресурстарды алыдың қиындығы.
Кәсіпкерлік банктен несие алудан бес түрлі себппен бас тартады:
-пайыздық өсімнің жоғары болуы;
-кепілдік талаптың тым қатаң болуы;
-ақпараттың жетіспеушілігі;
-несие алу мүмкіндігіне сенімнің жоқтығы;
-банктердің кәсіпкерлерден аймақтық алшақтығы;
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі қақидалары:
-шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығы;
-шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдацудың кешенділігі;
-инфрақұрылымды дамытуда және кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық формаларын таңдауда жағдай туғызу;
-алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолдау.
Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттігі Экономикалық зертттеулер институты және Кәсіпкерлер форумы кеңесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасады. Бағдарламада бірқатар шараларды жүзеге асыру белгіленген:
1. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвеститциялық қолдау.
Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау едәуір шығындарды талап етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Мұндай жағдайда қаржының пайдаланудың коммерциялық механизміне көшу қажет. Қазір банктер сату-сатып алуды несиелейді немесе ірі тауар өндірушілерді несиелерді қолайлы көреді. Шағын бизнес өтімді кепілдік базаның жоқтығынан несиелік ресурстарға қолы жете алмай тұр. Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікке лизинктік несиелер, сақтандыру, франчайзинкті дамыту қажет.
Кәсіпкерлікті қаржылау қолдау саясаты орташа және ұзақ мерзімді несиелеуді, аймақты деңгейде кепілдік қорлар мен несие серіктестіктерін құруға бағытталуы қажет.
Шағын бизнес субъектілеріне салық салудың әділ жүйесін құрудың негізгі принципі жалпы экономикалық мүдделердің фискальдық мүдделерден басым болуы тиіс. Шағын бизнес субектілерінен салық салудың әділ механизмі кәсіпкердердің табысын анықтаудың байыпты тәртібінің болуын көздеу мүмкін. Кәсіпкерлердің табысына бірыңғай жеңілшдікті мөлшерлеме енгізу немесе потенттік төлем кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Ағымдағы және аванстық төлемдер төлеудің қазіргі тәртібін жою керек. Өндірісті дамытуға, бәсекеге түсе алатын экспортқа бағдарланға немесе импортты ауыстыратын өнімдер шығаруға қаржы жұмсайтын шағын кәсіпкерлер үшін табыс салығын есептеген кезде салық салынатын табысты осы қаржыға кеміту қажет. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың басты бағыттарының бірі-кеден баждарын төлеу кезінде шағын кәсіпорындарға жеңілдіктер беру. Қазақстанда өндірілмейтін шикізаттарды импортаған кезде қосымша құн салығын салуды кейінге қалдыру қажет.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуды маңызды жағы салалық минеистірліктер мен ведомстволар, сондай-ақ ірі отандық кәсіпорындар тарапынан қолдау жасау болып табылады. Бүгінгі таңда шағын бизнесті қолдау бағдарламасы транспорт және комуникация салаларында, сонда-ақ жекелеген кәсіпорындарда жасалған.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын қалыптастыру үшін болашақта Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жұмысын қайта қарау қажет. Нарық инфроқұрылым дамыту шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды бөлігі болып келеді. Шағын бизнестін тиімді қызмет етуін қамтымасыз ететін нарықтық инфроқұрылымға мынадай элементтер жатады: аудиторлық, консалтингтік, бухгалтерлік және басқа қызмет түрлері, қаржы – несие институттары сақтандыру конпаниялары әр түрлі оқу орындары жатады. Сонымен қатар бұл нарық инфроқұрылым субъектілерінің өзіндік проблемаларын шешу қажет. Қазақстанда кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын жетілген ұйымдар бар. Олар: Қазақстан кәсіпкерлер конгресі, кәсіпкерлер мен өндеушілер одағы.
Лизинг және франчайзингті қалыптастыру.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жедел және қаржы лизингі іс жүзінде дами алмай отыр. Мұндай жағдайға лизингтің заңдық және нормативтік базасының жоқтығы басты себеп болып табылады. Лизингтік қатынастарды тезірек енгізу мақсатында олардың дамуын қолдау жөнінде бірқатар шамаларды қабылдау қажет.
Франчайзинг шағын кәсіпкерлік өкілдерінің ірі бизнеспен қарым-қатынасының тиімді үлгісі ретінде өз дамуының зор мүмкіндіктеріне ие. Қазақстанда франчайзингтің даму үшін: франчайзинг ассоциациясын, франчайзингтің оқу – консультациялық орталығын құру қажет.
Ақпаратық қамтамасыз ету.
Бұл орайда бағдарлама бойынша шағым кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етудін ұлттық жүйесін жасау жоспарланған осы жүйе шеңберінде заңдық-нормативтік актілер, оқу орталықтары, заңгерлік фирмалар, адвокаттық кеңселер, инфроқұрылымдық басқа да объектілері бойынша деректердің ақпараттық базасы құрылады. Шағын кәсіпкерліктің Респибликалық ақпараттық көрме орталығы бұл жүйені іске асыруға негіз болуы тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қорғау инфрақұрылымын құру.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік өзінің құқықтық мәртебесі жағынан жеткілікті қорғалған институтқа жатпайды, бұл әсіресе шағын бизнеске қатысты. Шағын бизнестің ортақ мүдделерін және әр субъектінің мүдделерін қорғау мемлекеттік емес ұйымдардың рөлін күшейту мақсатында, әр түрлі заңдарды жүзеге асыру керек. Кәсіпорынды тіркеу процесі бастаушы кәсіпкерлерге өз ісін бастауда үлкен кедергі келтіреді. Жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындардың тағы бір проблемасы – бұл жарғылық қорды төлеу мәселесі. Жарғылық қорды төлеу заңмен бекітілмесе де, Президент Жарлығы негізінде жүргізіледі. Кейбір кәсіпкерлер бұл талапты орындай алмайды. Лицензия беру мәселесін де заңдық жағынан қайта қарау қажет.
Шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселелері.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі – ол мемлекеттің қаржы –несиелік және инвестициялық саясаты. Қолайлы инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Республикамызда шағын кәсіпкерлікті тиімді қаржыландыру үшін қажетті ресурстарға деген үлкен тапшылық орын алып отыр. Қаржы бойынша бірқатар мәселелер шешімін тапай тұр:
- несие алудың шектеулігі;
- коммерциялық банктердің кепілдік міндеттемені жоғары деңгейде ұстауы;
- берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесінің жоғарғы болуы және қысқа мерзімділігі;
- шағын кәсіпкерлікке микро несие берудің заңдылық негізінің жоқтығы;
- банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеу саясатының анықсыздығы.
Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолданудың басты бағыты осы секторға несие мен инвестицияны кеңінен тарату. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлікке қатысты қаржылық-несиелік саясат салалық, аймақтық басымдылықтарға және төмен пайыздық, ұзақ мерзімдік несиелеу жүйесіне негізделуі қажет.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ МЕН ФОРМАЛАРЫ.

1.1 Шағын бизнестің экономикадағ мәні, ролі

1.2 Шағын бизнестің ұйымдық – құқықтық формалары

1.3 Шетел тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тәжірибелері..

2. ҚР-ң 2007-2009ж аралығындағы шағын кәсіпкерлікті талдау негіздер

2.1 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері

2.2 ҚР-ң 2007-2009 ж шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау

2.3 ҚР шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының 2007-2009 ж қызметін талдау 3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.

3.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері

3.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау нысандарын жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

КІРІСПЕ

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипатталады. Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым ол Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай–ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі жайлы жазу. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуындағы ерекшеліктері мен проблемаларын зерттеп жазуға тырыстым. Сол сияқты Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролін анықтау болды. Кәсіпкерлік әзірде экономиканың белсенді қоректендірушісі болған емес, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Курстық жұмысымның екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының шағын бизнесінің дамуын дамыған және дамушы елдермен салыстыра отырып жаздым. Қазіргі батыс экономикасында шағын бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Шағын бизнестің экономикада алатын орны өте зор, себебі шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Сонымен қатар шағын бизнес экономиканы жетілдіруде септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды Шағын кәсіпорын тек белгілі бір мемлекет ішінде ғана емес, сонымен бірге дүние жүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында ғана емес, сол сияқты кейбір бөлек узелдер мен механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру. Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына жайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру – экономикалық шаралар жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы” жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Бүгінгі танда еліміздегі шағын бизнесті дамыту жолындағы кедергілер жойылып келетіндігі туралы жаздым. Шағын кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы –қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты құралдардың бірі.Осындай кәсіпкерліктің болмауынан осы ресурстар пайдаланылған болатын еді. Шағын кәсіпкерлік бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейінде монополиялық экономикасы жағдайында бірінші кезекте тұратын маңызды ерекшеліктерінің бірі. Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рол атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80 % келеді Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескертетін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорынға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат керек етеді.

1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ

1.1. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы мәні, ролі Шағын бизнес – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: “Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызамыз. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономикада “кәсіпкерлік” түсінігі ХҮІІІ ғасырда пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы, А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда болу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипатталады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан ХҮІІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін камтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды. Корпорация қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Сөйтіп капитал, меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де, ол меншікке нақты бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншік иесі көрінісін қабылдайды. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншік формасынан корпорациялар меншігінің формасына көшуі нәтижесінде меншік кәсіпкерліктен бөлініп қалады. Отызыншы жылдардың өзінде американдық ғалымдар А.Берли мен Г.Минз, меншікке бақылау орнату мүмкіндігінің бірнеше түрлерін ұсынды: 1.Толық меншік арқылы бақылау. Барлық шығарылған акциялар бір адамның немесе азын аулақ топтың қолында болғанда жүргізілетін бақылау. Мұндай компанияда меншік пен басқару бір адамның қол астына шоғырланады. 2. Көпшілік акция арқылы бақылау. Мұндай жағдайда шығарылған акцияларға меншік үлесі 51% болады, алайда ірі компанияларда бұл сирек кездесетін жағдай. 3. Бірлесіп бағыну тетігі арқылы бақылау. Көпшілік акцияларға бір корпорация иелік ету пирамида көрінісін алады да, өз кезегінде басқа компаниялар акциясының бақылау пакетіне ие болу, соңғысына да бақылау жасау мүмкін болады, мұндай жайлар бірнеше рет қайталануы ықтимал. 4. Акцияның өз бөлігіне бақылау. Бақылаудың бұл түрін жеке адам немесе азын – аулақ топ корпорацияда өктемдік жүргізетін жеткілікті акция процентіне иелік етеді. 5. Басқару тарапынан бақылау. Ол жеке бір адамның меншігі көзге ілінгісіз жағдайда орын алады. Мұндай жағдайда менеджмент меншіктегі үлесі аз болса да қысым көрсете алатын күшке айналады. А.Берли мен М.Минз өз қорытындыларында мынаған сүйенеді. Бақылаусыз байлыққа меншік, меншік иелігінсіз байлыққа бақылау жасаумен пара – пар, корпоративті дамудың логикалық нәтижесі болып табылады. Сонымен, меншік пен кәсіпкерлік арасында қатты бағыныштылық болмағанымен кәсіпкерлікті дамытудың шарттары туралы сұрақ туындайды. Біріншіден, кәсіпкерліктің қажетті шарты мен белгісі, субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын жүргізу т.б. Басқаша айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан оқшауланған субъектісі болуы керек. Екіншіден, кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жай тапсырма бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек. Үшіншіден, кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге, пайда табуға бағдар ұстауы, мұнын өзі экономиканың қажетті рыноктың құрылымын орнатумен байланысты. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, кәсіпкерліктің жан – жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік – экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дейтініміз рынок пен кәсіпкерлік кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кім –кімге де түсінікті. Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды. Өйткені ақшасыз, капиталсыз, ең басты реттеуші – құн заңынсыз, қозғаушы күші бәсекесіз олар дами алмайды. Төртінші шарты жоғарыда атап өткендерден туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды. Өз кезегінде көп түрлілік объективті құбылыс, өйткені ол өндірістік қызмет көрсету ісінің дамуының нәтижесі. Қазіргі әлемде дәрежесі мен сипаты бойынша әр қилы өндіргіш күштердің, таңғажайып қабысуын байқауға болады. Қоғамдық, жалпы мемлекеттік мақсатқа пайдаланатын өндіргіш күштер бар, сонымен қатар ұжымдық, топтық және жеке дара мақсатта қолданатын өндіргіш күштер де бар. Осыған сәйкес меншік пен кәсіпкерліктің әр қилы формалары даму алады. Осының негізінде аралас типтегі рыноктық экономиканы құрайтын көп субъектілі нақты экономикалық қатынастар орын алды. Кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір түрі ғана емес.

1.2. Шағын кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары.

Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдық құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар: - мемлекеттік кәсіпорын; - серіктестік: толық жауапкершілікпен; аралас жауапкершілікпен; шектеулі жауапкершілікпен; - акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі). Орын алып келген мынадай түсініктер шағын кәсіпорын бірлескен кәсіпорын, “кооператив”, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды статусын бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай берілген анықтама. Бүкіл әлемде, оның ішінде біздің елде де кіші бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірін, екінші жылы жартысын төлейді. Ал жаңа салада, құрылыста алғашқы екі жыл бойы қалыптасу кезеңінде салықтардың алынбай жүргені де сирек кездесетін жәй емес. Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам. Қалғандары жалдамалы қызметкерлер. Толық серіктестік – жеке адам және заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша қозғалмайтын мүліктерге жауапты. Мұнын мәні мынада: егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бірі жеке адам ретінде енетін болса, белгілі бір жауапты кезеңге кезіккенде (банкрот жағдайында) қажетті күнделікті заттардан басқа жеке мүліктерін, атап айтқанда, машина, саяжай, зергерлік бұйымдар тағы басқа бағалы мүліктерді тізімге алады. Жұмыс істеп тұрған қоғамға мүшелікке енгеннен кейін бұрынғы мүшелермен қатар енгенге дейінгі қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты болады. Әдетте толық серіктестіктерді заңды тұлғалар құрайды. Белгілі бір салада бірлесіп қызмет ету жөніндегі келісім осындай серіктестікті құрудың негізгі деп қарауға болады. Мұндай жағдайда серіктестіктің жарғысын тіркеудің де қажеттігі болмайды. Аралас серіктестік толық серіктестіктің өзгерген формасы. Мұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктермен тәуекелділік етіп отырған қатынасушы қоғамның ішкі мүшесі немесе толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуекел етушілер сыртқы қатынасушылар немесе командиттер деп аталады. Оқырмандардың көпшілігіне тарихтан, ғылыми көркем әдебиеттен белгілі аттар «Джонсон – Джонсон» және «М.Иванов балалары және КО» тағы басқа. Міне командитті серіктестік деген осылар. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және ел өкілеттік қызмет атқарады. Командиттік серіктестікке салық тұрғысынан қарағанда шектеулі жауапкершілігі бар қоғам қабылданды. Мұндай құрылым шектеулі жауапкершілігі бар командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы салық төлеу тұрғысынан ол серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан шектеусіз жауапкершілігін шектеулі қоғамға тарата алады, сөйтіп жауапкершілікті шектеу арнасынан өтеді, әдетте, олардың капиталы да көп болмайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік алдын ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелерін орындау жауапкершілігі жоқ, тез өз үлестерінің мөлшерінде тәуекелділік жасайды. Шектеулі жауапкершіліктің мәні де осында. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда компаньондар арасында өзара берік байланыс бар. Осы себептермен ол семьялық кәсіпорындар ұйымдастыруға тырысады. Кооператив – бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Алайда біздің кооперативтер ең алдымен өндірістік, қызмет көрсету және сауда-делдалдық салада өрістеп отыр. Кооперативтік кәсіпкерлік формаға тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуында. Кооператив – ол заңды иегер. Көпшілік елде өріс алғанына қарамастан іс жүзінде кооперативтердің салыстырмалы түрде үлес салмағы аса көп емес. Оның көптеген себептері бар, ең алдымен, кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау тенденциясы байқалады, ол болса өндіріс тиімділігін төмендетеді, инновациялық процеске кедергі жасайды, құрылымдық қайта құруды қиындатады. Мемлекеттік корпорациялар. Бұл кеңінен тараған ұйымдық-құқылық формадағы мемлекеттік кәсіпорындар. Олар белгілі бір құқық субъектілері және өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Әдетте, олар шаруашылық жұмыстарымен бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін де атқарады. Басқаша айтқанда, мемлекеттік корпорациялар коммерциялық кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын, ерекшелігін бірдей қолданып отыр. Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам формасында да құрылуы мүмкін

1.3 Шетел тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тәжірибелері Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 99 процентке дейінгі мөлшерді қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімінің 50 процентке жуығын ондіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі − ғылыми-техникалық прогркстің негізгі бір қозғаушы күшіне айналған. Германияда шағын кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді. Төртінші – істі жанұялық негізінде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден – шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорында қаржыландыру мәслесесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады. Елдегі шағын және орты бизнестің экономикалық маңызы – біріншіден - барлық еңбекке жарамды адамның 2/3 бөлігін қамтып отырған; екіншіден, елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын берген; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығын өндіріске енгізуге септігін тигізген; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірістік оқу орындарының 75 пайызын қамтитын кадрларды даярлау көзі ретіндегі рөлімен анықталады. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттілігін көрсетіп отыр. Олардың ішінде: 1) Европалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін товарлар, қызметтер, жұмысшы күші және капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау; 2) технология мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы, оларға жұмсалатын күрделі қаржыны одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру. Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип - өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның мақсаты - шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осыған байланысты мынадай шараларды атап өтуге болады. Германияның федералды үкіметі қаржыландыру шараларды іс жүзінде асырып отыр. Олар – шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жердегі басты бағыт – 1957 жылы заңды түрде бекітілген, шағын және орта фирмалардың позицияларын нығайтуға байланысты бірнеше рет қайта қаралған – картельдік құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство (бізше монополияға қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір-біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады; екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап, шағын және орта кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды. Шағын бизнеске қаржылық қолдау жасаудағы құрылымдық-саяси шаралардың екінші бір құрамды бөлігі - мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық жағынан теңдігін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ереже бар. Егер белгілі бір жағдайларға байланысты өздеріне қысым көрсетілетін болса, онда шағын фирмалар осындай мәселелерді заңды түрде ретке келтіру үшін тиісті орындарға шағым жасауына болады. Салық салудағы жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланылып жүрген бұл жұмыстың үш түрі бар: 1) амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары; 2) пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау; 3) салық ведомстволары төлейтін инвестициялық үстемелер. Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын аушаға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа товар шығаруға бағытталады. Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есептеп шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50 пайызы амортизацияланады, екінші жылы 30 пайызды және үшінші жылы - 20 пайыз. Қаржылық жағынан қолдау. Федералды үкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде пайыз ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын пайдалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндік тудыратын несиелер – шағын бизнес үшін айтарлықтай қамқорлық болып табылады. Сондай-ақ өзінің бастамасын Маршалл жоспары кезеңінен алатын «европалық калпына келтіру бағрламасы» шеңберінде де едәуір қаражат бөлінеді. Қазіргі кезде бизнестің бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары, «Кредитанштальт фюр Видерауфбау» (Майндағы Франкфурт), «Дойче аусглейхсбанк» (Бонн) және «Берлинер индустрибанк» (Берлин) сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиплер тікелей емес, ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың өздерінің банктері негізінде іс жүзіне асырылады. Сонымен қатар шағын фирмалар федералды және жергілікті үкіметтердің кепілдіктерін де пайдалана алады. Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономикалық аймақтық құрылымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді. Инновациялық салаға көмек. Бұл мақсатқа федералды үкімет 1990 жылдардың басында бір жыл ішінде 750 млн маркаға дейінгі мөлшерде қаржы бөліп отырады. Бұл көмектің ұйымдық формалары әралуан: индустриалды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, консультацияларға, капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар. Шағын және орта бизнес саласында инновацияны мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті ақпараттық және консультациялық инфрақұрылымды жасау, технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2007-2009 Ж АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері Көп жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық деп танылатын кәсіпкерлер қызметіндегі тәртіп бұзушылықтардың басым көпшілігін бақылау қадағалау жөнінен көптеген негізгі функциялар берілген мемлекеттік органдардың тексеру жүргізулері арқылы анықталып жатады. Осы орайда: - тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар ,түрлі нормативтік құқықтық нормалар, түрлі нормативтік құқықтық келісімдерде қарастырылған және осы мәселе бойынша бірегей заң актісін қабылдау; -заң актілерінде (Кеден, салық, әкімшілік кодекстері) кейбір мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын заңдар және тағы басқа шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін тексеруге ерекше қатынастар көзделмеген, сондықтан мемлекеттік органдар қызметінің көлеміне қарамастан, кәсіпкерлерге бірдей көзқараспен қарау; -тексеру, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша рәсімдерді нақты бірыңғай суреттеу әдістерін белгілеуді ұйымдастыру. Түрлі мемлекеттік органдар тексерулердің түрлі жіктемесін қолданады; -шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың қолданыстағы тәжірибесі анықталған тәртіп бұзушылықтар саны мен салынатын айыппұлдарды нақты анықтау. -кәсіпкерлік субьектісі қызметінде төтенше жағдай және тағы басқа туындаған ретте осы обьектіде тексеру. Қазақстан Республикасының « Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің кейбір ережелері шағын кәсіпкерліктің дұрыс дамуына кедергі жасайды. Дәлірек айтқанда, әкімшілік айыппұлдардың жоғары мөлшерде салық салу тұрғысындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды санамағанда шағын кәсіпкерлік субьектілерімен қатар ірі кәсіпкерлік үшін де бірдей етіп белгіленген. Одан қалса айыппұлдардың жоғары қойылымдары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне заңға сәйкес айыппұл төлеуді немесе одан азырақ пара беріп құтылып кетуді таңдауға итермелейді. Лицензиялауға, аккредитациялауға, стандарттауға сертификаттауға жататын жұмыстар, тауарлар мен қызметтер түрлерінің кең тізбесінің болуы іскерлік белсенділіктің, кәсіпкерліктің бастамасының өсуіне кедергі келтіреді. Осылайша негізгі әкімшілік тосқауылдар ауыртпалығы болып табылады. -кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауда қолданылмайтын заңға баіынышты келісімдердің саны едәуір; -мемлекеттік органдар уәкілеттік еткен және мемлекеттік функциялар берілген көптеген мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар жұмыс істеуде; -керексіз статистикалық және салық есебін жүргізу; -кейбір мемлекеттік органдардың бақылау, қадағалау, рұқсат беру және келісу функциялары мен өкіметтерін қысқартуға дайын еместігі. -көптеген елдерде шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне олардың қызметін қолдау үшін « жалғыз терезе» қағидаты бойынша тіркеу және қайта тіркеу жағдайлары жасалған. Франциядағы сияқты қазақстанда да тіркеу процесі жиырма төрт сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар он күннің ішінде « бір терезе» қағидаты бойынша тіркеледі, бұл жүйені бизнес қауымдастық та қолдауда. Кәсіпорындар Қазақстанда коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуы да жұмыс істейді. Мемлекет кәсіпорындары олардың дербестігінің сипатына қарай үш топқа бөлінеді: -бюджеттік; -қоғамдық; -аралас акционерлік қоғамдар. Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорындарға мына кәсіпорындар жатады: -Мемлекеттік шаруашылық жүргізуге құқы бар, толық шаруашылық есепке негізделген қорғаныс зауыттары, дәрі- дәрмек дайындау т.б. -Қазыналық, жедел басқаруға құқы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі ұлттық экономиканың барлық және мемлекеттің әлеуетінің дамуына әсер етеді. Мемлекеттік бюджетті айтарлықтай толықтыруға өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласында таралады.

Кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары