Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу. 3
РЕФЕРАТ
Тақырып: «Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу»
Пәннің аты Кәсіпкерлік құқық
Жоспар
1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, түрлері.
2. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары
4. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу
Қоғамдық қатынастар жүйесінде кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша, бір жағынан, қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпкер мәртебесін иеленуші жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, екінші жағынан, уәкілетті мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер және т.с.с.) шығады. Оған қоса, көрсетілген субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар түтастай және толық билікке және бағыныштылыққа құрылған сатылас қатынастар (мысалы, лицензиялау, сертификаттау саласындағы жэне т.б. қатынастар) да, ешқандай бағыныштылық жоқ (мысалы, келісім-шарт қатынастары) деңгейлес қатынастар да болуы мүмкін. Алғашқы жағдайда көпшілік-қүкықтық қатынастар, ал екінші жағдайда жеке-құқықтық қатынастар туралы сөз болмақ.
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы нормативтік актілердің талаптарын комерциялық және комерциялық емес ұйымдардың қадағалауы үшін бақылау және тексеру жүйесі.
Мемлекеттік басқару мемлекеттің органдарының экономикаға тікелей және жанама араласуын білдіреді. Ол әкімшілік әдістерді қолданумен , сол уақытта мемлекеттік реттеу кең аумақты жабдықтар мен құралдарды пайдалануға , соның ішінде нарықты жанама реттеу әдістері мен жабдықтарын қолдануға бағытталған. Мемлекеттік реттеу ұғымы мемлекеттік басқару ұғымына қарағанда кең мағынада.
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерліктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөнiндегi мемлекеттiк шаралар кешенi.
Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты ретінде қоғамның дамуының нақты сатысындағы кәсіпкерліктің және экономиканың дамуы үшін жақсы шартты құруды білдіреді.
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары: 1) қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау; 2) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету; 3) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
- Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері
Мемлекет кәсіпкерлік қатынастарды реттей отырып, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына әсер етудің сан алуан түрлері мен тәсілдерін пайдаланады. Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі көпшілік (қоғамдық) мүдделерді қорғау қажеттілігінен туады, себебі тек мемлекет қана өз органдары атынан қоғамдық мүдделерді қорғай алады және қорғауға тиіс.
Қоғамдық қатынастар жүйесінде кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша, бір жағынан, қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпкер мәртебесін иеленуші жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, екінші жағынан, уәкілетті мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер және т.с.с.) шығады. Оған қоса, көрсетілген субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар түтастай және толық билікке және бағыныштылыққа құрылған сатылас қатынастар (мысалы, лицензиялау, сертификаттау саласындағы жэне т.б. қатынастар) да, ешқандай бағыныштылық жоқ (мысалы, келісім-шарт қатынастары) деңгейлес қатынастар да болуы мүмкін. Алғашқы жағдайда көпшілік-қүкықтық қатынастар, ал екінші жағдайда жеке-құқықтық қатынастар туралы сөз болмақ.
Қолданыстағы жеке кәсіпкерлік туралы заңдарда жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары ретінде: 1) жеке кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар туғызу; 2) мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың кұқықтарын жеке кәсіпкерлікті әкімшілік басқаруды енгізу жолымен қорғау («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 4-бабы) шаралары аталған. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік әкімшілік басқару мақсаттарына қатысты айтатын болсақ, онда оларға: жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және сататын адамдардың өмірі мен денсаулығына арналған өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүлкін қорғау, қоршаған ортаның қауіпсіздігін және ҚР ұлттық қауіпсіздігін корғау; алдап-арбау практикасының алдын алу; табиғи жэне энергетикалық ресурстарды үнемдеу; үлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жатқызылады.
Мемлекеттік әкімшілік баскару түрлері мыналар:
1) ҚР заңдарының жеке кәсіпкерлік өніміне, үдерістеріне талаптар белгілеуі (мемлекет ҚР заңдары арқылы өнімге, үдерістерге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің барлығы орындауға міндетті талаптар белгілейді);
2) сәйкестігін растау бойынша, тексеру, калибрлік және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тіркеу (сәйкестігін растау бойынша, тексеру, калибрлік және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тіркеу ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі);
3) өнімнің жекелеген түрлерінің ҚР заңдарына сәйкестігін міндетті растау (өнімнің жекелеген түрлерінің, үдерістердің ҚР заңдарына сәйкестігін міндетті растау белгіленеді, егер бүл ҚР техникалық реттеу туралы заңымен белгіленген мақсаттарға жету үшін қажет болса);
4) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік бақылау (жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік бақылау ҚР заңдарымен өнімге, үдерістерге қойылған талаптардың орындалуы, өнімнің жекелеген түрлерінің, үдерістердің сәйкестігін растау бойынша талаптардың орындалуы мемлекеттік экімшілш мақсаттары үшін жеткіліксіз болғанда белгіленеді);
5) жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау (егер жеке кәсіпкерлік субъектісі уәкілетті органға лицензия алу үшін қажетті құжаттарды табыс етсе, жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектісіне ол өтініш білдірген қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беруге немесе негізді түрде лицензиялау туралы ҚР заңдарымен көзделген мерзімдерде лицензия беруден бас тартуға міндетті);
6) ҚР заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (егер мемлекеттік әкімшілік басқару түрлерін қолдану мемлекеттік әкімшілік баскару максаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етпесе, ҚР заңда-рымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сактандыру белгіленеді);
7) ҚР заңдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды түлғаларының жауапкершілігін тағайындау (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі ҚР заңдарымен тағайындалады).
Мемлекеттік реттеу түрлерін жіктеу экономиканың әртүрлі салаларында кандай да бір қатынастарға мемлекеттің ықпал ету дәрежесіне . негізделеді. Атап айтқанда, экономиканы мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы, орташа және ең төменгі деңгейін (режимін) бөлуге болады. Ең жоғарғы деңгей мемлекеттік реттеудің барлык немесе көпшілік құралдарын (аспаптарын) пайдалану дегенді білдіреді. Ол, мысалы, табиғи монополияларға қатысты белгіленген. Мемлекеттік реттеудің ең төменгі деңгейі шығармашылық қызметке байланысты кәсіпкерлікті реттеуге бағытталған.
Мемлекеттік реттеу түрлерін аумақтық белгісі бойынша, яғни ықпал ету қүралдарының қандай да бір түрлерін қолдану аумағына байланысты жіктеуге болады. Соған байланысты мемлекеттік реттеуді республикалық деңгейде, аймақтық деңгейде, жергілікті деңгейде бөлуге болады.
Сонымен катар ықпал етудің қолданылатын тәсілдерінің сипатына қарай, тікелей және тікелей емес (жанама) мемлекеттік реттеуді бөліп қарауға болады. Тікелей мемлекеттпік реттеу реттеудің әкімшілік (биліктік) әдістерін пайдалануға негізделген, ал жанама мемлекеттік реттеу ықпал етудің экономикалық әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады (әдетте, ынталандырушылық сипатта).
Экономика саласында мемлекеттік реттеудің басқа да жіктеу түрлері болуы мүмкін.
- Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
Жалпы кұзырет органдарына, бірінші кезекте, ҚР Үкіметі жатады. Жеке кәсіпкерлік қызмет туралы Заңның 14-бабына сәйкес ол: 1) мемлекеттік саясаттың жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы негізгі бағыттарды әзірлейді;
2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады;
3) Үкімет жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультациялық-кеңесушілік органдарын қүрады және таратады;
4) сараптама кеңестерінің орталық мемлекеттік жэне жергілікті атқару органдары әзірлеген жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік қүқықтық актілерді қарауын ұйымдастырады;
5) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, кызметтердің) номенклатурасын және олардың көлемін (пайыздық түрде) бекітеді;
6) шағын және орташа кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өнеркәсіптік өндіріс және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін жалға немесе сенімділікпен басқаруға берілген нысандарды өтеусіз беру тәртібін анықтайды;
8) бәсекеге қабілетті салаларды құруды және жетілдіруді, жеке кәсіпкерлік субъектілерін еркендетуді жэне солар өндіретін өнімнің сапасын көтеруді ынталандыратын мемлекеттік саясатты белгілейді және жүзеге асырады;
9) бәсекенің дамуына және инновациядағы инвестицияларды, материалдық активтерді, сонымен қатар ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандыруға себепші болатын нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;
11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы үшін тосқауылдарды жою мақсатында экономика салаларының жүмыс істеуіне талдау жасайды;
12) инвестицияларды көбейту және ҚР экономикасына инновацияларды енгізуді жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;
13)жекелеген салаларда жеке кэсіпкерлік субъектілері арасында бәсекені дамыту үшін жағдайлар тұғыза отырып, сол салаларды тарифтік және тарифтік емес әдістермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;
14) ұлттық экспортқа шығарушыларға қатысты басқа елдің белгілеген тосқауылдарын жою шараларын қабылдайды;
15) жеке кәсіпкерлік субъектілерін келісілген, бірлескен экспорттық саясат жүргізуге ынталандырады;
16) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ішкі және сыртқы нарықтардың жай-күйі туралы экономикалық ақпарат беріп отыруды ұйымдастырады;
17) сапа менеджменті жүйелерін енгізуді ынталандыру жолымен ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдайлар туғызады;
18) ұлттық экспортқа шығарушылардың басқа елдердің аумақтарындағы мүдделеріне лобби жасау жолымен сыртқы сұраныс үшін жағдайлар туғызады;
19) жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерін қолдап отырады, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыс берушілер бірлестіктерімен өзара әрекеттеседі;
20) бәсекеге қабілетті салалар кұру мақсатымен жеке салаларды қолдау бағдарламаларын бекітеді;
21) ғылыми-зерттеу ұйымдарын кұрады, саланың қиындықтарын және кластерлерін шешу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландырады;
22) республика экономикасы үшін білікті мамандар даярлау бойынша мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді;
23) халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын жеке кәсіпкерлікке тарту бойынша шаралар әзірлейді.
Жалпы құзырет органдары қатарына сонымен бірге ҚР жергілікті уәкілеттік және атқару органдары жатады. Жергілікті өкілеттік органдар:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың аймақтық бағдарламаларын бекітеді;
2) жергілікті атқару органдары басшыларының Қазақстанда жеке кэсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша есеп-қисаптарын қарайды.
Жергілікті атқару органдарының құзыретіне мыналар кіреді:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар туғызу;
3) аймақтарда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды және орындауды қамтамасыз ету және жауапкершілік көтеру;
4) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іс жүзіне асыру;
5) аймақта жеке кәсіпкерлік және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымын құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
6) жергілікті атқару органдарының жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен және нарық инфрақұрылымы нысандарымен өзара қарым-қатынастарын дамытудың стратегиясын белгілеу;
7) сараптау кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар және қызметкерлер даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін көтеруді үйымдастыру.Аталған саладағы арнайы кұзырет органдары болып қолданыстағы заңдарға сәйкес: ҚР Индустрия және сауда министрлігі, оның күрамына кіретін комитеттер (Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық даму комитеті, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет, Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет), сонымен қатар оның аумақтық бөлімшелері саналады.
ҚР Индустрия және сауда министрлігі - бұл мемлекеттік саясатты әзірлеу және индустриялық салада нормативтік құқықтық реттеу бойынша, оның ішінде елдің қорғаныс-өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы, сонымен қатар сауда қызметін, кәсіпкерлікті дамыту жэне бәсекелестікті, кұрылысты, сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қорғау саласында, өлшемдер бірлігін техникалық реттеу және қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық емес секторында жеке инвестицияларды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу бойынша кызметтер атқаратын орталық атқару органы (ҚР Үкіметінің 2004 ж. қарашаның 26-ындагы № 1237-каулысымен бекітілген ҚР Индустрия және сауда министрлігі туралы Ереженің 1-тармағы).
Индустрия және сауда министрлігі:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді жүзеге асырады;
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын әзірлейді және іс жүзіне асырады;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік шараларын үйымдастырады және орындалуын үйлестіреді;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстарды эзірлейді;
5) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерліктің даму инфрақұрылымына талдау жүргізеді;
6) жеке кәсіпкерлік қызмет салаларында зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
7) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік кұқықтық актілерді әзірлейді және ҚР Үкіметіне үсынады;
8) республика аймақтарында шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының қалыптасуына және дамуына себепші болады;
9) шағын кәсіпкерлік саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау жэне біліктіліктерін көтеру жүйесін құру бойынша ұсыныстар эзірлейді;
10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған ҚР заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
11)жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының ведомстоаралық үйлесімділігін іске асырады;
12) орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдары жанындағы сараптау кеңестерінің қызметін үйлестіреді;
13) шағын кәсіпкерліктің инновациялык, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуы үшін жағдайлар тұғызады;
14) жеке кәсіпкерлікті қолдау, қорғау мәселелерінде инвесторлар, шетелдік ұйымдар - грант берушілер үшін жағдайлар туғызады;
15)жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін әдістемелік көмек үйымдастырады;
16) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) халықаралық нарықтарына шығуына жағдайлар туғызады;
17) жеке кәсіпкерлікті дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
18) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік саясатты насихаттайды;
19) мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары тарапынан жол берілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттейтін ҚР заңдарының бұзылуы туралы ҚР Президентін және Үкіметін хабардар етеді.
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк
реттеудiң негiзгi мақсаты мен
принциптерi
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң
негiзгi мақсаты:1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту
үшiн қолайлы жағдайлар жасау және жеке
кәсіпкерлікке әкiмшiлiк етуді енгiзу жолымен
мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың
құқықтарын қорғау болып табылады. 2) Жеке
кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi
принциптерi: жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнiң
кепiлдiгi және оны қорғау мен қолдауды
қамтамасыз ету; кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге
асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
теңдiгi;жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы
мен оны қорғаудың кепiлдiгi: Қазақстан
Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың
басымдығы; жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн
қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң
жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң қатысуы болып табылады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн
қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi
әзiрлеудiң және қабылдаудың ерекшелiктерi:
1. Орталық мемлекеттiк
және жергiлiктi атқарушы органдар
жеке кәсiпкерлiк
2. Жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң мүдделерiн
3. Сараптамалық қорытындыларды
мемлекеттiк органдар
4. Сараптамалық қорытындылар
жеке кәсiпкерлiк
5. Мемлекеттiк орган
сараптамалық қорытындымен
6. Жеке кәсiпкерлiктiң
мүдделерiн қозғайтын
7. Осы бапта көзделген
рәсiмдер жеке кәсiпкерлiк
8. Жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң мүдделерiн
- Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары
Экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу әдістері тікелей және жанама деп бөлінеді.
Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-кұлқына ықпал етудің әкімшілік кұралдарын пайдалануга байланысты. Мемлекеттік реттеудің ондай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т.б. жатқызуға болады.
Тікелей әдістерден айырмашылығы - мемлекеттік реттеудің жанама әдістерінің мэні кәсіпкерлік кызмет субъектілерінің мінез-кұлқына тікелей билік әсері жолымен емес, экономикалық мүдделер тұрғысынан жанамалай ықпал етуден көрінетін ықпал етудің экономикалық құралдарына негізделген. Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің тиісті мінез-кұлық уәждемесіне әсер ететін материалдық ынталандыру және қолдау (мысалы, кәсіпкерлік кызметтің жекелеген субъектілеріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беру жолымен) жағдайларын жасау арқылы ықпал ету қажет.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында тұтынушылардың күкықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері маңызды және елеулі мағынаға ие болады. Нормативтік-құкықтық актілерде қазіргі таңда негізге алынатын ұстанымдар айқын тұжырымдалган:
- тұтынушылардың тауарлар қауіпсіздігіне құқығы;
- тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы дұрыс ақпарат алу құқығы;
- сапасы нашар тауарлар мен қызметтер келтірген залалды өтеу. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және тауарлардың,
жұмыстардың, қызметтердің жетіспеушілігі салдарынан келтірілген зиян үшін жауапкершілікті көздейтін негізгі ережелер азаматтық заңдардың және түтынушылардың қүқықтарын қорғау туралы арнайы заңның нормаларында белгіленген. Атап айтқанда, Қазақ КСР-інің 1991 ж. маусымының 5-індегі № 640-ХІІ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес тұтынушы төмендегілерге:
- сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің тиісті сапасына - тұтынушыны сатушы немесе тауар өндіруші алдын ала тауардың кемшіліктері туралы ескерткен және ол келіскен жағдайды есептемегенде (тұтынушылардың кұқықтарына қандай да бір тура және жанама шектеулер қоюға жол берілмейді);
- сатып алынған тауардың сапасын, жинақтылығын, мөлшерін, салмағын және бағаларын тексеруге, олардың ыңғайлылығын көрсеттіруге, сонымен қатар оларды қауіпсіз және дұрыс пайдалануды үйреттіруге;
- тауарлар мен қызметтерді еркін таңдауға (өндіру жэне коммерциялық қызметінде тұтынушыны тауарлар мен қызметтердің тиісті дәрежеде емес сапасымен, өнімнің өзіне кажетсіз ассортиментімен келісуге немесе өзінің тұтынушы ретіндегі құқын қолданудан бас тартуға мәжбүр ету мақсатында өндірушінің, сатушының өздерінің басымдық жағдайын пайдалануына тыйым салынады);
- отандық және шетелдік тауарлар сатылғаннан кейін олардың кепілді қызметіне;
- сапасы лайықты тауарлармен айырбастауға (егер қандай да себептермен тауарлар тұтынушының талаптарын қанағаттандырмаса немесе қажетті қасиеттері болмаса);
- өнім туралы мәлімет алуға;
- оның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне құқылы.
Сонымен қатар тұтынушы өз бастамасымен өнім (жұмыстар, кызметтер) өндірушіге немесе сатушыға сапасы тиісті дәрежеде емес немесе көтеріңкі бағамен сатылған өнімге қатысты шағым айтуға құқылы. Ерікті түрде бұрмалаушылықты жоюдан және келтірілген залалды өтеуден бас тартылған жағдайда, тұтынушы сотқа шағым беруге кұқылы (ондай кезде шағым бағасы маңызды емес).
Тұтынушыларды қорғау төмендегідей:
- олардың құқықтарын мойындау;
- кұқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру және кұкықтарды бұзатын әрекеттердің жолын кесу;
- табиғи түрдегі міндеттерді орындауды міндеттеу;
- құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту;
- кұқық бұзған тұлғадан келтірілген залалдарды өндіріп алу, ал заңмен немесе шартпен көзделген жағдайларда және заң актілерімен көзделген басқадай тәсілдермен («Тұтынушылардың күқықтарын корғау туралы» Заңның 13-бабы) айып төлем (айыппұл, өсім) өндіріп алу жолдарымен іске асырылады.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды күралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады.
Баға деп тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ақшалай құны аталады. Сонымен бірге жұмыстар мен қызметтерге қатысты «баға» санатына теңестірілген «тариф» деген термин қолданылады.
Қазақстан Республикасында баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін (нарықтық) бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және багалардың төмендегідей: еркін бағалар; көтерме (босату) бағалар; бөлшек сауда бағалары; реттелетін бағалар түрлерін қарастырады.
Еркін бағалар тараптардың келісімімен тағайындалады және ҚР Үкіметі белгілеген тізбеден басқа барлық тауарлар мен кызметтерге таралады.

- Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
- Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
- Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу
- Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу
- Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу
- Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық ұйымдастырушылық нысаны және оның түсінігі
- Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары
- Кәсіпкерлік құрылымдардың ұйымдық жобалануы
- Кәсіпкерлік қызмет
- Кәсіпкерлік қызмет
- Кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік қолдау
- Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар
- Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
- Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, және қаржыландыру