Кәсіпорын экономикасы. 4
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Аймақтық қашықтықтан оқыту орталығы (Қызылорда қ.)
"Экономика" кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Негізгі капитал
Пәні: Кәсіпорын экономикасы
Қабылдаған: Омаров Бахытжан Серикбаевич, аға оқытушы
Орындаған: Серікбайұлы Нұрсұлтан, ҚР(Д)-235 оқу тобы
Алматы, 2012ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Кәсіпорынның негізгі құралдарының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- Негізгі капиталдың элементтерінің ерекшеліктері, тіркелген активтер: олардың экономикалық мәні.
- Салық есебіндегі негізгі құралдарды бағалау әдістері. Негізгі құралдарды қайта бағалау.
- Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуы. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, жеделдетілген, өндірістік, кумулятивті. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қазіргі кезіндегі амортизациялық саясаты.
- Негізгі өндірістік құралдарды пайдаланудың көрсеткіштері. Негізгі өндірістік құралдарды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары. Лизинг – негізгі құралдарды жаңарту нысаны ретінде. Оперативті және қаржы лизингі.
Қорытынды
Кіріспе
Еңбек құралдары (машина, құрал жабдық, ғимарат, траспорттық құралдар) еңбек бұйымдарымен (шикізат материалдар, жартылай өнім, отын) бірге өндіріс құралдары құрайды. Құндылық формада көрсетілген өндірістік қорлар кәсіпорынның өндірістік қорлары болып табылады. Өндіріс процессіне, олардың құндарын дайын өнімге апару және еңбек құралдардын қайта өндіру сипатына байланысты негізгі және айналмалы құралдар болып бөлінеді.
Негізгі қорлар бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Яғни негізгі қорлардың ең маңызды аңықтаушы белгісі ретінде құндылықты өнімге апару әдісі: өндіріс циклдер кезінде, сатылай; тозу дәрежесіне қарап, бөлшектенеді. Негізгі қорлардың тозуы амортизацияның белгіленген нормалары бойынша есептеленеді, оның сомасы өнімнің өзіндік құнына тең болады. Өнімді өткізуден кейін есептелген тозу жаңа капиталдық салымдар үшін арналған ерекше амортизация қорында есептеледі. Сонымен жарғылық қорға берешекке беріліп, тұрақты айналым жасайды. Бұл негізгі қорлардың экономикалық мәні болып табылады.
Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Өнеркәсіптің негізгі
Натуралды заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады: ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік шаруашылық құрал саймандар, жұмыс және өнімді мал, көп жылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері. Негізгі қорлардың ерекшелік топтардың жалпы жиынтығы негізгі қорлардың өндірістік құрылымын көрсетеді. Қоғам өзінің қаражаттарың негізгі қорлардың қай тобына салу өте маңызды болады. Ол, яғни, негізгі қорлардың активті бөлігін оптималды арттыруында қызығушылық көрсетеді. Өндіріс процессіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.
Негізгі өндірістік қорлардың құнында жабдықтар үлесі жоғары болған сайын өнім шығарылымы да, қор қайтарымдылығы да жоғары болады. Сондықтан да негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуы өндіріс және қор қайтарымдылық көрсеткіштің жақсаруына, өзіндіқ құнның төмендеуіне, кәсіпорынның ақшалай жинақтардың ұлғайуына әкеледі. Негізгі өндірістік қорлардың құрылым түрлері өндірістің әркелкі салаларында бірдей емес. Мысалы, негізгі қорларды ғимараттар үлесі жеңіл және азық түлік өнеркәсібінде жоғары болып келеді (44 %), отын энергетика кешенінде құрылғылар үлесі 17%, машина құру кешенінде жабдықтар және машиналар үлесі (45%) артық болып келеді.
Негізгі қорлардың құрылымы динамикасы өте инерционды болып табылады. Тұрақты экономика жағдайында ол жиі өзгереді. Солай соңғы елу жыл бұрынғы Кеңес Одағының өндірісінде ол тұрақты болды. Актив және пассив бөлектерінің жиынтығы аз өзгеріске ұшырады, өйткені ең бастысы өндіріске салынған инвестициялардың маңызды ағымы іс әрекеттегі құрылым және технологиялық процестерінің көшірмесі сияқты жаңа кәсіпорындардың құрылысына жұмсалған.
Қазіргі Қазақстан өндірісіндегі негізгі қорлардың құрылымы Кеңес одағында қалыптасқан ерекше топтардың жиынтығынан өзгешелеу болып табылады. Бұл біріншіден жабдықтар және машиналар үлесінің кемуінде, сәйкесінше транспорттық құралдар және бсқа да негізгі қорлар үлесінің артуында көрінеді. Қорлардың пассивті бөлігінің шамалы өсімі байқалды. Бұл өзгерістер оң әсер тигізеді деп айта алмаймыз. Әрине, бұл жылдары өнеркәсіптің бірнеше салаларында өндірістік қуаттылықтың нақты төмендеу, станоктарды экономиканың басқа секторларына өткізілу процесстері орын алды. Сонымен қатар, құрылымның өзгеруіне негізгі қорларды өткізілген қайта бағалау және қолданылған әр түрлі бағытталған индекстер жүйесі әсер етті.
Негізгі өндірістік қорлар құрылымына әсер ететін ең маңызды келесі факторлар болып табылады: шығарылған өнім сипаттамасы, шығарылым көлемі, автоматизация және механизация деңгейі, кәсіпорынның географиялық және климаттық жағдайы.
Бірінші фактор әсері ғимарат құнында және көлемінде, транспорттық құралдарында көрініс табады. Өнім шығарылымы жоғары болған сайын жабдықтардың және арнайы прогрессивті жұмыс машиналардың үлестік мөлшері артық болады. Географиялық және климаттық жағдайларына байланысты ғимараттардың үлестік құны тәуелді болып келеді.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылым элементтердің жұмыс атқару сапалығын арттыру үшін төмендегі іс-әрекеттер мүмкіндік береді:
- құрал жабдықтардың сапалығын арттыру және модернизациялау;
- машиналар және станоктардың үлестік құнын жоғарлату;
- бос алаңдарда қосымша құралдар орнату;
- құрылыс проектердің дұрыс құрылуы;
- артық және бос құралдарды ликвидациялау.
Негізгі қорларды есептеу және жоспарлау натуралды және ақшалай формада жүгізіледі.
Натуралды бағалау кезінде машиналар саны, олардың өнімділігі, қуаттылығы; өндірістік алаңдар көлемі және тағы басқа сандық көрсеткіштер есептелінеді. Бұл мәліметтер саланың және кәсіпорының өндірістік қуаттылығын, бағдарламаның жоспарлануын, жабдықтардың өімділігін арттыру резервтерін, жабдықтар балансын есептеу үшін қолданылады. Бұл мақсатпен жабдықтардың инвентаризациясы және паспортизациясы, келу және шығу есебі жүргізіледі.
Ал ақшалай есебі кезінде негізгі қорлар бағасы өндіріс көлемін арттыруын жобалау, тозу деңгейін және амортизация аударымдарын, приватизация көлемін есептеу үшін қолданылады.
Өндіріс процесіне ұзақ қатысуымен және сатылы тозуымен байланысты негізгі қорларды бағалаудың бірнеше түрі бар: бастапқы, қайта құру және қалдық құндары бойынша бағалау.
Негізгі қорларды толық бастапқы құн бойынша бағалау еңбек құралдарын қалыптастыру немесе иемденумен байланысты пайда болған нақты шығындарды есептеу болып табылады, яғни ғимараттар мен құрылыстарды салу, машиналар мен жабдықтарды сатып алу, орнықтыру және монтаж т.б. іс-әрекеттер. Бастапқы құн бойынша негізгі қорлар кәсіпорынның балансында орын алады, және де ол еңбек құралдардың қызмет ету мерзімінің барлық кезеңінде өзгеріссіз болады және тек қайта бағалау кезінде қайтадан қарастырылады. Негізгі қорлардың амортизациясы да толық бастапқы құн бойынша есептеледі. Негізгі қорлардың ағымдық бағасы және тарифтері сұраныс және ұсыныс, инфляция т.б. факторлар әсерінен өзгеріске ұшырайды. Уақыт өткен сайын бастапқы құнда қарама-қайшылықтар жинақтала бастайды. Сол бір машинаның немесе станоктың өзі әр түрлі жылдарда иемденсе әр түрлі құн бойынша есептеленеді. Негізгі капиталдың бастапқы құны ағымдық шаруашылық іс-әрекет жағдайында оның нақты құнын көрсете алмайды. Негізгі қорларды қайта өндіру процесін басқару қиынға соғып, кәсіпорынның коммерциялық шаруашылығын қалыпты іс жүзеге асыруына бөгет жасайды. Қорлардың бастапқы құнымен есептелген көрсеткіштер (капитал қайтарымдылығы, рентабельділік, төлем қабілеттілік, ликвидтілік т.б.) нақты деңгейді көрсетуді тоқтатады. Амортизацияны, өзіндік құнды басқаруында қиыншылықтар пайда болады, сәйкесінше табыс пен салықтарға кері әсерін тигізеді. Сонымен, бірдей құндылық көрсеткішке әкелу үшін негізгі қорларды қайта бағалау қажеттілігі туындайды.
Қайта құру құны негізгі қорлардың ағымдағы қайта бағалау нәтижесіндегі бағасын көрсетеді. Бұл баға қайта бағалау объектілердің сатып алуына немесе құруына кеткен нақты шығындарын көрсетеді.
Негізгі қорлардың қалдық құны бастапқы немесе толық қалпына келтірілген құнымен аударылған тозу арасындағы айырмашылықты көрсетеді, яғни белгілі мерзімге дайындалатын өнімге апарылмаған еңбек құралдардың ақшалай көрінісі. Қалдық құны арқылы қорлардың тозу дәрежесі туралы мәлімет береді. Қорларды қайта бағалау кезінде еңбек құралдардың әрбір бірлігіне есептелген тозу көлемі анықталады. Сонымен қатар тозу есебімен қайта құру күні белгіленеді. Ол бухгалтерлік есеп негізіндегі құрылған мәліметтерге сүйене отырып толық қайта құру құнына пайыздық түрде есептелген.
Баланстық құн бойынша бухгалтерлік мәліметтерге қозғалысы негізділген негізгі қорлар кәсіпорынның балансында есептеледі. Кәсіпорын балансында негізгі қорлардың құны аралас бағада есептеледі: қайта бағаланған объектілер белгілінген мерзімге қалпына келтіру құны бойынша есепке алынады, ал қайта бағаланудан кейін сатып алынған еңбек құралдары бастапқы құн бойынша есепке алынады. Әдетте, кәсіпорынның практикалық жұмысында және әдістемелік метериалдарда баланстық құн бастапқы сияқты қаралады, өйткені қалпына келтіру құны соңғы қайта бағалау мезетінде бұл күнге белгіленген бастапқы құнға сәйкес келеді.
Негізгі қорларды қайта бағалау әдістері. Негізгі қорларды қайта бағалау екі әдіс арқылы іс жүзеге асуы мүмкін; экспертті және бағалардың индекстік жүйесі арқылы. Эксперттік әдіс кезінде салалар мен кәсіпорындарда тәжірибелі және маманданған инженерлер мен экономистерден тұратын арнайы комиссия топтары құрылады. Бұрынғы Кеңес Үкіметінде негізгі қорларды қайта бағалауы (олар үшеу болған 1925ж, 1960 және 1972ж.) эксперттік түрде өткізілген. Әдістемелік құжаттар және басқару материалдары ортақтандырылған сипатта құрылған. Осылай, 1972 жылдың 1 қаңтарына машина және құрал жабдықтарға 122 бағалар және ғимараттар мен құрылыстарды бағалау үшін 37 көрсеткіштер жинағы тіркелген. Бұл материалдар дайындау үрдісіне 150 ғылыми иституттар және 47 өндірістік министрліктер қатысқан. Негізгі қорлардың қайта бағалау құнын еңбек құралдардың әр объектісі бойынша инвентаризация арқылы жүргізілетін эксперттік әдіс анықтау еңбек сыйымды және қымбат шара болып табылады. Индекстік әдіс кезінде қайта бағалау объекттің баланстық құны негізгі қорлардың берілген тобы үшін тағайындалған баға индексіне көбейтіндісі болып табылады.
Мүліктік бағалауды өткізетін ұйымдар. Экономиканың нарықтық кезеңінде, яғни әрбір игілік, соның ішінде еңбек құралдар бағасы сұраныс және ұсыныс әсері арқылы белгіленген кезде негізгі қорларды қайта бағалауды директивті басқару, реформалардың жалпы бағыттарына қайшы келеді. Еркін бағалар жағдайында кәсіпорынның меншігінің бағалауын орталықтандырылған түрде басқару логикаға сай келмейді. Сонымен қатар қайта бағалаудың белгіленген индексі әрбір кәсіпорынның мүліктік және әрбір объекттің құнының ерекшелігін көрсете алмайды. Кәсіпорындар өз бетінше қайта бағалау әдісін таңдауға құқығы бар: белгіленген баға индекстері арқылы немесе әр бір объекттің тікелей құны бойынша. Кәсіпорындар негізгі қорларды қайта бағалауды өз күшімен немесе тәуелсіз эксперттаушылар көмегімен жүргізе алады. Қайта бағалау нәтижелері сәйкес құжаттармен және қайта бағаланған объекттердің нарықтық құны туралы эксперттік нәтижелерімен дәлелденуі керек.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде арнайы эксперт бағалаушылар қызметі ХХ ғасырдың орталарында қалыптасқан. АҚШ та елдегі бағалау іс-әрекетін қадағалайтын арнайы өкіметтік ұйым құрылған. Маманданған бағаларға және тәжірибелі бағалаушыларға қойылатын талаптардың біркелкі стандарттарын дайындайтын баға қоры орналған. Ал Англияда бағалау іс-әрекеттің сандарттары Корольдік бағалау институтымен тағайындалады. 1981 жылы Мүліктік Бағалау Стандарттары бойынша Халықарлық комитеті халықаралық стандарттарды құру мақсатында қалыптасқан. Бұл комитет сегіз стандарт жобалаған, соның ішінде төртеуі іс жүзіне асырылуда: а) баға базасы ретіндегі нарықтық құн; б) нарықтық құннан басқа баға базасы; в) қаржылық есеп және сметалық құжаттар мақсатындағы баға; г) ссудалық қамтамасыз ету, қарыз берешектер бағасы.
Халықаралық стандарттары бойынша объекттердің нарықтық құны әр қайсысы басқа нарықтық мүмкіндіктерді және альтернативтік нұсқаларды зерттеуге қажетті уақытқа ие бола отырып сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім жасаған уақыт мезетіне сәйкес келетін баға ретінде анықталады. Нарықтық құн түсінігі жетілген бәсеке нарығындағы келіссөздер арқылы белгіленген баға ретінде қарастырылады. Сонымен қатар стандарттарда есептеудің нарықтық емес әдістерге, негізделген бағаларды қолданылады. Ұсынылған бағалар жүйесін қолдану тәртібі және мазмұны анықталады; инвестициондық, сақтандырылатын, салық салынатын, ликвидтік, амортизациондық, арнайы, эффективті, әділетті т.б.
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы
Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен техникалық және экономикалық факторлардың ықпал арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Табиғи тозу түсінігінің астында негізгі қорлардың тек қана қызмет ету ғана емес, сонымен қатар әрекетсіздік (сыртқы әсерлер, атмосфера қысымы, коррозияға ұшырау мүмкіндіктері) нәтижесінде өзінің бастапқы құнының сатылай жойылу түсіндіріледі. Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың сапасына; техникалық жетілдіруіне (конструкциялар, материалдардың түрі және сапалығы, ғимараттардың құрылыс сапасы және станоктардың монтаждығы); қызмет ету уақытына (жылдық жұмыс күн саны, тәуіктегі сменалар саны, сменадағы жұмыс сағаттары); негізгі қорларды сыртқы жағдайлардан қорғау деңгейіне (ыстық, суық, ылғалдық, жауын шашын); жұмыскерлердің мамандауына байланысты болып келеді.
Табиғи тозу негізгі қорлардың бірдей элементтерінде де бірқалыпты жүрмейді. Негізгі қорлардың толық және жартылай тозуын қарастырады. Толық тозу кезінде іс-әрекеттегі қорлар жойылады немесе жаңа қорлармен орын ауыстырады. Ал жартылай тозу кезінде негізгі қорларды жөндеу арқылы қалпына келтіру болып табылады.
Негізгі қорлардың табиғи тозуы нақты қызмет ету мерзімінің нормативтік мерзіміне қатынасы ретінде есептелу мүмкін. Ең дұрыс әдісі бұл заттың толық тексерілуі.
Сапалық тозуы бұл машиналар
мен жабдықтардың құнының олардың
қайта өндіруіне кететін
Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олар жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.
Нарықтық қатынастарға өтпелі
кезеңінде негізгі қорларды
Сонымен, амортизация бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте бірте ауысуы ақшалай қаражаттың қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады. Амортизациондық аударымдар сомасы негізгі қорлардың құнына, олардың эксплуатация кезеніне, модернизация шығындарына байланысты болып келеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себебті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қыскарады.
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады. Ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапқы негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен аңықталады.
Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі:
М А =
Мұнда :
МА – негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері,( %),
Қбқ – негізгі қорлардың бастапқы құны,
Қж – жойылу құны,
Мқ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.[1,66б]
Негізгі қорлардың толық құнын қалпына келтіретін қажетті амортизациондық аударымдар сомасын келесі формула арқылы еептеуге болады:
Аа = Ма х Қ
Мұнда:
Аа -амортизационды аударымдар
Ма -амортизация мөлшері
Қ -негізгі қорлардың орташа жылдық құны[2,95б]
Амортизация мөлшері негізгі
қорлардың құнын өтеудегі
- Негізгі қорлардың төзімділігі;
- Сапалық тозу;
- Техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;
- Жабдықтау балансы;
- Жаңғырту және күрделі мүмкіндігі.
Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолдануы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.
Амортизациялық аударымдар практикада екі әдіспен есептеледі: пропорционалды және регрессивті.
Пропорционалды әдіс өзінің қызмет ету мерзімі ішіндегі жыл сайын
амортизациондық аударымдар негізгі қорлардың бастапқы құны бойынша бір нормамен есептелетінін сипаттайды. Амортизациялық аударымдардың пропоционалды әдісіне түзу сызықты бірқалыпты; еңбек құралдарының белгіленген қызмет ету мерзіміне байланысты тозуды есептеу; өндірілген жұмыс көеміне байланысты амортизацияны есептеу. Амортизациондық аударудың бірқалыпты әдісі көптеген елдерде негізгісі болып саналады. Сонымен қатар амортизациондық аударымдар сомасын есептеу келесі сатылар бойынша іс жүзеге асырылады:
- Негізгі қорларды амортизацияның бірдей нормасына ие топтарға бөлу
- Негізгі қорлардың топ бойынша орташа жылдық құны
- Амортизация сомасын норманың қорлардың орташа балансталған құнына көбейтіндісі арқылы табу.
Негізгі қорлардың орташа жылдық құны келесі формула арқылы есептеледі:
Св= С+ Сс * К- Свыб * (12-К)
12 12
Мұнда:
С - негізгі қорлардың период басындағы құны;
Сс - негізгі қорлардың жоспарлы немесе есеп беру уақытындаға орташа жылдық құны;
Св - есеп беру уақытындағы негізгі қорлардың енгізу құндары;
С выб - есеп беру уақытындағы негізгі қорлардың шығару құны;
К - есеп беру уақытындағы еңбек құралдардың қызмет ету айлары[3,118б]
Бұл әдістің артықшылықтары: амортизациялық қорға түсетін аударымдардың бірқалыптылығы, тұрақтылық және пропорционалдық, есептеулердің қарапайымдылығы және нақтылығы.
Басқа пропорционалдық әдістер
еңбек құралдардың бөлек
Пропорционалдық әдістердің кемшіліктері: олар әрқашанда негізгі қорлардың толық құнын өндірілген өнім құнына өткізуді қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да еңбек құралдардың толық амортизациясы жүрмейді де, тікелей шығына әкелу мүмкін. Белсенді сапалық тозу әсеріне ұшыраған еңбек құралдардың тездетірілген ауыстуруына қажетті ресурстардың концентрациясын қамтамасыз ете алмайды.
Негізгі қорлардың тездетілген әдістердің қолдануына сәйкес амортизацияның ынталандыру рөлі жоғарлайды. Әлемдік тәжірибеде регрессивті және прогрессивті әдістердің көптеген түрлері қолданылады. Соның ішінде негізгілері үшеуі болып табылмайды; еңбек құралдардың қызмет ету мерзімінің қатаң белгілену әдісі; тұрақты пайыз әдісі; кумулятивтік әдіс.
Бірінші әдіс кезінде негізгі капиталдың амортизациондық қорға аудару мерзімі белгіленеді. Егер де 5 жыл мерзім белгіленсе, онда жыл сайын өнімнің өзіндік құнына капиталдың 20% аударылады. Алғашқы рет бұл әдіс 1940-1945 жылдары әскери өндіріске жеке капитал салымдарын ынталандыру үшін қолданылған. Қазіргі кезде бұл әдіс таза күйінде кем қолданылады.
Тұрақты пайыз әдісінің мәні амортизация
мөлшері негізгі қорлардың
Мысалы: Тұрақты пайыз әдісі бойынша есептелетін құралдар құны 24 млн.тг–ні құрайды. Амортизация нормасы түзу сызық әдіс кезінде-7%. Тозуды есептеу 1 жылы- 24 миллионның 14% (қосарланған құн бойынша) = 3.36 млн. тг. 2ші жылы- 20.64( 24-3.36) милионның 14% = 2.89млн.тг. 3ші жылы - 775 (20.64-2.89) милионның 14% = 2.49 млн. теңгені құрайды.
Іс әрекеттегі еңбек құралдардың құны бастапқы жылдарында аударылады, бұл аударымдар амортизацияның маңызды бөлігін жаңа капитал салымдарына және құралдарды жаңартуға мүмкіндік береді. Дегенімен бұл әдіс көп жылдарға созылып кетеді.
Кумулятивті әдіс немесе сандар сомасы құрамында бастапқы екі әдісті біріктіріледі. Еңбек құралдардың қызмет ету мерзімі нормаланады және эксплуатацияға енген бастапқы жылдарында тозу нормасы көбейеді.
Мысалы:Кесте 1.1
Кесте 1.1
Қызмет ету жылдары |
Кері тәртіпте жазылған жылдар |
Амортизация нормасы |
1 |
6 |
6/21 |
2 |
5 |
5/21 |
3 |
4 |
4/21 |
4 |
3 |
3/21 |
5 |
2 |
2/21 |
6 |
1 |
1/21 |
6 жыл |
21 бөлік |
21/21 |
Кумулятивті әдіс амортизациондық
еңбек құралдар құндарының олардың
нормативтік қызмет ету соңғы
мерзіміне толық өтелуін қамтам

- Кәсіпорын экономикасы
- Кәсіпорын экономикасы
- Кәсіпорын экономикасы
- Кәсіпорын экономикасы
- Кәсіпорын экономикасы
- Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
- Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
- Кәсіпорын (фирма) табыстары және оларды бөлу
- Кәсіпорын шығындары
- Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
- Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
- Кәсіпорының кызметтерін жоспарлаудын ажеттиликтері