Кәсіпорының кызметтерін жоспарлаудын ажеттиликтері
КӘСІПОРЫН
ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның
қаржылық жоспарлаудың
Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өңдірістің материалдық - заттық элементтері тұрғысында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді жасау тұрғысында, ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттастырылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Көптеген
қаржылық жоспарлауға және қаржы
ресурстары жөніндегі әдебиеттерді
негізге ала отырып, «қаржылық
жоспарлау» категориясының пайда болуы
мен дамуының келесідей жолдарын
ұсынып отырмыз (Сурет 1).
Сурет 1. Қаржылық жоспарлаудың пайда болуы мен даму тарихын зерттеу жолдары
Менеджмент
бойынша білім деңгейінің дамуы
тұрғысынан зерттеу жолы Д.Б.Мельничук
сипаттаған кәсіпорынды стратегиялық
басқару шегі негізінде ұсынылып
отыр. Ол кәсіпорын басшылары құрамының
өзара хабардар болуы деңгейінің тұрақты
өсуінің алғашқы шегін көрсетеді (Кесте
1).
| Білім | Уақыты | |||||||
| ХІХ ғ. соңы | ХХ ғ. басы | 1930 жылдардың соңы | 1950 жылдардың соңы | 1960 жылдардың басы | 1960 жылдардың соңы | 1970 жылдардың басы | 1980 жылдардың басы | |
| Әкімшілік | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ |
| Бухгалтерлік есеп негіздері | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ |
| Өндірістік менеджмент | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | |
| Персоналды басқару | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ||
| Қаржылық менеджмент | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | |||
| Жалпы менеджмент негіздері | ∙ | ∙ | ∙ | ∙ | ||||
| Менеджменттегі ақпараттық жүйе | ∙ | ∙ | ∙ | |||||
| Маркетинг | ∙ | ∙ | ||||||
| Стратегия | ∙ | |||||||
Кесте
1. Менеджмент бойынша білім
Жоғарыда көрсетілген қаржылық жоспарлаудың пайда болу уақыты қаржылық менеджменттің пайда болу уақытымен сәйкес келеді, яғни 1950 жылдардың басы.
Қаржылық жоспарлаудың пайда болуы мен даму тарихын зерттеудің екінші жолы – С.Л.Улина жұмысы негізінде жасалған қаржылық менеджменттің даму кезеңі тұрғысынан. Ол менеджмент бойынша білім деңгейінің пайда болуы мен дамуы тұрғысынан зерттеу жолдапрын толықтырады және қаржылық жоспарлаудың нақты пайда болу мерзімін алуға көмектеседі (кесте 2).
| Кезең | Этап | Негізгі қағидаттар |
| 1985-1994 жж | Қаржылық менеджментінің өзіндік аймағының құрылуы | - Қатаң бақылау;
-шығындарды оптимизациялау; - қаржылық операцияларды дұрыс жүргізу. |
| 1990-1993 ж.ж | Функционалды көзқарас | - Қаржылық жоспарлау,
ұйымдастыру және бақылау - шешімдерді
қабылдаудағы әмбебап |
| 1996 жылдан бері | Жүйелі көзқарас | - Қаржылық менеджмент
жүйесіндегі элементтерді - олардың өзара байланысын анықтау. |
Кесте 2. Қаржылық менеджменттің даму кезеңдері (5)
Аталған қаржылық жоспарлаудың
пайда болу және дамуының
Кәсіпорынның
қаржылық жоспары макродеңгеймен, яғни
елдегі нақты бір мерзімдегі экономикалық
жағдаймен тығыз байланысты. Алғашқы
екі көзқарастың шектеулігі –
олардың макроэкономикалық
Макроэкономикалық
жағдайлардың өзгеруіне байланысты
қаржылық жоспардың даму тұрпатын зерттеу
1918 жылдан бастап (Сурет 2, кесте 3) ХХ
ғасырдың 90 – жылдарымен аяқталады.
Шаруашылықтың әкімшіл- әміршіл
экономикадан нарықтық жүйеге көшуі
елде болған ұзақ мерзімді мемлекеттік
жоспарлау жүйесін, сонымен қатар
фирмаішілік жоспарлау жүйесін
де ликвидировал.
КСРО кезінде қолданылған қаржылық жоспарлау
экономикадағы актуальность
жоғалтты, соның салдарынан қаржылық жоспарлау
өзінің маңыздылығын бірте – бірте жоғалтып,
ақырында мүлдем ұмыт болды.
Сурет 2.
Қаржылық жоспарлау нышандары
Жоғары
бәсекелестік күреспен, шаруашылықтың
макроэкономикалық жағдайының өзгергіштігімен,
тұтынушыны тарту мен пайданы
арттыру қиындығымен
Ресей мемлекеті тұрғысынан алғандағы қаржылық жоспарлау тұрпатының дамуы
| Жыл | Макроэкономикалық жағдай | Қаржылық жоспарлау тұрпаты | Қаржылық
жоспарлау
нышаны |
Артықшылығы | Кемшілігі | ||||
| 1918-1921 | Шаруашылық
қатынастардың қатаң |
Кәсіпорын бюджетіндегі смета жобасы (сметалық кезеңге жасалынды) | Смета құрамына шығынның негізгі топтары, олардың жүзеге асырылу мерзімі,сметалық кезең ішіндегі шығарылымға ұсынылған бұйым көлемі мен өзіндік құны көрсетілген ысқа өндірістік жоспар кірді | ||||||
| 1922-1925 | ЖЭС-қа көшу, шағын
кәсіпорындардың |
Сметалар (бір жылға жасалынды) | Кірістік бөлімде кәсіпорынның барлық келіп түсулері, ал шығыстық бөлімде – еңбекақы, өндірістік қорларды құру, құрылыстық жөндеу жұмыстары және басқа да шығындар | ||||||
| 1925-1927 | Тресттер мен мемлекет арасындағы кірістерді бөлу және қызметтің түрлі бағыттары бойынша пайданы бөлу жүйесі құрылды | Нұсқамалық баланс (тоқсан бойынша бөлініп бір жылға жасалынды) | Құрамы бойынша ухгалтерлік балансқа ұқса болды, яғни екі бөлімнен тұрды: актив пен пассив. Пассивте кәсіпорын қызметінің қаржыландыру көздері көрсетілді. Ал актив құрамына: мүлік, материалдар, дайын өнім, ақша қаржылары, болашақ кезең шығындары және салымдар кірді. | Кәсіпорынның мүліктік элементтерін оларды қаржылық көздерімен байланыстырды | Кәсіпорынның қорлануын, қаржылық –несиелік жүйемен есептеудегі пайданы бөлуді жоспарлауда қолайсыз болды | ||||
| 1929-1931 | Кәсіпорынның қаржылық жоспары өнеркәсіптік-қаржылық жоспар құрамында жасалды және құрамына кірістер мен шығыстар жоспары мен жоспарлы кезең басы мен соңына жасалған бухгалтерлік баланстың салыстырмалы кестесі кірді. | Кіріс–шығыс жоспары барлық жоспарланған келіп түсулер мен шығындар элементтерін және кассалық нәтижелері көрсетілген кәсіпорынның қаржылық айналымының жоспарын көрсетті. Сонымен қатар қаржылық жоспарлауда кәсіпорынның бухгалтерлік балансының жағдайын болжауға көмектесетін форманы қолдануы маңызды болды | Жоспардың аталған формасының басты кемшілігі– қаржылық ресурс көздері мен оалрды пайдалану бағыттарының бөлінбейтіндігінде. Жоспарда шаруашылық қызметтің пайдасының жалпы көлемі мен пайданы бөлу бағыттары көрсетілмеді | ||||||
Ипрпр
| 1930 жылдар | Несиелік және салықтық реформалар жүргізілуі, экономиканы басқарудың орталықтандырылған жүйесінің құрылуы, мемлекеттік қысқа мерзімді жүйесінің іске қосылуы, тікелей нұсқамалық жоспарлау механизмін енгізу | Қаржылық жоспар | Жоспар екі бөлімнен тұрды: құралдардың бағытталуы және орнын толтыру көздері | Аталған форма
кәсіпорынның қаржыларының бағытталуы
мен негізгі жосарланған көздерін
және осының негізінде болатын қайта
бөлу үрдістерін
анықтады. |
Өнім өндіруден
түскен түсім жоспарлы қаржылық көрсеткіштер
құрамынан алынып тасталды және осының
салдарынан жоспарда қаржылық–несиелік
жүйемен төлем, салық, несие бойынша
пайыздарды өтеу және несиені жабу
қатынастары толық көрініс |
Кестен34 жал5асы
| 1939 | Кірістер мен шығыстар балансы | Кірістер мен шығыстар балансы үш бөлімнен тұрды: кірістер, шығыстар және бюджетпен өзара байланысы | |||
| 1957 | Кірістер мен шығыстар балансы (кірістер мен шығыстар балансының осы формасы кәсіпорындарда 1990 жылдардың басына дейін қолданылып келді, тек баптардың құрамына пайданы бөлудің әдістері мен формаларының дамуына және кәсіпорынның меншіті құралдары қорының құрылымына байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырды. | Жоспардың аталған қарапайым формасы кәсіпорынның сыртқы қаржылық қатынастарын анықтауға қолайлы болды | Қаржылық
жоспар көрсеткіштерінің |
Адамдардың
субъективті қызметі ретіндегі
қаржылық жоспарлау тек қоғам
дамуының объективті заңдылықтарын
танып білуге, қаржы ресурстары козғалысының
тенденцияларына басты
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны экономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық үрдістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың дара жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және несие жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл:
- Қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін және олардың мөлшерін анықтау;
- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар, ұлттық шаруашылық салалары мен әкімшілік аумақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімдерін белгілеу;
- ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және қажетті резервтер жасау.
Жоспарлау:
- экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
- қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
-тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары төмендегідей анықталады:
- қаржы
ресурстарын қалыптастырудың
- орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған
- қаржы
ресурстарын пайдаланудың
- кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын
Экономикалық-әлеуметтік жоспарлау жүйесінде жоспарлау белсенді роль атқарады, өйткені ол бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Қаржылық жоспарлауды мемлекеттік билік пен басқару органдары, мекемелері және олардың жоғары құрылымдары жүзеге асырады.
Нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Болжам - арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағы қандай болса да бір құбылыстың жай-күйін ықтималды пайдалану. Болжау - қандай болса да бір құбылыстың, объектінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамдарын әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы - бұл қаржы қатынастарының мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі - қаржы ресурстары, процесі - ақша қорларының қозғалысы.
Жоспар
– іс әрекеттерді немесе іс шараларды
жүзеге асырудың тәртібін, мезгілдерін
және дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың
бірыңғай мақсатына жетуге бағытталған
өзара байланысты жүйе. Жоспарлау
– тегінде жоспарлауды
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы ( нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылад; ол ақпараттық үйлестіруші рөлді орындайды және қаржылық қызметтің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді.
Қаржылық
болжау - мемлекеттің мүмкін болатын
қаржы жағдайын алдын ала көре
білу, қаржы жоспарларының
Әлеуметтік экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарларын әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығарындыларды қысқарту резервтер есебінен қаржылық ресурстарды көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Сонымен бірге қолда бар материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды ескере отырып ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің үдерісіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау - бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі. Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсаты әртүрлі кәсіпорындарда әр қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін:
- Бюджет экономикалық болжау ретінде.
- Бюджет бақылау негізі ретінде
- Бюджеттік тапсырманың қойылу негізі.
- Бюджет өкілетті делегатын жіберу құралы ретінде.
Жоспарлауды
ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне
байланысты болады. Өте кіші кәсіпорындарда
басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды
және басшылар осы мәселелердің барлығын
жеке шешеді. Ірі кәсіпорындарда бюджеттерді
(жоспарларды) құру бойынша жұмыстар
орталықтандырылып жасалуы
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлінуді алдын-ала үлгіленуге байланысты болады.
Мұндай
процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын
өзара үйлестірілген
Қаржы көрсеткіштерін, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің қажеттілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңдестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктері болжамдайды, нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштері, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсаттқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады).
Қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі.
Қаржылық
жоспарлаудың негізгі құжаты болып
келетін қаржы жоспары
Басқаруда және шаруашылық қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстар мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экономикалық категорияны, қаржы қатынастарының элементін бейнелейді.
Кәсіпорын мен ұйымдар деңгейінде мыналар аса маңызды қаржы -экономикалық көрсеткіштер болып табылады:
- өнімді
(жұмысты немесе қызметті) өткізуден
түсетін табыс; бұл көрсеткіш
ақшалй қаражаттардың ауқымын
және нысаналы арналым қорлары
бойынша ақша қаражаттарын
- шығындардың
көрсеткіштері (өткізілген
- жалпы табыс;
- таза табыс;
- рентабельділіктің (табыстылықтың) деңгейі;
- амортизациялық аударымдардың мөлшері;
- өндірістік
және әлеуметтік дамуының
-жабдықтаушылармен,
тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен,
басқа ұйымдармен (несиелік және
дебиторлық берешек,
- айналым қаражаттарының көлемі, сақталымдағы және олардың жасау көздері;
- айналым
қаражаттарына деген
- негізгі
және айналым құралдарын
- акционерлік
капиталдың ауқымы және
- жалдау
ақысының мөлшері және
- кәсіпорын
қаражаттары тиімділігінің
Бірқатар көрсеткіштер (мүліктің
қалдық және бағалау құны, жекешелендіру
қорын жасау мен пайдалану
көрсеткіштері және басқалары)
кәсіпорындардың мүлкін
Салық салуда мынадай айрықшалықты көрсеткіштер қолданылады:
- Жиынтық жылдық табыс, оған салық төлеушілер алуға (алынған(,өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаға немесе тура және жанама шығыстарды өтеуге бағытталған ақшалай немесе басқа қаражатта (жөнелтілген өнім, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа операциялар) кіріктіріледі;
- жиынтық жылдық табыс пен салық заңнамасыменкөзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелетін салық салынатын табыс;
- қосылған құн салығы, акциздерді өндіріп алу кезіндегі салық салынатын айналыммен салық салынатын импорт, бірсыпыра басқа көрсеткіштер.
Аталған қаржылық экономикалық көрсеткіштердің көбісі жоғарғы ұйымдар, министрліктер, ведомстволар деңгейінде жалпы сала кәсіпорындарының тобы бойынша жұмыс нәтижелерін сипаттау үшін пайдаланылады. Бұлармен бірге бұл ұйымдарда тек осы саланы сипаттайтын басқа айрықшалықты көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін, құрылыста - сметалық құн және құрылыстың өзіндік құны, аяқталмаған құрылыс көлемі; делдалдық (жабдықтау және өткізу) ұйымдардың, сауданың айнласы шығындары және басқалары.
Мыналар шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлемдік көрсеткіштері болып табылады:
- Инвестициялар көлемі;
- Жарғылық капитал мөлшері;
- өндірістік және әлеуметтік дму қорларының ( қолдау , тұтыну немесе соларға ұқсас резервтік , валюта жөндеу қорларының) мөлшері;
-Жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен есеп айырысудың көрсеткіштері ( кредиторлық және дебиторлық берешек);
- төленген дивиденттердің, үлестердің мөлшері;
- айналым қаражаттары көздерінің көлемі.
Мыналар салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады:
- Табыстылықтың ( рентебельділіктің ) деңгейі;
- Акциялар бойынша табыстылық;
- Негізгі және айналым капиталдарын пайдаланудың көрсеткіштері ( қор қайтарымы, өнімнің қор сыйымдылығы, негізгі құрал- жабдықтар айналымдылығының коэффициенті, айналымның ұзақтығы);
- өтімділіктің көрсеткіштері.
Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларды пайдаланылады.
Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады. Мемлекеттік қйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер бойынша шығыстырдың көрсеткіштері қолданылады.
Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер ( санаттар, сыныптар, қосалқы сыныптар, ерекшеліктер) бойынша шығыстардың көрсеткіштері қолданылады.

- Кәсіпорын экономикасы
- Кәсіпорын экономикасы
- Кәсіпорын экономикасы
- Кәсіпорын экономикасы
- Кәсіпорын экономикасы
- Кәсіпорын экономикасы
- Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
- Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
- Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
- Кәсіпорын (фирма) табыстары және оларды бөлу
- Кәсіпорын шығындары
- Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
- Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау