Кәсіпорынның айналым капиталы
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың өндірістік салалары халық шаруашылығының аса маңызды өнім өндіретін өрістері болып саналады. Қазіргі нарықтық экономика және қаржы-экономика дағдарысынан кейінгі кезеңде бұл өндіріс шаруашылықтарының дамуы мемлекеттің экономикасының жаһанданып, оның көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да, шаруашылық салаларындағы еңбек ресурстарын басқару, оны ретке келтіру, нарық жағдайына бейімдеу өзекті мәселелердің негізгілерінің бірі болып есептелінеді.
Қазақстан Республикасы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жүргізіліп жатқан өндірістердегі реформалар шаруашылық салаларының дамуына айтарлықтай әсерін тигізсе де, бұл кешендерде өндірістің өнімділігі дүниежүзіндегі экономикасы дамыған мемлекеттерге қарағанда әлде қайда төмен. Ол, әсіресе, экономиканың аса маңызды саласы ауыл шаруашылығында, бірнеше есеге төмен екендігін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2010 жылғы 29-шы қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айрықша тоқталды.
Осыны ескере отырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаңа 10 жылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты бағдарламасында 2020 стратегиялық даму жоспарын ұсынды. Елбасы бұл Жолдауында - «жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканы тұрақты өсуіне қол жеткізу» - деген мәселені атап өтті.
Осы мәселелерді іске асырудағы факторлардың бірі, еңбек ресурстарын басқару мен оны тиімді пайдалану, өндіріс шаруашылықтарында өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Атап айтқанда, өндірістік шаруашылықтардың өнімін көбейту арқылы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ең алдымен өнім өндіруші еңбеккерлерге қатысты еңбек ресурстарын тиімді басқару. Сондықтан да, барлық өңірдегі өндірістік салаларында еңбек ресурстарының құрылымын, демографиялық жағдайын анықтай отырып, оларды тиімді пайдалану деңгейіне байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтай түсті.
Өндіріс шаруашылықтарында еңбек ресурстарын реттеуде тиімді заңнамалық жолмен ұйымдастыру мен әлеуметтік-экономикалық механизмдерін, мемлекет тұрғындарының жұмыспен қамтылуын анықтау, бүгінгі күн талабына сай - негізгі мәселелердің бірі болып отыр және зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Еңбек ресурстарын зерттеудің деңгейі (маңыздылығы). Еңбек ресурстары және оның нарығының теориялық негізін көптеген батыс мемлекеттерінің ғалым-экономистері өз еңбектерінде қарастырған. К. Маркс зерттеулерінде еңбектерінде еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі мәселелерді, олардың барлық сипаттамаларын, әдістемелік жағдайларын терең зерттей отырып, еңбек өнімділігін көтеру мәселелеріне айрықша мән берген. Ал, батыс ғылымдарынан Дж.Кейнс - еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігі мен еңбек нарығын мемлекеттік деңгейде реттеу мәселелерін зерттеген. Зерттеушілер А.Лаффер, Д.Гилд - еңбек ресурстарының нарығын жалпы нарықтың құрамдас бөлігі ретінде талдаған. Э.Фелпс пен М.Фридмен жұмысшы қызметкерлерді жұмыспен қамтамасыз етуді реттеп мемлекет өз тарапынан қатаң бақылауға алып, ақша-несие саясатының қажеттілігін тиімді жүргізуді негіздеу арқылы ұсынған.
Экономикасы дамыған елдердің еңбек ресурстарын пайдалану жөніндегі ғылыми тәжірибелерді теориялық жағынан талдау, оны үйренудегі жүйелілікпен нақты тарихи көзқарас зерттеу жұмысының деңгейін тереңдете түсті. Экономиканың, оның ішінде ауыл шаруашылығының еңбек ресурстарын тиімді пайдалану әлеуметтік экономикалық жағынан басқаруға мүмкіндік береді және оның қалыптасуына жол ашады, үйлестірумен ұйымдастырушылық даму үлгілерін ұсыну үшін негіз болып табылады.
Еңбек ресурстарын басқару және оны реттеудің экономикалық табиғатын зерттеген және жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты жоюды өзекті әлеуметтік- экономикалық тұрғыдағы мәселелер ретінде қарастырған ресейлік ғалым – экономистер бар. Атап айтқанда, А.Никифорова, Н.Вишневская, И. Засловский, А.Демидов, Б. Рофе және т.б. өз еңбектерінде еңбек ресурстарын басқарудың тиімді қажеттілігін жан-жақты зерттеді. Ресей ғалымдарының тұжырымдары мен пікірлері бойынша өндірістерде еңбек ресурстарын басқаруды өндірістің бір қалыпты дамуына үлкен әсерін тигізетінін, жұмыскерлерді тәртіпке келтірудің тиімділігі еңбек өнімділігінің көтерілуіне себепкер болатындығын дәлелдеген.
Жұмыстың зерттеу деңгейінде қарастырылған өзекті мәселелердің теориялық және тәжірибелік іргетасы еңбек ресурстарын жоғарылату мақсатында жұмыскерлерге дер кезінде ықпал етуге мүмкіндік береді. Өңірлік нарықтық қатынаспен қаржы дағдарыс кезеңіндегі маңызды мәселелерді, әр түрлі меншік жағдайындағы өндіріс шаруашылықтарының дамуын, тиімділігін арттыру жолдарымен шешуді Қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Атап айтқанда, А.Аймен, Ж.Ә.Аубакирова, С.Берешев, М.Кенжегузин, Н.Мамыров, А.Қошанов, О.Сәбден, А.Дәуренбекова, А.Сатыбалдин, А.Саханова, С.Сұрағанова, К. Құрманалиев, Т. Рогачева және тағы да басқа ғалым зерттеушілер республика өңірлеріндегі аймақтардың табиғи экономикалық дамуына үлес қосты. Экономиканың өндіріс салаларындағы өндіріс шаруашылықтарын, еңбек ресурстарын басқару және оны қалыптастыру мәселелері, реттеу механизмдерін дамыту мен еңбектің өнімділігін көтеру мәселелері экономист ғалымдар еңбектерінде зерттелсе де, бүгінгі күнге дейін толық шешімін таба алмауда.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеудің теориялық негізін отандық және шетелдік ғалым-экономистердің зерттеу еңбектері мен Қазақстан Республикасының заңдары, Ел басының әр жылдағы Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдері негізге алынды. Мұнымен бірге ғылыми жұмыстың теориялық негізін ғылыми мекемелердің және ғылыми тәжірибелік конференциялардың материалдары, экономика саласындағы ғалымдардың іргелі зерттеу нәтижелері сараланып, қарастырылды.
Зерттеу барысында тарихи және жүйелік, салыстырмалы экономикалық талдау әдістері, статистика және тағы басқа әдістер қолданылды. Мұнымен бірге зерттеудің әдіснамалық негізін сараптамалық бағалау, динамика және болжау өлшемінің статистикалық әдістері және зерттеу нәтижелерін графика тәсілдері құрады.
Зерттеу жұмысының ақпараттық базасы. Диссертациялық зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының статистикалық, ақпараттық, Оңтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасының, ауыл шаруашылық Министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысының еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтері пайдаланылды. Сондай-ақ, әлеуметтік зерттеулердің нақты ұсыныстары және өндіріс шаруашылығын дамыту жолдарында жарық көрген ғылыми-әдістемелік материалдар, зерттеу жұмысының ақпараттық дерек көздері ретінде пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыс ғылыми зерттеу еңбектердің қорытындылары мен тұжырымдамаларын абстрактілі-логикалық, есептік-конструктивтік, статистикалық-математикалық, экономикалық, әлеуметтік-социологиялық зерттеулердің әдістері мен тәсілдерін қолдану негізінде орындалды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – аймақтағы шаруашылық саласында еңбек ресурстарын тиімді басқаруды қалыптастыру және жетілдіру механизмдерін ғылыми тұрғыда зерттей отырып, қазіргі даму барысына талдау жүргізу, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда нақты тәжірибелік ұсыныстар жасалды.
Жоғарыда аталған мақсатты айқындау үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- еңбек ресурстарын басқаруды теориялық жағынан негіздеу және еңбек нарығындағы жағдайын тұрақтандыру;
- Қазақстан Республикасында еңбек ресурстарын пайдаланудың аймақтар бойынша қазіргі жағдайдағы ерекшеліктеріне баға беру;
- Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстарын пайдалану мен тиімділігіне талдау жасау;
- еңбек ресурстарын пайдаланудың және білім жүйесінің рөлін зерттеу арқылы, теориялық мәселелерді тереңдете отырып аймақтың кадрлық саясатына баға беру;
- еңбек әлеуетінің сапасын көтеруде өңірдің әлеуметтік ролін анықтау;
- еңбек әлеуетін көтерудің ұйымдастыру–экономикалық тетіктерін аймақ деңгейінде негіздеу;
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні болып Оңтүстік Қазақстан облысындағы еңбек ресурстарын ұтымды басқаруда қалыптасатын еңбек қатынастарының жиынтығы саналады.
Зерттеудің объектісі. Жұмыста зерттеудің объектісі болып Оңтүстік Қазақстан облысының нарық жағдайындағы шауашылықтары мен өндірістік аудандары, өндірістік құрылымдары алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары. Диссертациялық жұмысты зерттеу нәтижесінде мынадай жаңалықтар тұжырымдалды:
- Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі өндіріс салаларындағы еңбек ресурстарының қалыптасу заңдылықтары мен оның көп тармақты экономика жағдайындағы негізгі факторлары жүйеге келтірілді.
- еңбек ресурстарының реттеудегі шетел экономистерінің тәжірибесі мен Қазақстан Республикасының ұтымды еңбек жүйесін қалыптастыру үлгісі негізделді;
- Оңтүстік Қазақстан облысының өндіріс саласындағы еңбек ресурстарының экономикалық ерекшеліктері анықталып, осы өңірдегі өндірістік шаруашылықтардағы өнім өндіру және өңдеудің кластерлік жүйесін қалыптастыру және жаңа жұмыс орнын ашудың мүмкіндіктері анықталды;
- еңбек ресурстары жағдайында еңбек ресурстарының әлеуетін көтерудегі аймақтардың ұйымдастырушылық басқару механизмдерін жетілдіру мен кадрларды кәсіби дайындау қажеттілігі ғылыми – тәжірибелік тұрғыдан нақтыланып, мемлекеттік қолдау іс-шараларын ұсыну негізінде тұжырымдалды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық мәні. Ғылыми зерттеудің негізгі тұжырымдамаларын жүзеге асыруда, еңбек ресурстарының қатынасын қазіргі деңгейге сәйкес ұйымдастыру экономикалық жүйенің басқару бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Ал кейбір өндірістік салалардың құқықтық және әкімшілік реттеудің әдістемелері мен құралдарын жетілдіруге мүмкіндік беретін еңбек нарқын белгілеу болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің практикалық мәні. Диссертациялық жұмыстың негізгі құрылымы үш мақсатқа бағытталған және қисыны жағынан келесі мәселелерді шешуге негізделген: өңірдегі шаруашылық салаларда еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістерде еңбек ресурстарын басқару тетіктерін реттеу, экономикалық-ұйымдастыру басқару жағдайларын жетілдіру, Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндіріс салаларындағы еңбек нарығының дамуына, оның бағыттарын талдау, сол арқылы салаға бөлінген қаржыларды тиімді пайдалану үлгілерін есептеу, іске асыру.
Зерттеу жұмысындағы берілген жеке ұсыныстар облыстың, аудандардың жеке өндіріс шаруашылықтардың жұмыспен қамту артықшылықтарының, тағы басқа салалардың қызметі үшін мамандар дайындаудағы және жоғарғы оқу орындарында еңбек нарығы экономикасы пәнінің дәріс беруде кеңінен қолдануға болатынын ұсынған.
Алынған
теориялық талдаулар, ұсынылған
тәсілдер негізделген ғылыми ұсыныстар
мен нәтижелер еңбек
Ғылыми нәтижелер Халықаралық Бизнес Университетінің оқу үдерісінде, «Экономика», «Еңбек нарығы», «Еңбекті нормалау» пәндерін оқыту барысында қолданылады. Зерттеу нәтижелері «ОҚО-ның ауыл шаруашылық басқармасы», «ОҚО-ның еңбек қорғау және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасы» ұйымдарына енгізілді.
Зерттеудің тәжірибелік мәні және нәтижелерін жүзеге асырылуы жоғарыда аталған құрылымдық ұйымдардың актілерімен расталған.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдамалар:
-
өндіріс шаруашылық
- өндірістерде еңбек ресурстарын реттеудің шетелдік үлгілермен Қазақстан Республикасындағы ұтымды үлгілерін көрсету;
- Оңтүстік Қазақстан облысының өндіріс салаларындағы еңбек ресурстарын басқарудағы ерекшеліктерді, мүмкіндіктерді іске қосу;
- еңбек ресурстарын басқарудағы жаңа жұмыс орнын ашу мақсатындағы «Жол картасын» пайдалану жағдайы, жұмыссыздықты төмендетудегі мемлекеттің қолдау шаралары және оны ғылыми-тәжірибелік жолмен негіздеу жөнінде ұсыныстар беру.
Диссертацияның ғылыми зерттеулермен байланысы. Қазақстан Республикасының шаруашылық өндірістік салаларының дамуындағы индустрия-инновация процесін өндіріске енгізу жөніндегі бағдарламаларына сәйкес, еңбек ресурстарын басқаруды жетілдіру жөніндегі ережесіне сай орындалған.
Зерттеу жұмысының апробациялануы. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері келесідей ғылыми конференцияларда баяндалды: «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басым-бағыттары» (Алматы, 2009), «Стратегия экономического развития Республики Казахстан: посткризисный период» (Алматы, 2009), «Таможенный союз Казахстана, России и Белоруси: углубление экономической интеграции» (Алматы, 2010).
Жұмыстың жариялану барысы. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 4,6 баспа табақ құрайтын білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті бекіткен ғылыми басылым беттерінде 4 ғылыми және халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда 9 ғылыми еңбек жарияланды.
Диссертация құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытынды мен ұсыныстардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Басқару – кешенді, өте күрделі және өзіндік ерекшелігі бар процесс. Сондықтан, басқару мәселелерін зерттеушілердің көпшілігі оны табанды түрде меңгеруді қажет ететін ғылым деп атайтыны кездейсоқтық емес.
Басқарудың теориялық және қолданбалы мәселелеріне шетелдік әдебиеттерде де үлкен назар аударылуда. Өндірісті басқарудың қолданбалы аспектілерінің негізін қалаушысы ретінде Ф.Тейлор болып саналады. Ф.Тейлор қалыптастырған басқарудың ұйымдастырушылық-технологиялық көзқарасы Г.Л.Ганттың, Л.Гильберттің, Г.Эмерсонның, Г.Фордттың және басқалардың еңбектерінде терең қарастырылған.
ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңында американдық ғалымдар Э.Мэйо мен Ф.Роэзлизбергер «адамдық қатынастар» тұжырымдамасын алға тартты және оның мәні еңбектің өнімділігі тек тікелей өндірісті ұйымдастыру әдістеріне ғана байланысты емес, ол басқарушының орындаушыларға қалай қарайтынына да байланысты, яғни механикалық факторға емес, адамдық факторға сәйкес. Авторлар «ғылыми басқару» теориясына сәйкес, биліктің жоғарғы қабаттарында қабылданған шешімдер шығармашылықты құлдырытады, жұмысшылардың дербестігін шектейді, және олардың дамуын тежейді, жұмысшылар мен олардың басшылары арасында антагонизмді (немесе қарама-қайшылықты) тудырады, ал ол өз кезегінде өнімділікке әсер етеді деп айтқан. Еңбек ресурстарын басқарудың мұндай концепциясы болашақ басшыларды басқару мен дайындау тәжірибесінің эволюциясына айтарлықтай үлес қосты.
Еліміздегі экономика дамуының қазіргі заманғы деңгейі барлық деңгейлерде басқарудың әкімшілік әдістерінен экономикалық әдістеріне өтуімен сипатталады. Экономикалық шаралар халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға көмек көрсетудің барлық негізгі бағыттарын қаржыландыруды қарастырады. Бұған кіретіндер: жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша кәсіпорындарды ынталандыру, жеңілдетілген салық салу, жаңа жұмыс орындарын ашуға несие беру, әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу, сонымен қатар бос жұмыс орындарын жасырғаны үшін, жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшін айып салу түріндегі экономикалық санкциялардың қолданылуы.
Басқарудың экономикалық әдістері әкімшілік ықпал ету шараларынсыз, қандай-да бір мақсаттарды шешуде басқарылатын объектінің экономикалық мүдделілігін ынталандыратын, құралдар мен күштерді пайдаланумен тығыз байланысты. Халықты жұмыспен қамту ісіне қатысты басқарудың экономикалық әдістерін қолданудың өрісі айтарлықтай кең. Ол өзіне кәсіпорынның қызметкерлері үшін ақы төлеудің, жер ресурстарын пайдаланғаны, су ресурстарын қолданғаны үшін, айыппұл төлетудің түрлі нормативтерін белгілеудің негізінде, үкіметтің және өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарының қарым-қатынасында шаруашылық есептің енгізілуін қарастырады. Кәсіпорынның қажетті кадрларды дайындайтын оқу орындарымен, сонымен қатар оларды қайта даярлау орталықтарымен шаруашылық есеп қатынастарын кеңейту туралы жұмыс атқарылуы қажет.
Еңбек ресурстарын басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерінің үйлесімділік негізі – басқарудың ұйымдастырушылық әдістері болып табылады. Еңбек ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық әдістерінің мәні еңбек ресурстарын басқарудың жүйесінде қосымша құрылымдарды ұйымдастыру арқылы, басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерінің жүзеге асырылуында. Сонымен қатар, басқарудың ұйымдастырушылық әдістері басқару объектісі сияқты субъектісінің де іс-әрекеттерін ұйымдастырудың нақты тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттар түрінде жүзеге асырылады.
Осылайша, еңбек нарығын реттеудің тиімді механизмін құру оның барлық кешенді түрдегі құрылымдық элементтерінің өзара әрекеттесуін қарастырады. Осындай жағдайда ғана жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықты азайтудың ең қолайлы мүмкіндіктері құрылуы мүмкін.
Еңбек ресурстарын басқару – бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және оның салалар арасындағы тиімді бөлінуіне, сонымен қатар экономиканың білікті мамандарға сұранысын қанағаттандыруға бағытталған өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі. Еңбек ресурстарын басқару жүйесі екі деңгейден тұрады: сыртқы еңбек нарығында еңбек ресурстарын басқару мемлекеттің (өңірдің) деңгейінде жүзеге асырылады, ал ішкі нарықта - әр бір бөлек алынған кәсіпорынның деңгейінде. Еңбек ресурстарын басқару, жүйе ретінде, бөлек-бөлек қосалқы жүйелерден, ал олардың әрқайсысы бірнеше бағыттар мен элементтерден тұрады, олар қосалқы жүйелерді құрайды және бүкіл жүйеге жалпы ықпал жасай отырып, жеке-дара мағынаға ие болады. Еңбек ресурстарын басқару жүйесі үш қосалқы жүйелерден тұрады (1- сурет).
Қазіргі заманда «елдің еңбек ресурстары» ұғымына жаһандану процестері түбегейлі өзгерістер енгізуде. Осы кезеңдегі елдің экономикалық өміріне көшіп қонушылар, жұмыс іздеп келгендер, айтарлықтай үлкен рөл атқаруда, олар күмәнсіз, елдің болжамды және нақты адами ресурстарына жатқызылуы мүмкін. Одан басқа, мемлекеттің ұлттық байлығын құруға, оның экономикалық өсуіне отандық ұлттық компаниялардың филиалдарында, еншілес кәсіпорындарында жұмыс істеп жатқан басқа елдің еңбек ресурстарының бір бөлігі де қатыса алады.
Еңбек әлеуеті деп адамның табиғи және жинақталған қасиеттерінің, мүмкіндіктерінің, білім мен тәжірибе қорының, сапасының жиынтығын түсіну қажет, олар жалпы алғанда адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын өмірлік игіліктерді құру мақсатында, өндірістік еңбек іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін арналған күштерді құрайды.
Сапалы
аспектілердің көзқарасынан қарағанда,
еңбек әлеуеті ретінде адамның табиғи
және жинақталған қасиеттерінің, мүмкіншіліктерінің,
білімі мен тәжірибе қорының, сапасының
жиынтығы деп түсіну керек, олар адамның
қажеттіліктерін қанағаттандыратып, өмір
сүру игіліктерін құру мақсатында еңбек
іс-әрекеттерінің өнімділігін жүзеге
асыру үшін арналған күштерді жалпы түрде
қалыптастырады. Санды көрсеткіштері
бойынша еңбек ресурстарының саны еңбек
әлеуетінің санымен сәйкес келмейді, тіпті
біршама одан жоғарырақ болады.
| Еңбек ресурстарын өңірде басқару |
процесін
басқару
1.Еңбек ресурстарын Еңбек ресурстарын
құру
Еңбек ресурстарын бөлу
процесін
басқару
2. Еңбек ресурстарын бөлу процесін басқару Жұмыс орындарын ашу
процесін басқару
Техникалық процесті басқару
3. Еңбек ресурстарын пайдалану
процесін басқару Еңбек экономикасын басқару
Сурет
1- Еңбек ресурстарын басқару жүйесі
Ескерту - құрастырған автор
Еңбек ресурстары өзінің жиынтығында абсолютті шаманы құрай отырып, қоғамның еңбек әлеуетін анықтайтын санды және сапалы аспектілерден тұрады (2-сурет).
Сурет
2- Қоғамның еңбек әлеуетінің санды
және сапасын анықтайтын аспектілер
Ескерту-
автормен дерек көздің негізінде
құрылған
Экономикада қамтылған, экономикалық белсенді халықтан басқа, елдің экономикасында қатысудың әлеуетті мүмкіндіктері тұрғысынан алғанда еңбек әлеуетінің құрамында экономикалық белсенді емес бөлігін де ескеру қажет, оның құрамына мектеп, орта арнайы және жоғары оқу орындарының оқушылары, яғни еңбекке қабілетті жасқа дейінгі халық, сонымен қатар жұмыссыздар кіреді.
Қазақстан Республикасы халқының еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылуын реттеу оның келесі құрамдастарын қалыптастыру кезеңінде іске асуы мүмкін:
- жұмыспен қамтылу және оны жетілдіру саласында заңды-нормативті базаның құрылуы;
- республика халқын жұмыспен қамтудың ұлттық саясатының басты басымдықтарын анықтау;
- қазақстандық еңбек ресурстарының үлгісін таңдау;
- еңбек ресурстарының ұзақ мерзімді және орташа мерзімді келешекке арналған реттеу стратегиясын әзірлеу;
- елдің және де өңірдің масштабында халықтың өнімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудің ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлеу.
Жоғарыда аталғандарға байланысты, Батыс Европа, Америка Құрама Штаттары, Япония мен Қытай сияқты дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде еңбек ресурстары мен халықты жұмыспен қамтуды реттеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндігін ескеріп, зерттеп және анықтап көреміз.
Батыс Европаның кейбір мемлекеттерінде жалпы еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтуды ретеудің бағыттарына толығырақ тоқталайық.
Жұмыспен
қамту саясаты әлеуметтік-
- Жұмыс күшінің қоғамдық өндіріске қатысудың жоғары деңгейіне жету. Бұл мақсатқа жету қажет, себебі тек жеке өзін қамтамасыз етуге негіз құрып, көпшіліктің барлығы да өндіріске өзінің үлесін қосқан кезде ғана, әл-ауқатқа жету мүмкін. Бұл жерде, атап айтқанда, еңбек іс-әрекеттеріне әйел адамдар мен мүгедектерді кеңінен тарту туралы сөз қозғалуда.
- Толық жұмыспен қамтылу. Швецияда ол еңбек нарығы саясатының негізін қалаушы мақсаты болып табылады. Еңбек ресурсынан уақытша ығыстырылған адамдар немесе жұмысты, немесе оны орындау үшін қажетті білім алуы тиіс, бірақ ақшалай көмек емес деп саналады. Бұл салада, ұзақ мерзімді келешек тұрғысынан қарағанда, экономикалық негізделген шараларға артықшылық беріледі. Швецияда толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге үш жүйе тартылған: тұрақты (қалыпты) қайта даярлау жүйесі, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жүйесі және швециялық ерекше жаңа енгізілім болып табылатын жастар тәжірибесінің жүйесі.
- Жоғары құзырлылық және жеке тұлғаның даму мүмкіндігі. Швецияда құзырет мәселелері бәсекелестік күрестегі жетістікке жетуде шешуші роль атқарады. Сондықтан ондағы ең басты мәселе – жақсы жұмыс істейтін, мектеп білімінің және жоғары дамыған жоғары білім мен ғылымның жүйелері болуы тиіс. Еңбек ету процесінде жетілу үшін өздерінің қызметкерлеріне мүмкіндік ұсынғаны үшін, жұмыс берушілердің жауапкершілігі кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін де, ең үздік нәтижелерге жетіп жатқан, егер жұмыс беруші олардың жетілуі мен уәжді дамуына мүдделі екенін көрсе, жұмысшылардың моральді жағдайы үшін де маңызы бар.
- Барлық өңірлерде маңызды және бәсекеге қабілетті жұмыс орындарын құру. Мемлекет нарықтық экономиканың негізінде кәсіпкерлік үшін жақсы алғы шарттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды. Осыған байланысты, нақты сөз, салық салу, несиемен қамтамасыз ету және т.б. салалардағы іс-шаралар қозғалысқа ұшырауда. Өңірлік саясатта мемлекет, өндірістің даму дәстүрінің әлсіздігімен, аз қоныстанғандығымен, орталықтан алыстығымен немесе ауа-райының жағдаларына байланысты кейбір өңірлердің кемшіліктерін өте төмен жағуында шешуге мүмкіндік тұғызды.

- Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні
- Кәсіпорынның айналым құралдары
- Кәсіпорынның айналым құралы және айналым қоры (капиталы)
- Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі.
- Кәсіпорынның арнайы бюджетке төлейтін салығы
- Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы
- Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің сапасын көтеру
- Кәсіпорын құнын бағалау
- Кәсіпорын құнын бағалау
- Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары
- Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары
- Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау
- Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын үйымдастыру
- Кәсіпорынның айналым капиалын пайдалану тиімділігі