Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні
Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды пайдаланудың жағдайы мен тиімділігі кәсіпорынның табысты қызметінің негізгі шарты болады. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа жағдайларын анықтайды. Инфляция, төлемсіздік және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындарды айналыс қаражаттарына қатысты өз саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа қайнар көздерін іздеуге, оларды пайдаланудың тиімділік мәселесін зерттеуге мәжбүр етеді. Өндірістің материалдық негізі болып еңбек өнімі ретіндегі өндірістік қорлар табылады. Қызмет көрсету процесі барысында еңбек өнімдері мен еңбек құралдары әрқалай және әртүрлі дәрежеде өндірілетін өнім құнына өз құнын тасымалдайды. Осының арқасында өндірістік қорлардың негізгі және айналыс қорларына бөлінуі дәлелденеді. Айналымдағы өндірістік қорлар өндіріс саласына қызмет етеді және бір өндірістік цикл процесінде бастапқы түрін өзгертіп, дайын өнім құнына өз құнын тасымалдайды. Өз айналымында айналым қорлары кезек-кезек ақшалай, өндіргіштік және тауарлық форманы иеленеді, бұл олардың өндірістік қорлар мен айналыстағы қорларға бөлінуіне сәйкес келеді. /1/ Айналымдағы өндірістік қорлар өндіріске қажетті шикізат қорлары, негізгі және қосымша материалдар, стаып алынатын жартылай фабрикаттар мен қосымша өнімдер, жағармай, жөндеу жұмыстары үшін керекті бөлшектер, аз құнды және тез тозатын бұйымдар, аяқталмаған өндіріс ретінде болады. /2/ Айналым қорларына мыналар кіреді: дайын өнім, ақшалай қаражаттар және дебиторлық қарыздар.
Әрдайым қозғалыста бола тұра, айналымдағы өндірістік қорлар мен айналыстағы қорлар қаражаттардың үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді. Кәсіпорындар қорларының айналымы шикізаттарды, материалдарды, жағармайды және басқа да өндіріс құралдарын алуға ақша түрінде құнның авансталуынан басталады- бұл айналымның бірінші кезеңі. Нәтижесінде ақшалай қаражаттар, айналыс сферасынан өндіріс сферасына көшуді көрсете отырып, өндірістік қорлардың түрін иеленеді. Сонымен қатар бұл жерде құн шығындалмайды, авансталады, өйткені айналым соңында ол қайтадан қалпына келеді. Айналымның екінші кезеңі өндіріс процесінде жүзеге асырылады, яғни еңбек күші, құрамында тасымалданған және жаңа қалыптасқан құны бар жаңа өнімді жасап, өндіріс құралдарын өндірістік тұтынуды жүзеге асырады. Авансталған құн қайтадан өзінің түрін өзгертеді - өндірістіктен тауарлыққа ауысады. Айналымның үшінші кезеңінде өндірілген дайын өнімді (жұмысты, қызметті) өткізіледі және ақшалай қаражаттар алынады. Бұл кезеңде айналым қаражаттары қайта өндіріс сферасынан айналым сферасына көшеді. Үзілген тауарлық айналым жаңғыртылады, құн тауарлық түрден ақшалай түрге айналады. Өнімді жұмыстарды, қызметтерді) дайындау мен өткізуге кеткен және өндірілген өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асырудан алынған ақшалай қаражаттар соммасының айырмасы кәсіпорынның ақшалай жинақтарына теңеледі.
Бір айналымды жүзеге асырып болған соң, айналым қаражаттары жаңасына көшеді. Айналым қаражаттарының тұрақты қозғалысы өндіріс пен айналымның үздіксіз процесінің негізі болып табылады. Бұл айналыс қаражаттарының ең маңызды қызметтері болып табылады- өндірістік.
Айналым қаражаттарына талдау
жасау барысында айналым
Сурет 1. Айналым қаражаттарының айналымына факторлар әсері
Айналым қаражаттары өндіріс саласына, айналым саласына, халық шарушылығындағы есеп жағдайларына, соныменен мемлекеттегі ақша айналысына маңызды әсерін тигізетін негізгі қаржылық категориялардың бірі болып табылады, олар екінші қызметті атқарады – есеп-төлемдік./2/
Жасалатын айналымдағы өндірістік
қорлардың және айналыстағы қорларының
қорларына ақшалай қаражаттардың
Соныменен, айналым қаражаттары
Айналым қаражаттарын ұйымдастыру олардың
тиімділігін жоғарлату
- Айналым қаражаттарының құрылымы мен құрамын ұйымдастыру;
- Айналым қаражаттарына деген кәсіпорынның қажеттілігін анықтау;
- Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;
- Айналым қаражаттарын пайдалану мен олармен айла-әрекеттер жасау;
- Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі мен ақталуына жауапкершілік. /3/
Айналым қаражаттарының құрамы дегеніміз айналыстық өндірістік қорлар мен айналым қорларын құрайтын элементтердің жиынтығы болады.
Айналым қаражаттарының элементтері болып мыналар табылады: шикізат, негізгі материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, жағармай, жөндеу жұмыстарына арналған құралдар, құрал-саймандар, шаруашылық инвентарь және тағы басқа аз құнды және тез тозатын нәрселер, аяқталмаған өндіріс және өздері дайындаған жартылай фабрикаттар, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнім, жеткізілген тауарлар, ақшалай қаражаттар, дебиторлар, және тағы басқасы.
Жоспарлау, есептеу және талдау тәжірибесінде айналым капиталы келесі ерекшеліктер бойынша сыныпталады:
1) Өндіріс процесіндегі
2) Бақылау, жоспарлау және
3) Айналым қаражаттарының
4) Өтімділігіне (ақшалай қаражаттарға айналу жылдамдығына) байланысты – жоғары өтімді қаражаттар, тез өтімді айналым қаражаттары және баяу өткізілетін айналым қаражаттары;
5) Капиталды салу тәуекелінің
6) Есеп стандарттары мен
7) Материалдық-заттай мазмұнына
Айналым қаражаттарының құрылымы деп айналым қаражаттарының жалпы соммасындағы элементтердің арасындағы қатынасты атайды./2/
Айналым қаражаттарының құрылымы мен құрамы экономиканың әр түрлі салаларында бірдей емес. Олар өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық тәртібіндегі көптеген факторлармен анықталады.
Сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты негізгі ерекшелік олардың айналым қаражаттарында тауарлы-материалдық құндылықтар қорлары мен дебиторлық қарыздың көн бөлікті алатыны болады./5/
Айналым қаражаттарын
Айналым қаражаттарын дұрыс ұйымдастырудың маңызды қағидасы оларды қатаң мақсатты бағыттылығы бойынша қолдану болып табылады. Шығындарды, шаруашылықсыз негіздегі шығыстарды жабу, ссудалар бойынша жоғарғы банктік пайыздарды төлеу, салық төлемдерін бюджетке аудару үшін өндірістік айналыстан авансталған айналым қаражаттарын бөліп алу арқылы бұл қағиданың бұзылуы төлем-есептік тәртіптің дағдарысына, бюджетке салық төлемдері бойынша, еңбек ақы бойынша жұмысшылар мен қызметкерлер алдындағы, жеткізілетін дайын өнім мен шикізат үшін жабдықтаушылар алдыңдағы қарыздардың өсуіне әкелді.
Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі қағидасы олардың сақталуын қамтамасыз ету, рационалды пайдалану мен айналымдылығын жылдамдату болып табылады. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын ұйымдастыру статистикалық мәліметтер, жедел және бухгалтерлік есеп негізіндегі зерттеулер мен ревизия арқылы қолдану тиімділігі мен сақталуына жүйелі бақылауды қамтиды.
Көптеген кәсіпорындардағы айналым қаражаттарына деген жеткіліксіздік себептерінің бірі шикізат келіп түсуінің тұрақты болмауы болып табылады. Бұл шикізатты тұтынудың тәуліктік нормасынан кейде 30-50 есе көп сатып алуына әкеп соғады. Яғни көптеп төлеу орын алады, сондықтан, көп айналым қаражаттар қажет./6/
Кәсіпорын айналым қаражаттарын
талдау жүйесінде негізгі орынды олардың ағымдық
жағдайын және пайдалану интенсивтілігі
мен экстенсивтілік көрсеткіштерін зерттеу болып табылады.
Сурет Айналым капиталын талдау
Капитал жағдайын, қозғалысын және оның қызметінің нәтижелігін бейнелейтін коэффиенттерді есептеу кезінде қолданылатын баланстық әдістер қаржылық бухгалтерлік есеп мәліметтеріне негізделеді. Бұл жағдай ақпаратты қолданудың нақтылығы жағынан маңызды болып келеді, өйткені кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде оның мүліктік, қаржылық жағдайы мен қызметінің ақшалай көрінісіндегі нәтижелері бойынша мәліметтер құқықтық және шоттық позициясынан жүйелі және нақты көрініс табады.
Кәсіпорын қызметінің шаруашылығында
ағымдық активтердің барлығы
АП – ҚҚ = ЖҰМЫС КАПИТАЛЫ ( 1 )
Ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар несие позициясында ескеріледі. Несиелік позиция – кәсіпорын қызметін қаржыландыру үшін қолданылатын тартылған несиелердің нақты соммасын көрсететін мөлшер.
Айналым қаражаттарының айналымын жылдамдату олардың өндірістік циклінің барлық кезеңдерінде орналасқан уақытына байланысты болады. Айналымның жылдамдауының маңызды резервтері қоймаларда іріктелетін өндірістік қорларды сақтау кезеңінде жинақталған.
1.2 Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
Айналым қаражаттары - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.
Кәсіпорында айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Айналым қаражаттары 2 бөлімнен тұрады:
өндірістік айналым қорлары;
айналыс қорлары;
Кесте-1 Айналым қаражаттары
Айналым қорлары |
Айналыс қорлары | |||||
өндірістік запастар |
Аяқталмаған өнадіріс |
Болашақ кезең шығындары |
Қоймадағы дайын өнімдер |
Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар |
Есептеулердегі ақша құралдары |
Ақша және т.б. қаражат айналымы |
Жоспарланған |
Жоспарланбаған | |||||
Өндірістік айналым қорлары-
өндірістік процессте бір рет қолданылады және
өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге
аударады. Өндірістік айналым қорлары
өнеркәсіптегі айналым
Өндірістік айналым қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.
Өндірістік айналым қорлары мынадай
- Өндірістік запастар. Оларға- шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал- саймандар жатады.
- Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
- Болашақ кезеңдердің шығындары- жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.
Айналыс қорлары- запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.
Сонымен, айналым қорлары-бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.
Кәсіпорынның айналым капиалының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Мысал: Кен өндіру өнекәсібінің айналым қаражаттарының құрылымы
Кесте-2
№ |
Айналым қаражаттарының элементтері |
Олардың үлестері,% |
1 2 3 4 5 6 7 |
Өндірістік запастар Аяқталмаған өндіріс және өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттар Болашақ кезеңдер шығындары. Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3). Қоймадағы дайын өнімдер. Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар. Есептеулердегі ақша құралдары. Банк мекемелеріндегі шот Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7). Айналым қаражаттары |
57 17 8 82 5 7 4 2 18 100 |
Кәсіпорынның айналым қаражаттары құрылымын
білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе
басқа уақыттағы кәсіпорын
Әр түрлі саладағы кәсіпорындардың айналым қаражаттары құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:
Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез кәсіпорындардың қоймадаңы тауарлар запасының үлес салмағы жоғары болады;
Дайын өнім сапасы. Егер кәсіпорын сұранысқа ие болмайтын, сапасы төмен өнім өндірсе, онда бір мезетте қоймадағы тауар запасы көлемі ұлғаяды;
Мамандану деңгейі;
Ғылыми- техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша әсер етеді. Егер, кәсіпорынға отынды аз жұмсайтын қондырғы қондырса, қалдықсыз жұмыс жасайтын болса, онда айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;
Айналым қаражаттары
Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:
- Айналым сферасы;
- Элементтері;
- Норма ауытқуы;
- Қаржыландыру көздері;
Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді.Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.
Кәсіпорын жұмысында айналым қаражаттары үш сатыдан өтеді:
Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.
Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.
Тауарлық сатысы. Дайын өнім
сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс
Айналым қорларының бір
А-ӨЗ...Ө...ДӨ-А*
Ақша құралдарына (А) кәсіпорын өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, кәсіпорынға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.
Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:
Өндірістік запастар (шикізат,
негізгі материалдар, сатып алынған
Аяқталмаған өндіріс және жеке
өндіріс жартылайфабрикаттары.
Болашақ кезеңдер шығындары.
Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).
Қоймадағы дайын өнімдер.
Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.
Есептеулердегі ақша құралдары.
Банк мекемелеріндегі шот
Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).
Айналым қаражаттары (п.1+п.2+п.3+ п.4+п.5+п.6+п.7).
Аяқталмаған өндірістің құны оны өндіруге кететін шикізаттың (негізгі және қосымша материалдардың, отын, энергия, су) құнына, амортизация, жұмысшыларға бқлінген еңбекақы суммасына байланысты анықтайды.
Өнеркәсіп өндірісте сатып алынған
Кәсіпорынның айналым қаражаттарының негізгі бөлігін- тауарлы- материалды қор құрайды:
- шикі зат
- материалдар
- аяқталмаған өндіріс
- дайын өнім
- тауарлар;
Тауарлы- материалды қор кәсіпорынның активтерінің негізгі бөлігі болып саналады. Өйткені олар сатудан түскен ақшаның негізгі көзі болып саналады. Оларды бағалау және есептеу кәсіпорынның қаржы- шаруашылық нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Тауарлы- материалды қорды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау үшін 4 үдіс пайдаланылады:
1.Тауарлы- материалды қорды өткізудің
- Тауарлы- материалды қор берілгендері жоғалған кезде;
- Олар ескірген кезде;
- Тауарлы- материалды қордың бағасы төмендеген кезде.
Бұл әдіс өте аз айдаланылады.
Т.м.қ. өткізу таза құны=болжамды шамамен
құрылған сатубағасы;
2. Орташа өлшемді құнды есептеу
әдісі бойынша: тауарлы-
3. ФиФО әдісі. Бірінші сатып
4. ЛиФО әдісі. Соңғы сатып
Норма ауытқуына байланысты айналым құралдары мөлшерленген айналым қаражаттары (тауарлы- материалды құндылықтар запасындағы) және мөлшерленбеген айналым қаражаттары (дебиторлық қарыздар, есептеулердегі құралдар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары) болып бөлінеді.
Жоғары тиімділік пен ритмділік көбіне айналым құралдарының (аналым құралдары, айналыс құралдары) оптимальді көлеміне байланысты болады. Сондықтан айналым қаражаттарын мөлшерлеу процесі үлкен маңызға ие.
Айналым қаражаттарының мөлшері, әрқашан кәсіпорынның жұмысына қажетті, олардың минимальді есепті сомасын құрайды. Шикі заттың фактілі запастары, ақша қаражаттары және т.б. мөлшерден жоғары немесе төмен немесе оған сәйкес болуы- бұл ағымдағы қаржылық қызметтің ең өзгергіш көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Айналым қаражаттарының мөлшерінің толмауы өндірістің қысқаруына, өндірістік программанның және өнімді өткізудің орындалмауына әкеп соқтырады.
Мөлшерден көп запастар айналымнан ақша қаражаттарын бөледі, материалды- техникалық жабдықтардың жетіспеушілігін көрсетеді, Өнімді өткізу мен өндіріс процесінің ритмсіздігін көрсетеді. Бұл ресурстарды тиімсіз немесе жеткіліксіз пайдалануға әкеледі.
Айналым қаражаттарын өндірістік айналым және айналыс қорлары запастарына авансталған ақшалай қаражат ретінде қарастыру бұл категорияның толық экономикалық мәнін ашпайды. Ол ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасын аванстаумен қатар бұл запастарға өндіріс үрдісінде өндірілетін қосымша өнім құны авансталу үрдісі болатынын ескермейді. Сондықтан рентабельді кәсіпорындарда қорлар айналымы аяқталғаннан кейін авансталған айналым қаражаттары сомасы түскен пайданың белгілі бір сомасына өседі. Рентабельді емес мағынада ақшалай қаражаттар деп атауға болмайды. Өндірістегі және айналыстағы қаражаттарды ақшамен шатастыруға болмайды. Жиынтық құн ақша нысанында авансталады және өндіріс пен айналыс үрдісінен өтіп, қайтадан осы нысанды иемденеді. Ақшалай қаражаттар қаражаттар қозғалысында делдал болып табылады. Ақшамен көрсетілген жиынтық құн тек арасында ғана және бөліктермен нақты ақшаға айналады. Сөйтіп, айналым қаражаттары минималды қажетті мөлшердегі айналыс қорлары мен өндірістік айналым қорларының жоспарлы құрылуы мен қолданылуы үшін ақшалай нысандағы авансталатын құн болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік бағдарлама мен есептесуді уақтылы жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Бірінші суретте (Сурет 4) кәсіпорынның айналым қаражаттарының схемасы көрсетілген.
Сурет 4. Айналым қаражаттарының схемасы
Кәсіпорынның айналым қаражаттары екі
Айналым капиталы компоненттерінің
сыныпталуы мынадай белгілері бойынша
- ликвидтілік дәрежесі бойынша;
- өндірістегі функционалдық
- капиталды орналастыру тәуекелі дәрежесі бойынша;
- қаржыландыру көздері бойынша бойынша.
Айналым капиталының мөлшері тек
Тұрақты айналым капиталы ақшалай қаражаттардың,
дебиторлық қарыздардың, өндірістік қорлардың
белгілі бір бөлігі болып табылады. Операциялық цикл
кезінде оларға деген қажеттілік салыстырмалы
түрде тұрақты. Бұл кәсіпорынның тұрақты
қарауындағы уақыттық параметрлермен
орташаландырылған ағымдық активтердің
мөлшері. Ауыспалы айналым капиталы категориясы
ең ауыр кезеңдерде немесе сақтандыру
қоры ретінде қажет етілетін қосымша ағымдық
активтерді көрсетеді. Мысалы, қосымша
өндірістік-материалдық қорларға деген
қажеттілік маусымдық өткізу кезіндегі
сатудың жоғары деңгейін қадағалап отырумен
байланысты болуы мүмкін.
1.3 Кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналысы
Айналым қаражаттардың
айналымдылығы жылдамдату
Кәсіпорында айналым капталы ретінде ағымдағы активтер қолданылады. Айналым капитал ретінде қолданылатын қорлар белгілі кезеңге өтеді. Өтімді активтер дайын өнімге айналдырылатын алғашқы материалдарды сатып алуға жіберіледі; өнім несиеге сатылады, ал бұл жағдай дебиторлар шотын қалыптастырады; дебитор шоттары төленіледі, олар өтімді активтерге айналады.

- Кәсіпорынның айналым құралдары
- Кәсіпорынның айналым құралы және айналым қоры (капиталы)
- Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі.
- Кәсіпорынның арнайы бюджетке төлейтін салығы
- Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы
- Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің сапасын көтеру
- Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
- Кәсіпорын құнын бағалау
- Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары
- Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары
- Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау
- Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын үйымдастыру
- Кәсіпорынның айналым капиалын пайдалану тиімділігі
- Кәсіпорынның айналым капиталы