КСРО ның құлауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы
Жоспар:
Кіріспе
I.КСРО ның құлауы мен Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының құрылуы
1.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігін алуы
1.2. КСРО - ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының құрылуы
1.3. КСРО - ның ыдырауынан кейн Түркия Мемлекеті
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
Кіріспе
XX ғасырдың аяғында,
соңғы орасан зор әлеуметтік
империялардың бірі Кеңестер
Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл
дүние жүзі тарихындағы аса
ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету
жағынан бұл – Ежелгі Рим
империясының, Британ империясының
құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің
басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда
құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл
өткен соң өмір сүруін
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық – құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік – экономикалық және валюталық – қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда – экономикалық және өндірістік – технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.
Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариалаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.
I.КСРО ның құлауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы
1.1. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тәуелсіздігін алуы
КСРО-ның қүлауының басты себептерінің бірі — экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді.
Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен эскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950—1990 жылдар арасындагы 40 жылда эскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мүндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға үшыратты.
Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12- бесжылдықта (1986—1990 жж.) республика экономикасын қайта қүру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мүның өзі бесжылдықта үлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен коп томен жатты. Оның негізгі себебі, басқарудың әкімпііл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан көздері іске қосылмады.
1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының бүрынғы жылдармен салыстырғанда мықтап қүлдырағаны байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дэрежесі мейлінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады. Кеншілер үжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.
Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркэсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық түтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі қүрылыстың қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.
Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Оның қүрамына енген белгілі экономист Г.Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг, тағы басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шүғылданды.
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жекеменшіктің жаңа формалары — акционерлік қоғамдар, жалдық жэне кооперативтік кэсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың ортасында республикада 35 біріккен кәсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жүмыс істеді.
Дегенмен, әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп- кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бүзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындықтар күшейді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2%-ке, ұлттық табыс 10%- ке, еңбек өнімділігі 5,4%-ке төмендеді. Түтыну-сауда саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше қысқаруы “көлеңкелі” экономиканың кеңінен өрістеуіне, халықтың түрмыс дэрежесінің одан эрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның қүны түсіп кетті. Қүны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп 8,7 миллиард сомға жетті, оның 3 миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды.
Республиканың мемлекеттік қарызы 7,8 миллиард сомаға дейін өсті. 1991 жылы Қазақстандағы барлық кәсіпорындар мен үжымдардың 11%-і шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық түтынатын тауарлар азайды.
Өнеркәсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық сектордың жағдайын едэуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан, егер 1991 жылы ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 1,5—3 есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті тетік пен мен машиналарды сатып алу бағасы одан бірнеше есе асып түсті. Оның үстіне ауылшаруашылық өнімдерін өндіру біраз төмендеді. Оған 1991 жылғы болған қуаңшылықтың үлкен зардабы тиді. Нәтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана алынды, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету 60—65 %-тен ас- қан жоқ. Соның салдарынан республикада ет, сүт, жүмыртқа сатып алу деңгейі төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың саны азайды. 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық өнімі 8%-ке, еңбек өнімділігі 11%-ке төмендеді. Мемлекетке небэрі 3,2 миллион тонна астық сатылып, бүл барлық жиналған астықтың тек 27%-ін ғана қүрады. Колхоздар мен совхоздардың қаржы жағдайы нашарлап, экономикалық тиімсіз шаруашылықтардың саны 5 есеге дейін өсті.
Халық шаруашылығына жұмсалған қаржының барлық көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 7%-ке азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық шаруашылығы объектілерінің тек 30-ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған қүрылыстар саны 1,4 есеге көбейді. Оған жүмсалмай қалған қаржы 1991 жылдың аяғында 17 миллиард сомға жетті. Транспорт бойынша 1990 жылмен салыстырғанда жолаушыларды тасу 8%-ке қысқарды. Шет елдерге бүрынғысынша шикізат, жартылай өңделген материалдарды шығару басым болды. Оның 60% қара жэне түсті металлургия өнеркәсіп өнімдерін қүрады. Есесіне республика басқа жерлерден бүрынғыша машина жасау өнеркәсібіне қажетті жабдықтардың 250-ден астам түрлерін, 13% көлемінде халық түтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті материалдар мен шикізатты алдырды. Мұндай жағдай өзге республикаларда да орын алды. Осыған байланысты Кеңес Одағы елдерінде үлттық толқулар күшейді. Сумгаиттегі, Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар үлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын айқындады. Кеңес басшылары үлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, үлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Сондықтан бірқатар ұлт респу- бликалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1987 жылдың қарашасы 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикала- ры өздерінің егемендігі туралы алғашқы қүжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО қүрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989—1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Бүл Декларацияда негізінен мына мэселелерге мэн берілді: КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асады; Республика әкімшілік-аумақтық құры- лымға, саяси, экономикалық, элеуметтік жэне мэдени-үлттық қүрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді; Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бүзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға қүқылы; Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сүғылмайды, бөлінбейді жэне оның келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісі- мінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің эскери қүрамалары, олардың эскери базалары орналаса алмайды; Қазақстан өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік жэне қоғамдық қауіпсіздік органдарын үстауға қүқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу жэне Қазақ КСР жаңа Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы байта көрсетілді. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мүның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 жылдың ортасынан-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппо- зицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен жэне басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екіжақты келісімдер жасалды. 1990 жылы желтоқсанда торт республика — Ресей, Украина, Белоруссия жэне Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива көтерді, Новоогарев келісімін тал- дап жасау жөніндегі бірлескен жүмыс басталды.
1991 ж. 18—21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бүл жүмысты үзіп жіберді. КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер- министр! B.C. Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) қүрып, елдегі барлық билік осы үйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бүл іс жүзінде Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде үйымдастырылған төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда (Фороста) болған КСРО президенті М.С.Горбачевтың сыртқы элеммен байланысын үзіп тастаған ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бүл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бүрынғыдан элдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын түншықтыру жэне нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әкімшіл- әміршіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеттің № 1 қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық үйымдар мен бүқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылатын болды жэне митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н. Ельцин басқарды. Оны Мэскеу қаласының мэрі Г. Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А. Собчак, КОКП басшыларыныц бірі А. Яковлев, Э. Шеварднадзе жэне т.б. қолдады. Төңкерісшілерді жоғары шенді эскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бүл өз кезегінде тамыз бүлігінің көп үзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жүртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген үшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. ТЖМК мүшелері түтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.
Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен жэне орталық- тың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бүған дейін жүргізіп келген келіссөз та- лаптарынан бас тартты. Ол КСРО-ның күйреуін және бүрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР жэне Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловежнуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ түйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық жэне саяси дағдарысқа алып келді, халықтың түрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, үлттар мен халықтар арасындагы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мүның өзі бүрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) қүруға жол ашты. Бүл қүрылым бүрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме бере- ді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді жэне оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді,— деп атап көрсетілді.
Алайда, бүл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бүл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең қүқықтық негізінде қүрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең қүқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қүрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мэселелердің барлығы мақүлданды. Жаңадан қүрылған Достастық мемлекет басшылары жэне үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар қүрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси жэне әлеуметтік-экономикалық мэселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен ¥лттар ¥йымы алдында бүл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық үйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен қатар бүрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды жэне оған эскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.
Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы жэне билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР- ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мүндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-ның “Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару қүрылымын жетілдіру жэне Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” Заңы бойынша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін бүкілхалықтық сайлау болып өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, эділет, сот органдары қайта қүрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті үйымдастырылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен үйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде түңғыш рет одан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров үшты.
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республи касы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутатта ры “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, үлттық табысына жоғары иелік ету қүқы бар, тәуелсіз сыртқы жэне ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық қүқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық үлттарының азаматтары Қазақстанның біртүтас халқын қүрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі жэне мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтыпа, үстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, элеуметтік жэне мүліктік жағдайына, шүғылданатын қызметіне, түрғылықты орны- на қарамастан бірдей қүқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте бо- лады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тэуелсіздігі мен аумақтық түтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін қүруға хақылы екендігі, республика азаматтарының эскери міндетін өтеу, оның тэртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тэуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстан тэуелсіз, егемен
мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің
жаңа конституциясының жобасы дайындалды.
Облыстардың, қалалардың жэне аудандардың
басқару органдары- на реформалар жүргізілді.
Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың
алдына Президент пен Үкімет шешімдерін
орындау, жергілікті жерлерде экономикалық,
мәдени-элеуметтік мәселелерін шешу міндеті
қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды
қызметінен босатуды Қазақстан Президенті
мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін
болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту,
оның орындалуын қадағалау, депутаттармен
жүмыс жүргізу, түрақты комиссиялардың
қызметіне басшылық ету, эртүрлі қоғамдық
үйымдармен байланыс жасау Кеңестердің
қарауына берілді.
1.2. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы
Кеңестер Одағының ыдырауы ХХ ғасырдың соңындағы ең елеулі оқиғалардың бірі. Ол жаңа тарих беттерінің бастамасына алып келген оқиға. Бұл одақтың ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Әрине, оның кері салдарлары болды. Орныққан экономикалық, саяси, мәдени қатынастарды қайта орнату жаңа тәжірибесіз мемлекеттер үшін оңайға соқпады. Бірақ оның оң жақтары да болды. Ол 70 жыл бойы отарда болған, мәжбүрлі интеграция үрдісіне түскен мемлекеттер үшін, әлемдік қауымдастыққа өздерін жаңа, тәуелсіз, демократиялы, зайырлы мемлекеттер ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Алыс-жақын шет елдермен қатынас орнатуға мүмкіншілік туды. Көпшілікті қызықтырған, дүниенің бір бөлігін өз уысында ұстаған одақтың ыдырау себебіне тоқталар болсақ.
КСРО-ның ыдырауына алып келген басты себеп – биліктің күшті орталықтандырылуынан. Екіншіден, КСРО-ның орталық билігі бұқаралық көпшіліктіңсана-сезімінің әсіресе, ұлттың қайта өрлеп дамуы мен өсуінің заңдылығын мойындамағандығынан. Үшіншіден, өзінің дұрыс екендігіне сенген басқарушы элита әлеуметтік төмен адамдардың мәселелрін тыңдаудан және түсінуден қалды. Орталықпен одақ республикаларының мүдделері көп нәрселерде сәйкес келе бермейтін болды. Бұлардың бәрі әлеуметтік наразылықтар тудырып, қоғамның деформациясына алып келді. “Қайта құруң кезіндегі “реформаторлар” қоғамды жаңаша басқаруға қабілетсіз болып шықты. Қоғам саяси және мемлекеттік жетекшілерден түбегейлі өзгерістер күтті. Бірақ ол бітпейтін саяси талқыламаларға түсіп, нәтижесіз қалып жатты. КСРО ыдырауының тағы бір себебі ол оның құрылымдық бөлімдерінің иерархиялығында. Бөлек этникалық қауымдастаықтар әр түрлі бағыныштылы, тәуелділік сатысына қойылды.
Қоғамның көп бөлігінде осы тәртіпке деген наразылығы күшейе түсті. Дәл осы үрдіс КСРО өмірінің соңғы 5 жылының әлеуметтік саяси динамикасын анықтайды. 1986-1987 жылдардағы жариялылық жетекші элитаның артықшылығы мен өмір жағдайын ашқан кезде жай қарапайым адамдардың оларға қарсы ашу-ыза сезімі күшейді. Бұлардың барлығы ұйымдастырылған және жүйелі қоғамдық қарсылық қозғалыстарына алып келді. Ортаға шыққан ұлттық мәселелер орыс “отаршылдары” мен “жергілікті” ұлт өкілдеріні” арасындағы немесе көршілес ұлттардың арасындағы қақтығысқа алып келді.
1990 жылдың 24 шілдесінде
ақпараи құралдарына жаңа
1991 жылы 19 тамызда
ТАСС, КСРО-дағы төтенше жағдайлар
бойынша мемлекеттік
Өзінің 13 жылдық өмірінде ТМД көптеген сынақтардан өтті. Ең бастысы көпшіліктің “өлі туылған бала“ деген көріпкелділіктерге қарамастан ол өз өмірін жалғастыруда. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық тәуелсіздіктерін алғандықтары, бұрынғы одақ республикаларының бірігу идеясын жоққа шығармады. Тіпті өзара ынтымақтастықтың бұл түрі одан ары тереңдей түсіп, бірнеше біріккен саяси құжаттармен, белгілі бір істерде әсіресе экономикалық сферадағы қатынастармен толыға түсті.
ТМД өз өмірі кезінде бірнеше кезеңнен өтті:
Бірінші кезең - 1991 мен 1993 жылдар аралығы. Одақтас Республикалар саяси тәуелсіздігін алады. Мемлекеттілігін, қаржы-экономикалық, кеден, шекара құрылымдарын бекітеді. Бірақ олардың халықшаруашылық кешені біртұтас экономикалық кеңістікте, бір валютамен өз жұмысын жалғастырып жатады.
Екінші кезең - 1993-1996жылдар. ТМД мемлекеттері өздерінің саяси егемендігін нығайта түседі, өз беттерімен халықаралық қауымдастыққа кіреді, өздерінің кеңес одағына кірмеген жақын көршілерімен шаруашылық байланыстарын орнатады. Ал Достастық шеңберінде бірге келісілген шешімдерге байланысты қатынастар ауырлай түседі. Көптеген келісілген заттар орындалмай қалады. Бірақ кейбір мемлекеттер тығыз қатынастар орнатуға деген талпыныс байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық Экономикалық қауымдастық.
Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл мүшелері дағдарысты мойындайды. Осы дағдарыстан шығу жолдары мен ортақ мақсат-мүдде қарастырыла бастайды. Кейбір мемлекеттер, ғалымдар ТМД-нің барлық атқарушы органдарын біріктіріп, бірінші орынға экономикалық ынтымақтастықты қоюды, еркін сауда, кеден, тарифтік зонасын құруды валюталық одақ идеясын ұсынады.
ТМД-дағы қиыншылықтар мұнымен жойыла қоймайды. Интеграциялық мақсаттар екінші орынға кетіп, көп елдер үшін өздерінің саяси-экономикалық егемендіктері маңыздырақ болып кетеді. Нәтижесінде Достастық қарам-қайшы жағдайда, тіпті тоқырауға жақын қалады.3 Қазіріг таңда Достастық әр түрлі саяси күштер тарпынан айтылып жатқан көптеген сындарға тап болуда. Өйткені, біріншіден, Кеңес Одағының құлауына өкініш білдіретін саяси топтар жағы. Олардың сындары, бұрынғы шекара шеңберінде бір мемлекет құру деген келмеске кеткен үміттерге негізделген. Бірақ ТМД құрылғанның алғашқы кезінен бастап-ақ бұл мәселелерді мақсат етпеген болатын. Ең маңыздысы, айтылып өткендей, жаңа мемлекеттердің құрылуы мен нығаюы болатын. Ал екіншіден, ТМД бір халықтық шаруашылық жүйе ыдырағаннан кейін көп шығындарсыз одақтың кезіндегі интеграциялық байланыстарды сақтай отырып, экономикалық бөлінуді жүзеге асыра алмаған үшін сынады.4
КСРО-ның ыдырауына байланысты желік пайда болғаны да түсінікті. Өзін-өзі басқару мен ұлттық идеялар бірінші кезекке шыққанда экономикалық проблемаларға назар аударудың қажеті жоқ сияқты көрінді. Бірақ кейінгі оқиғалар сауық-сайрандармен қатар нанның да қажет екендігін көрсетті. Экономиканы айналып өту қиын, ол өз сөзін айтпай тұрмайды. Осы негізде интеграция мен өзара іс-қимыл идеялары туындай бастайды.
Белорустың, Ресейдің және Украинаның 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловеж келісіміне қол қоюы және соның ізінше 13 желтоқсанда Орталық Азия республикаларының Ашхабадта кездесуі бұрынғы КСРО аумағында бір бірінен оқшау тұрған словян және түрік одақтарының құрылу қаупін туғызды. Осы жағдайда Н.Назарбаев оқиғаның осылайша дамуына жол бермеу үшін барлық күш-жігерін жұмсады. 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің ұсынысы бойынша Алматыда 11 тәуелсіз мемлекеттерінің басшыларының келіссөздері өтті. Осы кездесу қорытындысының шын мәнінде тарихи сипаты болды: “Мәртебелі уағдаласушы тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды”. Бұл факт Алматы декларациясында жарияланды.
Жаңа елдердің мемлекеттілігін қалыптастырумен қатар олардың өзара қарым-қатынастарының оңтайлы үлгісін іздестіру процесі де жүріп жатты. Қазақстан ТМД құрылған кезден бастап Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. ТМД елдерімен тең құқықты, өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату және дамыту Қазақситандық сыртқы саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болды.
“Независимая” газетіне берген сұхбатында Н.Назарбаев Қазақстанның Президенті былай деген болатын: “ТМД елдері үшін интеграция, ынтымақтастық экономикалық қажеттілік қана еме, бұл керек десеңіз жаңа рухани психологиялық тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенім”. Күрделі экономикалық кезең жағдайында іс жүзінде барлық кеңестен кейінгі мемлекеттерде олардың келісілген іс-қимылын, сындарлы ынтымақтастығын, өзара қолайлы ымыраға келу шешімдерін іздестіру айрықша маңыз алды. Көптеген тәуелсіз мемлекеттер ынтымақтастық және өзара түсіністік болмаса, тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық реформасынсыз әлемдік қоғамдастыққа ену мүмкін емес екенін түсінді. Осы жағдайларды ескергенде ғана интеграцияға балама жоқ деп айтуға болады.
Бұрынғы Одақтың мемлекеттері арасындағы қатынас бірінші кезеңде біркелкі болмады, тіпті бірінші кезде қарама-қарсы болды. Егер де Ресей, Белорус, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан белсенді түрде Достастық идеясые қолдаса, Украина позициясы қарсы, ал Түркменстан бұл мәселеден өзін алшақ ұстады. Молдова жалпы Достастық қағидаларымен келісті, Армения ТМД шеңберіндегі қатынастарды нағайтуға тырысты, бірақ Әзірбайжанмен арадағы қақтығыстардың нәтижесінде оның интеграциялық үрдістегі рөлі әлсіз болды.
Мұндай қатынастардың мәні түсінікті-ақ: бұл жаңадан қол жеткізген саяси тәуелсіздік пен экономикалық егемендікті жоғалтып алу қаупі; саяси партиялар мен қозғалыстар тарапынан күшті қысым өткір идеологиялық және ұлтаралық қарама-қайшылықтар және т.б.
Сол кездегі Достастық жағдайына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп баға берді: “оқиғаның даму барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердің “өркениетті түрдегі ажырасу” органына айналуда. Бұл үрдісті басқа интеграциялық жөнге бағытталып талпыныстары өз нәтижесін бермеді.
Кеңестен кейінгі аймақта интеграция осылайша дамып жатты және ол Батыс Еуропада болып жатқан үрдістерден ерекшеленеді. Бұл ерекше-ді салыст түрде мынадай сипатта көрсетуге болады:
Еуропалық Қоғамдастыққа интеграцияны тәуелсіз өмір сүрудің ұзақ мерзімдітарихы бар егеменді мемлекеттер жүзеге асырды. Достастықты бастапқы кезеңде біртұтас тоталитарлық мемлекеттен бөлінген және егемедігін құқықтық тұрғыдан рәсімдеуді мақсат еткен мемлекеттер қалыптастырды.

- КСРО-ның құрылуының тарихы
- К.С. Станиславский о значении речевой техники в работе актера
- К.С. Станиславского «Работа актера над собой»
- Ктезибий
- Кто будет жить в россии в 21-м веке
- Кто в русской философии считается представителем западничества и почему
- Кто диктует условия игры на нефтяном рынке?
- Ксерофиты
- КСО "Билайн"
- КСО в контексте этики бизнеса
- К солнечной эре энергетики
- КСО: Практика российских компаний
- К.С. Первухин
- КСРО-да тоталитарлық режимнің орнауы, қалыптасуы