КСРО-ның құрылуының тарихы

                                           МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

І. КСРО – НЫҢ ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ЫДЫРАУ ТАРИХЫ

1.1  КСРО-ның құрылуының тарихы.....................................................................5

1.2 КСРО –ның ыдырауы......................................................................................12

 

ІІ. 1977 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯ

2.1 1977 жылғы КСРО Конституцияның қабылдануы.......................................18

2.2 1977 жылғы Конституцияның нәтижесі........................................................22

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыс  өзектілігі. КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды[2, 234 б].

Кеңестер Одағы кезінде бізде тоталитарлық жүйені қалыптастырып, оның талап-тілектеріне жауап беретін үш Конституция болды. Біріншісі – Қазақ Автономды Советтік Социалистік Республикасының 1924 жылғы Конституциясы. Екіншісі – Сталиндік деп аталған 1936 жылғы Конституцияның негізінде қабылданған ҚазақКСР-нің 1937 жылғы Конституциясы. Жаңа Конституцияны КСРО-ның сол 1936 жылғы Конституциясының көшірмесі десек те болады. Бірақ, онда құқықтар біршама азайтылды. Бұл құжат қабылданғаннан кейін оған 500-ден астам өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Өйткені, 1937 жылғы Конституцияда министрліктердің, облыстардың және облыстық органдар құрылымдарының тізімі берілген болатын. Сондықтан да, оқтын-оқтын өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тура келді. ҚазақКСР-інің 1978 жылғы Конституциясы КСРО-ның 1977 жылғы «Адам бейнелі Социализм Конституциясы» деп аталған низам негізінде қабылданды. Бұл Конституция да Республикамыздың егеменді де тәуелді құқықтарын терең қамти алмады. Соған қарамай, онда «Қазақстан Республикасы егеменді социалистік мемлекет ретінде танылады» деп жазылған еді. Ал, іс жүзіне келгенде Республикамыздың егеменді құқықтары болмады. Біз үшін барлық мәселелерді орталық шешті. Бір ғана мысал, Республикамыздың бүкіл кірісінің 93 пайызы орталыққа жіберіліп, бізде тек 7 пайызы ғана қалатын. Сондықтан да біздің Республикамызды дотациялық деп атап жүрді. Міне, осының барлығы да біздің ұлтымызға жасалынған қиянат болатын. Тек шынайы егемендікке ие болып, ҚР 1993 жылғы Конституицяны қабылдағаннан кейін ғана еліміз жеке-дара толыққанды өмір сүре бастады. 

КСРО сияқты жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жаткан империяның күйреп, тарих сахнасынан кетуі — XX ғасыр соңындағы әлем халықтары тарихының басты оқиғасы болды. КСРО-ның күйреуі, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал етті. Әлем "социалистік" және "капиталистік" деп аталған жүйелер арасындағы бәсекелестік пен текетірестен құтылып, халыктар мен мемлекеттер қатынасының жаңа кезеңіне аяқ басты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болып, қалыптасуы да сол империяның күйреуімен тікелей байланысты. Сондықтан КСРО-ның күйреу тарихы, оның себептері мен салдары біздер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Келешекте бүл мәселенің, тарихымыздың түйінді проблемалары ретінде арнайы да кешенді зерттелері күмәнсіз.

КСРО болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды.

Зертеу пәні – Шетел және отандық мемлекет және құқық тарихы теориясын оқу, зерттеу.

Зерттеу әдестемесі - 1977 жылғы КСРО Конституциясының құрытуын, тарихи маңызын методологиялық зерттеу.

Курстық жұмыстың мақсаты. Курс жұмысының өзектілігіне байланысты 1977 жылғы КСРО Конституциясының тарихи маңызын, құрылымын, саясаттану жүйесіндегі алатын орнын анықтай тырып, тақырыпты зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері. Курс жұмысының мақсатына байланысты мынадай міндеттер қарастырылды:

    • -КСРО-ның құрылуының тарихы
    • КСРО –ның ыдырауы
    • 1977 жылғы КСРО Конституциясы;
    • 977 жылғы КСРО Конституциясынан кейінгі өзгерістер

Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, екі бөлім, жеті бөлімше, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        1 КСРО – ның құрылу және ыдырау тарихы

        1.1  КСРО-ның құрылуының тарихы

 

 

1922 жылы 30 желтоқсанда Украина, Белоруссия және Закавказье елдерімен бірге Ресей Кеңес Социалистік Республикалар Одағын құрды.

1922-1929 жылдары мемлекет Жаңа Экономикалық Саясатты іске асырды. Ленин қайтыс болғаннан кейін ішкі саяси билік үшін күрес болады. Нәтижесінде И.Сталин билік басына келеді. Жеке диктатурасын орнатқан Сталин өз саяси қарсыластарын жояды.

1929-1939 жылдары жүргізілген индустриализация  арқылы ел өндірістік және  техникалық мүмкіндігін арттырды.  Индустриализация ауыл шаруашылығы  қаржысына жүргізілгентіктен КСРО  экономикасында диспропорция қалыптасты. Ауылда ұжымдастыру саясаты жүргізіліп, бұл үрдіс көпшілік халықың наразылығы мен жаппай ашаршылықты тудырды.

1939-1940 жылдары  КСРО-ға бұрынғы  иеліктері қайта қосылды: Батыс  Белоруссия, Батыс Украина, Молдавия, Батыс Карелия, Прибалтика.

1941 жылы 22 маусымда жасалған Германияның  тұтқиылдан шабуылымен Ұлы Отан  Соғысы басталды. Алғашында Германия  мен оның одақтастары үлкен  жетістіктерге жетіп, алып аймақтарды  бағындырды. Тек Мәскеуге қолдары  жете алмады. Сталинград пен Курск түбіндегі шешуші шайқастардан кейін КСРО әскерлері шабуылға көшті. Соғыс 1945 жылы Берлинді алумен аяқталды[1, 117 б].

1944 жылы КСРО құрамына тәуелсіз  Тува кіреді. 1945 жылы Жапониямен  соғыс барысында Оңтүстік Сахалин  мен Курил аралдары алынды. Жалпы соғыс барысында КСРО тарапынан адамдар шығын 30 миллионға жуықтады.

Соғыс нәтижесінде Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде (Венгрия, Польша, Румыния, Болгрия, Чехословакия, ГДР) комунистік режимдер орнатылды. Варшава шарты ұйымы құрылып, Батыспен ардағы қатынас бірден суыды.

КСРО болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды.

Жеделтелген индустриализацияның арқасында 30-шы жылдары КСРО-да қуатты ауыр өнеркәсіп пайда болды. Ол жедел түрде қару-жарақ өндірісіне ауыса алатындай етіп ұйымдастырылды. Бірақ соған қарамастан болат, шойын қорыту, көмір, электр энергиясын, химиялық өндіріс сияқты салаларда Кеңес Одағы Германиядан артта қалып отыр еді. Үшінші Рейхтың қолына бүкіл Батыс және Орталық Еуропаның өнеркәсібі түскен соң бұл артта қалу тереңдей түсті. Кейбір техникалық бағыттарда да Кеңес Одағы Германиядан артта қалған еді. Әсіресе байланыс құралдарын және автомобиль көліктерін жасап шығару жағынан. Кеңес халқының басым көпшілігі (66 пайызы) білім деңгейі төмен дәрежедегі шаруалар болатын, ал Германия әлдеқайда урбанизацияланған, индустриализацияланған ел еді. Көптеген өнім түрлерін жасап шығарудан Кеңес Одағы Германияны артта қалдырған болатын (танкілер, ұшақтар, артиллериялық қару-жарақ, минометтер, оқ атар қару сияқтылар). Кеңес Одағының осал жағы — әскердің байланыс және басқару құралдарымен жарақтануы төмен деңгейде болды. Бұл жағынан Германиядан артта қалу елеулі болатын.

Бір айта кетерлігі — КСРО-да негізгі өндірістік қорлары мемлекеттік меншікте болғаны себебінен және КСРО экономикасы мемлекеттің қатаң қадағалауында болғандықтан өнеркәсіптің милитаризация деңгейі мен соғыс жағдайында жұмыс атқаруға қабілеті Германия экономикасына қарағанда әлдеқайда жоғары болатын. Ал Германияның экономикасы жұмылу деңгейі жағынан 1944 жылы «тотал соғыс» жарияланғаннан кейін ғана кеңес экономикасына жақындай алды. Сондықтан соғыстың басында КСРО экономикасының тиімділігі жоғарырақ деңгейде болды.

КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды[2, 234 б].

Соған қарамастан ЖШҚӘ өзінің жерінде ірі қорғаныс соғысын жүргізуге дайын еместігін көрсетіп алды. Кейінірек кеңестік тарихнамада бұл «әскери құрылыста, соғыстың басталу уақытын анықтауда жіберілген қателік, әскерді мемлекеттік шекараның маңында орналастыруды кешеуілдету» деп аталды.

1937-1938 жылдары орын алған жаппай қуғын-сүргіннің нәтижесінде ЖШҚӘ-нің басқару буыны ауыр шығынға ұшыраған болатын. 5 маршалдың 3-еуі, 15 армия генералының 13-і, 9адмиралдың 8-і, 57 комкордың 50-і, 186 комдивтің 154-і, 16 әскер комиссарының 16-сы, 28 корпус комиссарының 25-і атылу жазасына кесілді. Әскери округтар мен әскери құрамалардың басына жас, тәжірибесіз басқарушылар тағайындалды. Мысалы, соғыс басталған кезде 17 әскери округ басшыларының 7-еуі, 17 округ штаб басшыларының 4-еуі өз қызметтеріне тағайындалғандарына жарты жыл толмаған еді. 20 армия қолбасшыларынан 13-інің тағайындалғандарына жарты жыл толмай, тек 2-еуі ғана жылдан астам уақыт бұрын тағайындалды. Командирлердің 70%-ының (полк командирінен жоғары) және сол деңгейдегі саяси жұмысшылардың 75%-ының жұмыс стажы (өтілі) жылға жетпеген еді.

30-шы жылдардың аяғында өткізілген  ЖШҚӘ-нің инспекторлық тексерістерінің  нәтижесінде ондағы әскери тәртіп  пен әскери дайындықтың өте  төмен деңгейде болғаны анықталды. ЖШҚӘ-нің басқарушы буынының білім  деңгейі де төмен болғандығы  анық болды. Кеңес өнеркәсібі қамтамасыз еткен қуатты әскери техниканың көптігі де осы кемшіліктердің орнын толтыра алмады. Қару-жарақтың, әсіресе танк және ұшақ соққы қосындарындағы қару-жарақ мөлшері бойынша КСРО 30-шы жылдардың ортасында-ақ барлық басқа елдердің әскерлерінен де көп еді. Бірақ соғыстың басында ЖШҚӘ-нің әскери дайындығы оның қару-жарағының молдығына сай келмеді.

КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы кеңеюі

 Германия мен Кеңестер Одағының  арасындағы өзара шабуыл жасаспау  туралы келісім бойынша Орталық Еуропаның бөлінуі. Сол жағында — 23 тамыздағы протоколдар бойынша болжалғаны, оң жағында — іс жүзінде болған бөлініс. Сарғыш түспен КСРО-ға кететін жерлер, көк түспен Германияның үлесіне тиген жерлер, күлгін түспен Германия басып алған жерлер боялған (Варшава генерал-губернаторлығы мен Богемия және Моравия протектораты)

17 қыркүйекке қараған түні КСРО Германия мен Кеңес Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісімнің құпия протоколдары бойынша Кеңес Одағының ықпалы жүретін аймағыболып белгіленген Польшаның құрамындағы Батыс Украина мен Батыс Белоруссияға басып кірді. 1939 жылғы қыркүйектің 28-інде КСРО Германиямен Достық және шекара туралы келісім жасасты. Ол келісім бойынша екі елдің арасындағы шекара «бұрынғы поляк мемлекетінің жеріндегі екі жақтың мемлекеттік мүдделері түйісетін» сызық, яғни бұрынғы Керзон сызығы бойынша белгіленді. 1939 жылдың қазан айында Батыс Украина мен Батыс Белоруссия ресми түрде Кеңестер Одағының құрамына қабылданды.

1939 жылдың қыркүйегінің аяғы  — қазанның басында Германия  мен Кеңес Одағының арасындағы  шабуыл жасаспау туралы келісімнің құпия протоколы бойынша КСРО-ның ықпал аймағына жатқызылған Эстония, Латвия және Литва елдерімен келісімдер жасалып, сол келісімдердің негізінде олардың жерлеріне кеңес әскерлері орналастырылды.

1939 жылғы қазанның 5-інде сол  қосымша құпия протокол бойынша  Кеңестер Одағының ықпалы жүретін  айиаққа жатқызылған Финляндияға КСРО өзара көмек туралы келісім жасасу туралы ұсыныс жасады. Келіссөздер қазанның 11-інде басталды, бірақ Финляндия өзара КСРО-ның көмек туралы ұсынысын да, жер алмасу және арендаға беру туралы ұсынысын қабылдамай тастады. 1939 жылғы қарашаның 30-ында КСРО Финляндияға қарсы соғыс бастады. Бұл соғыс 1940 жылғы наурыздың 12-сінде Мәскеу бітіміне қол қоюмен аяқталды. Ол бітімде Финляндия бірқатар аймақтарын Кеңестер Одағына беруге келісті. Алайда Кеңестер Одағы өзінің бастапқы мақсаты — Финляндияның толық бағындыру мақсатына қол жеткізе алмады[4, 231 б]. Басында Финляндия әскері тез уақытта және аз шығынмен талқандалады деп жоспарланса да, кеңес әскерінің іс жүзіндегі шығыны орасан зор болды. Қызыл Әскердің қуатына басқа елдер күмәнмен қарай бастады. КСРО-дағы сияқты, басқа елдерде де фин армиясын төмен бағалап, қарсыласуға дәрмені жетпейді деп қарастыратын. Сондықтан Қызыл Әскердің фин әскерін соншама ұзақ уақыт жеңе алмауы оның әлсіздігі және соғысқа дайындығының төмен деңгейін көрсетеді деп қарастырыла бастады.

1940 жылғы маусымның 14-інде кеңес  үкіметі Литваға, ал маусымның 16-сында  Латвия мен Эстонияға ультиматум жариялады. Олардың басты талаптары — бұл мемлекеттер КСРО-ға дос үкіметтерді билік басына келтіріп, өз жерлеріне кеңес әскерлерінің қосымша қосындарын кіргізуге тиістігі болды. Бұл талаптар қабылданды. Маусымның 15-інде кеңес әскерлері Литваға, 17-сінде Латвия мен Эстонияға кіргізілді. Жаңа үкіметтер коммунистік партиялардың жұмысына салынған тыйымдарды алып тастап, кезектен тыс парламенттік сайлаулар өткізді. Үш мемлекеттегі сайлауларда сайлау тізімдеріне енгізілген жалғыз партиялар — коммунистік Жұмысшы халық блоктары (одақтары) жеңіске жетті.Жаңадан сайланған парламенттер маусымның 21-22-лерінде Эстон КСР, Латвия КСР және Литван КСР жариялап, КСРО-ның құрамына ену туралы декларациялар қабылдады. (Тағы қараңыз: Балтық бойы елдерінің КСРО құрамына кіруі (1939-1940)).

1941 жылдың жазында герман шабуылы  басталған соң Балтық бойы елдерінің тұрғындары кеңес әскерлеріне қарулы шабуылдар ұйымдастырды. Бұл неміс әскерлерінің Ленинградқа жылжуын тездетті.

1940 жылғы маусымның 26-сында КСРО Румыниядан Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны өзіне беруді талап етті. Румыния бұл талапқа келісіп, 1940 жылғы маусымның 28-інде Бессарабия мен Солтүстік Буковинаның жеріне кеңес әскерлері енгізілді. 1940 жылғы тамыздың 2-сінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің VII-ші сессиясында Молдаван Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы туралы заң қабылданды. Молдаван КСР-сының құрамына мына аумақтар енгізілді: Кишинев қаласы, Бессарабияның 9 уезінің 6-ы (Бельцы, Бендеры, Кагул, Кишинев, Оргеев, Сорок) және Тирасполь қаласы. Бұрыңғы Молдаван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының 14 ауданының 6-ы да Молдаван КСР-ының құрамына кірді. МАКСР-дің қалған аудандары және Бессарабияның Аккерман, Измаил және Хотин уездері Украин КСР-ының құрамына кірді. Украин КСР-ының құрамына Солтүстік Буковина да кірді.

КСРО-дан кейін Германияның одақтастары Венгрия мен Болгария да Румыниядан жер талап ете бастады. 1940 жылғы тамыз айында Румыния Трансильванияның жартысын дерлік Венгрияға, ал қыркүйек айында Добруджаның оңтүстік бөлігін Болгарияға берді.

1936 жылғы Конституция

1935 жылы 1 ақпанда өткен БК(б)П ОК-тің Пленумы КСРО Конституциясына  бірқатар  өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылдады. Жаңа Конституцияның  жобасы дайындалды. 1936 жылы 12 маусым күні жаңа Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, жария етілді. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 5 айдан аса уақытқа созылды.

Жаңа негізгі заңға сәйкес сайлау жүйесіне, орталық өкілетті органдар құрылымына, елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне өзгерістер енгізілді, Конституция Кеңес өкіметін  өтпелі саяси форма емес,  социализм  жетістіктерін қорғауға тиісті нақты және қажетті жағдай ретінде бекітті. Мемлекеттің социализм және коммунизм орнату кезінде құрып бітуі туралы тезис мықты мемлекеттің қажеттігі туралы тезиспен алмастырылды. Мемлекеттік жүйенің күшеюі, оның партиялық аппаратпен бірігіп кетуі. Екінші дүниежүзілік соғыстың пісіп-жетілу кезеңінде жүзеге асты.

Жаңа Конституцияда жалпыға бірдей сайлау құқығы және құпия дауыс беру енгізілді. Алайда акыл-еске Коммунистік партиятарапынан жаппай бақылау қойылған және партияның өзі ұсынған бір кандидатқа дауыс беру практикасын орнату барысында бұл жаңа енгізілімдер мағынасын тез жоғалтты. Өкілетті органдардағы қайта құрулар да формалды сипатта болды. Кеңестердің Орталық Атқару Комитетін КСРО Жоғарғы Кеңесі алмастырды, бұл билік органы шын мәнінде Компартияның айтқанын ғана орындады.

Қазақ КСР Конституциясына сәйкес 1936 жылы Қазақ КСР-і одақтық республика болып қайта құрылды, Федерация құрамында Қазақстан басқа да республикалар қатарына келіп қосылды. Ал 1937 жылдың 26 наурызы күні Республика Кеңесінің төтенше X съезінде Қазақ КСР Конституциясы Одақтық Негізгі Заңға сүйене отырып жасалды. Жаңа Конституцияның негізгі қорытындылары, ең алдымеп, КСРО да социализмнің салтанат құруына арналды. Ал мұның түпкі тұжырымдары 1917 - 1936жылдар КСРО-да экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістердің накты нәтижелеріне сүйенді[5, 258 б].

Мәдени-рухани салада — қоғамдық өмірдегі КОКП-ның жетістіктерін көрсету бағытында социалистік реализм кағидаларынорнықтыру мәселесі жүріп жатты. Қазақ КСР-і қатардағы басқа да республикалардың бірі ретінде, сол баяғы автономиялық кезіндегіден артық өзгешелікті өз басынан өткере қойған жоқ. Олай дейтініміз, үкіметтің орталық буынынан келген барлық тапсырмалар, басқа да I құжаттары қалтқысыз орындалып жатты. Әр республикалардағы коммунистік партия ұйымдарын қоса алғанда, КОКП мемлекеттің ең доғарғы басшы әрі жетекші ұйымы болып есептелді.

КСРО – ң екінші дүниежүзілік соғысындағы саясаты 

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны женгендер оккупациялады, енді герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге асырылып отырды. Осы қатынастардың символы ретінде «Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін - Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам қалашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн, Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «Үлкен үштік» құрамы жаңарды, Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен, өнеркәсіпті милитаризациялаудың құралы болған картельдерді тарату. Сондай-ақ одақтастар қолына түскен нацистердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келіеті. Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды[6, 354 б]. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығысқысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткен КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.

КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеп, КСРО-ның Европа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Европада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, «англо-саксон дүниесінің бар қуатымен» КСРО-ға тойтарыс беру керек. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында «тежеу» саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. «Тежеу» саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді. Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға қатынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес типті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді[7, 214 б]. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға, Рузвелытің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ «тежеу» саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді Америка Европаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет конгресте бақылауын орнатты.

 

 

 

   1.2   КСРО-ның ыдырауы

 

   70-80 жылдары ұлттық этникалық қақтығыстар жиілей бастады. Соған қарамастан Мемлекет басындағылар КСРО-ны «бауырмал халықтың ұйымшыл отбасы» деп атады.Көп ұлтты мемлекеттің билігі бір орталықтанған, сондықтан барлық билік Коммунистік партия қолында болған болатын.

   Көпшілік 70-80 жылдарды, яғни Брежневтің билік ету кезеңін,    КСРО-ң гүлденген кезеңі деп санаса, Брежнев өлімінен кейін Кеңес Одағы құлдырай бастады. Көптеген зерттеушілер КСРО құлауының нақты себептерін көрсетпейді, әйтседе мүмкін болуларының ішінде келесілерін келтіреді:

  • Әр көп ұлтты мемлекетте кездесетін орталықтанған тенденциялар;
  • Стагнация, кейін экономиканың құлдырауына, ол өз кезегінде саяси жүйенің құлауына әкелген Кеңестік жүйенің кемшіліктері;
  • КСРО экономикасына қатты әсер еткен әлемдік мұнай бағасының түсуі;
  • КСРО қару-жарақ жарысына төтеп бере алмауы,рейганомиканың  жеңісі;
  • Үкімет басшылары саясатының тиімсіздігі, Брежнев және оның жолын қуушылардың реформалық қызметтері экономиканы құлдыратып, бірорталықтанған билік механизмін жоюы;
  • КСРО-ны құлатуда батыс елдерінің қызығушылығы;
  • Билік үшін күрес;
  • Елде құлдырау үстіндегі анархия жағдайында саяси және шаруашылық элитаның мемлекетті бөлісіп, жекеменшікте көп иелікке ие болғылары келгендігі;
  • Ұлттық қайшылықтар,әр ұлттың өз салт-дәстүрін өзі дамытқысы келуі;
  • Елді демократизациялау салдарынан  жеке ұлттардың КСРО-ның бөлуін қалауы;
  • Тәуелсіз зерттеушілердің пікірінше, КСРО экономикасының құлдырауына Горбачевтің Одақ экономикасының жартысына жақынын ұстап тұрған спирттік ішімдіктерге тиым салуы және т.б[11, 114 б]

  ХХ ғасырдың 80-90 жылдары КСРО-ң  әлеуметтік-саяси, экономикалық өміріндегі  қатынастар шиеленісі 1991 ж 21- желтоқсанындағы  одақтың өмір сүруінің тоқтатылуына  әкелді.

1985 жылы М.С.Горбачев және оның  жақтастарының «қайта құру»     саясатын бастауынан халықтың саяси активтігі өсті, жаппай, соның ішінде ұлттық қозғалыстар мен ұйымдар құрылды. Кеңестік жүйені реформалауға тырысуы елдегі кризисті одан ары тереңдетті.Саяси сахнада бұл  кризисс КСРО президенті Горбачев пен РФСФР президенті Ельциннің  арасындағы қайшылықтар негізінде көрінді. 1989 жылы ресми түрде елде экономикалық кризисс басталғандығы жайлы жарияланды. Осы жылдары советтік экономикадағы  басты проблема максимумына жетті, яғни үнемі тауар тапшылығы, саудадан күнделікті қолданылатын заттар жоғала бастағандығы(наннан басқа). Бүкіл ел бойынша сауданы карточкалық жүйе бойынша жүргізу енгізілді. 1991ж бастап  алғаш демографиялық кризисс байқалды,елде туылымнан өлім көрсеткіші өсті.

   КСРО территориясында ұлтаралық  қақтығыстар жиілей түсті.Осыған  байланысты сөйлейтін болсақ,  алысқа бармай-ақ, мысал ретінде өз еліміздегі 1986 жылғы аса озбырлық пен қатыгездікпен басылған жастардың «Желтоқсан» оқиғасын айта кетуге болады. Үкімет басына Колбиннің отыруы, халық үшін жылдар бойы жиналған ызалықтарына түрткі болғандай болды.

Осындай шиеленістің ең шегінен шыққаны Таулы Қарабах қақтығысы. 1988 ж  бастап бұл жерде армяндар мен азербайжандар қырғынға ұшырай бастады. 1989  жылы Армян КСР Жоғарғы Кеңесі Таулы Қарабахтың өзіне қосылғандығы жайлы жариялайды, ал Азербайжан КСР болса блокада бастағанын ескертеді.Сөйтіп, 1991 жылдан бастап екі ел арасында соғыс басталды деп айта аламыз.

  Осындай шиеленіскен жағдайлар  Ферғана даласында да болып  өтті.Оның басты себебі бірнеше  ортаазиялық ұлтты бір бүтінге  біріктірмек болулары.

   КСРО-ң ыдырау үстіндегі  жағдайын көре отырып, көптеген  құрамындағы мемлекеттер болашаққа  деген нық сенімдері болмаса  да, Одақтың да келешегі шамалы  екенін көре отырып, елінің  болашақ  дамуы үшін мемлекет басшылары  егемендіктерін жариялай бастады. Бұл үрдісті алғашқы болып Балтық теңізі маңы елдері бастады.Оның үстіне,  1990 жылы 7 ақпандағы КСРО КП ОК биліктегі монополияның әлсірегенін жариялаған соң,елде алғашқы бәсекелестік сайлаулар өтті. Осының нәтижесінде көптеген одақтық мемлекеттерде билікке либералдар мен ұлтшылдар келді.Олар ортақ одақтық заңдардың республикалық заңдардан басымдығына наразылықтарын білдірді,сондай-ақ жергілікті экономикаға бақылауды өз қолдарына беруді және салықты тікелей одақ бюджетіне төлеуге қарсы шықты.Осы және тағы да басқа шиеленістер өзі оңып тұрмаған одақ арасындағы экономикалық байланысты үзді.

Бұл кризис әр елге әртүрлі әсер етті, әр ел әртүрлі қабылдады. Литвада 1988 жылы 3 мамырда тәуелсіздік жолындағы Саюдис қозғалысы құрылды. Ал 1990 ж 11 наурызда Литва Жоғарғы Кеңесі ел егемендігі жөнінде жариялады. Сондай-ақ, көршілес Эстонияда 1988ж Эстония Халық Фронты құрылды да, мамырда Таллинде «әншілер революциясы» өтеді. 1990 ж 23 наурызда Эстония Компартиясы КСРО КП мүшелігінен шығатындығын жариялайды, ал кейін 1990ж 30 наурызында Эстония Жоғарғы Кеңесі өз тәуелсіздіктерін жариялайды. Осы  кездері Латвияда да Халық Фронтының күшеюі байқалады, олардың негізгі мақсаты - ел тәуелсіздігі еді. 1990 жылы 4 мамырды Латвия Жоғарғы Кеңесі егемендіктерін жариялап,  1991 жылы 3 наурызда осы қабылданған шешім референдум арқылы бекітілді.

  Кейін осы тәртіп бойынша Одақтас елдердің көбі өз егемендіктері мен тәуелсіздіктері жайлы қаулылар қабылдап, референдумдар өткізе бастады. Мысалға:

  • Украина- 1991ж 24 тамыз
  • Қырғызстан- 1991ж 31 тамыз
  • Өзбекстан – 1991ж 1 қыркүйек
  • Таджикистан- 1991ж 9 қыркүйек
  • Армения -1991ж 29 қыркүйек
  • Азербайжан- 1991ж 18 қазан
  • Түркменстан-1991ж 27 қазан
  • РФСФР-1991 ж 12 желтоқсан[12, 247 б]
  • Қазақстан-  1991ж 16 желтоқсанда өз тәуелсіздіктеріне қолдары жетті.
КСРО-ның құрылуының тарихы