Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттері ..............................
1.2. Монополияға қарсы ден қою шаралары және сот талаптары .....................9
1.3. Бәсекелестікті адвокаттандыру................
2. Экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау
2.1. Отын-энергетикалық кешені........................
2.2. Көлік және байланыс ..............................
2.3. Қаржы секторы ..............................
2.4. Өзге де салалар және нарықтар ..............................
2.5. Кеден одағы жағдайында монополияға қарсы ден қою ерекшеліктері.....30
3. Адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнаманы жетілдіру ............32
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік – негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік – барлық экономика сферасында прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы – қожа, нарық – агент, ал кәсіпорын – оның құлы. Ал монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады.
Бірақ бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға әкеледі. Бұл жағдайды диалектиканың бірінші заңы - әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық күресі деуге болады.
Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық экономика елдерінде қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.
Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру және монополиялау деңгейін реттеуге, кәсіпорынның стратегия және тактикасын, шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады. Монополияға қарсы комитеттің негізгі функциялары:
- өндіріс және айналым сфераларында монополияны тежеу үшін шаралар жасақтау және оны іске асыру;
- тауар нарығы мен бәсекелестікті өркендету шаралары жөнінде нұсқау жасақтау;
- шаруашылық субъектілерді құрғанда, қайта құрғанда және жойғанда монополияға қарсы талаптарды бақылауды қадағалау;
- шаруашылық субъектілерінің өндіріс саласында дара басымдылығы болмау үшін ірі мөлшерде акциялар сату және сатып алуды бақылау;
- монополияға қарсы комитет тауар нарығын және бәсекелестікті жетілдіру мақсатында билік және басқару органдарына кепілдеме жасақтау;
- еркін, реттелген. Алдын ала белгіленген бағалардың қолданылатын ортаны өзгерту;
- шет ел инвестициясын ынталандыру, біріккен кәсіпорындар жасақтау;
- экспорт-импорт операцияларына лицензия беру;
- еркін экономикалық аймақтарды жасақтау және дамыту.
Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасыдағы бәсекелестік жағдайына зерттеу жүргізу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері:
әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттерін ашу;
монополияға қарсы ден қою шаралары және сот талаптарын қарау;
экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау.
Зерттеудің әдістемелік, теориялық және ақпараттық негіздері. Зерттеу негіздерін ведомстволық, нормативтік, сонымен бірге ҚР статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық материалдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құжаттары, мемлекеттік үкімет органдарының заңнамалық және нормативтік актілері және басқа да анықтамалық және инструктивтік материалдар құрады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестіктің теориялық негіздері
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы монополияға қарсы реттеудің міндеттері
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында тауарлар мен қызметтерге экономикалық белсенділіктің төмендеуінен және сұраныстың азаюынан нарықта бәсекелестік күрес күшейді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) нарық субъектілерінің монополияға қарсы заңнаманы сақтауын бақылауды күшейтті.
Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасының Үкіметі Басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде 2009 жылы Агенттіктің негізгі қызметі бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге тиімді қарсы іс-қимылдар арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталды. Әсіресе бұл үстем жағдайды теріс пайдаланудың және шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдердің жолын кесу және жол бермеуге қатысты [1, 56 б].
Қарсы іс-қимыл көрсетілген болмысының инфляциялық үдерістерді ұстап тұруға және одан әрі экономикалық дамуын қамтамасыз етуге айрықша мәні болды. Осыған байланысты, Агенттік әлеуметтік мәні бар нарықтарға (дәрілер нарығы, азық-түлік және жеміс-көкөніс нарығы және басқалар), сондай-ақ ел экономикасы үшін инфрақұрылымдық маңызы бар нарықтарға (мұнай өнімдері, электр энергиясы нарықтары, көлік нарығы және басқалар) ерекше назар аударды.
Салық комиетімен бірлесе отырып жеміс-көкөніс өнімдерінің (Астана және Алматы қалалары, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары) 20 ірі импортшыларына тексеру жүргізді, нәтижелері цитрус және жеміс-жидектердің жекелеген түрлерін өткізу нарығында импорт үстемдігінің, бюджетке міндетті ақы төлеуден кету мақсатында жеміс-көкөніс өнімдерін өткізу сызбасының көлеңкелі белгілерінің бар екендігіне куәландырады. Импортталатын жеміс-көкөніс өнімдерінің кеден құнын айқындау әдістемесін жетілдіру қажеттілігі анықталды.
Агенттік ірі сауда желілерінің азық түлік тауарларын өндірушілер мен өнім берушілерге қатысты кемсітушілік жағдайларды белгілеу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу жөніндегі жұмыстарды жалғасытуда.
Өткен жылы мұнай өнімдерін, цемент, жеміс-көкөніс өнімдерін, қантты өткізу, вокзал шаруашылығы қызметтерін көрсету және әлеуметтік салалар объектілерін және халықты көмірмен қамтамасыз ету нарықтарындағы жағдайларды реттеу жөнінде бір қатар мәжілістер өткізілді.
Талдау жүргізілген тауар нарықтарындаға бәсекелестікті одан әрі дамыту мақсатында Агенттік Үкіметке және құзыретті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде, сондай-ақ қорғау сипатында шаралар қабылдау, тауарлардың жекелеген топтарына бағаның негізсіз өсуін ұстап тұру тетігі, кедергілерді жою туралы және т.б. шамамен 40 жуық ұсыныстар жіберілді. Бұл ретте, бағаны ұстап тұру тетігін қолдану талаптарының бірі осы тауарларды биржада өткізу есебінен айқын нарықтықтық қатынастарды құру болып табылады.
Тұтастай алғанда, 2009 жылы Агенттік жүргізген дағдарысқа қарсы іс-шаралардың тиімділігі кейінгі заңнамалық және институционалдық жұмыстардың арқасында мүмкін болды.
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап «Бәсекелестік туралы» (бұдан әрі – Заң) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілді. Бәсекелестік туралы заңның негізгі жаңалықтары кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін ынталандыруға, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметке теріс араласуын шектеуге, монополистік қызметті шектеу нысандары мен әдістерін жетілдіруге және жосықсыз бәсекелестікке жол бермеуге бағытталған.
Қабылданған заңдардың мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету және негізгі міндеттері монополистік қызметтің алдын алу, жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу, экономка салаларын монополиясыздандыру, еркін бәсекені қамтамасыз ету тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады[2, 57 б].
2009 жылдың ішінде Заңды әкімшілендіру көбінесе бұл дағдарысқа қарсы заң екендігін көрсетті. Қолайлы бәсекелестік жағдай жасаудың маңыздылығы әсіресе дағдарыс жағдайында шынайы болды. Практика Заңның өркениетті бәсекелестік қарым-қатынасты қалыптастыруға әсер еткендігін дәлелдеді, оларды дамыту нәтижесінде тұтынушылар бағаның төмендегенін «сезінді», сөрелерде тауарлар ассортиментінің жеткілікті екендігін көрді. Бұдан басқа, Заңның нормалары кәсіпкерлердің ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін меңгеруіне бағытталған, бұл өндірілетін тауарлар сапасының өсуіне ықпал етеді, мұнымен одан әрі өсу және жаңа нарықтарды жаулап алу үшін мүмкіндіктер іздеуде әлемдік деңгейге шығуға болады.
Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын болдырмау мақсатында 2009 жылы Агенттік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметтін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша, оның ішінде «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы лотереялар және лотерея қызметі туралы» және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына ұсыныстар дайындады.
Сондай-ақ, Заңның нормаларын іске асыру мақсатында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оларды пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын бекіту мәніне заңнамалық актілерге түгендеу жүргізді. Аталған талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының 19 заңнамалық актісінде Бәсекелестік туралы заңның ережелеріне сәйкес келмейтін нормалар анықталды. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.
«Бәсекелестік туралы» Заңды іске асыруды әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында Агенттік әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді жалғастыруда.
Сезімтал тауарлар, сақтандыру қызметі, «Қазпочта»АҚ-ның қаржылық қызметі, дәрілік заттар, энергетикалық сараптамалар жүргізу, мұнайды өндіру және өткізу, метал қорытпасын өндіру және өткізу, цементті көтерме саудада өткізу, почта байланысы қызметі (тапсырыс хаттарды шағын пакеттерді жіберу) нарықтарындағы жағдайларға талдаулар (мониторинг) жүргізу жөніндегі әдістемелер бекітілді.
Бәсекелестік туралы заң шеңберінде қабылданатын шешімдердің алқалылығы Агенттіктің басқармасы арқылы қамтамасыз етіледі. 2009 жылы 11 отырыс өткізілді, онда Агенттіктің практикалық қызметінің негізгі бағыттары бойынша шешімдер қабылданды. Агенттіктің жанында бірнеше консултативтік-кеңесуші органдар – Әдістемелік кеңес, Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі және Мұнай өнімдері нарықтарындағы проблемелық мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестер құрылды және табысты жұмыс істеп жатыр.
Жүргізіліп отырған әкімшілік реформа шеңберінде жекелеген өкілеттіктерді өңірлік деңгейлерге бере отырып Агенттіктің функциялары мен санын оңтайландыру жұмыстары жүргізілді.
Тауар нарықтарында, оның ішінде іс-әрекеттері жекелеген ұйымдарға оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын негізсіз басымдықтар, жеңілдіктер беретін актілер не шешімдер қабылдаудан көрінетін, мемлекеттік органдар тарапынан бәсекелестікті шектеуге әкелетін монополияға қарсы заңнама нормаларын бұзу саны жыл сайын ұлғайып отыр.
Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерінің жолын кесу жөніндегі жұмысын белсендендіру мақсатында Агенттікте Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерінің жолын кесу басқармасы құрылды.
Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне түгендеу жүргізілді, нәтижесінде нарық субъектілерінің саны 333 бірлікке азайды және 2010 жылғы 1 қаңтарда 612 субъектіні құрады, оның ішінде: отын-энергетикалық кешенінде – 177, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында – 134, көлік саласында – 91, коммуникация және байланыс саласында – 31, өзге де салаларда – 179.
Мемлекеттік сатып алу кезінде жасырын монополияға жол бермеу мақсатында Тізілімге нарық субъектілерінің үлесін 100 %-дан «35 %-дан астам» үлеске өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізілді, тауарлардың әлеуетті өнім берушілері үшін тауарларды бір көзден сатып алу мүмкіндігін жояды және тең мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Агенттік жүргізетін тауар нарықтарын талдау саны жыл сайын өсіп отыр. Өткен жылы Агенттік тауар нарықтарының 60 тобын талдады (2008 жылғы көрсеткіштен 1,5 есеге көп). Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша темір жол көлігі, телекоммуникация, отын-энергетикакешені саласында жоғары монополиялау анықталды. Аталған салалар экономика құраушы болып табылғандықтан, аралас салаларда бәсекенің дамуына айтарлықтай әсер етеді. Экономиканың көрсетілген салаларын монополиясыздандыру жөнінде қабылданған шешімдер аяқталмай қалып отыр.
Агенттік қызметінің негізгі басымдықтарының бірі «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығында (бұдан әрі – ҮИИДМБ) белгіленген бәсекелестікті қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі
Бағдарламаны әзірлеу тауар нарықтарында еркін бәсекелестікті дамыту үшін тартымды және ашық жағдайлар жасау, заңнамалық базаны жетілдіру қажеттілігінен туындап отыр.
Бағдарлама бәсекелестік саясатты іске асыру үшін негіз болып табылатын болады, 2014 жылға дейінгі кезеңдегі оның басымдықтары мен негізгі бағыттарын, бәсекелестікті дамыту жөніндегі, мүмкіндіктерді кеңейтетін және кәсіпкерлік қызметті ынталандыратын шараларды айқындайды.
Бағдарламаның мақсаты тауар нарығының тиiмдi жұмыс iстеуiне бағытталған қолайлы жағдайлар жасау жолымен еркiн бәсекелестiктi дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi болып экономиканың барлық салаларында бәсекелестiк ортаны құру және субъектiлердiң монополистiк тәртiбiн және мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiн болдырмау айқындалды.
Бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыру:
- мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқартуға;
- жергілікті атқарушы және өкілді органдар қызметінің ашықтығын арттыруға;
- әкімшілік кедергілерді қысқартуға және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды құруға ықпал ететін болады.
- Тұтастай алғанда Бағдарлама қабылдау және оны іске асыру ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті дамыту жөніндегңі бірлескен іс-әрекеттерінің маңызды оң тәжірибесі болуы тиіс.
1.2. Монополияға қарсы ден қою және сот талаптары
Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелері 2009 жылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 263 іс қозғады. Оның ішінде, Бәсекелестік туралы заңда шектелген монополистік қызмет үшін – 49, мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері үшін – 1, экономикалық шоғырлану кезіндегі нарық субъектілерінің заңсыз іс-әрекеттері үшін – 22, жосықсыз бәсекелестік үшін – 10, өзге де бұзушылықтар үшін – 181 іс қозғалды.
Монополияға қарсы орган жүргізген тергеулер нәтижелері бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы 56 нұсқама шығарылды.
Агенттіктің талаптары бойынша бюджетке 1,9 млрд. теңгеден астам қаражат түсті.
Жанар жағар май (бұдан әрі ЖЖМ), азық-түлік және жеміс-көкөніс өнімдері нарықтарындағы жағдайды тұрақтандыру шеңберінде Агенттік бірқатар жұмыстар жүргізді.
Агенттік монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жедел ден қою және мүмкін болатын фактілердің жолын кесу мақсатында ЖЖМ нарығындағы жағдайды бақылауды жүзеге асырды. Мұнай өнімдерін жеткізу нарығындағы жағдайларды тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде аталған нарық субъектілеріне қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеулер жүргізді, субъектілердің өз үстем жағдайларын теріс пайдалану, бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс әрекеттер белгілеу, сондай-ақ аталған нарық субъектілері тарапынан жосықсыз бәсекелестікті көрсету фактілері анықталды.Жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзған нарық субъектілерін Агенттік Заңда көзделген жауаптылыққа тартты [3, 79б].
Қазақстан Республикасы нарығындағы ЖЖМ-ның ірі өнім берушілерінің бірі болып табылатын «ПетроҚазақстан» СҮ» ЖШС мен «Торғай Петролеум» АҚ-ның қызметінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану, оның ішінде нарық субъектілерімен жасалған маңызы бірдей келісімдерге объективті түрде өзін-өзі ақтамайтын себептермен әртүрлі бағалар қолдану не әртүрлі талаптар қою, сондай-ақ өзінен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгісі бойынша шектеулер белгілеу фактілері белгіленді. Осы фактілер бойынша аталған субъектілерге қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды жою туралы нұсқама шығарылды, сондай-ақ «ПетроҚазақстан» СҮ» ЖШС-ның монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша материалдар қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қаржы полициясына берілді.
«Гелиос» ЖШС мен «Sinooil» ЖШС-ға қатысты Агенттік бензинге өткір тапшылық кезеңінде, оны тек талон бойынша негізсіз өткізу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Аталған субъектілер бойынша іс материалдары сотқа берілді.
Сондай-ақ, Агенттік Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ЖЖМ-ді көтерме-бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын 43 нарық субъектісіне қатысты тергеу аяқталды, өткізу бағасын белгілеу бойынша келісілген іс-әрекеттер фактісі, ЖЖМ-ның тек талон бойынша өткізу фактісі анықталды, кінәлі субъектілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, материалдар сотқа берілді.
Бұдан басқа, 2009 жылы бензинге жасанды тапшылық жасау, оның ішінде МӨЗ-де резервуарлық тауар ірку мәніне ҚазМұнайГаз компаниясының топтарына (АМӨЗ, «Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазМұнайГаз» СҮ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ), Санойл, Petrо Operating және басқаларға қатысты тергеу басталды. Қазіргі уақытта аталған тергеулер аяқталды, монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол берген субъектілерге қатысты ден қою шаралары қолданылды.
Цемент өнімдері нарығына талдау жүргізу нәтижелері бойынша Агенттік «Семей цемент зауыты» ЖШС, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ және «Central Asia Cement» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтау мәніне тергеу жүргізілді, кептеліс кезеңінде цементті өткізу бағасын белгілеу және ұстап тұру бөлігінде көрсетілген зауыттар арасында бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің бар екендігі расталды.
Осы бұзушылық үшін Агенттік айыппұл санкцияларын салды, қазіргі уақытта материалдар сот органдарында қаралуда.
Бұдан басқа, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ қатысты нарық субъектілерімен жасалған маңызы бірдей келісімдерге негізсіз әртүрлі бағалар қолдану бөлігінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды.
Монополияға қарсы орган «Нұр Отан» ХДП мен «КК ЗиМС «Интертич» АҚ-ның өтініші негізінде бензин түрінде сыйақымен қамтамасыз етудің орнына комиссиялық сыйақылардан жеңілдік жасауына байланысты «САЯ» сақтандыру компаниясы» АҚ-ға (бұдан әрі – «САЯ» СК» АҚ) қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеу жүргізілді.
Тергеу жүргізу барсыныда өтініштерде көрсетілген дәлелдер расталмады.
Бірақ, «САЯ» СК» АҚ бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама берген кезде «Залей бензин» акциясының ҰОС-ға қатысқан көлік құралдарының иелеріне және оларға теңестірілетін адамдарға, 1-2-топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге таратылмайтындығы туралы хабардар етілмеген, осылайша «САЯ» СК» АҚ үшін тиімді акция шартының бір бөлігін ғана баяндап, жарнаманы тұтынушыларды жаңылыстырғаны, бұл ретте халық үшін едәуір маңызы бар мәлімет қамтылмағаны белгіленді.
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы бiлiмсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс.
Осылайша, «САЯ» СК» АҚ аталған іс-әрекеттерді жасау жолымен «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында көзделген дәйексіз жарнаманы орналастыру бөлігінде монополияға қарсы заңнама нормасын бұзды.
«САЯ» СК» АҚ тегреу нәтижесі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық турады» қазақстан Республикасы кодексінің 147-4 бабының 2-бөлігі бойынша 250 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл түрінде жаза қолданыла отырып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды, айыппұл сомасы 353 250 (үш жүз елу үш мың екі жүз елу) теңгені құрады. Қазіргі уақытта Қоғам салынған айыппұлды төледі.
Сауда саласындағы заңнаманы жетілдірмеу алыпсатар делдалдар институтының, сондай-ақ отандық өндірушілерге қатысты өктемдікке және ретейлдің кемсітушілік саясатының әрекет етуіне мүмкіндік береді. Отандық өнім берушілер супермаркет желілерін әр түрлі бонустарды төлегеннен кейін кредитке алады және жеткізілген өнімі үшін оны өткізгеннен кейін 2-3 айдан соң есеп айырысады. Азық-түлік тауарларын жеткізуде монополия белгіленді, өнімнің шамамен 35 %-ын ірі супермаркеттерге бір-екі импорттаушы компаниялар жеткізеді. Аталған компаниялар өндірушілерден эксклюзивті құқықтарға ие болып табылады, нәтижесінде үстеме бағаның мөлшері едәуір ұлғаяды.
Бұл супермаркет сөрелерінде қазақстандық қамту үлесінің шайылуына, азық-түлік тауарларының импортын монополияландыруға, сондай-ақ азық-түлік себетінің қымбаттауына әкеледі.
Осы фактілер бойынша бірқатар супермаркеттерге қатысты монополияға қарсы заңнама нормаларының бұзылуына тергеулер жүргізілді, нәтижелері бойынша 14 супермаркет (Рамстор, Гросс, Анвар және басқалар) жауаптылыққа тартылды.
Мынадай фактілер бойынша жеміс-көкөніс өнімдерінің ірі импорттаушысының бірі «RG Brands Kazakhstan» ЖШС -ға қатысты тергеу аяқталды:
- өзінен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгісі және бағасы бойынша шектеулер белгілеу, сондай-ақ тауарлар беруге бәсекелестер өндіретін не өткізетін тауарларды сатып алу кезінде шектеулер қолдану шартын қою жолымен өз үстем жағдайын теріс пайдалану. Агенттік шығарған санкцияның сомасы 18 156 178 теңгені құрады;
- сатып алушыны шарт жасасудан бас тартуға немесе маңызы бірдей шарттар бойынша өзге де өнім берушілерге кемсітетін талаптар қолдануға мәжбүрлеу жолымен өнім берушіні кемсітуге шақырудан көрінген жосықсыз бәсекелестік (2010 жылдың 1-тоқсанында аяқталды). Аталған тергеу нәтижесі бойынша «RG Brands Kazakhstan» ЖШС 2 119 500 теңге айыппұл төледі.
Бүгінгі күні супермаркеттер монополияға қарсы заңнама нормаларына қайшы келетін және соңғы өнім құнының өсуіне әсер етуді болдырмау ережелері бөлігінде жеткізу шарттарына өзгерістер енгізді.
2009 жылы астық өндіруші және ұн шығарушы кәсіпорындарға қатысты жосықсыз бәсекелестік және монополиялық жоғары баға белгілеу мәніне тергеу жүргізілді. Тергеу нәтижелері бойынша «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС, «Жаркөл элеваторы» АҚ, «Заятский элеваторы» ЖШС-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды.
Бұдан басқа, 2009 жылы астық өндіруші және ұн шығарушы кәсіпорындарға («Павлодар нан-тоқаш комбинаты» ЖШС, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС, «Цесна-Астық нан зауыты» ЖШС, «Заман групп» ЖШС) қатысты тергеулер басталды.
Коммуналдық қызметтерді тұтынушылардан келіп түскен өтініштер негізінде коммуналдық қызметтер нарығында монополияға қарсы заңнама нормаларының бұзылуына 28 тергеу жүргізілді.
Коммуналдық қызметтер нарығындағы негізгі бұзушылықтар аталған нарық субъектілерінің энергиямен жабдықтауды негізсіз шектеуден, энергиямен жабдықтаудан ажыратудан, сондай-ақ тұтынушыларға өз мазмұны бойынша энергияны жеткізу шартының мәніне қатысы жоқ және тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым көрсететін қосымша міндеттемелерді тұтынушыларға күштеп таңудан көрінетін өз үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері болып табылады.
Мысалы, Агенттік энергиямен жабдықтаушы ұйым «Шығысэнергострейд» ЖШС-ға (ШҚО) қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына бес тергеу жүргізді, тергеу шеңберінде аталған нарық субъектісінің өз мазмұны бойынша энергиямен жабдықтау шартының мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді тұтынушыларға күштеп таңу, электр энергиясына негізсіз тарифтер қолдану фактілері анықталды. Соңғысына қатысты Агенттік монополияға қарсы заңнама нормаларының бұзылуын жою туралы 3 нұсқама шығарды (қазіргі уақытта нұсқамалар орындалды), үстем жағдайын теріс пайдаланудың мынадай фактілері бойынша екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды:

- Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы
- Көші-қон полиция басқармасы
- Көшірме не аударма емес- Ұлттық бағдарлама
- Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
- Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері
- Көшпенділердің мәдениеті
- Көшпенділіктің түрлері
- Көрсеткіштік функцияның қасиеттері мен графигі
- Көру анализаторы
- Көсшбашылық
- Көтергіш крандардың түрлері және оларға қойылатын талаптар
- Көтерме және бөлшек сауда айналымы
- Көтерме және бөлшек сауда айналымы
- Көтерме сауда