Кұқық коргау органдары

Құқық қорғау органдары-заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Олар міндеттері, қызметтері, қызметінің түрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: әділет органдары, полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, , сот органдары, адвокатура, нотариаттар ,прокуратура,  әр алуан мемлекеттік инспекциялар өрт, санитарлық, қаржы және т.б, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу шараларын қабылдау болып табылады.

Енді  әділет органдарының қызметі жөнінде қысқаша тоқталсақ.1-тарау. Жалпы ережелер.

1-бап. Қазақстан  Республикасы әдiлет органдарының  мәртебесi жөнінде: 
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.

2-бап. Әдiлет  органдары қызметiнiң құқықтық  негiзi: 
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

3-бап. Әдiлет  органдарының мiндеттерi: 
1) жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу; 
2) Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету; 
3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің мемлекеттiк есебiн жүргiзудi және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру; 
4) құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; 
5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру; 
6) қылмыстық жазаларды атқару, Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде құқықтық тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету; 
6-1) сотталғандардың түзелуiн ұйымдастыру; 
6-2) сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегіазаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету; 
7) санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру; 
8) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды 
9) әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу; 
9-1) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру; 
9-2) азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру; 
10) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.

Әдiлет органдарының қызметi: 
1)заңдылық; 
2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау; 
3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау; 
4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне тәуелсiз болу; 
5) гуманизм, демократия, қылмыстық жаза атқарудың жiктелуi мен дербестендiрiлуi, қылмыстық жазаны түзету ықпалымен ұштастыру; 
6) әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы принциптерiне негiзделедi.

Ұлттық қауіпсіздік органдары тікелей Президентке бағынады, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін, Конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақ тұтастығын, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге тілек білдірген, өздерінің моральдық (өнегелік) және іскерлік қабілеттеріне, жасы, білімі мен денсаулығына қарай өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналаса алады. Кедендік бақылау органдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік қызмет республиканың кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының (тасымалдаушының) қозғалысына кедендік иідемдер мен салықтар алу, кедендік рәсімдеу, кедендік бақылау және кедендік саясаттың, басқа да құрамаларын іске жұмылдырудың шарттары мен тәртіптерін құрайды. Кедендік органдардың лауазым иелері билік өкілдері болып табылады, олардың заңды талаптары мен өнімдерін мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар орындауғa міндетті.

Қазақстан Республикасында  әділеттілікті тек кана сот жүзеге асырады.Сот билігі азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғайды, Қазақстан Республикасы Конституциясының, тағы басқа құқықтық-нормативтік  актілердің, халықаралық келісім- шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан  Республикасындағы сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен жергілікті (облыстық және оған теңестірілген Қазақстан Республикасы әскерінің әскери соты), аудандық (қалалық) заңмен бекітілген соттар құрайды.Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:— Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.— Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды.Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.Сот билігін жүргізуші — судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.

   Дамыған шет мемлекеттерде адвокат қызметі аса жоғары бағаланады. Себебі, оған адам баласына, оның тағдырына араша түсу міндеті жүктелінетіні белгілі. Адам баласына, оның тағдырынан бағалы дүние сирек десек те жарасқандай. Ал социалистік жүйеде билік қоғамға өз әмірін жүргізіп келеді. Мұндай жағдайда адвокатура қызметінің ештеңе шешпейтіні, формальді құрылым ретінде ғана қорғағаны о бастан мәлім. Қазіргі заманның өзгеруіне байланысты Қазақстанда тәуелсіз адвокатураның қажеттілігі айқын бола түсті. Расын айтсақ бұрындағы адвокат сотта, іс қарау барысында еш нәрсе шешпейтін. Өз көзқарастарын білдіре алмайтын. Өз деңгейінде азаматтардың құқығын қорғауға дәрменсіз еді. Осы қабылданған Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңы адвокаттық қызметті толық деңгейде жүргізуге жол беріп, танысып ашты. Заңда адвокаттардың қызметі жан-жақты қорғалады.

Адвокат тәуелсіз саналатындықтан, олардың қызметі кәсіпкерлікке  жатпайды. Мемлекеттік мекеме де болып  табылмайды.

Адвокатура – азаматтадың  құқықтары мен бостандықтарын қорғауды заң шеңберінде жүзеге асыра отырып, адвокаттық қызметті атқаратын азаматтардың ерікті қоғамдық ұйымы.

Жалпы халықтың сауаттылығының және мәдениетінің көтерілуі, олардың  әлеуметтік саяси – тәжірибеге ие болуы, демократияның дамуы оның негізгі принциптерінің насихатталуы, соның ішінде азамматтардың құқыктары  мен бостандықтарын қорғау және басқаларды, осы аталғандар адвокатура сияқты құқықтың институттың туындауына себеп болды. Адвокатураның ұйымдастырушылық құқықтың нысаны – адвокаттар алқасы, ал оның мүшелері адвокаттар болып табылады. 1997 ж. 5-желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңы адвокатураның қазіргі кездегі жұмысы, (қабылданған заң арқылы) қызметін, бағыты, мақсатын анықтайды. Осы қабылданған заң арқылы адвокатураның беделі өседі деген ойдамын.

Аталып кеткен Қазақстан  Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңның бірінші бабында  адвокаттық қызметтің, яғни адвокатураның  мақсаты белгіленген. Қазақстан  Республикасындағы адвокатура –  адамның өз құқықтарын, бостандықтарын  сотта қорғауға және білікті заң  көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының  Конституциясымен баянды етілген құқығын  жүзеге асыруға жәрдем беру мақсаты  болып табылады. “Адвокатура”  ұғымына  бірнеше анықтама бар, көбіне:

Адвокатура – адвокаттық кәсіп, яғни сотта адамның мүддесін қорғаудан тұратын қызметтің  бір түрі.

Адвокатура – бұл адвокаттардың  қоғамдық тобы, яғни, өздерін бұл  мамандыққа арналған тұлғалар тобы (класы).

Адвокатура – адвокаттардың  сословиясы, яғни өздерінің кәсібін  өздеріне арналған тұлғалар тобы.

Адвокатура – сот өкілдігінің  қарама-қайшылықтарына құқық қорғаушылқ.Арсентьев  В.О. Адвокатураның ең толық ұйымын былай деп айтқан:

Адвокатура – бұл заң  негізінде жеке азаматтар мен  заңды тұлғаларға заң жүзінде  көмек көрсететін мамандандырылған қоғамдық ұйым1.

Дәл осындай анықтаманы Қ.Х.Халиковтың еңбегінен де табуға болады. Ол адвокатураға мынадай анықтама береді: адвокатура дегеніміз өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым, ол заң негізінде халыққа  және ұйымдарға құқықтық мәселелер  жөнінде ақыл-кеңес беру, алуан  түрлі құжаттар мен іс қағаздарын жасау, сотта қылмыстық істер  бойынша өкіл болуды жүзеге асыру  жолымен заң көмегін көрсетеді2.

Адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен  міндеттері

Адвокат – міндетті түрде  адвокат алқасының мүшесі болып  табылатын және Қазақстан Республикасының  “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының  нормаларымен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң  көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының  азаматы1.

Адвокат алқасының мүшесі болу үшін жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы  екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметі жүзеге асыру құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының  азаматы мүше бола алды.

Қазақстан Республикасының  Президентінің “Лицензиялау туралы”  Заң күші бар Жарлығында айтылғандай: “Азаматтарға қызмет көрсетуге байланысты мынадай қызмет түрлері лицензиялауға  жатады: мемлекеттік емес суъектілердің  із кесу (детективтік) және күзет қызметіне, адвокаттық қызметке байланысты заң  қызметін көрсету”2.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны әділет біліктілік алқасының ұсынымы негізінде  Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі береді. Берілген лицензия негізгі тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының  барлық аумағында қолданылады.Адвокатқа  лицензия біліктілік емтиханын тапсырған  жағдайда беріледі.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия мынадай  тұлғаларға берілмейді:

  1. қасақана жасаған қылмысы үшін сотталған тұлғаға;
  2. жазасын өтеп жатқан тұлғаларға;
  3. алкаголь мен есірткі заттарды пайдалануы нәтижесінде тиісті тәртіппен әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған тұлғаларға;
  4. лицензия алу үшін біліктілік емтиханын тапсырмаған тұлғаларға;
  5. кәсіпкерлік қызметпен айналысатын немесе қандай да ақы төленетін қызмет түрімен айналысатын тұлғаларға;
  6. заңмен көзделген т.б. жағдайларда.

Адвокаттың көмекшілері  мен тағлымдамалардан өтушілер, болуы  мүмкін.

Адвокаттың көмекшілері  еңбек шартының негізінде заң консультациясында, адвокат кеңесінде немесе адвокаттық қызметпенжеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс істейді.Көмекшілері адвокатың барлық тапсырмалары мен бұйрықтарын орындауға құқылы болып табылады.Жоғары заң білімі бар азаматтар адвокаттық тағлымдамадан өтушілер деп атайды. Бұл тағлымдама туралы шарттардың негізінде адвокатта тағлымдамадан өтеді.

Адвокаттың құқықтары:

Адвокат алқаларының мүшелеріне құқықтар мен міндеттер берілген. Адвокат алқасының мүшелерінің  құқықтары 2 топқа бөлінеді.

Бірінші топқа – адвокат  алқаның  мүшесі екендігін көрсететін құқықтар.

    Екінші топқа – қылмыстық бойынша қорғаушы және азаматтық іс бойынша өкіл ретінде адвокаттық кәсіби құқықтары жатады1.

Адвокат алқа мүшесі ретінде:

  • Адвокаттар алқасының органдарына сайлануға және сайлауға;
  • Адвокаттар алқасы органдарына алдына алқа қызметіне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның оргындарының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  • алқа органдары оның қызметі немесе мінез-құлқын тексерген және талқыланған барлық жағдайларда өзі қатысуға;
  • өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.

Адвокат, қорғаушы немесе өкіл ретінде мынадай әрекеттер  жасауға құқылы:

  • Заң көмегін көрсету үшін қажет нақты мәліметтерді дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;
  • Көмек сұрап келген адамға қатысты материалдармен танысуға және оларды ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен белгілеп алуға;
  • заңдарға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы2.

Адвокаттың міндеттері:

Адвокат заң талаптарын сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге  құқығы жоқ және т.б.

Мемлекет өз кезегінде  адвокаттарға заң бойынша, қойылған талаптарды орындалуын қамтамасыз ету  үшін белгілі-бір шараларды қолданады, яғни құқық қоргау органдарында және әділет органдарында белгілі-бір өкілеттікті  беру арқылы құқықтық қызмет пен халыққа  заң көмегін көрсету аясындағы  қызметі құқықтық тұрғыда реттейді. Осылайша, реттеудің мақсаты болып, құқықтық көмек көрсету рыногын  жоғары, сапалы құқыққорғау қызметімен толтыру болып табылады.

Қылмыстық және азаматтық  істер бойынша сотқа қатысудан  басқа адвокат азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді, бірлестіре отырып ұйымдарға, мекемелерге, кәсіп орындарға  берген сауалдарына заңды негізге  ала отырып, консультациялық кеңес  береді. Осы консультациялық кеңес  негізінен туындап тұрған дауды  бастамас бұрын талап арызды қалай  керек екендігін, әкімшілік, әлеуметтік саяси тұрғыдан еңбек қатынастарының барысында туындаған даулы сауалдардың  дұрыстығын анықтауға адвокат осы  жұмыс арқылы ашып береді1.

Консультациялық жұмыс адвокаттардың  қызметтерінің бір түрін көрсетеді. Заң көмегін қамтамасыз етеді. Мысалы: бір қызметкерлерді жұмыстан заңсыз түрде шығарып тастады, осы заңдылықты шешіп, әшкерлеу барысында адвокат  қыруар жұмыс жасап айқындайды:

Біріншіден, заңды көмек  сұрап келген қызметкер ауруханада емделген бе, емделсе қай уақыт  аралығында. Жұмыстан шығарып жіберу қағазы қашан жазылған, алдын-ала  қызметкерге жұмыстан қудаланатындығы  туралы ескертіледі ме деген сауалдарға жауап іздеп дауды дұрыс шешілуіне  адвокат өзінің кеңесі арқылы көмек  береді. 

Конституциялық қызметті адвокаттар басты жағдайларда заң  консультацияларда жүргізеді. Қазақстан  Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы ” Заңында заң консультациясын  құру тәртібі бар.

  1. Заң көмегін көрсету жөнінде жұмысты ұйымдастыру үшін адвокатар алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады.
  2. Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның өз атауы мен тиесілі адвокаттар алқасына белгіленген мор мен мөр таңбасы, заң көмегін ұйымдастыру үшін қажетті өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы бекіткен ереже негізінде іс-қимыл  жасайды.

Құқықтық квалификациясын  көтеру мақсатында адвокатураға арналған арнайы хабар-анықтама, номативтік және методологиялық әдебиеттер шығарылған материалдар бар қиын сауалдар туындаған  жағдайда тәжірибелі, жоғары сауатты  адвокаттар қатарымен методологиялық кеңес мәжілісінде қаралады. Консультациялық  жұмыстың қорытындысы жүйелік түрде  талап қортындайды. Осыған келіп  заңды кеңестің дұрыс берілуін бақылайды  және сапасын бағалауға мүмкіншілік  береді. Тәжірибе бойынша консультациялық  жұмыс көбінесе азаматтық, отбасы, еңбек  және әкімшілік заңдар тарапындағы  қатынастардан туындайтын сауалдар кездеседі.

Құқықтық қатынастарды реттеу үшін адвокат нақты мамандандырылған кеңес беру керек. Кеңес беру арқылы тауып тұрған дауды азаматтар өз құқықтарын тәжірибеде жүзеге асыру, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен мүдделерді қорғау аясында көп жағдайларда азаматтық іс-жүргізуде – сот өкілдігі институтын қолдау арқылы қамтамасыз етіледі.

           Нотариат — даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі. Нотариат пен сот азаматтық іс айналымында заңдылықты алдын ала және істен кейін бақылаудың бірыңғай қызметін жүзеге асырады. Бірақ азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауды қарайтын соттан айырмашылығы, нотариат азаматтық құқықтарды заң жолымен бекітуге және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігін алдын алуға бағытталған қызметтерді орындайды.

Нотариат қызметі


  • мәмілелерді куәландыру;
  • мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесін және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік;
  • азаматтың тірі екендігін куәландыру;
  • құжаттардың түсіру уақытын куәландыру;
  • жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға табыс ету;
  • атқарушы жазбалар жасау;
  • құжаттарды сақтауға қабылдау сияқты іс-әрекеттер кіреді.

Нотариат пен  адвокаттық  қызметі саласындағы  заңдылыққа өзгерістер

Қазақстан Республикасындағы 2010-2020 жылдарға дейін кезеңдегі Құқықтық саясат тұжырымдамасының 3 тармағына  сәйкес, маңызды міндеттердің бірі нотариат қызметінің жүйесін жетілдіру  болып табылады. Әділет Министрлігі  аталған тұжырымдаманы іске асыру  мақсатында қазіргі күні нотариат саласындағы  заңдылыққа бірқатар өзгерістердің  енгізілуіне қол жеткізді, және де біздің министрлікпен берген заң  актілеріне басқа да ұсыныстар қазіргі  уақытта Парламенттің қаралуында.

Әр қайсысына бөлек  тоқталар болсақ, 2011 жылыдың 1 шілдесінде ҚР Үкіметінің № 752 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 қыркүйек 2001 жылғы № 1235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысына (әрі қарай-Қаулы) қол қойылды. Бұл Қаулыға сәйкес, біліктілік емтиханын қабылдау жүйесін  Әділет департаменттеріне берілді, яғни енді нотариус және адвокат қызметімен айналысуға үміткер азаматтарымызға  Астанаға бармай-ақ, өтініштерін тұрғылықты жері бойынша облыстардың әділет департаменттерінде құрылған аттестаттау  комиссияларына жолдап, жергілікті жерлерде сынақтан өтуге мүмкіндік туды. Әкімшілік  кедергілерді жою мақсатында қабылданған  бұл өзгеріс өз кезегінде азаматтарымыздың уақыты мен жол шығынын да үнемдейді. Қаулыға сәйкес комиссия құрамы 7 мүшеден  тұрады, оның ішінде Әділет департаменті, прокуратура өкілдері, құқықтанушы-ғалым, мәслихат депутаты және нотариус, адвокаттар бар. Бұл құрам ҚР Әділет Министрінің  бұйрығымен бір жыл мерзімге бекітіледі. Қазіргі таңда департамент басшылығымен кезекті аттестацияны өткізу бойынша  қажетті іс-шаралар толықтай ұйымдастырылды. Қаулының алғаш ресми жариялануынан  он күнтізбелік күн өткеннен соң, үміткерлер Атырау облысының әділет департаментіне құжаттарын тапсыра  алады. Қажетті құжаттардың тізімін  өзгерістер енгізілген 2001 жылғы 25 қыркүйегіндегі №1235 ҚР Үкіметінің қаулысынан, немесе Әділет департаментінің ресми сайтынан қарауға болады.Сондай-ақ, ҚР-ның  «Нотариат туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын тағы бір заң жобасы талқыланып, Мәжіліспен мақұлданды. Заң жобасының  мақсаты нотариаттық қызметпен  айналысуға белгіленген квотаны  алып тастауды көздейді. Бұл жоба қазір  де қоғамда көптеген дау туғызып  жатыр. Алайда, бұл жобаны Парламентке  ұсынар алдында Әділет министрлігімен жан-жақты, соның ішінде әлем тәжірибесі бойынша зерделенген болатын.

Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары , олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді.Қазақстан азаматтарының жақсы өмір сүруіне жағдай жасауға бірден бір ықпал ететін саяси органдар десек болады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Пайдаланған әдебиеттер:

1.    Ғаламтор желісі www.google.kz

2. Халиков Х.Қ. “Қазақстан республикасындағы құқық қорғау органдары”. –  Алматы, 1995ж.

3.   С.Д.Баққұлов «Құқық негіздері»  Алматы,2004ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

1.     Қазақстан Республикасының Әділет органдарына жалпы сипаттама.

2.     Ұлттық  қауіпсіздік органдары.

2.2   Сот және сот билігі. 

2.3   Адвокатура және наториат.

3.     Қорытынды.


Кұқық коргау органдары