Көз және оның құрылысы, гигиенасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: « Көз және оның құрылысы, гигиенасы »
Өскемен қаласы, 2013 жыл
Жоспар:
- Кіріспе бөлім
- Негізгі бөлім
- Көз алмасының жеке бөлімдері мен оның қызметі
- Тор қабықтың құрылысы
- Көз ұясының құрылысы
- Қабақтардың, конъюктива мен жас ағзаларының ерекшелігі мен қызметі
- Көз ағзасының қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі
- Көз гигиенасы
- Қорытынды бөлім
Көз – оптикалық жүйе. Жарық адамдардың
айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік
беретін энергияның бір түрі. Алайда көру
арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз.
Көру мүшесі – біздің көзіміз.
Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық
жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ
көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі Көз алмасы – бұл жұп
мүше, бас сүйектегі көз шарасында орналасады.
Көз алмасы сыртқы немесе фиброзды, ортаңғы
немесе тамырлы, ішкі немесе торлы деп
аталатын үш қабықтан тұрады. Бұл қабықтар
көздің ішкі мөлдір құрылыстарын қоршап
тұрады.
Көздің сыртқы қабығы фиброздық қабық деп аталады. Екіге бөлінеді: қасаң және ақ қабық.
Қасаң қабық – мөлдір, тегіс, жылтыр, сфералы, тамырсыз, аса сезгіштік, оптикалық гомогенділігімен ерекшелінеді. Қасаң қабық жарық сәулелерін сындыруға қатысады, көздегі өте күшті оптикалық орта болып саналады. 5 қабатты ажыратамыз:
1-алдыңғы эпителий; 2-алдыңғы шекаралық пластинка; 3-меншікті зат; 4-артқы шекаралық пластинка; 5-артқы эпителий. Қасаң қабықта қантамырлары мүлдем жоқ, тек қана лимбтің беткейлік қабаттары қасаң қабық маңылық қантамырлар өрімінен және лимфалық тамырлармен жабдықталған. Қасаң қабықтың сезгіштігін үшкіл нерв жүзеге асырады. Үшкіл нерв пен беттік нервтер құрамында қоректендіру талшықтары да бар. Зат алмасу құбылыстарын реттеп тұруға симпатикалық нерв жүйесі де қатысады. Қасаң қабықта 80-ге жуық түрлі нерв талшықтары бар.
Ақ қабық (sclera) – көз алмасының коллагендік және созылғыш талшықтарынан тұрады. Ақ қабық өзінің басты массасын құрайтын меншікті заттан, оның үстіңгі беткейлік жұқа пластинкасы мен ішкі қоңыр түсті пластинкаларынан тұрады. Талшықтар ретсіз, батысып, шырмалып жатқандықтан ақ қабық мөлдір болмайды. Жаңа туған балаларда ересектерге қарағанда ақ қабық созылғыштау және жұқарақ болғандықтан ішкі пигментті қабықтың түсі оны көгілдірлеу етіп көрсетеді. Шынында ақ қабықтың өзінің қан тамырлары аз, бірақ та тамырлы қабық қантамырлары осы склера арқылы өтеді. Ақ қабықтың алдыңғы бөлігін тесіп өтетін қантамырлар тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігіне бағыт алады. Ақ қабықтың артқы бөлігі қантамырларға байырақ. Ақ қабықтың барлық үш қабатында да оның қантамырлары өзара жалғасып байланысқан. Үшкіл нервтің көздік тармағының кірпіктік талшықтары ақ қабықтың сезгіштігін қамтамасыз етеді. Симпатикалық талшықтарды ол мойынның жоғарғы симпатикалық түйінінен алады. Көз алмасының жан-жаққа қозғалуын қамтамасыз ететін сыртқы 4 тік және 2 қисық бұлшықеттердің тарамыстары ақ қабыққа жабысып бірігеді.
Көздің ортаңғы торлы қабығы тамырлы қабық деп аталады. Ол шатыраш қабық, цилиарлы дене, меншікті тамырлар қабығы – хориоидея болып үш бөлімге бөлінеді.
Нұрлы (шатыраш) қабық – мөлдір қасаң қабық пен бұршақ аралығында орналасқан түсті дөңгелек перде тәрізді. Шатыраш қабық пен қасаң қабық аралығында сұйықтыққа толы кеңістік қалады, ол кеңістікті алдыңғы камера (camera anterior) деп атайды. Шатыраш қабықтың алдыңғы бөлігінде көп өсінді пигментті хроматофор клеткалары мен алтын тәріздес пигментті ксантофорлар және күміс тәріздес пигментті гуанофорлар бар. Шатыраш қабықтың артқы бөлігі фусцинге бай пигментті клеткалары бар болғандықтан қара түсті болады. 10-12 жастағы балаларда шатыраш қабық тұрақты түске ие болады. Негізінен нұрлы қабықта екі бұлшықет бар деп айтылады. Нұрлы қабық қантамырлар жүйесі артқы ұзын кірпіктік және алдыңғы кірпіктік артериялардан құралады. Ал веналары санымен де тармақталу түрімен де артерияларына сәйкес емес. Нұрлы қабықта лимфатикалық тамырлар жоқ, ал бірақта артериялар мен веналар жанында қуыстар бар. Нұрлы қабық сезгіш, көз қимыл және симпатикалық нерв тармақтарымен қамтамасыз етілген. Қарашықтың кеңеюі мен тарылуын негізінен парасимпатикалық және симпатикалық нервтер жүзеге асырады. Симпатикалық жолдар сақталып, парасимпатикалық жолдар зақымдалса, қарашықтың жарық сәулеге, конвергенциялық және аккомодациялық жауаптары мүлдем болмайды. Жаңа туған балаларда қарашық тар және жарыққа нашар жауап береді, жеткіліксіз кеңейеді, ал жас өспірімдерде кеңірек (4 мм) болады. Қартайған шақта нұрлы қабықтың созылғыштық қасиеті күрт төмендейді де қарашықтар кішірееді, олардың жарыққа берер жауаптары нашарлайды. Нұрлы қабық көздің ішкі сұйықтығының пайда болуы мен оның көзден шығып кетуіне қатысады және де қантамырларының кендігі өзгеріп тұрады.
Кірпікті немесе цилиарлы дене – нұрлы қабық пен меншікті тамырлы қабық аралығындағы тұйық шеңбер. Кірпікті дененің артқы шегі ирек сызықта бітеді де осы арадан меншікті тамырлы қабық басталады. Кірпікті дененің алдыңғы ішкі кедір-бұдырлы бетінде өте кең жайылған тамырлар торына ие дәнекер тканді тірегі – стромасы бар. Бұл бөлімде көптеген өсінділер болғандықтан оның беті кедір-бұдыр болады. Артқы жағына қарай өсінділердің саны азайып, олар кішкене бүктесін қатпарларға айналады. Өсіндер негізгі мен аралық болып екіге бөлінеді. Негізгі өсіндердің екі жақ бүйірлеріне бұршақты өз орнында ұстап тұратын жалғамалардың немесе кірпікті белдіктің талшықтары бірігеді. Бірақта бұл өсіндерге талшықтардың бірігуі тек аралық қана бірігу. Кірпікті дене бұлшықет пен дәнекер тіндерден тұратын тамырларға бай хориоидеяның мезодермалық және тор қабықтың екі қатар эпителиінің жалғасы нейроэктодермалық бөліктерінен тұрады. Оның мезодермалық бөлігіне төрт қабат кіреді: 1-супрахориоидея, 2-бұлшықетті қабат, 3-өз өсіндерімен тамырлы қабық, 4-негізгі пластинка. Тор қабықтық бөлігіне түсті пигментті және түссіз пигментсіз екі қатар эпителий кіреді. Кірпікті дене ақ қабықтың топшысына біріккен. Кірпікті дене құрылысында кірпіктік немесе аккомодациялық бұлшықет бар. Кірпіктік бұлшықеттің барлық талшықтарының бірлесіп жиырылуы көздің әртүрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қызметін қамтамасыз етеді. Кірпіктік ұзын артериялардың тармақтары тамырлы қабық үстіндегі қуысынан кірпікті денеге енеді. Кірпікті дененің алдыңғы бетінде нұрлы қабық түбінде осы тамырлар алдыңғы кірпіктік артериялармен жалғасып нұрлы қабықтың үлкен артериялық шеңберін құрайды. Кірпікті дененің жұмысы екі түрлі: оның бұлшықеттері аккомодацияны қамтамасыз ететін болса, ал эпителилері көздің ішкі сұйықтығын сүзіп шығарады. Көздің ішкі сұйықтығы көз алмасының қан тамырсыз құрылымдарын қоректендіруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кірпікті дене сұйықтықтың көзден сыртқа ағып шығуына да қатысады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа құрылыссыз негізгі пластинка болады. Кірпіктік нервтер кірпікті денеде бір-бірімен тұтасып қалың өрім жасайды. Сезгіш нервтері үшкіл нервтің 1-ші тармағы көздік нервтен, тамырларды қозғайтын нервтері симпатикалық нервтік бірігуден, кірпікті бұлшықетті қозғайтын нервтері көз қимыл нервісінен пайда болады. Жаңа туған нәрестелерде кірпікті дене қанағаттанарлы түрде жетілмеген. Кірпіктік бұлшықеті өте жұқа. Екі жасқа дейін едәуір өседі және көздің барлық бұлшықеттерінің бірлесіп жиырылуының нәтижесінде көз аккомодациялық қабілетке ие. Баланың жеті жасында толық жетіліп дамиды.
Меншікті тамырлы қабық (сhorioidea) – бұл ирек сызықтан көру нервісіне дейінгі тамырлы қабақтың артқы ең көлемді бөлігі. Ол тамырлы қабықтың үштен екі бөлігін құрайды. Хориоидея көп қабатты құрылысқа ие. Қоңыр пластинкадан кейін оның сыртқы қабаты ірі тамырлар ( Галлер) қабаты келеді. Түсті пигмент арқасында тамырлы қабық өзіндік қараңғы обскура камерасын жасайды. Осы ірі тамырлы қабатта 4-6 иірімді веналар (v. vorticosae) жайғасқан. Ол арқылы көз алмасының артқы бөлігінен веналық қан ағады. Одан кейін орта тамырлар (Заттлер) қабаты келеді. Осы қабаттың астынде ұсақ тамырлар қабаты орналасқан. Бұл қабатта дәнекер тін мен хроматофорлар аз және артерияларға қарағанда веналар көп. Тамырлы қабықтың ең ішкі қабаты шыны тәрізді пластинка (Брух мембранасы), тор қабықтың пигментті эпителиімен шекара болып есептеледі. Артқы қысқа кірпіктік артериялар көру нервісінің маңында ақ қабықтан өтіп тамырлы қабықтың үстіндегі қуысына енеді де көптеген тармақтарға бөлініп меншікті тамырлы қабықты құрайды. Тамырлы қабық қантамырлары өзінің алдыңғы жағында нұрлы қабықтың үлкен артериялық шеңбер тамырларымен, артқы бөлігінде көру нервісінің айналасында хориокапилляр қабатының тамырларымен және тор қабықтың негізгі артериясынан шығатын көру нервісінің артериялық капиллярларымен жалғасады. Тамырлы қабықта бірдей мөлшерде қан болады. Қан мөлшері бір ғана тамшыға көбейсе көздің ішкі қысымын сынап бағанасы бойынша 30 мм-ден артық дәрежеге дейін көтеруі мүмкін. Меншікті тамырлы қабықтағы көптеген қан тамырлары толассыз фотохимиялық құбылыстар жүріп жататын тор қабықтың пигментті эпителиінің үздіксіз қоректенуін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа меншікті тамырлы қабық көздің ішкі сұйықтығын жасауға және оның сыртқа ағып шығуына да қатысады; тамырлар қабырғаларындағы хемо- және барорецепторлар арқылы көздің қысымын (офтальмотонусты) реттеуге де қатысады. Меншікті тамырлы қабық негізінен трофикалық нервтермен нервтенеді. Осы меншікті тамырлы қабықта сезімтал нерв талшықтары болмағандықтан оның қабынулары, жарақаттары мен қатерлі ісіктері ауру сезімінсіз өтеді.
Тор қабық. Көру анализаторының шеткі қабылдау бөлік ролін атқарады да ол өзіндік «ми терезесі» болып есептеледі. Ол көздің түбіне, тамырлы қабықтың ішкі бетіне төселген ең ішкі қабық болып саналады. Құрылысы мен қызметіне сәйкес тор қабықты екі бөлімге ажыратады. Артқы үштен екі бөлігі жооғары дифференциалы ми ткані – тор қабықтың көретін бір бөлігі. Тор қабықтың көретін бөлігі ирелең сызық пен көру нервісі маңында астындағы тамырлы қабықпен бірігеді де қалған жерлерінде шыны тәрізді дене қысымымен өз орнында ұсталып тұрады және де таяқшалар мен сауытшалардың пигментті қабат клеткаларының өсінділермен іштей байланыста болу нәтижесінде өз орнында тұрады. Бұл байланыс патологиялық жағдайда оңай үзіледі және ажырайды. Тор қабықтан көру нервісінің шығатын жері, көру нервісінің басталатын жері оның дискісі атанады. Көру нерв дискісінен 4 мм-дей сыртқары тор қабықтың ойықтау жері сары дақ деп аталады. Тор қабық микроскопиялық үш нейронды тізбектен тұрады: сыртқы-фоторецепторлық, ортаңғы-ассоциативтік және ішкі-ганглиялық . Бұлардың бәрі қосылып тор қабықтың 10 қабатын құрайды:
- пигментті эпителий
қабаты;
- ішкі түйіршікті ядролық қабат;
- таяқшалар мен сауытшалар қабаты;
- ішкі торлы қабат;
- сыртқы глиальды шекаралық мебрана;
- ганглиялы қабат;
- сыртқы түйіршікті ядролық қабат;
- нервтік талшықтар қабаты;
- сыртқы торлы қабат;
- ішкі глиальды шекаралық мебрана;
Бірінші 4 қабат тор қабықтың жарық сезгіш аппаратына жатады да қалғандары ми бөлігін құрайды. Жаңа туған балаларда тор қабық барлық жерінде бірдей 10 қабаттан тұрады. Бір жасқа жақын көздің өсуімен қатар оның сыртқы және ішкі қабықтары созылады және жұқарады. Тор қабық дақ маңында, әсіресе оның ортасында көптеген өзгерістерге ұшырайды. Жарық сәулелері алдымен көз алмасының мөлдір құрылымдары: қасаң қабық, бұршақ, шыны тәрізді денелер мен тор қабықтан өтіп барып оның жарық сезгіш қабатына түседі. Таяқшалар мен сауытшалар фоторецепторлары тор қабықтың өте тереңде жайғасқан бөлігі. Тор қабықтың ең сыртқы қабаты түсті пигментті қабат болады. Пигментті эпителиге іш жағынан нейроэпителий клеткалары жанасып тұрады. Сауытшаларда басқа фотореагент – йодопсин табылған.
Таяқшалар мен сауытшалар көру клеткаларының ядролары сыртқы түйіршікті қабатты құрайды. Сыртқы торлы қабатын таяқшалар мен сауытшалар өсінділерінің проксимальды ұштары және биполярлық клеткалардың өсінділері мен мюллер тіректік талшықтары құрайды. Дақ маңында бұл қабат жоқ. Ішкі түйіршікті ядролық қабат көлденең амакриндік және биполярлық клеткалар мен мюллер тіректік талшықтарының ядроларынан құралады. Ішкі торлы қабат ішкі түйіршікті қабат клеткалары мен талшықтардан құралған. Ал ганглиялық қабаты бір-бірінен мюллер талшықтарымен бөлінген ірі ганглиялық клеткалардан құрылған. Осы клеткалардың ішкі торлы қабатқа енетін көптеген өсінділері бар. Бірнеше биполярлы клеткалар өз кезегінде бір ганглиялық клеткамен жалғасады. Мультиполярлық клетка тор қабықтың үшінші нейроны болып саналады. Нервтік талшықтар қабаты ганглиялық клеткалардан шыққан миелинсіз нерв талшықтарынан тұрады. Осы қабатта тіректік мюллер талшықтары, нейроглий элементтері, тамырлар бар. Ішкі шекаралық мембрана тор қабықты шыны тәрізді денеден бөліп тұрады. Ол мюллер талшықтарының қосылуынан пайда болады және жұқа мөлдір пластинка түрінде көз түбі мен тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігін жауып тұрады, ол тек көру нерв дискісі маңында жоғалады. Тор қабықтың клеткалары мен талшықтар құрылыстарының арасында ұсақ дисперсті коллоидтық аралық заты бар. Осы аралық зат жарақат кезінде, инфекциялық, гипертониялық ауруларда жылдам мөлдірлігін жоғалтады. Тор қабық архитектоникасы бас миымен ұқсас болады. Тор қабық сары дақ маңында өзгеріске ұшырайды. Сауытша орталық шұқыршада болады, ол орталық көруді атқарады. Нейрондар бір-бірімен жалғасып - түйілісіп синапстар құрайды. Клеткалардағы зат алмасу құбылыстары тор қабық қозғалысын, физикалық, физико-химиялық және химиялық реакцияларды қамтиды.
Зат алмасудан пайда болған заттар ионның құрамын өзгертеді, тор қабықтың ішкі және сыртқы қабаттарының арасында үлкен потенциалдар айырмасы пайда болады, соның нәтижесінде көру информациясын орталық нерв жүйесіне жеткізетін қозу пайда болады. Көру анализаторындағы кері байланыс арқасында ол организм қажетіне сәйкес фоторетиналдық құбылыстардың нервтік реттелуі үнемі қамтамасыз етіледі.
Көз ұясы (orbita) – көз алмасы мен оның аппаратына арналған бас сүйегіндегі қуыс орын. Көз ұясы көз алмасы мен оның басты көмекші мүшелерінің сүйектік қорғанысы болады. Көз ұясының ішкі, жоғарғы, сыртқы және төменгі төрт қабырғасы бар:
Ішкі қабырғасы ең күрделі және жұқа болады. Оны жоғарғы
жақ сүйегінің маңдайлық бұтағы, жас сүйегі,
тор сүйектің шаралық пластинкасы, сына
тәрізді сүйек денесінің сыртқы беті құрайды.
Жоғарғы жақ сүйегінің маңдайлық өсіндісіндегі
алдыңғы жас қыры мен жас сүйегіндегі
артқы жас қыры аралығында жас сүйегінің
бетінде жас қалташасына арналған шұңқыр
бар. Осы шұңқырдан жас мұрын каналы басталып,
төменгі мұрын қуысына барып ашылады.
Тор сүйегінің шаралық пластинкасы мен
маңдай сүйегінің арасында алдыңғы және
артқы торлы тесіктер бар, осы тесіктер
арқылы көз ұясынан мұрын қуысына артериялар,
ал қайтымды жолмен веналар өтеді. Жоғарғы
қабырғасы маңдай сүйегінің шаралық бөлігі
мен сына тәрізді сүйектің кіші қанатынан
құралған. Жоғарғы сыртқы шетінде жас
безіне арналған шұңқыр (fossa glandulae lacrimalis)
бар. Сыртқы қабырғасын бет сүйгінің маңдайлық
бөлігі, маңдай сүйегінің бет сүйектік
өсіндісі, сына тәрізді сүйектің үлкен
қанаты құрайды. Төменгі қабырғасын жоғарғы
жақ сүйегі, бет сүйегі мен таңдай сүйегінің
шаралық өсіндісі құрайды. Ол көз шарасын
үстіңгі жақ қуысынан бөліп тұрады. Төменгі
қабырғасында төменгі шаралық канал бар,
осы канал арқылы аттас артерия мен нерв
өтеді. Көз шарасының түбінде жоғарғы
және сыртқы қабырғалар аралығында жоғарғы шаралық саңылау
(fissura orbitalis superior) бар. Ол сына тәрізді сүйектің
үлкен және кіші қанаттарының аралығында
орналасқан. Жоғарғы шаралық саңылау
арқылы барлық көзді қозалғыш нервтер
(n. oculomotorius abducens, trochlearis), үшкіл нервтің
бірінші тармағы – көздік нерв шараға
енеді де, жоғарғы көздік вена (vena ophthalmica
superior) шарадан шығып кетеді. Көз шарасының
артқы-төменгі бұрышында сына тәрізді
сүйектің үлкен қанаты мен жоғарғы жақ
сүйегі аралығында төменгі шаралық саңылау
орналасқан. Осы саңылау арқылы шараға
төменгі шаралық нерв (n. infraorbitalis) енеді
де, төменгі шаралық вена (v. infraorbitalis) одан
шығады. Көз шарасының төбесінде сына
тәрізді сүйектің кіші қанатында көру
нервісіне арналған канал бар. Осы канал
арқылы көз шарасынан көру нервісі (n. opticus)
шығады да, көздік артерия (a. ophthalmica) енеді.
Осы канал көз шарасын бас сүйегінің ортаңғы
шұңқырымен қосады. Көз шарасының жиектік
қабырғаларына қарағанда мықтырақ, ол
қорғаныс қызметін атқарады. Көз шарасының
қабырғалары сүйек қабығымен (periorbita) жабылған.
Сүйек қабығы шараның түбіндегі көру тесігінің
маңайында және жиек шетінде ғана сүйектерге
мықты жабысып біріккен, ал қалған жерінде
тек қана бос төселген. Көз шарасының кіреберісі
шеміршекті аралық шандырмен (fascia tarso-orbitalis)
жабылған. Шарлық фасция шара жиегіне
жақын маңда көз алмасын қоршап тұрған
жұқа дәнекер тінді жарғақпен (vagina bulbi)
тығыз байланыста болады. Осы жарғақ алдына
қарай конъюктива астылық тінге қосылып
кетеді де, көз шарасын алдыңғы және артқы
екі бөлікке бөліп тұрған тәрізді болады.
Алдыңғы бөлікте көз алмасы мен фасция
қынап тәрізді қоршаған бұлшықеттердің
ұштары жатады. Көз шарасының артқы бөлігінде
көру нервісі, бұлшықеттер, тамырлы-нервтік
құрылымдар, майлы тін орналасады. Фасция
мен көз алмасы арасында тін аралық сұйықтығы
бар капиллярлық саңылау қалады. Осы жағдай
көз алмасының бос жан-жаққа айнала қозғалуына
еркіндік береді. Көз шарасында аталған
фасциялардан басқа дәнекер тінді жалғама
байламдар жүйелері бар. Олар көз алмасын
ілулі тұрған қалпында ұстап тұрады. Жаңа
туған нәрестелердің көз шарасының өзіне
тән ерекшеліктері бар: оның көлденең
өлшемі тігінен ұзын, онша терең емес,
ұшқырлы пирамида формалы болады. Шараның
тек жоғарғы қабырғасы ғана жақсы жетілген,
ал төменгі жиегіне азу тістердің бастамасы
жақын. Жоғарғы және төменгі саңылаулары
үлкен. 8-10 жасында көз шарасы ересектер
көз шарасындай болады.
Қабақтар – жылжымалы жапқыштар тәрізді көз алмасының алдыңғы бетін жауып тұрады да оны сыртқы зиянды әсерлерден қорғайды. Кірпікті қағу кезінде олар көз алмасының алдымен жылжи қозғалып, көздің жасын біркелкі таратады және қасаң қабық пен дәнекер қабықтардың қажетті ылғалдануына, көз алмасының қасаң қабығы мен дәнекер қабық беттеріне түскен ұсақ бөгде заттарды жуып, олардың шығып кетуіне мүмкіндік туғызады. Қасаң қабық эпителиінің сәл ғана кебе бастауы оның көптеген нерв талшықтарын тітіркендіреді, ал бұған жауап ретінде көзде кірпік қағу болады. Қабақтардың шеттерінің сыртқы және ішкі ұштары бір - бірімен бірігіп, миндальдың дәні тәрізді көздің саңылауын құрайды. Көз саңылауының сыртқы бұрышы сүйір, ішкі бұрышы таға тәрізді бүгіліспен доғалданған. Осы иіліс жас көлшігі деп аталатын кеңістікті шектейді.
Қабақ терісі өте жұқа және оңай әжімделеді. Теріде нәзік түктер, тер мен май бездері бар. Шел клеткасы өте болбыр және онда май тіпті жоқ. Көз саңылауы ашылғанда жоғарғы қабақ терісі қастың үстіңгі доғасынан төмендеуде теріге бірігетін қабақты көтеретін бұлшықет талшықтарымен ішке тартылады, соның нәтижесіне терең жоғарғы шара – қабақтық қатпар пайда болады. Сәл ғана білінетін көлденең қатпарын көз шарасының төменгі қырына сәйкес төменгі қабақта да бар. Тері астында көздің айналма бұлшықеті орналасқан. Оны шаралық және қабақтық деп екі бөлікке ажыратады. Көздің айналма бұлшықетінің қабақтық бөлік талшықтарының ішкі байламының артқы иінінен басталып жас қалтасының үстімен өтіп сүйекке бірігетін жерін Горнер жас бұлшықеті деп атайды. Кірпіктердің түптерімен шеміршек бездерінің шығарғыш өзекшелерінің аралықтарымен қабақ қырын бойлай жүретін қабақтық бұлшықет талшықтарын кірпіктік немесе Риолан бұлшықеті деп атайды. Қабақтардың алдыңғы қырында 2-3 қатар болып кірпіктер өседі. Жоғарғы қабақтардағы кірпіктер әдетте төменгі қабақтардағы кірпіктерден ұзындау және саны жағынан көп. Әрбір кірпіктің түбінің маңында май мен өзгерген тер бездері орналасқан және де олардың шығарғыш өзекшелері кірпіктердің қалташаларына ашылады. Ішкі бұрышқа жақын қабақтардың ішкі шеті бүгіліп кішкене төмпешіктер жас бүртіктерін жасайды. Олардың төбелерінде кішкене жас өзекшелерінің басталатын жері – жас тесікшелері ашылып тұрады. Жоғарғы қабақ шеміршегінің жоғарғы көз шаралық шетіне қабақты көтеретін бұлшықет бірігеді.
Конъюктива – қабақтардың артқы беттері мен көз алмасының алдыңғы жақ бетін қасаң қабыққа дейін жауып тұрған жұқа эпителилі қабық. Қасаң қабықтың мөлдір эпителиі мен алдыңғы шекаралық пластинкасы генетикалы дәнекер қабыққа жатады. Көз жұмылғанда конъюктива қабақ пен көз алмасы аралығында жіңішке саңылау – кеңістік – конъюктивалық қуыс қалта жасайды. Конъюктива қабығы маңызды физиологиялық қызмет атқарады. Жоғары дәрежелі сезгіш нервпен нервтелгендіктен қорғау ролін қамтамасыз етеді: өте ұсақ зат түскенде ол бөгде затты сезеді де жас шығаруды үдете түседі, қабақ қағу да жиілейді де нәтижесінде бөгде зат конъюктива қуысынан шығарылып тасталады. Конъюктива бездері шығарған заттары көз алмасының алдыңғы бетін ұдайы ылғалдап, майлап, оның қозғалысындағы үйкелісті азайтып отырады. Бұдан басқа осы заттар қасаң қабықты қоректендіру және барьерлік қызметін де атқарады. Конъюктива балалық шақта біршама құрғақтау, жұқа, нәзік, онда жас пен шырыш бездері аз және жетілмеген. Конъюктиваны сыртқы және ішкі қабақтық артериялар мен алдыңғы кірпіктік артериялар қоректендіреді. Алдыңғы және артқы артериялар өзара кең көлемде байланысып анастамоздар жасайды. Конъюктивадан қан беттік және алдыңғы кірпіктік веналар арқылы қайтып ағады. Конъюктивада жайылған лимфа тамырлар жүйесі бар. Конъюктива үшкіл нервтің 1-ші және 2-ші тармақтарымен нервтеледі.
Жас безі – көз шарасының сыртқы жоғарғы шетінде өзі аттас ойықта орналасқан. Көздің шаралық фасциясы жас безін үлкен шаралық және кіші қабақтық бөліктерге бөледі. Шаралық бөлігі маңдай сүйегінің салбыраңқы көз үстілік қырымен жасырынып, жас шұңқырына батып тұрады да сыйпауға келмейді. Жас безін көз артериясының бұтағы мен жас артериясы қанмен қамтамасыз етеді. Жас безінің нервтенуі күрделі: үшкіл нервтің бірінші тармағынан шығатын жас нервісі қамтамасыз етеді, парасимпатикалық және симпатикалық нерв талшықтарымен де нервтеледі. Жас мүшелері маңызды қорғау және трофикалық қызметін атқарады. Көздің жас сұйықтығы қасаң қабықты үздіксіз ылғалдап оның оптикалық қабілетін арттыруға, көзге түскен тозаңдарды жуып шығарып тұруға қажетті. Төменгі қабақтың ішкі қыры мен көз алмасының арасындағы кеңістік жас жылғашасы арқылы жас сұйықтығы жас көлшігіне қарай ағады.
Жас тесіктері – әрбір қабақта бір-бірден, қабақтардың ішкі бұрышқа жақын жеріндегі қыр аралық кеңістіктің артқы қырына жақын орналасқан жас бүртігінің төбесінде орналасқан. Олар көз алмасына қарай бұрылып, жас көлшігі маңында көз алмасымен тығыз жанасқан. Өзекшелердің көлденең бөліктері қабақтардың ішкі жабысқан байламының артымен жүріп отырып жас қалташасының сырт бетіне келіп оған қосылады. Жас шұңқыры жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық бұтағы мен жас сүйегінің қосылған жерінде орналасып, алдынан жоғарғы жақ сүйегіндегі алдыңғы жас қырымен, артынан жас сүйегіндегі артқы жас қырымен шектелген. Төменге қарай шұңқыр жас мұрын өзегіне өтеді.
Жас қалташасы - төмен қарай жас мұрын өзегіне өтеді де, мұрынның төменгі қуысына ашылады. Қалташа мен өзек іші жағынан шырыш шығаратын бокал клеткалары бар цилиндр эпителилі шырышты қабықпен төселген. Шырышты қабаттың асты аденоидты тінге бай. Жас қалташасының алдыңғы қабырғасының төменгі бөлігінде созылғыш тіндер өте аз және бұл қабырға қарсылығының ең аз жері болады. Жас қалташасының флегмонасы кезінде дәл осы жерден кескен орынды болады. Жас өзекшесі, қалташасы және жас мұрын өзегі бойында бүгіліс, тарылу, қақпақты қатпарлар бар. Олар өзекшелер ауызында, жас қалташасының мұрын жас өзегіне өтетін жері мен осы өзектердің шығатын жерлерінде үнемі болады.
Көз ағзасының қанмен қамтамасыз етілуі - ішкі ұйқы артериясының (a. carotis interna) бір тармағы – көз артериясы (a. ophthalmica) көз алмасы мен оның қосымша мүшелерін қоректендірудің негізгі коллекторы болады. Көздің артериясы көру нервісінің каналы арқылы көз шарасына еніп, көру нервісі мен сыртқы тік бұлшықет аралығында жатады. Содан соң ішке бұрылып көру нервісінің үстімен, кейде астымен доға жасап өтеді. Көз шарасының ішкі қабырғасына жақын өзінің ақырғы тармақтарына бөлінеді. Ол тармақтар көздің шаралық пердесін тесіп өтіп сыртқа шығады. Артқы ұзын және қысқа кірпіктік артериялар көз артериясының бағанынан бөлініп шығып, көз алмасының артқы бөлігінде көру нервісінің маңында ақ қабықтағы тесіктер арқылы көз алмасының ішіне енеді. Алдыңғы кірпіктік артериялар мен артқы ұзын кірпіктік артериялар өзара жалғаспай тұрғанда олардан кері жүретін тармақтар бөлінеді де артқа бағытталып, артқы қысқа кірпіктік артериялармен байланысады. Сонымен, меншікті тамырлы қабық артқы қысқа кірпіктік артериялармен, ал нұрлы қабық пен кірпікті дене алдыңғы кірпіктік және артқы ұзын кірпіктік артериялармен қоректенеді. Тамырлы қабықтың алдыңғы және артқы бөліктерінің бөлек -бөлек қан айналысы олардың жеке – жеке зақымға ұшырауын түсіндіреді.
Алдыңғы кірпіктік артериялар лимбке, эписклераға және лимб маңындағы дәнекер қабыққа да қантамырлар береді. Веналық қан айналысы екі көздік веналармен іске асырылады. Нұрлы қабық пен кірпікті денеден веналық қан негізінен алдыңғы кірпіктік веналарға ағып қайта құйылады. Меншікті тамырлы қабықтан веналық қанның ағып шығуы иірімді веналар арқылы жүзеге асады. Жоғарғы көз венасы бұрыштық вена арқылы беттің терілік веналарымен жалғасады, ол көз шарасынан жоғарғы шаралық саңылау арқылы шығып, қанды бас қуысына әкетеді де, веналық қуысталған қойнауына құйылады. Төменгі көз венасы төменгі екі иірімді веналар мен кейбір алдыңғы кірпіктік веналардың қосылуынан пайда болады.
Көз шарасы мен көздің нервтенулері - көздің және көз шарасы тіндерінің сезгіштік нервтенуін үшкіл нервтің бірінші тармағы – көздік нерв жүзеге асырады. Көздік нерв көз шарасына жоғарғы шаралық саңылау арқылы енеді де, өзінің көз жастық , мұрын-кірпіктік және маңдайлық үш тармағына бөлінеді. Көздің жастық нерві жас безін, көз алмасы мен қабақтық дәнекер қабығының сыртқы самайлық бөліктерін, қабақтың сыртқы бұрыштан жоғарғы жерінің терісін нервтендіреді. Ұзын кірпіктік нерв тармақшалары көз алмасының артқы бөлігіне келіп, ақ қабықты тесіп өтеді. Олар меншікті тамырлы қабық үстіндегі кеңістікте кірпікті дене жанында қалың өрім жасайды, осы өрім тармақшалары қасаң
қабыққа еніп, оның орталық бөлігінің сезгіштігін қамтамасыз етеді. Маңдайлық
нерв көз шарасы үстілік және шығыршық үстілік болып екі тармақшаларға бөлінеді. Кірпіктік немесе цилиарлы түйін шеткі нервтік түйін болады. Кірпіктік түйіннен 4-6 қысқа кірпіктік нервтер шығып, көз алмасының ақ қабығының артқы бөлігінен көздің ішіне енеді де, көз тіндерін сезгіш, пара және симпатикалық талшықтармен қамтамасыз етеді. Қозғағыш нервтерге көз-қимыл, шығыршықтық,
сыртқы әкеткіш, бет нервтері жатады. Қабақтың айналма бұлшықетін бет нервісінің талшықтары нервтендіріп, жоғарғы қиғаш бұлшықетті шығыршықтық нерв нервтендіреді.
Көздің бірқалыпты көруін
сақтау.
Оған қол жеткізу үшін тиісті гигиеналық
талаптарды қатаң сақтау қажет, онсыз
көз талады, бұлдырап, шаншылып ауырады,
содан бас сырқырайды. Көздің шаршауына басты себептердің
бірі жұмыс орнында жарықтың жеткіліксіздігі,
яғни біркелкі жарықтың болмауы, немесе
жарықтың мөлшерден күштілігі. Электр
шамының қызған қылы тым шақырайып көзге
зиянын тигізбесін десеңіз қалпақты, күңгірт
не ақ түсті шамдарды пайдаланыңыз. Жұмыс
істеп отырғанында шам адамның сол жағында
тұруға тиіс. Қағаз жазғанда, кітап оқығанда
тым еңбектеп жатып, шұқшиюға, қағазды
көзге тым жақын ұстауға болмайды. Кітапқа
тым еңкейіп қарау омыртқаны қисайтып,
алыстан көрмеушілікке ұшыратады. Көзден
қағазға дейінгі аралықтың 35-40 сантиметр
болуы шарт. Телехабарларды көргенде экраннан
2,5 метр алысырақ отырған дұрыс. Транспорттакітап,журнал,газет
оқуға болмайды. Өйткені оныұстап отыру
ыңғайсыз, әрі оқуға жарық жеткіліксіз.
Көздің аурулары мен жарақаты.
Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның
сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан
көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен
аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен
ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі.
Көз ауруларының пайда болуына мехникалық
(әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық
(шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық
(күкіртті сутек, мышьяк, т.б. әсері) және физикалық-химиялық
(ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер
етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін
түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ түсу, лейкома (leu coma corneae) – көздің қасаң қабығының
ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан,
қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан
болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта
ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп
бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің
көруіне нұқсан келеді (қраңыз [1]). Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне
ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты.
Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады.
Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса,
оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің
аурулары да Көз ауруларына әкеледі. Мысалы,
қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т.б. Емделмеген Көз аурулары
көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа
да әкелуі мүмкін.
Көздің кейбір аурулары инфекциялық сипатта.
Олар: коньюктивит, трахома және тағы басқа.
Негізінен, инфекция жұғатын заттар: жамылғы-төсеніш,
сүзгі, бет орамал. Әрине, олар таза болса,
зиянды емес. Сондай-ақ, көп жағдайда инфекция
кір қолдан да түседі. Көзді аман сақтауда
тазалық гигиенасының маңызы өте айрықша.
Адам қартайғанда да көзі қарауытады,
ол катарактаға ұшырайды. Егерде адам
көзіндегі сұйықтың қалыпты айналу жағдайы
бұзылса, көз ішінің қысымы жоғарылайды,
глоукома ауруы пайда болады. Адамның
ішкі органдары сырқатқа шалдықса да ол
көзге әсер етеді. Орталық және шеткі жүйке
жүйесі, жүрек-қан тамырының жүйесі ауырса
да, адам уланса да, ағзадағы зат алмасу
бұзылса да, ішкі секреция бездері зақымданса
да, көз маңайында ауру процесстері басталса
да көзді ауыртады. Бір көздің жарақаттануы
екінші көзге де әсер етеді. Сондықтан
да дереу дәрігерге қаралу қажет. Көзге
абайсызда сілті, қышқыл тиіп күйдірсе
оны дереу кранның суына тосу – алғашқы
жүзеге асырылатын шара болып саналады.
Көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле
сындыру күшінің ақауларынан (алыстан
көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық,
дальтонизм) пайда болатын және іштен
туа біткен көз аурулары көп. Кейінгі жылдары
іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома)
мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз
ауруларының пайда болуына механикалық
(әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық
(шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен
булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутек,
мышьяк, т.б. әсері) және физикалық – химиялық
(ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық,
т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының
жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея,
катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу,
т.б.Көзге ақ түсу, лейкома (Leu coma corneae) –
көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе,
жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан
түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек,
туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң
қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп
бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің
көруіне нұқсан келеді. Көздің көруі қасаң
қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның
көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа
түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен
ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық
операция жасалады. Ішкі органдар мен
жүйелердің аурулары да көз ауруларына
әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз,
Аргайлл Робертсон белгісі, т.б. Емделмеген
көз аурулары көздің көруін нашарлатып,
соқырлыққа да әкелуі мүмкін.
Көз қызарса.
Кәдімгі пиязды (репчатый) суда қайнатып,
аздаған бал немесе бор қышқылын қосады
да, көзді күніне сонымен 4-5 рет шаяды.
Екінші тәсіл: шыны ыдысқа екі шай қасық
жолжелкеннің (подорожник) піскен дәнін
сеуіп, үстіне екі шай қасық салқын су
құяды. Араластырып, тағы да алты ас қасық
қайнаған су қосады. Суығанға дейін шайқап
тұру керек. Сүзгіден өткізіп, көздің қабынған
тұсына дәкеге малып басады.
Көзілдірік кию.
Көздің көруі нашарлағанда дәрігер кеңес
берсе, дереу көзілдірік киген дұрыс. Көзілдірікті
дер кезінде кию, оны дұрыс таңдап алу
көздің бірқалыпты көруіне
жәрдемдеседі. Үнемі көзілдірік
киіп жүретін адамдар оны
әйнек көзден бірдей қашықтықта
орналассын. Көзді күн көзінен
сақтау үшін әйнегі күңгіртін киеді.
Аса күшті жарықта жұмыс
Көз гигиенасы.
1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу;
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек.
3. Үстелге коятын шамның жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты окығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау.
5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу.
9. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
10. Серуендегенде, орман-тоғай аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау.
11. Көзге бөгде заттардың тиюі өте зиян, мұндайда көзге ақ түседі. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне карай жуу; көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу; көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.
Көз зақымданғанда көрсететін алғашқы жәрдем. Үй тұрмысында, далада, мектепте, қимыл кезінде көзге зақым келуі мүмкін. Күнделікті тұрмыста қолданылатын электр құралдары мен газбен әр түрлі сұйықтық, қатты денелер, әйнектермен жұмыс істегенде барынша мұқият болу керек. Егер жарақат пайда болса, оған микроб түсіп, көздің жұмысын нашарлатады, сондықтан көзге қауіпті жұмыстарды істегенде жай шыны салынған көзілдірік кию қажет. Мұндай көзілдірік қатты заттардың ұшқыны мен химиялық сұйық заттардың көзге шашырауынан сақтайды.
Егер көзге қоқым түссе, онда оны дымқыл қол орамалмен немесе мақтамен сүртіп алған дұрыс. Ал көз ауыр жарақаттанса, онда көзді таза таңғышпен байлап, зардап шегушіні ауруханаға тез арада жеткізген жөн. Ал көзге ұнтақ, қышқыл, сілті және улы заттар түссе, оны дереу таза сумен 15— 20 минуттай жуып, дереу дәрігерге

- Көк Жасыл Балдыр
- Көк-жасыл балдырлар бөлімі
- Көкірек клеткасының пішінін анықтау Адамның көкірек қуысының пішіндері
- Көкшетау
- Көлеңкелі экономика
- Көлеңкелі экономика
- Көлік географиясы
- Коэффициент сопротивления качению
- Коэффициент текущей ликвидности
- Коэффициенты ликвидности
- Коэффициенты ликвидности: относительные и абсолютные
- Коэффициенты эластичности
- Көзге арналған гимнастика
- Көздің қосымша аппараты. Дәм сезу ағзасы