2012 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының
Қазақстанды дамытудың сапалы
жаңа кезеңінің бастамасы болған
әлеуметтік жаңғыртуға арналған
бағдарламалық мақаласы жарияланды.
Бұл процестің негізгі міндеті
– экономикалық жетістіктер мен
қоғамдық игіліктерді қамтамасыз
ету арасында оңтайлы теңгерімге қол жеткізу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тиімді іс-қимылды ұйымдастыру
ел үшін тағдыршешті бағдарламаның
ажырамас бөлігі болып табылады.
Үстіміздегі жылдың басында Қазақстан
халқына Жолдауында Президент
Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа
қарсы табанды күрестің және осы әлеуметтік
залалға қарсы іс-қимылдың жаңа стратегиясын
әзірлеу қажеттілігіне ерекше назар аударғанын
атап өту қажет.
Бұл үшін барлық қажетті
жағдайлар жасалған, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күресті сапалы жаңа негізде
жүргізуге мүмкіндік беретін заңды және
ұйымдастыру шаралар кешені іске асырылған.
Қазақстан кеңес дәуірінің
елдері арасында бірінші болып,
1998 жылғы шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы» Заң қабылдады.
Бұдан кейін Қазақстан БҰҰ
сыбайлас жемқорлыққа қарсы, трансұлттық
ұйымдасқан қылмысқа қарсы (2008), қылмыстық
әрекеттерден алынған кірістерді жылыстату,
анықтау, алу және тәркілеу туралы (2010)
конвенцияларын ратификациялады. Қазіргі
уақытта Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлық
үшін қылмыстық және азаматтық-құқықтық
жауапкершілігі туралы конвенцияны ратификациялауға
дайындық бойынша жұмыс басталды. Бірқатар
мемлекеттердің үкіметтерімен осы қауіпті
әлеуметтік көріністерге қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша келісімдерге қол
қойылған.
Қазақстан Республикасының
2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға
маңызды рөл бөлінген, соған сәйкес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған
салалық бағдарлама әзірленіп іске асырылуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы
бойынша үстіміздегі жылы салалық
бағдарламаға неғұрлым пәрменді
құқықтық тетіктер мен қазіргі
заманғы ақпараттық технологияларды
енгізуге бағытталған өзгерістер
енгізілді. Осы құжаттың негізгі
бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтардың алдын алу мен профилактикасы
бойынша жұмысқа қоғамның өзін тарту болып
табылады.
Халықтың мемлекеттік органдардың
қызметі туралы хабардар болуының
жоғары деңгейіне қол жеткізу,
сондай-ақ кері байланыстың тұрақты
және пәрменді арналарын қалыптастыру
басқарушылық шешімдердің тиімділігін
арттыруға ықпал ететіндігі сөзсіз.
Мемлекеттің жаңа сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясында
осы салада неғұрлым жоғары
жетістіктерге қол жеткізген
елдердің тәжірибесі басшылыққа алынған.
Ең бастысы – бұл сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу бойынша жұмысты күшейту. Қазақстандықтардың
құқықтық мәдениетін және мемлекеттік
органдарға сенімінің деңгейін едәуір
арттыру сияқты басымдықтар анықталды.
Адамдардың сыбайлас жемқорлыққа көзқарасын
түбегейлі өзгерту маңызды, қоғам үшін
күрделі және қауіпті проблеманы шешуден
ешкім тыс қалмауы қажет. Өйткені оған
елдің болашағы ғана емес, әрқайсымыздың
тағдырымыз да байланысты.
Стратегия электронды басқарудың
жаңа әдістерін және инновациялық
технологияларды белсенді енгізуге негізделген.
Ол азаматтардың және «шешім қабылдау
нүктелері» лауазымды тұлғаларының жеке
байланыстарын күрт қысқартуға ықпал
ететін болады.
Шамамен 25 мың адам пайдаланатын
электронды үкімет порталы арқылы
салықтар төленеді, көптеген анықтамалар
беріледі. Бүгінгі күні миллионнан аса
қазақстандықтардың электронды қолтаңбалары
бар. БҰҰ деректері бойынша 190 ел арасында
«е-қатысу» индексі бойынша Қазақстан
Сингапурмен бірге бұл позицияны бөлісіп,
екінші орын алды. Бұл үлкен және сенім
тудыратын жетістік.
2013 жылдан бастап қазақстандықтар
мемлекеттен барлық рұқсат беру
құжаттарын электронды нысанда
немесе халыққа қызмет көрсету
орталықтарынан алуы қажет. 2014 жылға
қарай барлық әлеуметтік маңызды
мемлекеттік қызмет көрсетулер, рұқсат
беру лицензияларын қоса алғанда, электронды
форматта берілетін болады.
Сыбайлас жемқорлық қаупі
бар аймақтардың бірі кәсіпкерлік
сала болып табылады. Сондықтан,
тексерулерді және кәсіпкерлермен
байланыстардың басқа нысандарын
барынша төмендетуге ерекше назар аударылады.
Мәселен, заңнамаға енгізілген түзетулерге
сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін
тіркелген сәттен бастап үш жыл ішінде
тексеруге тыйым салынған, рұқсат беру
құжаттарының үштен бір бөлігі қысқартылды.
Кәсіпкерлердің кез келген өтініштеріне
жедел және барабар ықпал ету мақсатында,
барлық өңірлерде құқық қорғау және өзге
де мемлекеттік органдар қызметкерлерінен
және «Атамекен» Қазақстан Кәсіпкерлері
одағы өкілдерінен жұмылғыш топтар құрылған.
Үстіміздегі жылдың басынан бері лауазымды
тұлғалардың бизнес құрылымдар қызметіне
заңсыз араласуының 200 дерегінің, оның
ішінде 2010 жылдан бері жұмыс істейтін
Мемлекет басшысының «Президенттің бизнесті
қорғауы» ресми сайтына өтініштер бойынша
жолы кесілді.
Бас прокуратура әзірлеген
«Айқын» жобасы назар аударуды қажет етеді,
оны енгізу орталық мемлекеттік органдардың
деңгейінде басталды. Енді тек қадағалау
органдары ғана емес, барлық жеке және
заңды тұлғалар өтініштерді нақты уақыт
режімінде қарастыру барысын қадағалай
алады.
Шағын және орта бизнесті
қорғау бойынша қосымша тетіктерді
әзірлеу мақсатында Бас прокуратураның
құрылымында кәсіпкерлікті қорғау
жөніндегі дербес бөлімше құру
мәселесі пысықталуда.
Аталған шаралар «Бизнесті
жүргізу-2011» халықаралық рейтингте
оң өзгерістерге әсер етті. Қазақстан
183 ел арасында өз көрсеткішін 11 тармаққа
жақсартып, 47-орынға ие болды. Біз халықаралық
қоғамдастыққа әлемдегі экономикасы ырғақты
дамитын, саяси, әлеуметтік және демократиялық
реформалар жедел іске асырылатын ел ретінде
танылдық.
Мемлекет басшысы сыбайлас
жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын
іс жүзінде бағалай отырып, бұдан
әрі де осы қауіпті көрініске
қарсы ымырасыз және жан-жақты
нақтылы күрес жүргізу қажеттігін
атап көрсетті.
Осы үдерістегі азаматтық
қоғам институттарының рөлі неғұрлым
тиімді бола түсуде. Мысалы, «Нұр Отан»
халықтық-демократиялық партиясы сыбайлас
жемқорлықты түбегейлі жою бойынша белсенді
жұмыс атқаруда. «Нұр Отан» жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
қоғамдық кеңестің қызметі қазақстандықтардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
бойынша азаматтық қозғалыстың пайда
болуына ықпал етті.
Елбасының сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стратегиясын іске асырудың
маңызды құралдарының бірі Президент
жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес мәселелері жөніндегі
комиссия болып табылады.
Оның үстіміздегі жылғы отырыстарында,
құрылыс және ТҚШ, жер қатынастары
мен кеден ісі, «Электронды
үкімет» жұмысының жағдайы, елдің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
рейтингін арттыру салаларындағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес мәселелері қаралды.
Комиссия отырыстары елде
сыбайлас жемқорлықпен ауқымды
және жүйелі қарсы күрес жүргізілетіндігін
көрсетсе, осы саладағы тиісті
мемлекеттік органдар белсенділігі
үлкен үміт күттіреді.
Сонымен бірге, мемлекеттің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
саясатының негізгі бағыттарын және оны
іске асырудың тиімді тетіктерін әзірлеудің
орталығы болып табылатын комиссия, жалпы
мемлекеттік деңгейде бірқатар жаңа нақты
шаралардың қабылдануын маңызды деп санады.
Мәселен, республикалық министрліктер
мен ведомстволардың бірінші басшыларының,
облыстар, Астана және Алматы қалалары
әкімдерінің сыбайлас жемқорлық және
оған қарсы күрес деңгейі үшін дербес
жауапкершілігін арттыру мақсатында,
мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық
деңгейін рейтингтік бағалау жүйесі енгізілген.
Қазақстан билік органдарының осы саладағы
белсенділігі халықаралық сарапшылар
тарапынан жоғары баға алды.
Жұмысының маңызды бағыты
мемлекеттік қызмет жүйесіндегі
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың
алдын алу мен жолын кесу
болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі өкілетті органның тәртіптік
комиссиясының жұмысы қайта басталды.
Елде өткізіліп отырған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы белсенді және
жүйелі шаралар, оның ішінде
Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлық
үшін қылмыстық және азаматтық-құқықтық
жауапкершілік туралы конвенцияларын
болашақта ратификациялау, олардың халықаралық
тиімділігі бойынша өте маңызды.
Әлемнің Қазақстанды сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресті қағидатты
және дәйекті түрде жүргізетін
ел ретінде қабылдауын жақсарту
үшін, сыбайлас жемқорлықтың мән-жайы
туралы ел рейтингін айқындайтын халықаралық
ұйымдармен жүйелі жұмыс жүргізілетін
болады.
Мемлекеттік бағдарламаларды
іске асыруға бөлінген бюджет
қаражатын талан-таражға салуға
қарсы іс-қимылға ерекше назар
аударылуда. Құқық қорғау органдарына
қаржылық бақылау және мониторинг органдарымен
өзара тиісті іс-қимылды, бюджет қаражаты
игерілгенге дейін оларды жедел қолдау
бойынша кешенді тексерулер жоспарлауды
қамтамасыз ету ұсынылған.
Бұдан басқа, барлық мемлекеттік
органдарға шешім қабылдау үдерісінің
ақпараттық айқындығын қамтамасыз ету
бойынша жұмысты жандандыру; мемлекеттік
қызметшілер жұмысындағы тұрақтылықты
қамтамасыз ету бойынша кадрлық саясатты
жетілдіру; әкімшілік кедергілерді жою
және азаматтардың сапалы мемлекеттік
қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз
ету бойынша жұмысты жандандыру ұйғарылған.
Комиссияның бастамасымен сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнаманы
жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар
жалғасуда.
Мәселен, үстіміздегі жылғы
сәуірде әртүрлі заңнамалық актілер
мен нормалардың құқық нормалары арасындағы
құқықтық олқылықтарды, қарама-қайшылықтарды
және коллизияларды жоятын, сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтарды жоюға ықпал ететін
заң қабылданды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік
органдар басшыларын қарамағындағы
қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық
әрекеттері үшін жауапкершілікке тарту
тетігі әзірленуде.
Құқық қорғау шаралары күшейтілгеннен
кейін кірістерді жалпы декларациялау
бойынша іс-шараларды жүйелі іске
асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, Президенттің
Жолдауына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға
өзгерістер енгізілмек, оларға сәйкес
мемлекеттік қызметшілерге өзінің кірістерімен
қатар, шығыстарында декларациялау міндеттелетін
болады.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа
қарсы конвенцияларға қосылу, сондай-ақ
заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясат, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық
жауаптылық және профилактика деген үш
салада одан әрі жетілдіруге бағытталған
Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымының Ыстамбұл Іс-қимылдар жоспарының
17 ұсынысын орындау бойынша жұмыстар жүйелі
жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі конвенцияларды
ратификациялау және басқа да
халықаралық құжаттарға қосылу
үшін жағдай жасау қажеттілігі,
ұлттық заңнама саласында, оның
ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы
бірқатар істерді криминалдандыру мәселелері
пысықтауды қажет етеді.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-әрекетін ынталандыру
мақсатында, Үкіметтің 2012 жылғы 23
тамыздағы қаулысымен Сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық фактісі
туралы хабарлаған немесе сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен
жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары
бекітілген. Енді «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы» Заң шеңберінде қылмыстық
қудалау органдарымен ынтымақтасатын
азаматтарды қорғаудың тиімді тетігін
әзірлеу және енгізу қажет.
Сыбайлас құқық бұзушылықтар
үшін жауапкершілікті күшейтумен
қатар, осы келеңсіз әлеуметтік
көрініске қарсы іс-қимыл бойынша
басқа да жүйелі шаралар қабылдау
қажет.
Мемлекеттік басқару саласындағы
кадрлық саясатты жетілдіруге
ерекше назар аударылатын болады. Кадрларды
таңдау кезінде құзыреттілікке, сатылмаушылық
пен жоғары патриотизмге басты басымдық
қамтамасыз етілуі қажет.
Мемлекеттік қызметшілердің
жеткілікті еңбекақысы және елеулі
әлеуметтік кепілдіктер сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтар деңгейін
едәуір төмендетуге ықпал етеді. Сондықтан,
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
бастамасымен құқық қорғау органдарын
реформалау кезеңдерінің бірі – құқық
қорғау органдарының жеке құрамын кезектен
тыс аттестаттау өткізілуде, оның нәтижелері
бойынша ақшалай үлесті арттыру және әлеуметтік
пакетті кеңейту мәселелері шешілетін
болады. Бұл өте маңызды, өйткені сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесі құқық
қорғау органдары жұмысының сапасына
байланысты.
Мемлекет басшысының қолдауының
арқасында, құқық қорғау органдарының
қызметінде елеулі оң өзгерістер байқалуда.
Қазақстан халқына биылғы
Жолдауында Н.Ә.Назарбаев құқық
қорғау органдары қызметін бағалау
өлшемдерінің өзгеруін құқықтық
тәртіп жүйесін дамыту басымдықтарының
бірі ретінде атап өтті. Ең бастысы,
сандық көрсеткіштер емес, жұмыс сапасы
болуы тиіс. Бұл ретте халық пікірі маңызды
рөл атқарады.
Мемлекет басшысының аталған
ұстанымдарын іске асыру шеңберінде
Қаржы полициясы агенттігінің
күш-жігері жүйелі сыбайлас жемқорлық
пен көлеңкелі экономикаға қарсы күреске,
бюджет қаражатын ұрлау фактілерінің
жолын кесуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлық
бағытындағы қылмыстарды, оларды жасаудың
бастапқы кезеңінде жолын кесу, сондай-ақ
болжамдық-талдау жұмысын күшейту мақсатында
аталған ведомствоның құрылымында Ахуалдық
орталық құрылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тиімді іс-қимыл үшін, ең бастысы
аталған келеңсіз көріністің
экономикалық негіздерін жою
және шаруашылық қызметте қолма-қол
ақша айналымының көлемін төмендету
іс-шараларын жүзеге асыру, экономикалық
қылмыстарға қарсы күрес және заңсыз қаржы
ағымдарының жолын кесу іс-шараларын жүзеге
асыру қажет. Бұл мақсаттарда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өкілетті
орган қолма-қол ақшасыз операцияларды
жүзеге асыру үшін неғұрлым тиімді жағдайлар
жасауды ұсынады. Аталған шараларды іске
асыру қаржылық операциялардың айқындығын
қамтамасыз етуге және соның нәтижесінде
көлеңкелі экономиканы қысқартуға мүмкіндік
береді.
Мемлекеттік органдардың қызметін
қоғамдық бақылауды арттыру –
тиімді мемлекеттік саясаттың және
түптеп келгенде сыбайлас жемқорлыққа
ұтымды қарсы күрестің кепілі. Мемлекеттің
азаматтық қоғам институттарымен неғұрлым
белсенді ынтымақтастығы, мемлекеттік
органдар қызметінің қоғам үшін ақпараттық
ашықтығын арттыру мемлекеттік институттар
қызметінің мөлдірлігін күшейтуге ықпал
ететін болады.
Оның сыртында, әлемдік тәжірибе
институттық негіз әлсіз болған
жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы арнайы құрылымдар қызметінен
күтетін үміттің ақталмайтынын
айғақтайды. Сондықтан, ведомствоаралық
өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін қамтамасыз
ету және негізгі мемлекеттік органдардың
осы бағыттағы жұмысын үйлестіру өте
өзекті міндет болып табылады.
Жекелеген сыбайлас жемқорлық
көріністеріне қарсы күрес ұтымды
жүргізілгенімен, егер сыбайлас
жемқорлық үшін негіздер жойылмаса, оның
нәтижелері уақытша ғана тиімді болмақ.
Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен
жағдайларын анықтау мен жоюға бағытталған
жүйелі жұмысты жолға қоюдың маңызы зор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингтердің
көшбасшылары қатарында тұрған елдердің
тәжірибесі адал өмір салтын, азаматтардың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін, дұрыс,
заңға мойынсынушылық мінез-құлық стереотипін
қалыптастыруға бағытталған профилактикалық
шаралар шешуші рөл атқаратынын көрсетеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында
әдептіліктің түрлі аспектілерін, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік
билік институттарын нығайту, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын сақтау
мәселелерін жазу, сыбайлас жемқорларды
әшкерелеу мен жазалау туралы хабарлау,
сыбайлас жемқорлық іс-қимылдардың зияндылығы,
оны қабылдамауға қатысты азаматтық пікірлер
қалыптастыру қажет.
Бұл өте асқақ міндет және
оны жеке-дара іске асыру қиын.
Осынау өте маңызды және күрделі
міндетті шешу үшін мемлекеттік
органдар мен қоғамның барлық
күш-жігерін біріктіру қажет, себебі,
жүйелі көрініс ретінде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу кешенді
және дағдыдан тыс тәсілдерді қажет етеді.
Көлеңкелі экономика (ағыл. shadow economy)
үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан
тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей
тауар-материалдық құндылықтарды өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер
көрсету;
жекелеген азаматтар, әлеуметтік топтар
тарапынан мемлеккетік, жекеше, акцион
және басқа меншік түрлерін жеке бастың
пайдасы және топтық мүдделер үшін
пайдаланып, мемлекет басқару органдарынан
жасырылатын заңсыз әлеуметтік - экономикалық
қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын
экономикалық қызметтің күллі түрінің
әлеуметтік - экономикалық әдебиеттегі
атауы.
Көлеңкелі экономиканың бейресми
(ашық жүретін, бірақ салықтан табысты
жасыратын, ресми cтатистикада ескерілмейтін)
экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар
мен пара алушылық тән жалған экономика,
заң тыйым салатын астыртын экономика
деп аталатын түрлері бар.
Кеңес Одағы
кезінде де болған. Көптеген елдерге тән.
Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты
Көлеңкелі экономика ТМД елдерінде кең
етек алды. Көлеңкелі экономика құрылымы
экономикалық қатынастардың қылмыстық
тұрпаттарымен де, бейқылмыстық тұрпаттарымен
де бой көрсетеді.
Біріншіден,
Әділет министрлігінде, мемлекеттік
органдарда тіркелген жекелеген
азаматтар және бірлестіктер арасындағы
экономикалық қатынастар (“екінші” экономика).
Олардың қатарына
жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын,
бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен,
қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер,
саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді,
тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға
күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету;
жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед.
және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды
жалға беру, т.б. жатады.
Шаруашылық
заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде
экономиканың бұл секторы жариялық
сипат алды. Алайда қаржы және салық
қызметтерінің әлсіздігі, экон. қатынастарды
әкімш. жолмен жосықсыз тәртіптеулер,
қоғамдағы әлеум. және экономикалық
тұрлаусыздық, т.б. кедергі жасауда.
Екіншіден,
бұл шаруашылықты жүргізудің қолданыстағы
жүйесінің жетілдірілмеуі себепті
жеке басылық және топтық мүдделерді
қанағаттандыратын бейресми, көбінесе,
жалған экономикалық қатынастар.
Мұндай
бейресми экономикалық қатынастардың
қатарына: қоғамдық өнімнің қайталанған
шоты, есеп-қисаптағы қосып жазушылық
және басқа бұрмалаушылық, арзан шикізат
пайдаланып сапасыз өнім шығарып, асыра
бағалап сату, өнімсіз шығыстар мен шығасылар,
шикізатты, дайын өнімді, т.б. баспабас
айырбастау ретінде көрініс табады, мұның
өзі айтарлықтай көлденең кіріс алуға
мүмкіндік береді.
Көлеңкелі
қатынастардың аталған түрлері
ресми экономикалық құрылымдардың
ішінде бой тасалап жұмыс істейді
және сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен,
қорқытып алушылықпен, т.б. ұштасады.
Үшіншіден,
бұл заңсыз өндірістік қызметке, қызмет
бабын теріс пайдалануға, экономиканың
өндірістік және бөлістік аясына пайдакүнемдікпен,
зорлықпен басып кіруге негізделген
қылмыстық қатынастар.
Көлеңкелі
экономика қатынастарының бұл тұрпаты
экономикалық қылмыстылықтың көптеген
түрлерін, соның ішінде оның неғұрлым
қоғамға қауіпті көріністегі пішіні –
ұйымдасқан экономикалық қылмысты қамтиды.
Ол, көбінесе, адам құқықтарының, еңбек
заңының сақталмауымен заңсыз өндірістік
қызмет, пайдакүнемдікпен жасалатын лауазымды
шаруашылық қылмыстар, есірткі бизнесі,
заңсыз құмар ойын бизнесі, аламандық
(рэкет), т.б. сипатты құқық бұзушылықтар
болып табылады. Табысты және табыстың
көлемін салық салудан жасырушылық Көлеңкелі
экономиканың кең таралған құбылысына
айналады.
Көлеңкелі
экономикаға қарсы күрес –
икемді салық жүйесін жасау, шағын
бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет
тарапынан қолдау көрсету, т.б. іс-шаралар
арқылы пәрменділік сипат алады.
[1
Қазақстандағы
көлеңкелі экономика қандай деңгейде?
Тамырын тереңге жіберген осынау індетпен
тиімді күресу үшін қандай шараларды қолға
алу керек? Алматыда «Көлеңкелі экономика
және көшедегі базар» атты тақырыппен
өткен ірі конференцияда аталған мәселе
талқыға түсті.
Бүгінгі күні елімізде көлеңкелі
экономиканың қалыпты жағдайға айналып
бара жатқандығы жасырын емес. Онымен
күресудің басты тетігі саналатын – салық
жүйесіне жыл сайын өзгеріс енгізгенімізбен,
аталған жайдың ауыздықталған түрі көрінбейді.
Алматыдағы жиынға қатысқан Экономикалық
даму және сауда министрлігінің, Кеден,
Салық комитеттері мен қалалық базарлардың,
ірі компаниялардың өкілдері және тәуелсіз
сарапшылар бірауыздан осылай деді. Сонда
бұған себеп не? Шараның өтуіне ұйытқы
болған белді Фридрих Эберт қоры кездесуді
пікірталас жүйесінде ұйымдастырып, қор
төрағасы Пэр Тешендорф бұл мәселеге алаңдаушылық
танытты. «Қазіргі күні Қазақстанда осы
проблема өте өзекті болып отыр. Дәл қазір
көлеңкелі экономика жанбағыс қамымен
өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жүргендер
үшін күнкөріс көзі болса, мемлекет үшін
бұл тиімсіз болуда. Сайып келгенде түсінбестік
те содан туындайды», – деді ол. Ал конференцияға
қатысқан бірқатар кәсіпкерлер бүгінгі
таңда базар қауымдастығы өкілдері мен
мемлекеттік атқару органдары арасында
пікір алшақтығы бар екендігін жасырмай
айтты.
Бизнесті жүргізуде біз үлгі
етіп алған Еуропаның өзінде
барлық елде бірдей қосымша
құн салығы жоқ. Бұлай деген
Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының
төрағасы Талғат Акуов , елімізде
бірде-бір кәсіпкер өз айналымының
30 пайыздан астамын көрсетпейтінін, оны
барлық салықшылар жақсы білетінін тілге
тиек етті. «Қосымша құн салығынан шағын
бизнес 5 жылға босатылған. Өндіріс пе,
сауда ма бәрібір.
Егер айналымы 30 мың есептік
айлық көрсеткіштен аспаса немесе
жылына 49 миллион теңгеден аспаса. Мәселен,
Алматыда шағын бизнестің 70 пайызы – шағын
дүкендер. Олар қосымша құн салығын төлемейді»,
– деп ашып айтты төраға. Жалпы, жиынға
қатысқан кәсіпкерлер сөзінен түйгеніміз,
елімізде қосымша құн салығы жалпы ішкі
өнімнің 0,6 пайызын құрайды. Ал Қазақстанның
сауда серіктестері саналатын Қытай, БАӘ
сияқты елдерде қосымша құн салығы жоқ.
Сондықтан Қазақстан осы елдердің жолын
ұстанса, одан ұтпаса ұтылмайды. Мұндай
жағдайда елімізде не өндіріліп жатқанын
және тауар айналымының көлемі қанша екенін
білуге мүмкіндік туып, сырттан қанша
тауар әкелетініміз де, өзіміз қанша және
қандай тауар өндіретініміз де толық анықталады.
Жиынға қатысқан Қаржы полициясы
өкілдерінің келтірген дерегіне
сүйенсек, көлеңкелі экономикадағы
ақша айналымы 30 миллиард доллардан
асып жығылып отыр. Бұл көлеңкелі экономиканың
жалпы экономикадағы көлемі 16 пайыз деген
сөз. Өз кезегінде «Даму» кәсіпкерлікті
дамыту қорының басқарушы директоры Ғабит
Лесбеков көлеңкелі бизнесті ауыздықтауда
атқарылып жатқан жұмыстар аз емес екендігін
айтып, бірқатар мәселелердің басын ашты.
Айтар болсақ, елімізде тіркелген 1 миллион
300 мыңнан астам кәсіпкердің 747 мыңы ғана
белсенді түрде жұмыс жасауда. Бұған әсер
етуші факторлар өте көп болғанымен, ең
негізгісі әкімшілік кедергілер болып
отыр. Жиынға қатысушылар аталған мәселені
алдағы уақытта Үкімет отырысының күн
тәртібіне қою керек деген ұсыныс айтты.
Үкіметте Премьер-министр Даниал
Ахметовтің төрағалығымен өткен
кеңесте Қазақстан Республикасының
2004-2010 жылдарға арналған көлеңкелі
экономика көлемін қысқарту жөніндегі
ұйымдастыру шаралары және экономикалық
саясаттың негізгі бағыттары бағдарламасының
жобасы қаралды.
Талқылауды аша отырып Үкімет
басшысы, бұл проблеманы шешудегі
тиімді шаралар мен жүйені
әзірлеуде әлемдік тәжірибе жинақталмағанын,
алайда әкімшілік процедураларды қысқарту,
арнаулы қаржылық құрылым құру, салық
ауыртпалығын төмендету саласындағы жеке
шаралар мен бірқатар өзге де іс-шаралар
кей мемлекетте көлеңкелі экономика көлемін
төмендетуге көмектесетінін еске салды.
Сонымен қатар, Даниал Ахметов республикада
жасырын экономика көлемінің 30 пайыз болуына
қатысты дерекке сын тұрғыдан қарады.
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов
өз баяндамасында жобаны әзірлеушілер
көлеңкелі экономиканың таралуының
негізгі себептерін анықтағанына тоқталып,
бұл құбылыстан болатын шығынды азайту
жөнінде бірқатар іс-шаралар ұсынды.
Себептер арасында кәсіпорынның
материалдық-техникалық базасының
төмен болуы, қосалқы өнімдерге
сұраныстың артуы кезінде өнімдерге
бәсекелестіктің төмендеуі, шағын және
орта бизнес үшін кредит алудың қиындығы
және есеп пен статистика проблемасы мемлекеттік
қызметшілердің жауапкершілігінің аздығы
және олардың қызмет бабын пайдалану кезіндегі
әрекеттеріне төтеп бере алмаушылық, көлеңкелі
экспорттың артуы бар.
Премьер-Министр салық ауыртпалығын
төмендету әрдайым көлеңкелі
экономика көлемін төмендетуге
әсер етпейтініне тоқталды. Мысалы
Қазақстанда ТМД және өзге
де елдерге қарағанда, салық
деңгейі айтарлықтай төмен, бірақ
экономикадағы көлеңкелі жағдай өзгеріссіз
қалуда. «Бұл өндірістік еңбектің төмендігіне
байланысты болады», деді Даниал Ахметов.
Талқылауды қорытындылай келе, Үкімет
басшысы Елбасының тапсырмасы аясында
орындалып жатқан, ұсынылып отырған құжатпен
жұмыс нәтижесіне қанағаттанушылық білдірді,
сонымен көлеңкелі экономиканы ырықтандыруға
байланысты проблема тағы да «кең көлемде
әрі тыңғылықты қадамды» талап ететінін
атап өтті. Сонымен бірге, Даниал Ахметов
«жобада кәсіпкерлердің экономикалық
және қаржылық «көлеңкеден» шығуын қарастыратын
заңнамалық, әкімшілік және заңдылық сипаттағы
шаралар жазылғанын» жеткізді.
Кеңес қорытындысында Премьер-Министр
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігіне бір апта ішінде
жобаның толық нұсқасын әзірлеп,
оны Үкіметтің таяудағы мәжілісінде
қарауға ұсынуды тапсырды.
қолма-қол ақшаның өсуі билікті
де алаңдатуда
Үкіметтің сөзіне сенсек, алдағы уақытта
жалпы ішкі өнім көлемі едәуір артып,
инфляция деңгейі 6-8 пайызбен шектелмек.
Есесіне, билік көлеңкелі экономикадағы
миллиардтаған қаражатты «күнгейге»
шығара алмай әлек.
ҚР Сауда және экономикалық даму
министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның
жалпы ішкі өнімі 2013 жылы 6 пайызға
өсетінін мәлімдеді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуы жайлы 2013-2017 жылдарға орташа есептегі
болжам жасаған министр: «2013 жылға
арналған нақты ЖІӨ көлемі 6 пайыз болмақ.
Ал 2014 жылы – 6,1 пайыз, 2015 жылы – 7,6 пайыз,
2016 жылы 6,6 пайыз, 2017 жылы 6,7 пайызға жетеді.
Бұл көрсеткіштер орташа мерзімдік кезеңге
шаққанда, экономиканың 7 пайыздық өсімін
көрсетеді. ЖІӨ-нің негізгі көзі ішкі тұтынушылық
сұранысты орташа есеппен алғанда, жылына
6,5-6,8 пайызға дейін арттырудың есебінен
болмақ. Сонымен қатар қазақстандық өнімге
деген сыртқы сұраныс көлемін де сақтап
қалу маңызды. 2013 жылы 36,6 трлн. теңге болады
деп болжанып отырған жалпы ішкі өнім
деңгейі 2017 жылы 65,3 трлн. теңгеге дейін
жетеді», – деп мәлімдей келе, 2013 жылы
14 мың АҚШ доллары болатын жан басына шаққандағы
ЖІӨ 2017 жылға қарай 24 мың долларға өсетінін
жеткізді.
Б.Сағынтаевтың айтуынша, алдағы
уақытта өндірістің орташажылдық өсімі
5,5 пайызға жетсе, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі
– 7,1 пайызға артып, әсіресе қызмет көрсету
саласы қарқынды дамитын көрінеді. Келесі
жылы 96 млрд. долларға өсетін экспорт көлемі
2017 жылы 116 млрд. долларға жетпек: «Импорт
2013 жылы – 56 млрд. доллар, ал 2017 жылы 92 млрд.
доллар болады. 2013-2017 жылдарға арналған
инфляция деңгейі 6-8 пайыз аралығымен
шектеледі».