Көлік қозғалысының қоршаған ортаға кері әсері
Көлік қозғалысының қоршаған ортаға кері әсері
Атмосфера бүкіл әлемнің
тіршілік тынысы.Ол жер шары халықтарының
ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы,
тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге тең келмейтін
биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы
5.157х1015 тоннаға дейін. Атмосфера бірнеше
қабаттан тропосфера, озон, стратосфера
мезосфера термосфера және экзосферадан
тұрады. Тропосфера мен озон қабатының
тіршілік үшін маңызы ерекше. Атмосфера
ауасының шекарасы болмайды. Шекарасы
болмайтын атмосфера ауасының ластануы
оп оңай әрі ластану барлық жер бетіне
тез арада - ақ таралады.
Ауаның ластануы табиғаттан және адамның
іс әрекетінен болады. Табиғи ластану
жанартаулар атқылауынан, тастардың үгілуінен,
дауылдан орман, дала өрттерінің әсерінен
болады. Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі
адам қызметінің нәтижесімен ластану.Ластайтын
заттар өндірістен автокөліктен және
тұрмыстық қалдықтардан таралады.Осы
лас заттар атмосфералық ауаның төменгі
қабатына күнде қосылып отырады.Қазақстанда
ірі ірі өнеркәсіп орталықтары, зауыттар
мен фабрикалар көп шоғырланған қалалар,
мұнай газ т.с.с өндірістерді айтуға болады.
Оған ғарыш айлағынан
ұшатын зымырандар автокөлік санының
арта түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі
ластаушылар белгілі болады. Ауаға шығатын
заттардың химиялық құрамы пайдаланылған
отынның түріне, өндірілетін өнімнің құрамына,
өндірістегі технологиялық процестерге,
т.б . жағдайларға байланысты. Қазіргі
заманда табиғат компоненттерінің толық
дерлік өзгеруіне ықпал жасап, негізгі
экологиялық проблемаларды туғызып отырған
мұнай мен газ өнеркәсіптік кешендері
мен елді мекендер. Қоршаған ортаға бүкіл
әлемде жыл сайын 3,0 млрд тоннадан астам
өнеркәсіптің қатты қалдығы 1 млрд тоннадай
шығып тұрады.
Шикі мұнай өзінің
табиғатқа әсері жағынан бензинге жақын.
Мұнайдың буы онша зиян болмағанымен,
сұйық мұнай адам денесіне әртүрлі тері
ауруларын қоздырады (экземе) ; Бензин
мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен
кіріп, одан ішек қарын арқылы қанға өтеді.
Сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді,
уландырады, кейде соңы өлімге апарады
(ШРК дан асып кетсе); Көмірдің тотығы (СО)
исі мен дәмі жоқ иіссіз газ. Жұмыс істейтін
аймақта оның ШРК мөлшері – 20 мг/ м3. Егер
концентрациясы 300 ден 600 мг/м3 болса адам
жеңілдеу уланады, 1800 мг/м3 болса қатты
уланады, ал 3600 мг/м3 де 2-3 рет тыныс алғанда
- ақ адам өліп қалады. Азот тотығы қанды
улайтын түссіз газ. Орталық жүйке тамырына
тікелей әсер етеді. Азоттың қос тотығы
тұншықтыратын исі бар, қоңыр түсті газ.
Ауадағы концентрациясы
10 мг/м3 болғанда иісі сезіледі, 80 м3 кубқа
жетсе, тамақты жыбырлатып, ауыздан су
ағады 200-300 мг/м3 концентрациясы адам өміріне
қауіпті. ШРК – 5 мг/м3 Атмосфера ауасы
өмір тіршілік үшін аса маңызды, тіршілікке
нәр береді. Сондықтан атмосфераны ауаны
ластанудан қорғау әр адамның мақсаты,
міндеті болуы тиіс. Атмосфераны ластаушылардың
түріде көп -ақ. Соның бірі автокөлік екені
белгілі.
Биологиялық қорлардың, соның ішінде өсімдік,
жануар және адамның улануы
Қолайлы жағдайда өмір сүру мүмкіндігінің
жоғарылауы
Қозғалысқа қатысушылардың күйзелісте
болуы
Жеке тұлғаның тіршілік кеңістігінің
кеңеюі
Аумақтарды бөлу есебінен өмір сүретін
кеңістіктің азаюы
Тұтынушы үшін әлеуметтік тұрмыстық қызмет
көрсетуге қол жетімділік
Ландшафтың биологиялық өнімділігінің
қысқаруы
Тауарлардың кең түрлеріне, өнімдерге
дәл дайын болған кезінде қол жеткізуді
қанағаттандыру
Қала құрылыстары
мен ауылдық ландшафттар үйлесімінің
бұзылуы
Тез жүруден қуанышқа бөлену, қолайсыз
ауа райы жағдайындағы комфорт және қолайлы
болу.
Атмосфера ауасын ластайтын
негізгі факторлардың бірі автокөлік
болып табылды. Автокөлік бөліп шығаратын
газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның
бірі түгелдей жанған немесе шала жанған
көмірсутектер. Шала жанған көмірсутектер
машинадан шығатын түтіннің құрамында,
әсіресе көлік моторы баяу істеп тұрғанда
көп бөлінеді.
Сапалы бензин құйылып, тоқтаусыз жүрген
көліктен бөлінетін газдың құрамында
2, 7% жанбайтын көмірсутегінің тотығы болады.Машина
жылдамдығын баяулатқан кезде оның мөлшері
6, 9% -ға дейін артады.Бұдан машинаны баяулатып
жүру жиі болғандықтан қала ауасы көміртегінің
тотығы көп бөлініп шығады. Бұл зат адам
ағзасынан енетін болса, қан гемоглобині
мен байланысып, оттегінің ұлпаларға жеткізілуіне
кедергі жасайды.
Бүгінгі таңда автокөлік көптеген қалаларда
бірінші орындағы ластаушы көзге жатады.
Көптеген мәліметтерге қарағанда бензин
қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған
көмірсутектердің толық жанбауынан шыққан
өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышынан
анағұрлым жоғары екені анықталған. Қорыта
келгенде автокөліктен осыншалықты адам
ағзасына қоршаған ортаға тигізетін зиянды
әсерлерін білдік.
Сондықтан да мынадай
ұсыныстды қолдау қаже;
1) Экологиялық таза жанармайлар ойлап
табылса......
2) Қазіргі автокөліктерден бөлінетін
зиянды заттарды ұстап қалатын сүзгіштер
орналастырылса.....
3) Арнайы сүзгіштерсіз көліктердің жүруіне
тиым салынса......
4) Салауатты өмір салтын қалыптастыруда
автокөлік орнына велосипед қолданылса.....
5) Велосипед жүргізуге арналған жолдар
және оған арналған тұрақтар салынуы қарастырылса.....
6) Экологиялық таза отын пайдаланатын
автомобиль қозғалтқыштарын жасаса.....
Жаңа жолдар — ел өркендеуінің белгісі
Нұрсұлтан Назарбаевтың
ойынша, өз пайдамызды мұқият есептей
отырып, Қазақстанның шегінен тыс өндірістік
көліктік-логистикалық объектілер құру
үшін, елден сыртқа шығуға назар тіктеудің
маңызы зор. «Біз қазіргі түсініктерімізден
арылып, өңірде және барша әлемде – Еуропада,
Азияда, Америкада, мысалы, теңізге тікелей
шыға алатын елдердің порттары, әлемнің
тораптық транзиттік нүктелеріндегі және
тағы басқа, көліктік-логистикалық хабтар
секілді қазіргі заманғы кәсіпорындар
құруға тиіспіз. Осы мақсатта «Жаһандық
инфрақұрылымдық интеграция» арнайы бағдарламасын
әзірлеу қажет болады», — деп үкіметке
талап қойды.
Бұған дейінгі Жолдауларында Президент
айтып өткендей, біз өз транзиттік әлеуетімізді
дамытуға тиіспіз. Бүгінде нәтижесінде
2020 жылы Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау
екі есеге ұлғаюы тиіс болатын бірқатар
ірі жалпыұлттық инфрақұрылымдық жобалар
іске асып жатыр. 2050 жылға қарай бұл цифр
он есе ұлғаюға тиіс.
Осының бәрі басты мақсатқа — экспортымызды
тек біздің өніміміз бен қызметтерімізге
деген ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік
нарықтарға қарай жылжытуға бағынуға
тиіс.
«Инфрақұрылым жасау, сонымен қатар, табыстылық
заңына бағынуға тиіс. Жаңа бизнестерді
дамытуға және жұмыс орындарын ашуға бастайтын
жерде ғана құрылыс жүргізу қажет. Шалғай
өңірлерді немесе тұрғындарының тығыздылығы
жеткілікті емес өңірлерді өмірлік маңызды
және экономикалық қажет инфрақұрылым
объектілерімен қамту үшін біз «инфрақұрылымдық
орталықтар» құруға тиіспіз. Бұл үшін
көлік жүйесінің озыңқы инфрақұрылымын
құруды қамтамасыз ету қажет», — деп көрсеткен
болатын Президент.
Арада өткен екі жыл ішінде біз мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайды
шынында да уақытынан бұрын зерттей білгеніне,
алдағы өте қажет болатын мәселелерге
тереңнен ой жібергеніне көз жеткіздік.
Елбасы өзі жиі айтып жүргендей, Қазақстан
құрлықтың ішінде орналасқан. Еуропа,
Азия елдері сияқты арзан да қолайлы теңіз
жолдарын пайдалану мүмкіндігі шектеулі.
Сондықтан қолдағы барды ұқсатып, қарт
Каспийдің мүмкіндігін мейлінше молынан
пайдаланып, барыс-келіс және алыс-беріс
шаруаларын өзімізде бар инфрақұрылым
арқылы іске асыруға тырысқан дұрыс.
Н.Назарбаев қазан айының алғашқы күндері
Маңғыстау облысына сапарлап барды. Мұнда
Елбасы облыс орталығынан телекөпір арқылы
«Боржақты – Ерсай» жаңа теміржолының
құрылысын іске қосты. Бұл қарапайым тұрғындарға
кәдімгі жаңалықтар тізбегіндегі бір
ақпарат болып көрінгенмен, мәселенің
өзегіне үңілген жұрт үшін аса маңызды
хабар. Өйткені бұл бастама арқылы Маңғыстау
түбегінде екінші жаңа порт пайда болады.
Қазір елімізде жалғыз ғана Ақтау порты
бар. Құрық ауданында салынып бітіп жатқан
жаңа порты алдыңғы екі үлкен жоба – Өзен-Түркіменстан
мен Бейнеу-Жезқазған темір жолдарындай
тым ұзын болмағанымен, маңыздылығы олардан
ешбір кем емес.
Жақында ғана «Нұрлы жол – болашаққа бастар
жол» атты Жолдауын халыққа жеткізген
мемлекет басшысы көліктік-логистикалық
инфрақұрылымдарды дамытудың мемлекет
бірінші кезекте назар аударуға тиісті
шарасы екенін айтып өтті.
«Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды
дамыту макроөңірлерді хабтар қағидаты
бойынша қалыптастыру аясында жүзеге
асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық
қаңқа Астанамен және макроөңірлерді
магистралды автомобиль, теміржол және
әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша
өзара байланыстырады.
Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық
хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын
құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта
Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті
арттыруға Құрық аудан орталығында орналасқан
портынан ауқымды паромдық өткел және
Боржақты — Ерсай теміржол желісі ықпал
ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның,
Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және
теңіз порттарында терминалдық қуаттар
салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды
тапсырамын» деп атап өтті Президент.
Осы Елбасының саясаты бойынша ашылған
Боржақты-Ерсай теміржолының маңыздылығы
сөзсіз. Бұл жоба — Каспий аймағының дамуына
ерекше серпін беретін үлкен жоба. Ол Құрық
портында паром кешенін салуға және жағалау
аймағында бірқатар индустриялық жобаларды
жүзеге асыруға инфрақұрылымдық негіз
болады. Байырғы Ақтау портының жүк жөнелту
қабілетінің төмендігі теңіз арқылы жүк
тасымалы жұмыстарын қарқынды жүргізуге
аздық етіп келген болатын. Жаңа теміржол
желісі дәл осы олқылықтың орнын толтырады.
Оған қоса жаңа портқа ірі су көліктері
еркін келіп-кетуі үшін теңіз жағасындағы
судың тереңдігі 22 метрден кем болмауы
тиіс. Құрық ауданындағы жағалау тереңдігі
23 метрге жетеді.
Бұл осы жағада 40-60 мың тонналық ірі танкерлерді қабылдауға болатынына айғақ. Жаңа порттың бөлектігі — Каспий теңізіндегі қыста қатпайтын бірден-бір порт.
Ол теңіздің қазақстандық секторында
мұнай операцияларын қолдаудың негізгі
нысандарының бірі болмақ.
Уақыт өте келе дамыған
портта мұнай және құрғақ жүктердің паромы,
мұнай терминалы, кеме жөндеу және жасау
зауыттары, теңіздегі операцияларды қолдау
базасы, мұнай-газ зауыты, мұнай-химия
кәсіпорны, тағы басқа да нысандар салынуы
жобаланып отыр. Қазір кеме жөндеу және
жасау зауыттарына қатысты жоба мен Боржақты-Ерсай
теміржолын салу жобасы, сондай-ақ теңіз
операцияларын қолдау жобалары басымдыққа
ие болып отыр. Боржақты-Ерсай теміржол
желісінің құрылысына 9 млрд. теңгеден
астам қаржы қарастырылған. Сонымен қатар,
Құрықтан жұмысшылар үшін екі бөлмелі
тұрғын үйлерді де тұрғызу қарастырылып
отыр. Жұмыстың бірінші кезеңі жылдың
аяғына дейін аяқталады, яғни жол салынып
болып, пойыздар жүре бастайды.
Осы жолдың бойында
Ақтау-Құрық тас жолы да қиылысады. Жергілікті
мамандар ақылдаса келе, тас жолды бір
деңгейде теміржолмен қиылысатын етіп,
ол жерге шлагбаум, күзетпелі өткел салу
идеясын мақұлдады. Бұл теміржол арқылы
Құрық теңіз порты мен оның айналасында
жаңа өндіріс орындарын дамытуға жағдай
жасалады. Жобалар толық жүзеге асырылғанда
мұнда 4000-нан астам адам жұмыспен қамтылмақ.
Ақтау портының жүк өткізу әлеуетін күшейту
үшін тағы үш құрғақ жүк терминалдарының
құрылысы жүргізілуде. Бұл өз кезегінде
құрғақ жүктерді қабылдау мүмкіндігін
3 млн. тоннаға дейін көбейтеді. Тәуелсіздік
жылдары Қазақстан 2000 шақырымға жуық теміржол
салды. Қытайдың Ляньюнгон порты арқылы
Достық-Жетігенді жағалаған жол Ерсай,
Болашақ, Құрық, Ақтаумен Еуропаға, Парсы
шығанағына шығады. Нұрсұлтан Назарбаевтың
арнайы тапсырма беріп, мемлекеттің даму
стратегиясында астын сызып көрсетіп,
көліктік-логистикалық инфрақұрылымды
дамытуды басты бағыт етіп таңдауы Қазақстанның
транзиттік, көліктік-логистикалық хабына
айналуына мүмкіндік берді.
Боржақты-Ерсай теміржол желісі арқылы
Құрық портын жандандыру идеясы бір күнде
дүниеге келген жоқ. ҚР Президентінің
2014 жылғы 13 қаңтардағы №725 Жарлығымен
бекітіліп, Қазақстан Республикасы көлік
жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және
ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік
бағдарламасы аясында Құрық портының
жағалауындағы инфрақұрылым объектілеріне
теміржол желісін салу көзделді. Қазіргі
жоспарларға сәйкес, 2020 жылға қарай жаңа
желімен жүк тасымалы шамамен 5 млн. тоннаға
жетеді. «Қазақстан – ұшқан құстың қанаты
талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан
аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті,
аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің
өркенін білгің келсе, жолына қара» деген
қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте
жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне
замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы
Жібек жолын жағалай қоныс тепкен.
Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың
бойында. Жол — шын мәнінде өмірдің өзегі,
бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық
аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе
жолымен өзара тығыз байланысуы керек.
Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы
елорданың жасампаздық рухын тарататын
өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың
өзара байланысын жақсарту елдің ішкі
әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн
сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын
нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады»,
— деп «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Жолдауында атап өткен мемлекет басшысы
болашақта еліміздің көліктік-логистикалық
инфрақұрылымы дами беретінін, оның мемлекеттің
бақылауында болатынын жеткізді. Боржақты-Ерсай
теміржол желісі небары 14 шақырым болса
да, Қазақстанның өңірлік мүддесіне жаңа
мүмкіндіктер ашқалы отыр.
Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Қазақстан ең ірі әрі халық көп қоныстанған құрлық - Еуразияның ортасында орналасқан. Біздің құрлықта жер шарындағы мемлекеттердің жартысы орналасқан. Мұнда адамзаттың 2/3 және әлемдік экономиканың 3/5 бөлігі шоғырланған. Аумағы жөнінен алып мемлекеттер (Ресей, Қытай), халық саны ең көп мемлекеттер (Қытай, Үндістан) және экономикасы аса қуатты елдер де (Жапония, Қытай, Германия) осы құрлықта. Еуразияда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мен ЕуроОдак (ЕО) орналасқан.
Қазақстан саяси-географиялығы аймағы - Орталық Азия. Ол 5 мемлекетті біріктіреді.
Аймақтағы шет елдерде 1,5 млн этникалық қазақтар тұрады. Еліміздің шекарасының 14-і осы елдерге сәйкес келеді. Олар саудадағы, табиғи қорларды бірлесіп пайдаланудағы, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды серіктестер болып табылады.
Аумағы: көлемі мен ұйымдастырылуы
Жер көлемі бойынша (2 724,9 мың км2) Қазақстан әлемде 9-орын алады. Жер көлемінің ірі болуы - Қазақстанның басты артықшылығы болып саналады. Қазақстан әр алуан табиғи байлықтарымен де ерекшеленеді.
Бірақ үлкен аумақты игеру көп күш жұмсауды да қажет етеді. Алыс жақтарға жүк тасымалдау өнім бағасын қымбаттатады. Көлік жолдарын салу, табиғи қорларды игеру өте қымбатқа түседі. Көп жағдайда жұмсалған шығын тұтас салалар шығаратын өнім көлемінен асып кетеді.
Қазақстанда аумақты ұйымдастырудың үш буынды жүйесі қалыптасқан. Оның негізіне 14 облыс жатады. Облыстар аудандарға, аудандар - округтерге бөлінген. Облыс, аудан, округ әкімшілік-аумақтық құрылымның үш басты буыны болып табылады. Бұдан басқа, аумақтық бірліктерге қалалар жатады. Олардың ішінде ерекше орын алатындар - республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалалары.
Астана - мемлекетіміздің саяси орталығы, оның «визит карточкасы» тәрізді. Ол басты біріктіруші қызметті атқарады. Іскерлік белсенділік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде Астананың маңызы күн санап артуда.
Алматы — ғылымның, мәдениеттің, өндірістің орталығы ретіндегі ірі қала. Оның еліміздің өміріндегі маңызына байланысты Қазақстанның «Оңтүстік астанасы» деген бейресми атауы да бар.
Аумақтық бірліктердің жергілікті мәселелерді шешуде өзіндік, яғни жергілікті басқару мүмкіндігі бар.
Қазақстанды географиялық тұрғыдан 5 бөлікке - Орталық, Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік және Батыс аймақтарға бөледі.
Экономикалық-географиялық жағдайы
Ел аумағының ең басты сипаты - оның географиялық жағдайы болып табылады.
Шаруашылықтың дамуы үшін экономикалық-географиялық жағдайдың (ЭГЖ) маңызы зор.
Экономикалык-географиялық жағдай - елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын:
- әлемдік экономиканың басты орталықтарына, әлемдік нарықка (нарықтық-географиялық жағдайы);
- көрші елдерге (көршілік жағдай);
- халықаралық көлік жолдарына (көліктік-географиялық жағдай) қатысты анықтау.
ЭГЖ тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.
Нарықтық-географиялық жағдайда АҚШ, ЕО, Жапония сияқты әлемдік экономиканың басты орталықтарының маңызы зор. Олардың нарықтары алдыңғы қатарлы технологиямен, сыйымдылығымен, төлем қабілеттілігімен тартымды.
Көршілік жағдайда Қытай мен Ресейді алуға болады. Олар әлемдегі үшінші жөне тоғызыншы орындағы экономикалар. Олар біздің ірі сауда серіктестеріміз болып саналады. Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан экономикалық деңгейі бойынша Қазақстаннан артта. Алайда, болашақта олармен де бірлесіп жұмыс істеудің бірнеше бағыттары жасалған.
Көршілік жағдайдың басты плюсі - көрші елдің аумағын үшінші бір елмен байланыс орнату үшін пайдалану. Оның интенсивтілігі мен географиясын көліктік-географиялық жағдай анықтайды. Ең қолайлысы - теңіздік жағдай. Қазақстанда ашық теңізге тура шыға алатын мүмкіндік жок (ішкі құрлықтық жағдай). Бірақ оның 2000 км-дей шекарасы батыста Каспий арқылы өтеді.
Жер үсті байланысы құрлықтағы шекараның ерекшеліктеріне тәуелді. Оның жалпы ұзындығы 13,3 мың км. Ресеймен шекара (7,5 мың км) негізінен жазық жерлермен өтеді. Онда табиғи кедергілер жоқ. Ел арасындағы шекараны көптеген темір жол мен автомобиль жолдары кесіп өтеді. Қытаймен арадағы шекараның көп белігі таулар арқылы өтсе, Орталық Азия мемлекеттерімен шекара жазық жерлермен жүргізілген. Бұл шекара арқылы әзірге 4 темір жол етеді: біреуі - Қытайға, үшеуі - Орталық Азияға апарады.
Елдің аумағы арқылы басқа мемлекеттердің жүгі мен жолаушыларын тасымалдау (транзиттік жағдай) қосымша кіріс әкеледі. Транзиттік көлік дәліздерінің дамуы ішкі құрлыктық жағдайдың минустарын азайтады.
Табиғи-ресурстық әлует
Табиғи-ресурстық әлуетке табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар жатады.
Табиғи жағдай - қоршаған табиғаттың сипатын береді. Мысалы, климат (жұмсақ, қатал) немесе жер бедері (жазық, таулы). Табиғи жағдайлар шаруашылық қызметіне тікелей қатыспағанмен, оны жеңілдетеді немесе керісінше, ауырлата алады. Олар қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.
Біздің еліміздің жер бедері шаруашылық жағдайы үшін қолайлы болып келеді.
Климат, керісінше, айтарлықтай қиындықтар туғызады. Ол, ең алдымен, жауын-шашынның аз түсуіне байланысты. Кең-байтақ аймақтар тұщы су жетіспеуінің зардабын шегуде. Бұл жерлердің игерілуіне кері әсерін тигізетін ең басты себеп осы. Еліміздің ең үлкен мәселелерінің бірі әлсін-әлсін қайталанып тұратын құрғақшылық, ол өнім алуға кесірін тигізеді.
Табиғи жағдайлар - халықтың өмір сүру жағдайларының құрамдас бөлігі болып табылады.
Адам өмір сүруі үшін табиғат жағдайлары қолайлы болып келетін аумақтар Қазақстан жерінің 1/3 бөлігін ғана алып жатыр. Ол жерлерге сумен жеткілікті қамтамасыз етілуі, қыстың жұмсақ, жаздың жылы болуы тән. Ол жерлерде халық тығыз орналасқан. Құрғақ, су тапшы ішкі аудандар өмір сүруге қолайсыз. Соған қарамастан бұл жерлерге 1,5 млн Қазақстандыктар немесе халықтын, 1/10 белігі қоныстанған.
Табиғи ресурстар - табиғат компоненттері болып саналады. Мысалы, пайдалы қазбалар, су, топырақ, орман, шалғын өсімдіктері мен жайылымдықтар. Табиғи ресурстар тікелей шаруашылықта пайдаланылады. Олар экономиканың шикізаттық және энергетикалық базасын құрайды.
Маңыздылығына байланысты табиғи ресурстарды ұлттық (жалпы мемлекеттік), аймақтың және жергілікті маңызы бар деп бөледі. Қолданылуына байланысты ресурсты:
- өндірістің материалдық игілігі үшін (минералдық, жер, су, гидроэнергетикалық, орман);
- дем алуға арналған (рекреациялық) ресурстар (су, орман, тау) деп бөледі. Бұдан басқа, барлық ресурстар таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді.
Осы айырмашылықтар табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әр түрлі жолдарын анықтайды. Таусылатын ресурстар (кейбіреуі болмаса) қайта қалпына келмейді. Оларды тиімді пайдалану дегеніміз:
- барлық пайдалы компоненттерін алу;
- шығынды азайту;
- қалдықтарды сақтап, қайта өңдеу.
Таусылмайтын ресурстар қайта қалпына келеді. Оларды тиімді пайдаланудың бірқатар шаралары бар. Биологиялық және жер ресурстары үшін бұл - шаруашылық жұмыстарына шектеу қою. Содан соң - жасанды түрде қалпына келтіру (ағаш отырғызу, балық өсіру). Ауа мен су үшін қолданылатын шаралар - оларды ластанудан сақтау болып табылады.
Табиғи ресурстарға шаруашылық (экономикалық) баға беру:
- ресурсқа деген қажеттілікті;
- олардың географиялық орнын;
- көлемі мен сапасын қарастырады.
Осыған байланысты игерудің тиімділігі: яғни қанша шығын жұмсалатындығы, шығынның қайтарымдылық жылдамдығы есептеледі.
Табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімінің (ТРАҮ) үлкен маңызы бар. Олар аумақтарды кешенді түрде игеру үшін қолайлы. Мысалы, Кенді Алтайдағы мырыш өндірісі полиметалл кендері мен су қуаты ресурстарының үйлесімділігі арқасында пайда болды.
Еліміздің ең басты байлығы - минералдық және жер ресурстары. Онымен қамтамасыз етілуі жөнінен әлемдегі алдыңғы орындарды алады.
Қазақстан - барланған пайдалы қазбалар ресурсы жөнінен әлемдегі 6-шы мемлекет. Олардың негізгі ерекшеліктері толық құрамдылығы мен ірі масштабтылығында. Еліміздің жер қойнауында уранның әлемдік ресурсының 1/4-і, хромның 1/7-і, қорғасын мен мырыштың 1/10-і орналасқан. Осы және басқа да пайдалы қазбалардың түрі бойынша Қазақстан Республикасы алдыңғы қатардағы мемлекеттер «ондығына» кіреді.
Қазақстанның қуатты минералдық-шикізат базасы басты бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Бірақ оның дамуына объективті қиыншылықтардың әсері бар. Өндірудің кен-геологиялық жағдайы мен шикізат санасы нашарлап келеді. Пайдалы қазбалар кен орындары да біркелкі таралмаған. Пайдалы қазбалардың бай кен орындары тұруға қолайсыз аймақтарда орналаскан. Оларды игеру жаңа тәсілдер мен технологияны қажет етеді.[1]
Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан.
Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым (1.049.150. sq. miles). Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеу негiзiнен – орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропиктік өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде – Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде – Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғыз (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың шаршы шақырым. Халқы – 16 млн. 675 мың адам (2012 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет). Оның 9 млн-нан астамы немесе 63%-ы – қазақтар. Республикада 130 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік-аумақтың құрылымы бойынша 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады.
Халық
Халық саны - 16, 6 млн. адам. Халықтың тығыздығы: 1 шаршы метрге – 5,9 адам.
Астанасы – Астана (1997 жылғы 10 желтоқсаннан). Халық саны 697,0 мың адам.
Қазақстанда 14 облыс, 86 қала (оның 41-і – республикалық және облыстық маңызда), 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік және 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.
Мемлекеттік тілі – қазақ тілі, мемлекеттік мекемелерде және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен тең қолданылады.
Ұлттық мерекелер: 30 тамыз – Конституция Күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік Күні
Ақша бірлігі – теңге, 1 теңге = 100 тиын. 1993 жылғы 15 қарашада енгізілген.
Мемлекеттiк құрылысы
Қазақстан 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша, өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екi адамнан сайланады. Сенаттың 7 депутатын Парламент өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан құралады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Президент Үкiметтi Конституцияда белгiленген тәртiппен құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi 7 мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестiң төрағасын Республика Президентi тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жергiлiктi мемлекеттік басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат) және атқарушы органдар (әкiмдiк) жүзеге асырады.
Табиғи-ресурстық әлеует
Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделееев кестесінің 105 элементінің 99-ы табылған, 70-і бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.
Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрін қамтитын 493 кен орны белгілі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттың барланған қорлары бойынша – бірінші, күміс, қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша – екінші, мыс пен флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша – төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.
Қазақстан пайдалы қазбалар қорларының көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында хром кендері және қорғасын бойынша – бірінші, мұнай, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель және фосфорлы шикізат қорлары бойынша – екінші, газ, көмір, алтын және қалайы бойынша үшінші орында тұр.
Республика күмісті, хромитті, қорғасынды және мыршты өндіру бойынша – бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфатты шикізатты өндіру бойынша – екінші орында, алтын өндіру бойынша үшінші орында тұр. Қазақстан республиканы әлемнің ірі мұнай өндіретін мемлекеттерінің қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін, батыс өңірінде шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай қорларына ие.
Қазақстанның бар пайдалы қазбалар қорларын геологиялық-экономикалық бағалау нәтижесі бойынша, экономикалық маңызы бойынша көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромиттер, алтын, марганецтің ең үлкен салмағы бар.
Республиканың көліктік және коммуникациялық кешенінде темір жол, әуе, теңіз, өзен жолдарының көлігі, автомобиль жолдарының желісі және телекоммуникациялық жүйелері бар.
Темір жолдардың жалпы ұзындығы 14,2 мың км.
Жүктердің көбі темір жол көлігі арқылы тасымалданады. (2010 жылдың 8 айында 170,8 млн. тонна жүк тасымалданды).
Ортақ пайдаланатын авто жолдардың ұзындығы 93 мың км асады, соның ішінде республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы – 23,5 мың км.
Теңіз кеме қатынасы Каспий теңізі арқылы жүзеге асады.
Негізі теңіз порттары – Ақтау және Баутино, олар арқылы Иран және Әзірбайжан елдеріне тікелей өтуге болады.
Республиканың әуе кеңістігінде «Эйр Қазақстан» Ұлттық акционерлік авиакомпаниясы және басқа әуе компанияларының ұшақтары жолаушы тасымалдайды. Түркия, Қытай, Индия, Германия, Австрия және басқа елдермен тұрақты әуе қатынастары ретке келтірілді.
Қазақстанның телекоммуникация жүйелерін «Қазақтелеком» Ұлттық акционерлік компаниясы және басқа көптеген компаниялар танытады.
Логистика
Логистика — тұтынушыларға шикізатпен жабдықтаушылардан тауарлар мен қызмет көрсетулерді алға бастырудың тиімді процесін ұйымдастыру, өнімдер, тауарлар, қызмет көрсетулер саласының жұмыс істеу, тауар қорларын басқару, тауар қозғалысының инфрақұрылымын жасау мәнін білдіретін мамандық. Логистиканың барынша кең таралған атауы оны әртүрлі жүйлердегі материалдық, ақпараттық және қаржылық ресурстар қозғалысын жоспарлау, басқару және бақылау туралы ғылым ретінде түсіндіреді. Ұйымдастыру менеджменті тұрғысынан логистиканы материалдар, бөлшектер және дайын керек-жарақты (техники және басқасы) сатып алу, жабдықтау, тасымалдау, сату және сақтау процесіндегі материалдық ағындарды стратегиялық басқару ретінде қарастыруға болады. Түсінік сондай-ақ тиісті ақпарат ағындарын, қаржылық ақпаратты басқаруды қамтиды. Логистика бір кәсіпорын шеңберіндегі сияқты, сондай-ақ кәсіпорындар тобы үшін де сервисті жасау, өткізу және сүйемелдеу процесін жаңартуға және кедергілерді оңтайландыруға бағытталған. Логист күні – 10-қаңтар.
Терминнің шығуы
Термин бастапқыда интендандтты Қарулы күштер қызметінде пайда болды. «Логистика» терминінің өзі «есептеу өнерін» білдіретін грек тілінің λογιστική сөзінен шыққан. Византия императоры Арыстан VI (865—912) әскери шеберлік бойынша трактатында алғаш рет қолданылады.
Византия империясында император сарайында міндеттеріне тамақ өнімдері бөлу кіретін «логистиктер» болды. Наполеонның өз әскерінде логистикалық ұстанымдарды қолданғаны туралы мәліметтер бар.
Логистика терминін XIX ғасырдың басында орыс тіліне француз әскери маманы Антуан Жомини әкелген.
Логистика теориясы
Логистиканың ғылым ретіндегі мазмұны материалдық және ақпараттық ағындарды басқарудың тиімді ұйымдастыру нысандары мен әдістерін практикада айқындау және жүзег асыру мақсатында, тауар қозғалысының процесіне тән заңдылықтарды және себеп-сладар байланыстарны белгілеу болып табылады.
Бизнес-логистика
Компания қызметінің ерекшелігіне байланысты, әртүрлі логистикалық жүйелер қолданылады. Логистикалық жүйе — негізгіні орындау үшін құрылған логистикалық тізбекке қатысушылар (өндіруші-кәсіпорындар, көлік, сауда ұйымдары, дүкендер және басқалар) әрекеттерінің жинытығы.
Логистика міндеттері.
Логистикалық жүйелер кәсіпорын қызметін қамту бойынша өте әрқилы (және заманауи ресейлік менеджмент түсінігі бойынша да). Кейбіреулер үшін логистика бұл жай ғана деректер базасымен жұмыс істей білу болса, кейбіреулері үшін — жабдықтау немесе қоймалық қызмет. Бірақ өз тағайындалымдары бойынша (ал оның басты тағайындалымы — жоспарлық тапсырмаларды орындау жағдайы кезінде шығындаорды азайту, демек, өндірістік қызмет тиімділігін арттыру) логистикалық жүйелер іс жүзінде барлық қызмет бағыттарын қамтуға тиіс (бухгалтерлік, кадрлық және т.с.с. қоспағанда). Жалпыға танымал логистикалық жүйелер және басқару тұжырымдамалары бұдан әрі
Just In Time: MRP берілген—Materials requirements planning, DRP (distribution requirements planning), MRPII —Manufacturing resource planning, ERP — Enterprise resource planning;
LEAN PRODUCTION:CSRP — Customer Synchronized Resource Planning, ROP, QR, CR, AR;
EOQ МОДЕЛЬ;
Екі деңгейлі жүйе;
Қосбункерлі сызбанұсқа;
Тұрақты тапсырыс кезеңділігіндегі модель;
АВС әдісі;
Қорларды Тұрақты емес және стохастикалық басқару модельдері.
Компаниялар өзінің логистикалық бөлімшелерін дамыта, сондай-ақ жеткізу, қоймалау және жабдықтау мәселелерін шешу үшін көлік-логистикалық ұйымдарды тарта алады. Логистикада бизнес-тапсырмаларды шешу үшін тәуелсіз компанияларды тарту деңгейіне байланысты әртүрлі деңгейлер ерекшеленеді:
1PL — ағылш. «first-partylogistics» — ұйымдар логистикалық мәселелерді өз бетінше шешетін тәсіл;
3PL ағылш. «third-party logistics» — жеткізу және мекенжайлық сақтаудан бастап тапсырыстарды басқару және тауарлар қозғалысын қадағалауға дейінгі логистикалық қызмет көрсетулердің толық кешені көлік-логистиука ұйымының тарапына берілетін тәсіл.
Мұндай 3PL-провайдер функциясына тасымалдауды ұйымдастыру және басқару, қорларды есепке алу және басқару, импорттық-экспорттық және фрахталық құжаттаманы дайындау, қоймалық сақтау, жүкті өңдеу, түпкі тұтынушыға жеткізу кіреді. Практикада логистиканы басқару міндеті «logistics mix» деп аталатын бірнеше құрауыштармен басқаруға келтіріледі:
қойма ғимараттары (жекелеген қоймалық құрылымдар, дистрибьютерлік орталықтар, дүкенмен қатар салынған қоймалық үй-жайлар);
қорлар (әрбір атаулары бойынша қорлар көлемі, қордың орналасқан орны);
тасымалдау (көлік түрлері, мерзімдері, ыдыс түрлері, жүргізушілердің болуы және т.с.с.);
жиынтықтау және буып-түю (сатып алушылар белсенділігіне болатын бір мезгілдегі әсерді сақтаудың логистикалық тұрғысынан қызмет көрсету қарапайымдылығы мен оңайлығы);
байланыс (тауар қозғалысы кезінде түпкі сияқты, аралық ақпаратты алу мүмкіндігі).
Логистика мынадай түрлерге бөлінеді: сатып алу, көліктік, қоймалық, өндірістік, ақпараттық логистика және басқасы.

- Көлік+құралдарына+салынатын+салық
- Көлік құралдарына салынатын салық және оның төлеу мерзімі
- Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- Көлік қызметінің нарығының мінездемесі
- Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері
- Көлік салығының есебі
- Көліктегі қылмыстар
- Көк Жасыл Балдыр
- Көк-жасыл балдырлар бөлімі
- Көкірек клеткасының пішінін анықтау Адамның көкірек қуысының пішіндері
- Көкшетау
- Көлеңкелі экономика
- Көлеңкелі экономика
- Көлік географиясы