Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері

 

Кіріспе: 

Менің бұл рефераттық жұмысымның негізгі  тақырыбы «Жүк автокөліктеріне салынатын  салық ставкалары» болып табылады. Яғни, жалпы алғанда, көлік құралдары  салығы Қазақстан Республикасындағы  негізгі салықтардың бірі болып  саналады. Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарынан салық төлейді. Бүгінгі таңда, көлік салығы салық ретінде кең түрде қолданылып келеді. Бұдан ертеректе көлік салығы аттың күшімен есептелініп келді. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз болып келді, себебі көлік құрадарынан түскен салық сомаларының мөлшері аз болды. Қазіргі кезде көлік салығын есептеуде бірнеше тәсілдер қоланылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық ставкалары жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын көліктер орындық санына қарай көлік салығының ставкасы есептелінеді. Сонымен қатар бұл автокөлік түрлеріне салынатын салық ставкалары заңмен бекітілген.

 Соңғы  кезде Қазақстан Республикасында  көлік салығына көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

 Көлік  құралдары салығы негізінен мақсатты  салық болып келеді, яғни түскен  салық сомалары жолды жөндеуге  жұмсалады және бюджетке түсуіне  орай салық болып саналады.

Міне, мен  тақырыбымның негізгі өзегі деп осыларды басты назарға ала отырып жаздым.

  
 
 
 
 
 
 

                                                   

                                                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері

 Көлік  құралдары салығы Қазақстан Республикасындағы салықтардың бірі болып саналады.

 Жеке  және заңды тұлғалар меншігіндегі  көлік құралдарынан салық төлейді.

 Бүгінгі  таңда, көлік салығы салық ретінде  кең түрде қолданылып келеді. Ертеректе көлік салығы аттың  күшімен есептелініп келді. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз болып келді, себебі көлік құралдарынан түскен салық сомалары аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салығын есептеуде бірнеше тәсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық сомасы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын көліктер орындық санына қарай көлік салығы есептелінеді.

 Қазақстан  Республикасында көлік салығына  көптеген өзгерістер мен толықтырулар  енгізілді.

 Көлік  құралдары салығы негізінен мақсатты  салық болып келеді, яғни түскен  салық сомалары жолды жөндеуге  жұмсалады және бюджетке түсуіне  орай жергілікті салық болып  саналады.

 Көлік салығын төлеушілер:

 -меншік құқығына салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік;

-меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды  басқару құқығында салық

  салу  объектілері бар заңды тұлғалар;

-заңды  тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;

-лизинг  алушы қаржы лизингі шарты  бойынша берілген салық алу  

  объектілері бойынша көлік құралдары салығын төлеуші болып табылады.

  Көлік құралдары  бойынша жеңілдіктер.

 Көлік  салығын есептеу барысында қарастырылған  салық жеңілдіктеріне тоқталып  өтейік:

1. 1995жылы 24сәуірдегі «Салықтар  және бюджетке  төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес:

1) Қазақстан  Республикасының Министрлер Кабинеті  тізбесін белгілейтін ауыл шаруашылығы өнімін мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасымен өндірушілер;

2) жүк көтерімі 40 тоннадан асатын карьерлік автоаударғыштар;

3) бір автокөлік құралы бойынша:

-Ұлы  Отан соғысына қатысушылар мен  соларға теңестірілген тұлғалар;

-меншігінде  мотоколяскалары мен автомобильдері  бар мүгедектер;

-Кеңес  Одағының Батырлары, Социалистік  Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы» атағын алғандар, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталғандар, «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» және көп балалы аналар;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері;

5) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы, ААФЖЕҚ Орталық комитеті, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақ Республикалық ұйымы;

6) Қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 50 пайызы мүгедектерден тұратын өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындар-есепті кезеңде алынған табыстың кемінде 50пайызын мүгедектерді әлеуметтік қорғауға нақтылы пайдаланған жағдайда ғана босатылған еді.

2. Бүгінгі таңда  көлік құралдары  салығын төлеуден  босатылады:

1) Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;

2) меншікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

3) мемелекеттік мекемелер;

4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша;

5) ауыл  шаруашылық құрылымынан шығу  нәтижесінде пай ретінде алынған,  пайдаланған мерзімі жеті жылдан  асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар.

 Көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері болып уәкелетті органда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары саналады.

 Мына төменде аталғандар көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілеріне жатпайды:

1) жүк  көтергіштігі 40 тонна және одан  асатын карьерлік автосамосвалдар;

2) мамандандырылған  медициналық көлік құралдары. 

                  Көлік құралдары салығының ставкалары

  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері көлік құралдары салығының ставкалары бірнеше мәрте өзгерді:

  1. 1995жылы 24сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес көлік құралдары салығының ставкалары төмендегі кестеде көрсетілген:
 

1995жылы 24сәуірдегі Қазақстан  Республикасы Президентінің  Жарлығына сәйкес 

                көлік құралдары салығының ставкалары

 
     Салық салынатын объект
Салық мөлшері (қуаттың әрбір киловатынан ең төменгі айлық жалақыдан пайыз  есебімен)
Жеңіл автокөліктер, автобустар                    8,0
Мотоциклдер мен мотороллер                    1,0
Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар мен мотошаналар                    4,0
Яхталар, ұшатын аппараттар                    8,0
Жүк автокөліктері және басқа өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалық механизмдер, шынжыр табанды машиналар мен механизмдерден басқалары                   

                   4,0

 

Ең төменгі  айлық жалақы-айлық жалақының заңмен белгіленген ең төменгі мөлшері.

2. Қазақстан  Республикасының 1999жылы 16шілдедегі заңына сәйкес көлік құралдары салығының ставкасы төмендегідей көрсетілген: 

Қазақстан Республикасының 1999жылы 16шілдедегі  заңына сәйкес көлік  құралдары 

                          салығының ставкалары

   Салық салу объектісі Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)
1.Двигатель көлемі мынадай

автокөліктер (текше см):

 
1100-ге дейін қоса алғанда                            4,0
1100-ден жоғары  1500-ді қоса                            6,0
1500-ден жоғары 2000-ды қоса                            7,0
2000-нан жоғары 4000-ды қоса                           22,0
4000-нан жоғары                         117,0
2.Жүк көтергіштігі мынадай жүк

таситын арнаулы автокөліктер

 
1,5тоннаға дейін қоса алғанда                             9,0
1,5 тоннадан жоғары-5тоннаны қоса                            12,0
5 тоннадан жоғары ауыл

шаруашылық  құрылымдарынан

бөлініп шығу нәтижесінде пай

ретінде алынған жүк автокөліктері 

                           15,0

Әр киловатт қуаттан айлық есептік көрсеткіштің 4,0 пайызы

 3.Шынжыр табанды машиналар мен

  механизмдерді қоспағанда, өздігінен

  жүретін машиналар мен

  пневматикалық жүрістегі

  механизмдер

                                

                               3,0

4. Автобустар  
12отыратын орынға дейін қоса

алғанда

                               9,0
12-ден жоғары 25отыратын орынды қоса                               14,0
25 отыратын орыннан жоғары                               20,0
5.Двигателінің қуаты 55кВт-тан

артық емес мотоциклдер,

мотороллерлер, мотошаналар, көлемі шағын кемелер

                                

                               1,0

6.Катерлер, кемелер, буксирлер,

баржалар, яхталар

 
160-қа  дейін қоса алғанда                                 6,0
160-тан  жоғары 500-ді қоса                                18,0
500-ден  жоғары 1000-ды қоса                                32,0
1000-нан  жоғары                                55,0
7. Ұшу  аппараттары Әр киловатт қуаттан айлық есептік көрсеткіштің 8,0пайызы
 

Бүгінгі таңда көлік құралдары салығын есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген ставкалар бойынша төменде көрсетілген. 

Бүгінгі таңдағы өзгертулер мен толықтырулардан  кейінгі көлік  құралдары салығының  ставкалары

 Салық  салу объектісі Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)
1.Двигатель көлемі мынадай жеңіл

автокөліктер

 
1100-ге дейін қоса алғанда                            4,0
1100-ден жоғары 1500-ді қоса                            6,0
1500-ден жоғары 2000-ды қоса                            7,0
2000-нан жоғары 2500-ді қоса                           12,0
2500-ден жоғары 3000-ды қоса                           17,0
3000-нан жоғары 4000-ды қоса                           22,0
4000-нан жоғары                         117,0
2.Жүк көтергішті мынадай жүк

таситын арнаулы автокөліктер

 
1тоннаға дейін қоса алғанда                            6,0
1тоннадан жоғары-1,5тоннаны қоса                            9,0
1,5 тоннадан жоғары-5 тоннаны қоса                           12,0
5 тоннадан жоғары                           15,0
3.Шынжыр табанды машиналар мен

механизмдерді қоспағанда, өздігінен

жүретін машиналар пневматикалық жүрістегі механизмдер

 

                           3,0

4. Автобустар  
12отыратын  орынға дейін қоса

алғанда

                           9,0
12-ден  жоғары-25отыратын орынды қоса                           14,0
25 отыратын  орыннан жоғары                           20,0
5.Двигателінің  қуаты 55кВт-тан

артық емес мотоциклдер,

мотороллерлер, мотошаналар, көлемі шағын кемелер.

Двигателінің  қуаты  55кВт-тан

жоғары  мотоциклдер

                           

                           1,0 
 

                          10,0

6.Катерлер, кемелер, буксирлер,

баржалар, яхталар

 
160-қа  дейін қоса алғанда                             6,0
160-тан  жоғары 500-ді қоса                            18,0
500-ден  жоғары 1000-ды қоса                            32,0
1000-нан  жоғары                            55,0
7. Ұшу  аппараттары әрбір киловатт қуатта айлық есептік

көрсеткіштің 4,0 пайызы

 

      Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері

 Салық төлеушілер салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық сомасын дербес есептейді.

 Көлік  құралы меншік құқығында, шаруашылық  жүргізу құқығында немесе оралымды  басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.

1995жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес көлік құралдарына салынатын салық мөлшерін салық төлеушілер салық ставкаларын ескере отырып, көлік құралдарының жалпы қуаты мен түріне қарай дербес белгілейді және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде төлейді.

 Салық  кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустер, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығын берген кезінде салық сомасы мынадай тәртіппен есептелінеді:

1. Беретін  тарап үшін:

-салық  кезеңінің басында қолда бар  көлік құралдары бойынша салық  сомасы салық кезеңінен басынан  бастап көлік құралына меншік  құқығын, шаруашылық жүргізу немесе  оралымды басқару құқығын берген  айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелінеді;

-салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралдарына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

2. Алушы  тарап үшін-салық сомасы көлік құралдарына меншік құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге ғана есептеледі.

 Салық  кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер,  жеке нотариустар, адвокаттар  болып табылмайтын жеке тұлғалар  салық салу объектілеріне меншік  құқығын берген кезінде салық  сомасы мынадай тәртіппен есептелінеді:

1) көлік  құралына меншік құқығын жеке  кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың біреуі есептеп, бюджетке енгізеді;

 2) көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиісті салық сомасы жоғарыда аталған тәртіпке орай төленуі тиіс.

 Алу  кезінде Қазақстан Республикасында  есепте тұрмаған көлік құралдары  сатып алған кезде салық сомасы  көлік құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу немесе оралымды  басқару құқығы туындаған айдың 1 күнінен бастап салық кезеңінің аяғына дейінгі кезең үшін есептелінеді.

 Меншік  құқығында, шаруашылық жүргізу  немесе оралымды басқару құқығында  1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

 Қазақстан  Республикасында есепте тұрмаған  көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.

 Алу  кезінде Қазақстан Республикасында  есепте тұрған көлік құралдарына  меншік құқығы, шаруашылық жүргізу  немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдеден кейін алған жағдайда, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілген көлік құралдары бойынша салық төлеуді жүргізеді.

 Көлік  құралының меншік иесі атынан  меншікті сенімгерлік басқару  құқығында көлік құралын иеленуші  тұлғаның көлік құралдарына салық  төлеуі көлік құралына меншік  иесінің осы есепті кезең үшін  салық міндеттемесін орындауы болып табылады.

 Көлік  құралдары салығын есептеу мен  төлеу үшін салық кезеңі-күнтізбелік жыл болып саналады.

 Салық  төлеушілер (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларды және бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлік құралдары салығы бойынша ағымдығы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді. 

 Жүк автокөліктерінің 2004 жылғы көлік құралдары салығы 

 
Салық салу объектісі:

Жүк автокөлігі

  

АЕК

 
Салықтың

мөлшері

АЕК

 
7 жылға дейінгі салық ставкасы
ТМД елдерінің  пайдалану мерзімі
7-ден 14жылды қоса 14-тен жоғары - 20 20 жылдан жоғары
0,5коэф 0,3коэф 0,1коэф
1тоннаға  дейін қоса алғанда  

  919

 

     6

 
   5514
 
   2757
 
  1654
 
   551
1т  жоғары- 1,5тонна   919      9    8271    4136    2481    827
1,5т  жоғары- 5тонна   919     12   11028    5514    3303   1103
5 тоннадан  жоғары   919     15   13785    6893    4136   1379
 
 

Шынжыр  табанды машиналар  мен механизмдерді  қоспағанда, өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалық жүрістегі механизмдердің  2004жылға арналған

салық ставкалары 

          Салық салу объектісі        Ставка бойынша
   АЕК-пен                 3
Шынжыр  табанды машиналар мен

механизмдерді қоспағанда, өздігінен

жүретін машиналар мен пневмати-калық жүрістегі механизмдерге

          

             2757

 

Автобус көлік құралдарының 2004жылға  арналған салық ставкалары 

 

         

           Салық салу

             объектісі

 Айлық  есептік көрсеткіш 919теңге
           Отыратын орын
12отыратын  орынға дейін қоса алғанда 12-ден жоғары-25 отыратын орын 25отыратын орыннан  жоғары
          АЕК-пен         9       14      20
         автобустар      7848    12208   18380
 
 

  Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлемі шағын кемелердің 2004 жылға арналған салық ставкалары 

  Салық  салу объектісі                АЕК     Ставка  бойынша
1.Двигателінің  қуаты

55кВт-тан  артық емес

мотоциклдер,мотороллерлер, мотошаналар, көлемі шағын кемелер

 
 
                 1
               

                919

2. Двигателінің  қуаты 55кВт-тан артық мотоциклдер                 10                9190
3.Пайдалану  мерзімі 20

 жылдан  асатын ТМД

 елдерінде мотоциклдер, жеке

 тұлғалар үшін түзету

 коэффициенті-0

   
 

  Катерлер, кемелер,  буксирлер, баржалар, яхталардың (двигателінің қуаты ат күшімен) 2004 жылға арналған салық ставкалары 

Салық салу

объектісі: катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, көлемі шағын кемелер

 
 
 
 
АЕК
 
 
Салық-тың мөлшері,

  АЕК

 
5жылға  дейінгі салық-тың став-касы
           Пайдалану мерзімі
5-тен жоғары -10жыл 10-нан жоғары –20жыл 20-дан жоғары -30жыл     30

жылдан  жоғары

 
 
0,5коэф
 
 
0,3коэф
 
 
0,2коэф
 
 
0,1коэф
160-қа  дейін қоса алғанда  

  919

 
       6
 
  5514
 
  2757
 
  1654
 
  1103
 
   551
160-тан  жоғары  500-ді қоса  
  919
 
      18
 
  16542
 
  8271
 
  4963
 
  3308
 
  1654
500-ден  жоғары 1000-ды қоса  
  919
 
      32
 
  29408
 

14704

 
  8822
 
  5882
 
  2941
1000-нан  жоғары   919       55   50545  25273  15164  10109   5055
Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері