Көліктік логистика – логистиканың жетекші саласы

Көліктік логистика

 

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:
    1. Көліктік логистика – логистиканың жетекші саласы
    1. Қазақстан Республикасындағы көліктік логистика кәсіпорындарының даму болашағы және оны жетілдіру жолдары
    2. Көліктік логистикалық жүйелерді дамытудың халықаралық концепциясы мен тәжірибесі
  1. Қорытынды
  1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Бизнес тұрғысынан қарағанда логистика деген корпоративті мақсатқа барлық ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да (ақпараттық, қаржы, қызмет) ағымдарын тиімді басқару. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізінде бірікті. Бизнес практикасына логистикалық менеджмент әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.

Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйе-лердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.

Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір функция сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы – негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты – материалды ағымдарды толассыз басқару. Осы ретте транспорттық логистика – жүкті  (материалдық зат, заттек т.б.) бір нүктеден екінші нүктеге  оңтайлы  жеткізуді  ұйымдастыратын жүйе.  Логистикалық нысанды  ең қысқа (көрсетілген) мерзімде  ең аз шығынмен,   нысанға  ең аз  шамада зардап келтіріп  (тасымалдауға  байланысты) жеткізілетін маршрутты  пең  оңтайлы  деп есептейді. Бұл тауарлар қозғалысы  үрдісінде  ақпараттық және  материалдық  ағымдарды  басқару  жайлы ғылымның   негіздік  бағыттарының  бірі  болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көліктік логистика – логистиканың жетекші саласы

     Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы ете үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді. Мысалы Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ. Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км² жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында.

Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуда. Ұзындығы 4,5—5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.

Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары. Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы — Атлант мүхиты. Ірі порттары: Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР). Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды дамуы Тынық және Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде. Бұл аймақтағы халықаралық маңызы бар ірі порттар қатарына Кобе, Нагоя, Иокогама (Жапония) және Сингапур жатады.

Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг— 747" (АҚШ), "Ил—86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР— Франция — Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың км/сағ-қа жететін "Конкорд" (Франция — Ұлыбритания) ұшақтары бар.

Ал Қазақстанда су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Су көлігінің көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, темір жол көлігімен “тоғысатын” өзіндік ерек-шелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабында қызмет көрсетеді.

Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды.

Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Қазақстандағы халықаралық автомобиль тасымалы, негізінен, халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында орындалады. Олар 7 дәлізге бөлінеді.

  • 1-дәліз: Қорғас – Алматы – Ташкент. Өзбекстанды Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарымен жалғастырады және шығыста ҚХР-на шығады. Батыста автожол Өзбекстан арқылы Орталық Азия елдеріне апарады. Шымкент қаласында 1-дәлізге шыққаннан кейін Қытайға, Орталық Азия елдеріне және Түркияға шығуды қамтамасыз етеді.
  • 2-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы – Орал – Ақтөбе — Қызылорда – Шымкент. Орталық Ресейді Қазақстанның оңтүстік аймақтарымен байланыстырады.
  • 3-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы – Петропавловск – Астана – Алматы – Қырғызстан шекарасы. Солтүстікте автожол Оралдың өнеркәсіпті аймағына шығады. Қазақстанды орталық бөлікте кесіп өтіп, Солтүстік Қазақстанның астықты аймағын, Қарағанды өнеркәсіптік аймағын республиканың батысымен өзара байланыстырады, Қытай және Пәкстан арқылы Үнді мұхитына шығады. Бағыт Қазақстанның елордасы Астана қаласына көшірілгеннен кейін ерекше мәнге ие болды.
  • 4-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Омбы) – Павлодар – Семей – Майқапшағай. Батыс Сібірдің өнеркәсіптік аймақтарының, Павлодар аймағының, Шығыс Қазақстанның Қытайға шығуын қамтамасыз етеді.
  • 5-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Челябі) – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы (Новосибирск). Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 220 км болатын маршрут – Сібір аймақтарын орталық Ресеймен жалғастыратын магистралдық автожолдың бір бөлігі.
  • 6-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Қорған) – Петропавл – Есіл – Арқалық – Жезқазған – Қызылорда – Өзбекстан. Орталық Қазақстанның аймақтарын (астық өсіретін және кен өндіретін) кесіп өтеді. Солтүстік Қазақстаннан, Оралдың арғы жағынан және Батыс Сібірден Орта Азияға және Үнді мұхитына шығатын ең қысқа жол.
  • 7-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Астрахан) – Атырау – Бейнеу – Түрікменбашы.

Әуе көлігі – әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы – жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 ж. ұшып келді (Мәртөк – Новосергеевка бағытында).

  • 1923 ж. “Добролет” қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды.
  • 1924 ж. “Ю-13” ұшағымен Ташкент – Алматы, Алматы – Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді.
  • 1925 ж. Бішкек – Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды.
  • 1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше әуе компаниялары (“Эйр Қазақстан”, “Эйр Астана”) құрылды. Әуе компаниялары ішкі және халықаралық жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, т.б. орындайды.

Құбыр желісі – көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау. Мұнда жылжымалы құрам – құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Әрбір 100 – 140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сероп стансалары орнатылады.

Өркениетті елдердегі тәрізді Қазақстан да көлік жүйелері мен желілерін жүйелі түрде жетілдіріп келеді. Оған 1998—2005 жылдар аралығында көлік инфрақұрылымы мен көлік түрлерін жетілдіруге бағыттайтын үкімет жобасы дәлел болады. Бұл жоба халықаралық көлік жүйесіне кіру мақсатын көздейді. Жылма-жыл бұл салаға 320 млн АҚШ доллары есебінде инвестиция тартылады. Қазақстандағы жолаушы және жүк тасымалының үлесі аса қарқынды өсіп отырған саласы — теміржол көлігі болып табылад.

Экономикалық талдаудан бұрын, Қазақстанда логистикалық концепцияның даму үстіндегі жолда негізгі кедергілерді қарастырайық.

Біріншіден, көп уақытқа дейін отандық экономикада Батыста логистиканың негізгі орнын алатын айналым (тауарды жабдықтау және өткізу) сфераның ролін жете бағаламады.

Екіншіден, Қазақстанның қазіргі кезде экономикалық инфрақұрылымының дамуы  дүниежүзілік орта деңгейінен артта қалуда (тауар айналым сферасында).

Сонымен жақын арада Қазақстанда логистиканың дамуы транспорттық кешенде және қоймалау жүйесінде қолдануға болады. Отандық транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар бірінші болып, өздерінде қазіргі заманғы тасымалдау және тауарды өңдеудің логистикалық технологияларды енгізді. Интермультимодальды және терминалды жүкті тасымалдау жүйесі дәл уақытта және есіктен-есікке тасымалдау технологиялары және т.с.с. Қазақстанның көптеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындары белсенді түрде өздерінің терминалды желіні, жүкті бөлшектеу және логистикалық орталықтарды, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету логистикалық қызмет көрсету жүйелерін құра бастады.

Осындай кәсіпорындардың бірі «High Tech Logistic» БК ЖШС, кәсіпорын осындай мәселелерді шешіп, Қазақстандағы логистикалық қоймалау нарығының бірден бір   көшбасшысына айналды.

«High Tech Logistic» логистикалық оператор 2005 жылдың басында құрылған. Ол «Amanat Invest Group» компаниялар тобының құрамына кіреді. Сол жылы бірінші эксплуатацияланатын алаң «ИКаР» іске қосылған болатын. «ИКаР» қойма кешені 25000 паллето-орынды құрайды. Онда кеден-брокерлік қызмет пен транспорттық қызметкөрсетеді. УСҚ-ны ұйымдастыру мен кедендік қызметті жүзеге асыруға лицензия алынған болатын. 2006 жылы көлемі 35000 паллето-орынды құрайтын «Первомайский» кеден-қоймалы терминал салынып, іске қосылды. 2007 жылдың басында Алматы қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан жерде (Алматы-Қапшағай трассасы) «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық салына басталды. Ерекше «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық 210 га жерді алып жатыр. Компанияның жоспары бойынша «DAMU»  орталықта 150000 паллето-орынға қойма бөлмелері болды. Сонымен қатар, Астана қаласында 40000 палетто-орынға арналған «DAMU Astana» логистикалық орталық салына басталды.

 

 

Қазақстан Республикасындағы көліктік логистика кәсіпорындарының даму болашағы және оны жетілдіру жолдары

 

Қазақстан Республикасы экономикасы тұрақты дамып келе жатқан және  түрлі қызметтерінің  көрсеткіштерін үнемі жақсартып отырған ел.

Республиканың көлік жүйесі темір жолы, өзен жолдары, теңіз жолдары, әуе, автокөлік, қала электрлі темір жолы және құбыр жолдары түрлерімен ұсынылған. Көлік түрлерін алғандағы  жолдардың ұзақтығының қатынасы төмендегі кестеде көрсетілген (1-ші кесте).

 

Жолдардың  түрлері

Жолдардың ұзақтығы

Мың км.

Жолдардың тығыздығы, км/ аумақтың 1000 шаршы км.

Қатты жабынды автокөлік жолдары

88.4

14.0

Темір жолдары

32.4

5.1

Пайдаланылатын Ішкі су жолдары

3.9

1.5

Әуе трассалары

61.0

 

1-ші кесте. Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің міңездемесі

 

Елдің экономикасының және өнеркәсібінің дамуында, сонымен қатар экспорттық-импорттық және транзиттік қатынастарда негізгі рөлді атқаратын темір жол және автокөлік түрлері болып табылады.

 

Транзиттік мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының геосаяси рөлі, оның Европа және Азия  арасындағы, сонымен қатар Ресей және Қытай арасында тарнзиттік көпір болуы, елдің евразия құрлығының орталығында орналасуымен анықталады.Сондықтанда,  азия елдеріне Ресей және Европамен географиялық баламасыз жердегі көліктік байланысты ұсынатын белгілі бір транзиттік потенциалға ие.

Қазақстан аумағымен өтетін транзиттік коридорлардың негізгі басымдылығы арақашықтықты маңызды түрде қысқартуы болып табылады. Европа және Қытай арасында Қазақстан арқылы қатынас жасауда тасымалдау қашықтығы теңіз арқылы қатынас жасағанмен салыстырғанда екі есеге дейін, және Ресей аумағымен  транзит арқылы қатынас жасағанмен салыстырғанда мың километрге  қысқарады екен.

Қазақстан сыртқы сауда баласын маңызды түрде бағытын өзгерте алуға қажетті потенциалға да ие. Бұл жағдай елдің  ерекше транзиттік мүмкінділігмен байланысты.   (1 сурет.):

  • Қазақстан Республикасының аумағы негізгі макроэкономикалық полюстар – Европалық Одақ және Азиат-Тынық мұхит аймақтары, Америка және Евразия елдері аралығында жүк ағымдарына арналған құрғақ жердегі көпір бағытында орналасқан;
  • Транзиттік жүктерді жеткізу уақытын қысқарту.

 

1-ші сурет. Қазақстан Республикасының сыртқы қоршалымы: сыртқы сауда айналымының схемасы.

 

Сонымен қатар темір жол шекаралық өту жолдарының өткізу мүмкіндігінің болжамы төмендегі сызбада  нақты көрсетілген. (2 сурет.):

Көліктік-логистиканы зерттеу саласында стратегиялық серіктестік пен көлік логистикасы саласындағы барлық жаңа бизнес-бастамалар және  жобалардың үйлестірушісі қызметін атқаруды көздеу мақсатында  «Көліктік логистиканы дамыту Ұлттық орталығы» АҚ «Қазақстан темір жолы» (ары карай «КЛДҰО» АҚ) Ұлттық компаниясы жанынан құрылды.

Орталықты құрудың басты алғышартына 2016 жылға қарай Қазақстанды аймақтың сауда, логистика және іскерлік хабы ретінде қалыптастыруды қамтамасыз ету.

 

 

2-ші сурет. Темір жол шекаралық өту жолдарының өткізу мүмкіндігінің болжамы.

 

«КЛДҰО» АҚ құру мақсаты «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдына қойылған біріктірілген логистика операторы қызметінің аясында көліктік-логистика жүйесін дамыту, сонымен қатар логистика қызметінің толық спектрін көрсету болып табылды.

Көліктік саясат сұрақтары бойынша шешімдерді қабылдау үшін, ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету, сүйемелдеу, сонымен қатар тәжірибелік кепілдемелерді жасау арқылы елдің көліктік-логистика әлеуетіне көмектесу — Орталық үшін қызметтің келешегі бар бағыттары болмақ. Логистика орталығы сонымен қатар, сала мамандары үшін конференциялар мен бизнес-форумдарды, біліктілікті арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды, көліктік логистика туралы бірыңғай, ақпараттық порталды құруды және Қазақстан Республикасындағы логистика операторлары мен экспедиторлық компаниялар үшін жолсілтеме анықтамасын шығаруды жоспарға қойып отыр.

«Көліктік логистиканы дамыту Ұлттық орталығы» АҚ экономика және қоғамның көлік қызметтері бойынша мұқтаждарын толық қамтамасыз ету үшін көліктік логистиканы оқу мен дамыту және көліктік-коммуникациялық кешен дамуын қамтамасыз ету саласында тиімді жұмысты қалыптастырып атқарады. Орталық көліктік логистика саласындағы барлық жаңа бизнес-бастамалар мен жобалардың үйлестірушісі, көліктік-логистика зерттеулері саласындағы стратегиялық серіктестік, Supply Chain Management провайдері және логистика саласындағы ассоциациялар мен форумдар өзара әрекетінің үйлестірушісі ретінде шығады.

 

 

Мақсаттары: қоғам көліктің барлық түрлерімен халықаралық жүк  тасымалдауларының және сыртқы  экономикалық және  транзиттік жүк ағымдары нарығындағы өзгерістердің тұрақты мониторингін жүзеге асыру мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасындағы тиімді көліктік-логистикалық секторын дамыту мен қалыптастыруға көмектесу Қоғамның негізгі қызметі болып табылады.

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру Жарғысына сәйкес, Қоғам қызметтің төмендегі түрлерін жүргізеді:

Қазақстан Республикасының көлік саясаты және көліктік-логистиканы дамыту саласында зерттеулерді жүргізу;

көліктік-логистика саласында  перспективалы бағыттарды және транзиттік жүк, ағымдары үшін коридорларды  анықтау бойынша зерттеулерді жүргізу;

Қазақстан Республикасы мен шетелде көліктік-логистика қызметтері нарығының маркетингтік зерттеулерін жүргізу;

көліктік-логистика қызметтерінің саласында сараптамалық қорытындыларды жасау мен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, логистика қызметтерінің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру үшін стратегиялық жобаларды анықтау;

көліктік-логистика қызметтерін дамыту сұрақтары бойынша мемлекеттік органдарға, өндірістік кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға және жеке тұлғаларға ақпараттық және кеңестік қызметтерді көрсету;

көліктік-логистика саласын дамыту сұрақтары бойынша конференциялар мен бизнес-форумдарды өткізу, сонымен қатар көліктік-логистика қызметтерінің саласында мамандарды даярлау бойынша тренингтер мен семинарларды өткізу;

көлік пен логистика және сала бастамаларының бизнесін нығайту саласында ассоциациялармен өзара әрекеттесу;

ортақ зерттеулерді жүргізу, техникалық тапсырмаларды даярлау, ортақ кепілдемелер мен ұсыныстарды жасау сұрақтары бойынша отандық және шетелдік сарапшылармен, кәсіпорындармен, дамыту институттарымен, халықаралық институттармен және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесу;

түрлі форматтар мен басылымдарда әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық әдебиеттерді, ғылыми және сараптамалық зерттеулер нәтижелерін дайындау, басып шығару және тарату;

көліктік-логистика қызметтерін дамыту индикаторларының жедел мониторингі үшін мәліметтердің ақпараттық-статистикалық базасын құру;

Қазақстан Республикасының көліктік-логистика секторына инвесторлар мен транзиттік, ағымдарды тарту, көлік логистикасы саласында қазіргі заман механизмдерін енгізу бойынша маркетингтік шараларды өткізу.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек таяаудағы 5-10 жылда елімізде 20-ға жуық көліктік-логистикалық орталықтар құру қажет деп отыр. Оның 15-сі орташа көліктік-логистикалық орталықтары, барлық облыс орталықтарныда құрылса ал  5-і ірі аймақтық орталықтарында құрылады дер отыр. Мұндай орталықтар желісін құрмай, ірі көлемдегі транзитті елге тару күрделі болады деп отыр.Қазіргі қалыптасқан көліктік-логистикалық қызмет көрсету  нарығы жеткіліксіз дамыған, тек қана сонғы екі-үш жылда ғана осы бағдарламаны іске асырудың ірі жобалары пайда болды.

Министрлік өкілдерінің айтуы бойынша логистикалық орталықтарды құру жобасының жетістігі жобаға әлемдік көліктік құрылымдарын, жүк жіберушіліерді, оның ішінде Қытайдың, Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің, Европаның, Ресейдің жүк жіберушілерін тартумен байланысты деп отыр.

Сонымен қатар логистикалық орталықтарды құруда қазақстан бизнесінің лидерлерінің инвестициялық мүмкінділігі және бірлесіп жұмыс жасау ұсыныстары да қарастырылуда.

Ел басшысы үкімет алдына қойған тапсырмасын, Қазақстанды 2016 жылға дейін аймақтағы сауда, лоистикалық, іскерлік хабына айналдыруды іске асыру мақсатында «Kazlogistics» АҚ құрылды. Бұл қайтадан құрылғын құрылым түрлі көлік түрлері субьектілерінің (теңіз, құрлық, әуе), барлық қызығушылықтарын сақтауға жағдай жасайды, және де мультимодальды көліктік логистикалық қызмет көрсетулердің сапасын жақсартады.

Жақын арада Қазақстандағы логистиканың дамуындағы басым  бағыт оны транспорттық кешенде қолдану болады. Халықаралық жүк тасымалына қатысатын отандық транспорттық және экспедициялық кәсіпорындар тасымалдау және жүк: жүк тасымалдаудың интер, мультимодальдық және терминалдық жүйелері, «Нақты уақытында» және «Есіктен-есікке дейін» тасымал технологиялары, жүк тасымалдау, алып барудың заманауи телекоммуникациялық жүйелері өңдеудің заманауи логистикалық технологияларын енгізу керектігін түсінді. Ірі Қазақстандық мемлекеттік немесе жеке транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар өздерінің терминалды желілерін, жүк таратушы және логистикалық орталықтарын, ақпараттық-компьютерлік логистикалық сервисті қолдау жүйесін шығара бастады.

       Қазақстан үшін оның үлкен территориясымен қайта шығарудың жергілікті ерекшеліктері, соның ішінде жергілікті транспорттық факторлар: транспорттық коммуникациялар, сол аудандағы транспорттық және транспорттық-экспедициялық кәсіпорындар, транспорттық түйіндер, терминалдар және т.б. маңызды орын алады. Әрбір ауданының экономикасының қолдану саласында қандай да бір логистикалық функцияларды атқаратын кәсіпорындардың үлкен тобы жұмыс жасайды: транспорттық фирмалар, көтерме сауда делдалдары, банктер, транспорттық-қоймалық кешендер, жүктік терминалдар және т.б.

Қазақстандағы логистиканың дамуының осы келешегі бар бағыты «Қазақстан-2030» жолдауында өз орнын тапқан. Ол жерде Н.Ә.Назарбаев былай деген: «Транспорттық ағымдар шығыстан батысқа және керісінше тарихи біздің еліміздің территориясы арқылы өткен бүгінгі күні де тоқтамады. Қазақстанның мақсаты отандық транпорттық коммуникациялық кешенді әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ету және біздің территориямыздан өтетін сауда ағымын көбейту. Бұл сала белгілі жағдайда дамыған және ұзақ уақыт бойы шоғырланған өсу стратегиясымен жүру керек, ұлттық диверсификацияда және жаңа нарықтық іздеуге негізделеді. Олар біздің транспорттық және коммуникациялық қызметімізді пайдаланады. Бұл стратегия автомобиль құрылысы, туризм, сервис жүйесі, жол және капиталдық құрылыс және отандық өнімнің өз бағасының төмендеуіне әсер ететін болады».

Қазақстандағы логистиканың басқа да болашағы бар даму бағыттары алдағы жылдары оны ұйымдастыруда және ішкі өндірістік жүйелердің өнеркәсіптік кәсіпорындарды жетілдіруде, тұрмыстық және материал жүргізуші байланыстарда технологиялық кешендерде және экономикалық аудандарда жақсарту үшін пайдаланылады.

Қазақстанның жергілікті макрологистикалық жүйесінің құрамындағы транспорттық дәліздердің логистикалық қолдау көрсетуі мыналарды қамтамасыз етеді:

─ аудандардың әлеуметтік-экономикалық сауалдарын шешу, жаңа жұмыс орындарын туғызу және инвестиция тарту арқылы халықтың жұмыс істеу деңгейін жоғарылату; қала бюджеттеріне түсімнің көбеюі макрологистикалық жүйенің жұмыс жасауынан және тұтынушы транспорттық-логистикалық сервис нарығының кеңеюінен;

─ тұтынушыларға транспорттық-логистикалық қызмет көрсету сапасының жақсаруы, қызмет көрсету сапасының заманауи біріккен логистикалық тенологияларды енгізу және логистикалық сервистің жергілікті өндірістік техникалық базасының дамуы арқасында әлемдік стандарттарға жақындату;

─ сыртқы экономикалық байланыстарды шетелдік инвестицияларды және серіктестерді қалыптасып жатқан макрологистикалық жүйеге тарту, әлемдік стандарттарға сай экспорттық-импорттық операциялардың транспорттық-логисткалық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.   Транспорттық дәліздер арқылы жүзеге асырылатын интермодальді тасымалдаудағы әлемдік нарықтағы Қазақстандық тасымалдаушылар мен логистикалық фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;

─ логистикалық орталықтар және сертификациялау орталығының транспорттық-логистикалық фирмалардың атқарушы билік органдарының қадағалауымен қызметтер жүйесі арқылы мониторинг жүйесінің, транспорттық-логистикалық қызметтердің нарығын қалпына келтіру, қадағалау және нарықтың нәтижелі қалыптасуы;

─ транспорттың қоршаған ортаға кері әсерін азайту жергілікті материалдық-транспорттық ағымды рационалды қалыптастыру, тасымалдаудың оңтайлы маршрутты таңдау, қозғалмалы құрамның және технологиялық тасымалдаудың халықаралық стандарттарға сәйкес рационалды таңдау арқылы;

─ ауданда отандық және халықаралық биржалық және банктік іскерлікті жүзеге асыру;

─ отандық және шетелдік транспорттық және логистикалық фирмалары үшін бір нормативті құқықтық базаны және кепілдік жүйесін дайындау;

─ логистикалық координация және оның жұмысының мультимодальдық және интермодальдық тасымалдау арқылы оны қолдау арқасында ауданда транспорт жұмыс жасауының нәтижелілігін жақсарту.

Көліктік логистика – логистиканың жетекші саласы