Көмір өнеркәсібі

                                         Мазмұны

1.Қазақстандағы көмір өнеркәсібі………………………………………………....

1.1 Тарихы…………………………………………………………………………..

1.2 Дағдарыс кезеңі………………………………………………………………...

2. Қарағанды, көмір алабы………………………………………………………....

3 .Екібастұз, көмір алабы………………………………………………………......

4. Қазіргі кездегі көмір өнеркәсібі………………………………………………...

5.Көмір өндіру әдісі...................................................................................................

6.Аса ірі көмір өндіруші елдер………………………………………………….....

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

                                                        Көмір


   Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді:гумолиттер, сапропелиттер, сапрогумолиттер.

   Олардың біріншісі –  тек жоғары сатыдағы өсімдік  қалдықтарынан, екіншісі – негізінен,  төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан,  ал сапрогумолиттер аралас өсімдік  қалдықтарынан тұрады.

   Химиялық құрамының, физикалық  және технологиялық қасиеттерінің  өзгешеліктеріне қарай көмір  мынадай негізгі табиғи түрлерге  ажыратылады:қоңыр көмір, таскөмір, антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 г/смаралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады.

   Көмірдің басты технологиялық  көрсеткіштері – ұшпа заттардың  шығымы, біріккіштігі, күлділігі. Көмір  – бағалы металлургиялық және  химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын  ретінде кеңінен пайдаланылады;  бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы  біртекті және жолақты; түсі  қоңырдан сұр қараға дейін,  күңгірттен металл түске дейін  жылтырайды. Көмір көп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды, Екібастұзкөмір алаптарында орналасқан.

               Көмір алаптарының тектоникалық  жіктемесі


   Көмір алаптарының қазіргі құрылымы ескеріп жасалған жіктеме. 1954 жылғы нұсқада алаптар тобы бөлінген:

1) көлбеу немесе өте  жайпақ жатқан түзілімдер;

2) қарапайым қатпарлы  құрылымды түзілімдер;

3) күрделі қатпарлы құрылымды  түзілімдер. Сонымен қатар бірқатар  қосымша көмір алаптарының тектоникалық  жіктемесі бар.

   Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі-көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі.       Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.

                               Қазақстандағы көмір өнеркәсібі


Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың  ең көне саласына жатады.

Тарихы

   1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен “отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың т немесе әр жылы орта есеппен 10 мың т көмір өндірілді. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың т көмір қазылды.


  • 1905 ж. Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, “Кариб”, “Карно”, “Герберт” секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. Мұнда небәрі 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған 3 үй, кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болды.
  • 1920 ж. кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 т-дан көмір өндірді.
  • 19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші де ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың т-дай ғана болды.

   Қазақстанда кеңестік көмір  өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады.  Осы жылы Қарағандыда алғашқы  4 шахта ашылды. Қарағанды көмір  алабында көмір өндірісін дамытуға  үкімет тарапынан ерекше көңіл  бөлінді.

  • 1937 ж. Қарағанды көмір тресі 3,5 млн. т-дан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. 2-дүниежүзілік соғысқа (1941 – 45) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың т көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ын берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 т-ға дейін жетті.
  • Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн. т-ға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды.
  • 1945 ж. 39 шахта мен 3 тілік жұмыс істеді.
  • Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. т-ға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті экскаваторлардың орнына, сағатына 5 мың т көмір өндіретін көп шөмішті роторлы экскаваторлар, паровоздардың орнына электровоздарқолданылды.
  • 1955 жылдан бастап Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға берілді. Солардың бірі – жылына 50 млн. т көмір өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі “Богатырь” тілігі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд. т) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 м-ге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады.
  • Қазақстанда көмір өнеркәсібі орындары 1980 ж. 115 млн. т, 1985 ж. 131 млн. т көмір өндірді.
  • Көмір өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне 1988 ж. қол жеткізілді (143 млн. т). Экономикалық реформалар жағдайында жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн. т көмір өндірілген) азая бастады.
  • 1990 ж. республикада 131 млн. т көмір өндірілген болса, 1997 ж. өндірілген көмірдің көлемі 72,6 млн. т болды.

                                        Дағдарыс кезеңі


Көмір разрезі.

   1990 – 97 ж. елде көмір  өндіру көлемі 44,6%-ға құлдырады.

Нарықтық экономикаға көшудің  өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында  көмір өнеркәсібі саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік объективті себептері болды:

  1. отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеудегі мақсаты өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіштер көмір кәсіпорындарының әрқашан басты сипаттамалары болып есептелді, өйткені көмір стратегиялық шикізат қоры болып саналатын еді. Өнімнің сапасына назар аударылмады. Көптеген жылдар бойына бұрын іске қосылған шахталарды сақтай отырып, жаңа шахталар кең ауқымда салынып келді;
  2. ОЭК жаппай мемлекеттік меншіктен (олардың қорларын, мүлкін, өнімін қоса) меншіктің түрлі нысандары мен қатынастарына (жекеше, ұжымдық, мемлекеттік, аралас) көшіріле бастады. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарта отырып, басқару қайта ұйымдастырылды, көптеген тиімсіз, залалды шахталар жабылды;
  3. кәсіпорындар мен саланың қысқа және орта мерзімді саясатын әзірлеу кезінде сұраным мен оның ауытқуы негізгі нысанға айналды, яғни өндіріс көлемін анықтау үшін төлеуге қабілетті сұранымның ықпалы күшейді;
  4. ОЭК өнімінің сапасы, оның экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойыла бастады;
  5. саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды;
  6. энергетикалық саясатта және тиісінше елдің отын-энергетикалық балансының құрылымында да өзгерістер болды, көмірдің бұрынғысынша отын-энергетикалық баланста жетекші орын алатынына және оның экономикада стратегиялық маңызы зор екеніне қарамастан, экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқабағдарланған салаларды басым дамытуда көмір өнеркәсібіне жете назар аударылмады.Саланың жағдайы 1999 жылдың 2-жартысынан бастап жақсара бастады.

   Көмір өндіру көлемінің  өсу қарқыны 1999 жылмен (58,2 млн.  т) салыстырғанда 2000 ж. (74,8 млн.  т-дай) 28,5%-ға өсті. 1995 – 2000 ж. кезеңінде  Қарағанды көмір алабында көмірді  ашық және жерасты тәсілдерімен  өндірудің арақатынасы айтарлықтай  өзгерді. Бұл кезеңде Екібастұз  көмір алабының рөлі артты.  Қазір республикада өндірілген  көмірдің жалпы көлемінің үштен  екі бөлігін Екібастұз кеншілері  өндіруде. Нарықтық экономика жағдайында  “Богатырь Аксес Көмір” Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, “Богатырь” кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түсті, осыны ескере отырып, Үкімет “Екібастұз көмірі” бағдарламасын бекітті, ал, Энергетика және минералдық қорлар минералдық “Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасын” әзірледі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған.

   2001 ж. көмір экспортының  жалпы көлемі 27 млн. т-дан асып  түсті. Көмір өнімін шет елге  шығару географиясы кеңейтілді, Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Көмір өнеркәсібі саласының өндірістік әлуеті республиканың қазіргі кезде шет елге шығарылатын көмір көлемін 30 – 35 млн. т-ға жеткізуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Шұбаркөл,Шөптікөл және Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіндік туды.

                                    Қарағанды, көмір алабы


 

   Орталықта орналасуымен  және жоғары сапалы, аз күлді,  кокстелетін тас көмір ретінде  қолайлы және тиімді. Негізінен  технологиялық отын-кокс ретінде  өнеркәсіпте қолданылады. Біраз  бөлігі электр қуатын алу үшін  электр стансаларында энергетикалық  отын ретінде пайдаланылады. Кемір  тереңде орналасқан, қазып алынатын  орташа тереңдігі 300 метр. Сондықтан  да жер астында шахталық әдіспен  өндіріледі. Бұндай жағдайда өндірілген  көмірдің өзіндік құны жоғары  болады. Қарағанды көмірін негізгі  тұтынушылар - Қазақстан мен Ресейдін, металлургиялық зауыттары мен  электр стансалары.

                                     Екібастұз, көмір алабы


   Тас көмір болғанымен, күлі  көп (орташа күлділігі 43%), сапасы  төмен, өте ауыр байытылады  және кокстеуге келмейді. Сондықтан  да тек қана энергетикалық  отын ретінде пайдаланылады. Алаптың  ерекшелігі - көмір қабатының қалыңдығы  150 метр және жер бетіне жақын  орналасқандықтан ашық әдіспен  өндіріледі. Соған сай өндіру  құны арзан болып келеді. «Богатырь», «Восточный» жәнө «Северный»  кесінділерінде ашық әдіспен  өте мықты роторлы экскаватормен  қазып алады. «Богатырь» кесіндісінің  қуаттылығы өте жоғары. Жылына 50 млн тонна өндіріліп, дүние  жүзіндегі жетекші кесінділердің  біріне жатады. Екібастұз көмірі  республикамыздағы өзіндік құны  ең төмен көмір. Соның нөтижесінде  жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану  үшін Қазақстанның Солтүстігінде  және Ресейде ірі электр стансалары (Орал және Омск) салынған.

                               Қазіргі кездегі көмір өнеркәсібі


   Қазіргі кезде Қазақстанда  100-ден астам көмір кеніштері  орналасқан, олардың геологиялық  қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде  барланған қор – 38,63 млрд. т  және қазіргі кезде өндіруге  жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т.  Республика бойынша тас көмірдің  қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–Ссанатына, 1,94 млрд. т – Ссанатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С(5,82 млрд. т) және С(0,31 млрд. т) санатына жатады. Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. т, олардың 21,55 млрд т-сы – А+В+Сжәне 2,55 млрд. т-сы Ссанатын құрайды және Торғай, Төменгі Іле алаптарында, Майкөбі кенішінде шоғырланған. Республика аумағы бойынша көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан:

  • Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд. т жалпы геологиялық қор және 3,04 млрд. т барланған қор;
  • Батыс Қазақстанда тиісінше – 2,9 млрд. т және 1,79 млрд. т;
  • Солтүстік Қазақстанда 81,8 млрд. т және 18,52 т;
  • Оңтүстік Қазақстанда – 33,0 млрд. т және 0,48 млрд. т. Салада 62 өнеркәсіп орны мен өндірістік бірлестік жұмыс істейді (1998), олардың өндіріс көлемі 2698,5 млн. теңге болды. 

 

                                Көмір өндіру әдісі

   Көміп жыныстарының қандай тереңдікте жатуына байланысты көмір өндірудің әр түрлі тәсілдері бар. Егер көмір қабатының тереңдігі 100 метрге дейін барса мұндай жағдайда көмір өндіру ашық әдіспен өндіріледі. Қазіргі уақытта ашық әдіспен жалпы көмір өндіру көлемінде шамамен 65 % құрайды және оның үлесі таяу онжылдықта тағы да он пайызға ұлғаяды.

  Көмірді ашық әдіспен өндіру көмір аса тереңде жатпағанда жүргізіледі. Мұндай жағдайда ең алдымен аршу жұмыстары жүргізіледі, одан соң көмірді бұрғылау жарумен қопару жүргізіледі. Қопарылған көмір вагондар немесе автотехниканың көмегімен өндірілген орыннан шығарылады. Кен аршу жұмыстарын жүргізген кезде үстіңгі қабат жыныстарының құрамы мен көлеміне назар аударылады. Егер үстіңгі қабат аса қалың болмаса және жұмсақ болса аршуды бульдозермен де жүргізуге болады. Егер үстіңгі қабат жынысфы қалың болса роторлы экскаватор, күректер мен драглайндар қолданылады. 
   Көмірді ашық әдіспен өндіруде технологиялық әдістің бірқатар ерекшеліктері бар. Көмірді ашық әдіспен өндірген кезде қорғашаған табиғатқа әсері ерекше көлемді болуы мүмкін, сол себепті жыныстарды қазбалаудың барлық кезеңдерінде мұқият бақылау мен жоспарлау жасау, сонымен бірге ұдерісті дұрыс басқару қажет. 
Көмірді ашық әдіспен алуды қарай отыра , біз оны пайдалануда бір шөмішті жүк автомобилі экскваторы, драглайн, көп шөмішті экскаватор мен ұсақтау, яғни үш әдіс қолданылатынын байқаймыз. Жүк автомобильдері мен бір шөмішті экскаваторлар кеңінен қолданылады, сонымен бірге драглайн мен көп шөмішті роторлы экскаваторлардың да ашық әдіспен өндіруде өз артықшылықтары бар. Көмірді ашық әдіспен өндірудің бір ерекшелігі өндіруді көмір жыныстарының қабаттары жатқан үлкен алаңда, арнайы құрал-жабдықтар мен әдістемелер қолдану.

                                   Аса ірі көмір өндіруші елдер


 

Жылдық көмір  өндірісі (млн. т)

Мемлекеттер

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Үлесі

Запас қанша уақытқа  шыдайды (жыл)

 China Қытай

1722.0

1992.3

2204.7

2380.0

2526.0

2782.0

3050.0

45.6 %

38

 USA АҚШ

972.3

1008.9

1026.5

1053.6

1040.2

1062.8

973.2

15.8 %

245

 India Үндістан

375.4

407.7

428.4

447.3

478.4

521.7

557.6

6.2 %

105

 AustraliaАустралия

351.5

366.1

378.8

385.3

399.0

401.5

409.2

6.7 %

186

 Russia Ресей

276.7

281.7

298.5

309.2

314.2

326.5

298.1

4.3 %

500+

 IndonesiaИндонезия

114.3

132.4

146.9

195.0

217.4

229.5

252.5

3.6 %

17

 South AfricaОАӘ

237.9

243.4

244.4

244.8

247.7

250.4

250.0

3.6 %

122

 GermanyГермания

204.9

207.8

202.8

197.2

201.9

192.4

183.7

2.6 %

37

 Poland Польша

163.8

162.4

159.5

156.1

145.9

143.9

135.1

1.7 %

56

 KazakhstanҚазақстан

84.9

86.9

86.6

96.2

97.8

111.1

101.5

1.5 %

308

Дүниежүзілік  өндіріс

5,187.6

5,585.3

5,886.7

6,195.1

6,421.2

6,781.2

6,940.6

100 %

119


 

   Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады. 
   Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады. 1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен “отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың тонна немесе әр жылы орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілді. Одан кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың тонна көмір қазылды. 1905 ж. Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болса, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, “Кариб”, “Карно”, “Герберт” секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. 19-ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші де ашылды. Қазақстанда кеңестік көмір өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран,  Шерубайнұра  тіліктерінің  игерілуі,  сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. тоннаға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. 1955 жылдан бастап Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. 
 

 

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Қорытынды

   Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы.

   Химиялық құрамының,  физикалық және технологиялық  қасиеттерінің өзгешеліктеріне  қарай көмір мынадай негізгі  табиғи түрлерге ажыратылады:қоңыр көмір, таскөмір, антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 г/смаралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады.

   Қазіргі кезде  Қазақстанда 100-ден астам көмір  кеніштері орналасқан, олардың геологиялық  қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде  барланған қор – 38,63 млрд. т  және қазіргі кезде өндіруге  жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т.  Республика бойынша тас көмірдің  қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–Ссанатына, 1,94 млрд. т – Ссанатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Пайдаланылған әдебиет


 

  1. Jump up↑ Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7

 

  1. Jump up↑ “Балалар Энциклопедиясы”, V-том

Көмір өнеркәсібі