Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны

Жоспар.

  1. Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны. 
  2. Көлік құралдарына салынатын салықтың ставкалары және салықты есептеу тәртібі.
  3. Көлік құралдарына салынатын салықтың есебі, есептілігі және салық төлеу мерзімдері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны.

   Көлік құралдары – бұл орын ауыстыру немесе орын ауыстыру объектісін бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстыруына мүмкіндік беретін мобильді құрал. Оған жеңіл автомобильдер, жүк арнайы автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар және пневматикалық жүрістегі механизмдерді, автобустарды, матоциклдер, матороллер, мотошана, катер, кемелер, тартқыштар, баржалар, яхталар, ұшу аппараттарын жатқызуға болады.

       Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық маңызы зор. 
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады. Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады. Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын төлеуші болып табылады.

Көлік салығын  төлеушілер:

  • Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар;
  • Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар;
  • Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;
  • Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша.

Көлік құралдары  салық бойынша салық салу объектілері  болып уәкілетті органда мемлекеттік  тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары саналады.

      Мына төменде  аталғандар көлік құралдары салығы  бойынша салық салу объектілеріне  жатпайды:

  •   жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
  • мамандандырылған медициналық көлік құралдары.

Көлік салығын төлеуден босатылатындар:

  • ҚР Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;
  • меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер;
  • мемлекеттік мекемелер;
  • салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар;
  • салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша– меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
  • салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
  • ауыл шаруашылық құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автокөліктері бойынша жеке тұлғалар.

 

 

 

 

 

 

 

  2.    Салық ставкалары (367-бап).     

1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:      

Рет 
N

Салық салу объектiсi

Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Двигателінің  көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.):

 

1100-ге  дейiн қоса алғанда

1

1100-ден  жоғары 1500-ді қоса алғанда

2

1500-ден  жоғары 2000-ды қоса алғанда

3

2000-нан  жоғары 2500-ді қоса алғанда

5

2500-ден  жоғары 3000-ды қоса алғанда

8

3000-нан  жоғары 4000-ды қоса алғанда

15

4000-нан  жоғары 

117

2.

Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):

 

1 тоннаға дейiн қоса алғанда

3

1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда

5

1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда

7

5 тоннадан жоғары

9

3.

Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер

3

4.

Автобустар:

 

отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда

9

отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса  
алғанда

14

отыратын 25 орыннан жоғары

20

5.

Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателінің қуаты:

 

55 кВт-ға дейін қоса алғанда

1

55 кВт-дан асатын

10

6.

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшiне тең):

 

 

 

160-қа  дейiн қоса алғанда

6

160-тан  жоғары 500-ді қоса алғанда

18

500-ден  жоғары 1000-ды қоса алғанда

32

1000-нан  жоғары 

55

7.

Ұшу аппараттары

әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi

8.

Мыналарды: 
магистральды жолдар бойымен поездардың кез келген санатын жүргізу үшін; 
магистральды, станциялық және тар және (немесе) кең табанды кірме жолдарда маневр жұмыстарын жүргізу үшін; 
өнеркәсіптік теміржол көлігі және магистральды және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын темір жолдың тарту қозғалмалы құрамы;

көлік құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептік көрсеткіштің 1 проценті

Тар және кең табанды магистральды және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын мотор-вагонды  қозғалмалы құрам

көлік құралының жалпы қуатының әрбір  киловатынан айлық есептік көрсеткіштің 1 проценті


 

Салықты есептеу тәртiбi (368-бап).     

1. Салық төлеуші салық  салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.  
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.  
      Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.

2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектілеріне меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:

1) беруші тарап үшін:                                                           

  • салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
  • салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

2) алушы тарап үшін - салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.

3. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында салық салу объектілеріне меншiк құқығын берген кезде, егер ағымдағы салық кезеңi iшiнде берушi тарап салықтың жылдық сомасын төлеген болса, салықтың осындай төлемi тараптардың келісімi бойынша сатып алу-сату, айырбастау шарттар талаптарына негiзделiп сатып алатын тараптың берiлетiн салық салынатын объект бойынша ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

4. Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.

5. Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп  саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.

6. Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң басында меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлiк құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi:

1) көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде туындаған және салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiн тоқтатылмаған жағдайда - көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;

2) салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы:

  • тоқтатылған жағдайда - салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
  • туындаған және тоқтатылған жағдайда - көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап мұндай көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;

3) қалған жағдайларда  - жылдық салық сомасы мөлшерiнде есептейдi. Бұл ретте, салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы көрсетiледi.

Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi есептемейдi және ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын табыс етпейдi. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген тәртiппен есептелген салық сомасы көрсетiледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Көлік құралдарына салынатын салықтың есебі және есептілігі.

         Салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша  салық ставкасын негізге ала  отырып, салық кезеңі үшін салық  сомасын дербес есептейді. Бұл  келесі формуламен есептеледі:

                     ∑ сал i = (O сал. oi * Ст сал i) +коэф. I

         Мұнда: ∑ сал i – i көлік құралдарының  салық сомасы;

                       O сал. Oi – i объектісінің салық  салуы;

                       Ст сал i -  i көлік құралының  салық ставкасы;

                       Коэф. i -  i көлік құралының түзету  коэффициенті.

            Көлік құралы меншік құқығында,  шаруашылық жүргізу құқығында  немесе оралымды басқару құқығында  салық кезеңінен аз уақыт болған  жағдайда, салық сомасы көлік  құралы меншік құқығында, шаруашылық  жүргізу құқығында немесе оралымды  басқару құқығында іс жүзінде  болған кезең үшін салықтық  жылдың сомасын он екіге бөлу  және көлік құралы меншік құқығында,  шаруашылық жүргізу құқығында  немесе оралымды басқару құқығында  іс жүзінде болған айлардың  санына көбейту арқылы есептеледі. Мұнда келесі формула қолданылады:

                                    ∑ сал i = ((O сал. oi * Ст сал) +коэф. i) * ∑ ай/12

         Мұнда: ∑ ай – көлік құралының  меншік құқығында нақты болған  ай саны.

369-бап. Салық  төлеу мерзімдері

1. Заңды тұлғалар ағымдағы  төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы  төлемдердi енгізу арқылы салық  салу объектілерінiң тiркелген  жерi бойынша салық кезеңiнiң  5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

2. Көлiк құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.

3. Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан

    кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады.

    Салықты төлеу  салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.

    Көлiк құралдарын тiркеуден, қайта тiркеуден, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан

    өткiзген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетiлген әрекеттердi жасағанға дейiн осы Кодексте  белгiленген 

    тәртiппен салықты  есептейдi және бюджетке төлеудi жүргiзедi.

4. Көлiк құралының меншiк  иесi атынан иелiктен шығару  құқығымен көлiк құралын басқаруға  арналған сенімхат негiзiнде сенім  бiлдiрiлген болып табылатын жеке  тұлғаның салық кезеңi үшiн  көлiк құралдарына салық төлеуi  көлiк құралы меншiк иесiнiң  осы салық кезеңi үшiн салық  мiндеттемесiн орындауы болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Д.С.Жақыпбеков «Қазақстандық кәсіпорындағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру. (299-300)
  2. А.Д.Үмбетәлиев, Ғ.Е. Керімбек «Салық және салық салу»(328-329)
  3. Қазақстан Республикасының Кодексі “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). (2012.01.01).
  4. http://referat.nur.kz.

Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны