Лекциялық сабақтардың мазмұны, тақырыптардың аттары
Лекциялық
сабақтардың мазмұны, тақырыптардың
аттары
Бөлім І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
Тақырып 1. «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны және мақсаты
Жекелеген елдер арасындағы экономикалық, саяси, мәдени және басқа байланыс формалары олардың арасындағы алынатын тауарлар және қызметтерге төлеммен байланысты ақшалай қатынастарды тудырады. Елдер арасындағы бұл ақшалай қатынастар валюталық қатынастардың мазмұнын құрайды. Валюталық қатынастар валюталық операциялар көмегімен жүзеге асырылады. Валюталық операциялар – бұл шетел валютасын сату, сатып алу немесе бір валютаны екіншіге айырбастау.
Шетел
валютасы валюталық операцияларды
жүргізу объектісі болып
- коммерциялық мәмілені жүргізу кезінде;
- валюталық нарықты құру кезінде;
- арбитраж жүргізу кезінде;
- тәуекелді реттеу кезінде.
Валюта - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бiрлiгі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер және монеталар, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынған немесе алынатын, бiрақ айналыста жүрген ақша белгiлерiне айырбасталуға жататынын қоса алғанда) түрiндегі қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегі қаражат
Валюталық операциялар:
валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар;
валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жiберу және аудару.
Валюталық
қатынастар – бұл, сыртқы сауданы, экономикалық
және ғылыми техникалық байланыс, шетелден
кредиттер және займдаралу және ұсыну,
валютаны сату және сатып алу бойынша
мәмілелерді жасау кезінде
Валюталық қатынастардың қатысушылары болып мемлекеттер (үкімет, орталық және мемлекеттік банктер түрінде), заңды тұлғалар (коммерциялық банктер, кәсіпорындар: импортерлар және экспортерлар, биржалар) және жеке тұлғалар (брокерлар, спекулянттар және туристтер және т.б.) табылады.
«Валюталық
операциялар» пәні валюталық жүйелерге,
валюталық бақылау және реттеу саясатына,
халықаралық төлемдер және есеп айырысуларға,
валюталық нарық және ондағы операцияларға
негізделген валюталық қатынастармен
сипатталады.
Валюталық операциялар жөнінде түсінік.
Валюталық
операциялар түсінігінің
Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.
Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Бірақ
бұл операциялармен ғана валюталық
операциялар тізімі шектелмейді. Валюталық
бақылау жөніндегі заңға сәйкес
валюталық операциялар түсінігі
валюталық құндылықтармен және ҚР-ның
валютасында орындалатын
Шетел
валютасында орындалатын
Валюталық операциялардың экономикалық негіздері.
Валюталық
операциялар түсінігінің
Шетел
валютасы болып саналады:
банкноталар, қазыналық билеттер, сәйкес шет мемлекетте заңды түрдегі төлем құралы болатын және айналымдағы тиындар, сонымен қатар айналыммен шығарылатын, бірақ айырбастауға жататын ақша белгілері;
шетел
мемлекеттерімен
халықаралық ақшалай
немесе есеп- айырысу
бірліктеріндегі
счеттарда орналасқан
қаржылар.
Ал валюталық құндылықтарға:
Шетел валютасы.
2 )Шетел валютасындағы бағалы қағаздар- төлем құжаттары (акция мен облигациялар), және басқа шетел валютасында көрсетілетін қарыз міндеттемелер
3) Бағалы металлдар – алтын, күміс платина мен платиналық топ металлдары барлық түрде және жағдайда, ювелир бұйымдары мен ломнан басқа;
4) Табиғи бағалы металлдар- алмаз, рубин, изумрудтар, жемчуг және т. б.
Қазақстан
Республикасының валютасына кіреді:
айналымдағы, сонымен қатар айналымнан шығарылған, бірақ айырбастауға жататын ҚР Ұлттық банкінің билеттері мен тиындары түріндегі теңгелер;
Қазақстан Республикасы банктеріндегі мен басқа да несиелік мекемелеіндегі счеттарға орналасқан теңгелей қаржылар.
ҚР
валютасындағы бағалы қағаздар- теңгеде
көрсетілген төлем құжаттары
мен қарыз міндеттемелер. Ұлттық
және Шетел валютасындағы
«Резидент» түсінігінің құрамына келесі категориялы азаматтар мен мекемелер кіреді:
ҚР
территориясында тұратын
( белгілі бір мерзімде ҚР территориясынан тыс тұратын тұлғалар да)
ҚР заңдарына сәйкес және қР территориясында орналасқан заңды
тұлғалар;
Заңды тұлға ретінде саналмайтын, бірақ ҚР-ның заңына сәйкес құрылған мекемелер мен организациялар.
ҚР –ң территориясынан тыс орналасқан дипломатиялық және басқа да ресми предстовительстволар.
ҚР
территориясынан тыс жерде
«Резидент емес» тұлғаларға жатады:
ҚР тыс мемлекеттерінің заңына сәйкес және ҚР да тұрақты мекен жайы жоқ заңды тұлғалар
Заңды тұлға болып табылмайтын мекемелер мен организациялар.
ҚР
территориясында шетел
ҚР-ның
территориясында орналасқан резидент
еместердің филиялдары.
Валюталық
операциялар түсінігінің
Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
Қазақстан
Республикасының валюталық
Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру. Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялар тізімі шектелмейді.Валюталық бақылау жөніндегі заңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі валюталық құндылықтармен және Қазақстан Республикасының валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.
Шетел
валютасында орындалатын
Валюталық
қатынасты реттеуде негізгі ролді
арнайы валюталық заң атқарады. Қазақстан
Республикасында валюталық
Резиденттер арасындағы операция бойынша төлемдер тек Қазақстандық валютада жүргізіледі, тек Ұлттық банктің, сонымен қатар салық және кедендік заңмен бекіткен нормативті құқықтық актілерді санамағанда:
Ерекше
банктік операцияларды
Резиденттердің
тауар мен қызмет көрсету түрінде
төлем алатын шетел валютасы, сонымен
қатар несие түріндегі өкілетті
банктерде шотқа есептелуінің міндетіне
жататын, егер Қазақстан Республикасының
Ұлттық банк лицензиясында басқалары
да қарастырылмаса.
Қазақстан Республикасының президенті халықаралық міндеттеменің атқарылу мақсатында және болжанбаған жағдай кезінде шектеу бойынша шешім қабылдауға немесе кез келген валюталық Қазақстан опнрациялардың тоқтатылуы құқылы.
Республикасының Ұлттық банк ҚР Президенттік «ҚР Ұлттық банк туралы» заңды күші бар жарғысымен сәйкес шетел валютасында валюталық операцияларды атқаруға қажетті шектер қоюға, соның ішінде мұндай операцияның көлемі мен сыйақы мөлшерлеменің деңгейіне шек қоюға құқылы. ҚР. Реттеу туралы заңға сәйкес ҚР Ұлттық банк резиденттердің экспортты операцияның төлем валютасына шек қоюға құқы бар. Қазіргі жағдайда экспортты табыс сатуға шекті уақытша алып тастады.
Валюталық бақылау органдары ( Ұлттық банк пен ҚР-ның үкіметі) және оның агенттері ( өкілетті банктер) валюталық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты – валюталық операцияларды орындағанда валюталық заңдарды сақтауға бақылау жасау болып табылады.
Валюталықбақылаудың негізгі жолдары мынадай:
Өткізілген валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және қажетті лицензиялар мен келісімдердің бар екендігін анықтау.
Мемлекет алдындағы шетел валютасында резиденттердің міндеттемелерін өтегенін, сонымен қатар ҚР ішкі валюталық нарығында шетел валютасын сату бойынша міндеттемелерін тексеру.
Шетел
валютасындағы төлемдердің
Валюталық
операциялар бойынша есеп ақпардың
толықтығы мен объективтілігін
тексеру.
Валюталық бақылаудың негізгі органы – ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Оның міндеттері:
Шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздардың Қазақстанда айналу тәртібі мен сферасын анықтайды.
Валюталық операциялардың барлық түрін орындайды.
Шетел валютасы мен бағалы қағаздармен орындайтын операцияларға резиденттер мен резидент емес тұлғаларға жалпы ережелер анықтайды.
Банктерге және басқа да несиелік мекемелерге валюталық операцияларды орындаулицензияларын берудің жалпы ережелерін белгілейді.
Есеп
беру, ақпар құжаттардың бір
Басқа
да қызметтерді орындайды.
Валюталық бақылаудың болмауы еліміздің валюталық жағдайының құлдырауына әкеліп соғар еді.
Валюталықлегеталар беруде көптеген шығындарға ұшыратты, сонымен қатар валюталық бақылаудан бартерлік операциялар арқылы жолтару кең көлемде орын алады.
Осы
себептен қазірні валюталық бақылаудың
көптеген кемшіліктерін табу мақсатында
қосымша іс-шаралар
Жоғарыда айтылғандай, валюталық реттеу жүйесінің негізі валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты резиденттер мен резидент емес тұлғалар арқылы валюталық операцияларды жүзеге асыру мен заң сақтауды қамтамасыз ету болғандықтан, оның негізгі бағыттары:
жүргізілетін валюталық операцияның заңға сәйкестілігін анықтау және оны жүзеге асыру үшін қажетті лицензия мен куәліктер:
шетел валютасындағы төлемдерді және олардың келісім шарт міндеттемелеріне сәйкес келетіндігін тексеру:
валюталық
операция бойынша есеп толықтығын тексеру.
Валюталық лицензиялар.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін әрбір банк Ұлттық банктен бұл операцияларды жүргізуге рұқсат құжат ретінде лицензиялар алып отырады. Лицензия алу өтінішін бір жылдан кем емес мерзім бойы жұмыс атқарған, яғни толық қаржылық жылды аяқтап, ресми жылдық ақпарды дайындаған Коммерциялық банктер бере алады. Шетел валютасындағы банктік операцияларды жүргізуге берілетін лицензия Ұлттық банкпен шексіз мерзімге беріледі және атты болып табылады, яғни үшінші тұлғаға берілмейді. Банк тек лицензияда көрсетілген валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін міндеттеменің болуы ғана валюталық операцияларды жүргізуге құқығы бар және осыған сәйкес:
заңды және жеке тұлғалардың төлеміне және шарттарына шетел валютасындағы қаржыларды қабылдау және орналастыру:
банктерге және кәсіпорынға шетел валютасында несие және зайымдарды беру және сырттан тарту:
заңды және жеке тұлғалардан қаржылық құжаттардың шетел валютасында сату мен сатылуын өндіру:
валютаның сату мен сатып алуын жүзеге асыру:
шетел мемлекеттерінің бір – бірімен корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру:
клиенттің шетел валютасында кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру:
саудалық және саудалық емес операциялардың төлемін шетел валютасында жүзеге асыру:
халықаралық
банктік практикаға сәйкес басқа
да операцияларды жүргізу.
Лицензия алу үшін ттөмендегідей құжаттар ұсынылады:
Бекітілген банк жарғысының көшірмесі.
Шетел
валютасында орындалатын
Шетел
валютасымен орындалатын
Банктің
валюталық операцияларды
Корреспондентті
келісімге келісетіндігі
Банк балансы мен соңғы күнгі теңгедегі операциялардың нормативтері сәйкес орындалғаны жөніндегі анықтама.
Банк ішіндегі бақылауды ұйымдастыру жөніндегі анықтама.
Соңғы күнгі пайда мен шығындар жөніндегі ақпар.
Қаржылық жылдың соңына жазылған жылдық ақпар.
Аудиторлық қорытынды.
Басты
лицензия алатын банктерге – корреспонденттік
келісімдер жөнінде анықтама.
Валюталық лицензиялар алу үшін Ұлттық банктерге төмендегідей квалификациялық және техникалық талаптар қояды:
Клиенттерге ағымдағы валюталық шоттарды ашу және жүргізу теңгеде жүргізілетін шоттардан айырмашылығы шамалы. Олардың бір ерекшелігі өз клиенттерінің операцияларына валюталық бақылау жасайтын агентінің қызметін орындау міндеттемесі болып табылады.
Саудалы
емес операцияларды шетел
ҚР территориясында заңды және нормативті актілердің реттелу тәртібін білу қажет.
Инстукцияларды білу.
Нақты
шетел валютасымен
Шетел валютасындағы корреспонденттік топтың болуы тиіс.
Оргтехника мен жаңа технологиямен жабдықталған болуы тиіс.
Лицензия
алу үшін қажетті шарттардың бірі
шетел банктерімен
Тауарлар мен қызметтерді экспорттау мен байланысты халықаралық есеп – айырысулар бойынша операцияларды жүргізу үшін лицензия алу керек.
Ішкі
валюталық нарықта шетел
а ) валюталық заңдарды білу керек.
б
) валюталық нарықтардың
в ) пайда болған қауіптерді бағалай алуы керек және т. б.
Ең
аса бір күрделі шетел
Арнайы
лицензияны қажет ететін тағы бір
халықаралық банк операциясы халықаралық
капитал нарықтарындағы депозиттік
және конверсиондық операциялар.
Ұлттық банктің беретін лицензиялар түрі төмендегідей:
Реттік – шетел валютасында қандай да бір операцияны жүргіуге құқық береді.
Ішкі лицензия – біздің банк мекемелеріне шектеу қоймай-ақ шетел валютасындағы операцияларды орындауға құқық береді.
Кеңейтілген лицензия – банкке шектеулі шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Басты
лицензия – банкке шетел банктерімен
корреспонденттік қатынас орнатып, шетел
валютасында барлық операцияларды атқаруға
мүмкіндік береді.
Тақырып 2. Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері
Халықаралық валюталық (ақшалай) қатынастардың мемлекеттік-құқықтық нысаны валюталық жүйені білдіреді. Яғни валюталық жүйе – бұл ұлттық заңдылықпен немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген валюталық қатынастарды реттеу және ұйымдастыру формасы. Ұлттық, аймақтық және әлемдік валюталық жүйелер бөлінеді.
Ұлттық валюталық жүйе – бұл нақты мемлекеттің басқа елдермен ақшалай есеп айырысуларының белгілі реті жүзеге асырылатын әдістер, құралдар және ұлттық органдардың жиынтығы болып табылады.
Ұлттық және әлемдік валюталық жүйелер арасында аралық элемент болып аймақтық валюталық жүйелер табылады. Олар мемлекеттердің аймақтық интеграциялық топтамаларына қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта екі аймақтық валюталық жүйелер белгілі: Европалық валюта-экономикалық одақ және Африканың француз тілді елдерін қамтитын «француз франкі аймағы».
Халықаралық валюталық жүйе – бұл жеке ұлттық экономикаларды бірыңғай әлемдік шаруашылыққа байланыстыратын механизм. Әлемдік валюталық жүйенің құқықтық негізі халықаралық келісімдер, көпжақты және екі жақты келісімдер және акттер.
Валюталық
жүйенің негізгі құрылымдық элементтері
болып мыналар табылады: валюта және
оның сипаттамалары (конвертирлену
шарттары, ұлттық валюта паритеті, валюталық
курс режимі, халықаралық өтімділік);
халықаралық кредиттік
Валюта – бұл сыртқы сауда мен капиталды шығару кезінде айналыс құралы болып табылатын және тауар құны шамасының масштабы ретінде пайдаланылатын ақша бірлігі. «Валюта» ұғымы үш мәнде қолданылады:
1)
Ұлттық валюта – бұл берілген
елде қолданылатын ақша
2)
Шетел валютасы – бұл шетел
мемлекеттерінің ақша
3)
Халықаралық (аймақтық) ақша бірлігі
және төлем құралы, олар белгілі
интеграциялық топтамалар
Тіркелген
валюталық курс валюталық паритетке
негізделген. Валюталық паритет әр түрлі
елдердің ақша бірліктерінің ресми тағайындалған
қатынасы.
Тақырып 3. Валюталық курс – валюталық жүйенің негізгі элементі
Валюталық курс валюталық жүйенің маңызды элементі болып табылады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы әр түрлі елдердің валюталарының құндық қатынасын өлшеуді талап етеді. Валюталық курс келесілер үшін қажет:
- капиталдар және кредиттердің қозғалысында, тауарлармен, қызметтермен саудада валюталарды өзара айырбастау кезінде. Экспортер сатудан алынған шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастайды, өйткені бір елдің валютасы екінші елдің аумағында заңдық сатып алу және тұтыну құралы ретінде айналысқа түсе алмайды. Импортер шетелде сатып алынған тауарлар құнын төлеу үшін ұлттық валютаны шетелдік валютаға сатады. Борышқор сыртқы займдар бойынша қарызды және пайызды төлеу үшін ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алады;
- ұлттық және әлемдік нарықтар бағасын салыстыру үшін, сондай-ақ ұлттық немесе шетел валюталарында айқындалған әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
- банктер және фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын жүйелі түрде қайта бағалауға.
Валюталық
курс – шетел ақша бірліктерінде
немесе халықаралық валюталық
Валюталық курс режимі де валюталық жүйе элементі болып табылады. Тіркелген (фиксированные) және қалқымалы (плавающие) валюталық курстар бөлінеді. Тіркелген валюталық курс шектеулі қозғалыста болады.
Валюталық
курсқа әсер ететін факторларға мыналарды
жатқызуға болады:1. Инфляция қарқыны.
2. Төлем балансының жағдайы. 3. Әр түрлі
елдердегі проценттік ставкалардың айырмашылығы.
4. Валюталық нарықтар қызметі және спекулятивті
валюталық операциялар. 5. Халықаралық
есеп айырысуларда белгілі валютаны пайдалану
дәрежесі. 6. Халықаралық төлемдердің жеделдеуі
немесе кідірісі. 7. Ұлттық және әлемдік
нарықтарда валютаға сену дәрежесі. 8.
Валюталық саясат. Сонымен, валюталық
курсты қалыптастыру – бұл ұлттық және
әлемдік экономика және саясаттың өзара
байланысымен шартталған, күрделі көпфакторлы
процесс. Сондықтан валюта курсын болжау
кезінде курс қалыптастырушы факторлар
ескеріледі.

- Лекция – основная форма учебного процесса при подготовке юристов
- Лекция по нефтедобыче
- Лекция по производству комбикориов
- Лекция по статистике
- Лекція: поняття, функції, види, принципи
- Лелевель, Иоахим
- Лемниската Бернулли
- Лекции по "Управлению персоналом"
- Лекции по финансовому менеджменту (2)
- Лекции - преподаватель Григорьев Владимир Калистратович (2)
- Лекционная форма обучения как ведущая в процессе вузовской подготовки специалиста
- Лекция 7 Хвильовий опір хвильовода
- Лекция и ее воспитательное значение
- Лекция как основная форма организации педагогического процесса в вузе