Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең

Алматы Энергетика және Байланыс Университеті

 

 

«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы

 

                   

                            

                       

Әлеуметтану

№1 семестрлік жұмыс                                                                                                                           Тақырып: «Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең»

 

 

      

 

Орындаған: Бақтыбаев Ш.Б.

Топ: БПСк 12-01

Сынақ кітапшасының №123007

Тексерген: Орынбекова Д.С.

                                                                 

 

 

 

 

 

Алматы  2013ж

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Классикалық кезеңнің сипаттамасы
  3. Э.Дюркгейм және оның социлолгизмі
  4. М.Вебердің «идеалдық тип» теориясы
  5. Қорытынды
  6. Пайдалнылған  әдебиеттер.

 

 

                                                  Кіріспе

            Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр.Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

 

 

 

Классикалық кезеңнің сипаттамасы

 

Қоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып  келді.

Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері  жөнінде объективті ғылыми білім  алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын  айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси  құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім  мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды  талап етті. Әлеуметтану тарихын  бірқатар кезеңдерге бөледі.

Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің  қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын  көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен  Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси  оқытулар).

Екінші кезең ортағасыр  мен Қайта өрлеу дәуіріндегі  әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным  формасы мен дүниетаным жүйесінің  өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам  жөнінде әлеуметтік білімдер мен  ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс  және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).

Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы  адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен  қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.

Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.

Теологилық кезеңді( бірінші кезең) Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады.

Екінші кезең – метафизикалық. Қоғамда абстракция, метафизикалық  концепциялар үстемдік етеді. Бұған  Конт материалистік философия мен  революциялық қағидаларды жатқызады. Бұл концепцияларды сынға алып, ол марксизмнің, әсіресе таптық күрес  жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді.

Үшінші кезең – позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан  алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм –  дүние жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде тәжірибе болып табылады. Позитивизм – пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм – бұл  физика ғылымы тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды  жаратылыстану ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша бағыттады.

 

 

 

Э.Дюркгейм және оның социлолгизмі

           Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі –Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.

      Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі- әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып тұжырымдау. Э.Дюркгейм әлеуметтік фактілерге бастапқы түсінікті (елестетуді) жапқызады. Ұжымдық ұғымға әр түрлі адам өмірінің моралдік, басқаша айтқанда, әдет-ғұрып, дәстүр, тәртіп ережелері, т.б. кіреді. Ал, олар объективті түрде өмір сүреді. Э.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырды, оны топтық саны мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген. Топ ойлайды, сезінеді, іс-әрекет, қимыл жасайды. Ал, бұл топтың мінез-құлқы оның әрбір жеке мүшесінің ой-сезім, іс-әрекетінен басқаша. Бұл постулатты (яғни, еш қандай дәлелді керек етпейтін жорамалдарды) Э.Дюркгейм барлық қоғамға қолданады. Әлеуметтік фактілер индивидтен (адамнан) тәуелсіз, ол да табиғат құбылыстары сияқты, бірақ, олар адамға еріксіз түрде әсер етіп, оның қоғамда бір тәртіппен жүруін талап етеді. Әлеуметтік фактілердің объективті сипатта өмір сүруі оларды зат ретінде зерттеуге итермелейді, онда жаратылыстанудың кейбір әдістері (мысалы, бақылау, салыстыру, гипотеза (болжам), эксперимент, т.б.) қолданылады. Әлеуметтік фактілер адам өмір сүруіндегі іс-әрекеттерінің бейнесі (суреті, образы), ал, бұл іс-әрекет белгілі және белгісіз болуы мүмкін, бірақ, олардың адамға сырттай ықпал ететін қабілеті болады. Жас өспірім бала дайын тұрған даму заңдарына жататын әдет-ғұрыптарды, діни сенімді, тәртіп ережелерін сол дайын күйінде қабылдайды. Бірақ, бұлар оның таным-түйсігінде өздерінше қызмет атқарып, объективті өмір сүреді.

         Әлеуметтік фактілердің объективтік өмір сүруінің тағы бір салдары- ол адамдарға әсер етер отырып, оларды белгілі бір іс-әрекет жасауға итермелейді. Сөйтіп әрбір адам әлеуметтік мәжбүрлікке душар болады. Мысалы, адамның құқықтық және адамгершілік ережелерінің бұзылуы, ол қоғамдағы жалпы жағымсыз құбылыстардың басымдылығынан туып отырады. Мұндай жағдайлар басқа да әлеуметтік фактілерде кездесіп отырады.

       Э.Дюркгеймнің тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады. Оның міндеті –тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмейді. Ол басқа қоғамдағы ғылымдарды ғылыми әдістемелер, теорияларымен қаруландырады.

       Э. Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық (теория солидарности) теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі – “Қоғамдық еңбектің бөлінуі” арналған. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.

       Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі-ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдік ережелердің жиынтығы болады. қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс-әрекеттері менқызметтерінде басшылыққа алып отырады. Қоғам дамуының ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э. Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше, экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды, қоғамдық-еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді. Оның қоғамдық сананы біріктіру рөлі әлдеқайда төмен, өйткені діни сенім, әдет-ғұрыптар адамдардың санасында бұрынғыдай маңызды рөл атқармайды. Бұл –қоғамда адам одан біршама тәуелсіз,тыс тұрады да, - оның бостандығы мен дербестігі қамтамасыз етіледі.

       Дегенмен, қазіргі қоғамды өткен көне қоғаммен салыстырғанда оның тұрақтылығын төмен, аномия (яғни, қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиеттерін басқарып реттеудің төмендеп кетуі) жағдайында болады. Э.Дюркгейм әдеттегі көне, архаикалық қоғамнан қазіргі индустриялды қоғамғаөту жолын талдай отырып, осы өтпелі кезеңде аномия құбылысының объективті орын алуын қорытындылайды. Оның пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез-құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыдан басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың (яғни, мекеме, ұйымдардың) іс-әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ.

       Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде соционализм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады.

       Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына (түріне) байланысты болмақ. Нақтылай айтатын болсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік мазмұнда жиналған материалдар негізінде мынандай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен Э.Дюркгейм әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Мысалы, протестанттар мен католиктерді салыстырғанда бұл құбылылыс католиктерде бірнеше есе кем, ал, қалалар мен селоларды салыстырғанда қалаларда жоғары. Э.Дюркгейм өзін-өзі өлтірушіліктің 4 типін тұрпатын анықтап берді, олар: эгоистік, альтуристік, экономикалық және фаталистік. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән құпиясы бар, шешілуі жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты. Э.Дюргкеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық (ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды. Бірақ, Э. Дюркгейм қылмыстық істердің психологиялық мотивтерін мойындамады.

       Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материалдардың негізінде Э.Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.

 

 

 

 

М.Вебердің «идеалдық  тип» теориясы.

      Макс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастырады.

        М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыруы керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объектитілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.

        М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы “түсіну, ұғыну теориясы” деп аталынды.

      Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методологиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырды. Бұл оның “идеалды типтер” әдісіне жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі.) ол зерттелетін маңызды құбылыстарды адамның ой-пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А.И.) негізінде жасалады.

      Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шын,дықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлауының, ой-пікірінң жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне-кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, “капитализм, “экономикалық адам”, “дін”, “хрестиандық”, т.б.

       М. Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар арқылы түсіндіруі оның “түсіну әлеуметтану” ілімінің негізі блып есептеледі.

 

Осыларға сәйкес әлеуметтану  өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін  адамның немесе адамдар тобының  мінез-құлқынан бастауы қажет. Адам мінез-құлқын зерттеу әлеуметтанушыны  әр уақытта қызықтарып отырады, өйткені  әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне  белгілі бір мағына, мән береді, оны түсінуге тырысады. Осыған орай, әлеуметтану “түсіну” ғылымына айналады.

        М. Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы туралы ғылым ғана емес,сонымен бірге оның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым. Әлеуметтік іс-қимыл, әрекет адамның мінез-құлқымен бірдей, өйткені әлеуметтік іс-әрекет өзінше жеке – дара нысаланбайды, бағытталып өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа біреуге бағытталды. М.Вебер іс-әрекеттің, қимылдың басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету (ожидание), дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәнініе саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әректтің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерацинальное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады. Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды қолданады. Сондықтан, М.Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады, ал, саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процесттің басты бағыты.

         Ақыл-парасаттылық, ақылға жеңдірушілік тек қана адам және топ тәртібінде ғана болатын қасиет емес, сонымен қатар шаруашылықты басқаруға, жалпы адам өмір салтына да тән қасиет. М. Вебердің пікірінше, капитализмнен бұрын болған қоғамдарда салт-дәстүр маңызды орын алды. Ақыл-парасаттылық тек қана капиталистік қоғамдық өмірді ұйымдастырудың негізгі принципінде (яғни, басшылыққа алып отыратын ой-пікір) болады.

         Бұл жерде М. Вебер ойының тағы бір қыры ашылып отыр – ол экономиканы дінмен байланыстырады. “Протестанттық этика және капитализм рухы” деген еңбегінде М. Вебер діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс- әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты. М. Вебер осы тұрғыдан діни сенімдердің, діни этиканың, әсіресе, оның адамгершілік ілімін капиталистік экономика дамуының негізгі ынталандыру факторы және адамдардың еңбек сүйгіштігін, ұқыптылығын, әділеттілігін, белсенділігін, т.б қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретінде қарады.

        М. Вебер капиталистік қоғамды үнемі мақтамайды. Ол бұл қоғамның алуан турлі өлшемдерін, күрделілігін, ондағы орын алып отырған қайшылықтарды, әсіресе, алуан түрлі таптар мен топтар арасындағы қарым-қатынастарды жақсы біліп талдап отырды.

         М. Вебер әлеуметтік топтарды зерттеді. Ол топтарды ең алдымен беделіне, мәртебесіне, қадіріне (престиж) және жай-күйіне, жағдай-тұрмысына қарай бөлді, олардың арасындағы дау-дамай, жанжалды дұрыс бейнелеп көрсетті. Ол шенеуніктік – бюрократтық аппараттың билікті пайдаланып, адамдарға көп қысым жасап отырғанын атап көрсетті. Ол осымен қатар Маркстің пролетариат диктатурасы туралы ілімін өткір сынға алды. Вебердің бұл пікірлері де көпшіліктің көңілінен шықты.

          М. Вебердің пікірінше, еуропалық өркениеттің (мәдениеттің) даму процесінде қоғамдық өмірде парасаттылықтың (әсіресе, экономикада, саясатта, ғылымда, исскуствода) күшеюі байқалады.

          Батыс Еуропа капитализмінің дамуындағы ақыл-ой, парасаттылықтың ықпалын зерттеу оның “Протестантская этика и дух капитализма” атты еңбегінде негізгі тақырып ретінде қаралған. Бұл еңбегінде М.Вебер капитализмнің пайда болуына К.Маркс көрсеткендей жалғыз экономикалық алғышарттар себеп болған жоқ. Сонымен қатар әлеуметтік, рухани, мәдени, әсіресе, діни-этикалық алғышарттардың ықпалы тиді. Бұлардың ішінде протестанттық діни этика адамдардың санасына, шаруашылыққа саналы және ұқыптылықпен қарауды, ықыластықты, т.б. құндылықтарды сіңіре берді. Мұның өзі капиталистік кәсіпкерлердің, өндіріс қожайындарының шығуының, қалыптасуының қажетті алғышарттары да болды.

           М. Вебер саяси әлеуметтануы дамытуға да үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті үш түрге бөлді. 1) харизматикалық; 2) дәстүрлік; 3) бюрократты. Харизматикалық үстем ету – яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік – дәстүр мен салтқа негізделген; ал бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын үстем ету формасы. Осыдан барып “бюрократизм” деген ұнамсыз ұғым пайда болды. Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы формальды қарау, істі көпке созу. Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтардың кәсіби деңгейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемдігін дәлелдейді.

            Мұнда М.Вебер биліктің легитимдігі, яғни заңдылығын тілге тиек етіп отыр. Басқаша айтқанда, легитимдік дегеніміз, халықтың үстем етіп отырған саяси билікті мойындауы болып табылады. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай жүзеге асырылуы керек. Яғни мемлекттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекттік билік конститутциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес жоғарыда көрсетілгендей М.Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті:

харизматикалық легитимдік;

әдет-ғұрып легитимділігі;

ақыл-парасат, құқық легитимдігі.

         Бұл тұрғыдан алғанда өкіметтің бюрократтық үстем ету түрі формальды, заңға сүйенген, құқықтық өкімет болды. Мұндай өкіметтік үстем ету еуропалық капитализмнің пайда болу кезеңінде шықты. Бұл басқа үстемдік етудің үлгісінен біршама жоғары тұрғанымен әлі күнге солқылдақтық танытып келеді. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы, Вебердің ойынша, плебицитарлық демократияны дамыту.

         Плебицит –ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың ой-пікірін сұрау, анықтау негізінде үстемдік ету. Бұл жалпы халыққа саяси лидерді (мысалы, президентті) сайлауға мүмкіндік береді. Осыған орай жаңадан сайланған лидер елді халық атынан басқаруға мүмкіндік алады.

         М.Вебер әлеуметтік страфикация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.

 

 

 

Қорытынды.

        Сонымен,  Конт бірінші болып осынау  кемшіліктегре ұтымдылық сәүлесін  септі, қоғам тұтас организм  ретінде қарастырылуға тиіс деп  кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы  әлеуметтікк құбылыстар туралы  ғылымның фактыларды кеңінен  байқап-бақылауға негізделген және  саяси өнер мен революциялық  мақсаттардан біржола арылған  позитивтік ғылымның негізін  қалауға тырысты. Әлеуметтану,  Конт түсінігінде, әлеуметтік  физикаға әбден сәйкес болуға  тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті  коғамның жаратылыстық себептреі  мен жаратылыстық заңдарын ашу  және тарихтан, саясат пен экономикадан  метафизикалық және жаратылыстан  тыс іздерді олар астрономия  мен химиядан қалай қуылса, солай  қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде  болашақты болжап, прогресс барысын  көрсете алатын ғылым бола  алады деп білді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Нұсқабаев О, Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану. Түркістан 2001
  2. Әлеуметтану негіздері. 1 –кітап. Алматы, Қазақ университеті 2005
  3. Фролов С.С. основы социологий. М.  1997.с. 113-142 б
  4. Мухаев Р. Т. Социология. М. 2003 .с. 147-153б
  5. Волков Ю. Т.  Социология. Ростов на Дону 2005 181-212б
  6. Бабосов Е.М. Общая социология . Учеб. Пособие для студентов вузов. Минск, Тетрасистемс. 2004 241-258
  7. Общая социология (под ощей ред. А.Г.) 2005 109-131, 2005 165-213

 


Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең