Әлеуметтік саясат және адам құқығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық  Университеті

 

 

 

__________________________________________________кафедрасы

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

 

 

Тақырыбы: Әлеуметтік саясат және адам құқығы

 

 

 

 

 

Орындаған: Әрінов А.

Менеджмент, 3-курс, СШ

Тексерген: Қожағұлова С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы,2013

 

 

 

 

Мазмұны

                                                                                                                              

Кіріспе

 

І Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығын  талдау

1.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау

1.2 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер

 

ІІ Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау

2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау

2.2 Баланс  өтімділігін  талдау

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық  стандарттар мен нормалар талаптарына  сәйкестендіру. Ол әрине, халық жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы  тұрақты өсуіне әсер етеді.

Қазіргі қоғамда  бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің мәні өте зор. Ол тек бухгалтерлік кітапта жүргізу ғана емес, сонымен  қатар кәсіпорын қызметіне қатысты  барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есеп жүйесін құру, салық салу мәселелері мен бірге жоспарлар мен болжаулардан жасалынуын қамтиды. Ақша – несие  саясатын анықтау және соған байланысты шешімін қабылдау, шаруашылық операцияларды  бейнелеуге және бірінші кезекте  кәсіпорын басқармасына, одан кейін  пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға  негізделген бухгалтерлік есептің  жүйесін ұйымдастыру сапасы мен  деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен  экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп басқару жүйесіндегі негізгі орындардың бірі болып саналады. Ол өндіріс процесін, айналымды, және қолдануды нақты түрде көрсетеді, кәсіпорындардың қаржы жағдайын сипаттайды және басқару шешімінде негізгі қызметті атқарады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп халықаралық қаржылық есеп беру стандартқа сәйкес және қаржы - шаруашылық  қызмет субъектісіндегі есеп жұмыстарының басты жоспарында тіркелген, принциптер мен ережелер негізінде құрылады. Бұл есеп жүйесі спецификаға, нарық реформасына, қажет құрылымына және барлық талаптарға, ақпараттарды қолданушыларға сәйкес келетіндей етіп ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл шаруашылық субъектісі арасындағы қалыпты байланыстың дамуына сәйкес қаржы есепті нақты анықтауға, іскер серіктестік таңдауға және дұрыс шешім қабылдауға ғылыми негізде басқаруға, өндірістік және қаржылық шешімді негіздеуге, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын анықтауға, олардың іскерлік активтілігін және кәсіпкер қызметінің тиімділігін бағалауға қажет.  Дәлелденген ақпаратты алуда жекеменшік және кәсіпорын қызметкерлерінің формасына тәуелсіз шаруашылық айналымдарының калыптасушыларына баскаларының барлығы қызығуда, өйткені ол нарық капиталының тиімділігін жоғарылатады, оны бағалауға және  бірқатар экономикалық шешімдерді болжауға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде «АБДИ Компани» АҚ компаниясы алынды.

          

 

 

 

1 Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығын  талдау

 

1.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау

 

Баланс активтерінің құрамы мен құрылының динамикасын  талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті  және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық  есептің маңызды элементі болып  саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда  бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі [8]. 2-кестеде 2010 жылдың  басы  мен соңындағы «Абди Компани» АҚ-ның филиалының баланс активтерінің  құрамы  мен  құрылымы берілген.

 

2-кесте. 2010 жылдың  басы  мен соңындағы «АБДИ Компани» АҚ-ның баланс  активтерінің  құрамы  мен құрылымы

 

 

Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл бойындағы өзгеріс(+,-)

Құры-

лымының

өзгеруі

(4гр.– 2гр.)

сомасы,

мың тг.

Үлес салмағы, %

сомасы,

мың тг.

Үлес салмағы, %

мың тг. (3гр -1гр)

%

(5гр:1гр

100)

А

1

2

3

4

5

6

7

Активтер құны, барлығы соның ішінде:

1.1.Ағымдағы активтер:

1.2. Ұзақ мерзімді активтер:

а) негізгі құралдар;

 

 

46351

 

 

 

13290

 

 

33061

 

33061

 

 

100

 

 

 

28,67

 

 

71,32

 

71,32

 

 

60080

 

 

 

24394

 

 

35686

 

35686

 

 

100

 

 

 

40,60

 

 

59,39

 

59,39

 

 

+13729

 

 

 

+11104

 

 

+2625

 

+2625

 

 

+29,7

 

 

 

+83,5

 

 

+8

 

+8

 

 

х

 

 

 

11,93

 

 

-11,93

 

-11,93

Кәсіпорынның өндірістік потенциалының  құны

 

34133

 

73,63

 

37347

 

62,15

 

+3214

 

+9,41

 

-1148

Е с к е р т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған


 

2-кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 13729 мың теңгеге немесе 29,7%-ға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік құралдардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар құндары қосылады.

Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын  анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған  күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. “Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни қалыпты болып есептеледі” – деп жазады А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметтің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.

Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал  құны біз талдау жүргізіп отырған  кәсіпорындарда жыл басында – 34133 мың теңгені, жыл соныңда – 37347 мың теңгені құрады, яғни 3214 мың  теңгеге немесе 9,41%-ға өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті жылы 13,37 пунктке кемігенмен жыл соңында 62,15%-ды құрады, бұл  өндірістік мақсаттағы  мүлік коэффициентінің  қалыпты  мәніне сай келеді.

2-кесте мәліметері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтер арасында тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешіледі. Егер қысқа мерзімді активтердің үлесі жыл басында 15,32 пунктке аз болса (28,67 – 71,32), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 4,66 пунктке аз болып кетті (40,60 – 59,39) және 40,60%-ды құрады. Қысқа мерзімді активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 10 есеге артық (83,5:8) болып отыр.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы қысқа  мерзімді активтер үлесін анықтау маңызды: қысқа мерзімді активтер құнының  кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін  көрсетеді. Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің  деңгейі жыл басында 0,28 (13290:46351), ал жыл соңында 0,40 (24394:60080) құрады.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын  келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының  коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын  ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу  арқылы  анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс. Талданып отырған кәсіпорында бұл  көрсеткіш деңгейі  жыл басында     0,40 = (13290:33061), ал жыл аяғында - 0,68 = (24394:35686) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 1,8 есеге (24394:13290), ал екіншілері 8%-ға (35686:33061*100) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде қысқа мерзімді активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал  қатынасының  коэффициентінен  артық  болуы  керек.

Әрі қарай  кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде  қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды  элементінің жағдайын зерттеу қажет. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы  негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш  кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт  болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың  нақты құнының коэффициентінің  мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Біздің мысалымыз  бойынша баланс валютасындағы негізгі  құралдардың қалдық құнының үлесі  жыл басында – 71,32%-ды, ал жыл соңында  – 59,39%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне 3,53 пункт сәйкес келмейді. Негізгі құралдарыдың жалпы  құнындағы оның активті бөлігінің  (жұмыс машиналарының құны, өндірістік жабдықтар мен тасымал құралдарының құны) үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтармыдылығының өсуіне әкеледі. Алайда біздің кәсіпорындарда негізгі құралдардың активті бөлігінің үлес салмағы  жыл соңында  жыл басындағы 0,33-ке қарағанда, 0,29-ды құрады. Негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесінің 0,04 пунктке кемуі, олардың өсу қарқынынан  айтарлықтай  дәрежеде  артта  қалуының нәтижесінде болып отыр.

  Әрі қарай, келесі 3-аналитикалық кестені құрастыра отырып, қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

3-кесте. 2010 жылдың  басы  мен соңындағы «АБДИ Компани» АҚ-ның қысқа  мерзімді  активтерінің  құрамы  мен  құрылымы

 

 

Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

өсуі,

кемуі

%

сомасы

мың тг.

үлес салмағы

%

сомасы

мың тг.

үлес салмағы

%

Қысқа мерзімді активтер соның ішінде:

1.1. Қорлар

1.2. Дебиторлық  борыш

1.3. Ақша қаражаттары және  қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1.4. Басқа да қысқа мерзімді  активтер

13290

 

1072

11922

 

 

19

 

277

100

 

8,06

89,70

 

 

0,14

 

2,08

24394

 

1661

22384

 

 

49

 

300

100

 

6,80

91,76

 

 

0,20

 

1,22

183,5

 

155

187,7

 

 

257,8

 

108,3

Е с к е р т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған


 

3-кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикалық көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 30 теңгеге немесе 257,8%-ға өскен.

Қысқа мерзімді активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықтайтын айналым қаражаттарының мобильдік  коэффициенті (қысқа мерзімді активтердің) 2,5 есеге өскен және 0,20%-ды ғана құрайды. Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 155%-ға және ол жыл аяғында 1661 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,69 пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса өте жоғары (6,80%) болып отыр.

Есепті жылы дебиторлық борышта әжептеуір өскен. Егер оның көлемі жыл басында 11922 мың  теңгені құраса, жыл аяғында ол 22384 мың теңгені құрайды немесе 187,7%-ға өскен, алайда қысқа мерзімді активтер құрамындағы оның үлесі 0,84 пунктке көбейді. (91,76 – 89,70).

Кестені қорытындылай келе, дебиторлық борыш неге көп  өскендігін және не үшін керектігін түсіндіру  зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын  бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Сондықтан, кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық  борыштың  салдары  болып  табылады.

 

 

 

 

 

1.2 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер

 

Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігінің сипаттайтын  көрсеткіштердің бірі несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігі «несиеге қабілеттік» түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі (ТҚ) кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды. Талдаудың келесі кезеңі кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін айқындау болып табылады.

Қазіргі кезде  нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға олардың ұйымдастыруды  – құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несие – септік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған жүйесі қалыптасуда. Банктер несиелеу процесінде, нарық  қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан  Республикасы егеменді мемлекеттің  экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерін  болдырмауға және ұлттық валютаның  (теңге) нығаюна ықпал етуге міндетті.

Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және  экспортқа  өндіруге байланысты мақсаттар мен  шаралар үшін береді.

Банктер неиелерді  қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік  принциптерін катаң  сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда  қарастырылған және екі жақпен  келісілген  жағдайда  коммерциялық  негізде  береді. Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер келісім  түрінде  несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы  кәсіпорын мен банк арасындағы несиелік  келісім-шарттарымен  реттеледі.

Несиелер  берілетін мерзіміне қарай қысқа  мерзімді және ұзақ мерзімді болып  бөлінеді. Несиенің жеделдігі оны  қайтару, өтеу мерзімдерімен анықталады. Осылай, қысқа мерзімді несиелер бір  жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді – бір жылдан асатын  мерзімге беріледі.

Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып  табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі  процесінде жетіспейтін ақша қаражатының  қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын  күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге, жаңа техниканы өндіруге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға бағытталған кәсіпорынның қарыз қаражаттары ресурстарының көздері ретінде жұмсалады.

Несиеге қабілеттілігін талдаудын мақсаты – банкпен  несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны  несие шартының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі мен несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және банк пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы әрі қарайғы қатынастың негізделуін және дұрыстылығын бағалау (несиелеуді жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).

Талдау негізінде  банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды  жасайды. Несиеге қабілеттілігін талдау кезінде  бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Ең маңызды болып өтімділіктің әр түрлі  коэффициенттері, сонымен қатар  таза табыстың авансталған капиталдың жалпы сомасына қатынасымен анықталған капиталдың жалпы сомасына қатынасымен  анықталатын кәсіпорынның табыстылығы  болып табылады. Соңғы көрсеткіштің өсуі қарыз алушының қызметінің табыстылығын сипаттайды.

Банк мекемелері табыстылығы төмен, қаржылық жағдайы  тұрақсыз қарыз алушылармен несиелік қатынас орнату кезінде ерекше сақтық көрсетулер керек. Осындай кәсіпорынға  несие беру банк үшін жоғары тәуекелмен байланысты және билік органдарының немесе жоғары  тұрған буындардың негізделген  өтініштері (ходатайство) бойынша тиянақты жеке ықпалынан кейін, тек  осы  несиелерді  қайтаруға  кепілдеме  алғаннан  соң  шешілуі  мүмкін.

Несиеге қабілеттігін бағалау кезінде банктер, өтеудің  аралық коэффициент 1-ден төмен болса, онда банк төлем қабілеттілігі жоқ  кәсіпорынмен істес болады деп саналады және несие тек ерекше шарттармен ғана беріледі. Осы коэффициенттің 1-1,5 шегіндегі деңгейі қарызды  уақытылы өндіріп  алуда белгілі  бір тәуекелге ұрындыруы мүмкін, коэффициенттің 1,5-тен жоғары деңгейінде қарыздың қамтамасыз етілуі және оның қайтарылу кепілдігі жеткілікті болады.

Несиеге қабілеттілікті талдау кезінде банктің қарыз  беруші ретіндегі тәуекелділік дәрежесін  зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Тәуекелділіктің жоғары дәрежесінде  пайыздық мөлшерлеме орташадан жоғары. Тәуекелділік дәрежесі сараптамалық  әдіспен  анықталады. Нарықтық қатынастарға өту несиеге сұранысты көбейтті, бұдан оны беру жағдайының қатаюы туындайды.

Сонымен несиеге  қабілеттігін талдау кезінде тек  өтімділік көрсеткіштері мен  табыстылық деңгейі емес, сонымен  бірге айналым қаражаттары, өткізудің  өсу қарқыны, өнім көлемінің өсу  қарқыны мен банк несиесінің өсу  қарқының қатынасы, несиелер бойынша  уақыты өткен қарыздардың сомалары мен мерзімдері, операциялар санымен  анықталатын есептік шотты жүргізудің оперативтілігі сияқты экономикалық көрсеткіштері  зерттеледі.

Банк кәсіпорынға  несие беру туралы мәселені шеше отырып, қарыз алушыларды үш категорияға  бөледі: сенімді (несиеге қабілетті), тұрақсыз (несиеге қабілеттілігі шектеулі), сенімсіз (несиеге қабілетсіз), сөйтіп оларды бағалау жүйесін қалыптастырады. Сенімді қарыз алушы жалпы жағдайларда несиеленеді, бұл жағдайда несиелеудің жеңілдікті тәртібі қолданылуы мүмкін.

Кәсіпорынның  несиеге қабілетсіздігінің басты  себептері анықталмаған дебиторлық борыштардың болуы, клиенттер алдында  міндеттемелерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларын жинау, шаруашылық қызметінің төмен дәрежедегі тиімділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуі болып табылады.

2. Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау

 

2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау

 

Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз  байланысты болады. Сол себепті нарық  экономикасы жағдайында оған көп  көніл бөлінеді.

Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар  кездеседі.

Қаржылық  талдау бойынша кейбір авторлар төлем  қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С. Ефимова төлем  қабілеттілігі: «кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған», - деп жазады [15]. Кейбір авторлар да осы көзқарасты ұстайды. «Төлем қабілеттілігі, - деп жазады олар, - компанияның ұзақ мерзімді қарыздарының уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды».

Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін  өтеуге дайындығын түсінеді. Ал  басқа  авторлар  «Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі» деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина толығырақ баяндайды. «Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан өтеуге дайындығы». Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі – бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске  асыру үшін  жеткілікті  қаржының  болуы.

Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша  ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысты, қысқа  мерзімді қарыздармен сәйкес келуі  мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет  ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін  қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу  керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа  мерзімді міндеттемелер шотының  типтік шоттар жоспары «Қысқа мерзімді міндеттемелер және Ұзақ мерзімді міндеттемелер» 3, 4 бөлімшесінің 3000, 4000 бөлімшелерінің  синтетикалық  шоттарының  әр  түрлі  шоттарында  ескеріледі.

Жоғарыда  айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер  кезіңде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ  бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валютасы және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.

Қарыздарды  өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде  ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып  табылады.

Қарыздарды  өтеу үшін құралдар сонымен бірге  кәсіпорында бар тауарлы –  материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық қысқа мерзімді активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ  осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның қысқа мерзімді активтері қысқа  мерзімді міндеттемелерінен артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп  есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын  барлық қысқа мерзімді  активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл  сол кезде оның өндірістік қызметі  тоқтатылады, себебі онда өндіріс  құралдарын тек  негізгі  құралдары  құрайды, ал материалды  айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды  өтеуге  кетті.

Сондықтан төлем  қабілеттілігі бар деп, қысқа  мерзімді активтің сомасы қысқа мерзімді  міндеттемелерінен  көп жоғары  кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек  қарыздарды  өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз  өндіріс  үшін  қаржылары  болуы  керек.

Ағымдағы  төлем қабілеттілігі баланс жасау  мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ  болса төлем қабілетті деп  саналады. Келешекке арналған төлем  қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының  сомасын  осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

Төлем қабілеттілігі  белгілі бір мерзімде қолдағы  ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі  коэфифициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның  төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.

Төлем қаражатының  сомасын анықтау мәселесі бойынша  әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге  қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу  әлдеқайда тиімді, себебі олар тез  өткізіледі және ақшаға тез айналады. Қысқа мерзімді міндеттемелерге  ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған  міндеттемелер мен қарыздар: банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа  мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.

Төлем құралдарының қысқа мерзімді міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылған несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.

Төлем қабілеттілігі  оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді. Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.

Қаржылық  икемділік кәсіпорынның алдын-ала  болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде  кездейсоқ үзілістерге қарсы  тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл  өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен  сипаттын өзгерту дегенді білдіреді.

Ақша қаражатын  қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез  өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы  жағдайымен, капиталдың құрамы мен құрылымымен анықталады.

Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары  мен жағдайы сияқты сыртқы факторларға  тәуелді. Несие алу қабілеттілігі  ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын-ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала-алатын несие) – потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері, облегацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқ дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.

Нарықтық  экономика теориясы мен практикасында  перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету  үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы  табыс табу қабілеттілігі, себебі осы  факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы  үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп  болашақта кәсіпорынның негізгі  қызметінен тұрақты табыс алу  қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы  қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаржатының жеткіліктігі мен оның капиталға  айналдыру коэффициенттері талданады.

Кәсіпорынның  перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі  ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық  және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен  пайдаланылады.

Әлеуметтік саясат және адам құқығы