әлеуметтік саяси ойлар
ЖОСПАР
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
1. Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.
2. ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. І жартысындағы Қытайдағы саяси ойлар
3. ХІХ - ХХ ғғ әлеуметтік саяси ойлар
3.Қорытынды.
Кіріспе
Саяси ойлар тарихы адамзат санасындағы мемлекет пен биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси тәжірибесі мен осы процеске адамдардың катысуының көрінісі болып табылады.
Саяси ойлар фактілерді, оқиғаларды жай ғана анықтаумен айналыспайды, керісінше саяси тәжірибені нақты саяси білімдердің категорияларыңда, ұғымдарымен ойларында белгілейді, саяси ілімнің мектептері мен бағыттарының арасындағы даму мен сабақтастық байланыстардың анықтаушы ағымдарын ашып көрсету арқылы саяси өткенді бірізді және жүйелі тұрғыда зерттейді.
Саяси ғылымның басты мақсаты – қоғамда әлемдік деңгейдегі
демократиялық саяси мәдениет қалыптастыру, онсыз, саясаттанудың
тұжырымдамалары бойынша, демократиялық қоғам орнатудың өзі де екі талай
деп есептелінеді.
2. Негізгі бөлім.
1. Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы саяси идеология
ретінде ағартушылық кең өріс алды. Қазақтың ойшыл ғалымы демократ-
ағартушы Ш.Уәлиханов (1835-1865) қазақ халқының әлемдегі өркениетті 18
елдер қатарына қосылуы үшін қажетті саяси-әлеуметтік, мәдени қызметтер
атқарды. Шоқан саяхатшы, этнограф ғалым ретінде Орта Азияның, Қазақ
елінің, Батыс Қытайдың тарихы мен мәдениетіне ғылыми зерттеулер жүргізе
отырып, саяси - әлеуметтік, құқықтық мәселелерді іс жүзінде шешу жолдарын
қарастырды, әсіресе қазақ халқын патша шенеуіктері мен жергілікті билік
иелерінің зорлық- зомбылығынан қорғау мәселесін жария етті. Ол қоғамдағы
үстем тап өкілдерінің саяси көзқарастары халықтың ізгі мақсаттарына әсер
ететінін атап көрсетеді. Сол себепті Шоқан Уәлиханов бұхара халықтың
демократиялық құқығы мен бостандығын дамыту жолында елеулі қызметтер
атқарды. Экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән беріп
революциялық өзгерістерге қарсы пікір білдірді. Ағартушы-ғалым сот
реформасы туралы өзінің прогрессивтік саяси- әлеуметтік идеяларын ұсынды.
«Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде: «Біздің заманымызда халыққа
етене жақын, ең маңызды, оның мұқтажына тікелей қатысты реформа--
экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалык
істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам
баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты әл-ауқатын жақсартуға тырысады.
Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді»- деген қорытынды жасайды (Ш.
Уәлиханов. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1995.127- бет ).
Өзінің осы шығармасында Шоқан Ресей патша өкіметінің саясатындағы
отарлық мақсатты сол кездің өзінде айқын түсініп, қазақ қоғамындағы ертеден
қалыптасқан билер сотының сақталуын талап етті. Дәстүрлі билер қызметінің
ашықтығын, жариялығын, демократиялық принциптерін жоғары бағалайды.
Шоқан Шыңғыс хан заманынан енген ереже бойынша қазақ қоғамының «ақ
сүйек» және «қара халық» болып жіктелуіне қарсы шығып, қоғамда бұл
бөлінудің болуы бір-біріне қайшы мүдделердің шығуын көрсетеді деп есептеді.
Осы және басқа әлеуметтік жіктеулерден әртүрлі дау-жанжал, саяси-әлеуметтік
шиеленістер туатынын дәлелдей келе, қазақ халқын бірлікке шақырды.
Ғалымның пікірінше, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін ең
алдымен оларға еркіндік берілуі қажет. Ал еркіндікті дұрыс пайдалануы үшін
халыққа жалпы білім, әсіресе саяси сауаттылық қажет.
Абай Құнанбаевтың (1845-1904) басты философиялық, этикалық
шығармасы «Қара сөздерінің» идеялық мазмұнын талдау арқылы ойшылдың
саяси көзқарастарына айқын баға беруге болады. Ол қазақ қоғамындағы
мәдени-әлеуметтік құндылықтарға, атап айтқанда, білімге, сенімге және
адамгершілік қасиеттеріне айырықша көңіл бөлді. Осы құндылықтардың
жоғары дамуы үшін қазақ халқы өзге елдердің ең жоғарғы, пайдалы
құндылықтарын үйреніп, қабылдауы қерек деп есептеді. Бұл мақсатқа жету
күшті биліктің көмегінсіз жүзеге аспайды, себебі тұрақты саяси билік ғана
халықтың өзіндік санасын көтеріп бірлікке, татулыққа бастай алады.
Абай билік иелерінің өктемшіл, әміршіл психологиясы мен билікқұмар
білімсіз, ақылсыз байлар тобын өз өлендерінде:
«Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын». -деп қатты сынға алады.
Абайдың ойынша, қазақ қоғамында күшті билік қалыптастырудың
өзіндік кедергілері мен қиындықтарды бар, олар: қазақ халқының еркіндігінің,
тәуелсіздігінің болмауы; қазақтың салт дәстүріне сәйкес қалыптасқан
мемлекеттік басқарудың жойылуы. Ойшыл қазақтың кемеңгер хандары Қасым,
Есім және Тәуке қалаған ата-баба заңдарының құндылығына, өзіндік
артықшылығына жоғары баға береді. Абайдың ойынша, қазақ халқы үшін жаңа
әлеуметтік жағдайларды ескере отырып дәстүрлі билер сотын сақтап қалу
қажет.
Ол үшін қорғаушылар институтын қалыптастыру – билердің әділ, таза
сайлау арқылы сайлануы немесе халық ішіндегі әділ, беделді азаматтардың
тағайындалуы тиісті.
Абай творчествосында басқа да көптеген ерекше саяси, әлеуметтік
ойлар кездеседі, олар: адам дүниетанымы, тұлғаның әлеуметтенуі, өз халқының
ерекше қасиеттері және т. б. мәселелер.
Ойшыл тұлғаның әлеуметтік мәнін анықтайтын негізгі екі қасиетті
көрсетеді: адамның ақыл-ойы және еңбек қызметі. Осы екі қасиет адамның
басқа тіршілік иелерінен өзгешілігін, артықшылығын айқындайды.
2. ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. І жартысындағы Қытайдағы саяси ойлар
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қытайдың әлеуметттік
құрылымы бірнеше кезеңдерден өту нәтижесінде біршама өзгеріске ұшырайды.
Әлеуметтік құрылымның өзгеруіне мемлекеттік саяси оқиғалар мен экономикалық даму ықпал етті.
ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басына қарай қытайлықтар дәстүрлі қоғамдық, ауылдық өмір сүрді. Бірақ ХІХ ғасырдың ортасына қарай Батыс Еуропа мемлекеттерінің Қытаймен , алғашында , сауда жасасып, кейіннен рухани мәдениетті енгізу Қытай үшін қауіпті болды. Қытай батыстың цивилизациясын қажет еткен жоқ, себебі бұл елдің ұлттық құндылықтарына қарама қайшы келді. Біріншіден, күміс ақша төлеуден жалыққан Ұлыбритания Қытай жеріне апиынды кіргізіп, жергілікті халыққа таратып, улай бастайды. Екіншіден, христиан миссионерлері христиан діні жөнінде агитация жүргізе бастайды. Ал Қытай үшін тек үш қасиетті ілім- конфуцилік, буддизм, даосизм ғана болды. Үшіншіден, Еуропа державалары өзіне көнбеген елде соғыс жүргізіп, талай соғыстарды жеңген соң, өз саясаттарын жүргізді. Соғыс нәтижелерінде Қытай жеңілістерге ұшырап, жартылай тәуелді мемлекетке айналады. Бұл жеңілістер Қытай халқы үшін ұят, намысқа тиетін соққы болады. Сондықтан да қытай халқы шетел азаматтарына ғана емес, билікте отырған Цин империясына дүркін- дүркін қозғалыстар, ұлт- азаттық көтерілістер жүргізеді. Бұл, ішкі саясатта болған оқиғалар, қоғамдық сана- ойға мықты әсер береді. Сондықтан да мемлекеттің әр тап өкілдерінен ойшылдар, реформаторлар шыға бастайды. Олардың қатарына ұлы Сунь Ятсен , Кан Ювэй, Тань Сытун, Лян Цичао және тағы да басқалары кіреді.
Қытай тарихында маңызды және қорытындылаушы төңкеріс 1911-1913 жылдары Синьхай төңкерісі атымен белгілі. Нәтижесінде Цин империясы құлатылып, тәуелсіз Қытай Республикасы орнайды. Сәйкесінше елдің ендігі экономикасы көтеріле түсіп, ол әлеуметтік құрылымға жаңартулар енгізеді.
3. ХІХ - ХХ ғғ әлеуметтік саяси ойлар
Алғашқы әлеуметтік күштер — бұл келесі тілектер: аштық, шөл, жыныс сұраныстары. Олардың негізінде қосымша әлеуметтік күштер – интеллектуалды, моральды, эстетикалық. Әлеуметтік күштің бастысы интеллект болып табылады.
Уордтың әлеуметтану дамуына тигізген қадамының мәні, белсенді сипаттағы әлеуметтік эволюциясында жетекші роль адам психологиясы ойнайды. Уорд американ әлеуметтану ассоциациясының негізін қалаушысы және оның бірінші президенты (1906-1908ж.).
Ф. Гиддингс («Негізгі әлеуметтану» жұмысы).Әлеуметтік үрдістерді түсіндіруде объективты сипаттамаларды емес, субъективті, әсіресе жетекші орынды ынтымақтастық сезімі алады. Бұл белгіні ол таптарды жіктеу негізіне қолданды.
Гюстав Лебон топтық психология идеясын құрастырды. Онда ол адамдар тобы, сезімдері ортақ және белгілі жетекшінің соңынан игеруге дайын бұқара немесе тобыр түсінігімен жалпыланған. Тобырда адам өзінің жеке санасың жоғалтып, тобыр адамына айналады.
Г.Тард негізгі әлеуметтік үрдіс еліктеу деп санады. Тардтың еліктеу қағидасы тұлғааралық және топтық өзара әрекет саласына таралады. Әлеуметтанудың негізгі әдістері ретінде Тард археологиялық және статистикалық әдістерді белгіледі. Бірінші тарихи құжаттарды талдауда қолданса, екінші әдіс қылмыс мәселелерінің әлеуметтік-статистикалық зерттеуінде қолданылады.
Чарльз Кулидың (1864-1929) интеракционизм оқуларында тұлға мен қоғам қарама-қарсылығында олардың өзара байланысы мен өзара әрекетіне орын береді. Ч.Кули әлеуметтану қағидасына бірінші топ және қосымша қоғамдық институт түсініктерін енгізді. Бірінші топты тұрақты қатынас ұсталатын, қызығушылық, ілтипат, түсінушілікпен сипатталатын адамдар құрайды (жанұя, бригада, студенттік топ, балалар ұжымы). Қосымша қоғамдық институттфр (сынып, ұлт, партия және т.б) қоғамның әлеуметтік құрылымын құрайды.
Әлеуметтанудағы психологиялық бағыт тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қоғамның нақты мәселелерін зерттеуге мүмкіндік берді.
Жиырмасыншы ғасырдың басында әлеуметтік ойдың дамуына француз ғалымы Э. Дюркгейм (1858- 1917) мен неміс зерттеушісі М.Вебермен терең ықпал етілді.
Дюркгейм (басты еңбектері- «қоғамдық еңбек бөлінісі жөнінде», «Әлеуметтік тәсел ережелері») жаңа әлеуметтік ойды құрастырды. Оның мәні қоғамды әлеуметтік фактілер жиынтығынан қалыптасқан, әлеуметтік шындық ретінде қарастырды. Осы фактілерді зерттеу әлеуметтану пәнін құрайды. Әлеуметтік фактілерді статистикалы түрде зерттеу ұсынды. Әлеуметтік фактілерге ол ұжымдық әдеттерді, дәстүр, тәртіп ережелерді жатқызды. Дюркгейм пікірі бойынша, барлық адам көріністері тәртіп үлгілерінде құралады: жалпы елес, жалпы бағалау, жалпы сезімдер мен әрекеттер. Оның ойынша, бұның бәрі ұжымдық таным. Дюркгеймнің орасан зор еңбегі қоғамды құнды-норма жүйесі ретінде белгілеуі жатады. Әлеуметтік тәртіп үнемі қандайда бір тәртіп ережелерімен реттеледі. Анатомия концепциясына негізделіп, ол өзін-өзі өлтіру құбылысын зерттеді. Зерттеу нәтижесі негізінде келесі қорытындыларға келді, дағдарыс немесе айқынды өзгерістер кезінде өзін-өзін өлтіру деңгейі әдеттегіден елеулі өседі.
Неміс социологы М. Вебер де әлеуметтанудың дамуына елеулі үлес қосты. К.Маркстың отандасы Дюркгейм мен бір уақытта өмір сүруіне қарамастан, көз-қарастарымен елеулі ажыратылды. Дюркгейм мен Маркс жетекшілікті қоғамға бағыттаса, Вебер жеке адамға және қоғамның даму себебіне әлеуметтік құндылықтарды жатқызды. Вебер бойынша, тек жеке адам ғана қызығушылықтарға, мақсат пен танымға ие болады. Ғылыми айналымға «рациональдылық», «идеалды тип» түсініктерін еңгізді.
Вебер социологиясының негізі болып идеалді түрлер жөнінде ілім болды. Идеалді түр – бұл объективті эмпирикалық ақиқатты емес, ойлаудың нәтижесін, ғалымның іс-әрекетін бейнелейтін теориялық конструкциясын айқындады. Идеалды түр – бұл зерттеуші-социологтың нақты материал танып, білудегі жүйелеу әдісі. Идеальды түрлер 2 түрге бөлінеді: тарихи (тарихты бейнелейді), социологиялық (ғалыммен жасалады).
Оның идеалды түрлер жөніндегі ілімі «түсінетін» социологияның негізі болып табылады. Әлеуметтанудың пәні болып адамның және әлеуметтік топтардың әрекетін зерттеу саналады. Әлеуметтанушы адамның әрекетін қызықтыратын сол, адамдар өздерінің іс-қимылдарына белгілі бір мән береді. Мұндай мәндік әрекеттерді зерттеу «түсінетін» социологияның пәні болып табылады.
Вебердің маңызды идеясы бұл елеулі экономикалық тиімділікті алуға бағытталған рационалдықтың, рационалды әрекет идеясы. Бұл тенденция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтиды. Ал бұл рационалдықтың капиталистік қоғамда ең шығанағы – бюрократия, қоғамды бюрократияландыруға бағытталған тенденция саналады.
Батыс социологиясының дамуында сонымен қатар, веберлік дін әлеуметтенуы үлкен рөл ойнады. Оның пәні болып батыс еуропалық капитализмнің құрылуында протестанттық шаруашылық этиканы зерттеу болады.
Түсінетін социологияның идеяларына неміс социологы Георг Зиммельдің (1858-1918) ойлары жақын болды. Ол әлеуметтік әдістерді қолданылатын табиғат жөнінде ғылымдардың, қоғам жөнінде ғылымдардың ерекшелігін айғақтады. Әлеуметтік ғылымдардың методологиясы ретінде Зиммель таным пәнін зерттеуде түсініспеушілікті, яғни «сезімталдықты» бекітті.
ХХ ғасыр басында Батыс Еуропа мен АҚШ-та социологияның дамуы эмпирикалық социологияның күрт өсуімен ерекшеленді. Бұл дегеніміз — арнаулы әдістерді қолданумен өмірдің нақты факторларын жинау мен анализіне бағытталған әлеуметтік зерттеулер жиынтығы. Бұл үрдіс, ең алдымен, қоғамның тез және қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық дамуының шарттарымен белгіленеді, әсіресе, американдық. Эмпирикалық социологияның тарихи көздері ХІХ ғасырдың ерте эмпирикалық зерттеулерінде жатыр, әлеуметтік статистика мен әлеуметтік гигиенаның мағлұматтары мен әдістерінде белгіленеді. Статистиканың А.Кетле, Ч.Бут, А.Левенштайн сияқты ғалымдары бұл зертеулерді эмпирикалық әлеуметтанудың арсеналына кейін кірген әдістерді пайдалану арқылы өткізді. Бұл әдістерге: құжаттар анализі, анкеталық сұрау, енгізілген бақылау.
Қазіргі заманда эмпирикалық әлеуметтану ғылыми білім саласында сандық өзгерістермен байланысты болды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алғаш рет АҚШ-та құрылып, бірте-бірте басқа елдерге кең тарады. Әлеуметтанушылар эмпириктер кәсіпті әрекеттің жаңа түрін қалыптастырды. Бұл эмпирикалық әлеуметтану саласынан социологиялық қағидаларды ығыстырудың басталуына әкелді. Осы уақытта социологиялық қағидалық ойдың карқында даму кезеңі өтті. Дәл осы кезеңде әлеуметтануда теориялық және эмпирикалық зерттеудің деңгейлері –макро және микроәлеуметтану арасында қарама-қайшылық туындады.
1918-1920 ж.ж. жарық көрген Ф.Знанецкий мен У.Томастың «Польский крестьянин в Европе и Америке» деген еңбегі әлеуметтануда эмпирикалық әдістердің дамуы мен бекітілуінде үлкен рөл атқарды. Дәл осы жолы алғаш рет жеке бас құжаттар анализінің әдісі өңделген және негізделген. Осы әдісте белгілі бір қиындықты шешу үшін адамның әлеуметтік оқиғаларға қатысын көрсететін материалдарды жинайды және жалпылайды. Осы құжаттар негізінде, әр түрлі әлеуметтік топтар сипатталады, топта болатын белгілі әлеуметтік-психологиялық үрдістер ойластырылады.
Мәдени құндылықтар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынасты, жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайларға бейімделу үрдісі мен механизмін білу үшін, Знанецкий мен Томас АҚШ-қа кеткен және Отанында қалған жанұялардың арасындағы корреспонденцияны және эмигранттардың өмірбаянын талдады.
Фунционализм тарихының маңызды кезеңіне американдық нұсқауы (П. Парсонс, Р.Мертон және т.б.) айналды, олар әдістемені дамытып, әлеуметтанудың барлық бөлімдеріне таратты.
Американ социологы Роберт Мертон (т.ж. 1910) құрылымдық функционализм теориясы мен әдістемесінің құрастыруына елеулі үлес қосты.
Құрылымдық тәсіл негізінде күрделі объект (қоғам және оның жағдайы, әлеуметтік институт немесе үрдіс) оның құрамына кіретін бірліктердің аналитикалық есептеуін жүргізеді. Шығарылған статистикалық жағдай әлеуметтік өзгеріс үрдісінің анализі үшін бастама бол алады.
Қоғамды көптеген элементтерден тұратын күрделі, статистикалық жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық тәсілден ерекше функциональді тәсілді біртұтас және тәсіл тұлғалардың функциональді тәртіптері, әр түрлі деңгейдегі ұйымдар мен жүйелер жөніндегі көріністерге негізделеді. Функционализм бойынша қоғам өзара тығыз байланыста болатын компоненттерден тұрады.
Американ әлеуметтанушы-теоретигі (1902-1979) Толкотт Парсонс американдық әлеуметтанудың және жалпы әлеуметтанудың дамуына тигізген еңбегі зор болды.
Әлеуметтанудағы іс-әрекет қағида мен құрылымдық-функциональдылық мектептің негізін қалаушысы Парсонс, адам шындығын оның барлық ерекшелігінде толығымен қамтитын, жалпы аналитикалық логико-дедуктивті жалпы қағидалық жүйені құруға тырысты. Нәтижесінде Парсонс құрамына мәдени, әлеуметтік, органикалық және жеке басты жүйелерді кіргізетін, өзара айырбас қатынасына түсетін іс-әрекет жүйесінің комплексті қалыптасқан моделін құрды. Осы модельді құру үшін, Парсонс ортамен қатынасты жүзеге асыруда белгілі бір мүмкіндіктерге ие болған іс-әрекет субъектісінің құрылымын қарастырған. Әлеуметтік іс-әрекеттердің құрылымы әрекет етуші адамнан, белгілі бір жағдайдан, шарттан тұрады.
Парсонстың бүкіл әлеуметтік іс-әрекеттердің жүйесі қоғамның жүйе құрылысы негізінде негізделеді, бұл әр жүйенің 4 негізгі қызмет атқаруын білдіреді (икемдеу, мақсатқа жету, бірігу және үлгілерге сай келу).
Индустриялды социология – АҚШ-тағы әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы саласы. Оның өкілдері өнеркәсіптегі адамдардың еңбек қатынастарын зерттеумен және өңдірістің тиімділігін арттыру үшін ұсынылған тәжірибелік ұсыныстарды өңдеумен айналысады. Индустриялды социологияның теориялық — әдістемелік негізінің қызметін тейлоризм Э. Мейо, Д. Макгрегор және т.б. концепциялары құрайды.
Индустриялды социология шеңберінде өткізілетін, белгілі социологиялық зерттеулер, тек жеке жұмыс орнында ғана емес, басқарудың бүкіл жүйесі – менеджментке де қатысты.
Американ социологы және психологы Элтон Мейо (1880-1949) американдық индустриалды социологияның және «адамгершілік қатынастар» доктринасының негізін қалаушылардың бірі.
Мейонның теориялық концепциясының негізіне келесі принциптер жатыр:
1) адам «әлеуметтік
жануар» ретінде, топтық тәртіптің
контекстіне енгізілуін мен
2) бағынудың қатал
иерархиясы мен бюрократтық
3) өнеркәсіп жетекшілері өнімдерге емес, көбінесе адамдарға бағытталуы керек.
Мейо бойынша, бұл принциптер қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын мен индивидтердің өз жұмыстарына қанағаттануын қамтамасыз етуі керек.
Питирим Александрович Сорокиннің (1889-1968) өмірі ерекше өтті. Дарынды ғалым сол кезде Ресейде тұрып-ақ эсерлер партиясының өкілі ретінде саяси күреске көп күш-жігер жұмсады. 1922 жылы ол Ресейден қуылып, АҚШ-та орнықты. Өзінің концепциясының негізгі бөлігін Ресейде жасады да, АҚШ-та өңдеп шығарды.
Сорокин АҚШ-тағы эмпирикалық тенденцияны сынға алып, мәдениет кең түсінігінің барлық социологиялық аспектілерін қамтитын «интегралды әлеуметтану» жөніндегі оқытуларын дамытты. Өз дүниетанымының басынан оған гуманитарлық білімді өз уақытындағы тұтас, унифициалды жүйемен байланыстыру талпынысы тән болды.
Американ зерттеушісі Джордж Ритцер қазіргі батыс әлеуметтанудың үш негізгі парадигмасын белгілейді:
Құрамына құрылымдық функционализм мен әлеуметтік шиеленістердің концепциялары кіретін фактуалистік парадигма.
Дефиционистік парадигманы, оған символикалық интеракционизм, феноменологиялық социология, этнометодология.
Бихевиоризмнің әлеуметтік парадигмасын (әлеуметтік айырбас концепциясы және бихевиористік социология).
Бірінші парадигма («әлеуметтік фактілердің» парадигмасы) әлеуметтік шындықты әлеуметтік фактілердің екі тобына — әлеуметтік құрылымдарына және әлеуметтік институттарға түйістіреді.
Екінші парадигма – «әлеуметтік дифференциялардың» парадигмасы — әлеуметтік фактілерді оқуға емес, оларды анықтайтын тәсілдерді оқуға негізделген. Зерттеу объектісі болып ішкі және субъектаралық және әрекет нәтижесі ретінде болып табылады. .
Үшінші парадигма – «әлеуметтік тәртіп» парадигмасы. Әлеуметтік бихевиористер ойынша, алғашқы екі парадигмалар метафизикалық болып келеді. Өйткені олар жалғыз әлеуметтік шындықты көрсететін адам тәртібін байқамайды.
Екі кезеңнің келесі парадигмастикалық ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады. Марксті, Дюркгеймді, Веберді және т.б. біріктірген классикалық социологиялық көзқарас, ол «экономикалық адам» түсінігіне, яғни еңбек адамына және тұтынушы адамға негізделген. Қазіргі батыстық социологиялық ойлау «ақпаратты адамды», «постиндустриялық қоғамды», яғни еңбек пен тұтыну құныдылықтары орнына, басты мәдениет құндылықтары болған адамдарды оқуға негізделген.
Қазіргі теоретикалық жағдайдың ішіндегі бағыттарына келесі социологиялық бағыттарды жатқызуға болады: неомарксизм (Т. Адорно, Г.Маркузс, Ю.Хабермас), әлеуметтік қайшылықтардың теориялары (Т.Дарендорф, Я.Озер және т.б.), символикалық интеракционизм (Джордж Мид), этнометодологияны (Г.Гарфинкель), постмодернизм (Э.Гидденс және т.б.

- әлеуметтік стратификация
- әлеуметтік стратификация
- Әлеуметтік стратификация
- Әлеуметтік стратификация
- Әлеуметтік стратификация
- Әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік құрылым
- Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік теориясы
- Әлеуметтік сақтандыру
- Әлеуметтік салық
- Әлеуметтік салық және оның төлеу мерзімі
- Әлеуметтік салық және оның төлеу мерзімі
- Әлеуметтік салықты төлеушілер
- Әлеуметтік саясат
- Әлеуметтік саясат және адам құқығы