Ұлттық байлық

 
 
 

26-сабақ

     

ҰЛТТЫҚ  БАЙЛЫҚ 

                                                                                   

     Байлық – байлыққа ие болуда емес,

   оны ұқсата білуде.

                                                                                                       Сервантес 
 
 

   

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз 

   Ұлттық  байлық – бұл материалдық және рухани игілік-тердің жиынтығы және ол барлық уақытта қоғам меншігінде болады. 

Ұлттық  байлық құрамына мыналар кіреді:

   – Айналым қоры;

   – Тұрғындар мүлкі;

   –  Айнымалы өндірістік қорлар;

   – Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

   – Материалдық резервтер мен сақтандыру қоры.

   Ұлттық  байлық құрамына жер, ормандар, сондай-ақ барлан-ған табиғи ресурстар жатады. Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 225,5 млн га мөлшерін құрайды, оның ішінде 82% ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар. Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, жануарлар әлемі болса алуан түрлі.

   Шабындықтар мен жайылым (162 млн.га) көлемі бойынша  Қазақстан тек Австралиядан (450 млн.га), АҚШ-тан (320 млн.га) және Қытайдан (234 млн.га) кейін тұр. Қазақстан пайдалы  қазбалар қоры мен олардың алуан  түрлері бойынша ТМД-дағы ең бай  аймақтың бірі. Минералдық ресурстар  ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

   ТМД бойынша еліміздегі мұнай қорының  үлесі 6-10% құраса, марганец қорының 13%  шоғырланған.

   Вольфрам  қоры бойынша әлемде Қазақстан бірінші, фосфор рудасы бойынша – екінші, ал қорғасын мен молибден бойынша  – төртінші  орында тұр. Менделеев  кестесіндегі 60-тан астам ең белгілі  элементтер де Қазақстан жерінен  табылған.

   Қазақстанның  ауқымды табиғи байлықтарын терең  білу мен оны рационалды игеру  – экономиканы дамытудың ең басты  мәселелерінің бірі болып табылады.

   

2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс  істеңіз. 

   1. Мәтіннің стилін анықтаңыз.

   2. Мәтіннің идеясын айтып беріңіз.

   3. Ұлттық байлық құрамына тағы  нені жатқызар едіңіз.

   4. Өзіңіз қандай қосымша көрсеткіштерді  білетініңізді ортаға салыңыз.

   

3-тапсырма. Қазақстанның ұлттық байлығына не жататынын санамалап айтып беріңіз. 

   Үлгі: жер, орман, ...

   

4-тапсырма. Ұлттық құндылықтарға не жататы-нын әңгімелеп беріңіз. 

   Үлгі: білім, мәдениет, дін, ...

   

5-тапсырма. Сөздердің мәнін ашып, сөз тіркестерін жасаңыз. 

   Ұлт

   Ұлттық

   Ұлтшыл

   Ұлтсыз 
 

6-тапсырма. Қазақстанның шаруашылығын кесте бойынша талдап көрсетіңіз.

Қазақстанның  шаруашылығы

Шаруашы-

лықтың  даму

кезеңдері

Экономикалық

әлует

Даму перспективасы

Қазіргі жағдай

Төрт

кезеңі

Ғылыми-

техника-

лық

Өндірістік

Еңбек

Табиғи

ресурс

Табиғи  жағдай

Табиғат байлықтары

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   

7-тапсырма. Жоғарыдағы сөздердің  синонимдерін табыңыз.

   

8-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін  аударып, сөйлем  құраңыз. 

   Национальное  богатство, богатство недр, богатство  общественное, богатство природное.

! 

9-тапсырма. Табиғат ескерткіштерінің де ұлт-тық байлыққа жататынын біліп алыңыз. Сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді теріп жазыңыз. 

   Табиғат ғажабы – табиғаттың   әдеттегіден ерекше  не  үздік құбылыстары, нысандары   болып табылады. Соңғылары   көбіне   табиғат   ескерткіштері   деп  жарияланып, қорғалады.

   Табиғат ескерткіштері – ғылыми, тарихи, мәдени-эстети-калық  маңызы бар  жеке  табиғи  нысандар   (сарқырамалар, үң-гірлер, гейрелер, шатқалдар, ғасырлық  ағаштар, жартастар т. б.) Бұл  терминді алғаш рет географ А. Гумбольдт  енгізді. Табиғат  ескерткіштері деп жарияланған табиғат нысандары мен кешен-дері шаруашылыққа пайдаланылмайды. Табиғат ескерткіш-теріне және оны қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін  немесе   оның жағдайы мен қорғалуын нашарлататын кез келген әре-кетке тыйым  салынады. Бұған  мемориалды, көркемдік  маңызы  бар саябақтар, өнер ескерткіштері, ескі үй-жайлар, қалалық   саябақ  кешендері  мен  бақтар  т.б.  жатады.

   

10-тапсырма. Көп нүктенің орнына  тиісті сөздерді  қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.  

   Қазақстан алтын кені бар ... өлкелердің бірі саналады. Қазіргі кезде алтын және алтын-күміс ... бар 1800-ден аса кеніш белгілі, оның ішінде өндірістік мәні зор 127 алтын  кен орны бар, бұл – металдың ... қорының 69,5%-ы. Бұдан басқа да 40 кешенді ... тіркелген. Мамандардың бағалауынша, болжанған қордың пайдаға асатын құндылығы 20-дан 52,2 млрд. АҚШ долларына  дейін жетеді. Бұл қор ұзақ уақыт  бойы ... табыстың елеулі бөлігін қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ, Қазақстанда  күміс те ертеден белгілі. Оны ... жағынан Республика әлемде жетекші  орын, ал Азия және ТМД елдері ішінде бірінші орын алады.

   Қажетті сөздер: нысан, ежелгі, барланған, мемлекеттік, кендері, өндіру.

   

11-тапсырма. Ұлттық байлыққа  жататын  алтын және күміс кен орындары  туралы  әңгімелеп беріңіз.

   

12-тапсырма. Сөйлемдерді   аударыңыз. 

   Золото  – один из первых металлов, освоенных  человече-ством. Высокая пластичность, красивый желтый цвет сделали его одним из основных материалов для ювелирного искусства.

   Золото  – теплый металл. Его цвет и матовая  фактура создают ощущение скрытой  солнечной энергии.

   С золотом  ассоциировались положительные  понятия, получившие этическую окраску. Вспомним смысл выражений «золотые руки», «золотое сердце», «золотой человек» или прилагательные с аналогичными значениями: красный, краси-вый, прекрасный, превосходный и т.д. Такие идиомы есть во многих языках мира.

   Важнейшее свойство этого металла – стойкость  к коррозии, нетленность. Из самых  далеких глубин истории художест-венные изделия из золота приходят к нам в первозданном виде.

   

13-тапсырма. Терминдермен жұмыс  істеңіз. 

   Ұлттық  байлық (ҰБ) – осы уақыт мерзіміне дейін елде жинақталған материалдық игіліктердің жиынтығы.

   Ұлттық  табыс (ҰТ) – жаңадан жасалған құн; жалақы, рента, пайыз және пайда түрінде тұрғындардың тапқан табыстарының жалпы сомасы.

   Жалпы Ұлттық өнім (ЖҰӨ) – елдің аумағында белгілі уақыт мерзімінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің құндарының жиынтығы, осының ішінде шетелдегі өндіріс факторларымен өндірілгендер, елдің барлық азаматтарының жиынтық табысы.

14-тапсырма. Берілген құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырыңыз.  

   Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші  болып, сыртқы қолайсыз факторларға  тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды. Астана осы заманғы әлемдік талаптарға сай келетін, Еуразия-дағы ірі орталықтардың біріне айналып үлгерді. Өнеркәсіпті инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз етсек, бәсекеге қабілетті тауар өндіруге мүмкіндік берері сөзсіз. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы мемлекеттер арасындағы сауданың ғаламдық ережелерімен айналысатын жалғыз халықаралық ұйым болғандықтан, сауда тосқауылдары мен кемсітушіліктерді жою үшін күреседі. Қазақстан таяу жылдарда табиғи байлық-тарын тиімді пайдалана отырып, ұзақ мерзімді экономикалық дамудың берік негізін қалауы тиіс. 

   

15-тапсырма. Қазақстанның табиғи байлықтарын кесте бойынша әңгімелеп беріңіз. 

БҮКІЛ                    120 трл долл.       3395 млн га        1345 млн га       4138 млн га

ДҮНИЕ ЖҮЗІ 
 

ҚАЗАҚСТАН 
 
 

ДҮНИЕ                   

ЖҮЗІНДЕГІ

ОРНЫ 

ДҮНИЕ

ЖҮЗІНДЕГІ

ҮЛЕСІ 

1 АДАМҒА

ШАҚҚАНДА

 

Орман

9,6 млн  га

Ша-

бын-

дық 19,4

гаа

  Жайы-лым-

дар 187 млн  га

Минерал-

дық ресурстар

3,8 трлн долл

 
 
 
 

58-59-шы

4-ші

14-ші

5-6 шы

 
 

5,5%

32%

0,2%

1,4%

 

0,6 га

1,3 га

әрбір

шартты

басқа 27 га 

253 мың

долл

 
 
 
 
 

! 

16-тапсырма. Мұны да біле  жүріңіз. 

     «Heritage Foundation» зерттеу  ұйымы әлем бойынша  «Экономикалық еркіндік  индексі 2009» жобасын жария етті. Осы жобаға сәйкес Қазақстан «орташа еркін елдер» санатында тұр. 

Қазақстан «Орташа еркін  елдер» санатында 

   Жер бетіндегі 157 елдің экономикасы «еркін», «негізінен еркін», «орташа еркін», «негізінен еркін емес» және «репрес-сивті» деген бес топқа жіктеледі. «Еркін» елдер санатына жеті ел – Гонконг, Сингапур, Ирландия, Австралия, АҚШ,  Жаңа Зеландия және Канада елдері кірді.

   Ал  «негізінен еркін» елдер санатында 23 ел, олардың ішінде Ұлыбритания, Финляндия, Исландия, Германия, Австрия, Эстония, Литва және Армения бар. «Орташа  еркін» елдер қатарына Қазақстанмен бірге Грузия, Латвия, Қырғызстан, Испания, Чехия, Кувейт, Израиль, Франция, Португалия, Италия, Сауд Арабиясы және Түркия кіріп  отыр. Молдова, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Үндістан және Қытай  экономикасы «негізінен еркін емес»  елдер атанса, 24 ел кірген «репрессивті»  елдер деп Ресей, Беларусь, Түркіменстан, Куба, Солтүстік Корея, Иран және Венесуэла  танылған.

   Рейтингті жасауда авторлар сауда-саттық, монетарлық және салық саясаты, биліктің экономикаға әсері, инвестициялар көлемі және меншік құқықтарының қорғалуы сияқты көрсеткіштерді негізге алып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

27-сабақ

     

МӘДЕНИЕТТІҢ ЖОЛЫ – МӘҢГІЛІКТІҢ  ЖОЛЫ 
 

                                                                           2007-2009 жылдар Қазақстанда

     «Мәдени мұра» бағдарламасын 

   жүзеге  асыру кезеңі болып табылады. 
 

! 

1-тапсырма. Біліп алыңыз 

   Өнер  мен өмірді бөле-жара қарауға болмайтыны қалай ақиқат болса, мәдениетті халық  тіршілігінен, мемлекет саяса-тынан аулақтандыруға болмайтыны да солай дәлелді қажет ете бермейтін шындық. Мәдениетсіз ел – мәңгүрт ел, әдебиетсіз ел – әдепсіз ел, білімсіз ел – біліксіз ел, өнерсіз ел – өріссіз ел, ғылымсыз ел – жұлынсыз ел боларын  тарих  өзі дәлелдеп келе жатқан жоқ па?  

                         Мәдениеттің жолы – Ақжол.

                         Мәдениеттің жолы – Халықтың  жолы.

                         Мәдениеттің жолы – Мәңгіліктің  жолы. 

   Өзін, өз Ертеңін, өз ұрпағын өркениет өрінен көргісі келер елдің қашанда  өнерін әспеттеп, әдебиетін асқақтатары, мәдениетіне төрін ұсынары шүбәсіз.

                                                                («Қазақ әдебиеті» газетінен)

   

2-тапсырма. Мәтіндегі  -сыз, -сіз  жұрнағы арқылы жасалған болымсыздық ұғымды білдіретін сын есімдердің мағыналарын талдаңыз. 

   Үлгі: Мәдениетсіз, әдепсіз, ...  

3-тапсырма. Мәтінді  оқыңыз.  

   Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге  әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болсын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі – мәдениеті.

   Мәдениет  – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.

     «Мәдени мұра» бағдарламасы –  мәдениетке деген мемлекеттік  көзқарастың соны стратегиялық  ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Ол жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың әлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын танытты.

   Бұл Бағдарламаны қабылдағанда біздің алдымызға  қойған басты мақсатымыз – халқымыздың  өскелең рухани-мәдени сұранысын  қанағаттандыру болатын.

   Бағдарламаны  жүзеге асырушы Қоғамдық кеңестің алдына бірнеше  міндеттер қойылды:

   - білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау;

   - қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру, жаңарту;

   - ауыз әдебиетінің бар байлығын  жарқырата шығарып, қазақтың әдет-ғұрпы  мен салт-дәстүрін зерделеудің  тұтастай жүйесін жасау;

   - ұлттық әдебиет пен жазуымыздың көп ғасырлық тәжіри-бесін қорытып, том-том етіп шығару;

   - әлемдік көркем әдебиеттің ең  үздік туындыларын жүйелі түрде  ана тілімізге аудару. Әлемдік  ғылыми ой-сананың, мәдениеттің  озық үлгілерін  қазақшалау  негізінде гуманитарлық білім  берудің мемлекеттік тілдегі  толыққанды қорын жасау т.б. 

    (Н. Назарбаевтың «Мәдени мұра»

     бағдарламасын қабылдағандағы сөзі)

   

4-тапсырма. Жоғарыдағы асты  сызылған сөздермен  сұхбат құрып,  ой қорытыңыз.

   

5-тапсырма. Мәтіннен қос сөздерді  тауып, мағына-ларын түсіндіріңіз. 

   Үлгі: болмыс-бітім, ...

   

6-тапсырма. Мәтіннен мағынасы  қиын сөздерді  теріп жазып, мәнін  талдаңыз. 

   Үлгі: Күретамыр, ...

   

7-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз. 

   В рамках программы «Культурное наследие»  издано 218 наименовании книг, среди  которых уникальные серии по истории, археологии, этнографии, новые энциклопедические  словари. Например, серия «Бабалар сөзі»  объединила казахский народный фольклор, формировавшийся на протяжении сотен  лет, а свод «Древний мир права  казахов» раскрывает развитие правового  сознание нашего народа.

   Организованы  научно-поисковые экспедиции в Китай, Турцию, Монголию, Россию, Японию, Египет, Узбекистан, Армению, США и страны Западной Европы, где были обнаружены и приобретены около пяти тысяч  рукописей и печатных изданий  по истории, этнографии, исскуству Казахстана, ранее неизвестных в научных  кругах страны. В ходе экспедиции только в Китае были обнаружены около  трех с половиной тысяч ранее  не изученных источников по истории  и культуре Казахстана. 

    8-тапсырма. Сөйлемдерден  төмендегі сөздердің  синоним-дерін тауып жазыңыз. 

   Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарынан лайықты орын алуы үшін өзінің қазба байлығымен қатар жазба байлығын да, яғни мәдениеті  мен ғылымын, білімі мен білігін  – тоқ етерін айтқанда, рухани әлуетін  күллі адамзатқа жарқырата көрсетіп, елімізді айдай әлемге паш ете  білуі керек. 

   Жарыс –

   Тиісті  –

   Икемді  –

   Бүкіл ғаламға –

   Жер асты байлығы –

   Қысқасын  айтқанда –

   Рухани  күш-қуатын –

   Көрсете білуі керек –

   

9-тапсырма. Берілген сөздердің  мағыналық айыр-масын түсіндіріңіз. 

         Білім – білік  – ғылым;

         Қазба байлық – жазба  байлық.

! 

10-тапсырма. Мәдениеттің түрлерін біліп алыңыз. Оның  қоғамдағы рөлі туралы сұхбат құрыңыздар.  

   Рухани  мәдениет: жеке адамның білім қоры, ақылы, шығармашылық қабілеті, т.б.

   Материалдық мәдениет: азық, киім, баспана, еңбек және қатынас құралдары, т.б.

   Саяси мәдениет: саяси білімі, ынтасы, белсенділігі, т.б.

   Жастар  мәдениеті: өзіндік бейнесі, қылықтары, стильдері, моральдық, көркемдік-эстетикалық талаптары.

   Қазіргі жастар талғамдары жағынан өзіндік  стильдерімен ерекшеленеді. Стильдің үш негізгі элементтері бар: 1) Сыртқы келбет (бұған киіну, шаш қою, әшекейлер, бояну жатады);  
2) Өзін ұстау мәнері, жүздесу ұстанымдары (қимылдары, жүріс-тұрыстары); 3) Сөйлеу ерекшелігі (арнайы сөздік қоры).

   

   11-тапсырма. Жоғарыда берілген  жастар мәдениетін арнайы талдаңыздар. Жастардың бүгінгі талғамы туралы әңгімелеңіздер. Олардың сөздік қоры туралы пікір алмасыңыздар. 

? 

12-тапсырма. Сіз білесіз бе? 

   «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында экономика  саласы бойынша «экономика классикасы» кітаптарының дестесі ғалымдар мен ойшылдардың экономика жөніндегі теориялық мұрасына арналады, ол қоғам дамуының, шаруашылық жүргізу нысандары мен экономикалық  идеялардың диалектикалық бірлігін  бейнелейтін әдіснамалық тәсілге негізделген. Осы дестенің әрбір томы  классикалық, кейнстік, институционалдық, монетарлық және басқа да жетекші экономикалық  мектептердің негізгі қағидалары мен есімдері  туралы мағлұмат беретін ақпараттық материалдар мен мәтіндерді қамтитын болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

28-сабақ

     

ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ 

     
 
 
 

              
 

! 

1-тапсырма. Біліп алыңыз.  

   Елімізде  жасалынатын кез келген жобада негізгі  үш мәселе ескерілуі қажет. Біріншісі  – пайда, екіншісі – сол жобаны жүзеге асыратындардың әлеуметтік жағдайы, ал үшіншісі – экологияны бүлдірмеу. Біздің заңдарымызда осы үш мәселеге ерекше мән берілуі тиіс.

   

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.                 

   Адамның табиғат байлықтарын есепсіз  пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын  ескермеуі экологиялық зардаптарға  әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде  экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда «үй, қоныс» деген мағына беретін  экология ұғымын  ғылымға алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізген. Экология  алғашында тіршілік пен оның мекен ортасының қарым-қатынасын сипаттайтын биологиялық ғылым саласы болған. XX  ғасырдың екінші жартысында экология ғылымының ауқымы кеңейіп, табиғат пен адам қоғамы арасындағы күрделі қарым-қатынастарды зерттейтін кешенді ғылым саласына айналды. Сондықтан табиғи ортаның жай-күйі көбінесе «экологиялық жағдай» ұғымы арқылы сипатталады. Экологияның негізгі салаларына мыналар жатады:

   Экологиялық білім – балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғары оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдас-тырудың мемлекеттік жүйесі.

Ұлттық байлық