Ұлттық Банк

    1.  Ұлттық Банктің екінші деңгейлі банктер өтімділігін реттеудегі ролі

 

 

Қазақстанда банктік қызметті қадағалау  мен реттеу тәжірибесінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістер қолданылады. Мұндай әдістердің қатарына жататындар:

  • Пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің міндетті нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары;
  • Банктердің орындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті актілерді шығару;
  • Банк қызметтерін тексеру;
  • Банктің қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсыныстар беру;
  • Бар кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттеме хатты талап ету, бұйрық хат және т.б. шектеу шараларын банктерге қолдану;
  • Банкті ашудан бастап, рұқсатты қайтарып алуға дейінгі жазалау шараларын қолдану;

2004 жылдан  бастап қаржылық ұйымдар, соның  ішінде екінші деңгейлі банктер  қызметін қадағалау мен реттеу  өкілеттігі Қаржы рыногын қадағалау және реттеу жөніндегі Агенттікке жүктелді. Сол кезден бастап Ұлттық Банк қызметі орталық банктің классикалық функцияларын атқаруға бет бұрды. Ұлттық Банктің реттеу функциялары республиканың қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасауға бағытталады.

Бүгінде Ұлттық Банк қаржы ұйымдарының қызметiн  лицензиялау, бақылау және қадағалауды  жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметiн  реттеу мақсатында төмендегі міндеттерді  іске асырады:

  • қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
  • банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензия бередi;
  • инкассация бойынша операцияларды Ұлттық Банк лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптасу тәртiбiн белгiлейдi;
  • қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;
  • заң актiлерiмен белгiленген жағдайда, уәкiлеттi органға уәкiлеттi органның банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi, сондай-ақ осындай қорытындыны беру талаптарын және тәртiбiн айқындайды;
  • заң актiлерiмен көзделген жағдайда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзінiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер алады;
  • басқа мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарымен, орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастықта болады және өздерi бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпаратпен алмасуға құқылы;
  • заң актiлерiнде айқындалған өкiлеттiгі шегiнде банк қызметi, ақша төлемдерi және аударымы, валюталық операцияларды жүзеге асыру және өзге де мәселелер бойынша барлық банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
  • барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi, сондай-ақ Ұлттық Банк лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк және бухгалтерлiк есеп стандарттары туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
  • бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру жүйелерiне қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның ішiнде уәкiлеттi органдардың қызметкерлерiн тарта отырып жүргiзілген тексерулер арқылы жүзеге асырады;
  • мынадай банк операцияларын жүргізу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргізу; жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi тазартылған қымбат металдардың нақты саны көрсетiлетiн осы тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу; кассалық операциялар; аударым операциялары; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң банктік шоттары жөнiндегі тапсырмалары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейф операциялары; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасында айырбастау операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитивті ашу (қою) және растау және ол бойынша мiндеттердi орындау;
  • банктерде операциялар жасауға сенімхат беру тәртiбiн белгiлейдi;
  • тиiстi уәкiлеттi органдардың келiсiмi бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету және құрылысын ұйымдастыру жөнiндегі орындалуы мiндетті талаптарды белгілейдi;
  • бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесiн реттеу жөнiндегі уәкілетті органмен келiсе отырып қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiң стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
  • уәкiлеттi органның келісімi бойынша заң актілерінде көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарының және олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық есептiлiктерiнiң халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесiн және нысанын, сондай-ақ ұсыну мерзімдері мен тәртібiн белгілейдi;
  • егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерiн және аударымдарын реттеу мақсатында Yкiмет келісiмi бойынша банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және барлық шаруашылық субъектiлерi жүзеге асыратын банк шоттары бойынша төлем жасау кезектілігін белгiлеуге құқылы;
  • банктердің операциялары мен мәмілелерінің жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулерді белгiлейдi;
  • банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға олар банк қызметi, есепке алу, ақша төлемдерi мен аударымдары, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілердi бұзған жағдайда өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және банктік және валюталық заңнамада көзделген санкцияларды қолдану тәртібін айқындайды және қолданады. Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өз құзыретi шегiнде санкциялар қолданған кезде Ұлттық Банк бұл жөнiнде уәкілеттi органға хабарлайды;
  • лицензиаттарға банктiк және валюталық заңнаманы бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады.

Ұлттық банкінің айналыстағы ақша массасын басқару  үшін қолданылатын қызметтері екінші деңгейлі банк қызметтерін реттеудің  экономикалық әдістеріне (несие беру және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар) жатады. Банктік қызметтерге  әсер етудің мұндай жанама жолдары  икемдірек және тезірек болып  келеді. Екі деңгейлі нарықтық типтегі  жүйелерге экономикалық әдістердің басым болуы тән. Нарықтық экономикасы  дамыған елдердің барлығы да негізінен  осы әдістерге сүйенеді.

Ақшаға сұраныстың өсуі  ақша агрегаттарының кеңеюіне себеп болды. 2009 жылы ақша массасының  17,9%  өсіп, 7386 млрд. теңгеге (2008 жылы– 35,4%) дейін көбеюі  ішкі кредиттеудің өсуімен қамтамасыз етілді. Экономикаға кредиттер 2009 жылы 7644 млрд.теңгеге өсті. Ақша массасының кеңею қарқындарымен салыстырғанда номиналды ЖІӨ өсуінің барынша жоғары қарқыны (27,0%) экономиканы  монетизациялау деңгейінің 2008 жылдың соңындағы 39,0%-дан 2009 жылдың аяғында 46,2%-ға дейін өсуіне алып келді (5 және 6 қосымшалар). 2009 жылы ақша базасы 60,7% 2451,0 млрд. теңгеге дейін өсті (2008 жылы – 4,2%).

Осы кеңею  ішкі валюта нарығындағы белсенді саясат, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің шетел валютасымен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының өсуі салдарынан Ұлттық Банктің таза халықаралық  резервтерінің өсуімен қамтамасыз етілді.

 

Сызба 2.2.1.  Қазақстан Республикасының  ақша айналысындағы ақша агрегаттары  шамасының 2006-2009 жж. динамикасы

 

2009 жылғы  3-тоқсанда ақша массасы 3053,1 млрд. теңгеге дейін, 12,9% (2005 жылғы 3-тоқсанда  – 10,0%) кеңейді. Банк жүйесінің  таза сыртқы активтері 61,0% төмендеді,  ішкі активтері 24,9% ұлғайды. Банк  жүйесінің таза ішкі активтері  едәуір ұлғайып, таза сыртқы  активтер қысқаруы нәтижесінде  2009 жылғы қыркүйекте 2008 жылғы қыркүйекпен  салыстырғанда ақша массасы 51,5% өсті.

Банк жүйесінің  ішкі активтерінің өсуі экономиканы  кредиттеу көлемінің сақталып отырған  жоғары өсуімен қамтамасыз етілді. Банк жүйесінің Үкіметке талаптары  Қаржы министрлігінің айналыстағы  бағалы қағаздарының ұлғаюы, сондай-ақ Қаржы министрлігінің Ұлттық Банктегі шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі  есебінен көтерілді. Ақша массасының негізгі  құрамдас бөліктерінің динамикасын  талдау банк жүйесіндегі резиденттер  депозиттерінің өсуі айналыстағы қолма-қол  ақшаның ұлғаюынан басым екендігін  куәландырады. Нәтижесінде, резиденттердің ақша массасы құрылымындағы депозиттерінің үлесі ұлғаяды. Ақша массасының өсу  қарқынымен салыстырғанда ақша базасы кеңеюінің неғұрлым елеулі қарқыны  ақша мультипликаторының 2008 жылғы қыркүйектегі 3,14- тен 2006 жылғы қыркүйекте 2,55 дейін  төмендеуіне себепші болды.

Мультипликатордың төмендеуі банктер көлемінің, Ұлттық Банктегі қалдықтар түріндегі міндетті, артық резервтерінің едәуір өсуіне байланысты болды, бұл банктердің экономикадағы  ақша ұсынысын ұлғайтуға мүмкіндіктерін төмендетеді.

Банк  секторының ағымдағы өтімділік көрсеткіштерінің өсуін төмендегі кесте деректері  дәлелдейді.

 

Кесте 2.2.2

Қазақстан Республикасы банк секторының тұрақтылығының өзгермелі көрсеткіштерінің динамикасы

пайыздар, кезең  соңына

Көрсеткіштер

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Қызмет көрсетілмейтін несиелер (несиелердің  жалпы сомасына)

2,1

2,01

2,11

2,86

2,23

1,56

Несиелер бойынша залалдарға құрылған провизиялар:

- несиелердің жалпы сомасына

- жіктелген несиелердің  жалпы сомасына

 

 

 

4,7

 

15,14

 

 

 

5,45

 

20,58

 

 

 

6,21

 

15,83

 

 

 

6,68

 

15,26

 

 

 

13,42

 

14,95

 

 

 

4,96

 

10,49

Банк жүйесі бойынша капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті (К 2)

18,64

17,22

16,92

15,86

14,95

14,47

Банк жүйесі бойынша ағымдағы өтімділік  коэффициенті)

0,83

0,78

0,9

1,06

1,03

1,47


Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын  және қаржылық ұйымдарды реттеу мен  қадағалау Агенттігінің деректері

 

Ақша  базасының кеңею салдарынан орын алған инфляциялық тенденцияларды төмендету мақсатында ақша-кредит операциялары бойынша ықпал ету шараларын  күшейту арқылы банктер өтімділігін  реттеп отырады. Атап айтқанда, қысқа  мерзімді ноттардың айналымдағы  мерзімін қысқарту арқылы қаржы рыногындағы  табыс реттеледі. Бұл жағдайларда  артық өтімділікті тазалаушы  басты құрал – Ұлттық банктегі екінші деңгейдегі банктердің депозиттері, яни бас банктегі депозиттер көлемі ұлғая түседі. Ал соңғы жылдары  банктер өтімділігін орын алатын жағдайға икемдей отырып реттеу үшін ең төменгі резервтік талаптарды қалыптастыру механизміне өзгеріс  енгізілді. Еркін айырбас бағдары  ұсталынады. Төлем жүйесінің тиімді де, сенімді қызметін қамтамасыз ету  жөніндегі саясат Қазақстандағы  валюта тәртібін алдағы уақытта да ырықтандырумен байланысты болмақ.

Ұлттық  банк экономиканың «қызып кету» қаупін бәсеңдету және соған сәйкес экономикада  инфляцияның ұлғайып кетуіне  жол бермес үшін ақша-кредит саясатын қатайта түсуді көздеуде. Бұл саясат Ұлттық банк операцияларының көлемін  ұлғайтудан басқа, өз ресми ставкаларын  икемділікпен өзгерту арқылы ақша рыногының  ставкаларына ықпал етуді күшейту  шараларын қарастырады. Атап айтқанда, Ұлттық банк займға сұраныс пен ұсынысқа және инфляция деңгейі мен инфляция ықтималдығына байланысты қайта  қаржыландырулардың ресми ставкаларын  мерзім-мерзім қайта қарап, бекітіп  отыру тәжірибесін ендірді. 2005-2006 жылдары Ұлттық Банк ресми ставкаларының  дәлізінің шекараларын жоғарылатты, 2006 жылдың 3 тоқсанында ең төменгі резервтік  талаптарды есептеу және орындау  тетігін қатаңдатты.

2006 жылғы 1 шілдеден бастап қайта  қаржыландырудың ресми ставкасы (Ұлттық Банк ставкалары дәлізінің  жоғары шекаралары) 8,5%-дан 9%-ға  дейін, ал банктерден тартылатын  депозиттер бойынша ставка (Ұлттық  Банк ставкалары дәлізінің төменгі  шекаралары) 3,75%-дан 4%-ға дейін  жоғарылатылды (Қосымша 7). Бұл  шаралардың бәрі де инфляция  ықтималдығына кері әсер етуге  бағытталған. Алайда, мұның бәрі  қатып қалған қағида емес, рынокқа  қарай икемдеп отырылады. 

 

 

Сызба 2.2.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасының шамасының дикамикасы

 

 

Ең  төменгі резервтік талаптарды қалыптастыру және орындау тетігінің 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген өзгерісінен  кейін екінші деңгейлі банктердің артық  өтімділігі айтарлықтай қысқарды. Орташа алғанда, осы кезеңде резервтік  активтер резервтеудің қажетті көлемінен 15 %  дерлік асты.

Ең  төменгі резервтік талаптарды есептеудің жаға тәртібіне сай, банктің ең төменгі  резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымына банктің ішкі міндеттемелерінің  және банктің өзге де міндеттемелерінің  сомалары кіргізіледі. Банктің ішкі міндеттемелері өтелу мерзіміне  қарамастан, қатаң белгіленген тізбе  бойынша резиденттер алдындағы  міндеттемелерінің сомасы ретінде  айқындалады. Банктің өзге міндеттемелері банктің резидент еместер алдындағы  міндеттемелерінің жіне резиденттік  белгісіне қарамастан, борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің  сомасы ретінде айқындалады.

Резервтік міндеттемелерді (ішкі, соля сияқты өзге де міндеттемелер үшін) есепке алғанда, банктің негізгі борыш, ол бойынша  сыйақы және мерзімі өткен берешек  бойынша міндеттемелерінің сомасы есепке алынады.

Ең  төменгі резервтік талаптардың  талаптарын орындау банктердің резервтік  активтер қалыптастыруы арқылы жүзеге асырылады, оларға кассадағы қолма-қол  теңге және Ұлттық Банктегі ұлттық және еркін айырбасталатын валюталардағы  корреспонденттік шоттардағы ақша жатады.

Банк  резервтік активтерге ақшаны резервтік  активтерді қалыптастыру кезеңіндегі  резервтік активтердің орташа алынған  шамасы ең төменгі резервтік талаптарды анықтау кезеңнідегі ең төменгі  резервтік талаптардың орташа мөлшерінен кем болмайтындай етіп орналасатырады.

Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі он төрт күнтізбелік күнді құрайды және ең төменгі резервтік талаптарды анықтау кезеңі басталатын аптаның  бірінші бейсенбісінен басталып, ең төменгі резервтік талаптарды анықтау кезеңі басталатын аптаның  сәрсенбісінде аяқталады.

Резервтік активтерді анықтау кезеңі он төрт күнтізбелік күнді құрайды және ең төменгі резервтік талаптарды анықтаудың он төрт күндік кезеңінің  бірінші сәйсенбісінде басталып, соңғы дүйсенбісінде аяқталады.

Екінші  деңгейлі банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың  нормативтері банктің ішкі міндеттемелері үшін 6 % мөлшерінде және банктің өзге міндеттемелері үшін (сыртқы) 8% мөлшерінде белгіленген.

Банктік жүйенің өтімділігін реттеу үшін Ұлттық Банк сондай-ақ, екінші деңгейлі банктерден депозиттер тарту құралын  қолданады. 2006 жылы Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктерден 5756,8 млрд.тенгеге  депозит тартты. Депозиттерді тарту  мерзімі орта есеппен 7 күнді, сыйақы ставкасы 4% құрады.

Өтімділікті реттеудің келесі құралы – ноттарды шығару. Ұлттық Банк ноттарын орналастырудағы  тарихи ең жоғары деңгейіне 2006 жылдың екінші жартысында қол жетті, оның шамасы 1002,1 млрд.тенгеге жетті (кесте). Бұл  кезеңде ноттар 28 күндік айналыс  мерзімімен шығарылды, орналастырылған  ноттар бойынша орташа кірістілік 3,08%-ды құрады.

 

 

Кесте 2.2.4

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айналыстағы ноттарының көлемі мен  кірістілігінің динамикасы

жыл соңына, млн.тенге

Жылдар

Барлық мемлекеттік құнды қағаздар көлемі

Ұлттық Банк ноттары

Көлемі

Табыстылығы (тиімді жылдық өлшеммен), %

2001

93 965

17 609

5,8

2002

181 133

64 317

5,93

2003

379 719

198 555

5,18

2004

635 346

396 121

4,04

2005

464 670

161 000

2,24

2006

906 076

533 103

4,76


Ескерту: Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігі  мен Ұлттық Банктің құнды қағаздары  бойынша деректер теңгелік қағаздар бойынша келтірілген.

Дерек көзі: Ұлттық Банк деректері (htpp:www.nationalbank.kz)

 

Экономиканың  «қызуы көтерілу» деген термин астарын  экономиканы артық қаржыландыру, артық қаржы салу және оған мемлекеттік  шығынның артық жұмсалуына байланысты экономикалық өсімнің тым қарқынды дамуымен түсіндіруге болады. Қарқынды да, жедел өсім экономиканы кредиттеу  жүйесін бұзып, оның дамуында қарама-қайшылықтар  тудыруға жол береді. Яғни арадағы  баланс бұзылады. Экономика «қызуының  көтерілуі» инфляцияның артуына, өндірістің құлдырауы және қаржы дағдарысына  алып баратын тұтыну жиынтығы мен  ұсыныс жиынтығы арасындағы тепе-теңдікті бұзады. Ал соңғы кезде әлемдік  рынокта болып жатқан ағымдар  еліміздің макроэкономикалық дамуына  айтарлықтай ықпал етіп, сонымен  бірге бірқатар проблемалар тудыруда. Соның бірі – банк жүйесінде құрылымдық өтімділіктің артығымен болуы. Оның ішінде жеке меншік компаниялар және коммерциялық банктердің сыртқы қарыздары  да бар. Нәтижесінде банктің экономикаға  беретін кредитінің көлемі жедел  өсуде. Мысалы, 2000-жылдан 2004 жылға дейін  ЖІӨ жиынтық өсімі 64 пайызды құрап, экономикаға беретін банк кредиті 2000 жылдан бері 10 есеге көтерілген. Яғни банк кредиттерінің үлесі осы  кезеңдердегі ЖІӨ-ге шаққанда 7,5 пайыздан 26,8 пайызға дейін өсті. Алдын ала деректер бойынша банк секторының экономикаға берген кредиттерінің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7%-ға –4736 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 

Банк жүйесіндегі  депозиттердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 88,4%-ға ұлғайып, 2007 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.

Шетелдік  инвестициялар ағыны мен соңғы  жылдардағы бюджетке жұмсалатын шығынның артуы, мұнайдың әлемдік бағасының  өсуі, соның нәтижесінде елге келіп  жатқан шетелдік валюта нөпірі де жағдайды асқындырып тұр. Осының бәрі жиналып  келіп, кредиттік портфельдің сапасын  төмендетіп, барлық қаржы жүйесі үшін тәуекелдікті күшейтуге және құрылымдық сәйкессіздікке алып баруы мүмкін. Әрине, Үкімет пен Ұлттық банк экономикадан артық ақшаны «алып» кету үшін нақты  шешімдер жасайды. Мысалы, мұнайдың әлемдік  бағасының өсуіне байланысты жоспардан  тыс түсіп жатқан қосымша түсімдер арнайы құрылған Ұлттық қорда жинақталуда. Бүгінде оның көлемі 5 миллиард АҚШ  долларын құрап отыр. Сонымен бірге  соңғы жылдары экспортқа шығарылған мұнай ақшасын «асқазанда сіңіріп», экономиканы теңдестіруге ықпал  жасайтындай шаралар да қарастырылуда. Бұған әр түрлі инфрақұрылымдарды  дамыту бағытында мемлекеттік инвестициялардың белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын жатқызуға болады.

Ақша-кредит саясатының шараларымен қатар пруденциалдық  реттеуді қатаңдату жөнінде маңызды  қадамдар қабылданды. Атап айтқанда, байланысты тараптарды  кредиттеуге, тұрғын үй кредиттеуге, сондай-ақ трансшекаралық несиеге  қатысты талаптар қатаңдатылды. Бұдан басқа, банктердің валюта өтімділігіне қатысты мейлінше қатаң нормативтер белгіленді, ашық валюта позициясының лимиттері қысқартылды, қысқа мерзімді сыртқы міндеттемелер көлемінің лимиті (банк капиталының   мөлшеріне байланысты) белгіленді. 

Осы пруденциалдық  шаралар банк секторының осал жерлерінің артуына кедергі келтіретін болады деп күтілуде; дегенмен, егер банктік  кредиттеудің  және сыртқы қарыз алулардың өсу  қарқынын айтарлықтай бәсеңдету жүргізілмесе, таяу болашақта қосымша шаралар қолдану қажет болуы мүмкін. Осындай жағдайларда, мүмкін, банктердің қысқа мерзімді борышына қоса орта және ұзақ мерзімді сыртқы борышын жабу мақсатында сыртқы қарыз алу лимиттерін одан әрі қатаңдату және/немесе арттыру, валюта өтімділігінің нормативтерімен қатар, сыртқы қаржыландыруға қол жеткізу күрт қысқарған жағдайда, банктердің осал жерлерін азайтуға көмектесетін болады. Бұдан басқа, кредиттеудің өсу қарқынын баяулату және несие портфелі сапасының жылдам нашарлау тәуекелін шектеу мақсатында капиталдың жеткіліктілігін анықтау кезінде тәуекелдердің салмағын түзету туралы мәселені қарау керек. Қадағалау органдарының банктердің кредиттеу, оның ішінде, кредиттер беру және шет елде инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі қызметіне назарын арттырудың, банк тәуекелдерін басқару практикасын жетілдірудің  зор маңызы болады. Осыған байланысты банктерде дер уақытында тексеру жүргізуді қамтамасыз ету үшін қадағалауды жүзеге асыруға арналған ресурстарды арттыру аса маңызды.

Қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету шеңберінде Ұлттық Банк өз қызметін Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен тығыз үйлестіреді.

Ақша-кредит саясаты  қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған  тұжырымдамасына сәйкес қаржы нарығын одан әрі дамыту  оның барлық бөліктерін халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргізіледі.

Ұлттық Банктің банк секторын реттеу функциясы ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып, банк секторының өтімділігі мен тұрақтылығын реттеуден ғана көрінбейді. Сонымен  қатар, жоғарыда аталып кеткендей, заң  актiлерiнде айқындалған өкiлеттiгі шегiнде, басқа да реттеу функцияларын атқарады. Мысалы, жекелеген банктік  қызмет түрлерін, атап айтқанда, валюталық  операцияларды, инкассациялық операцияларды, қымбат металлдармен жасалатын операцияларды, қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды, шетел валюталарын айырбастау операцияларын  лицензиялау.

Шетел валютасына қатысты  ұлттық валютаның бағамын реттейді. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың  шетел валютасындағы айналым  тәртібін анықтайды.

Валюталық операциялар  бойынша шетел валютасымен есеп айырысуға банктік қызмет көрсету  және валюталық құндылықтармен жасалатын  банктік операцияларды жүргізуге  лицензия беру туралы ережелерді белгілейді, сондай-ақ олардың қызметін бақылайды. Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердің саны анықталады.

Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықты бұзған фактілер анықталған уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын қайтарып алады.

Ұлттық Банк 2005 жылы валюталық құндылықтарды  пайдалануға байланысты операциялардың мынадай түрлеріне 2095 лицензия берді:

1) капитал  қозғалысына байланысты операцияларды  жүргізуге – 1917, оның ішінде  экспорттық-импорттық операциялар  бойынша – 1570, шетелге инвестициялар  – 233, жылжымайтын мүлікке мүліктік  құқықтарға ақы төлеуге – 46, кредиттер беруге – 42, инвестициялық  қорлардың қаражатын шетелге  инвестициялауды жүзеге асыратын  инвестициялық қорлардың басқарушы  компанияларына шетелге инвестицияларын  – 26;

2) шоттар  ашуға – 52, оныі ішінде заңды  тұлға-резиденттердің щетелдерде  – 41, жеке тұлға-резиденттердің  шетелдерде – 11;

3) айырбастау  операцияларын жүргізуге – 124;

4) кредит  ретінде алынған шетел валютасын  үшінші тұлғалардың шоттарына  есепке алуға – 1;

5) бөлшек  сауданы жүзеге асыруға – 1.

Лицензиялау және әкімшілік іс жүргізу рәсімдерін жетілдіру валюталық операцияларды  лицензиялау кезінде құқық бұзушыларды  анықтаудың кешенді әдісін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл сыртқы экономикалық шарттар бойынша міндеттемелерді  орындау тәртібін нығайтуға және соның салдарынан қаражаттың елге қайтарылуына себепші болды.

Ұлттық Банк 2006 жылы экспорттық-импорттық валюталық  бақылаудың схемасын жетілдіру жөніндегі  жұмыс жалғастырылды. Нәтижесінде  Ұлттық Банк филиалдарының валюталық  бақылау саласындағы автоматтандырылған функцияларға кіруі кеңейтілді. Экспорттық-импорттық  валюталық бақылаудың автоматтандырылған схемасының деректерін өңдеу нәтижелері бойынша республикаға қаражатты  қайтармау түріндегі ықтимал  құқық бұзу фактілері анықталып, әкімшілік және қылмыстық іс қозғау үшін Ұлттық Банк филиалдарына – 4904, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес агенттігіне – 557, Қаржы министрлігінің кедендік бақылау  комитетіне – 7426 жіберілді.

Валюталық заңнаманы  бұзу саласында әкімшілік іс жүргізу. Валюталық бақылау мәселелері бойынша  инспекциялау.

Ұллтық Банк валюталық заңнама мен статистикалық  есеп саласында әкімшілік құқық  бұзушылық туралы іс қозғап, айыппұл  санкцияларын қолдануға құқылы. Сондай-ақ, Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктердің, банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, басқа заңды тұлғалардың валюталық  заңнаманы сақтауына тексеріс жүргізеді, ол тексеру инспециялау жоспары  негізінде жүзеге асырылады.

Ұлттық Банк өзінің филиалдары жүргізген тексеулердің нәтижелерін бақылауды және талдауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне қаржы  нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік  органдар қызметініңің мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 маусымдағы № 69- Заңына сәйкес Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының  заңнамасы талаптарының реттелуі оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  бұзылғаны анықталған жағдайда банкке немесе банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымға шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға  құқылы. Осыған байланысты, өткен жылы Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының  және орталық аппараттың тексерудерінің нәтижесі бойынша екінші деңгейлі банктерге  және банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға  қатысты 75 шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды, оның ішінде: 69 жазбаша  ескерту түрінде, 5 міндеттеме хат  талап етілді және 1 ұйғарым хат  жіберілді. Сондай-ақ 10 санкция қолданылды, оның ішінде 7 белгілі бір мерзімге тоқтата тұру және 3 айырбастау пункттерінің тіркеу куәлігін қайтарып алу.

 

1.2 Ұлттық Банктің валюта және төлем жүйесін реттеудегі ролі

 

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы терииториясындағы валюталық бақылау  мен валюталық реттеуді жүзеге асыратын өкілетті орган болып табылады. Ол өзінің валюталық реттеу және бақылау  фунциясын «Валюталық реттеу және валюталық  бақылау туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы, сондай-ақ, валюталық операцияларды  жүргізу және бақылау мәселелерін  реттейтін заңға тәуелді нормативтік  құқықтық актілер негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының  қолданылып жүрген валюталық заңнамасында белгіленген шектеулер мен кедергілер дамып келе жатқан рыноктық қатынастары  бар елдердiң көпшілігіне тән.

Қазіргі уақытта  Қазақстанда валюталық режимді  ырықтандыру қазақстандық экономиканың даму ерекшеліктерін, сондай-ақ, экономикалық өсім мен үкімет саясатын айқындайтын  ішкі және сыртқы факторларды есепке ала отырып кезеңмен жүргізіледі.

Бірінші кезеңнің негізгі мақсаты Қазақстан резиденттерінің  инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту  есебінен валюталық қаржыларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде, бейрезиденттердің  инвестициялық сападағы бағалы қағаздарға салынатын инвестициясына және резиденттердің республиканың өндірістік әлеуетін кеңейтетін және жаңа перспективті рынокқа  ену үшін жағдай туғызатын шет  мемлекеттерге құятын тікелей инвестициясына қатысты валюталық реттеу режимін  жеңілдету қажеттігін туғызды.

2008-2010 жылдары  жүзеге асыру жоспарланған валюталық  реттеу режимін ырықтандыру жөніндегі  келешек бағыттардың негізгі  мақсаты валюталық операциялар  жүргізуге қойылатын шектеулерді  кейіннен жою және 2007 жылдан бастап  ұлттық валютаның толық айырбасталымдылық  қағидаларына көшу үшін жағдай  жасау болып табылады.

Валюталық режимді  ырықтандыру шаралары 2006 жылы қабылданған  “Валюталық реттеу және валюталық  бақылау туралы” жаңа заң шеңберінде жүзеге асырылады, мұнда тікелей  инвестицияларды, банктер мен сақтандыру ұйымдары шетелдерге жіберетін инвестицияларды, сондай-ақ, барлық қалған инвесторлардың бағалы қағаздар рыногының қазақстандық кәсіпқой қатысушылары арқылы жүзеге асыратын қоржындық инвестицияларын  лицензиялауды алып тастау қаралған. Мұнымен қоса, делдалдық қызметпен  айналысатын ұйымдардың шетелдерге инвестицияны жүзеге асыруына, инвестициялық  қоржынды, оның ішінде инвестициялық  қорларды басқаруды жүзеге асыруға  операциялық лицензиялар беру, сондай-ақ, филиалдар мен өкілдіктерді және басқаларды ұстап тұруға байланысты операциялық шығындарды қаржыландыру үшін шет мемлекеттердегі шетелдік банктерде есепшоттар ашуды лицензиялауды  алып тастау жүйесіне көшу қарастырылған.

Ұлттық Банктің  қазіргі кезде ұстанып отырған  валюталық саясаты, сәйкесінше, валюталық  реттеу мен бақылау саласындағы  іс-шаралары валюталық режимді босаңсытуға  бағытталып отыр. Атап айтқанда: 

- банктер  және сақтандыру  ұйымдары жүзеге  асыратын тікелей инвестицияларды,  шетелге инвестициялдарды, қалған  барлық инвесторлар Қазақстандық  бағалы қағаздар нарығының кәсіби  қатысушылары арқылы жүзеге асыратын  шетелге портфельдік инвестицияларды  лицензиялау жойылды;

- қажетті  біліктілік талаптары белгілене  отырып, брокерлік-дилерлік қызметті  жүзеге асыратын ұйымдардың шетелге  инвестицияларды жүзеге асыруына, инвестициялық портфельді, оның  ішінде инвестициялық қорларды  басқаруға операциялық лицензияларды  беру жүйесіне өту жүзеге асырылды;

Ұлттық Банк