Ұлттық валюта. 2

 

     Валюта(итал. volutaқұн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), [1]мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге, Ресейдікірубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді.

     Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді. [2]

     Бірінші топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ доллары, т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюта операцияларын жасауға  толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады.[2]

     Ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеусіз банктік шоттарға есептеу үшін және аудару үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады.

Кез келген мемлекеттің  тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Бұл меншікті ұлттық валютаға көшу Қазақстан өз дербес ақша-кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды.   Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді.

     Ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеусіз банктік шоттарға есептеу үшін және аудару үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады.

     “Ұлттық валюта – теңге (қолма-қол ақша) банкнота және монета түрінде айналысқа енгізілді.  Банкнота – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета -  Өскемендегі  монета сарайында дайындалып шығарылады.   
Ұлттық Банк іс жүзінде жақсы жағынан көрінген технологияларды қолдана отырып, ақша белгілерін қолдан жасаудан қорғауды жетілдіру жөніндегі жұмысты тұрақты жүргізіп келеді. Республикада ұлттық валютаны енгізгеннен бергі уақытта ақша белгілерімен айтарлықтай жұмыс тәжірибесі жинақталды.

     Жаңа  үлгідегі ақшаны айналысқа енгізу туралы шешім бірқатар объективті себептер мен қажеттіліктерден туындады. 2006 жылдың 15 қарашасында екінші қатардағы жаңа үлгідегі банкноталар айналысқа енгізілді.

     Ескі  үлгідегі теңгені 2006 жылғы жаңа теңгеге  ауыстыру рәсімі әдеттегі нарықтық қатынастар режиміне өтті. Бүгінгі күн жаңа үлгідегі ақшалар ескі үлгідегі банкноттарды ығыстыра отырып, біздің әмиандарымыздан өз орынын алды.

     Тайландтың  Бангкок қаласында 2007 жылғы 7-9 мамырда  үкіметтік емес халықаралық ұйымы  ұйымдастырған «Валюта мәселері жөнідегі халықаралық қауымдастық» конференциясында “Ең үздік жаңа валюта” конкурсында ҚР Ұлттық Банкінің номиналы 1000 теңгесіне орын берілді. Ол біздің дизайнерлеріміз және мамандарымыздың қорғаныш элементтерін әзірлеу бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады.

     Қазақстанның  ұлттық валютасы – тенге айналысқа енгеннен бері, яғни 17 жыл тарихында көптеген ескерткіш және мерейтойлық  қымбат металдан жасалған монеталар айналысқа шығарылды. Монеталар – ерекше әрі тарихи дерек көзі.  Олар бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленген. Монеталар – халықтардың экономикалық және саяси тарихын, олардың материалдық және рухани мәдениетін жан-жақты зерделеу үшін тамаша материал.

     Олар  елдің және тарихи дәуірдің «бет-бейнесі» сияқты. Ұлттық Банктің шығарған монетаның  әрбір сериясының Қазақстан Республикасының  дамуында өз тарихи орны бар. Қазақстан  Ресубликасының 1995 жылғы наурызындағы №2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес,  монеталар мынадай түрге бөлінеді:

- инвестициялық  монеталар – инвестициялау және  жинақталған ақша қаражаты объектісі  болып табылатын, қымбат металдан  дайындалған монеталар;  

- коллекциялық  монеталар – коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;  

- айналыста жүретін  монеталар – қымбат емес металдан  дайындалған және қолма-қол айналысына арналған монеталар.

     Инвестициялық монеталардың – коллекциялықтан  айырмашылығы, біріншіден, неғұрлым айтарлықтай  ірі таралымен шығарылады, екіншіден, соғылу сапасы бір сатыға төмен. Егер ескерткіш монеталар, әдетте,  коллекцияларда сақталып, негізінен нумизматтар арасында айналатын болса, инвестиялықтар еркін нарықта құймалармен тең қолданылады. 
Инвестиялық монеталар Қазақстан Ресубликасында «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылғы 19 ақпанын бастап айналысқа шығарылды.

     Қазақстанда инвестиялық монеталар тиімді инвестициялау және жинақ қаражатын сақтау үшін шығарылады.

     «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан («Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Қыз қуу», «Беташар») күміс номиналы 500 және Нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік монеталар шығарылды. Бұлар ескерткіш монеталар – Қазақ халқының әдет-ғұрыптары және ұлттық мәденитін кеңінен таратуға арналған. 
«Ертеде соғылған монеталар» сериясы («Драхма», «Дирхем», «Отрар» монетасы, «Сарайшық» монетасы) Қазақстан аумағындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған монеталарға арналған.

    «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясы («Түркістан», «Айша-бибі мавзолейі», «Жошы-хан  мавзолейі», «Бабаджа-хатун кесенесі», «Орталық мешіт», «Нұр-Астана мешіті»  және т.б. ) Қазақстанның бүкіл мәдениетін кеңінен танытуға, діни ұғымды, жеке тұлғанының рухани және адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру жолындағы ілім ретінде танытуға арналған. 
      
    «Қазақстанның қызыл кітабы» сериясы («Дудақ», «Сайғақ», «Қар Жолбарысы», «Тянь-Шянь аюы», «Жалбағай» және т.б.) Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар әлеміне арналаған. 
      
    Соңғы 4-5 жылда қымбат металлардан қазақстандық монеталарға нумизматтардың, сол сияқты халық тарапынан сұраныстың өсу үрдісі байқалады.

     Ұлттық  Банкі Маңғыстау филиалының ұсынысымен «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясынан сынымы 925/1000 күмістен, массасы 31,1 грамм, номиналы 500 теңге «рroof» сапасымен жасалған, таралымы ең көп -15000(он бес мың) дана «Бекет-ата ғибадатханасы» ескерткіш монетасының дизайыны бекітілді. Осы монетаның жергілікті халықтың 2010 жылы айналысқа шығатынын  есіне саламыз.

     Ұлттық  Банктің қымбат металдан жасалған монеталары жыл сайын өтетін халықаралық  нумизматикалық конкурстарына 2000 жылдан бері қатысып, монета жоғары техникалық соғу сапасы жағынан осы байқаулардан бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Бүкіл әлем нумизматтары қымбат металдан жасалған Қазақстан ескерткіш және мерейтойлық  қымбат металдан жасалған монеталарын өте жоғары бағалады. 
  
Нумизматтар және Қазақстандағы ақша айналысының тарихына қызығушылық білдіретін көпшілік үшін 1993 – 2009 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған барлық монеталар туралы ақпаратты қамтитын «Қазақстан монеталары» атты жарнамалық бірнеше каталогтар, сондай-ақ Қазақстандық ақша белгілері туралы сурет альбомдарын шығарды.

     Қазақтың  өз ақшасы, ұлттық валютасы – теңге  айналысқа шығып, елдің тәуелсіздігінің  нығаюына, халықтың және кәсіпорындардың  сеніміне ие болып, өзінің 16 жыл тарихында  тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемлекеттің қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізді. Теңгенің де алдағы уақытта атқарар игі істері мол. 
 Осы салада қызмет ететін облыс қаржыгерлерін төл мерекелерімен құттықтаймыз.

     Ол  еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады. 
  
Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.

     Ақша  мен экономиканың өзара байланысы  өте тығыз, олар экономикалық жүйенің  негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді. 

     Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің  экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.  
1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады.

     Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер  бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады. 
  
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді. 
  
Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды. 
Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды.

     Теңгенің  валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру –  ең маңызды шаруалардың бірі болды.

     1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді. 

     Ұлттық  валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы  екі жыл біздің еліміз үшін өте  қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды. 

     Ең  әуелі теңгеге байланысты бүкіл  инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.

     Теңгенің  экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет  болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап жоғарылап кетті.  
  
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9 пайыз болса 1996 жылы – 15,4 пайызға төмендеді, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17 пайыз, ал 2002 жылы – 3,25 пайыз болды. 

     Ұлттық  валютаның тұрақтылығы белгілі  бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге  мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276,2 пайыздан 2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақша - тауарлық қатынастардың  дамыған формасы. Ақшаның қызметтері. Ақша жүйелері. Экономиканың даму тарихы, сонымен қатар, тауар өндірісі мен тауар айналымының тарихы болып табылады. Бұнда өндірушілердің бір-бірімен байланыстары бір тауарды басқа тауарға айырбастау арқылы жүзеге асып отырған. Тауардың белгілі бір пропорцияда (сан келісімінде) басқа тауарлармен айырбастала алатын қасиеті айырбас құнын құрайды. Алғашқы даму сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болған, ақшаның көмегінсіз жүрген. Айырбастың осындай ыңғайсыз жағдайы аз болмаған. Айырбастың бұл сатысына қнның жәй, кездейсоқ формасы сәйкес келеді. Жеке тауардың құны басқа бір тауар арқылы тек кездейсоқ түрде бейнеленген.

Қоғамдық өндіріс  дамыған сайын, айырбас операцияларын жүргізуге көмектесетін жалғыз тауардың бөлініп шығуының қажеттігі пайда болды. Ақшаның анайы, тұңғыш формалары дүниеге келді. Әр халықтарда, әр географиялық аймақтарда олар әр түрлі болды — егіншілерде бидай, малшы тайпаларда мал, аңшыларда терілер, т.б. Өкінішке орай, осы тауарлар барша территорияларда қызмет ете алмады, олар кең тарамады. Айырбастың кездейсоқ процесі айырбас эволциясында ауқымды қадам жасауға мәжбүр етті. Түбінде тауар қатынастарының дамуы, ақшанын, рөлін асыл металдарға: алтынға, күміске жүктеді. Өзінің табиғи касиеттері — бір тектілігі, бөлшектеп болуте болатындығы, ықшамдылығы, қолайлылығы, көп уақыт сакталатындығы жағынан асыл металдар осы рөлді атқаруға неғұрлым бейімді болды. Ақшаның есеп бірлігін оның салмағы атқаратын болды.

[өңдеу] Ақшаның қызметтері

Бара-бара ақшаны майдалап айырбастаушылар алтын, күміс кесектеріне оның салмағын көрсететін таңба басатын болған. Осылай куәландырған алтын, күміс кесіндісі монета деп аталған. Жер әлемінің көптеген халықтарында монета заңды айырбас және төлем құралы болып табылған. Бірте-бірте ол айырбаста қолайлы дөңгелектенген форма алып монетадағы металдың салмағын және сынамасын мемлекет өзінің белгілі мөрімен растап отырған. Міне осылай, тарихи даму барысында, металдық ақша айналымы жүйесі қалыптасқан.

Осылайша ақша әдеттен тыс ерекше, өзіне жалпылама  айырбас құралының рөлі тән болып  кеткен, тарихи жағынан тауарлық табиғатқа ие болған құбылыс.

Ақша айналымының  әр алуан типтері болады. Оның осы  немесе басқа типі ақша айналымының  даму дәрежесін ғана көрсетіп қоймайды. Ол қоғам дамуыньщ кемелденген дәрежесінде  корсетеді. Ақшаның мәні, оның атқаратын  қызметтерінен көрінеді. Ақша теориясының металдық бағытының өкілдері, ақшаның тауарлық табиғатын ескере отырып, оның қүн өлшеуші, қазына жинау құралы және дүние жүзілік ақшалар қызметтерін атқаратынына назар аударады. Классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д.Рикардо ақшаның басты қызметі деп, айналыс құралы болуын атап көрсетіп, ал басқаларын осы айналыс құралы қызметінен туынды деп есептеген.

К.Маркс ақша құнының еңбектік сипатына сүйене отырып, ақша теориясын дәлелдеп әрі қарай дамытқан, ақшаны жалпылама эквивалент және абстрактік қоғамдық еңбектің жалпылама көрінісі дей отырып оның мәнін анықтайтын, атқаратын бес қызметіне назар аударады:

  • құн өлшемі,
  • айналым құралы,
  • төлем құралы,
  • жинақ жасау құралы,
  • дүниежүзілік ақша.

Осы замандағы  экономикалық әдебиетте ақшаның, атқаратын  үш кызметі аталып отыр:

  • құн өлшемі,
  • айналым қүралы,
  • жинақ құралы.

Ақшаның пайда болуымен байланысты, жалпы тауар айналысын Т—A—Т түрінде бейнелеуге болады. Бұл процесте ақша сарапшы және айналыс құралы кызметін атқарады. Ақшаның айналыс процесіндегі сарапшылығының арқасында, тауардың тауарға айырбасталуына тән болатын индивидуалдық уақыттық және кеңістік шектелу жойылады.

Тек нақтылы, қолма-қол  ақша айналыс құралы қызметін атқара алады. бұл қызметті ақша тез бір  қолдан екінші қолға ауысқанша ғана атқаратынына байланысты, нақтылы ақша материалы, ақшаның белгісімен, немесе оның символымен алмастырылуы мүмкін. Бұл үшін осы символды қоғам ақша материалының белгілі мөлшері деп мойындайды деген кегіілдік қажет. Осылайша, тоЛық бағалы емес монеталар, кейіннен қағаз ақшалар пайда болған.

Ақшаны айналыс  құралы ретінде қолданғанда. сатып  алусатуға жұмсалатын іс-қимыл мен  уақыттың үнемделуінің арқасында айналыс шығындарының төмендеуінің нәтижесінде. Ақша сауданы дамытуға жол ашты, өндірістің мамандануы кеңейе түсті. Бұл жағдай еңбек өнімділігін жоғарылатты, демек қоғамның хал-жағдайы жақсара түсті.

Құн өлшеушісі  кызметін атқарғанда, ақша тауарлардың  құндарын оларды өзара салыстыра отырып өлшейді. Заттың құнының ақшалай түрі, оның бағасы болып табылады. Тауардың бағасын белгілеу үшін нақтылы ақша қажет емес, бұл оймен, идеалды түрде белгіленеді. Әр түрлі тауарлардың бағаларың салыстыру үшін, оларды біркелкі өлшемге келтіру керек. Яғни, бір масштабқа жатқызу қажет. Бұрын баға масштабы деп, осы елде ақша бірлігі ретінде және басқа тауарлардың бағаларының өлшеушісі ретінде пайдаланатын металдың салмақ мөлшері қолданылатын. Қазіргі уақытта баға масштабы болып, ақшаның санын және тауардың бағасын өлшеуге қолданылатын, заңмен бекітілген, ақша бірлігі пайдаланылады. Ақшаның осы қызметі арқылы, жеке және мемлекеттік экономикалық жоспарлау мүмкіндігі жүзеге асырылып отырады, экономикалық қорлар мен ағымдардың көлемін өлшеп есептеу қамтамасыз етіледі. Толық бағалы ақша (алтын) қолданғанда, олар қандай болмасын сондай тауар сатып алуға мүмкіндік берген және қоғамдық байлықтың көрінісіне айналған. Байлық жинауды мақсаттау ақша жинауды, оларды қазынаға, қорға айналдыруды талап еткен.

Бұл қызметті толық  бағалы және нақтылы ақша атқарған. Ақшаның белгісі қор жинау қызметін атқара алмайды, ол бұл кызметті жинақтау қызметіне айналдырады. Жинақ түріндегі ақша тауарларды сатқаннан соң сақталған және оның иесінің болашақта сатып алу қабілетін қамтамасыз ететін, ерекше актив болып көрінеді. Ақша өте өтімді құрал болғандықтан, ол байлықты сақтаудың қолайлы формасы болып табылады (әрине қарқын алып келе жаткан инфляция кезінде бұл шығынға ұшыратады).

Айналыс құралы болып табылатын ақша қоғамның экономикалық әрекеттерін келісімді түрде  реттеуге мүмкіндік береді.

[өңдеу] Ақша жүйелері

Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі  бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері  мыналар:

  • ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
  • ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
  • нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
  • ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.

Елдін ақша жүйесін  реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.

Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим — б.дд. V—III ғғ.), күміс (Ресей — 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан — XIX ғ.), алтын (Англия — XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер — XIX ғасыр аяғынан).

Алтын метализмі  алтын монеталық стандарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін  болды. Сол доуірде алтын монетасы еркін соғылған, қүн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, құйма алтын және алтын девиздер стандарты пайда болды. Алтын қоры мол елдер (Англия, Франция, Жапония) алтын стандартын, алтын қоры аз елдер (Германия, Австрия, Дания) алтын девиздер стандартын енгізген болатын. Құйма алтын кесек стандарты тұсында, алтын монетасының еркін соғылуы жойылып, қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы құйма алтын кесігі құнының мөлшерімен шектелген.

Алтын девиздер стандарты тұсында алтынмен байланыс бұдан да алшақ болған: алдымен  құйма алтын стандартын тұтатын  елдердің валютасын жинақтау қажет  болады, осыдан кейін дүниежүзілік нарықта оны алтынға айырбастап алуға болатын. Құйма алтын мен алтын девизді стандарттар алтын айналымына жол бермейтін жүйелер болып табылды.

1944 жылы құрылған Халықаралық валюта қоры Тройская унция қүнын белгілеген (35 американ доллары 31,1035г. алтынға тең). Ресми түрде жарияланған алтынның құнын ұстап тұратын резервтік валютаның қызметі американдық долларға және ағылшын фунт стерлингіне жүктелді. Егер алтын стандарты кезеңінде валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, ұлттық ақша бірлігінің алтынға айырбасталу мүмкіндігі түсінілсе, жаңа жағдайда, валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, валютаның долларға айырбасталу мүмкіндігі түсінілген. Бүгінгі күнге дейін валютаның еркін ауыса-тындық қабілеті, оның АҚШ долларына айырбасталуымен қамтамасыз етіліп отыр. Бірақ АҚШ-ың өзінде 1971 жылы Орталық банктер ушін де доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылған. Осы кунгі несие ақшасын борыш куәліктері құрайды. бұлардың нақтылы ақшадан айырмашылығы, олардың ұлттық байлық элементтеріне жатпауы. XX ғасырда олар бірте-бірте өздерінің ерекше тауар қасиетінен айрылып келеді: олар нақты тауардың тұтыну құнымен тұтасып кете алмай отыр және көбінесе бухгалтерлік тіркеп-жазу формасында (чек, депозиттері несие карточкалары, ақшаны электрондық құралдарды пайдаланып аудару, т.б.) орын алады. Ақшаның ерекше табиғаты мен және оның атқаратын қызметтерімен қатаң айқындалған, ақша айналым зандары әрекет етеді.

Алтынның айналуы  кезінде, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталған  жағдайларында, айналысқа қажет  ақшаның саны төменде келтірілген  формула арқылы есептеледі: 

Қазақстан Егемен ел аталғаннан кейін тарихымыздың жаңа парақтары ашылды. Өйткені ертеден қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша әрбір елдің жеке елдік нышандары болуы тиіс. Олар: елдің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Осы мемлекеттік нышандарға қарай сол елдің қайсы ел екені әркімге айқын болады. Нышандар жеке бір мемлекеттікі болғанымен, оның халықаралық мәні зор. Нышандар мемлекетаралық қарым-қатынастарда үлкен ресми роль атқарады. Сондықтан Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін өзіміздің Елтаңбамыз , әнұраны белгіленіп, ұлттық валютамыз дүниеге келді.. Астанамыз Сарыарқа төрінен оз орнын тапты.

1993 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы «теңге» айналысқа шығарылды. Бүгінде еліміздің ұлттық валютасы Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады.

Алғашқы шығарылған ақшаларда қазақтың қоғамдық мәдени өміріндегі ерекше тұлғалар Әл-Фараби, Абай, Құрманғазы, Шоқан, Әбілхайыр  хан бейнелері көрініс тапты. Олар 1,3,5,10,20,50,100,500,1000,2000 теңгелік билеттерде шығарылды.

Ұлттық валюта. 2