Мұқағали жырлары

Мұқағали жырларының азаматтық  үні күшті, ішкі қуаты зор, сөздері  айқын, ойлы сергек, жыр жолдары шарқ ұрған сезімге толы. Ол асқақ ой-пікірлерін бейнелі мән – мағынамен поэзия күші арқылы көкке көтерді. Ақын өлеңдерінде  әрбір сөз адамның жан дүниесімен, көңіл күйімен астасып, сезім толғанысымен жырланады.

         Шынайы талантқа ие ақиық Ақын  жаратушының жер бетіндегі елшісі  іспетті. Сондықтан да оның  бойында басқалар байқамйтын  нәрсені көре қоятын аңғарымпаздық,  оның сөзінде тас қамалды талқан  ететін жойқын күш, оның жаратылысында  кез-келген пенде түсіне алмайтын  арын мен дарын тоғысып жатады. Сондақтан да оның өлеңдерінің  әр бунағынан буырқана көтерілген  ғажайып күш шумақтарда шымырқанып, ширығып оқырманның ой орманына  ойыстырады. Сондықтан да нағыз  ақынның жырларын қайталап оқыған  сайын жаңадан көргендей, жаңа  естігендей елітіп, жаңалық тапқандай  елеңдейсің. Көңіліңді арбап, көзіңді  қарықтырған жауһар жырдың жаңа  қырын тапқан сайын тамсанасың. Сөздің шетсіз де шексіз қасиетіне  таңқаласың. Өз басым Мұқағали  жырларын оқығанда осындай алапат  сезімге бөленемін. Әр оқыған  сайын Мұқағали ақынның ашылмаған  қырларының, танылмаған сырларының  бар екеніне, бола да беретініне  шүбәсіз көзім жете түседі. Бәлкім, ақын ұлылығының өзі де сол  шексіз құпиялылығы  мен тұрақтануында болар. Сол себепті де оның шығармашылық әлемі туралы айту үшін өзіне жүгінерміз...                                                                                                Жыр пырағы Мұқағалидың да өз болмысын өзі сомдап бергені даусыз:

Қазынам бар,

Қисапсыз шектеледі.

Қызғанады біреулер, жек  көреді.

Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін!

Алам десең,

Алдымен зертте мені!...-дейді  Ақынның өзі де.

                     Ендеше, Мұқағали жайлы сөзді  жалпы оның Ақын мен ақындық  туралы ойларын бастаған жөн  болар. Себебі сан қырлы алмастай  жарқырыған сиқырлы сөзді тудыра  алатын нағыз ақынның болмысын  тек сол биікке көтеріле алған  Ақын ғана айқын тани алады,  таныта алады. Өйткені, оның  өзі осындай құдіретті сезініп,  білген, басынан өткерген. «Ақын  болсаң, алмас бол тайпалмаған»  деп өзіне де өзгеге де қатал  талап қояды ол өлеңінде («Ақын ініге»). Ендеше, Ақындық пен Ақын туралы ақынның өзінен артып айтуы мүмкін бе!? Сондықтан Ақын туралы ақын ған сөйлеуі тиіс. Құлақ түрелік:

Жыр сөздері жай болып  атылғанда,

Атылғанда, аспаннан оқылғанда,

Мылқауларға тіл бітіп, керең  естіп,

Жанар пайда болады соқырларға,-дейді.  («Туады, туады әлі нағыз ақын»).

      Ия, нағыз  өлең – құдірет аспанда жаралады. Нағыз жыр аспандағы жарқ еткен  жай отындай қуатты келеді  де, көрсоқырлардың көкірек көзін ойып ашады.

           Желмен жарысқан қанатты пырақтың екпінінен жаралғандай асау жырдың, қырандай шүйіліп көктен құцылғандай нөсер жырдың, көңілдің  бұлтын ыдыратып, жарыққа бастар көсем жырдың тереңіне бойлап, мәнін түйсіне білудің өзі де әркімнің оң жамбасына келе бермейтіні рас. Өйткені ақын «Күнделікті өмірге бой суытпай, алыстарға аттанып, ұзақ сапарларда бйік пен аласаның парқын сезінеді», «қап-қара түнді көріп, жап-жарық таңның нарқын түйсінеді». Мәселен, ақынның «Тілек» деп аталатын өлеңіне зер салыңызшы. Әдетте қарапайым пенделерге арман болған қамсыз шақты, уайымсыз шаттықты, үйіп-төгілген бақытты, өзгелерден оқ бойы озық тұрған бйіктігі ақын жанның қажетсінбейтінінің себебі не Ол неге көл –көсір молшылықтан ерікті түрде бас тартады? Ол неге жұрттан асқан асқақтықты аңсамайды.

Жарты бақыт, жартылай уайыммен,

Жарты ғасыр уақытқа шыдаймын мен

Осынау там –тұм ғана шырайыммен,

Шыға алатын тауыма шығайын  мен,-деген жыр жолдарының астарында қаншама пәлсапа бар? Мұнда Алланың берген нәсібін бақыт санайтын қанағатшылдық, дүние-жалғанға жалаңаш келіп, жалаңаш кететін өмір заңдылығына мойын ұсынған тектілік, пенделік, күпірлікке кереғар адамдық секілді қасиеттер тоғысы келіп, Ақынды көз алдында одан сайын тұлғаларында түседі.  Тәубашылдықтың, зияттылықтың осыдан асқан қандай үлгісін табуға болады? Ол тіпті ұзақ ғұмыр бер деп те жалынбайды, жарты ғасыр уақытқа ризалық етеді. Өмірге өлердей ғашық жүректің осылай байыз табуын тағы да оның өзінен артып кім түсінер?

              Мұқағали ұғымында ақындық- адамға  Жаратушыдан берілген бағасыз  сый. Ал мұндай сыйдың өтеуі  жағың талғанша жырлау, жаның  шыққанша өлеңге құл болу. Ақынның  жұрттан жылу сұрап, өзгелерден  мейірім күтуі немесе жазған  жырына ақы дәметіп, тілемсектенуі-кешірілмейтін  күнә, Өлең-өнердің алдындағы қылмыс. Қарнының тоқтығы мен көйлегінің  көктігі үшін өлең жазу –  ақындыққа қиянат. Ар биігінде  тұрған Ақынның ғана айтары  асыл болмақ деп санайды. Қыран-жыр  тек сол биікте туып, сол биікте  мәңгі қалады дегенді меңзейді.

Көкейкесті жырлар жаз  жезкиіктей.

Мақтау, даттау, жәдігөй сөзді  күтпей.

Өлең керек ұрпаққа, өзің мейлі,

Көлеңкеде қалсаң да көзге  ілікпей. («Өлең керек»).

       Бұл  сөзді тек өлең жазатын адамдар  ғана емес, жалпы өнер маңында  жүрген жандардың әрқайсысы, тіпті  жалпы атаулы бойтұмар етіп  тағып жүрсе де артық етпейтіндей.  Болмай жатып болдым деп, толмай  жатып толдым деп кеуде қағатын  жартыкеш «өнерпаздар үшін» оның  сабағы сансыз болар еді ау...

     Шын өнердің  парқын таныған Ақынға керегі  тәж бен тақ, байлық пен бақ  емес, ақынның тілегі пенделіктен  тым алшық, тым бөлек. Бар  табиғат елтіп тыңдайтын жыр  жазудан асқан бақыт жоқ ол  үшін. Сондықтан жасандылық пен  жағымпаздыққа қас ақын жүрегінің:

Аққудың қанатындай сыңқылдаған,

Үнінен сол ақынның  жыр тыңдағам.

Жыр тыңдаған:

Тым далам-сылқым далам.

Ақ Есіл бір толастап, бір тулаған,

Жағада ақ қайың мас  былқылдаған.

Өтінем сол ақынның  тағдырын бер,

Өзгені қимасам да, жұртым, маған...-дегеніне  имандай иланасыз. («Ақынның ауылы»).

      Мұқағали  үшін Ақын-бүкіл әлемге қуаныш  сәулесін себетін, басқалардың  ауыр жүгіне арқасын тосып,  қайғысы мен мұңын жеңілдететін  ақ қанатты Періште. Ол өзін  жақсы жырдың жолына құрбандыққа  шалудан бас тартпайды. Сол  себепті ол өлмейтін өлеңді  жазуды аңсайды. Өлең-емші, өлең-құдіретдеп  санайтын Ақын өзінің өмір  кредосын мына екі жолға сыйғыза  алған:

Өтсем болды арқалап адамдардың,

Қуанышын, шаттығын, мұң-наласын. («Мен дағы өлең жазбаймын»). Шын мәнінде, ақындық болмыстың қарама-қайшы тұстары да шексіз. Бір қарағанда әлемнің билікшісіндей айбатты, ғаламат күшке ие Ақын енді бір сәтте «қара тастан да мейірім күтетін» соншама нәзік, соншама шарасыз.

Бағамын деп әркімнің қас-қабағын,

Балам қабақ шытса да жасқанамын.

Сәлемімді бірулер алмай  кетсе,

Екі иығым салбырап, пәс  қаламын.

     Әйтсе де  «жанды да жансыз заттан сыр  бағатын» ақын жанында бір  сәт те тыным жоқ. Ол өзіне  көктен берілген ғажайып мүмкіндікті  жұмсап қалуға асық. Ақын болып  тудың екен, оның өзіне артылған  жүгін жарты жолда қалдыруға  хақы жоқ деп біледі.

     Осындай ойдан  қуат алған ақын өзіндегі өзгеше  жаратылыстың сырын да түсінуге  тырысады. Оған әлемде еш нәрсе  жат емес, барлығы тек өзінің  тілекшісіндей жақын, еншілесіндей  егіз.

Жақындық сеземін,

Жерден де аспаннан.

Жылылық сеземін,

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да, әріден басталған,

Әріден басталып, мәңгіге  тасталған.

Осыншалық тұтастықты жан  – тәнімен сезінген ақын жаны енді көргендерінің бәрін ақтарыла ағыла  айтуды қалайды. Қолына қалам ұстап, ұйқасты сөз айтқанның бәрін  ақын деуге болама деп өзімен өзі сырласады, «ішінен тынып өткен», «бұғып өткен ақындардың» тағдырына күйзеледі. «Айтып өткен ақында арман бар ма, жүрегінің түбінен сыр жасырмай» деп талайсыз тағдырдың, кесепат қоғамның шабыт қанатын еркін жаюға жол бермей отырғанын меңзейді. «Қан менен жас аралас тарлан-жырды» жарата алар ақындық қуатты жоғары бағалайды. Ал күнделікті күйбеңнен аса алмайтын, жартыкеш жазғыштар туралы қызықты теңеу табады. Оны Мұқағали тау бұлағы мен ой бұлағын салыстыра отырып келтіреді:

Бірі жатыр күркіреп,

Бірі жатыр жылмиып.

Бірі қалды көлдерде көмейіне құм кұйып.

Асығады байғұстар,

Сезінбейді сірә да,

Бара жері бәрібір екендігін  тұңғиық,-деп ой түйеді.

        Мұқағали  жырларын оқып отырған адам  шынайын ақынды ақын ететін  ең нұрлы сезім, қайнар бұлақ  бастауы-Өмірге, Жарық дүниеге деген  шексіз махаббат екенін түсінеді. Болмашы нәрседен жараланып қалатын ақынның нәзік жанының дәруі де дауасы да Өмірге құштарлық. Бірақ ол ғашық болған өмір күйкі де күйбең тірліктен бағалы, баянды. Ол сүйген өмір күндей нұрлы, түндей сырлы. Ол үшін Өмір - жап-жарық дүние.

           Тіршіліктінң ұлы заңы: тумақ  бар да өлмек бар. Жалғанды  жалпағынан басқан билеушіде,  қылышынан қан тамған батыр  да, аузымен құс тістеген шешен  де, келешекті бұлтартпай болжаған  көсем де, жүректерге жыр сыйлаған  ақын да талқаны таусылған  күні бақиа озады. Біреуді өкіндіріа,  біреуді қайғы-мұңға салып, әлдебіреуді  «қуантып» ажал-айдаһар адамдардың  арасын айырады. Міне, адам өмірінің  салмағы бағамдалар тұсы, тағдырының  таразыға түсер кезі осы.

              Өмір мен өлім туралы қалам  тербемеген ақын жоққа тән.  Олардың жыр нысанасы- өмір мен  өлім. Ал, Мұқағалидың нысанасы –  Өмір мен Өлім айырығындағы  адамның аласапыран күйі. Ол өзінің  «Моцарт жаназасы» атты реквиемінде  осы күйді мұмдық бір сезіммен  селдете төгеді. Өлім құшағындағы  пенденеің ең соңғы аңсары-бір  күдік жарық сәуле, ең соңғы  тілегі – келер күндер де  шөп болып шықса да, оның шуағынан шет қалмау, адам атаулыға қалдырар ең соңғы аманаты – Жарық күннің қадіріне жету. Ақты аялау үшін Қараны ажырата алу, Бақытты бағалау үшін бақытсыздықпен бетпе-бет келу, Әділдіктің күшін түйсіну үшін Өлімнің демін сезіну сондай керек екендігіне шүбәсіз сендіреді. Өмірдің не екенін тек өлгендерден сұрау керек деп түйеді ақын. Өмірдің сырына тамшыдай нұрға зарққан сәтте ғана қанығуға болады екен. Қайта оралмайтын күндердің жетегінде кеткен өмірдің бүкіл мәнін үміттің кесілген сәтінде ғана мойындамақ екен әр пенде. Өмірдің алдамшы жалғандығын да тұңғиыққа батып бара жатқан адамнан артық ешкім сезінбек емес екен. Бір қарағанда өмір туралы жазылған ұлы ода деп қабылдауға болатын осы жырдың түпсіз терңіне үңіле түссеңіз онда да Ақынның бүкіл болмысы ар биігінен тұлғалана көрінетінін пайымдайсыз. Ол-Жарық күнге құштарлық арқылы өзге пенделіктердің барлығын тәрк ете алу,  құз-құрдымның қараңғысына қамалып қалмау шін әр күннің сәулесін енгізу...

            М.Мақатаев жырларының басым бөліні  философиялық ойға құралған. Ақын  кез келген жырын өмірімен  байланыстыра жырлайды. Өмірдің  бұралаң жолдары, тағдыр тартысы,  күнделіктегі тіршіліктегі реніш,  қамығу, қуаныш секілдісезім күйлерін, бәрін де, ақын өмірімен астастыра,  күрделендіре бейнелейді. Сазды  сөздермен өрнектеп, оқырманға ой  тастайды. Өмірдің өзі бұлқынып, шымырлап, иірімденіп ағып жатқан  өзен секілді.

            Ақын жырларында елін сүйген  азаматтың сүйініші, қуанышы, мұң-шері, қайғысы, көңіл күйі астасып  жатады. Мысалы, «Шынымен еткен еңбек  еш кете ме, ұрланып есіл өмір  бос өте ме?» жолдарынан ақын жанының күйінішін көрсеңіз, «Жамылып сағыныштан зар шекпенін, сарғайып сенің үшін зар шеккемін» тармақтары сарғайған сағыныш белгісін танытады. Сағынышты шекпенге теңеуі, жай ғана шекпен емес, «зар шекпен» деп үдемелете жырлауының өзі ақын шеберлігін тантады. Бір ғана «зар» сөзі өлеңде сағыныштын мағынасын тереңдете көрсетіп тұр. Өлең тармақтарының соның «зар шекпенің, зар шеккемін» тіркестерімен шебер ұйқас ырғағын байланыстыра білген.

       Ал келесі  «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, Алынбағын ақым бар сенде менің» тармақтарынан ақынның кең даладай ерке мінезін байқайсыз. Әр адам баласының дүниеге келгеннен кейін өмірден алатын өз сыбағасы бар. Ақын сол тағдыр тартқан сыйды жырлап отыр.

    Ақын жырлары  оқырманын баурап, көңіл көкжигіне  сенімділік ұялатады. Өмірге ғашықтық, арманға қол созу, алдына мақсат  қойып, соған жетуге талпыну-Мұқағали  поэзиясындағы басты ерешелік.

           М.Мақатаевтың поэзиядғы алдына  қойған мақсаты-шындық, адалдақ,  сезім, ой, сенім. Осы қасиеттерді  ақын бүкіл шығармаларына өзек  етті. Қай жырын оқысаңыз да  өлеңдерінің өн бойынан осы  қасиеттердің исі аңқып тұрады. Адалдықпен арын таза ұстап,  шындықты пір тұтып, өлеңге  терең ой мен ыстық ықыласты  дарытып, сезіммен көріктендіре  жылайды. Оқырман ақынның бойындағы  әрбір қасиетті өз бойындағы  қасиеттей көріп, оны жыр жолдарына  айналдыра білді.

             Ақын өлеңдері тұнып тұрған  метафора – образ. Өлең сөзге жүк артып, мән-мағына үстеп тұратын осы метафора. Кез келген өлеңін оқығанда ерекше метафоралық образдарды табасыз.

             Ақын өлеңдерін талдау барысында  байқааным зат есімнен болған  метафора – образдар өте көп.  Мысалы, өмір-өзен, өмір-азат, өмір-дария,  құлын-жыр, жігіт-қыз., дариға-жүрек,  қыз-сағым, қыз-тіршілік, уақыт-қарт, тау-бесік, ақиқат-өлім, жігіт-көктем  және т.б осылай тізбектеліп  айта береміз.

                Енді ақынның мол шығармаларынан  мысал келтіріп ондағы метафоралардың  жасалу жолдарына талдау жасап  көрелік. Жалпы есімдер метафоралануға өте бейім келеді.

 

Шашырап күннің алтын табағынан,

Шарықтап шаңырауда на қыран.

 

Тау-дастан,

Ана жердің төсіне

Алып сәби жармасқан.

 

Қызыл-күрең  алау оттың  орнында

Қылымсыған қыз-сағымдар көшуде.

 

Өмір деген – бір  жарқ еткен найзағай,

Өмір деген – көк  аспанның күркірі.

Жоғарыда берілген өлең шумақтарындағы мтафораланып тұрған жалпы есімдер  жел, жер, тау, күн, дүние, найзағай, жапырақ, кеуде, жүрек, көңіл, уақыт, өмір өлеңде образ ретінде жұмсалған. Ақынның  метафораларды тамаша бергенін байқаймыз.

Қыз – тіршілік, міне тағы мойныңа асылады,

Асылады да саусағымен сипағандай басыңды.

 

Қалғыдың қалпыңша қар-өмір,

Жалаңаш нәресте келгенін

Самарқау қабылдап, әйтеуір...

Осы келтірілген өлең шүмақтарында жансыз дүниелердің барлығы жанданып суретті, бейнелі образ құрап, табиғаттың тылсым күштерімен сөйлесіп, әртүрлі  заттық ұғымдар өлеңнің көркемдік  дәрежесін биіктете түседі. Стильдік бояуы айқын, жалқы есімдер де метафораланған.

 

Алматы – жүрегі Алатаудың!

Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген.

Жүрегім – Африка, баурым – Кипр,

Миым – Мұзды мұхиттай.

Не істемекпін?

Мәңгілік тұтқын етіп қарт – Сібір,

Қарт ғасырдың ап қалды.

Ата-Сібір аң күрісін жамылып

Жата кетті жантайып.

Жеді, Тынды.. Керемет дерттер  төніп,

Кең кеуде кетті ғой  кектер сөніп.

Қасым деген-қалғығн жанартау ғой,

Жанартау  ғой.

Жанды да кетті өртеніп.

Түсінем. Қасым-тағдыр қасымда  жүр,

Басымда тұр, көзінің жасында  тұр.

        Жоғарыда  берілген жалқы есім метафоралар  мағыналық байланыста айтылған. Географиялық атаулар метафора  ізінде жұмсалып, өлеңді сөйлемнің  негізгі идеясына айналған.

        Осы метафораланған сөздер Мұқағали өлеңдерінде жаңа образдар жасап, қазақ тіл білімі сөзжасамында тың қолданыстар туғызады. Осының негізінде сөздердің экспрессивті әсері мен эмоционалдық бояуы арта түседі.   

                     Кісі атына байланысты өлеңде қолданылған жалқы есім метафоралар да әсерлі метафора-образдар. Мәселен, Қасым деген-қалғыған жанартау ғой. Қасым ақын-тау, брақ жай тау емес қалғыған жанартау метафоралық тіркесім арқылы берілген ой Қасы ақынның кім екенін таныта, рухын биіктете түседі.

     Ақын поэмалары да адамның ішкі жан тереңін нәзік сезімдерін күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелейді.

       Терең  оймен, ымтық ықылас сезіммен, халқын сүйген жүрекпен жазылған  Мұқағали шығармаларының бірі  «Райымбек».

Өткен жылдар өшкен жоқ  санада тұр.

Талай сауыт тоздырды дала батыр.

   Есімі елінің ұранына  айналған, жоңғар басқыншыларына  қарсы күрескен Райымбек сынды  қазақ батырының өмір жолы  өз халқының тағдырымен бірге,  бірлікте алынып суреттеледі.

        М.Мақатаев  шығармашылығын зерделей отырып, ақындық алымы мен қарымын  аңғартатын шоқтығы биік туындылары  -  поэмаларынатоқталар болсақ, жалпы  алғанда, поэмалардың саны-12. Олар: «Мавр», «Ильич», «Большевиктер», «Чили-шуағым  менің», «Алтай-Атырау», «Райымбек,  Райымбек!», «Бала шақтан-болашаққа», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт», «Жан азасы», «Ару-ана», «Ақ қайың әні», «Мұзбалақ».

        «Ару-ана», «Мавр», «Ильич», «Большевиктер»  поэмалары, тақырыбы айтып тұрғандай,  кеңістік идеологияларға сай  жазылса, «»

      Бала шақтан-болашаққа

 Поэмасында өз өмірінің  бел-белестерінде, жадында айрықша  сақталған сәттер жыр арқауына  айналған. «Ақ қайың әнінде» Бағдат  пен Бану арасындағы махаббат, тағдырдың қатал жазуы, өмірлік  драма, «Мұзбалақ» поэмасында  қапыда қолға түскен қыран өмірі өлең өзегіне өрілген.

  «Чили-шуағым менің»  поэмасы Испанияның ұлы ақыны  Табло Нерудаға арнап жазса,  «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы  табиғат сұлулығы, ана махаббат  қоса көрініс тапқан тамаша  туынды. «Райымбек» поэмасында жоңғарларға  қарсы шайқаста асқан ерлігімен,  ақылдылығымен айрықшаланған Райымбек  батыр туралы толғанады.

Бір күндік сәуле...

Бір күндік жарық мекенім!

Мәңгілік түнек-қапасқа қалай  кетемін?

Келмейді-ау тілім...

Өлгеннен сұра дер едім

Тірі жандарға,

Өмірде,

Өмір дегенің не екенін

Өмір дегенге

Тірлікте, сірә, жетер ме ой

Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер  ғой.

Бкер ғой бәрі,

Бекр ғой бәрі, бөтен ғой,

Өмір дегенің – бір күндік Сәуле екен ғой!

 Поэмаларымен қоса, ақынның  аудармалары да бір төбе.

   Үнемі ізденіс  үстінде ілгерілеумен болған  ол У.Уитменнің жырларын аударып,  «Шөп жапырақтары» деген атпен  шығарады. Ағылшынның ұлы ақын-драматургі  В.Шекспирдің сонеттерін қазақша  сөйлетті, италияның әлемге әйгілі  ақыны Дантеннің әлем әдебиетінің  алтын қорына енген «Құдіретті  комедиясын» ана тілімізге тәржімелеп, қазақ поэзиясының көркемдік  тәжірибесін байытуға өз үлесін  қосты.

      М.Мақатаев  соңында көптеген өлеңдері мен  поэмалары, баллада, новелла, ішінара  прозалық шыармалары қалды. Күнделіктері  мен хаттары да авторды өмір  жолындағы алуан сырларын жеткізеді.  Қазақстан жазушылар одағы жылдың  ең дарынды жас ақынына арнап  Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық  тағайындалды.

 

Викториналық  сұрақтар:

  1. Мұқағалидің неше кітабы жарық көрді?
  2. М.Мақатаевқа ҚР мемлекеттік сыйлығы қашан берілді?
  3. Тұңғыш өлеңі қашан, қай газетте басылды?
  4. «Райымбек» поэмасындағы Райымбектің әкесінің аты?
  5. Мектеп бағдарламасында өтетін Мұқағалидың қыс туралы өлеңі қалай аталады? 

 


Мұқағали жырлары