Мұғалім беделі – білім сапасының
кепілі
28-Сәуір, 2011
Пікірлерді көру
Ұстаздық өте жауапты мамандық
екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің
де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің
де, тарихтың да, ұлттың да, мәдениеттің
де, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы
мінез бен ақындықтың да нағыз
жанды өкілі. Үнемі бала көзінде
болу әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді
талап етеді. Кез келген уақытта
шәкірттің қандай да болсын сұрағына
білімділікпен жауап беруге тура
келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем,
жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың
әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез
сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы,
ұстамдылығы күн сайын балалар
тарапынан баға алып отырады. Ол –
әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы.
Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік,
жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз
– білім беру сапасын арттыру
саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол
– мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін
шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің
өркениетті даму саясатының мектептегі
насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен
айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі.
Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс
мәдениетімен де, мектепте және мектептен
тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің
эталондық бейнесі болып табылады.
Сондықтан да мұғалімнің оқу-әдістемелік,
әлеуметтік-материалдық жағдайын жақсарту
жолымен оның беделін мүмкіндігінше
арттырып отыру мемлекетіміздің
білім беру саясатындағы негізгі
басымдықтардың бірі болуға тиіс деп
ойлаймын.
Бұл орайда осы мақсатта
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз» атты
Жолдауында: «Білім берудің сапасын
арттыру және қолжетімдігін кеңейту
үшін білім беруге қолдау көрсетудің
жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын
енгізу» міндеттерін белгілеп
берді. Сондай-ақ, Жолдауда көрсетілгендей,
«Қазақстандықтарда мемлекеттен
пайыздық бонустар ала отырып,
балаларын оқытуға қаржы жинаудың
жаңа мүмкіндіктері пайда болуы
тиіс» және осымен қатар «2015
жылға қарай білім беру ұйымдарының
50%-ы электронды оқытуды пайдаланып,
2020 жылға қарай оның саны 90%-ға
дейін артады». Бұл шаралар,
сөз жоқ, мұғалім беделін арттыратын
жаңа көздер болып табылады.
Сонымен бірге үстіміздегі
жылғы 11-12 мамыр аралығында республика
көлемінде өткізілгелі отырған
еліміздегі математик мұғалімдердің
I съезінің өткізілуі де мектеп
мұғалімінің беделін, абыройын
арттырары сөзсіз. Себебі мектепте
оқушылардың математика пәнінен
білім сапасының артуы үшін
аянбай еңбек етіп жүрген мұғалімдерге
бұл шара педагог қауымға үлкен
серпіліс берері анық. Педагог
қауым аталған іс-шарадан өздерінің
кәсіптік мүдде-мұраттарының, тілек-үміттерінің
жан-жақты сөз болып, оң бағыт
алатынын күтеді. Математик мұғалімдер
съезінің шақырылуы әлемдік білім
беру ісінде өзекті арқау болып
табылатын оқушылардың математика
негіздерін сапалы меңгеруінің
деңгейін арттырудағы шығармашылық
ізденісі деп бағалаймыз.
Қазақстан Республикасы өзінің
Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен
бастап-ақ мектеп дамуына қолдау
көрсетуді назарына ұстап келеді.
Елбасы Қазақстанда жас ұрпақтың
әлемдік стандартқа сай білім
алуы үшін қажетті жағдайлардың
жасалғанын айта келе, «бұл –
мемлекеттің даму саясатының
басым бағыттарының бірі», –
деп атап көрсетті. Бұл орайда
мемлекетіміз мектеп мұғалімдерінің
беделін көтеруде жан-жақты қолдау
көрсетіп, білім саясатына басымдық
беріп келеді. Ұстаз беделін қоғам
алдында көтеру үшін Елбасының
тікелей өз Жарлығымен еліміздегі
ең жоғары марапат – Қазақстанның
Еңбек Ері атағы мен «Алтын
жұлдыз» белгісі және «Отан»
ордені ең бірінші рет ұстазға
берілді. Бұл – мектеп мұғалімінің
еңбегі елімізде жоғары құрметке
ие екендігінің айғағы.
Қазақстан бүкіләлемдік қаржы-экономикалық
дағдарыстар жағдайында да халықтың
әл-ауқатының артуына мүмкіндігінше
қолдау жасап келеді. Соның ішінде
мектеп мұғалімдерінің жалақысы
жылма-жыл сатылап өсіп жатқанына
бәріміз де куәміз.
Мұғалім еңбегі нағыз беделге
ие болуы үшін оған жақсы
мектеп керек. Бұл жағынан да
ел басқарып отырған азаматтар
аянып қалып отырған жоқ. Білім
беру жүйесінің дамуына үлкен
серпін берген «100 мектеп, 100 аурухана»
бағдарламасының мәні – түптеп
келгенде, білім сапасын арттыру
үшін жасалған игі іс. Сондықтан да Елбасымыздың
биылғы Жолдауында таяудағы жылдарда
жаңадан 400 мектеп салу мәселесі көтерілген.
Әрине, мұғалімге қойылып
отырған қоғамдық талап өскен
сайын мұғалімнің жауапкершілігі
де өсе түсуі тиіс. Мұғалімдер
қауымы оны жақсы түсінеді. Түсінгендіктен
де ол қашан да болса ұрпақ
тәрбиесіне адал қарайды. Абай
айтқандай, «адамшылықтың алды
– махаббат, ғаділет пен сезім.
Бұлардың керек емес жері жоқ».
Мұғалімдердің балаларға деген
сүйіспеншілігі, қоғамға деген жауапкершілік
сезімі өрлей бермесе, кемімейді.
Осынау азаматтық, парасаттық, адамгершілік,
ұждан қала мектептері мұғалімдерін
табыстан табысқа жетелеп келеді.
Алайда мұғалімнің осы жанқиярлық
еңбегі зая кетпес үшін беделіне
қатысты оның еркіндегі және
еркінен тыс көптеген шарттар
бар екені белгілі.
Мұғалім беделі, негізінен, ішкі
субъективтік және сыртқы объективтік
факторлардан түзілмек. Ішкі субъективтік
факторлар дегеніміз – мұғалімнің
өз басының педагогикалық қызметіне
көзқарасы, оның қатынасы, мінез-құлқы,
жеке мәдениеттілігі, білімділігі,
іскерлігі, ұйымдастырушылық қабілеті,
мейірімділік пен жанашырлық
қасиеттері және шығармашылық
еңбегі мен жаңашылдық ізденістері.
Сыртқы объективтік факторларға,
біріншіден, мектеп ішінде мұғалімнің
дұрыс еңбектенуіне жасалынатын
оқу-материалдық, оқу-әдістемелік,
әкімшілік-ұйымдастырушылық жағдайлар
мен мектепішілік психологиялық-педагогикалық
ахуал, т.б. көздер жатса; екіншіден,
мектептен тыс факторлар деп
мұғалімнің жалақысы, мұғалімдік
істі марапаттау, мұғалімдерге мемлекеттік
атқару органдарының жан-жақты
қолдау көрсетуі, бұқаралық ақпараттық
құралдар арқылы жүргізілетін
үлгі насихаттар, ата-аналардың көзқарасы,
т.б айтамыз. Бұл екі фактор
өзара тығыз байланысты. Ішкі
факторлардың өзектілігі сыртқы
факторлардың болуын жеделдетсе,
ішкі факторлар өз кезегінде
сыртқы факторларға оң пропорционал.
Бір мақалада бұл факторлардың
әрқайсысын ашып көрсетуге оның
көлемі көтермейді. Сондықтан олардың
ішіндегі кейбір мәселелерге
көңіл аударғым келеді. Ендігі
жерде Тәуелсіздігіміз жан-жақты
орнығып, еліміздің экономикасы
өрлеуге бағыт алған тұста
ұстаздар қауымы мемлекеттік
бюджет тарапынан өзге жергілікті
басқару ұйымдарынан да материалдық
қолдауын қажет етіп отыр. Бұл
орайда Алматы қаласының мектеп
мұғалімдерінің шығармашылық талпыныстарына
қала әкімі Ахметжан Есімовтің
жергілікті қаражаттық қор есебінен
қолдау көрсетіп отырғанының
куәсі болудамыз. Жаңашылдық жаршысы
Ахметжан Смағұлұлы мектеп саласында
педагогикалық жаңашылдықтың орнығып,
дамуына айрықша ықылас танытуда.
Бүгінде қаламыздың жас мұғалімдері
әулетінің ішінен ұстаздық өзіндік
бет-бейнесі бар, жүрек қалауымен
еңбек ететін, жаңашылдыққа ден
қойып, шығармашылық еңбекпен
үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп
жүрген жас педагог кадрларға
жалақысына 50% үстеме жалақы қосып
төлеуді, сондай-ақ 1-4-сынып оқушыларын
бір мезгіл тегін тамақтандыруды
ұйымдастырып, бақылауға алған. Жас
ұрпақ денсаулығын сақтауда мектептерді
тегін таза ауызсумен қамтамасыз
ету жолға қойылған. Осындай игі
бастамашылдық еліміздің барлық
өңірлерінде көрініс тауып жатса,
нұр үстіне нұр болар еді.
Әрине, жергілікті қаражат
көздері есебінен қолдау жасаумен
бір аймақтың өзіндегі барлық
мұғалімдерді қамту қиын. Ол үшін
бүкіл мемлекет бойынша бірыңғай
шаралар керектігі, еліміздің
экономикалық-әлеуметтік дамуының
2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында
мұғалімдерге жаппай қолдау көрсетуді
бірте-бірте арттыру көзделген.
Елбасымыздың өзі тікелей стратегияны
жүзеге асыру кезеңдерін атап,
нақты бағыттарды айқындап берді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні – қандай қиындық болса
да, мұғалімдер азаматтық ұжданын
сақтайды. Егер азаматтық ұжданды,
Шәкәрім айтқандай түсінсек, әр
адамда: «Нысап, әділет, мейірім –
үшеуін қосып айтқанда, ұждан
бар». Қазіргі мектепті сақтап
тұрған – осы нысап, әділет,
мейірім. Мұғалімдеріміздің бойындағы
осы ұжданды бекіте түссек, олар
еліміз межелеп отырған қандай
міндеттерге болса да жас ұрпақты
дайындау ісінде аянбай еңбек
ететініне кәміл сенеміз.
БІЛІМ САПАСЫНЫҢ
КӨРСЕТКІШІ МҰҒАЛІМ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
МЕН ОНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНА ТӘУЕЛДІ
Бір замандары тамыры бір мемлекеттің
идеясына байланып, одан кейін өз тәуелсіздігін
жариялап, төркүл дүниеге әр қырынан
танылып жатқан Достастық елдерінің
мұғалімдері мен білім қызметкерлерінің
тұңғыш съезінің екінші күнгі жұмысы
негізінен білім сапасын көтеруге,
мұғалім дайындау ісін жандандыруға
бағытталды. Алғашқы сөзді Ресей
Федерациясының Білім және ғылым
министрі Андрей Фурсенко алып, жаһандану
заманында білім беру ісін бірлікте
жүргізудің пайдасы ерекше болатынын,
бұл халықаралық деңгейдегі білім
бәсекелестігіне кең жол ашып,
қабілеттіліктің артуына, мемлекеттердің
интеллектуалдық, кәсіби әлеуетінің тұрақты
өсуіне тигізетін септігіне тоқталды.
Әрбір елдегі жақсы жетістікті білім
стандартына сай қолданудың еш артықтығы
жоқтығын тілге тиек ете келе, ол
осыдан біраз жыл бұрынғы қиындықтар
тұсында демографиялық ахуалдың
құлдырап кеткенін, ауылдық жерлердегі
шағын мектептерде бала саны 10-15-тен
аспай қалғанына нақты мысалдар
келтіріп, мұғалімнің беделін көтеру
мәселесіне ерекше тоқталды. Мектепте
химия, математика, физика пәндерін жақсы
оқытпаған жерде ел экономикасын
көтеретін азаматтардың шықпайтынын,
мықты экономистер мен инженердің
болмайтынын, ол пәндерге жауапты мұғалім
екенін айта келіп, осыдан 20-30 жыл бұрын
көшбасшы да, үлгі алар, өнеге көрсетер
адам мұғалім болатын. Қазіргі мұғалімдер
сол дәрежеде дей алмасақ керек.
Себебі, осы күнгі оқушылар пәнге
қатысты деректерді интернеттен, теледидарлардан,
өзге де жерлерден алады. Ендеше, осындай
заманда мұғалімнің мәртебесін қалай
көтереміз, – деген министр Николай
біріншінің Александр Пушкинге: реформаны
бастамас бұрын не істеген жөн
деген сұрақ қойғанын, сонда ақын
іркілместен білімнің іргетасын
мықты қаламай надандықты жоя
алмайсың, – дегенін айтты. Осы
тәмсілді алға тарта отырып, ол жаңа
заманның мектебі қалай болу керек
деген ойға жауап беріп бақты.
Жаңа мектеп – барлық адамға ортақ,
жаңа мектепте – жаңа заманға сай
білім беретін білімді, білікті
мұғалім болуы тиіс, жаңа мектеп
– тек мұғалім мен баланың
ғана емес, ата-ананың, қоғамдық ұйымдардың
ұйытқысы, уақыт талабына жауап беретін
инфрақұрылым, ең бастысы білім сапасының
тұғыры екенін еске салды. Ал оқу бағдарламасы
бұрынғыдай қатып қалған қасаңдықтан
арылып, қағазбастылықтан құтылып, мұғалімдерге
еркіндік берілуі тиіс. Бірақ бұл
арадағы еркіндіктің арғы жағында
мұғалімнің жоғарыда айтқан көшбасшылығы,
білімділігі, парасаты жатуы тиіс. Ондай
болмаған жағдайда барлық іс сөз жүзінде
қалып қояды. Мұғалімнің мәртебесін
көтеру дегенде, бірінші –моральдық
жағынан, екінші – материалдық жағынан
жақсы мүмкіндіктер қарастырылуы
керек. Біз 2010 жылды Ресей мұғалімдерінің
жылы деп жариялап отырмыз. Тағы бір
айтарым, талантты мұғалім мен талапты
балаға әркез қамқорлық көрсетіп
отыру керек, деген ол білім –
тәрбие орныққан жерде оқушының бойына
даритынын айта келіп, тәрбиенің
басы рухани құндылықтарда жатқанын,
өзінің жастайынан елдің ардақты
ұлдарын үлгі етіп өскенін, күні бүгінге
дейін сол үрдісті жалғастырып
келе жатқанын, әсіресе Отанын сүюде
Бауыржан Момышұлына деген ілтипатының
ерекше екенін білдіріп, Александр
Бектің “Волоколамск тас жолы”
повесін, қазақтың қас батырының
“Артымызда Мәскеу”, т.б. шығармаларын
атап өтті.
Білім және ғылым вице-министрі Махметқали
Сарыбеков “Қазақстан Республикасындағы
жоғары педагогикалық білімді жаңарту”
деген тақырып бойынша ой қозғап,
еліміздегі жасалып жатқан білім
реформасы, мұғалімдердің білімін
жетілдіру, білім мазмұнын арттыру
мәселелеріне де тоқталып, сондай-ақ осы
саладағы жаңа білім технологиясы туралы
да мәлімет берді.
Съезд делегаттары бірнеше секцияда
жұмыс істеді. Онда білім сапасын
білім беру жүйесін қамтамасыз етуші
фактор ретінде қарау, білім ұяларын
нормативтік, оқу әдістемелік жағынан
толтырып отыру, оқулықтар мен оқу
әдістемелерін әзірлеу, жетілдіру,
кадр әлеуетін арттыру және тағы басқа
мәселелер пікір бөлісуге арқау
болды.
Сол секілді құрылтайда педагогикалық
ынтымақтастықты зерттеп, зерделеу,
интеллектуалды тұлғаны қалыптастырудағы
психологиялық-педагогикалық тәжірибе,
қазіргі заманғы оқыту технологиялары
мен электронды білім ресурстарының
жаңа буынын қалыптастыру, көп тілділік
пен халықаралық ынтымақтастыққа
жету жайы да жан-жақты сөз болды.
Сондай-ақ оқулық пен оқу әдістемелерді
әр елдің ерекшелігіне қарай жазу
мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.
Оның кейбір үлгілері көрмеден көрініс
тапқанына куә болдық.
ТМД мемлекеттері мұғалімдері мен
білім қызметкерлерінің бұл съезінде
білім берудің толғақты мәселелері
қозғалып, әсіресе, жаратылыстану пәндерін
оқыту, ортақ оқулықтар шығару жайы
да қозғалды. Оқулық туралы әңгіме қозғағанда
бірден айтайық, біз өзге мемлекеттердің,
оның ішінде Ресейдің оқулықтарын баяғыдағыдай
көшіріп алу деген ойдан мүлде
аулақпыз. Біздің ғалымдар мен жаңашыл
мұғалімдер Ресей, өзге де елдердің оқымыстылары
бірлесе отырып, Отанымыздың білім
бағдарламасына, оқу стандартына
сай жазылатын болады, деген Білім
және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев
құрылтайда көтерілген мәселелер болашақта
өз шешімін табатынына сенім білдіре
келіп, оқулыққа арналған мұндай басқосу
алдағы уақытта Армения не Беларусь
елінде өтетінін, білім беру саласы
бойынша Қазақстан мен Армения
арасындағы ынтымақтастыққа, сол секілді
Қазақ елінің біліктілікті арттыру
институты мен Ресейдің біліктілікті
арттыру және қайта даярлау академиясы
арасында да ынтымақтастыққа қол
қойылғанын, өзге де мемлекеттермен қарым-қатынасты
нығайту туралы құжаттар қабылданғанын
алға тартты.
Сонымен жиырма екі жылдан кейін
бас қосқан Достастық елдерінің
мұғалімдері мен білім қызметкерлері
алқалы жиынға арқау болған білім
беру мен ұрпақ тәрбиесі, мұғалім
жауапкершілігі, оқулық жазу, әдістемелер
шығару, жаңа білім технологиясын
бірлесіп жүзеге асыру туралы нақты
ұсыныс-пікірді айтып қана қоймай,
оны алдағы уақытта бірлікте жүзеге
асыруға келісті.
МҰҒАЛІМ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН БІЛУІ
КЕРЕК
Екі күн ішінде көптеген ұсыныс-пікірлер
айтылды. Соның ішінде еліміздің Білім
және ғылым вице-министрі М.Сарыбековтің
“Қазақстан Республикасындағы жоғары
педагогикалық білімді жаңғырту”, Ресей
Федерациясының Білім және ғылым министрі
А.Фурсенконың “Қазіргі заманғы мектептік
білім ТМД кеңістігіндегі біріктіретін
фактор ретінде” деген баяндамаларындағы
айтылған тың идеялар маған қатты ұнады.
Өйткені, екеуінде де мұғалім туралы, олардың
дайындығы туралы өте жақсы пікірлер қозғалды.
Бүгінгі таңда мектепте мұғалімнен бала
білімді болып келеді. Интернет, БАҚ дегендерден
жан-жақты сусындайтын балалар қашанда
білуге құштар келеді. Сондықтан да осы
жерде мұғалімнің де әрдайым өздерін жетілдіруге
асыққандары жақсы.
Мұғалім өз қызметін білуі керек. Құрылтайда
көтерілген басты мәселе де осы болды.
Білім саласы деп жатырмыз, осының
бәрі мұғалімнің дайындығына тәуелді.
Әр мұғалім алдында отырған балаға
ұлттың болашағы, елдің ертеңі деп
қарасын. Университетке, институтқа мұғалімдік
мамандыққа талапкерлерді қабылдап
жатамыз. Сол талапкерлердің бала тәрбиелеуге,
сабақ оқытуға қабілеті бар ма,
жоқ па, бұл ескерілмейді. Мұндай
жағдайда білімді мұғалім қайдан
шығады? Талапкердің білімін адам
арқылы емес, “өлі тест” арқылы бағалайтын
болдық. Мен – мұны қолдамайтын
адаммын. Мұғалім даярлауды түбірімен
өзгертуіміз керек. Сонда ғана мұғалімнің
беделі артады. Осы мамандыққа деген
ұмтылыс, яғни талапкерлер көбейеді.
Қазір әр облыс өздерінше институт
ашып, мұғалімдерді қайта даярлап
жатады. Соның бәрінде жұмыс сапалы
жүреді дегенге мен сене қоймаймын.
Мұндай институттың беделін көтеру
керек. Беделі жоғын, тек ақша жасап отырғандарын
жауып, ірілендіру қажет. Сөйтіп, мұғалім
мамандығын жетілдіретін мықты университеттер
ашып, онда мықты ғалымдар, жаңашыл ұстаздар
дәріс оқуы тиіс.
РОБОТ ЖАСАУДАН ДА БӘСЕКЕГЕ
ТҮСЕТІН КҮН АЛЫС ЕМЕС
Александр ЖУРБЕНКО, Семей қаласындағы
тұңғыш Президенттің интеллектуалды мектебі
физика пәнінің оқытушысы.
Білім беру саласындағы аса көңіл
аударатын әрі зор табыс алып
келетін ол жаратылыстану пәндерін
оқытуды жетілдіру болып табылады.
Бүгінгі таңда жаратылыстану
ғылымдарының араласпайтын саласы мүлдем
жоқ десе де болады. Сондықтан да
бұл пәндерді терең оқытсақ болашақта
бәсекеге төтеп бере аламыз. Соның
ішінде кенжелеп қалған робот жасауды
қолға алу керек. Көріп отырғандарыңыздай,
көрмеге қойылған 4 роботтың бәрін
өзіміз оқушылармен бірге жасап
шықтық. Робот жасау техникасының
курстары тұңғыш Президенттің интеллектуалды
мектебінде бесінші сыныптан бастап
оқытылады. Апта сайын практикалық
дәрістер жүргізіледі. Осы салаға бейімделген
оқушылардың тарапынан қызығушылық
өте жоғары деңгейде. Білім беру
барысында оқушылар робот құрылымдарын
үйренеді. Олар қарапайым тапсырмаларды
орындай алатын роботтарды жасайды.
Робот ол жай ғана темір-терсектерден
жасай салған ойыншық емес, ол адам
жұмысын жеңілдететін, көмекші. Роботты
бағдарлай алатын маман ол – нағыз
бәсекеге қабілетті адам. Сол себепті
де бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселеге
зор ықылас аударғанымыз жөн. Мемлекет
тарапынан үлкен қолдаулар болатын
болса, робот жасаудан біз де бәсекеге
түсетін боламыз.
БІЛІМ САПАСЫ – АДАМЗАТ
ДАМУ ПРОГРЕСІНІҢ ЕҢ ҮЗДІГІ
Нәсіпқали ДӘУЛЕТОВ, Батыс Қазақстан
облысындағы мамандандырылған дарынды
балалар мектебінің директоры, педагогика
ғылымдарының кандидаты, “Құрмет” орденінің
иегері.
– Бұл съездің маңызы өте жоғары.
Соңғы 15-20 жылда қай ұлт, қай ел,
қай республика қандай жаңалықтар тапты,
өздерінің ерекшеліктеріне сай
ағарту жүйесін дамытуда қандай инновациялық
жаңалықтар ашылғанын естіп білдік.
Заман талабы әрбір адамның, әрбір
оқушының жеке тұлға ретіндегі дамуын
қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз, білім
инновациясының негізгі қағидаты. Кеңес
мектебінде қалыптасқан ағарту жүйесіне
біз үлкен жаңалықтар, табанды
реформалар жасай алмай отырмыз.
Ал енді реформа жасау үшін, жаңалықтар
енгізу үшін, өзге елдердің жеткен жетістіктерін
көріп талдай алуымыз керек. Әрине,
бізде үлкен жаңалықтар бар. Бейінді
білім беру осы бағыттың бастамасы
болып отыр. Бейінді білім беру
саласында әсіресе мамандандырылған
дарынды балалар мектебі, лицей-гимназиялар
өте жоғары деңгейде тәжірибелер
жинақтады. Екінші қол жеткен жаңалығымыз,
ол – әлемдік білім кеңістігіне
сәйкес келетін жаңалық – тестік
модельдің біздің ағарту жүйемізге
енуі. Тестік модель өзінің оқушыға
қоятын талабы жағынан, мемлекеттік
стандарттың орындалу деңгейі қаншалықты
дәрежеде жүріп жатқандығын анықтауда
үлкен рөл атқарып отыр.
Бір айта кететін жайт, білім сапасын
біз тек қана “Алтын белгі” немесе
“грант” иегерінің санымен есептейтін
болсақ, онда білім жүйесі үлкен
қателікке ұшырайды. Сапа – ең алдымен
ғылымда философиялық түсінік. Біз
сол арқылы әрбір оқушының қандай
дәрежеде білім алғандығын анықтай
аламыз. Білім сапасы дегенде екі
нәрсені ескеруіміз керек. Біріншісі
әрбір баланың өз қабілетіне және
қабілетінің ең жоғары деңгейіне
сәйкес білім берілуі керек. Екіншіден,
ол білім қазіргі қоғамның қойып
отырған талабына жауап беретіндей
болуы тиіс.
РОБОТ ЖАСАУ МЕН ҮШІН
ҚИЫН ЕМЕС
Темірлан ЖҰМАНОВ, Астана қаласындағы
тұңғыш Президенттің интеллектуалды мектебінің
8-сынып оқушысы.
Компьютердің, соның ішінде бағдарлаудың
тілін жақсы меңгерген адам үшін
робот жасау қиын емес. Біздің мектепте
5 сыныпта оқитын оқушының өзі қарапайым
роботтарды емін-еркін жасап бере
алады. Біз шетелдерге шығып, өзге елдердің
тәжірибелеріне сүйене отырып, өзіміздің
жаңа идеяларымызды қосып, бүгінде
күрделі қимылдарды орындайтын 10-ға
жуық роботты жасадық. Алғашқы кезде
роботтарды біз шетелдерден сатып
алып келіп, жетекшілерімізбен бірге
оның құрылымдық ерекшеліктеріне назар
аудара отырып, үйренуге кірістік. Көп
ұзамай өзіміз де оны жасауға бейімделдік.
Роботты бағдарлау барысында
оның амалдарына аса мұқияттылықпен
қараған абзал. Өйткені, роботқа
дұрыс бағдарлама енгізбесе, ол адамның
өміріне қауіпті қимылдарды да орындауы
ықтимал.
ҰЛТТЫҚ ЖОБА – ӘР ЕЛДІҢ
МАҚТАНЫШЫ БОЛУЫ ТИІС
Александр АЛЕСИMНОК, Беларусь Республикасы.
Әр елдің білім беру кеңістігінде
өзіндік ұлттық жобалары болады. Ұлттық
жобаны қалыптастыруда екі басты
факторды ескеруіміз керек. Біріншіден,
әр елдің өндірісінің, шаруашылығының,
менталитетінің ерекшеліктеріне сәйкес
оқу-ағарту жүйесі болады. Яғни, білім
беруде әр ұлт өзінің ерекшеліктерін
ескере отырып білім сапасын жетілдіруі
керек. Ал екіншісі, дүниежүзілік деңгейде
экономиканың, инфрақұрылымдық жүйелердің
дамуына жауап бере алатындай
білім беруіміз керек. Сонымен қатар,
білім берудегі аса көңіл аударатын
нәрсе, ол ұстаздардың әлеуметтік жағдайы.
Қоғамда ұстаз мәртебесін қалай
биіктете аламыз деген сұрақ төңірегінде
ойланатын болсақ, ең біріншіден, оқытушыларды
толық кәсібилік тұрғыдан да, әлеуметтік
жағынан да қолдап, жалақыларын мейлінше
жоғарылату керек. Мәселен, көптеген батыс
елдерінде мұғалімнің жалақылары шенеуніктердің,
тіпті министрлердің табыстарынан
да жоғары. Мінеки, олардың еңбектеріне
осылайша ілтипат көрсетілетін болса,
сонда ғана ұстаздардың жауапкершілігі
артады, оқушыларға үлкен талап қоя
біледі.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім
беруді 2010 жылға дейін дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық
және коммуникативтік технологияны
білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға
қолдану негізгі міндеттердің бірі
ретінде анықталады.
Ақпараттық-комуникациялық
технологияны бәсекеге қабілетті
ұлттық білім беру жүйесін
дамытуға және оның мүмкіндіктерін
әлемдік білімдік ортаға енудегі
сабақтастыққа қолдану негізгі
мәнге ие болып отыр.
Білім беруді
ақпараттандыру, білім салаларының
барлық қызметіне ақпараттық
технологияны енгізу және ұлттық
модельді қалыптастыру қазақстандық
білім беруді сапалы деңгейге
көтерудің алғы шарты.
Аталған
бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік,
материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік
және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру
педагог мамандарды даярлаудың
негізгі бағыттарының біріне
айналып отыр.
Білім беруді
қайта құру мұғалімінен үлкен
дайындықты талап етеді. Олай
болса, олардың тұлғалық қасиеттері
мен мамандық құзырлықтарына
жоғарғы талап қойылады. Қазіргі
уақытта мұғалім білім беру
жүйесіндегі кез келген қайта
құруларды педагогикалық процестің
негізгі субъектісіне айналып
отыр.
Қазіргі
мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық
технологияларды жете меңгерген
мамандық шеберлігі қалыптасқан
мұғалім қажет. Бір уақытта
педагог, психолог және оқу-процесін
ұйымдастырушы технолог бола
білуі керек. Сонымен қатар
оқушының шектеусіз қабілетін
дамыта алатындай білім берудің
әлемдік кеңістігін құруға қабілетті
бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің
мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша
айтқанда, білім беруді ақпараттандыру
процесі мұғалімнің дайындық
деңгейі мен мамандық сапасына
үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің
өзін-өзі дамуына, өзіндік білім
алуына және шығармашылық түрде
өздігінен қызметтерін іске асыруға
мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді
жаңа ақпараттық технологияны
өз қызметтеріне еркін пайдалана
білуіне және оқыту құралы
ретінде пайдалану бағыттары
бойынша білімдерін көтеру және
қайта даярлау курстарының мазмұнын
өзгертіп, жасақтау қажеттілігі
туындады. Педагог мамандардың біліктілігін
көтеру және қайта даярлауда
ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие
процесін ұйымдастырудың негізгі
құралдарын, жаңа әдістер мен
формаларды кез келген уақытта
таба білуіне мүмкіндік туғызу.
Мұндай жағдайда педагог мамандар
өзін-өзі дамытуына және өздігінен
білім алуына мүмкіндік алады.
Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі
– жаңа ақпараттық коммуникациялық
технологияны оқу-тәрбие процесіне
жан-жақты, әрі еркін пайдалана
білуге үйрету дайындау кезеңдерінің
сапалығымен анықталады.
Ақпараттық – коммуникациялық
технологияның оқыту процесіне
қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
Қазіргі заман талабына сай адамдардың
мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып
келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды
қалыптастыру қажетті шартқа айналып
отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың
мүшелері – жастардың бойында
ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның
алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты
адам-ақпараттың қажет кезін сезіну,
оны тауып алуға, бағалауға және
тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат
сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған
құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен
табыстарының бірі – осы ақпарат.
Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана
берсе, жастар санасын улайтын да
нәрсеге айналып кетуі мүмкін.
Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын
бөлігінің артуына байланысты болып
отыр. Интернеттің кең таралуына
орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін
кері процесінің күнен-күнге артып бара
жатқаны байқалады.
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі
жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді
таразылап , өмірдің мәнін жаңаша
түсінуге, болашақты барынша жете
дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін
біз өз күшімізді жарқын болашаққа
жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы,
көбіне оның білімімен және мәдениетімен
анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша,
білім жүйесін құру, қоғамды мына
күнде дамып отырған әлемге дайындау
– бүгінгі күннің ең негізгі және
өзекті мәселесі.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен
«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры»
деп аталады. Қазақстан Республикасы
да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі
белгісі – қоғамды ақпараттандыру
болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның,
мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының
бірі. Осы мәселені шешудегі басты
рөл мектепке жүктеледі.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан
қорғанған адам – ол технология
ауысуына және нарық талабына сай
терең білімді, әрі жан-жақты адам.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі
– тек біліммен қаруландырып қана
қоймай, өздігінен білім алуды
дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше
өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында
білім беру – адамға үздіксіз оқуға,
білім алуға жан-жақты білім
қызметін ұсынатын әлеуметтік институт
болуы керек.
Елімізде білім берудің жаңа
жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі
өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне
енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге,
мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен
міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы
жылдарының негізгі проблемаларының
бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан
«Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына
қте алатын білім жүйесінің ұйымдық
құрылымдарын іздеу болып табылады.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін
арттырудың жолдары өте көп. Соның
бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын
енгізуді атап өтуге болады.
Мұғалімнің ақпараттық –
коммуникациялық құзырлылығы мен
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Мұғалiмнің ақпараттық - коммуникациялық
құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн
қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз
педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi
ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне
айналып отыр. Қарастырылып отырған
мәселе "Жаңа ақпараттық - коммуникациялық
технологиялар" ұғымының пайда
болуымен және бiлiм беру саласында
компьютердiң қолданыла бастауымен
тығыз байланысты.
Жаңа ақпараттық технологиялар
дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды
даярлап, оны бiлiм алушыға беру
процесi. Бұл процестi icкe асырудан негiзгi
құрал компьютeр болып табылады.
Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын
шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық
мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн
зор құрал. Бiрақ әлі күнге
деЙін бiз осы зор құралдың
шексiз мүмкiндiктерiнің оннан
бiрiн де пайдалана алмай отырмыз.
Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің
ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы
мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына
немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда
бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық»
немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке
қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi,
түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

