Махмуд Кашкари. 2
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Реферат
Махмұд Қашқари
Орындаған
Тексерген оқытушы
Қарағанды-2012 жыл
Жоспар:
I-бөлім: Махмұд Қашқари өмірі.........................
II-бөлім: Ебектері......................
II.1 – Түркі жерінің дөңгелек картасы...............5 бет
II.2 – Түркі тілдерінің сөздігі.......................
II.2.1 – жазылу тарихы мен мақсаты
(З.Әуезова пікірлері)....................
II.2.2 – еңбекке сараптама (құрамына шолу)......7 бет
II2.2.1 – тәрбие мәселесі......................
II2.2.2 -аспан әлемі түркі түсінігінде..8 бет
II2.2.3 – түркіше жыл санау..................9 бет
II2.2.4 – ғұлама қазақ жері туралы.....10 бет
III-бөлім: Түркі өркениетіне әлемнің көзімен
(түркітанудағы өзгерістер; ғалымдардың пікірлері мен еңбекті бағалап, сараптауы)....................
III.1 – Қорытынды (Кононов сөздерімен)...................
Әдебиеттер....................
I-бөлім
Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029-1101) – түркі тілдерін дүние жүзінде тұңғыш зерттегеп, ең алғаш сөздігін құрастырушы – энциклопедист-ғалым. Туған жері Қарахан мемлекеті Қашқар қаласы. Әкесі Барысқан٭ қаласынан саяси жағдайларға (бәлкім қудалауларға) байланысты Қашқарға көшкендіктен, Махмұд Барысқанда туылуы мүмкін деген пікірлер бар. Қарахандар ақсүйектері ортасынан (династиясынан) шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғраханның (Бурахан٭) немересі – шамасы, Барысқан қаласының әскербасы қызметін атқарған. Заманында алыс аймақтарға әйгілі болып, саяси-шаруашылық және қоғамдық-әкімгершіліктің үлкен орталығына айналған Қашқарда оқып (әлде, жан-жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы Орта Азияның небір мықты басқа да шаһарлары мен кенттерінде – Бұқара, Нишапур, Самарқанд, Бағдад, Мерв٭ т.б. тұрып) білім алған Махмұд өз дәуірінің теңдесі жоқ атақты ғұламасы еді. Махмұдтың ана тілі – Қарахан мемлекеті қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі (ғалым оны «таза тіл» деп санайды). Ол тілде Іле бойын жайлайтын яғма, тухси, чығыл сияқты тайпалар сөйлеген.
Бізге мәлім түркітану түсінігінің егізін алушы Махмұд Қашқари, тілдерді меңгеріп зерттеу саласында алғаш салыстыру әдісін қолданып, зерттеуді тек лингвистика тұрғысынан ғана емес, тарихи, салт-дәстүрлік тұрғыдан да жүргізуді қолға алған. Ғұламаның мұндай талғамда жұмыстануына, өмірге көзқарасының қалыптасуына, бұдан алдыңғы буындағы шоқ жұлдыз - Жүсіп Баласағұнидың ықпалы мол болды. Жалпы ойға салсақ, әкесі қаланың әмірі, лауазымды әскербасы болған Махмұдқа кез келген қаладағы кез келген кітапхананың есігі ашық еді. Бұл тұстың Құнанбай бидің ұлы Абайдың жастық, іздену шағымен ұқсастығы барын көреміз.
Білуімізше, 960 ж. Қарахан мемлекеті түркі мемлекеттерінің арасында алғаш боп ислам дінін қабылдаған болатын. Ислам діні, оған қоса, араб тілі билеушілер мен лауазымды тұлғалар арасында кең тарай бастады. Осыған орай, Қашқаридың бойында тамаша арабша филологиялық білімнің жинақталуымен қатар, тұғырлы орта ғасырлық ислам ілімінің сан қилы тұстары да көрініс тапты. Классикалық араб, парсы тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін, олардың жалпы зерттелу дәрежесін өте жетік білген. Шығыс елдерінің (Қытай, Иран, Түркістан, Орта Азия, Рум, Еділ бойы, т.б.) әлеуметтік өмірі мен әдебиетін түбегейлі меңгерген.
Ғалым тегі түркі халықтар мекен еткен барлық жерлерді шарлап, түрлі тайпаларды кезіктірген.
٭ Барысқан - қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) қала.
٭ Боғра хан – ягма тайпасынан тараған Қарахан әулеті билеушілерінің лауазымы. Бұл тайпа түйені қасиетті жануар деп білуіне байланысты, тайпа билеушілері өз аттарына боғра лауазымын қоса айтатын болған.
٭ Мерв – Түркменстанның оңт. шығ. бөлігінде, Мүргәб өзенінің бойында орналасқан Орта Азияның ежелгі қаласы. Санджар сұлтан тұсындағы Селжұтардың астанасы. Қалада он кітапхана болған.
Сан қилы қызықты әңгімелерді, әр тайпаның пайда болуы туралы аңыз-ертегілерін, этнологияық ерекшеліктерін, шаруашылығын, мақал-мәтелдер мен ғибратлы сөздерін, әдеби мұраларын, әр тайпаның менталитеті мен исламға дейінгі наным сенімдерін қызыға зерттеген. Әсіресе ғалым филологияға баса зер салып, әр түркі тілдес тайпалардың сөйлеуін бақылай отырып, салыстыру жасап, тілдік ерекшеліктерін, диалекттік сөз орамдарын мағынасымен қоса қағазға түсірген. Мықты географ ретінде тайпалардың орналасқан орындары мен көші-қон жолдарын қағазға түсірген (бұл еңбегі жөнінде сәл кейінірек). В.В.Радлов М.Қашқариды «түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи әдіспен зерттеушілердің алғашқысы» болды деп көрсеткен еді. Осы оймен жалғас мынадай бір жағдайды да айта кеткен орынды: қазіргі жалпы білімнің «салыстырмалы-тарихи әдісі» дейтін саланың негізгі түп қазығы болып табылатын неміс ғалымы Франц Бопп٭ екен.Оның ісін жалғастырушылар көп болды. Соның ішіндегі аса көрнектісі – неміс Якоб Гримм (1785-1863 ж.). Ол «Неміс грамматикасың (1819 ж.) деген еңбегінде неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен салыстырып зерттеген. Сол үшін Ф.Энгельс Я.Гриммді герман тілдері-салыстырмалы грамматикасының негізін салушы данышпан ғалым деп бағалаған.
Мәселенің ең бір өкінішті жері – осы салада тер төккен мамандар салыстырмалы-тарихи әдістің ХІ ғасырдың ортасында-ақ М.Қашқари сияқты данышпан алыптың қаламынан туғанын білмеген еді.
II-бөлім
II.1.
Махмұд ибн әл-Құсайын сол кездегі (кейін өзі әңгіме ететін) түркі тілдерін жалпы бағдарлап шығу үшін оларды Румнан (Рим) бастап шығысқа қарай санап өтеді: печенег, қыпшақ, оғыз, йемек, башқұрт, басмыл, қай, йабғу, татар, қырғыз. Орналасу тәртібі жағынан қырғыздар Шын мемлекетімен көрші отырған. Одан әрі (күншығысқа қарай) чығыл, тухси, яғма, танут, қытай елдері орналасқан. Одан әрі табғаштар тұрады – олар Машын елі болып есептеледі.
Түркі тайпаларының орналасу тәртібін көрсету үшін М.Қашқари өзі карта жасаған (бұл – түркі халықтарының тарихындағы бірінші карта). Бірақ күні бүгінге дейін ол картаның сыры ашылмай келеді. М.Қашқари әкесінің туған жері «Барысқан» көрсетілген, дәл ортадағы ішкі төрт бұрыштың оң жағында жеке жазылған.
٭ Франц Бопп (1791-1867 ж.) - 1816 жылдан бастап еңбектер жаза бастаған еді («Үнді-еуропа тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы» т.б.).
Азды-көпті әңгіме болып жүрген еңбектерге қарағанда, ол картаның жүрек тұсы мен екі өкпесіне қазіргі Қазақстан аймағы түгел сыйған, оның бірсыпыра қалалары мен өзен-сулары атап көрсетілген.
II.2. «Түркі тілдерінің сөздігі»
***
II.2.1. (жазылу тарихы мен мақсаты)
Еңбек «Диуану луғат-ит-түрк» деп аталады. (1070–1074 ж. Бағдатта жазылған). Бұл ат орыс тіліне де, қазақ тіліне де (басқа түркі тілдеріне де) «Түркі тілдерінің жинағы» («Диуан» – жинақ деген сөз), «Түркі тілдерінің сөздігі» (еңбектің мазмұны сондай), тағы басқа аттармен әр қилы аударылып жүр. Кітаптың негізгі түпнұсқасы жоғалған. Махмұд ибн Құсайын бұдан бұрын «Түркі тілдері синтаксисінің асыл қазынасы жайындағы кітап» деген тағы бір еңбек жазған сияқты (автор оны «Диуанда» атап өтеді), бірақ ол әзір табылған жоқ.
М.Қашқари «Диуану луғат-ит-түрк» еңбегін Бағдат қаласында хижра есебімен 464 жылғы бесінші айдың алғашқы күнінде (қазіргі есебіміз бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған да, 466 жылғы алтыншы айдың 10 күні (1074 жылдың 10 ақпанында) аяқталған. Дайын тұрған «Диуани луғат-ит түрк» жазбасының бірінші нұсқасын ирандық Мұхаммед ибн Абулфатх екі ғасыр өткен соң, 1266 жылдың 1 авгусында көшіріп алса керек. Ол туралы көшірменің соңында былай деп жазылған: «Әуелі Саве, кейінірек Шам, яғни Дамаск қаласының тұрғыны Мұхаммед ибн Әбубәкір ибни Әбилфатих (оны тәңір жарылқасын!) осы кітапты түпнұсқасынан көшіріп, оны 664 жылы оныншы айдың жиырма жетінші жексенбі күні бітірді».
Бұл көшірмені алғаш рет 1914-15 жылдары түрік ғалымы Али Амири Стамбул базарында көне жәдігерлер сатушысының жүк салған арбасынан тауып, оны сатып алады. Ол Киласли Рифатқа қолжазбаны тәртіпке келтіруді табыстайды. Рифат еңбектің көшірмесін жасап 1915 жылы бірнішісі мен екіншісін, ал 1917 жылы үшінші кітапты Стамбулда басып шығарады. Ал алғашқы көшірме бүгінгі таңда Стамбул қаласында Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.
Кітапты Махмұд классикалық араб филологиясының үлгісімен араб тілінде жазған. Ол өзі «кітаптың жазу тәртібін Халил ибн Ахметтің٭
Китабу-л ‘айн деген еңбегінің ізімен түздім» деп атап өтеді.
Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді: «мен түріктер, түрікмендер, оғыздар, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым, сөз жинадым, әр алуан тіл ерекшеліктерін үйреніп, оларды анықтап отырдым. Мен бұл істерді тіл білмегендігімнен емес, сол тілдердегі әрбір жеке айырым белгілерді бақылау үшін істедім. Әйтпесе, мен тілдерді өте жақсы, жетік білетін мамандардың санатынанмын, жіті аңғарып, ескі мен жаңаны жыға танитын білімпаздардың бірімін», – дейді. Еңбек түрік халықтарының мәднеиеті, шаруашылығы, этнонимдері, топонимдері٭, халықтық календары, географиялық терминологиясы және көптеген басқа да мәліметтер алуға болатын, өзінше бір энциклопедиясы іспеттес.
Диуанидың алғашқы жолдарынан-ақ оның авторының кең дүниетанымында ислам мен араб мәдениетінің үлкен орын алатынын байқауға болады. Алғысөзінде кітаптың Әл-Мұхтадидың аббасидтік халифына арнап жазылганы айтылады.
«Мен бұл кітапты құдіретті Алладан жәрдем сұрай отырып, ұлы мәртебелінің {ұрпақ жалғастырушысы}, елшілердің, имамдардың, Хашимидтер мен Аббастардың қасиеттісі, халивтың әміршісі, біздің жарылқаушымыз - Абу-л-Касим Абдаллах ибн Мухаммад би-Амриллахқа мәңгілік естелік және сарқылмас қазына болсын деп жаздым...»
Диуаниды осылай халифқа арнай отырып, ғалым өзінің еңбегін ерекше рухани мәртебеге бөледі. Себебі, осы тұрғыдан қарағанда түркі тілдерін зерттеу жалпы мұсылмандық дәрежеге шарықтайтын болады. Қашқаридың еңбегінің мақсат бағдары да осы. И. А. Кононовтың айтуынша: «қашқаридың бұны жазудағы мақсаты – түркі тілінің мәртебесін көтеріп, араб тілінен еш кем түспейтінін дәлелдеу...»
***
II.2.2. (құрамына шолу)
Махмұд Қашқари мынандай мақсат қойды: тек түрік тіліне тиісті сөздерді ғана қарастыру. Сондықтан сөздікте: киімді, үй жабдықтарын, ауыл шаруашылық
٭ Топонимика - географиялық атау, олардың тегi, мағыналы мәні, дамуы, қазiргi күйі, жазылуы және айтылуын зерттейтін ғылым. Топонимика белгілі бір жерде болатын және география, тарих және лингвистика аяларының мәлiметтерін пайдаланатын интегралды ғылыми пән болып табылады.
٭ Әбу Абдур Рахман әл-Халил ибн Ахмет٭ ибн Аир Тамим әл-Азди әл-Фарагиди әл-Яхмади әл-Басри (717-791 ж.) Зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, талантты ақын, дарынды ғалым, араб метрикасының негізін салған әдебиетші болған. Тіл өнері мен өлең құрылысы жайында бірнеше кітап жазған. Китабу-л ‘айн деген еңбегі арқылы ол өзінің үлкен лексиколог ғұлама екендігін танытқан. Кітаптың бұлай аталу себебі – ондағы сөздік ‘айн әрпінен басталған.
өнімдерін, қаруды, музыкалық аспаптарды, рулық және тайпалық атауларды, тамақ аттарын, аңдарды, өсімдіктерді, күн, ай, жыл аттауларын, қалаларды, ауру атарын, ойындарды білдіретін сөздерді кездестіреміз. 29 тайпаның этноним, топонимдерін٭, туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам аттарын, салт-дәстүр ерекшеліктерін атап көрсетіп, ұсақ рулардың таңбаларына дейін сипаттайды. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этникалық нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әртүрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі. М. Қашқаридің картасы бойынша олар Румнан Шығысқа қарай: бегемен, кыфган, огуз, иемен, башқұрт, басмыл, кай, йабаку, катар, хырғыз, ары қарай чигель, тухси, йагма, уграк, чарук, чомыл, уйгур, хытай, тагут, табгаш.
Ұлы ғалым 3 томнан, 8 кітаптан тұратын кітапта 6800 түрік сөзін жинақтап (110 жер-су атауы, 40 түрлі халық пен тайпалар), араб тілінде түсіндірме береді. Кітапта 242 өлең жолдары, 262 мақал мен мәтел келтірілген. "Диуанидегі" 875 сөз бен 60 мақал-мәтел ешқандай өзгеріссіз қазақ тілінде кездесетіні ғажап. Айтылғандай, қолжазба үш томнан тұрады. Оның ішінде 8 тарау бар, әр тарауды бір кітап деп атаған. 1-кітап әліп әрпінен басталатын сөздерді талдап зерттеуге арналған. 2-кітап дауысты дыбыстары (әліп, уау, йай, әріптерімен берілетін дыбыстары) жоқ сөздерді қарастырады. 3-кітап бір әріпті екі рет қайталанып келетін сөздерді зерттейді. 4-кітап йай әрпінен басталатын сөздер туралы баяндайды. 5-кітап үш әріптен тұратын сөздерді, 6-кітап төрт әріптен құралған сөздерді, 7-кітап мұрын жолымен айтылатын дыбыстарды, 8-кітап екі дауыссыз дыбысы бар сөздерді талдауды ниет еткен. Әр кітапты Махмұд ибн Құсайын «есім сөздер» және «етістік сөздер» деп екі топқа бөлген. Олардың әрқайсысы өзара тағы да талай жіктерге бөлініп отырған. «Әр адам оңай түсіну үшін – деп жазады М.Қашқари, – мен араб тілінде қолданылып жүрген терминдерді пайдаландым». «Түркі тілінің араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ» деген пікірін де автор осы жерде айтып кетеді.
«Бұл кітапты – деп жазады Махмұд – мен алфавиттік ретепен жаздым, оны мақалдармен, саджалармен, мәтелдермен, өлеңдермен, раджаздармен (әскери өлеңдермен) және прозалық үзінділермен өрнектедім. Мен қиындарды жеңілдеттім, түсініксіздерді түсіндірдім, жылдар бойы жұмыс істедім: (Кітап оқушыларын) олардың (түріктердің) әдет-ғұрпымен және білімімен таныстыру үшін, оған олардың оқитын өлеңдерін, бақытты және бақытсыз күндері данышпандық әңгімелер айту үшін қолданатын мақалдарын шешен, айтушыға, ал ол келесі айтушыға жеткізу үшін төгілте жаздым. Сонымен (сөздермен) қатар аталған пәндерді және белгілі (жиі қолданылатын) сөздерді кітапта жинақтадым, сондықтан кітап жоғары деңгейге көтерілді және айқын басымдылыққа жетті».
II.2.2.1. (тәрбие мәселесі)
Ғалымның айтуынша, кітаптағы сөздер әрбір буындағы әріптердің өзара тәртіптері бойынша түзілген. Әр сөз араб тіліне аударылып, сол сөздің жұмсалуы жайында мысалдар келтірілген. Мысалдардың көбі – халық аузынан жиналған ақыл-кеңес беретін, насихат айтатын, ғибрат алатын, үлгі-өнеге көрсететін парасатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, қанатты тіркестер, қалып алып кеткен ойлар, тұрақты сөз орамдары, өлеңдер, әдеби үзінділер.
Мысал келтірсек, “Уақыт мезгелідері асықтырады, адамның күшін сарқылтады, ерелердің әлемін тарылтады... Оның (уақыттың) тәртібі солай, ол басқалардың (елдің) бәріне бірдей (әсер етеді). Егер әлем, дәлдеп тұрып садақ тартса, таудың шыңын да жарып жібереді”.
"Менің ұлым, мен саған мұрагерлікке қайрымдылық жасау қағидаларын қалдырамын. Қайрымды ерлермен бірге жүр"
"Әлемнің түні мен күні жиһанкездер сияқты. Олардың жолы кіммен қиылысса, соның күшін алады."
"Адамның заттары мен дүнисі - оның дұшпаны. Байлық жинағанда ойлан, ол ернеуінен асып кетпесін, асып кетсе ол су тасқыны сияқты иесін төмен қарай тартып кетеді. Дүние үшін талай ерлер қор болған. Дүйниені көріп олар (оны) жемтікке үймелеген құзғындай бас салады. Олар дүйне жинап тығып сақтайды, жетіспейді деп жыланып жүріп пайдасын да көрмейді, олар алтын ды да солай жинайды. Дүние үшін, құдайды ұмытып, (өзінің) балаларын, туыстарын шын мәнінде тұншықтырады."
"Қайрымды бола отырып, тағы да қайрымдылыққа ұмтыл, тәкәпар болма!"
II.2.2.2. (аспан әлемі)
Энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым халықгың тіршілік әрекеті мен тарихи тәжірибесі негізінде туып, қолданысқа түскен білімдерінің танымдық. қызметін жоғары бағалайды. Табиғатқа жоғары құндылық деп қараған әлеуметтік бағдардың қорғаушысы ретінде көрінеді. Халқымыздың өмірінде аса зор тұрмыстық-шаруашылық мәні болған астрономиялық түсініктер мен аспан жұлдыздары ілімінің көне түрік дәуірінен бері жалғасып келетін тарихи бағалылықтар екендігін қисынды дәлелдейтін нақты мөліметтер осы жазбада жүр. "Үркер", "Жетіқарақшы", "Темірқазық" атаулары мен Аспан Әлемін арнайы тақырыпқа айналдырған өзге де бірқатар материалдар Қашғари үшін түркілердің табиғатты тану мәдениетін кейінгілерге жеткізу құралы болғандығын байкатады.
II.2.2.3(жылсанау)
Ел тұрмысын үңіле зерттеген ғалым еңбектің түгелдей бір тарауын түркілердің уақыт есебін жүргізу, жыл маусымдарын белгілеу мәселелеріне арнаған. "Түркілер он екі жылды он екі хайуанның атымен атайды. Балаларының жасы мен өткен күндердегі соғыс тарихын, сол сияқты түрлі есте тұтар шақтарды жылдардың айналуымен есептейді," - деп көрсетеді Кашғари халық өмірінде елеулі роль атқарған кезеңдік жылнама жайында. Әрі қарай әрбір жылдың тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталатынын тізбелей келе, автор былай деп жазады: "Айлардың атына келетін болсақ, сапарларда айлардың аттары арабша қолданылады. Көшпенді өмір сүретін, мұсылман болмаған түркілер жылды төрт маусымға бөліп, әр үш айды бір атпен атайды. Жылдың өтуін сол тәсілмен белгілейді. Мысалы, наурыздан кейінгі көктемнің алғашқы айы Лақ айы, келесі айды Үлкен лақ айы деп атайды. Бүл айларда лақ марқаяды, семіреді. Бұдан кейінгі айды Ұлы ай дейді. Бұл ай жыддың ортасында келеді. Бүл уақытта жердің жүзі жеміске толып, мал әбден семіреді. Ақ көбейеді"/.../.
Қашғари көрсетуінде - ай отыз күннен тұратын уақыт өлшемі. Бір айлық уақыттың өтуі - айдың дәуір сүруімен есептелгендіктен, жылдың он екіден бір бөлігі де Ай деп аталады. "Түркі халықтарының жыл қайыруы" деп аталатын бұл тараудағы халыктық наным-сенімдерге қатысты деректер де аса қызғылықты. Кашғари айтуынша түркілер осы жылдардың әрқайсысында бір қасиет бар деп есептейді: олардың пайымдауында, Сиыр жылы кірсе, ұрыс-жанжал көп болады. Себебі, сиыр бір-бірімен кеп сүзісетін мал. Тауық жылы кірсе, азық-түлік кебейеді. Өйткені тауықтың жемі – дән. Ұлу жылы кірісімен жауын-шашын кебейіп, астық бітік еседі. Себебі Ұлу суда өмір сүреді. Доңыз жылы кірсе, қар қалың жауып, суық қатты болады. Өсек-аяң көбейеді. Осы сияқты әрбір жылда түркілер бір нышан бар деп есептейді, - деп атап көрсетеді халыктың түрмыс-тіршілігі мен салт-сана дөстүріне байланысты үғым-түсініктерінің астарына терең үңіліп, айрықша зер салған білімпаз.
"Іңір - жарық пен қараңғының түйісетін сәті. Оғыздар «імір» дейді", - автор бабаларымыздың тәулік ішіндегі аралықты белгілеу үшін қолданған үғымдары жайында. Әрі кәрай - таң, Таң сөрі, ақшам, түс атаулары келтіріліп, олардың мән-мағынасы ашып көрсетілген талдаулармен жалғаскан. Қоршаған ортамен тіл табыса білген әлеумет бейнесі, оның жаратылысты үғыну ерекшеліктері көрініс берген аса құнды деректердің біразы "Сөздіктегі" ауыз әдебйеті үлгілері.
«Тәңірім аспанды кең жаратыпты,
Жұлдыз бар онда ғажап дара тіпті.
Асылды ауаменен оратыпты,
Адамды болмысымен таңырқатып,» - деп жырға қосады табиғатты нақты да ғажайып шындық деп түсінген кене көз бабаларымыз. Заманындағы түркі ұлыстарының түрмыс-салттық үғымдары, эстетикалык талғамы, айналамен қарым-қатынасы, одан алған сезім-әсерлері аса ұтымды бейнеленген. Мұндай нұсқаларды көптеп келтіре беруге болады.
II.2.2.4 (қазақ жері туралы)
Атыл /Еділ/, Ила /Іле/, Артыш /Ертіш/, Манғышлақ секілді туған елкеміздегі жер бедеріне меншіктелген атаулар жайында аса қүнды топономиялық деректерді осы шығармадан кездестіреміз. Ертістің Иәмек (Қимақ) даласындағы кеп салалы езен екеңдігіне түсіндірме берген автор езен шын мәнінде "Артыш суы – Ертіш суы" деп аталады. «Әртішмәк» етістігінің түбірі "Әртіш - Ерту" болады. "Судан кім тез ерітер" мағынасында қолданылған – деп хабарлайды.
Қашғари көрсетуіңде түркілер үлкен өзендердің барлығын Жейхун деп атаған. Ал Іле өзені түркі елдерінің жейхуны. Екі жағалауыңда түркі тайпаларының яғма, тахси рулары мен жігілдің бір тобы өмір сүреді. Ғалымдар Қашғари "Сөздігінде" келтірілген географиялық объектілердің Тянь-Шань мен Жетісу аймағына катысты көпшілігінің /Бедел, Шамси, Торуг, Арт асулары, Ақсай мал жайылымы, Қазақ жер аты, Куча, Үзгенд қалалары, Ісігкөл, Сізіңкөл секілді көл аттары т.б./ атаулары күні бүгінге дейін өзгеріссіз қодданып келе жатқанын хабарлайды /.../.
III-бөлім
Немістің шығыс зерттеушісі Г.Бергштрессер Махмұдтың еңбегін Ибраһим Исқақ ибн Ибраһим әл-Фарагидің (916 ж. қайтыс болған) «Араб тілінде жазылған шығармалардың жинағы»деп аталатын кітабының ізімен түзілген болу керек деген ойға келеді (К.Броккельман да осы пікірге қосылатын сияқты). Мәселенің бұл арасы беймәлім. Бірақ А.Н.Кононов мынадай тұжырым айтады: «М.Қашқари – талай кітап оқыған, терең білім тоқыған, зердесі жетік, эрудициясы мол адам болғандықтан, кімнің де болса ізіне түспей, өз бетімен жол салып, бағдар алған азамат. Ол өзінің әдістемесін жасап, оны жетілдіріп, түркі тілдерінің өзіндік табиғатын тануға бейімдеп отырғанң. Сол кездегі алапат заманның ағымына қарай М.Қашқари былай жазған еді: «Түркілердің оқтарынан сақтану үшін, олардың барлық іс-әрекеттерін берік ұстану әрбір ақылды кісіге ләзім және жөні де сол. Бұларға жақын болу үшін ең басты жол – олардың тілдерінде сөйлесе білу, сондықтан олар бұл тілде сөйлесушілерге ықыластана құлақ қояды, өздеріне жақын ұстайды, оларға азар бермейді. Тіпті, олар өз қол астында жүрген басқалардың күнәсі болса, Һәм кешіріп жібередің. «Сенімді бір Бұқаралық ғалымнан және нишапурлық басқа бір сенімді ғалымнан мынадай бір сөз естіп едім, – деп жазады М.Қашқари одан әрі: – Олар бұл сөзді Пайғамбар айтыпты-мыс дегендей қылып айтып еді... «түркі тілдерін үйрен, өйткені олардың билігі ұзақ уақыт үстемдік құрадың – деп едің.
Бұл қысқаша бір әңгімені академик А.Н.Кононовтың сөзімен аяқтаймыз: М.Қашқаридың «Диуаның – көптеген түркі халықтары мен олардың тілдері жайында алтындай жарқыраған өте байыпты да тамаша байқауларға толы жиһаз, яғни теңеуі жоқ қазына.
Бірер сөз – «Диуандағың өлеңдер жайында. Зерттеліп отырған сөздің түр-тұлғасы, мағыналық ерекшеліктері мен қолдану аясын ашу үшін М.Қашқари келтірген мысал өлеңдер тұтасымен алынған текст емес, үзінділер. Олар мағынасы мен құрылысы жағынан әр қилы. Үш том кітаптың ұзына бойына шашырап, әр жерде бір жазылған (бір жерде екі жол, екінші жерде төрт жол т.т. – одан артық емес).
III.1. (Кононов материалдары)
Еңбектің мәтінін басып шығарумен, тілін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысты. Мысалы Броккельман, сөз тіркестерін алфавиттік тәртіпке келтіріп неміс тіліндегі аудармасын басып шығады. Түрік ғалымы Басым Алатай 1914 жылы қолжазбаны түрік тіліне аударып, үш томдықты Анкарада 1934-1943 жылдары басып шығарды. 1960-1967 жылдары Мутаблибов. С жұмысты Өзбек тіліне аударды. Содан соң жұмыс Қытайда Ұйғыр тілінде басылып шықты.Азербайжан ғалымы А. Демирчизаденің айтуынша еңбек азербайжан тілінде де басылған. Баскаков Н. А, Қашқариді "түрік тілдерін салыстырудың пионері" деп, Самойлович А. Н - "ХІ ғасырдың Радловы" деп атады. Еңбектің мазмұны көптеген баға жетпес экономикалық, материалдық, түркілердің жан дүниелік құндылықтарынан тұрады. Мұнда әдебиет саласы, географиялық және астрономиялық мәліметтер, тіл ерекшеліктері мен ғылыми зерттеу жұмыстары бар. Академик И. А. Кононов материалдармен қамтылуына байланысты "Диуаниді" 5 салаға бөледі:
1. Сөздік қор, анықталған рудың лексикасы.
2. Түріктердің тұратын жерлері туралы мәліметтер.
3. Түрік тілдерін топтастыру.
4. Тарихи фонетика мен граматика туралы мәліметтер.
5. Түріктердің тарихы, географиясы, этнографиясы, поэзиясы, фолклоры туралы мәліметтер.
Профессор А.Н.Кононов озінің еңбектерінде Махмұд Қашғаридың ең алдымен туған халқына жақын болғандығын әділ атап корсетеді. Шындығында да халыктың өмірін жан-жақгы және терең танып білуге ықпал еткен факторлардың бірі Қашғарлық ғалымның түркілер омір салтына зерттеушілік тұрғыдан келуі болатын. Ұлы педагог халықтар өмірін оқып үйренудің, халықтардың этникалық ерекшеліктерін оның этникалық тәрбиесімен байланыста қарастырудың тамаша үлгісін қалдырды. Бала және оның тәрбиесі, тәрбиемен байланысты салтгар мен әдет-ғұрыптар, халықтық мейрамдар, адамға туған табиғаттың көркемдік ықпалы - мұның бәрі Қашғари ерекше назар аударған тақырыптар. Ұстаз халықтың ауызша шығармашылығын және мұнда көрініс тапкан педагогикалық тәжірибені жоғары бағалады. Ол ғылыми көзқарастың өкілдері халықка білім таратып, идеялық жоғары дәрежеге жеткізем десе, алдымен оның "ішкі өмірін" білуге міндетті екенін тура көрсетті. Бұл тұрғыда ғалым өзі өнеге болған еді, оның халыққа деген ыстық сезімі мен ықыласы, ең алдымен, "Түркі тілдерінің ерекшеліктері" жөніндегі шығармасында белгі берді. Қашғарлық ғалым жинақтаған әңгімелер, өлеңдер, аңыздар, жырлар мәңділігі женінен түркілер көркем әдебиеті бастауы болып шықты. Әрбір келтірілген осы мысалдарды автор түркі фольклоры – макалдары мен мөтелдерден алынған мінез-кұлық қағидалары үлгілермен толықтырып отырды. Мұның өзі шығарманың логикалық аяқталуын күшейтті.
Бұл кітап 1997-1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді. Аударып, баспаға әзірлеген А.Егеубаев. Махмұд Қашқари Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерг, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем -мәңгілік өмірге біржола жолдама алдым», - деп жазды. ЮНЕСКО 2008 жылды ғұлама ғалымның туғанына 1000 жыл толуына орай «Махмұд Қашқари жылы» деп жариялаған болатын.
Әдебиеттер:
ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВАЛАРДЫҢ «ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫНАН»
Құрышжанов Ә. М.Қашқари еңбегінің зерттелу тарихынан (қысқаша шолу) // Қазақ Ғылым академиясы Тіл білімі институтының еңбектері. Алматы, 1963, 3 том, 182–189-б Кононов А.Н. Махмұд Кашгарский и его “Дивану Лугат ит-турк” //Советская тюркология. Баку, 1972, № 1, 3–17-б.
Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. А., “Қайнар”, 2001, 297-326-б.
Муталлибов С.М. Махмұд Кошғарий. Туркий сузлар девони (Девону луғотит турк). Уч томлик, І том. Тошкент, 1950.
Махмұд Кашгарынын созлуги ве туркмен дили, Ашгабат, 1958; Brockelmann К
Ahmet (Kіlіslі) Rіf’at. Dіvanь Lыgat іt-Tьrk. Іstanbul. Cіlt І, 1333 (1915), cіlt ІІ, 1333 (1915), cіlt ІІІ, 1335 (1917).
Besіm Atalay. Dіvanь Lыgat іt-Tьrk Tercьmesі. Ankara, cіlt І, 1939, cіlt ІІ, 1940, cіlt ІІІ, 1941.
Besіm Atalay. Dіvanь Lыgat іt-Tьrk. Tıpkı baslımı (Faksіmіle). Ankara, 1941.
Brockelmann C. Mіtteltьrkіsher Wortschatz nach Mahmud al-Kasgarіs, Dіvan Lыgat at-Tьrk. Bіblіotheca Orіentalіs Hungarіca, І. Budapest-Leіpzіg, 1928.
Мәхмүтов X. Тугыз гасыр кичкән мәкальләр // Мирас – 1992. – № 5. – 91 – 99 б.
Стеблева И. В. Развитие тюркских поэтических форм в XI веке. – М.: Наука, 1971.
Малов С. Е., Памятники древнетюркской письменности, М. — Л., 1951; Ахаллы С.,., Altturkestanische Volkspoesie, Bd 1—2, Asia Major, 1923—24; его же, Mitteltürkischer Wortschatz nach Mahmud al-Kašgaris «Divan lugat atturk», Bdpst — Lpz., 1928.
2
