Макроэконмика

Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) —

 

1. экономикалық теорияның  экономиканы тұтастай зерделейтін  бөлімі. Макроэкономика экономикалық  циклдік кезеңдер мен экономикалық  өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция  мәселелерін, жалпы экономика  ауқымындағы басқа да мәселелерді,  сондай-ақ ұлттық экономикалардың  қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды[1]. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 — 1978), Дж.Хикс (1904 — 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 — 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;

2. жан-жақты көрсеткіштерді  бағалауға негізделген экономикалық  талдау әдісі. Макроэкономикалық  талдау нышандары саяси экономияның  классикалық мектебінің өкілдерінде  ғана кездесетін. Француз экономисі  Ф.Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық  кестесі алғашқы макроэкономикалық  үлгілердің бірі болып табылады.[2]

 

Макроэкономика өндірушілер  мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.[3]

 

 

Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:

 

ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

ұлттық экономика масштабында  жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды  айқындау;

инфляцияның табиғатын талдау;

экономикалық өсудің механизмі  мен факторларын зерттеу;

 

• экономикадағы циклдық  ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің  себептерін зерттеу; • ұлттық экономикалардың  сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін  зерттеу; • мемлекеттің макроэкономикалық  саясатының мақсаттарын, мазмұны мен  формаларын теория жүзінде дәлелдеу.

 

Экономикалық процестер  мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық  бағыттарының ерекшеліктері болады.

 

Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді кездейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиымтықтар деп қаралады.

 

Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға — жиынтық өндірушілер деп қаралады; ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.

Екіншіден, макроэкономикалық  талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер  мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.

Үшіншіден, макроэкономикалық  талдауда, экономиканың болмысы мен  дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектерінің құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.[4]

 

Микро- және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі; экономиканың әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макродәрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.

Макроэкономикалық реттеу

 

Макроэкономикалық реттеу —  экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық  реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзін-өзі реттеуі ұштастырылады.

Макроэкономикалық реттеу экономикалық жүйені межеленген бағытта ұстауды  көздейді және екі түрге бөлінеді: межелі бағыттан ауытқу бойынша реттеу және қайсыбір параметр жол беруге болмайтын мүшкіл деңгейге жеткенде реттеу. Бірінші жағдайда белгілі бір макроэкономикалық көрсеткіштердің белгілі бір кезеңге арналып межеленген бағдардан ауытқығаны байқалғанда мемлекет ахуалды түзету үшін шаралар қолданады. Мысалы, инвестицияның жетіспеуі себепті белгілі бір өндіріс тым қожырап, құлдыраған кезде жалпы өндірушілерге немесе тек инвестицияға ғана салынатын салықтың төмендетілуі, шетелден несие тартылуы, әлсіз кәсіпорындардың неғұрлым тиімді меншіктенушілерге жекешелендіріліп берілуі, өнімге сұранымның ынталандырылуы сияқты макроэкономикалық реттеу нұсқалары қолданылуы мүмкін. Екінші жағдайда келешекке арналған жоспарда әлеуметтік дүмпу қатерін төндіретін жұмыссыздықтың белгілі бір күйзелістік шектегі деңгейін белгілеуге және осы көрсеткішке жақындаған кезде жұмыспен қамтылуды арттыру мақсатында шұғыл шаралар (жаңа жұмыс орындарын ашқаны үшін кәсіпкерлерді көтермелеу, шағын бизнестің қалыптасуына көмектесу, т.б.) қолдануға болады. Реттеудің макроэкономикалық құралдарына салықтар, үлестемелер, фирмалардың рыноктағы әрекетін құқықтық реттеу, жалақы мен зейнетақы саласындағы шектеулер жатады. Ал нарықтық экономика жағдайындағы макроэкономикалық реттеудің негізгі құралдарына ақша саясаты құралдары (қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, орталық банктің несиелік эмиссиясы, коммерциялық банктерге қойылатын сақтық қор талаптары, бағалы қағаздар рыногіндегі алыс-берістер), қазыналық саясат (тікелей және жанама салық салу, бюджет тапшылығын басқару), ұлттық валютаның айырбас бағамы саясаты (айырбас бағамы жүйесі, валютаның айырбас бағамы) жатады.

Макроэкономикалық саясат

 

Макроэкономикалық саясат —  экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті.

Макроэкономикалық тәсіл

 

Макроэкономикалық тәсіл  — экономикалық құбылыстарды зерделеу тәсілі. Мұнда объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымдары ескерілмейді, тек  экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс  істеуінің жалпылама, сыртқы көрсеткіштері  ғана зерделенеді. Макроэкономикалық  тәсіл экономиканы зерттеуге  макроэкономикалық ғылым (жалпы  экономиканың тұрақты жұмыс істеуін  зерделейтін ғылым) тұрғысынан қарау дегенге саяды. Ол мемлекеттің жалпы елдің экономикасына ықпал ететін саясат ретіндегі макроэкономикалық саясаттың негізгі ұстанымын білдіреді.

Макроэкономикалық көзқарас

 

Макроэкономикалық көзқарас – экономикалық құбылыстарды зерделейді. Микроэкономикалық көзқарастан  өзгеше түрде зерттеу объектісі. Мұнда экономикалық жүйе сырттай  біртұтас жүйе ретінде қаралып, объектінің ішкі байланыМықты стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып, бiз жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен еңсере аламыз”- дейдi Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев.

 

 Макроэкономика ғылым  ретiнде экономикалық құбылыстар  мен үрдiстердi экономикалық теориялар  мен үлгiлер түрiнде жүйелеп  қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.

 

 Макроэкономика жалпы  экономиканың жедел дамуы немесе  оның құлдырауы тұсындағы жағдайы,  өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен  инфляция мен жұмыссыздық кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк бередi. Сонымен бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде экономикалық қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға, жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк бюджетке база назар аударады. Қысқаша айтқанда, экономиканы даму барысындағы әр алуан пiкiр-таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңiнен қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн, ұлттық экономиканың әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын, нарық бағасын анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл шаруашылық өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал баға жайына келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң бағасын, Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата бiлу қарастырылады.

 

 Макроэкономика миркоэкономикамен  тiкелей байланысты. Жеке өнеркәсiптiң базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада тұтынудан түсетiн табысты әр түрлi тауарларға бөлу көзделсе, макроэкономикада керiсiнше, сол екi аралықтағы өзгерiстер зерттелiнедi.

 

Курстық жұмыстың мақсаты, макроэкономикалық  теориялардың пайда болуын, макроэкономикалық  көрсеткiштердi, макроэкономикалық  тепе-теңдiк және олардың байланысын ашып қарастыру болып табылады.стары, ішкі құрылымы толық ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің жалпылама көрсеткіштері ғана зерделенеді, онда да осы көрсеткіштер экономикалық жүйенің элементтерін құрайтын өзара әрекеттегі өнім екеніне қатыссыз тұрғыда зерделенеді. Микроэкономикалық көзқараста объект іштей қаралады, ішкі құрылым, оның элементтері арасындағы ішкі байланыстар зерделенеді

 

 

 

Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) —

экономикалық теорияның  экономиканы тұтастай зерделейтін  бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы  басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды[1]. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 — 1978), Дж.Хикс (1904 — 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 — 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;

жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның  классикалық мектебінің өкілдерінде  ғана кездесетін. Француз экономисі  Ф.Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық кестесі  алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады.[2]

Макроэкономика өндірушілер  мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.[3] Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:

ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

ұлттық экономика масштабында  жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды  айқындау;

инфляцияның табиғатын талдау;

экономикалық өсудің механизмі  мен факторларын зерттеу;

• экономикадағы циклдық  ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің  себептерін зерттеу; • ұлттық экономикалардың  сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін  зерттеу; • мемлекеттің макроэкономикалық  саясатының мақсаттарын, мазмұны мен  формаларын теория жүзінде дәлелдеу.

Экономикалық процестер  мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық  бағыттарының ерекшеліктері болады.

Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді кездейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиымтықтар деп қаралады.

Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға — жиынтық өндірушілер деп қаралады; ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.

Екіншіден, макроэкономикалық  талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер  мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.

Үшіншіден, макроэкономикалық  талдауда, экономиканың болмысы мен  дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектерінің құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.[4]

Микро- және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі; экономиканың әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макродәрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.

[өңдеу]Макроэкономикалық реттеу

 

Макроэкономикалық реттеу —  экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық  реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзін-өзі реттеуі ұштастырылады.

Макроэкономикалық реттеу экономикалық жүйені межеленген бағытта ұстауды  көздейді және екі түрге бөлінеді: межелі бағыттан ауытқу бойынша реттеу және қайсыбір параметр жол беруге болмайтын мүшкіл деңгейге жеткенде реттеу. Бірінші жағдайда белгілі бір макроэкономикалық көрсеткіштердің белгілі бір кезеңге арналып межеленген бағдардан ауытқығаны байқалғанда мемлекет ахуалды түзету үшін шаралар қолданады. Мысалы, инвестицияның жетіспеуі себепті белгілі бір өндіріс тым қожырап, құлдыраған кезде жалпы өндірушілерге немесе тек инвестицияға ғана салынатын салықтың төмендетілуі, шетелден несие тартылуы, әлсіз кәсіпорындардың неғұрлым тиімді меншіктенушілерге жекешелендіріліп берілуі, өнімге сұранымның ынталандырылуы сияқты макроэкономикалық реттеу нұсқалары қолданылуы мүмкін. Екінші жағдайда келешекке арналған жоспарда әлеуметтік дүмпу қатерін төндіретін жұмыссыздықтың белгілі бір күйзелістік шектегі деңгейін белгілеуге және осы көрсеткішке жақындаған кезде жұмыспен қамтылуды арттыру мақсатында шұғыл шаралар (жаңа жұмыс орындарын ашқаны үшін кәсіпкерлерді көтермелеу, шағын бизнестің қалыптасуына көмектесу, т.б.) қолдануға болады. Реттеудің макроэкономикалық құралдарына салықтар, үлестемелер, фирмалардың рыноктағы әрекетін құқықтық реттеу, жалақы мен зейнетақы саласындағы шектеулер жатады. Ал нарықтық экономика жағдайындағы макроэкономикалық реттеудің негізгі құралдарына ақша саясаты құралдары (қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, орталық банктің несиелік эмиссиясы, коммерциялық банктерге қойылатын сақтық қор талаптары, бағалы қағаздар рыногіндегі алыс-берістер), қазыналық саясат (тікелей және жанама салық салу, бюджет тапшылығын басқару), ұлттық валютаның айырбас бағамы саясаты (айырбас бағамы жүйесі, валютаның айырбас бағамы) жатады.

[өңдеу]Макроэкономикалық саясат

Макроэкономикалық саясат —  экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті.

[өңдеу]Макроэкономикалық тәсіл

Макроэкономикалық тәсіл  — экономикалық құбылыстарды зерделеу тәсілі. Мұнда объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымдары ескерілмейді, тек  экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс  істеуінің жалпылама, сыртқы көрсеткіштері  ғана зерделенеді. Макроэкономикалық  тәсіл экономиканы зерттеуге  макроэкономикалық ғылым (жалпы  экономиканың тұрақты жұмыс істеуін  зерделейтін ғылым) тұрғысынан қарау дегенге саяды. Ол мемлекеттің жалпы елдің экономикасына ықпал ететін саясат ретіндегі макроэкономикалық саясаттың негізгі ұстанымын білдіреді.

[өңдеу]Макроэкономикалық көзқарас

 

Макроэкономикалық көзқарас - экономикалық құбылыстарды зерделейді. Микроэкономикалық көзқарастан  өзгеше түрде зерттеу объектісі. Мұнда экономикалық жүйе сырттай  біртұтас жүйе ретінде қаралып, объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымы толық  ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің  жұмыс істеуінің жалпылама көрсеткіштері  ғана зерделенеді, онда да осы көрсеткіштер экономикалық жүйенің элементтерін құрайтын өзара әрекеттегі өнім екеніне қатыссыз тұрғыда зерделенеді. Микроэкономикалық көзқараста объект іштей қаралады, ішкі құрылым, оның элементтері арасындағы ішкі байланыстар зерделенеді.

 

↑ С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8І. Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макорэкономикалық үлгілер……………………………………………………4

 

1.1 Микроэкономика теориясыныңимакроэкономикадығы  рөлі…4

 

1.2 Макроэкономикалық үлгілер……………………………………5

 

1.3 Макроэкономикалық тепе  – теңдіктің теориялары…………….7

 

Қорытынды………………………………………………………………9

 

Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………….10

 

Кіріспе

«Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.

Макроэкономика ғылым  ретіңде экономикалық құбылыстар мен  үрдістерді экономикалық теориялар  мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.

Макроэкономика экономиканы  бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. oiБағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.

 

- 3 -

 

I. Микроэкономика теориясының  макроэкономикадағы рөлі және макроэкономикалық үлгілер.

1.1 Микроэкономика теориясының  макроэкономикадағы рөлі.

Макроэкономика теориясының  негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні үй – шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол «берілген» шарттарда өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механизмдері болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әр түрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және т.с.с. ірі бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады.

Макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

 

- 4 -

 

1.2 Макроэкономикалық үлгілер. 

Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі  экономикалық құбылыстар мен үрдіс  арасында пайда болатын функционалдық  байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде – бір макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама үлгілердің арасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.

Экзогенді айнымалылар –  алғашқы ақпараттар, «сырттан» ендіріледі, ал ендогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар үлгінің өзінде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, эгзогенді айнымалылардың мәні үлгі құрылмай тұрып беріледі, ал эндогенді айнымалылар үлгінің ішіндегі есептеулердің нәтижесінде қалыптасады.

Экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін айнымалылар эндогенді, ал түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын айнымалылар экзогенді деп аталады. Негізгі мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады.

Үлгінің көмегімен қамтамасыз етілетін экономикалық міселелерді  шешудегі жан – жақтылық макроэкономикалық  саясаттың икемділігін және баламалылығын арттырады. Макроэконномикалық үлгілерді пайдалану Үкімет пен Ұлттық банк экономикадағы циклдік толқуларды реттеуде жүргізетін бюджет – салық, ақша – несие саясаттарының құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

 

- 5 -

Шеңберлі ағым үлгісі, AD – AS, Кейнс кресі, IS – LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу үлгісі сияқты жалпылама макроэкономикалық үлгілер макроэкономикалық талдау жүргізудің негізгі құралдары болып табылады. Бұл үлгілер қандай да бір ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез кедген үлгі экономиканың динамикасын және оның көрсеткіштерін танып білудегі пайдалылығымен бағалануы тиіс. Бағалаудың объективтік қиындығы мынада болып табылады: а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгі құрарда оны жеткілікті алғышарттармен қамтамасыз ету; ә) макроэкономикалық саясат үшін қате шешімдерді болдырмау. Үлгі жеткілікті дәрежеде нақты өмірді көрсетуі мүмкін, бірақ бұл жағдайда ол өте күрделіленіп кетуі де ықтимал. Ал өз кезегінде үлгінің қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдалануға байланысты талап немесе шарт болып табылады. Үлгінің шамадан тыс жеңілдетілуі үлгіде біраз маңызды факторлардың ескерілуіне әкеліп соғады, ал оның нәтижесінде қабылданған шешімдер қате болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген үлгіні құрудағы басты қиыншылық – нақты мәселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргізуге қажетті факторлар шеңберін анықтау.

 

- 6 -

 

1.3 Макроэкономикалық тепе  – теңдіктің теориялары.

Экономикалық өсудің тұрақты  динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне  байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан  оның осы құбылысты тудыратын  себебін талдау қажет.

Бір жағынан – нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның «экономикалық динамикасы» тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан – нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыз байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің тербелуі және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде «экономикалық тепе – теңдікті» қамтамасыз ететін фактроларды анықтау қажеттілігін тудырады.

Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезекте  де тепе – теңдік динамикасы моделін  іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін – бірі жоққа шығаратын екі тенденцияны қосады: экономикалық тепе – теңдік және экономикалық динамика. Тепе – теңдік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батис Сэйді (1772 – 1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай – ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірменген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс = шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.

Макроэконмика