Мамандандыру пәндерін оқыту
Жоспар
1. «Мамандандыру пәндерін оқыту» курсының мақсаты және міндетері.
2. Оқытудың қазіргі кездегі мәселелері.
3. Химияны оқытуды жетілдіру жолдары.
4. Педагогикалық пәндердің
ішінде химияны оқыту
5. Химияны оқыту әдістемесінің даму сатылары.
6. Химияны оқыту принциптері және химияны оқыту әдістемесі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1 «Мамандандыру пәндерін оқыту» курсының мақсаты және міндетері
6М060600-Химия мамандығы студенттеріне оқытылатын «Мамандандыру пәндерін оқыту» курсының мақсаттары келесідей:
- химиялық процесстер
мен құбылыстар туралы
- заманауи педагогикалық
теория мен практиканың
6М060600-Химия мамандығы
студенттеріне оқытылатын «
2 Оқытудың қазіргі кездегі мәселелері
Жалпы оқыту үрдісі туралы айтқан кезде оның бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейінгі оқу үдерісін қарастыруға болады. Олай болса, кез келген адамның бастауыш мектептен, тіпті бала бақшасынан жоғары мектепке дейінгі оқуын талқылаған жөн болар. Алайда, адамның өмір бойы оқу кезеңдерінің әрбірінің шынайы маңыздылығына назар аудара отырып та, менің жоғары мектеп оқу үдерістерінің мәселелеріне тоқталып кеткім келеді.
Бастауыш мектепті алсақ та, орта мектепті алсақ та олар, әрине, кез келген өсіп келе жатқан тұлға үшін маңызды. Алайда, кәмелетке толған жастардың білімі орта мектеп білімімен ғана шектелмеуі тиіс. Олар ең алдымен ересек өмірге қадам басарда кәсіби маман болуы қажет, ал ол үшін ең кемінде орта кәсіптік немесе жоғары кәсіби мамандандырылған білім алу қажет. Бұл орайда, менің Қазақстандағы жоғары білім мәселелері жөнінде сөз көтергім келеді.
Біздің Республикамыздағы жоғары білім сапасы мемлекет органдарын ғана емес, жұмыс берушілерді ғана емес, сондай-ақ тіпті ата-аналарды және ең алдымен, білім алушылардың өзін де бірталай толғандырып тұр. Осы тұста 2011 жылғы мамырдың 12-сінде отандық Саяси шешімдер Институтының Клубында (СШИК) Қазақстандағы жоғары білім сапасы тақырыбындағы сарапшылық талқылау болып өтті. «ЖОО мәселесі =ақша мәселесі» секілді кілтті тезистер естілді, алайда, ЖОО-ның кірісін көрсететін сандар басқа туындайтын мәселеге бет бұрады. Жоғары білім – бизнес, оның бәсекеге қабілетсіздігі сондай, тіпті түбегейлі, радикалды реформаларды қажет етеді. Әлсіз ойыншылар ойын алаңынан кетуі тиіс – білім беру қызметі нарығындағы жүздеген тиімсіз кәсіпорындар Қазақстанға керек емес.
Аталмыш отырыста оның қатысушыларымен талқыланған мәселелер олардың кілтті позицияларын аша отырып, білім беру саласындағы бірқатар мәселелерді алға жылжытады.
Отандық білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріп кеткен қоғамдық жүйенің заманауи талаптарына сай емес, адам тұлғасы іс жүзіндегі ақпараттық төңкерістерге бейімделе алмай жүр. Бұл мәселенің негізгі себептері келесідей:
- ғылымнан үзілгендік;
- студенттер тарапынан ғылыми білімнің құндылығынан арылуы, демек, студенттердің көбі этикалық құндылықтардан гөрі (кең мағынасында) материалдық құндылықтарды алға қояды;
- кеңестік догматизм және «құзыретті» тәсілдеме. Өкінішке орай, бүгінгі күні тұлғалық-хабардарлық тәсілдеме ұмыт қалды, ал догматизм қалып отыр;
- қоғамның деидеологиязациясы. Ғылыми тәсілдемелердің мәні – әділ болу, ақиқатты табу, алайда бүкіл қоғамға әсер еткен деидеологизация, ең алдымен, білім беру жүйесін зақымдады. Жаңа идеялар азшылық, құндылықтар жоқ, біз тек жалаң фактілерді оқып біліп келеміз;
- студенттерді оқыту нәтижелерінің еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес еместігі. Бұл, көбінесе, салдар болып келеді;
- отандық ЖОО-ының заманға сай ғылыми-лабораториялық негізі, инфрақұрылымы жоқ;
- ғылыми-педагогикалық кадрлардың төмен қоғамдық мәртебесі, сонымен қатар төмен еңбекақысы. Бүл мәселе экономикалық емес, көбіне әкімшілік мәселелер қатарына кіреді. Әкімшілік көзқарас тұрғысынан оқытушы ғылым уәкілі ретінде ұйым еркі алдында, сондай-ақ басшылық алдында қорғаныссыз. Сол себепті қоғамның алдыңғы білімгерлерінің бұл салаға келетіні екіталай;
- кейбір ниетсіз оқытушылардың біліктілігі заман талаптарына сай емес;
- сыбайлас жемқорлық мәселесін тоқтату мақсатындағы іс-шаралар жүргізілсе де, оның білім беру саласындағы кең етек алуы;
- ЖОО-ының басшылығынан стратегиялық жоспарлауды, жоғары білім менеджментін, корпоративтік басқаруды білмейтін адамдар орын алып отыр;
Осыған орай төмендегідей шаралар ұсынылмақ:
- академиялық «ашық» өзін-өзі басқару;
- қаржылық басқаруды орталықсыздандыру;
- оқытушының академиялық және әкімшілік мәртебесін түзеу;
- оқытушылар еңбекақысын 2-3 есе көтеру. Бұны ең соңғы кезекте, жүйенің құрамдас критерийлерін ретке келтірген кезде жасау қажет. Себебі, білім беру сапасының деңгейін түсірмеу емес, жоғары еңбекақы алу мақсатын көздейтін арсыз оқытушылар, ЖОО-ның түлектері толып кетеді. Сонымен қатар, ЖОО-ның түлектері білім берумен айналысатын ұйымдарға жұмысқа орналасқан кезде олардың мамандандыру деңгейін қатаң тексерістен өткізумен айналысатын ұйымдар қалыптастыру қажет.
3 Химияны оқытуды жетілдіру жолдары
Педагог ғалымдардың жоғары оқу
орнындағы химиялық пәндерді оқытуды
негізге алып, жүргізген зерттеулердің
нәтижесінде келесідей
Жоғары оқу орнының мақсаты маманды тек оқытып шығару ғана емес, сондай-ақ әрбір маманды оқу барысында заманауи технологиялардың қарқынды дамуына ілестіру, нақты өндірістік орта жағдайларына дұрыс бағыттау, жаңа маңызды шешімдерді қабылдай алуына баулу және менеджерлік қабілеттерді дамыту болып табылады.
ХХІ ғасыр – үнемі дамып келе жатқан ғасыр болғандықтан, заманауи жастар сәйкес сапалы қабілеттерге ие болуын қажет етеді. Ал ол үшін жоғары мектепте оқитындардың оқу процессін жетілдіру қажет, бұл, өз кезегінде, оқу процессін белсендірумен іске асырылуы мүмкін. Бұлайша, оқытушылардың инновациялық (жаңашылдық) іс-әрекеті бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады: білім сапасын арттыру мақсатымен оқу процессін белсендендіру және оқыту процессін ақпараттандыруға негізделген оқытудың ең тиімді технологияларын қолдану.
Оқу процессін белсендендіру
- студенттердің өздік жұмыс процессі кезінде зерттеушілікті қалыптастыру (студенттерді ҒЗЖ-на (ғылыми зерттеу жұмысы) жұмылдыратын өздік жұмыстардың түрлі формаларын жасау; өздік жұмыстың тиімділігін арттыратын түрлі оқыту құралдарын жасап шығару: оқытушылық зерттеу түрінде іске асырылатын рационалды өздік жұмыстың жалпы тәсілдерін бөліп шығаратын және түрлі өздік жұмыстарды өткізу кезінде жүргізілетін зерттеушілік іс-әрекеттің сұлбаларынан тұратын өздік жұмысты ұйымдастыру туралы студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар; зерттеушілік іс-әрекетінің теориясы жайлы қорытынды сұрақтар; студенттердің өздік жұмысына арналған есептер мен зерттеушілік тапсырмалардың жүйесі; студенттердің өздік жұмысы процессіндегі зерттейшілік икемділігінің қалыптасуына жағдай жасайтын пәндік-кеңістіктік ортаны қалыптастыру;
- төменгі курс студенттерді
техникалық ЖОО-ғы кәсіби
- оқу процессінің тиімділігін
арттыратын оқытудың түрлі
- материалды мазмұндаудың
Оқытудың ең тиімді технологияларын қолдану оқытудың ақпараттануымен байланысты. Бүгінгі таңда шығармашыл оқытушылар оқу процессінде АКТ-ды (Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) қолдану мүмкіндігін зерделеп, тексеріліп тұрады. Бұл бағыт аясында келесідей жұмыс атқарылады:
- пәндік тестілерді, тренингтік бағдарламаларды және электрондық кітаптарды құру;
- рейтингтік жүйенің
- электрондық кітаптар мен тренингтік бағдарламаларды қолдана отырып оқу сабақтарын құрастыру және өткізу;
- студенттердің өндірістік
Бұлайша, жоғары білімді дамытудың жаңа көкжиектері инновациялық технологиялармен байланысты. Олардың қолданылуы болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың сапасын арттыруға ықпалын тигізетініне күмән жоқ.
4 Педагогикалық пәндердің
Химияны оқыту әдістемесі химия ғылымының, педагогиканың, психологияның, философияның, жас ерекшелік физиологиясының басты мәселесін негізге ала отырып химияның теориясы мен сарамандық жұмыстарын оқытады. Химиялық әдістеме кәсіби мұғалім дайындаудың ақырғы баспалдағы болып табылады.
Химияны оқыту әдістемесі – мұғалімдер дайындайтын университеттер мен педагогика институттарының оқу жоспарындағы негізгі пәндердің бірі. Ол болашақ мұғалімдерді химияны оқыту теориясымен қаруландырып, іс жүзінде күнделікті туындап отыратын жеке әдістемелік мәселелерді ғылыми тұрғыдан шеше білуге әзірлейді.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі – сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады.
Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз – жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту - білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным әрекеті) бірлігі. Әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту – нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудын бірлігі. Оқыту әрекетіне «мұғалім - оқушы», «оқушы – оқу пәні», «оқушы - оқушы» қатысады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі – мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асады.
Оқушыларға химиялық ақпарат беру, оқу процесін ұйымдастыру, танымдық әрекетін басқару, сарамандық икемділікті қалыптастырып, шығрмашылық қабілетін дамыту, ғылыми көзқарас негізін қалау мәселелерін қамтамасыз етеді.
Химияны оқыту әдістемесі ғылыми оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді. Оқыту әрекетін, тұтасынан алғанда, дидактика зерттейді. Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика, бір жағынан, оқытудын теориясын жасайды, екінші жағынан, сол теорияны қолдану арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту әдістемесі дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады.
Химия мұғалімінің икемділік дағдысы:
- Химиядан алған білімдерін педагогикалық, оқу-тәрбиелік жұмыстарға қолдану.
- Оқу-тәрбиелік жұмыс жүргізе отырып, әртүрлі оқу әдістерін қолданып, білім деңгейінің көлемін, тереңдігін білу.
- Зертханалық құралдарды кеңінен қолдану.
- Табиғи процесстер мен құрылыстарды ғылыми негіздермен қатар қойып, химияны оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру.
- Көрнекті құралдарды қолдану. Оқу кабинетінің құралдарымен байланыстырып, оқу материалын таңдау, соны шешуге талаптану.
- Оқыту нәтижесінде еңбекке, эстетикаға, адамгершілікке, экологиялық тәрбиеге, ізеттілікке, ұлттық тағлымға тәрбиелеу.
- Алдыңғы қатарлы педагогикалық ізденістерге талдау жасау, бекіту, таныту, күнделікті өзінің кәсіби білімін дамыту.
5 Химияны оқыту әдістемесінің даму сатылары
Химияны оқыту
әдістемесі басқа да ғылымдар сияқты
өз тарихына ие. Химияны оқыту әдістемесінің
бөлек идеяларының пайда болуы
Химияны оқыту әдістемесінің дамуы химиялық ғылымның деңгейімен тура байланыста болды, себебі әр ғасырдың ұлы химиктері, сондай-ақ өзінің жасап шығарған теориялық концепциялардың негізінде оқытушылық іске де араласқан. Химияны оқытудың әдістемесіне елеулі рол қосқан – А. Лавуазье, Д. Дальтон, С. Канниццаро және тағы басқа ғалымдар. Д.И. Менделеевтің периодтық заңды ашуы бұл дамуда орасан ықпалға ие. Химиялық элементтердің периодтық кестесінің атасы жаңа типті «Химия негіздері» кітабын жазған соң элементтер периодтық жүйенің топтары бойынша зерттеле бастады. Бейорганикалық химияда оқытудың бұл әдісі әлі күнге дейін басты болып табуда.
Ұлы химиктің әдістемесінде химияны оқытудың нақтыланған, жүйеленген мақсаттар мен міндеттерге тап болуға болады. Ол догматтық сабақ берудің кемшілігін, оқуға деген шығармашыл көзқарасты дамыта түсетін ғылыми шешімдерге әкелген жолдарды көрсетуді атап көрсетеді. Д. И. Менделеев әрдайым химияның өнеркәсіппен және ауыл шаруашылығымен байланысын ашып қарау қажеттілігі туралы айтқан. Ал химиялық экспериментке ол одан да көп мән берген. Д. И. Менделеев практикада ең көп қолданылатын заттарды зерттеу қажеттігін көрсеткен, мұнда жеке элементтерді зерттеуден жаратылыстық топтарға өте зерттеудің маңызына сілтеген.
Сондай-ақ догматтық оқытуға А. М. Бутлеров та қарсы болған, ол да әдістемелік мәселелерге көп уақыт бөлген. Ол өзінің оқыту әдістемесінің негізіне органикалық заттардың химиялық құрылымының теориясын алған. Аталмыш теория органикалық заттардың генетикалық байланыстарды ашып қарауға мүмкіндік береді, бұл дүниенің материалдық бірлігі идеясының дамуына септігін тигізеді. А. М. Бутлеровтың әдістемелік тәсілдерін «Введение к полному изучению органической химии» кітабынан табуға болады.
Кеңес үкіметі кезінде химия орта білім мектеп сабақтарына міндетті сабақ ретінде қосылған. Бұған үлес қосқан ғалымдар: В. Н. Верховский, С. И. Созонов, С. Г. Крапивин, П. П. Лебедев, К. Я. Парменов, Л. М. Сморгон- ский, Д. М. Кирюшкин, П. А. Глориозов, С. Г. Шаповаленко, Л. А. Цветков және тағы басқалар. Ол кезде пайда болған әдістемелік мектеп түрі әлі күнге дейін қолданылуда. Уақыт өте химияны оқыту әдістемесі тиімдірек оқыту түрін талап еткен. Бұлайшағ 1932 жылы тамыздың 25-інде БК(б)ПК ОК-нің «Об учебных программах и режиме в начальной и средней школе» Қаулысымен «сабақ» оқу процессінің басты ұйымдастырушылық формасы деп танылды. Сол уақыттан бері және әлі күнге дейін бұл ұйымдастыру формасы өмірін жалғастыруда, ал химия жеке оқу пәні деп танылды.
6 Химияны оқыту принциптері және химияны оқыту әдістемесі
Химия әдістемесі нағыз ғылым ретінде сәйкес оқу әдістерін дамытуы тиіс және ең рационалды және тиімдісін ұсынуы тиіс. Мұндай мәселенің шешілуі «қалай оқыту?» деген сұраққа жауабын қайтарады. Оқыту дегеніміз – оқушыларға химиялық ақпаратты беруге, оқу процессін ұйымдастыруға, олардың танымдық іс-әрекетін басқаруға, практикалық дағдыларды баулуына, шығармашылық қабілеттерді дамыту мен ғылыми дүниетанымның негіздерін құруға бағытталған оқытушының іс-әрекеті.
Химияны оқыту әдістемесі – химияның мектеп курсының мазмұнын және оның оқушылармен бекітілу заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылым. Жалпы алғанда, химияны оқыту әдістемесі келесідей мәселелерді шешеді: химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, оқу пәнінің мазмұнын анықтайды, оқудың әдістерін, құралдарын және формаларын жасайды, оқушылардың пәнді игеру процессін зерттейді.
Химияны оқытудың келесідей принциптері болады:
1) Оқытудың ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Шарттары:
- педагогиканың, психологияның, оның тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау;
- индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану;
- жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау;
- ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру;
- жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу;
- оқушыларды көрнекті ғалымдардың өмірі және қызметімен таныстыру;
- жаңа ғылыми терминологияны қолдану;
- оқушыларды ғылым жетістіктерімен таныстырып отыру;
- оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау;
- оқушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру;
- жалған сөйлемеу.
2) Оқытудың бірізділігі
және жүйелілігі. Бұл принциптің
ғылыми ережесі: оқушының
Шарттары:
- оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру;
- оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау;
- пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану;
- оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету;
- бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру;
- өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру;
- материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу;
- оқушылардың өз ойларын айту мәнерін қадағалау;
- қушыны өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу;
- оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу;
- жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету;
- бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, өмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру;
- пәнді, бөлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын өткізу;
- оқушылардың қателерін әдеппен түзету;
- оқушыны өз қатесін талдауға үйрету;
- оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу;
- баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру;
- жүйелі білім есте жақсы сақталады.
3) Саналылық және белсенділік
принципі. Өз бетімен меңгерілген
білім санаға жақсы сіңеді. Білімді
саналы меңгеруге оқу желісі,
өз бетімен жұмыс, белсенділік,
Шарттары:
- жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу;
- түсінікті етіп оқыту;
- танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану;
- талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану;
- аналогияны жиі қолдану;
- бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау;
- оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру;
- оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену;
- оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу;
- белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру;
- ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар;
- оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту;
- әрбір ережеге мысал келтіру;
- негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу;
- тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз;
- сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту;
- оқушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету;
- әрбір ережеге мысал келтіру;
- негізгіні түсіндіруге назар аудару;
- оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу;
- "Неге?" деген сұрақты көп қойып, оқушыны дамыту;
- дәйекті дәлелдермен оқыту;
- дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану;
- оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту;
- білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту;
- баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету;
- түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру;
- оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау;
- зат құбылыстарды, оқушыларға бақылатып, оларды өз бетмен меңгерулеріне жағдай жасау;
- дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.
4) Теория мен тәжірибенің
байланысы. Бұл принцип
Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудың өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысының жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және политехникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Шарттары:
- мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту;
- "Білім — өмір" байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетану мәліметтерін қолдану;
- балаларға қазіргі жаңа технологиялар, өндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру;
- оқушыларды өз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған өмірден білім алып, оны қолдану;
- оқушының әрбір сабақта өз жұмысының маңызын түсінуі.
- мектептің өндіріспен байланысын қолдану. "Оқу пәні өндіріс" байланысына бағыт беру, бақылау;
- оқушылармен бірге өмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін өмірден алынған мәліметтермен толықтыру;
- аймақтың сұранысына қарай кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу;
- Мәселелік ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудың басты құралы;
- еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, мұғалімнің еңбектегі үлгі-өнегесі;
- қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті оқушылардың бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыру, сұрақтар қою, көп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру;
- қоғамдық пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс - оқытудық өмірмен байланысын жүзеге асырудың маңызды жолдарының бірі;
- еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу;
- оқушылардың бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, басқа жұмыстар беру;
- балаларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып жұмыс істеуге баулу;
- балалардың бастамашылығын мақұлдау, егер мүмкіндік болса;
- әр оқушыны оған ұнайтын ғылым, техника, өнер салаларынан өз бетімен білім алуға ынталандыру;
- ақыл-ой, іс-әрекетін тәжірибе мен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау.
5) Көрнекілік принципі.
Бұл ертеден қолданылып келе
жатқан принцип. Оның негізіне
мынадай ғылыми заңдылық
Шарттары:
- балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;
- оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру;
- көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;
- оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру;
- көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану;
- көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі;
- оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату;
- көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу;
- көрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады;
- көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;
- балалармен бірге көрнекілік жасау, оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол;
- қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;
- көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, байқампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
- көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату;
- балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттың көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;
- надты заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың көрнекі құралдарды қолдану.
Көрнекілік түрлері:
Табиғи көрнекілік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.
Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.

- Мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы
- Мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы
- Мамандығым –мақтанышым
- Мамандық бойынша
- Мамандық таңдау
- Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау
- Мамудизм
- Малярная отделка и малярные составы
- Малярные работы
- Малярные работы
- Малярные работы
- Малярные работы
- Малярные работы
- Мама и я - неполная семья