Материалдық қорлар. 2

Тауарлы материалдық  қорлар 

Жоспар 

 Кіріспе. 

  

1.       Тауарлы –материалдық қорлардың  ұғымы, классификациясы және бағалануы. 

2.     Кәсіпорынның қоймасына тауарлы  – материалды қорлардың түсуін  құжаттық рәсімдеу. 

3.     Кәсіпорының қоймасынан тауарлы  – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу. 

4.     Материалдық жауапты тұлғаның  есеп беруі. 

5.     Тауарлы – материалдық қорлар  синтетикалық есебі мен материалдардың  қозғалысын есепке алу ведомосін  толтыру тәртібі. 

6.     Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары. 

  

          Қорытынды. 

  

Қолданылған әдебиеттер. 

  

Кіріспе. 

  

     Курстық  жұмыста тауарлы – материалдық  есепке алу мәселелері қарастырылған  . Тауарды өндіру мен жеткізуде  бір қалыптылық жоқ жағдайда  үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар  қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер. 

      Тауарлы –материалдық қорлар  жөнінде мәліметті толық және  шынайы қалыптастыру бухгалтерлік  есептің маңызды мақсаты. Осыған  орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады: 

               1.Тауарлы –материалдық қордың  ұғымы және бағалау тәртібін  қарастыру. 

               2.Тауарлы –материалдық қордың  қозғалысын құжаттық рәсімдеу  және есепке алу сұрақтарын  зерттеу. 

               3.Тауарлы –материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау. 

Курстық жұмыста  «Энергия плюс» ЖШС практикалық  материалдары қолданылған. 

«Энергия плюс»  ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды облысының  Басқару юстициясында тіркелген. Серіктестік  қызметінің мақсаты тауарлар нарығын кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру.  Энергия плюс» ЖШС негізінен мынадай іс –қызмет түрімен айналысады: 

-коммерциялық  қызмет; 

-жанаржағар  май сатып алу, сақтау, көтерме  және бөлшек саудалау, сату; 

-күрделі құрылыс  жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары; 

-көлікпен қамтамасыз  ету; 

-қоғамдық тамақтандару  пунктері мен азаматтардың демалыс  орындарын ашып, олардың жұмысын  ұйымдастыру; 

-ҚР заңында  тыйым салынбаған басқа да  қызмет түрлері. 

Өз қызметінің барысында «Энергия плюс» ЖШС -ң  қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады. 

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – жоғарыда келтірілген  міндеттерді және «Энергия плюс»  ЖШС тауарлы –материалдық қор есебін ұйымдастыру мен  оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады. 

Курстық жұмыста  Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін  нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады. 

1.            Тауарлы –материалдық қорлардың  ұғымы, классификациясы және бағалануы. 

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы  қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. 

13.11.96 жылғы №  3 бухгалтерлік есеп жөніндегі  Ұлттық комиссияның қаулысымен  бекітілген 7 «Тауарлы – материалдық  қорлар есебі» бухгалтерлік есеп  стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы  Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар – бұл: 

1.     Шикізат қатары, материалдар, сатып  алатын жартылай фабрикаттар  және құрамдық заттар, конструкциялар  мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық  заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар; 

2.     Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер  орындау; 

3.     Ұйымдардың қызметі барысында  сатуға арналған дайын өнімдер  мен тауарлдар түріндегі активтер. 

Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады: 

II.                Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс) 

III.             Сатып алынатын жартылай фабрикаттар  - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды. 

IV.            Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу  және пайдалану жағдайлары бойынша  энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді. 

V.               Ыдыс және ыдыстық заттар –  бұл әртүрлі материалдар мен  дайын өнімдерді орау, буып-түю,  тасымалдау және сақтау үшін  пайдаланатын заттар. 

VI.            Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді. 

VII.         Өзге де материалдар өзіне  аталмыш ұйымда материалдар, отын  немесе қосалқы бөлшектер ретінде,  пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді. 

VIII.      Басқа жаққа қайта өңдеуге  берілген материалдар – бұл  сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған  және одан кейін одан алынған  өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар. 

IX.            Құрылыс материалдары – құрылыс  салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар  мен құрылыстардың бөліктерін  және конструкцияларын бөлу және  көтеру үшін тікелей құрылыс  және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар. 

Материалдардың  бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, №7 БЕС қарастырылған 4 әдістің бірін қолданамыз: 

-         арнайы(идентификациялау)әдісі 

-         орташа өлшемді әдіс – қорларды  бастпқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Фифо) 

-         қорларды соңғы сатып алу бағалары  бойынша бағалау әдісі (Лифо) 

  Мысалға,  тауарлы – материалдық қорлардың  өзіндік құнын бағалаудың әдістерін   қарастырылып отырған «Энергия  плюс» ЖШС 2003 ж 1 қаңтарында  қалған материалдар саны: 

-         цемент – 200 тонна 60000 теңге  шамасына; 

-         бензин – А-95 – 100 литр 45000 теңге  шамасына. 

  

  

Есептен шығарылған материалдардың құны және екі ай соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі  әдіс бойынша жеке анықталады. 

Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының  құнын анықтау үшін есептеу жолымен  шығарылған формуланы пайдалану  мүмкін: 

Есептік кезең  соңында есептік кезеңнің қалған материалдардың = бастапқы қалдық + қалдықтарының  құны + кіріс болған материалдар – шығыс болған материалдар. 

Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс негізінде  материалдық қорлардың құны –  ай басындағы қалдық құнына ай бойында  келіп түскен құндылықтарын қосып  есептелетін орташа бағасы түсіндірілген. 

Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай: 

Орташа құны =∑ м.қ + ∑алын / К м.қ + К алын 

Мұндағы: 

∑ м.қ. – есептік  кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны; 

К м.қ.-есептік  кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны; 

∑алын – алынған  материалдардың құны; 

К алын – алынған  материалдардың саны. 

Біздің мысалда  цементтің орташа өлшемдік құны мынаны құрады: 

60000 + 31000 + 6400 + 57800 + 64600/ 20 + 10 + 2 + 17 + 19 = 219800/68 ≈ 3232,35 теңге 

Орташа өлшем  құнын, жұмсалған материалдардың санына көбейтсек [3232,35*(15+10+12) = 119996,95 теңге], ол да біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп – қалдық құнын аламыз. Цементтің ай соңына қалған қалдық құны – 100203,05 теңге құраған (31 тонна * 3232,35 теңге немесе 600000 +159800 – 119596,95). Тап осындай жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз. 

4500 + 13800 + 22500 + 9400 /100 + 300 + 500 + 200 = 50200/1100 ≈ 45,63 теңге 

Жұмсалған бензиннің  құны 45,63 теңге *  (50 + 150 + 300 + 100 + 100) = 36504 теңге. 

Қалдық құны 300 300 * 45,63 теңге немесе 4500 + 45700 – 36504 = 13696 теңге.    

Цемент  

Б.қ.: 20 тонна * 3000 бағасы = 60000 теңге 

Кіріс 

10 т * 3100 теңге  = 31000 теңге      15 т * 3000 теңге  = 45000 теңге  

2 т * 3200 = 6400 теңге                    10 т * 5 т (20-15) * 3000 теңге = 15000  теңге 

                                                            5 т * 3100 =15500 теңге 
 
 

                                                            Жиыны – 30500 теңге   

17 т * 3400 теңге = 57800 теңге       12 т – 5 т(10-5) * 3100 =15500 теңге  

19 т * 3400 теңге  = 64600 теңге       2 т * 3200 = 6400 теңге  

                                                            5 т * 3400 =17000 теңге 

     

                                                             Жиыны 
 
 

  

Кіріс жиынтығы 159800 теңге      Шығыстың жиынтығы 114400 теңге 

  

“Фифо” әдісі– босасқыларды алғашқы сатып алу  бағасы бойынша бағалау әдісі. Бірінші  кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген – бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алғанның құнына негізделеді. Біздің мәлімет негізінде “Фифо” әдісі бойынша соңғы қалдықтың және жұмсалған материалдың құны мынаны  құрайды: 

Ай соңында  қалған қалдығы 31 тонна (17-5+19) * 3400 (1 тоннаның бағасы) = 105400 теңге. 

Бензин  

Бұл жерде де цементтің есебіне ұқсас етіп шығарылады. 

Соңына қалдығы 30 литр (200 * 47 және 100 * 45)/200 * 47 = 9400 теңге; 100 * 45 = 4500 теңге; 

Жиыны 13900 теңге. 

Шығыстың құны: 4500 + 45700 – 13900 = 36300 теңге немесе 50 литр * 45 теңге = 2250 теңге; 

150 литр* (50 литр* 45 теңге, 100 литр * 46 теңге )=6850 теңге 

300 литр* (200 литр* 46 теңге , 100 литр * 45 теңге )=13700теңге 

100 литр* 450теңге =4500 теңге 

100 литр* 45 =4500 теңге 

100 литр* 45 = 4500 теңге 

Шығыс жиынтығы: 36300 теңге 

  

“Лифо” әдісі- қорларды соңғы сатып алынғандардың  бағасы бойынша бағалау әдісі.Соңғы  алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ол ай соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құны бірінші бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс.Менің мысалымда “Лифо” әдісінің көрсеткіштері мынандай болады: 

Цемент  

Б.қ. 20 тонна * 3000 бағасы = 31000 теңге   15 т * 3400 теңге = 51000 теңге                                                                                               

2 т * 32000 теңге  = 64000 теңге                       

                                                                          10 т * 3400 теңге = 34000 теңге 

                                                                          12 тонна =40600 теңге                                                                                               

                                                                          11 т * 3400 теңге = 37400 теңге  

                                                                          1 т * 3200 теңге =3200 теңге 

17 т * 3400 теңге  =57800 теңге 

19 т * 3400 теңге  = 6400 теңге 
 
 

  

Кіріс жиынтығы: 159800 теңге                     Шығыс жиынтығы: 125600 теңге 

Соңғы қалдығы:                                               20 т * 3000 = теңге       

31 тоннаның құны 94200 теңге                      10 т * 3100 = теңге 

                                                                           1 т * 3200 = теңге 

Бензин 

Б. қ.:  100 * 45 = 13800 теңге                          50 * 47 теңге = 2350теңге 

500 * 45 теңге = 22500 теңге                          150 * 47 теңге = 1050 теңге 

                                                                          300 * 45 теңге = 13500 теңге 

                                                                          100 * 45 теңге = 4500 теңге 

                                                                          100 * 45 теңге = 4500 теңге 

                                                                          100 * 46 теңге = 4600 теңге                                                                                                 

200 * 47 теңге = 94500 теңге 
 
 

  

Кіріс жиынтығы: 45700 теңге                        Шығыс жиынтығы: 36500 теңге 

  

Соңғы жиынтығы: 300  литр құны 13700 теңге     200 * 46 теңге 

                                                                                     100 * 45 теңге 

Арнайы идентификациялау әдісі. Бұл әдіс запастардың есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Менің мысалымда  цементтің шығысы мынадай болды  делік: 

Б.Қ-ң 15 тоннасы  *300 теңгемен  - 4500   02.01.02. күні келіп  түскеннің 12 тоннасы * 3100  20.01.02 келіп  түскеннің 12 тоннасы * 3400 - 40800 

Шығыс жиыны 

 Цемент қалдығынан  қалғаны: 

Б.қ.-тан 5 * 3000                                                                                              - 15000 теңге 

              2 * 3200                                                                                              -  6400 теңге 

20.10.02 келіп түскен 5 * 3400;(12-17)                                                         -  6400 теңге  

                                     19 * 3400                                                                    -  1700 теңге 

Ай соңына қалған цементтің құны                                                            -   103000 теңге 

Бензин бойынша: 

Қалдықтан қалған 50 л * 45 теңгемен босатылған                                     -  2250 теңге    

05.01.02 күні түскеннен  150 * 46                                                                  -  6900 теңге 

20.01.02 күні келіп  түскеннен 300 * 45                                                        -  13500 теңге 

20.01.02 күні келіп  түскеннен 100 * 45                                                        -  4500 теңге 

20.01.02 күні келіп  түскеннен 100 * 45                                                        -  4500 теңге 

05.01.02 күні келіп  түскеннен 100 * 46                                                        -  4600 теңге 

Шығыс жиыны                                                                                               -  36250 

Бензиннің қалдығынан қалғаны: 

Б.қ.-тан қалғаны: 

Б.қ. 50 * 45                                                                                                      -   2250 теңге  

05.01.02 күні келіп  түскеннен 50 *46                                                           -  2300 теңге 

29.01.02 күні келіп  түскеннен 200 * 47                                                        -  9400 теңге 

Ай соңына қалған бензиннің құны                                                               -  13950 теңге 

  

Енді сапасын  бағалаудың тәсілдерін салыстыруға  болады: 

  

                                                                                                                                           Жоғарыда келтірген кестеден көріп отырғандай, тауарлы – материалдық қорларды бағалаудың дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысын да, тұтас табысында , қаржылық жағдайына да мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды таңдағанда салыстырмалы қағиданы ұстаған жөн. Бір әдістен екінші бір әдіске көшер алдында, яғни екіншісінің біріншісінен басымдылығымен қатар мына жағдайларды да сақтау керек: 

-     шаруашылық  жүргізуші субьектінің есептік  саясатына өзгерістерді енгізу; 

-     бір  әдістен екіншісіне көшуді, есепті  жылдың басынан бастап енгізу; 

-     дер  кезінде тауарлы – материалдық  қорлар қалдықтарына да және  өткен жылдардың тартылмаған  табысына да түзетулерді енгізу. 

Материалдың босалқы  қорлардың барлық түрін есепке алу  үшін 1300 «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары қолданылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді : 

     1310 «Шикізат және маиериалдар»; 

     202 «Сатып алынған шала фабрикаттар  және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар  мен бөлшектер, детальдар»; 

    203 «Отын»; 

    204 «Ыдыс  және ыдыстық материалдар»; 

    205 «Қосалқы  бөлшектер»; 

    206 «Басқа  материалдар»; 

    207 «Қайта  өңдеуге берілген материалдар»; 

    208 «Құрылыс  материалдары». 

1310 «Шикізат  және материалдар»шотында шығарылатын  өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар есепке алынады. 

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар  және материалдың есебі бойынша  аналитикалық шоттар аша алады. Сонымен  қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын  материалдарды, баланстан тыс шоттарда есепке алады. (002,003). 

Атап көрсетілген  шоттар дебеті бойынша әртүрлі көздерден  түскен тауарлы – материалдық  қорлар операциялары, ал кредит бойынша  тауарлы -  материалдық қорлардың  әртүрлі бағыттар бойынша шығарылу операциялары көрсетіледі. Шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есеп – тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған) көрсетіледі. 

Мысал. «Шығыс»  АҚ аяқ киімді өңдеу үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыларға тапсырыс берген, оның 1 дм 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасақан соң, «Шығыс»  ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп  түскен. Барлық келіп түскен терінің  мөлшері 3555,6 дм құраған, ал оның сомасы 3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны (түсірушілер жалақасы – 300000 және әлеуметтік  - 56700 

( 300000-300000*10%*21%)) 356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі  қоймада сақтау шығыны 630000 теңге  құраған. «Шығыс» ААҚ теріні  өңдеудің тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген, нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67 % төмендеген. 

Біз бұл мысалда  алынған терінің өзіндік құны 4545324 теңге немесе 1 дм –ты 127,84 теңге  құраған: 

-         сатып алу бағасы  - 2758624 теңге (ҚҚС – сыз) 

-         ҚДШ  - 1156700 теңге  (800000 + 356700); 

-         Сақтау шығындары  - 630000 теңгк. 

Енді біз осы  операциялар бойынша жасалатын  шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік. 

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

2. Тауарлы –материалдық  қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу.                

  

Тауарлы – материалдық  қорларды  кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақатрдан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан. 

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы – материалдық  қорды алған кезде алушы кәсіпорын  өздерінің жауапты тұлғалары  арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде  мынадай типтік құжаттар пайдалынады. 

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Энергия плюс» ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын -ала нөмірленген және түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады. 

Материалдық қорлар. 2