Мәдени өсімдіктер
Мәдени өсімдіктер
Банан.
Жүгері.
Мәдени өсімдіктер [1](plantae cultae) – адамдар
өздерінің әр түрлі қажеттілігін (азықтық,
талшықты, дәрілік, бояғыш, эфир майы, мал-азықтық,
т.б.) қанағаттандыру мақсатында өсіретін
өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің пайда
болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен
тығыз байланысты. Қытай мен Жапонияд
|
Мазмұны
|
[өңдеу]Толығырақ
Мәдени өсімдіктердің
50 тұқымдасқа жататын 25 мыңнан астам
түрі белгілі (барлық жоғары сатыдағы
өсімдіктердің 10%-ын құрайды). Бірақ өсімдік
өнімдерінен алынатын қоректік заттардың
негізін мәдени өсімдіктердің 20 шақты
түрі ғана құрайды (мысалы, күріш дүние
жүзінде мекендейтін халықтың 2/3-сінің
қоректік азығы болып саналады). Өсімдіктерді
мәдени жағдайда өсіру тас ғасырында басталды
және олар бейберекет қолдан сұрыпталды.
Кейін пайдалы өсімдіктер үй маңында (ең
бастысы мәдени өсімдіктердің ортасында)
өсіріле бастады. Халықтардың қоныс аударуы,
теңіз арқылы алыс сапарларға шығу және
сауда-саттық өсімдіктердің бір жерден
екінші жерге алмасуын қамтамасыз етті.
Жаңа жағдайға өсімдіктер тез бейімделіп,
соның нәтижесінде мәдени өсімдіктердің
жаңа түрлері пайда болды. Қола дәуірінде егіншіліктің
қарапайым түрі дамыды. Кейінірек өсімдіктердің
алуан түрін шығару үшін жасанды будандастыру
қолға алынды. Сондықтан қазіргі кездегі
мәдени өсімдіктердің басым көпшілігі
мыңдаған жылдар бойына қолдан өсірілді.
Олардың ішінде ең ежелгі өсімдік түрлеріне
– жүгері,банан, күнжіт, асқаба
[өңдеу]Түрлері
Әдетте өте көп түрден тұратын туыстардың мәдени өсімдіктерке айналған түрлері аса көп емес. Мысалы, 200 түрден тұратын зығыр туысының 1 түрі ғана, 70 түрден тұратын күнбағыс туысының 2 түрі ғана мәдени өсімдіктер қатарына жатады. Осы күнгі мәдени өсімдіктердің шығу тегі әр түрлі. Олардың кейбіреуі жабайы өсімдіктерден шықса (бірақ өздері жабайы түрде өспейді), екіншілері будандастыру жолымен алынған (мысалы, рапс – жапырақты капуста мен қышабастың буданы, т.б.), ал малазықтық өсімдіктердің көбі әлі күнге дейін жабайы түрде өседі. мәдени өсімдіктер – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Сондықтан мәдени өсімдіктердің жаңа түрлерін (әсіресе малазықтық, дәрілік, тех.) алу жылдан-жылға жалғасуда, жаңа түрлерді алу – генетиканың (селекцияның) жетістіктеріне негізделген. мәдени өсімдіктер жабайы өсімдіктерден өте көп ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар өздерінің табиғи ареалдары болмағандықтан, шыққан ортасынан басқа жерге тарала алмайды. мәдени өсімдіктердің физиол. ерекшеліктерін, биохим. құрамын және тіршілік ортасын зерттеу, олардың жаңа сорттарын алуда маңызы зор. Жер шарында халық санының көбеюіне байланысты олардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін (жыл сайын 1,2 млрд. т астық дақылы керек), мәдени өсімдіктер егілетін алқаптардың көлемін ұлғайтып, шөл және шөлейтті жерлерді, биік тау алқаптарын пайдаға жарату қажет. Осыған байланысты тосын (экстремалды) жағдайларға төзімді мәдени өсімдіктердің жаңа түрлерін алу маңызды мәселенің бірі болып саналады.
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Мәдени өсімдік (Лимон).
Мәдени өсімдік (Манго).
Мәдени өсімдіктердің таралу орталығы [1]- әр түрлі мәдени өсімдіктердің шыққан жері. Мұндай орталықтар болатынын алғаш рет Н.И. Вавилов дәлелдеді.
Ол мәдени өсімдіктердің таралу
орталығын 8 аймаққа бөлген, олар: Қытай, Үнді, Үнді-Малая,
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Осы заманғы адам мәдени өсімдіктерсіз өмір сүре алмаған болар еді. Мәдени өсімдіктер адамды ең қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер - астық, көкөніс, жеміс-жидек, мата тоқуға қажетті шикізат. Мәдени өсімдіктерсіз қант, май, мал азығы да болмас еді. Үй жиһазы, қағаз, дәрі, үй ішін сәндейтін әр түрлі заттардан өзге де қажеттіліктерді тек мәдени өсімдіктерден аламыз. Мәдени өсімдіктердің сан алуан түрлері мен іріктемелерін алу үшін қаншама жылдар өтті емес пе?
Алғашқы адамдар тек жабайы өсімдіктердің тұқымы, жемісі,
пиязшығы және басқа бөліктерін пайдаланды. Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан,
табиғаттың бергенін ғана місе тұтты.
Сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп
аталды. Адамзат тарихындағы бұл кезең
сан ғасырларға созылды. Адамдар біртіндеп
кейбір өсімдіктерді тұқымынан өсіру
жолын тапты. Ондай адамдар құнарлы топыраққа
өсімдікті өсірумен ғана шектелмей, ол
өсімдіктің сапасын өзгертуді де меңгерді.
Өсімдіктің өзіне қажетті өнім беруін
реттеу үшін сұрыптал, іріктеу қажет болды.
Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған
бір тұр дарақтарының жиынтығы іріктеме
деп аталады. Сөйтіп өмірге селекция ғылымы келді. Жануарлардың қолдан шығарылған
түрін цолтщым дейді. Өсімдіктердің жаңа
іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын
шығарумен ұғылданатын ғылым -селекция деп аталады (латынша «селекция» - іріктеу, сұрыптау).
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және
шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып
шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрініңОңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы
сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000-ға
жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер
сан алуандығының орталықтарын белгіледі.
Қазақстанда қант қызылшашы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым - Кәрім Мыңбаев. Ол көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Кандидаттық және докторлық диссер- тациясын Ленинградта академик Н. И. Вавиловтың жетекшілігімен қорғаған Кәрім Мыңбаевтың негізгі ғылыми еңбектер! өсімдіктер генетикасы мен селекция- сына арналған. К. Мыңбаевтың армандаған іс-жоспарларының бірқатары кейін жүзеге асты. Сөйтіп, Қазақстанды астықты өңірге айналдыру, Бетпақдаланы мал шаруашылығы үшін пайдалану, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын суландыру, құмкөшкінін тежеу мақсатында жаңа жерлерге сексеуіл отырғызу жобалары халық игілігіне айналды.
Өсімдік шаруашылығының өнімін алуда
мәдени өсімдіктерді егудің маңызы зор.
Бұл - ауыл шаруашылығы негізгі саласының
бірі. Егістік дақылдар тобы дәнді
дақылдар, түйнекжемісті және тамыржемісті
дақылдар, майлы дақылдар, малазықтық
дақылдар, тоқыма дақылдары, бақша дақылдары
болып бөлінеді. Ал жемісті дақылдар:
шекілдеуікті дақылдар, сүйекті, жидекті,
жаңғақжемісті, цитрусты дақылдарға жіктеледі.
Демек мәдени өсімдіктер жергілікті
халықты - азық-түлік өнімдерімен, мал
шаруашылығын - малазықпен, адамзатқа
қажетті шикізаттармен
Картоп
Уикипедия — ашық
энциклопедиясынан алынған
Мында өту: шарлау, іздеу
Картоп
Картоп[1], картофель (немісше Kartoffel), түйнекті алқа, ақтүйнек — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.
- 150-ге жуық түрі белгілі.
- Отаны – Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары.
- Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді.
- Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі.
- Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі.
- Қазақстанға Еуропадан әкелінге
н, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. - Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл.
- Биіктігі 40 – 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 – 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ темп-расы 5 – 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы темп-ра 10 – 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал –1 – 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 – 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. К. түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1 – 2% белок, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В1, В2, В6, РР, К витаминдері бар. Қазақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 – 200 ц өнім түседі. К. тағам, мал азығы және өнеркәсіпте тех. шикізат ретінде пайдаланылады.
- Зиянкестері: картоп түн көбелегі, колорадо қоңызы, тағы басқа.
[өңдеу]Картоптың таратуы
Оңтүстік Америкадан Еуропаға 1
Өсімдік туралы
Картоп – алқа (Solanum) туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жуан, тікенексіз. Сабағының көп бөлігі топырақ астында болады. Ұзын мұртшалар шығарады (ұзындығы 15-20, кейбір түрлерінде 40-50 см). Жапырағы қою жасыл, сабақта кезектесіп орналасады. Гүлі ақ, күлгін түсті, сабақ басында шоғырланған болады, гүлі 5 күлтелі. Отаны – Оңтүстік Америка, күні бүгінге дейін осы аймақта табиғи жағдайда өсетін жабайы картоп түрлерін кездестіруге болады.
Күтімі
Картопты вегетативтік тәсілмен, картоптың түйіндері арқылы көбейтеді. Картопты бірнеше бөліктерге бөліп, 5-10 см тереңдікке егеді. Егілген түйіндер өну үшін, 15-20 °C температурада ұстау қажет. Ал сабағының өсуіне, жапырақтардың өсіп шығуы мен гүлдеуі үшін 16-22 °C температура жеткілікті. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді. Дегенмен, судың шамадан артық болуы да картопқа зиян. Картоптан көп өнім алу үшін, сабағын топыраққа көміп 2-3 рет түптеу қажет. Картоптың жер бетіне өсіп шығуы үшін және гүлдеу, түйін салу уақытында өте көп тыңайтқыш пайдаланылады. Мысалы, 1 гектар жерден өсіп шыққан 200-250 ц картопқа 100-175 кг азот, 40-50 кг фосфор және 140-230 кг калий жұмсалады. Сонымен қатар қопсыту жұмыстарын жиі жүргізу керек.
Дайындалуы
Түйнекті алқаның түйнектерін күзде қазып, жинап алады. Химиялық құрамы: Картоптың түйнегінде 10-28% крахмал, 15% май, 1,3% белок, A, B1, B2, C, PP, K1, Д витаминдері, натрий, калий, кальций, хлор, күкірт тұздары, микроэлементтерден мыс, қобальт, йод болады.
Қолданылуы
Крахмал өндірісінде қолданылады.Бәрімізге белгілі, картопты көптеген елдерде «екінші нан» деп атайды. Өйткені, өзінің құнарлығымен және дәмімен үлкен орын алатын картоп барлық елдер дастарханындағы тағам құрамында болады. Картоптан көп мөлшерде крахмал алынады.
Картоп туралы тақпақ
Бақшамызда өседі,
Керек тағам деседі.
Бар қызыл, көк, сарысы
Ащы-тұщы бәрісі.
Қыша
Sinapis | ||||||||||||
Sinapis arvensis | ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Species | ||||||||||||
Sinapis alba |
Қыша (Sinapis) [1]— крестгүлділер тұқымдасына жататын даражарнақты шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Қыша тұқымынан 35-47%-ке дейін май шығатын өсімдік. Кейбіреулерінің тұқымынан медицинада қолданылатын дәрі жасалады. Қышаның бірнеше түрі бар, олар:
Ақ қыша (Sinapis alba) — бұрынғы КСРО-ның Орта және Оңтүстік алқаптарының егінжайларында арамшөп ретінде өсетін бір жылдық өсімдік, июнь-июль айларында гүлдейді; көк күйінде малға азық жасау үшін және тұқымынан май, ұн алу үшін егіледі.
Улы қыша (Sinapis arvensis
немесе Brassica sinapistrum] — мұның сабағының
ұзындығы 10-100 см, май айында гүлдеп, июньде
тұқымы піседі; егінжайдың, бау-бақшаның
арасында өсетін арамшөп. Бұрынғы КСРО-ның
барлық жерінде өседі; улы қышаның тұқымы
мен жапырағының құрамында қыша майы,
синигрин дейтін глюкозид бар; мирозиназа
дейтін фермент синигринді бөлшектеп
глюкоза, калий бисульфаты және аллилдік қыша майы деген заттарға айырады,
бұлардың ең соңғысы теріге тисе күйдіріп
жіберетін улы зат. Улы қышаны гүлдеместен
бұрын қой, сиыр және шошқа жей
Көгілдір қыша (Brassica
juncea) — балауыз жұғынының салдарынан сабағы
көгілдір болып өсетін шөптесін өсімдік,
тұқымы қара көк, қуаңшылық пен аязға төзімді;
вегетациялық дәуірі 75—140 күн. Көгілдір
қыша көбінесе Төменгі Поволжьеде, ішінараСтаврополь өлкесінде, О
Рапс
Rapeseed | ||||||||||||||
Rapeseed (Brassica napus) | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Brassica napus |
Рапс[2] — майлы әрі азықтық
дақылдарға жататын бір жылдық шөптесін
өсімдік. Дақыл ретінде б.з.б. 4-мыңжылдықтан
бастап белгілі. Р. күздік және жаздық
болып бөлінеді. Суыққа төзімді, құрғақшылыққа
төзімсіз өсімдік. Тұқымы 1 — 3ӘС-та өне
бастайды, жас өркені –3 — 5ӘС-қа үсімейді.
Ылғалды ең көп қажет ететін кезеңі гүлдену,
дәнінің толысып, пісу сәті. Күздік Р-қа
қарағанда жаздық Р. климат жағдайларына
төзімдірек. Вегетац. кезең күздік Р-та
270 — 300 күн, жаздық Р-та 80 — 100 күнге созылады.
Айқас тозаңданады. Барлық майлы дақылдардың
ішінде күздік Р. айрықша топырақ талғайды,
ол қоректік заттары мол, қышқылдау ортасы
бар топырақтарда жақсы өнім береді. Ал
жаздық Р. ауыр саздақ және жеңіл құмдақ
топырақтардан басқа жерлердің бәрінде
өсіп, өнім бере алады. Күздік Р-тың алғы
дақылдары ретінде күнбағыс, жүгері, ерте
пісетін картоп, көк азық үшін себілетін
күздік қара бидай дақылдарын атауға болады.
Р-тың дәнінде 43%-дан (жаздық) 50%-ға (күздік)
дейін май болады. Майын тағам ретінде
және тех. мақсаттарға, сабын қайнату,
тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия,
тері, т.б. өндірістерде пайдаланады. Р-тың
100 кг көк балаусасында 15,7 кг мал азықтық
өлшем бар және ол витаминдерге (А, С) бай,
жақсы қорытылады. Ауыспалы егістерде
аралық дақыл ретінде себілген Р. малға
күз және көктем айларында жақсы жайылым.
1 га-дан 10 — 30 ц өнім алуға болады. Тұқымын
қатар аралығын 15 см етіп, кең қатарлы
әдіспен, 8 — 12 кг/га мөлшерде, 2 — 4 см тереңдікте
себеді. Жаздық Р. Солт. Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында
№104 жалпы білім беретін мектеп
РЕФЕРАТ
Мәдени өсімдіктер
Орындаған: Сағындық А.
Алматы қаласы

- Мәдинет әлеуметтану
- Мәлік Ғабдуллин — Кеңес Одағының Батыры
- Мәліметтер ағынын моделдеу (процестер)
- Мәліметтер базасы
- Мәліметтер базасының негізгі ұғымы
- Мәліметтер базасының негізгі ұғымы
- Мәліметтер базасының негізгі ұғымы
- «Мәдениет» ұғымы
- Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы
- Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
- Мәдениет философиясы
- Мәдениет философиясы және оны зерттеу тәсілдері
- Мәдени және тілдік параорта- шет тіл ба йланысын оқыту негізі
- Мәдени Мұра