Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы
Жоспар:
1.Негізгі бөлім:
- Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы
2.Қосымша бөлім:
2.1 Мәдениеттің құрылымы
2.2 Мәдениет морфологиясы
2.3 Мәдениет аспектілері
3.Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер:
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу,
егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі
адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер.
Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі,
оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы,
адамның және оның қызметінің бірлігі
негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген
сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның
бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда
мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі
көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші
табиғат».
Мәдениет – жеке адамның өмір
сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның
өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол
- өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын
ерекше құбылыс.
«Мәдениет
дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру
үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы
бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу
тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне
бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен
енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман
мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан
түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген
көптеген анықтамаларды альтернативтік
(қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге
мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
мәдениет адамзат қауымының
белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік
мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);
агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).
Ал осы ұғымдардың
ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі
ұғымның тікелей қатысты
Өкінішке орай,
грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм
дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін
жоғалтуына байланысты грек «пайдейясының»
идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік
тұрақсыздық пен бей-берекет
Жаңа заманда (XVII—XIX ғ.) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оған шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі — буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды. Олар (Англияда — Толанд, Францияда Вольтер мен Монтескье, Германияда — Лессинг, Гете, Шиллер және тағы басқалары) дүние мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қорғайды. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері мол, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті. Ал бұл ізгі мұраттың жүзеге аспауына адамның өзі кінәлі, дәлірек айтқанда, оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі, адамзатты ғасырлар бойы қараңғылық түнегінде ұстауы және тағы басқалары мәдениет пен өркениеттің даму барысында басты кедергілер болды. Осы орайда Ағартушылық дөуірі ойшылдарының антиклерикалдық (дінге қарсы) көңіл-күйін аңғару онша қиынға соқпайды. Осындай көңіл-күй табиғат пен адамның осы бір жарық дүниедегі алатын орны туралы мәселені қайта қоюына мүмкіндік берді. Сондықтан да болар, Ағартушылық дәуірінің философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін категорияларға сүйенді (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой). Сонымен қатар бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды. Олар XVIII ғасырдың ағартушыларына тарихи прогресс идеяларын дамытуға және тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі сұрақтарды белгілеуге мүмкіндік берді. Әрине бұл сұрақтарға жауап қалыптасқан жалпы философиялық негіздер тұрғысынан берілді. Мысалы: «Мәдениеттің классикалық үлгісі» ұғымы мәдениетті — адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастарының қол жеткен дәрежесі деп қарастырады. Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, Ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия және тағы басқалары) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды. Бұл игі мақсатты жүзеге асыруда олардың алдында орасан зор көне және тың материалдар көптеп кездесті. Ортағасырлар мен қайта өрлеу дәуірінен бастап зерттеле бастаған көне заманның тарихи, философиялық, ғылыми және көркем әдебиетінен басқа, олардың назарынан археологиялық ескерткіштер, халық мәдениетінің шығармалары, саясатшылардың дүние жүзінің әр елдері жөніндегі суреттемелері, түрлі тілдер жайындағы мәліметтері тыс қалған жоқ. Осыншама бай фактілерді есепке ала отырып, Ағартушылық дөуірінде адамзат мәдениетін тұтастай қабылдауға талпыныс жасалынды. Мәдениеттің мән-мағынасы табиғаттағы дүниежүзілік күштердің (құдайтағаланың құдіретін де ескергенде) батыл іс-әрекетінің нәтижесімен байланыстырылып, мәдениет — адамзат баласының қызметінің жемісі деп есептелді. Бірақ сол кезеңнің өзінде-ақ «табиғат» пен «мәдениеттің» гармониялық бірлігіне шүбө келтіру, оларды бірбіріне қарсы қою сарыны байқала бастады). (Әсіресе, Жан Жак Руссоның еңбектерінде). Руссо сол кездің өзінде-ақ ғылым мен өнердің адамдар табиғатын өзгерте алатынына күмән келтірді. Оның бұл көрегендігін бүгінгі күнгі адамзат баласының тағдыры, яғни «прогрестің» кейбір қайғылы іздері, салдарлары айқын көрсетіп отырған сияқты. Руссо ғылым мен өнердің жандануы қоғамдық прогреске нұқсан келтіргендігін дәлелдеуге ты-рысты. Оның ойынша, ғылым мен өнердің дамуына байланысты адамдардың «табиғи» жағдайы бұзылады, адамгершілік кері кетеді, қоғамдық теңсіздік орын альш, адамның бостандық сезімі аяққа басылады. Ол былай деп көрсетті: «Адам еркін болып туады, бірақ ол өз тіршілігін әрқашанда күреспен өткізеді» (Драч Г.В. Учебный курс по культурологии. — Ростов-н/Д., 1996. — С. 16). Күн тәртібінде қойылған бұл күрделі сұрақтар, келелі мәселелер төңірегінде айтылған бұл ойлар мен пікірлерге қарап Руссо өркениеттің рахатынан мүлде бас тартып, өткенге яғни «тағылыққа» қайта шақырған екен деген түсінік туып қалмауы керек. Ол адамзат болмысының қарама-қайшылықтары адамның алғашқы қауымдық құрылыстан бастап өркениетке деген құлшыныс жолындағы тарихи қозғалысының қарама-қайшылықтарынан келіп туындайтынын көрсете білді. Қалай болғанда да Руссо жаңа ғана туындап келе жатқан «буржуазиялық мәдениетті сынай отырып, «табиғи адам» ретінде көне заманның «тағы» адамдарын ерекше бағалаған. Бұзылған және моральдық жағынан азғынданған «өркениетті» ұлттарға Руссо патриархалдық даму сатысында өмір сүрген адамзат қоғамдарының «тазалығы» мен адамгершілік қасиеттерін қарама-қарсы қойды.
Адамзатты қоғамдық-тарихи тұрғыдан нақтылы қарастырғандардың бірі — Джанбаттиста Вико. Ол адамзат тарихының үйлесімділік мәселелеріне, оның заңдары мен ережелеріне баса назар аудару негізінде «адамзат баласының үздіксіз даму» идеясын алғаш рет ұсынған болатын, бұл идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында үш дәуірді басынан кешіреді — «құдайлар ғасыры», «батырлар ғасыры» және «адамдар ғасыры».
Ұлы неміс философы Кант (1724—1804) «ақыл-ойға» табынған. Француз ағартушылары дүниенің негізі «ақиқат», «қайырымдылық», «сұлулық» деп есептейтін идеяны қолдай отырып, мәдениет ұғымын моральдық тұрғыдан басқаша қарастыруға әрекет жасады. Осы орайда Канттың «мен үшін екі құпия нәрсе бар, олар: жұлдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі» деген қағидасы кеңінен таралғандығын атап өткен жөн. Болмыстың адамгершілік (моральдық) жағына ерекше мән бере отырып, ол мәдениетті адамды айуандардан айыруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарастырып, адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді басты орынға қойды. Кант бұл жағдайды «келісімді императив» деп атады. Кант этикасының негізгі заңы бойынша — адамға тек «құрал» деп қарау күнә болып саналады. Дәл осыған ұқсас идеяларды Спиноза, Фейербах, Маркс, Фрейд сияқты ұлы философтар да айтқан болатын. Демек, Канттың ұғымынша, «мәдениет — табиғаттан бостандық патшалығына» барар жол, ендеше Кант ілімінің маңыздылығы — оның мәдениетті гуманистік тұрғыдан қарастыруында.
XIX
ғасырда мәдениет
Адамдар өздерін қоршаған ортаға,
оның әлеуметтік және мәдени қатынасына
әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына
пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа
мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі
жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік
құрылымдардың, топтардың, таптардың,
жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың
өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес
пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау,
еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ
пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші
біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу,
т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық
прогреске, өрлеуге тікелей байланыста.
әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер
пайда болады, өндіріс құралдары дамиды.
Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті
болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты,
кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың
шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты,
мифті жазып қалдыру талабы пайда болды.
Информатика дамыды, оларды микрофон,
магнитофон, компьютерге түсіру арқылы
мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет
әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның
тілегіне , талабына сәкес қалыптасты.
Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор,
қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы
қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті
мен қоғам талабы тікелей байланысты
Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет.
Сократ, Спенсар, Блинский,
Чернышевский сияқты ойшылдар Мідениеттану
жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде
қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі
де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар
саласына жатқызамыз. Мәдениеттена мәдениет
туралы ғылым , сонымен қатар философиялық
ілім, өйткені ол философиянын басты саласы
мәдениет философиясын қамтиды.Біздің
қоғамымызда мәдениетке бірден-бір ой
бөлген Абай Құнанбайұлы.
Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық
өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің
өнімі деп қаралады. Себебі материалдық
және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек
құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі
мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық
және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері
бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық
және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық
мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның
идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің
өнімі материалдық нысанда болады, соның
нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін
және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады.
Сондықтан мәдениетті материалдық және
рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға
да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес,
бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық
бірлігін мойындауда.
Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды,
адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық
сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық
өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа
ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын
бойына сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың
өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде
дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет
адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді.
Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан
жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді,
қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің
алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін,
икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің
мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық
мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды.
Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі
ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық
игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды.
Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды.
Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға,
басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты,
барлық жағдайы бар демалыс орындарына,
т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана
білу де мәдениеттің бір саласы.
Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет
тікелей байланысты екен. Одан шығатын
қорытынды, мәдениет – қоғамның материалдық
және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның
материалдық дәрежесі жоғары болған сайын
рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі
қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі кезеңде
туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен
көптеген мәдени ошақтар асып-тосып, істен
шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, кітапханалар
жабылып жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың,
театрлардың материалдық негізі құлдырап,
төмендеді. Екінші жағынан, жалақының
аздығынан көптеген талант иелері сауда-саттыққа
ауысып кетті.
Мәдениеттің маңызды аспектісі – адам белсенділігін реттестіретін механизмдер, оларға нормалар, ережелер, талаптар, эталондар, үлгілер, әрекетпен араласудың инварианттары жатады. Мәдениет сипаты білім беру, тірбиелеу, басқару билік институттарымен мекемелеріне де берілген.
Мәдениеттің дамуы мен қызмет етуі обьект-субьектілі қарым-қатынастардың контексінде ғана мүмкін. Материалды затттар өзімен-өзі болып, қоғамдық және жеке адамдық санамен белгілік қатынасқа түспесе, олар өлі болып саналады. Субьект-индивит және топ әрекетінің арқасында мәдениеттің сәуле таратуы мен қозғалысы қамтамасыз етіледі.Алдыңғы ұрпақтар жасап кеткен мәдениет әлемінде әрекет ету үшін, жаңа ұрпақтың өкілдері материалдық заттар тасушыларда сақталған шеберлік, дағдыларды меңгеруі тиіс. Бірін-бірі алмастыратын ұрпақтардың еңбегінде заттандыру мен затсыздандыру процестері өзара жүзеге асады. Заттандыру адамның қасиеттерін, білімдерін , қабілеттерін обьективті заттарға көшіру болса, затсыздандыру-бұл ана немесе мына заттарды-мәдениет тасушыларын жасауға көмектескен әдістер мен тәсілдерді адамдардың меңгеруі. Бұл заттар екі болмысқа ие болады бір жағынан олар адамға тәуелсіз ақиқаттылық, тікелей сезімдік зат болып қала берсе, екінші жағынан, басқа ақиқаттылықтың орнын басады, соны көрсетеді, мағынаға ие болады. Мағына дегеніміз- адамзат тәжірибесін түзетін, обьективтік байланыстар, қатынастар өзара әрекет көрініс табатын идеялық құрылым.Материалдық тасушыларда сақтала отырып , мағына тұрақтылық, өзгермейтіндік сипат алады және өзінің осы сипатында қоғам немесе топтың рухани саласының мазмұнына енеді. Мағына нақты заттық тасушыда бекітілгеніне қарамастан, ол шындықты жалпылау болып саналады.
Қорытындылай келе мәдениет адамның қоғамдық өмірінде ерекше орын алады. Ол адамдар арсындағы қарым-қатынастың негізгі тірегі болып саналады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғабитов Т.Мәдениеттану. А., 2007.
2. Т.Х Ғабитов. С.Е Нұрматов Дінтану А.,2006

- Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
- Мәдениет философиясы
- Мәдениет философиясы және оны зерттеу тәсілдері
- Мәдени және тілдік параорта- шет тіл ба йланысын оқыту негізі
- Мәдени Мұра
- Мәдени өсімдіктер
- Мәдинет әлеуметтану
- Мәдениет социологиясы
- Мәдениет социологиясы
- Мәдениеттің негізгі элеметтері, мәдени кешен ұғымы және оның функциялары
- Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, саясат
- Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми
- Мәдениет туралы түсінік
- «Мәдениет» ұғымы